Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні және көрсеткіштері


Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қаржы дегеніміз - экономикалық категория. Ол ұлттық табиғатты, қоғамдық өнімді бөлу кезінде пайда болған орталықтандырылған ақшалай қорлардың қалыптасуы және оларды өндіріске қолдану, қоғам қажеттілігін қанағаттандыруды айтамыз. Оның обьектісі - қаржы ресурстары болып табылады, ал субьектісі - мемлекет, емес ұйымы болып табылады.

Тұнғыш рет ақша қатынасы XV-XVII ғасырларда пайда болған. Ол ең алғаш Италияда қолданылды. Қаржы атауы дегеніміз «қолда барлық табыс» деген сөз. Демек, барлық табыс қаражат қорларын жасау мен пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды бейнелеп көрсететін экономикалық категория. Қаржы есеп жүйесімен тығыз байланысты, өйткені олардың қызметі шаруашылық жүргізудің жеке обьектілірді арасында өзара есеп айрысуға арналған. Қаржының материалдық мазмұны құрамына көптеген ақша қорлары енеді.

Корпорация дегеніміз - бірнеше кәсіпорынның бірігіп іскерлікпен айналысуы.

Кәсіпорындар мен корпорациялар қаржысы дегініміз - олардың шаруашылық қызметінің процес сінде туындайтын және капиталды кіріс пен ақша қорын қалыптастыру, әрі он пайдалану үшін қажетті ақша қатынастарының жүйесі.

Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.

Қазақстанның экономикалық дамуының қазіргі кезеңі оны əлем елдері қауымдастығының нарықтық экономикалық ел деп мойындауымен сипатталады. Республикада жаңа институциональды орта қалыптасқан, ол жерде жеке меншік белгілі роль атқарады. Ол əртүрлі түр мен формада: жекеден ірі корпоративтікке дейін, ұйымдастыру құрылымы əртүрлі акционерлік компания түрінде кездеседі. Шетелдіктер тəжірибесін Қазақстанның өзіндік ерекшелігін ескере отырып, елдің экономикалық дамуын басқаруды оның барлық деңгейлерінде жетілдіру жолдарын зерттеу корпоративтік жəне корпоративті басқару мəселесін бірінші кезектегі орынға қояды. Бұл мəселе жиналып келіп салдарын корпоративті бизнеске, корпорациялауға тигізеді, ал корпоративті бизнестің, корпорациялаудың аяғынан тұруы мен дамуы республикада қажетті инвестициялық жəне жалпы іскерлік климатты жасайды, ел экономикасына, экономикалық өсуде жаңа сапаға көтереді.

І - бөлім

  1. Қаржы түсінігі, функциялары және рөлі

Қаржы дегеніміз - экономикалық категория. Ол ұлттық табиғатты, қоғамдық өнімді бөлу кезінде пайда болған орталықтандырылған ақшалай қорлардың қалыптасуы және оларды өндіріске қолдану, қоғам қажеттілігін қанағаттандыруды айтамыз. Оның обьектісі - қаржы ресурстары болып табылады, ал субьектісі - мемлекет, емес ұйымы болып табылады.

Қаржы(фр. finance , лат. finantia- аяқтау, төлем туралы бұйрық; қолма-қол ақша, табыс ) - мемлекеттің аймақтардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, заңи және жеке тұлғалардың ақшалай қаражатының құралуы, бөлінуі, қайта бөлінуі, пайдаланылуы үдерісін сипаттайтын іргелі, қорытындылаушы экономикалық санат (категория), осы үдеріс барысында туындайтын ақша қатынасы; ақшалай қаражаттың қозғалысына байланысты мемлекет, кәсіпорындар мен ұйымдар, салалар, аймақтар, жекелеген азаматтар арасында пайда болатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Қаржы санаты қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық жүйені көрсетеді, осы жүйе жағдайында және құрамында қаржы жүйесі әрекет етеді. Ақша қатынастары қаржы қатынастарын қалыптастырады, бірақ ақша қатынастарының бәрі бірдей қаржы қатынастары болып табылмайды, тек олардың ақшалай қаражат қорларының жоспарлы түрде құралуымен, бөлінуімен, пайдаланылуымен байланысты бөлігі ғана қаржы қатынастары болып табылады, мысалы, жеке тұтынуға, айырбастауға жұмсалатын ақшалай қаражат (бөлшек сауда тауар айналымы, көлік, коммуналдық, тұрмыстық, ойын-сауық қызметтеріне, сондай-ақ қоғамның жекелеген мүшелері арасындағы сатып алу-сату үдерістеріне жұмсалатын ақша енгізілмейді) . Қаржы қоғамдық өндірісті басқарудың экономикалық әдістерімен тығыз байланысты, олардың құрамына кіреді, экономиканы басқарудың барлық жақтарына ықпал етеді.

Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және рөлі оның функцияларынан айқын көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттігін ғана емес, сонымен бірге қаржының қоғамдык арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды да талап етеді.

Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын, моннің іс-қимылдагы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескінінің айрықшалықты одістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.

Қаржы басқа тым жалпы категориядан - ақшадан туындайтын айрықшалықты экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық категорияның іс-қимылының шегін сызып қоюдың мүмкін еместігіне, оның қоғамдық, саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында осы күнге дейін пікірталас тудыруда.

Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылары қаржы қоғамдық өндірістің екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің құнын бөлу процесінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдамаға сәйкес қаржы екі функция орындайды: болу және бақылау.

Бөлгіштік қатынастардың ерекше сферасы ретінде қаржының мәні ең алдымен бөлгіштік функцияның көмегі арқылы көрінеді. Тап осы функция арқылы қаржының қоғамдық арналымы - шаруашылық жүргізудің әрбір субъектісін оған қажет арнаулы мақсатты ақша қорлары нысанында пайдаланылатын қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету жүзеге асырылады.

Жалпы қоғамдық өнімнің құны (оның ақша нысанында), сонымен бірге ақша нысанында тұлғаланатын ұлттық байлықтың бір бөлігі қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекетінің обьектілері болып табылады.

Қарамағында мақсатты арналымның қорлары қалыптасатын ұдайы өндірістік процестің қатысушылары болып табылатын заңи және жеке тұлғалар (мемлекет, кәсіпорындар, бірлестіктер, мекемелер, азаматтар) қаржылық бөлуде субьектілер болып келеді.

Қаржының көмегімен бөлгіштік процесс қоғамдық өмірдің барлық сфераларында - материалдық өндірісте, айналыс және тұтыну сфераларында өтеді. Бөлудің қаржылық әдістері экономиканы басқарудың түрлі деңгейлерін: жалпы ұлттық, аумақтық, жергілікті деңгейлерді қамтиды. Қаржылық бөлініске бөлінудің әр түрлі түрлерін - ішкішаруашылық, ішкісалалық, салааралық, аумақаралық бөліністі тудыратын көпсатылық тән.

Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы, айналым қаражаттарын, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесінде пайдаланған кезде көрінеді. Бұл функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек. Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралдық-заттай құрамын бөлу ақша қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған натуралдық өнім де бөлінеді.

Қаржының бөлгіштік функциясының іс-әрекеті оның мәнінен: жиынтық қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және таза табысты бөлумен және қайта бөлумен байланысты қатынастарды қамтамасыз етуден; табыстар мен қорланымдарды қалыптастырудан; ақша қорларын жасаудан туындайды.

Қоғамдық өнімді бөлу алғашқы және кейінгі, немесе қайта бөлу болып ажыратылады. Алғашқы белу кезінде жиынтық қоғамдық өнімнің жалпы көлемінен орнын толтыру (өтеу) қоры (материалдық шығындар мен амортизациялық аударымдар) шығарып тасталады және жаңадан жасалған құн - ұлттық табысты бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, өндірістік сфераның (шаруашылық жүргізуші субъектілердің) және халықтың алғашқы табыстары қалыптасады, олар бөлудің және қайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, бұл процестерде маңызды рөлді қаржы атқарады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты алғашқы бөлу кезінде қаржы еңбекке ақы төлеу және баға сияқты экономикалық категорияларымен тығыз байланыста дамиды.

Қайта бөлу салалық, сондай-ақ аумақтық тұрғыдағы шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша қоғамдық өнімді мүшелеудің сан алуан процесін қамтиды. Мұның нәтижесінде натуралдық - заттай нысандағы өнімді түпкілікті тұтынуды қамтамасыз ету үшін ұдайы өндіріс қатысушыларының ақшаға деген әр түрлі қажеттіліктері қанағаттандырылып отырады. Бұл орайда қатысушылардың бәрінің табыстары басқалардың шығыстары есебінен қалыптасады және ұлттық табыс қорлану қоры мен тұтыну қорына ие болады. Бірінші жағдайда қаражаттар өндірісті кеңейту үшін немесе материалдық сфера капиталынан, әлеуметтік инфрақұрылымның өндірістік емес қорларынан болатын өндірістік қорлардың (капиталдың) өсімі үшін, резервтер мен сақтық қорларын жасау үшін пайдаланылады. Тұтыну қорын бүкіл халықтың оның ұдайы толықтырылуы үшін пайдаланылатын түпкілікті табыстарын, әлеуметтік сфераның мекемелерін ұстауға, ғылымға, мәдениетке, басқаруға, елдің қорғанысына арналған ресурстар құрайды.

Сөйтіп, ұлттық табысты қаржы көмегімен бөлу және қайта бөлу қоғам мен кәсіпорынның, фирманың материал және ақша ресурстарының ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.

Қаржының қоғамдық өнімді бөлу және қайта бөлу процесіне қатысуы бірдей емес. Алғашқы бөлу кезінде, жоғарыда атап өтілгендей, қаржы басқа экономикалық категориялармен - бағамен, еңбекақымен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржыны қолданудың негізгі сферасы - қайта бөлу, мұнда ол тектес экономикалық категориямен - кредитпен өзара іс-қимыл жасайды. Қаржының бөлгіштік функциясы аумақаралық, салааралық, ішкісалалық, ішкішаруашылықтық бөліністі қамтиды. Аумақаралық жоне сала-аралық қайта бөлу мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылады, бұл кезде ақша қаражаттары шаруашылық жүргізуші субъектілердің бірінен алынып, қаржы ресурстарының жетіспеушілігін басынан кешіріп отырған әкімшілік-аумақтық бірліктер мен салаларға беріледі. Қайта бөлудің бұл түрлерінің арқасында бүкіл экономиканың үйлесімді дамуына қол жетеді, бұл Қазақстан жағдайында түпкілікті салалардағы өндірістің дамуы үшін, сондай-ақ артта қалған аймақтарда экономика мен әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымды өрлету үшін өте-мөте көкейтесті болып табылады. Ішкісалалық және ішкішаруашылықтық қайта бөлу сферасы экономиканы қайта құрудың барысында шаруашылық жүргізуші субъектісінің тапқан қаражаттарын пайдалануды қажет ететің (заң бойынша мемлекетке тиісті аударымдардан басқа) коммерциялық есеп пен өзін-өзі қаржыландыру әдістерінің енгізілуімен байланысты біртіндеп тарылып келеді.

Демек, қаржы бөлгіштік функция арқылы ақшалай табыстарды қалыптастыру және қаражатгарды жұмсау жолымен мемлекеттің, экономикалық агенттердің экономикалық мүдделерін қамтып көрсететін белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырады. Сөйтіп, бөлгіштік функция арқылы бөлу категориясы ретінде қаржының мәні ашылады, ақша нысанындағы жиынтық қоғамдық өнімнің, оның құрамды элементтерінің қозғалысымен байланысты болатын экономикалық қатынастар айшықталады және сатып алу-сату арқылы натуралдық-заттай нысандағы қоғамдық өнімді өткізу үшін жағдайлар жасалады. Қорытындысында қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларының нақтылы еңбек үлесі мен қоғамдық өндіріске қатысу дәрежесі ескеріле отырып, олардың экономикалық мүдделері қанағаттандырылуы тиіс.

  1. Корпоративтік қаржының мағынасы мен мәні және көрсеткіштері. Корпорациялық қаржыны ұйымдастыру принциптері

Корпорация (лат. corporatіo - бірлестік) - бірлестік, қоғамдастық, одақ; меншіктің акционерлік нысаны‚ меншікті (капиталды) ұжымдасып иелену‚ кәсіпорынды басқару міндеттерін кәсіпқой басқарушылардың (менеджерлердің) жоғары тұрған буындарының қолына шоғырландыру; заңға қайшы келмейтін мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіптік және басқа мүдделер сәйкестігі бойынша біріккен қоғам‚ одақ‚ тұлғалар тобы.

Корпорация дегеніміз - бірнеше кәсіпорынның бірігіп іскерлікпен айналысуы.

Кәсіпорындар мен корпорациялар қаржысы дегініміз - олардың шаруашылық қызметінің процес сінде туындайтын және капиталды кіріс пен ақша қорын қалыптастыру, әрі он пайдалану үшін қажетті ақша қатынастарының жүйесі.

Корпоративтік қаржының басты функциясы - шаруашылық жүргізуші субъектілердің қорларының жеке ауыспалы айналу процесінде ақша қатынастарының пайда болуына себеп болады.

Нарықтық (тауарлық) шаруашылық жағдайында корпоративтік қаржының мына үш функциясы заңды түрде танылған:

  1. капитал, кіріс және ақша қорын қалыптастыру;
  2. капитал, кіріс жэне ақша қорын пайдалану;
  3. бақылау функциясы.

Бірінші функция ұдайы өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Тауар сатудан алынған түсімді бастапқы бөлу есебінен кәсіпорындар мен корпорациялардың қаржы жоспарында (бюджетінде) көрсетілетін арнайы қоры пайда болады.

Бухгалтерлік есеп жөніндегі нормативтік қүжаттарға сәйкес бухгалтерлік баланста құрылтайшылық құжаттар мен осыған орай пайда болған жәңе есептік саясаттың жыл бойы жұмыс нәтижелері бойынша (бөлінбеген) таза кірістің есебінен қабылдаған тұтыну мен жинақтау қорының қалдығы жеке көрсетілмейді. Таза пайданың пайдаланылуын сипаттайтын тиісті ажырату бухгалтерлік балансқа және пайда мен залал жөніндегі есепке түсіндірмеде (атап айтқанда, капитал өзгерісі жөніндегі есепте), сондай-ақ түсіндірме жазбада келтіріледі.

Кәсіпорын мен корпорацияның қаржысын үйымдастыру
принциптері оның қызметінің мақсаттарымен және міндеттерімен тығыз байланысты.

Корпорацияның қаржысын ұйымдастыру принициптеріне төмендегілерді жатқызуға болады:

  1. шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу;
  2. өзін-өзі өтеушілік жэне өзін-өзі қаржыландыру;
  3. айналым қаражатын қалыптастыру көздерін меншік жэне қарыз бойынша бөлу;
  4. қаржы резервінің болуы.

Өзін-өзі реттеу принципінде кәсіпорынға (корпорацияғa) қолда бар материалдық, еңбек және қаржы ресурсының негізінде өндірістік және ғылыми-техникалық даму жөнінде шешім қабылдауға, сондай-ақ оны іске асыруға толық дербестік беріледі.

Кәсіпорын (корпорация) өзінің қызметін тікелей жоспарлайды және шығарылатын өнімге (қызметке ) сұранысты негізге ала отырып өзінің даму келешегін белгілейді. Жедел және ағымдағы жоспарлар өнімді (қызметті) тұтынушылармен және материалдық ресурсты жеткізушілермен жасалған шарттарға (келісімшартарға) негізделеді. Қаржы жоспары өндірістік жоспарда (бизнес-жоспарда) қарастырылған іс-шараларды ақша ресурсымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекеттік бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруі тиіс. Айналым қаражатын толықтыру негізінен меншік қаржылай ресурстың (таза пайданың), ал өзін-өзі өтеу принципі корпорацияны дамытуға салынған қаражат таза пайданың және амортизациялық аударымның есебінен өтелуге негізделеді. Осы қаражат кэсіпорынға (корпорацияға) тиесілі меншік капиталдың барынша төмен шамадағы нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге тиіс.

Кәсіпорын өзін-өзі өтеген жағдайда ол қарапайым ұдайы өндірісті өзінің меншікті көзі есебінен қаржыландырады, сонымен бірге бюджет жүйесіне салық төлейді. Іс жүзінде осы принципті іске асыру үшін барлық кәсіпорындар пайдалы жұмыс істеуі және залалды жоюы тиіс.

Өзін-өзі өтеумен салыстыра отырып өзін-өзі қаржыландыруда жұмыстың пайдалылығы ғана емес, сонымен бірге жай шектеліп қалмай, керісінше, кең салалы ұдайы өндірісті де қамтамасыз ететін қаржы ресурсын, сондай-ақ бюджеттік жүйесінің кірісін де коммерциялық негізде қалыптастыра алады. Өзін-өзі қаржыландыру принципінде кәсіпорынның (корпорацияның) шартты міндеттемелерді, кредит-есеп айырысу және салық тәртібін сақтау үшін материалдық жауапкершілігі күшейтіледі. Кәсіпорын шаруашылық шарттарды бұзу үшін басқа ұйымдарға айыппұл санкциясын төлеп, сондай-ақ келтірілген залалды өтеуде (тұтынушының келісімінсіз) өнім (жұмыс, қызмет) жеткізу міндеттемелерін орындауға міндетті.

Өзін-өзі қаржыландыру принципін жүзеге асыру үшін төмендегі бірқатар талаптарды сақтау қажет, олар:

  • меншік капиталды ағымдағы ғана емес, инвестициялық қызмет бойынша шығынды өтеуге жеткілікті мөлшерде жинақтау;
  • капитал салынатын ұтымды бағыт таңдау;
  • негізгі капиталды ұдайы жаңарту;
  • тауарлық жэне қаржы нарығының қажетіне икемді ден қою.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзін меншік және қарыз қаражатқа бөлу шаруашылықтың жекелеген салаларында өндіріс технологиясымен және оны ұйымдас тыру ерекшеліктеріне байланысты. Өндірісі науқанды сипаттағы салаларда (сауда, тамақ өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы және т. б. ) айналым қаражатын қалыптастыруда қарыз көздерінің үлесі артуда. Өндірісі науқандық емес сипаттағы салаларда (ауыр өнеркәсіп, көлік, байланыс) айналым каражаты құрылатын көздер құрамында көбінесе меншік айналым қаражаты басым.

Қаржы резервін құру нарық жағдаяты ықтимал ауытқитын, сонымен бірге өз міндеттемелерін орындамау үшін әріптестер алдында материалдық жауапкершілік артқан жағдайда кәсіпорынның (корпорацияның) тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамда қаржы резерві кәсіпорынның жарғысына сәйкес таза пайдадан қалыптастырылады.

Іс жүзінде осы принциптер шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы саясатын әзірлеуде және қаржыны басқару жүйесін ұйымдастыру кезінде жүзеге асырылуы тиіс. Мұның өзінде:

  • қызмет саласын (коммерциялық жэне коммерциялық емес қызмет) ;
  • қызметтің түрін (бағытын) (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, құрылыс, сауда және т. б. ) ;
  • кәсіпкерлік қызметтің ұйымдастыру-құқықтық нысанын ескеру қажет.

Практикада көрсетілген принциптерді сақтау кәсіпорын (корпорация) қаржысының тұрақтылығын, оның төлем қабілеттілігін, кірістілігі мен іскерлік белсенділігін қамтамасыз етеді.

  1. Корпоративтік құрылымды ұйымдастыру нысандары және олардың артықшылықтары

Бизнесті ұйымдастырудың басқа нысандарымен салыстырғанда корпорацияның өзінің меншік иелерінен дербес тіршілік ететіні оның негізгі ерекшелігі болып табылады. Корпоративтік шаруашылық жүргізуі келесі экономикалық нысанда ұйымдастырылуы мүмкін:

  • деңгейлес корпорациялау;
  • сатылас корпорациялау;
  • әр тараптандырып корпорациялау.

Деңгейлес корпорациялау бір тектес өнім нарығында өндіріс ауқымын кеңейту негізінде қалыптастырылады. Ол ұзақ мерзімді мүдделер келтіруі ықтимал зиянды жоя отырып, саладағы бәсекелік жайғасымдарды үзақ мерзімді

келешекке нығайту үшін күреске ынталандырады. Бұл ретте бәсекеге қабілеттілік ағымдағы пайданың көрсеткіштерімен теңдестірілмейді, біртектес өнім нарығындағы ұзақ мерзімді артықшылық ретінде карастырылады. Олардың арасынан бұйым сапасы мен сол бұйым сатылатын бағаны; инновациялық әлеуетті, өндірістік және бұйымды өткізу қуатының жеткіліктілігін; сату мөлшерінің сақталуын немесе оның ұлғаюын қамтамасыз ететін ұзақ мерзімді қызмет стратегиясының болуын ерекше атап өту қажет. Республикада деңгейлес

корпорациялаудың даму табалдырығы «Бәсеке және монополиялық қызметті

шектеу туралы» Заңда (14-бап) : белгіленген тауар нарығында жиынтық үлесі 35%-ды құрайтын нарық субъектілерінің кез келген нысандағы толықтай немесе ішінара жетіскен келісімі деп белгіленген. Осы табалдырықтан асу бәсекені шектеуге әкеп соқтыруы мүмкін деп саналады.

Сатылас корпорациялау шикізат өндіруден бастап түпкілікті өнім жасап, оны сатуға дейінгі өндірісті біріктіру негізінде қүрылады. Ол өндірістердің технологиялық өзара тәуелділігі мен процестердің уақыт пен кеңістікте үйлесетін 5 жүйелілік принципіне сүйенеді. Сатылас корпорациялаудың тиімділігі капиталды шоғырландыруға және ғылыми-техникалық прогрестің ықпалымен қоғамдық еңбекті бөлуді тереңдетуге қол жетіскен үздіксіз өндірісте (химия, металлургия, мұнай және газ өнеркәсібі және т. б. ) артады. Саты­лас корпорациялау табылдырығына жеткенде технологиялық және кооперациялық байланысты одан әрі кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады.

Әртараптандырылған корпорациялау түрлі өндірістерді біріктіру есебінен калыптастырылады. Корпорациялаудың осы нысанында кәсіпкерлік кызметтің тәуекелі, сонымен бірге «біртектес өнім» нарығының жағдайынан тәуелділік төмендетіледі, бұдан да кең экономикалық негіз қамтамасыз етіледі, жаңа қызмет аясында бәсекелік артықшылықка, сондай-ақ сыйымды нарыққа жеткізіледі, ұзақ мерзімді келешекте жоғары пайда алынады. Әртараптандырылған корпорациялаудың даму табалдырығына жеткенде қызмет шеңберін кеңейтуден алынатын пайда нормасы төмендейді деп саналады. Пайда алу мүмкіндігін

айтарлықтай кемітпеу және акционерлердің әл-ауқатына әсер етпеу үшін жаңа өндіріс құруға жұмсалатын шығын жоғары болмауы тиіс.

Әртараптандырылған корпорациялауда өндірістің тиімді
теңгерімділігіне кол жеткізу үшін активтердің орынды балансына және жалпы операциялық тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік беретін қоржын стратегиясы қолданылады. Корпорациялау нысандарын тиімділік өлшемі бойынша карастырсақ, әртараптандырылған және сатылас сызба тиімді, ал деңгейлес сызба тиімсіз деген пікір қалыптасса да, олардың қайсысының тиімді екенін

дәл айту қиын. Алайда әлемдік тәжірибеде олардың тиімділік дәрежесі бірдей

бағаланбайды. Осы нысандардың әрқайсысы өзінің тиімділігін экономикалық «тіршілік етуі» құқылы және өндірісті ұйымдастырудың мына артықшылықтарды қамтамасыз етеді:

Корпоративтік форманың елеулі кемшілігінің бірі - оған қос дүркін салық салынуы (корпоративтік табыс салығы және дивидендтік табысқа салынатын салық) болып табылады, алайда серіктестік нысанында жұмыс істейтін шағын корпорация тек корпоративтік табыс салығын ғана төлейді. Бүкіл әлемде корпорация түріндегі акционерлік коғамның сан алуан түрі бар. Нарықта әр елдің жүріс-тұрыс ережесі әр түрлі, алайда олардың ең басты ерекшелігі - ұжымдық (көпшілік) меншік құқығы және шектеулі жауапкершілік сол күйінде калды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қаржысын ұйымдастыру мен басқару
Бәйдібек аудандық бюджетке түсетін түсімдер
Қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіштері
Компанияның ақша қаражаттарын басқару туралы
Қаржы ресурстарының қалыптасуымен оларды пайдалануды талдау
Қаржылық реттеудің қажеттілігі
Қаржылық инвестиция портфелінің түсінігі, мазмұны және түрлері
Кәсіпорында еңбек мотивациясын жетілдіру
Мемлекеттің қаржы жүйесі және оның экономиканы реттеудегі рөлі
Қаржы ресурстары мен қорлардың құрылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz