Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi


Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кiрiспе3

I бөлім. Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны

  1. ҚР кеден төлемдерiнiң қалыптасуының даму тарихы . . . 4-5
  2. Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң мәнi,

жiктелуi . . . 5-9

  1. Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiн қалыптастыруды құқықтық реттеудегі кеден саясаты . . . . . 9-11

II бөлім. Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi

  1. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерiнiң лауазымды иелерiнiң құқықтық мәртебелерi . . . 11-47
  2. Кеден төлемдерінің орындалуындағы кеден органдарының құқықтық реттеу және бақылау органдары ретіндегі принциптері . . .

.

Қорытынды . . . . . . 56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 57

Кiрiспе

Кедендiк төлемдер-мемлекеттiк бюджеттiң негiзгi кiрiс бөлiгiн қамтитын бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер қатарына жатады. Яғни, мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң құралуына елеулi үлес қосатындықтан менiң дипломдық жұмысымның тақырыбының маңызыдылығын көрсететдi. Кедендiк төлемдердiң басты мақсатты бюджеттi толықтыру мен экономикалық қауiпсiздiктi сақтау. Яғни, ең бiрiншi отандық өндiрiстi қорғау. Қазақстан осы өз өндiрiсi арқылы сыртқы нарықтарға шыға алады. Бұл экономиканың тiрегi, әрине бiздiң тауарлар әлiде болса шетел тауарларымен салыстырғанда бәсекеге қабiлеттi емес.

Кеден төлемдерiнiң төркiнi көне Шығыстың "таңба", "таңбашы" деген сөзiнен, "белгi", "мөр" - деген сөзден шыққан. Қазiргi заманда мемлекеттiк шекарадан өтетiн мүлiк, әртұрлi бұйымдар мен пошта жүгiн қадағалайтын, және шекара асқаны үшiн алынатын алым.

Алғашқы кедендiк төлемдер құралдарының дамымағандығы халықаралық сауда бойынша әрiптестермен жаңа қатынастарды құруды қиындатты, әлемдiк нарықтағы экспортерлар көзқарасын қорғау мүмкiндiктерiн шектедi. Сыртқы экономикалық қызметтiң негiзгi буыны министрлiктермен ведомстволар емес, жеке шаруашылық субъектiсi болған жағдайда, контрабанда және т. б. кедендiк төлемдердi бұзушыларға төтеп беру механизмi өз қызметiн дұрыс атқара алмайтын болды. Мұның барлығы осы саладағы әлемдiк тәжiрибенi ескеретiн кедендiк төлемдердi реттеудiң жаңа құралдарына көшуге себеп болды.

Қазiргi кезде бiздiң кедендiк төлем төлеушiлердiң негiзгi мақсат-мiндеттерi заңда көрсетiлген. Онда кедендiк iстiң жеке тұтынушыларды тiкелей қорғау, адамдар өмiрi мен денсаулығына террористiк шығын келтiруден қорғау, заңсыз наркотиктер (есiрткi зат) айналымынан, қару жарақ т. б. шаруашылық өмiр процестерiне үнемi әсер ету сияқты Республика экономикасының әлемдiк шаруашылықпен байланысыуына дейiнгi бағыттылығы көрсетiлiп отырады.

Дипломдық жұмысымның зерттеу объектiсi болып, кеден төлемдерiнiң орындалу көрсеткiштерi мен ауытқу себептерi бойынша мәселелердi қамту, ал зерттеу субъектiсi, осы кеден төлемдерiн төлейтiн тұлғаларға байланысты құқықтық реттеу мәселелерiн ашу болып табылады.

Дипломдық жұмысым үш бөлiмде қарастырылды. Бiрiншi бөлiмде, кеден төлемдерiнiң мәнiн мен маңызын аша отырп, екiншi бөлiмде Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерiнiң лауазымды иелерiнiң құқықтық мәртебелерi, кеден төлемдерінің орындалуындағы кеден органдарының құқықтық реттеу және бақылау органдары ретіндегі принциптері, мемлекеттiк құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiндегi кеден органдарын ұйымдастырудың әлемдiк тәжiрибесін қарастыра отырып , ал үшiншi бөлiмде маңыздылығына сәйкес орындалу көрсеткiштерiн талдап, орындалуында кезедесетiн проблемалдарды шешудi қарастырады.

1. Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикалық мазмұны

  1. ҚР кеден төлемдерiнiң қалыптасуының даму тарихы

Кеденнiң аса бiр маңызды мiндетi - кедендiк алым - салық жинау. Мекеменiң экономикалық бағытын анықтайтын ерекше мiндетi болғандықтан сондай-ақ, бюджетке кiретiн табыстың едәуiр бөлiгi алым - салықтан түседi. Кемелiне жеткен елдерде оның мөлшерi 20-25%, ал жаңа өркендей бастаған елдерде 80%-ке дейiн барады.

Кеден төлемдерiнiң төркiнi көне Шығыстың "таңба", "таңбашы" деген сөзiнен, "белгi", "мөр" - деген сөзден шыққан. Қазiргi заманда мемлекеттiк шекарадан өтетiн мүлiк, әртұрлi бұйымдар мен пошта жүгiн қадағалайтын, және шекара асқаны үшiн алынатын алым[8] .

Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым-салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерiмен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасайды. Қай елдi алмасаңызда импорт-экспортты реттеудiң бiрден -бiр амалы-кеден тарифы, сондықтан ол әрқашан сыныптай өтiмдi, сауда саттық коньюнктурасына байланысты Үбылмалы болуға тиiс [12] .

Кеңес үкiметi дәуiрiнде кеден iсiн реттейтiн құжат 1918 жылдың мамырында қабылданды. ХҚҚ (СНК) РСФСР 1920 жылы қараша айында′′ Импорт, экспорт тауарын қабылдау, сақтау, босату тәртiбi туралы′′ декрет шығарады. БҮд 1924 жылғы Кеңес Одағы Кеден кодексiн қабылдауға негiз болды. ХКҚ (СНК) өзiнiң декретiмен ′′ Жергiлiктi кеден мекемелерi туралы уақытша қағидалар′′ бекiтедi. 1922 жылы КСРО сыртқы сауда Халық Комиссариаты Бас Кеден Басқармасының 80 округi құрамына 283 жергiлiктi мекемелер кiрген, оның iшiнде Семипалатинск және Туркестан болған. 1925 жылы жергiлiктi кеден аппаратын қайта Үйымдастыру нәтижесiнде Кеңес Одағы территориясында 11 аудандық кеден басқармалары құрылды, оның iшiнде Зайсан және Алматы болатын. Бұл өзгерiс 1928 жылы Кеден кодексi қабылданғанға дейiн орын алды. Осы кодекс тек 36 жылдан кейiн 1964 жылы жаңғыртылды. Кеден заңдылықтарын жаңартудағы мұндай Үзақ алшақтық әкiмшiлдiк -әмiршiлдiк жүйенiң үстемдiгiнiң, оның iшiнде сыртқы саудадағы кеден- құқықтың динамикалық реттеудi елемеудiң нәтiижесi болып табылады. [1]

1964 жылы қабылданған Кеңес Одағының Кеден кодексi Одақ денгейiнде орталықтандырылған сыртқы сауда байланыстарының ерекшелiктерi бейнеледi, ал 1991 жылдың соңғы Кеңестiк Кеден Кодексi республикалар, соның iшiнде Қазақстан билiктiлiктерiне зиян келтiре отырып Кеден саласындағы жалпы одақтың орталық өкiлеттiлiгiн мейлiнше көбейтедi.

Сонымен кеден Ресейде XIII ғасырды пайда болса, ал Қазақстанда кеңес дәуiрiнде ғана келген, 200 адамнан тұратын үш -ақ Кеден бар едi, олардың өзi де Мәскеуге бағынатын.

Кеденнiң негiзгi төрт тұрлi қызметтi бар:

Бiрiншi, экономикалық iшкi сауда-саттықты қорғау, Үлттық экономикаға жағдай жасау, бәсекенi күшейту және монополияға жол бермеу, аларжақ тұтыным мен берержақ Үсыныстарды реттеу, инфляцияны тҮқырту, қайта жаңғыртудың құрылымдық саясатын белгiлеп, шетел капиталын тарту.

Екiншi, сауда саясаты. Кеден iс - әрекетiнiң ережесi мен мөлшерi халықаралық бiрiнғай болуға тиiс. Тек сонда ғана елiмiз дүниежүзiлiк сауда-саттық көзiне кедергiсiз жол табады.

Үшiншi, статистика қызметтi: мемлекеттiк қисап қажеттi ақпараттардың толықта нақты мәлiметтерiн жинақтап, қадағалап отыру.

Төртiншi, тәртiп сақтау: iшкi-сыртқы қаскейлермен, кеден ережесiн бұзушылармен күрес, есiрткi, қару-жарақ пен оқ-дәрiнi шеттен алып, шетке шығаруға тиым салу, тарихи, көркемдiк мәнi зор мәдени байлығымызды ұрлық-қарлықтан сақтау, валютаның шетке шығып кетуiне тосқауыл болу.

  1. Қазақстан Республикасы кеден төлемедерiнiң мәнi, жiктелуi

Кедендiк төлемдер құралдарының дамымағандығы халықаралық сауда бойынша әрiптестермен жаңа қатынастарды құруды қиындатты, әлемдiк нарықтағы экспортерлар көзқарасын қорғау мүмкiндiктерiн шектедi. Сыртқы экономикалық қызметтiң негiзгi буыны министрлiктермен ведомстволар емес, жеке шаруашылық субъектiсi болған жағдайда, контрабанда және т. б. кедендiк төлемдердi бұзушыларға төтеп беру механизмi өз қызметiн дұрыс атқара алмайтын болды. Мұның барлығы осы саладағы әлемдiк тәжiрибенi ескеретiн кедендiк төлемдердi реттеудiң жаңа құралдарына көшуге себеп болды. [15]

Қазiргi кезде бiздiң кедендiк төлем төлеушiлердiң негiзгi мақсат-мiндеттерi заңда көрсетiлген. Онда кедендiк iстiң жеке тұтынушыларды тiкелей қорғау, адамдар өмiрi мен денсаулығына террористiк шығын келтiруден қорғау, заңсыз наркотиктер (есiрткi зат) айналымынан, қару жарақ т. б. шаруашылық өмiр процестерiне үнемi әсер ету сияқты Республика экономикасының әлемдiк шаруашылықпен байланысыуына дейiнгi бағыттылығы көрсетiлiп отырады.

Кеден төлемдерi -бұл Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардан алынатын мiндеттi төлемдер. Қазақстан Республикасы кеден заңдылықтарына сәйкес олар үш топқа бөлiнедi:

  • кеден баждары;
  • кеден алымдары;
  • қызмет көрсету ақылары.

Кеден баждары өз есебiнен бiрнеше тұрге бөлiнедi: арнайы кеден бажы, маусымдық кеден бажы, өтемдiк баж және антидемпингтiк баж.

Кеден алымдарына кеден органдары берген лицензиялары үшiн, кедендiк рәсiмдеу жөнiндегi маманның бiлiктiлiк аттестаты үшiн, кедендiк рәсiмдеу үшiн, тауарларды сақтағаны үшiн және тауарларды бiрге кедендiк алып жүргенi үшiн алымдар жатады.

Кедендiк қызмет көрсету ақыларының тұрлерi:

  • ақпарат және консультатция бергенi үшiн;
  • алдын -ала шешiм қабылдағаны үшiн;
  • кеден акциондарына қатысқаны үшiн.

Бiздiң кедендiк төлем заңдылықтарында жаңадан кедендiк бақылау жүргiзудiң нақты құқықтық жағдайлары белгiленген: оған жерi, уақыты, тексеру негiздерi, техникалық құралдарды қолдануға шектеулер жатады.

Кедендiк төлемдердi бақылау тұжырымдамасының өзi толық өзгердi. Кедендiк бақылау мақсат ретiнде қарастырылмайды, оған қызметтiк, қосымша сипат, кедендiк заңдылықта қолданудың негiзгi құралы ретiнде болады. [9]

Кеден тарифi -Қазақстан Республикасының кеден территориясына әкелiнетiн немесе одан әкетiлетiн тауарларға қолданылатын кеден баж ставкаларының жиынтығы. Ол сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасына сәйкес жүйеленген. [16]

Кеден баждары сыртқы экономикалық қызметтi маңызды экономикалық реттеушiсi болып табылады. Соның көмегiмен сыртқы экономикалық алмасу саласында мемлекеттiң техникалық саясаты жүзеге асырылады.

Кедендiк баждар -тауарларды кедендiк режимдерде декларациялау кезiнде төленедi, бұларға орналастыру жағдайы Қазақстан Республикасының кедендiк тарифiне сәйкес кедендiк баждарды төлейдi және кедендiк баждардың ставкаларын Үкiмет белгiлейдi, олар ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк 30 күн өткен соң күшiне енедi.

Импорттық баждардың мақсаты:

  • µлттық өндiрушiлердi шет ел бәсекелерiнен қорғау;
  • әлемдiк экономиканың тиiмдi интеграциясы үшiн ҚР жағдай жасау ;
  • елдiң сауда және төлем баланстарының талаптарына сәйкес экспорт пен импорт арасындағы қатынастарды оңтайландыру;
  • Қазақстан Республикасы территориясына әкелiнетiн тауарларды құрылымын жақсарту;
  • мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiн толтыру.

Экспорттық кеден баждарының мақсаты:

  • Отандық рынокты толығырақ қамтамасыз ету үшiн Үлттық экономикаға қажеттi тауарларды елден шығаруды шектеу;
  • шикiзат өнiмдерi мен тауарларын шығаруды тоқтату;
  • ел бюджетiнiң кiрiс бөлiгiн толықтыру, экспорттық баждар, импорттық баждармен салыстырғанда сирек қолданады.

Транзиттiк баждардың мақсаттары:

  • ел территориясы арқылы өтетiн белгiлi бiр тауарлар ағымын реттеу;
  • мемлекеттiк қазынаны толықтыру.

Қазiргi кезде транзиттiк баждар өте сирек кездеседi, көптеген елдерде тiптi қолданылмайды.

Кеден баждарының мөлшерiн анықтау үшiн кеден баж ставкалары қолданылады. Оның белгiлi үш тұрi бар:

  • адвалорлық (лат. аd valoren- от стоимости) құннан деген мағынаны бiлдiредi. Бұл тауардың кедендiк құнынан пропорция арқылы анықталады.
  • аралас кеден бажы көлемiн анықтауда әрi адвалорлық, арнайы ставкалардың ұштастырылуы.

Кеден бажы ставкаларын кеден баждарынан ажырата алу керек.

Кеден төлемдерiнiң келесi тұрi кеден алымдары.

Кеден алымдарының ең маңыздысы - кедендiк рәсiмдеу үшiн алым. Бұл төлем кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларын халықаралық почта жiберiлiмдерi мен жүктерiн рәсiмдеуден алынады. [18]

Кеден алымдары тауарларды кедендiк рәсiмдеуге алған кезде немесе одан бұрын төленедi. Тауарларды кедендiк рәсiмдеу алымдарының ерекшелiктерi:

Бұл алымдар бойынша төлемдердi төлеудi кейiнге қалдыруға немесе бөлiп-бөлiп төлеуге болмайды.

Кедендiк рәсiмдеу алымдарының төленген сомасы қайтарылмайды.

Кедендiк рәсiмдеу алымдарының сомасы банк мекемелерi арқылы кеден органдарының депозиттiк шоттарына аударылады немесе кеден органдарының кассасына нақты төленедi.

Кеден алымдарының басқа тұрлерi - кеден төлемдерiнiң жалпы көлемiнде соншалықты көп емес.

1 Кесте. Кеден төлемдерiнiң жiктелуi мен кодтау ерекшелiктерi

Коды: Коды
Төлем аты: Төлем аты
Коды: 1
Төлем аты: 2
Коды:

10

11

12

13

14

15

Төлем аты:

1 кеден алымдары

Кедендiк рәсiмдеу үшiн ұттық валютадағы кеден аылмы.

ҚР ҰБ белгiленген курс бойынша кедендiк рәсiмдеу үшiн алымды шетел валютасында жүргiзу.

Кеден рәсiмдеуiн уақыттан тыс, және оған қатысты емес жерлерде µлттық валютада кеден алымдарын алу.

Тауарлардың кедендiк рәсiмдеуiн уақыттан тыс және оған қатысты емес жерлерде, қосымша рәсiмдеуiн ҰБ белгiлеген курс бойынша кеден алымдарын алу.

Тауарларды сақтауға кеден алымы.

Кедендiк алым жүргiзу үшiн кеден алымы.

Коды:

20

21

25

26

Төлем аты:

2. кеден төлемдерi.

ҚР ваютасында есептелген импорттық кеден төлемi.

ҚР ҰБ белгiленген курс бойынша шет ел валютасымен есептегендегi импорттық кеден төлемi.

ҚР валютасында есептелген экспорттық кеден төлемi.

ҚР ҰБ белгiленген курс бойынша шетелдiк валютамен есептегендегi экспорттық кеден төлемi.

Коды:

30

31

32

Төлем аты:

3. кеден органдарымен салынатын жанама салықтар.

ҚР валютасында есептеген акциз.

ҚР ҰБ белгiленген курспен шетел валютасымен есептелген акциз.

Тенгемен есептелген ҚҚС.

Коды: 33
Төлем аты: ҚР ҰБ белгiленген курспен шетел ваютасымен есептелiнген ҚҚС.
Коды: 60
Төлем аты:

4. Тәркiлеуден түскен құралдар.

Тәркiлеуден түскен құралдар.

Коды:

70

71

72

73

74

75

76

77

Төлем аты:

5. Басқа аымдар.

Лицензия бергенi үшiн алым.

Лицензия әрекетiн қалпына кетiру үшiн алымдар.

Кедендiк рәсiмдеу бойынша маманның квалификациялық аттестатын қапына келтiру үшiн алымдар.

Кедендiк рәсiмдеу бойынша маманның квалификациялық аттестатын қапына келтiру бойынша алым.

Ақпарат және консультация бергенi үшiн төлем.

Қорытынды шешiм қабылдағаны үшiн алым.

Кеден аукциондарына қатысқаны үшiн алым.

Банктi немесе басқа несие мекемесiн банктер реестiрiне қосқаны үшiн алым.

Коды: 80
Төлем аты:

6. кеден алымдарының бiрлiк ставкасы.

Кедендiк алымдардың бiрлiк ставкасы.

Коды: 91
Төлем аты:

7. басқа кеден төлемдерi.

ҚР валютасында есептелген кеден төлемдерiн создырған процент.

Коды:

92

93

94

Төлем аты:

Қазақстан Республикасы ҰБ белгiленген курс бойынша кеден төлемдерiн создырғаны үшiн шетел валютасында төленетiн процент.

Қазақстан Республикасы валютасында есептелген кеден төлемдерiн кейiнге қалдрғаны үшiн процент.

Қазақстан Республикасы ҰБ белгiленген курс бойынша кеден төлемдерiн кейiнге қалдрғаны үшiн шетел валютасында алынатын процент.

Коды:

95

96

97

98

99

Төлем аты:

ҚР валютасында есептелген кейiнге қалдыру пениясы.

Қазақстан Республикасы ҰБ белгiленген курс бойынша кейiнге қалдыруда шетел валютасында есептелген пеня.

ҚР кеден заңдарында көрсетiлген басқа да төлем тұрлерi.

ҚР валютасында төленетiн төлем соммаларын қамсыздандыру.

ҚР ҰБ белгiленген курс бойынша кеден төлемдерiн шетел валютасын төлеудегi сомманы қамсыздандыру.

Кедендiк төлем мөлшерлерi мынадай тұрлерге бөлiнедi:

Адвалорлық-салық мөлшерi салынатын тауарлардың кедендiк құнына процентпен есептеледi;

Ерекше-салық мөлшерi салынатын тауарлар бiрлiгiнiң белгiленген мөлшерi мен есептелiнедi;

Аралас-салық мөлшерi жоғарыда аталған кедендiк салық тұрлерiнiң екеуiне де үйлестiрiледi. [16]

1. 3. Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiн қалыптастыруды құқықтық реттеудегі кеден саясаты

Кеден саясаты шетел инвестицияларын тарту, инвестициялық белсендiлiктi ынталандырудың аса маңызды құралы болып табылады. Осы факторды есепке ала отырып Қазақстан Республикасының Кеден органдары өз жұмыстарының тиiмдiлiгiн кедендiк ресiмдеудi жылдамдату, оңайлату, т. б. арқылы арттыруға күш салысады [22] .

Кеден саясатының принциптерi өмiр талаптарына сәйкес үнемi өзгерiп отырады. Оның қазiргi кезедегi принциптерi:

  • Кеден саясаты мен сыртқы сауда саясатының бiрiнғайлылығы және әртұрлi болу принципi.

Қазақстан Республикасының iшкi және сыртқы саясатының құрамдас бөлiгi ретiнде бiрiнғай кеден және сыртқы сауда саясаттары жүзеге асырылады. Бiрiнғайлылығы сол- кедендiк - тарифтiк мәселелерi мен сыртқы сауданы қорғау шаралары бойынша бiрiккен комиссиялардың құрылуы, экономикалық сауда ұйымдары жұмыстарына қатысу, ғылыми практикалық конференциялардың өткiзлуi және т. б[14] .

Сонымен бiрге сыртқы экономикалық қызметтi реттеу саласында нақты арнайы мақсаттар мен мiндеттердi орындау барысында кеден саясаты мен сыртқы сауда саясатының функциялары мен жауапкершiлiктерi әртұрлi. Әрқайсысының өзiне тән басқару органдары ведомстволық инфрақұрылымдар бар.

  • Қазақстан Республикасы мемлекеттiк шекарасы мен кеден территориясының бiрлiк принципi.

Кеден территориясының және елдiң мемлекеттiк территориясының бiр-бiрiне сай келмеуi мүмкiн.

  • заңдылық пен жауапкершiлiк принципi.

Бұл принцип бойынша кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткiзуге байланысты барлық қағидалар мен ережелер Қазақстан Республикасы заңдарына және халықаралық келiсiмдерге негiзделуi тиiс. Кеден заңдылықтарын құрастырушы кеден процедураларын халықаралық құқық негiздерiне және бiрiнғай Еуропалық Одақтың заңдылық актiлерi мен нормаларына сәйкестендiруге ұмтылады. Ондағы мақсат- кеден процедураларын мүмкiндiгiнше идентификациялау және оңайлату. [14]

Сонымен бiрге кеден органдарының лауазымды адамға және т. б. қызметкерлерге қателесiп, өздерiнiң бұрыс шешiмдерi мен зиян келтiрсе, оған жауап берулерi тиiс.

  • сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және мемлекеттiң экономикалық мүдделерiн қорғау принципi.

Бiздiң кеден саясатымыз Қазақстан Республикасының "Кедендiк тарих және алым - салық" Заңына, сыртқы экономикалық қарым - қатынас мәселесiне арналған Республика Президентiнiң жарлығы мен үкiмет шешiмдерi мен негiзделген. Ал сапасыз импортқа келетiн болсақ оған тосқауыл жасайды. Қай елдi алмасаңызда импорт-экспортты реттеудiң бiрден бiр амалы-кеден тарифы, сондықтан ол әрқашан сыныптай өтiмдi, сауда саттық коньюнктурасына байланысты құбылмалы болуға тиiс. [18]

Бүгiнгi таңдағы кедендiк төлемдi төлеушiлерге елiмiздiң азаматтарына құқық беруде кеден қызметiнiң үлкен роль атқаратынын әрқашан есте ұстайтын болуы керек. Мемлекеттiк кеден қызметiнiң беделiн арттыруды және ұжымның топтасқан тұтастығын арттыру мақсатымен бiздiң елде әйелдер кеңесi және баспасөз қызметi жұмыс iстейдi. [25]

Кеден аумағын құрғақтағы аумақ, аумақтық сулар (теңiз) және iшкi сулар, олардың үсiндегi әуе кеңiстiгi, сондай-ақ құрлықтық маңайында орналасқан жасанды аралдар, қондырғылар, ғимараттар және кеден iсi саласында Қазақстан Республикасының юрисдициясында ғана болатын өзге де объектiлер құрайды.

Кеден аумағында құрылған арнайы экономикалық аймақтың аумағы Қазақстан Республикасының кеден аумағының бiр бөлiгi және Қазақстан Республикасы кедендiк аумағының шектерi, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың периметрлерi Қазақстан Республикасының кедендiк шекарасы болып табылатыны мәлiм. Кедендiк шекара кеден аумағының шектерiн белгiлейтiн сызықпен осы сызық бойынша өтетiн вертикальды бет және кеден шекарасына дәл келуi мүмкiн. [16]

Кеден саясатын орталық мемлекеттiк үкiмет органдары жүргiзедi. [5]

Кеден саясатының негiзгi мақсаттары:

  • Қазақстанның рыногын қорғау;
  • Қазақстанның өндiрушiлерi мен тұтынушыларын қорғау;
  • экономиканың дамуын ынталандыру;
  • экономикада құрылымдық қайта құруды жүргiзуге жәрдемдесу;
  • бәсекенi көтермелеу;
  • моноплизмге қарсы әрекет ету;
  • экспортты ынталандыру және импортты алмастыратын өндiрiсiтi көтермелеу;
  • шетел инвестициялырын тарту;
  • сауда саясаты мiндеттерiн шешу;
  • Қазақстан Республикасы Президентiнiң “Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы” Заң күшi бар жарлығына және тағы басқа заң актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы орталық мемлекеттiк үкiмет органдары анықтайтын басқа да мақсаттары.

Әр елдегi кедендiк қызметтiң ұйымдастырушылық құрылымы- елдiң экономикалық даму денгейiне, сыртқы экономикалық байланыстардың жан-жақтылығы мен ауқымына тәуелдi болады.

Кедендiк органдар жүйесiн Қазақстан Республикасы кеден комитетi басқарады. Ол атқарушы орталық орган болып табылады және кедендiк қызметке тiкелей жеткшiлiк етедi.

2 бөлім. Кеден төлемдерін төлеудегі кеден органдарын құқықтық реттеу және бақылау органдары ретiнде кеден қызметiн ұйымдастыру ерекшелiктерi

  1. Қазақстан Республикасы кеден органы қызметкерлерiнiң лауазымды иелерiнiң құқықтық мәртебелерi

Қазақстан Республикасындағы кедендiк саясатты жүзеге асырушы орган - қазақстандық кедендiк қызмет, ол Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1991 жылғы 12 желтоқсандағы “Қазақстан Республикасы Кеден комитетiн құру жөнiндегi” Жарлығы бойынша құрылған. Қазақстанның кеден органдары бiртұтас жүйенi құрайды, оның құрамына Орталық кеден орган, кедендiк комитет, сонымен бiрге кедендiк басқармалар, кедендер және кеден бекеттерi кiредi.

“Кедендiк iс жөнiндегi” Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кедендiк органдарға мыналар кiредi: Орталық кедендiк комитет, 19 кедендiк басқарма және еркiн экономикалық аймақта (“Атакент” -iскерлiк ынтымақтастық Орталығы және Хоргос) орналасқан 2 дербес кедендiк органдар Республикадағы кедендер мен кедендiк бекеттер саны 100-ден астам.

Кедендiк органдар жиынтығы қанадай негiздерге байланыстылығын мына екi фактордан атап өтейiк: функционалдық орталығы, кедендiк органдардың мақсаттары мен мiндеттерiнiң бiртұтастығы.

Екiншiден, кедендiк органдардың ұйымдық бiрлiгi осы органдар жүйесiнiң ұйымдық құрылымымен қамтамасыз етiледi. Ол қатаң иерархиямен және буындардың қатаң бағынуымен ерекшеленедi.

Орталық кеден органы кедендiк қызметтiң барлық мәселелерiмен айналысады. орталық органның маңыздылығына қарамастан, иститутционалдық құрылымның негiзiн құраушы элемент болып Кеден есептеледi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы кеден төлемдерiнiң экономикаық мазмұны
Қазақстан Республикасындағы кеден ісі
Қазақстан Республикасының Кеден қызметі: маңызы, мақсаты және міндеттері
Тауар мен көлік құралдарын рәсімдеу және кедендік бақылау механизмін жетілдіру жолдары
Тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеуін бақылау
Кеден органдарының кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау жүргізудегі ролі
Қазақстан Республикасының кеден саласын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының кедендік бақылаудың формалары мен принциптері
Алматы қаласы кедендік бақылау департаменті бойынша кедендік әкімшіліктендіру қызметін ұйымдастыру мен жетiлдiру тұжырымдамасы жинақталған тәжiрибенi жүйелеу
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz