Контрабанданың түрлері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Бөлім. Экономикалық контрабанда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 Контрабанда . экономикалық қызмет саласындағы қылмыс ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Экономикалық контрабанданың обьективтік және субъективтік жағы ... ... ..8

II Бөлім Контрабанданың түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2.1Экономикалық контрабанданың дәрежеленген түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..10
2.2 Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандысы ... ... ... ... ..13
2.3 Экономикалық контрабанданың іске асу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

III Бөлім. Контрабандаға қарсы күрес ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
3.1«Kazakhstan Today» агенттігінің ақпараты бойынша . Қазақстандағы «Экономикалық контрабанданың» нақты мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2 Контрабандаға қарсы күрес шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

Пән: Кеден ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Бөлім. Экономикалық
контрабанда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .4
1.1 Контрабанда - экономикалық қызмет саласындағы
қылмыс ... ... ... ... ... ... ..5 1.2 Экономикалық контрабанданың
обьективтік және
субъективтік
жағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..8
II Бөлім Контрабанданың
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ..9
2.1Экономикалық контрабанданың дәрежеленген
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.2 Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген

заттардың
контрабандысы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 13
2.3 Экономикалық контрабанданың іске асу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
III Бөлім. Контрабандаға қарсы
күрес ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .15
3.1Kazakhstan Today агенттігінің ақпараты бойынша - Қазақстандағы
Экономикалық контрабанданың нақты
мәліметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2 Контрабандаға қарсы күрес
шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..27

Кіріспе

Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай
немесе одан жасырын, не құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын
алдап пайдалану арқылы тауарларды немесе өзгеде заттарды осы Кодекстің 250-
бабында, көрсетілгендерін қоспағанда, не декларацияланбаумен немесе күмәнді
декларациялаумен ұштасқан кедендік шекарадан өткізуге тыйым салынған немесе
өткізу шектелген, кедендік шекара арқылы өткізудің арнайы ережелері
белгіленген тауарларды, заттар мен құндылылықтарды ірі мөлшерде өткізу —
Қылмыстық кодекстің 209-бабында көрсетілген экономикалық контрабандының
түсінігін береді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотынын, 1997 жылғы 18 шілдедегі №10
қаулысында "Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықтың заңдарын қолдану
жөніндегі тәжірибелер туралы" Қаулысында осы мәселеге терең талдау
берілген.
Осы курстық жұмыста Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 209-
бабын, 250-бабтарына толық тоқталып, терең зертеп экономикалық
контрабанданың түрлеріне тоқталдық. Сонымен бірге Қазақстанда белең алған
Экономикалық контрабандалардан нақты мәліметтер келтіріп контрабандаға
қарсы күрес жолдарын ұсынылды.
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже
белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу
қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы
Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және
оның тәртібі туралы қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік
және қоғамдық кұрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты,
нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ
порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және
басқа тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу
салынған заттар тізбесі сол қаулының №6. тіркемесінде берілген. Оған
ғылыми, көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі
затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық кұралдар, байланыс
кұралдары және жоғары жиілікті кұрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды
тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық
қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік кұралдары және басқалар кірген.

I Бөлім. Экономикалық контрабанда
1.1 КОНТРАБАНДА - экономикалық қызмет саласындағы қылмыс

Контрабанда кедендік бақылауға байқатпау, не жасыру немесе кедендік
сәйкестендіру құжаттарын не құралдарын алдамшылықпен пайдалану, не болмаса
жарияламау, жалған жариялау арқылы мынадай нәрселерді: есірткілерді,
психиканы қоздыратын, уыты күшті, улы, радиоактивті және жарылғыш заттарды,
қару-жарақты, әскери техниканы, жарғыш кұрылғыларды, мылтықтар мен оқ-
дәріні жаппай қырып жоятын қару түрлерін, осындай қаруларды жасау үшін
материалдарды, сондай-ақ арнаулы заңмен тиым салынған тауарларды, құнды
заттарды, т.б. мүліктерді республиканың кедендік шекарасынан өткізу әрекеті
түрінде көрініс табады. Мұндай қылмыстар адамға қолданылатын жаза түрлері
мен мерзімдері Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінде (209, 210 және
250-баптарда) көзделген.
Итальянша сопtга - қарсы+bаnдо - үкімет өкімі деген сөзден шыққан бұл
термин ағ.- smuggling; фр. - сопtrebande; нем. - 1. (қызмет) Schmuggel
Копtrebande 2. (тауарлар) Schmuggelware, Копtrebande; түр. - 1. (қызмет)
gumruk kacakgiligi;; 2. (тауарлар) Каcак таl, каcак еsуа деп аталады.
Контрабанда, ең алдымен, мемлекеттің экономикалық мүддесіне нұқсан
келтіреді, себебі, біріншіден — әкелінетін және шығарылатын тауарларға
белгіленген алымдар мемлекеттік бюджетке түспейді.
Екіншіден, елдің экономикасы үшін өте қажетті болғандықтан сыртқа
шығаруға тыйым салынған тауарлар (стратегиялык мақсаттағы шикізат)
әкетіледі.
Контрабанданың негізгі тікелей объектісі — мемлекеттің қаржылық
қызметі.
Қосымша объектісі — Қазақстан Республикасының кедеңдік шекарасын кесіп өту
ережесі.
Контрабанданың затына және субъектісіне байланысты оның факулътативтік
объектілеріне қоғамдық Қауіпсіздік, мемлекеттік органдардың қызметі,
Қазақстан Республикасының саяси мүддесі, Қазақстан халқының денсаулығы
тарихи-мәдени мұралары, қоғамның моральдық бастауы жатады.
Бұл қылмыстық заттары — тауарлар мен басқадай заттар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан
Республикасындағы кеден ісі туралы заң күші бар Жарлығының 18-бабынын 18
бөлігіне сәйкес тауар дегеніміз — материалдық дүниенің кез келген
материалдық заты, оның ішінде валюта, валюталық құндылық, қуаттың электр,
жылу немесе басқа түрлері және осы баптың 21 бөлігінде керсетілген көлік
құралдарынан басқа көлік құралдары, ал осы баптың 21 бөлігінде сәйкес көлік
құралдарына халықаралық тасымалдау және тауарлар үшін пайдаланылатын кез
келген кұрал, оған контейнер мен басқа да көліктік кұрал-жабдықтар жатады.
Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы алып өту үшін арнаулы ереже
белгіленген, кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу
қойылған заттар мен құндылықтар да бұл қылмыстың заты бола алады.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесі
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 19 ақпандағы
Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы алып өтуді декларациялау және
оның тәртібі туралы қаулысының №5 тіркемесінде берілген. Оған мемлекеттік
және қоғамдық кұрылысты күйретуге бағытталған, соғысты, террорды, зорлықты,
нәсілшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ
порнографиялық мазмұндағы материалдар, өнер туындылары, көне заттар және
басқа тарихи, ғылыми немесе мәдени құндылығы бар заттар кірген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы алып өтуге шектеу
салынған заттар тізбесі сол қаулының №6. тіркемесінде берілген. Оған
ғылыми, көркемдік, тарихи немесе мәдени құндылығы бар заттар, есірткі
затына жатпайтын дәрі-дәрмектер, радиоэлектрондық кұралдар, байланыс
кұралдары және жоғары жиілікті кұрылғылар, жарқырауық тастардың (құнды
тастардан басқа), коллекциялық және сирек минералдардың, палеонтологиялық
қалдықтардың үлгілері, авто-мото көлік кұралдары және басқалар кірген.

1.2 Контрабандалық қылмыстың объективтік және субъективтік жағы.

Контрабандалық қылмыстың объективтік жағы — осы Кодекстің 250-бабында
көрсетілгендерден басқа тауарларды және басқа заттарды ірі мөлшерде
кедендік шекара арқылы алып өтуге бағытталған келесі кестедегі белсенді
әрекеттермен сипатталады:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, 1997 жылғы 18 шілдедегі №10
қаулысында "Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылықтың заңдарын қолдану
жөніндегі тәжірибелер туралы" Қаулысында осы мәселеге терең талдау
берілген.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан кеден бақылауын жанай
немесе одан жасырын түрде өтуге (әртүрлі тәсілдерді қолданып заттарды
жасырын өткізу, кеден шекарасын сырт айналып кету, бір затқа екінші бір
затты қосып ізін жасыру т.б.) жатады.
Құжаттарды немесе кедендік тендестіру құралдарын алдап пайдалануға
кеден органдарына әртүрлі жалған құжаттар немесе теңдестіру құралдарын
көрсету, көрінеу жалған құжаттарды қолдан жасау арқылы кеден шекарасынан
өтуге тырысу немесе заңсыз жолмен алынған құжаттар мен тендестіру
құралдарын алдап пайдалануға тырысулар жатады.
Жоғарыда аталған Жарлықтың 18-бабының 9 бөлігіне сәйкес Қазақстан
Республикасының кедендік шеқарасы арқылы алып өту дегеніміз — тауарларды
және көлік құралдарын кез келген тәсілмен Қазақстан Республикасының
кедендік аумағына алып кірумен немесе сол аймақтан алып шығумен байланысты
әрекет жасау, оған халықаралық жіберулер мен өткізу құбырмен тасымалдау
көлігін және электр жүйесін пайдалану да кіреді. Көрсетілген әрекеттерге
мыналар жатады: Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды және
көлік кұралдарын алып кіру, онын ішінде, еркін кедендік қоймалардың
аумағына Қазақстан Республикасының кедендік аумағының қалған бөлігіне алып
кіру — Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын іс жүзінде кесіп өту;
басқа жағдайларда — Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жаққа,
не еркін кедендік зоналар аумағына, немесе еркін қоймаларға тауарлар мен
көлік құрадарын алып шығу ниетін жүзеге асыруға тікелей бағытталған
әрекеттер жасау, атап айтқанда — кедендік декларация беру.
Сонымен, тауарларды немесе басқа заттарды алып кіргенде Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасы іс жүзінде кесіп өтіледі, ал алып
шыққанда — кедендік декларация беріледі, Сондықтан да, Қазақстан
Республикасының кедендік аумағына алып кіргенде, оның ішінде еркін кедендік
зоналар аумағы мен еркін қоймалардан кедендік аумақтың, басқа бөлігіне алып
кіргенде тауарлар мен басқа заттардың кедендік шекараны іс жүзінде кесіп
өткен кезінен бастап, ал тауарларды кедендік аймақтан алып шыкқанда, сондай-
ақ оларды Қазақстан Республикасы кедендік аумағының қалған бөлігінен еркін
кедендік зоналар аумағына және еркін қоймаларға алып кіргенде — кедендік
декларация берген кезден бастап контрабанда аяқталған қылмыс болып
саналады.
Алып өту мына тәсілдердің біреуі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылауды айналып өту;
2) кедендік бакылаудан жасыру;
3) кедендік ұқсастыру кұжаттарын немесе кұралдарын алдап пайдалану;
4) декларация жасамау;
5) кедендік шекара арқылы алып өтуге тыйым салынған немесе шектеу
салынған заттар мен құндылықтарды жалған декларациялау.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының Контрабанда үшін
қылмыстық жауапкершілік туралы заңдарды қолдану практикасы туралы
қаулысының 5 бөлігіне сәйкес, контрабанда жасаудың жоғарыдағы бірінші
тәсілінде — контрабанда заттарын кеден бекеттерін, өткізу пункттерін және
кедендік рәсімдеу жүргізу үшін Қазақстан Республикасының зандарымен және
кеден органдарымен белгіленген басқа орындарды айналып өтіп немесе рәсімдеу
жүргізетін уақыттан басқа кезде жібереді немесе алып өтеді. Қазақстан
Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы
заң күші бар Жарлығының 25 бабына сәйкес. Қазақстан Республикасының кеден
органдары белгілеген жерлерден және олардың Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жұмыс істеу уақытында ғана тауарлар мен көлік құралдарының
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өтуіне жол беріледі.
Басқа жерлерден және Қазақстан Республикасы кеден органдарының
жұмысынан тыс уақытта тауарлар мен көлік құралдары Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасын тек Қазақстан Республикасы кеден
органдарының рұқсатымен ғана кесіп өте алады.
Контрабанда жасаудың екінші тәсілі — тауарларды немесе өзге құнды-
лықтар мен заттарды жасыру, оларды құпия жерге тығу немесе табуды
қиындататын басқа әдістер қолдану немесе затқа басқа заттың түрін беру.
Заттарды кеден бақылауынан жасырып қалу үшін қолданылатын айланың түрі
көп. Заттарды, мысалы, киімге, аяқ киімге, бас киімге, қобдиша түбіне,
таяқ, шатыр саптарына, тағам ішіне тығады.
Контрабанданың үшінші тәсілде кеден органдарына, сондай-ақ шекара
бақылауын жүзеге асыратын адамдарға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған,
жалған, сондай-ақ жалған мәліметтер кірген кұжаттар ұсынады, жасанды
мөрлер, мөртабандар, пломбалар, кедендік ұқсастырудың басқа да сондай
кұралдарын пайдаланады немесе басқа объектілерге жататын шын ұқсастыру
құралдарын ұсынады.
Бұл тәсіл контрабанданың ең көп таралған және қауіпті түрлерінің бірі,
себебі — құжаттарды алдамшы жолмен қолдану арқылы шетелге әртүрлі құнды
шикізат пен матералдарды, куат көздерін (мұнай, бензин. мазут), т.б. көптеп
алып кетуге мүмкіндік туады. Мұндай ірі масштабты операциялардан мемлекет
ондаған, жүздеген мың доллар зиян шегеді.
Контрабанданы осы тәсілмен жасағанда айыптының әрекетін кұжаттарды
бұрмалағандығы немесе қолдан жасағандығы үшін қосымша саралаудың
қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың осы тәсілінің
міндетті нышандары болып табылады.
Контрабанда жасаудың. төртінші және бесінші тәсілдерінде алып өтуге тыйым
салынған немесе шек қойылған не айналымнан алынған немесе басқа құндылықтар
мен заттарға қатысты, заңда белгіленген ережелерге сай кедендік декларация
беру міндетін орындамайды немесе дұрыс орындамайды.
Контрабанда жасағанда затты кеден шекарасы арқылы алып өтеді.
Жарлықтың З-бабының 4 бөлігіне сәйкес республиканың кедендік аумағының
іші, сондай-ақ еркін кедендік зоналар мен еркін қоймалардың параметрлері
кедендік шекара болып табылады.
Айыптының әрекетін осы бап бойынша саралау үшін тауарлар немесе басқа
заттар ірі мөлшерде өтуі тиіс. Осы бапқа берілген ескертуге сәйкес, егер
тауарлардың құны бір мың айлық есептік керсеткіштен асса, контрабанда ірі
мөлшерде жасалған деп танылады.
Бұл қылмыстың субъективтік жағы — тіке ниет түріндегі кінә. Айыпты адам
тиісті тауарларды немесе басқа заттарды кедендік шекара арқылы ірі мөлшерде
өткізіп отырғанын түйсінеді, осы іс-әрекетті жасағанды қалайды. Тауарлар
мен басқа заттарды алып өтудің балама тәсілдерінің кемінде біреуін адам
ойластыруы қажет.
Бұл бапты қалыптастырғанда жаза тағайындау кезінде ескерілуі мүмкін
себеппен мақсат қалып қойған. Контрабаңда жасаудағы мақсат, әдетте, пайда
табу, ол жазаны жекелеу принципін жүзеге асыру кезінде сот практикасында
ескеріледі.
Қылмыс субъектісі — жасы 16-ға толған, есі дұрыс адам.Осы баптың 2
бөлігіне сәйкес контрабанданың сараланған нышандарына контрабанданы бірнеше
рет жасау, өз қызмет бабын пайдаланып лауазымы адамның жасауы, кеден
бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану жатады.
Контрабанда бірнеше рет жасалынды деп саналады, егер ол екі немесе одан
көп рет жасалынса. Бұл жағдайда контрабанда үшін бұрынғы соттылығының
алынбағаны немесе жойылмағаны, не бұрын жасаған контрабандасы үшін адамның
кылмыстық жауаптылықтан босатылмағаны анықталуға тиіс.

II Бөлім Контрабанданың түрлері
2.1Экономикалық контрабанданың дәрежеленген түрлері.

Өз қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған лауазымды адамға
қызметтік борышы бойынша кеден немесе шекара бақылауын, Қазақстан
Республикасының мемлекеттік немесе кедендік шекарасы арқылы өтетін
тауарларды немесе басқа кұндылықтар мен заттарды қарауды жүзеге асыратын
және шекараны кесіп өтуге рұқсат беретін адам жатады.
Өз қызмет бабын таңдалынып осындай адамдар жасаған контрабанда
лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық заңның баптары бойынша қосымша
саралауды талап етпейді.
Қызмет бабын пайдаланып контрабанда жасаған өзге лауазымды адамдар
жалпы негізде жауапқа тартылады, яғни лауазымдық қылмыстар туралы қылмыстық
заң нормаларын қолдану көзделген қылмыстардың жиынтығы бойынша және осы
саралаушы нышанға сілтемесіз КК-тің контрабанда туралы бабының тиісті
бөлігімен жауапқа тартылады (КР Жоғарғы Сот Пленумы қаулысының 9 тармағы).
Контрабанданы кеден бақылауын жүргізуші адамға күш қолдану арқылы
жасау дегеніміз — күш қолдану немесе психикалық қысым жасау. Күш колдануға
ұрып-соғу, денсаулығына әр дәрежеде (жеңіл, орташа немесе ауыр) залал
келтіру, т.б. жатады. Егер кеден бақылауын жүргізетін адамды өлтірсе, онда
бұл әрекет ҚК-тің 206 және 96-баптарынын жиынтығы бойынша саралануға тиіс.
Психикалық қысым жасағанда денсаулыққа зақым келтіремін немесе
өлтіремін деп қорқытады.
Контрабанданың ерекше сараланған нышаны, осы баптың 3 бөлігіне сәйкес,
контрабанданы ұйымдасқан топтың яғни контрабанда жасау үшін алдын ала
бірлескен тұрақты бір топ адамның жасауы (ҚР Жоғарғы Соты Пленумы
қаулысының тармағы).

2.2 Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың
контрабандысы.
1. Кедендік бақылаудан тыс немесе жасырын жасалған не құжаттарды немесе
кедендік тексертіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не есірткі заттарды,
жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш, радиоактивті
немесе жарылғыш заттарды, қару-жарақты, әскери техниканы, жарылғыш
құрылғыларды, атыс қаруы мен оқ-дәрілерді, жаппай қырып-жоятын қарудың
химиялық, биологиялық және басқа да түрлерін, жаппай қырып-жою қаруларын
жасау үшін пайдаланылуы мүмкін материалдар мен жабдықтарды декларацияламай
немесе жалған декларациялаумен ұштастыра мемлекеттің кеден шекарасы арқылы
өткізу - мүлкі тәркіленіп, не иесі онсыз бес жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
Айналыстан алынған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың
контрабандасының дәрежеленген түрлерін келесі кестеден көруге болады

2. Дәл сол әрекет:
а) бірнеше рет;
б) лауазымды адам өз қызмет бабын пайдалана отырып;
в) кеден бақылауын жүзеге асырушы адамға күш қолдана отырып жасалса -
мүлкі тәркіленіп немесе онсыз екі жылдан сегіз жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады.
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, ұйымдасқан
топ жасаған әрекеттер -мүлкі тәркіленіп, жеті жылдан он бес жылға
дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.
Экономикалық контрабандының тікелей объектісі кеден шекарасынан
өткізілетін тауарлар мен өзге заттарды (Кодекстің 205-бабында
көрсетілгендерді қоспағанда) реттейтін қоғамдық қатынастар.
Қылмыстың объектісі - айналыстан алынған заттардың айналысы аясын-
дағы қоғамдық қауіпсіздік.
Есірткі заттары, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін, улы, уландырғыш,
радиоактивті немесе жарылғыш заттар, қару-жарақ, әскери техника, жару
құрылғылары, атыс қаруы мен оқ-дәрілер, жаппай қырып-жоятын қарудың
ядролық, химиялық, биологиялық және басқа түрлері, жаппай қырып-жою
қаруларын жасау үшін пайдалануы мүмкін материалдар мен жабдықтар
қарастырылушы қылмыстың заты болып табылады.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес бақылауға жататын есірткілік
заттар мен жүйкеге әсер ететін заттар және курсорлардың тізіміне
кіргізілген
синтетикалық немесе табиғи текті заттар есірткілік заттар және жүйкеге әсер
ететін заттар деп танылады.
Қатты әсер ететін және улы заттардың да тізімі Қазақстан Республикасын-
да бақылануы тиіс уландырғыш заттар тізімінде ерекше тәртіппен көрсетілген.
Уландырғыш заттардың қатарына адамның орталық нерв жүйесіне немесе
тыныс мүшелеріне әсер етіп, олардың зақымдануын тудыратын өте улы, химия-
лық реагенттер мен олардың қосындылары жатады.
Уландырғыш заттар:
а) жүйкені жансыздандырушы;
б)жалпы улы;
в) теріні іріңдетуші;
г) тұншықтырғыш;
д) тітіркендіруші болып бөлінеді.
ҚР Атом энергиясын пайдалану туралы Заңының 1-бабына сәйкес,
радиоактивті материалдар қатарына ядролық материалдар, яғни бөлінетін
(ажыратылған) ядролық заттардан тұратын немесе оларды жаңадан жасап
шығараалатын материалдар, яғни ядролары өздігімен ыдырай алатын химиялық
элементтерден тұратын материалдар, радиоактивті шығындар жатады.
Жарылғыш заттар - оқ-дәрі, тротил, нитроглицерин, аммонол және жа-
рылғыш реакцияларына қабілеті бар химиялық заттар мен олардың қоспасы.
Қару-жараққа әскери міндеті бар өнімдердің әр түрлі түрлері жатады: жат-
тығу құралдары, байланыс құралдары, навигациялық приборлар, радиолакатор-
лар, қорғаныс құралдары.
9. Әскери техника - бұл қарулы күштердің әскери дайындығы мен әскери
әрекеттер жүргізуді қамтамасыз ету үшін қолданылатын техника (ұшақтар,
танкілер, бронетранспортерлер, жаяу әскердің әскери машиналары, т. б.).
10. Жарылыс жасау үшін арналып құрастырылған заттар (механизмдер) жару
құрылғылары болып табылады (запал (тұтатқыш), детонатор, жарғыш, т. б.).
11. Оқ-дәрінің не басқа зарядтың энергиясының әсері нәтижесінде гранат, сна-

ряд, оқ ствол бойымен атып шығатын қару - атыс қаруы деп аталады.
12. Оқ-дәрі - құрылысы бойынша қарудың өзіне тиісті түрінен ату үшін ар-
налған және көздегенін зақымдайтын зат немесе құрылым.
Ядролық қару қарсылас жақтың қол күші мен техникасын жаппай қыру мақ-саты
үшін ғана арналған ядролық оқ-дәрілер, оларды межеге жеткізу құралдары мен
басқару құралдары. Ядролық жарылыс кезінде қырып-жоюшы әсер оның соққы
беретін толқындарынан, жарығымен сәулеленуден, жайылып кететін
радиациясынан, радиоактивті зақымдануынан тарайды.
Жаппай қырып-жоюшы химиялық қаруға қарсылас жақтың қол күшін жаппай қырып-
жою үшін ғана әдейі жасап шығарылып, оларды сақтау, жеткізу, пайдалану
құралына орналастырылған аса улы химиялық құрылымдар жатады.
Ал, адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің жаппай ауруын тарату үшін
арналған бактериологиялық құралдардың жиынтығы биологиялық қырып-жою
құралдарына жатады.
Жаппай қырып-жою құралдарын жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін мате-
риалдар мен құралдар - бұлар жаппай қырып-жою қаруларын жасап-шығару
кезінде пайдаланылуы мүмкін шикізат, лабораториялық және өндірістік
жабдықтар, технологиялар.
13. Қарастырылушы қылмыстың объективті жағы айналыстан алынған зат-
тардан немесе айналысы шектелген заттарды кедендік бақылаудан тыс немесе
жасырын, құжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана
отырып немесе оларды декларацияламай не жалған декларациялаумен ұштас-
тыра мемлекеттік кеден шекарасы арқылы өткізумен байланысты.
14. Өткізу деп Қазақстан Республикасының кеден шекарасын іс жүзінде кесіп
өтуді айтамыз. Ол төмендегідей жолдардың бірі арқылы жасалуы мүмкін:
1) кедендік бақылаудан тыс;
2) кедендік бақылаудан жасырын;
3) қүжаттарды немесе кедендік теңдестіру құралдарын алдап пайдалана
отырып;
4)айналыстан алынған немесе айналысы шектелген заттардың
декларацияланбауы немесе жалған декларациялануы.

2.3 Экономикалық контрабанданың іске асу жолдары.
Контрабанда жасаудың алғашқы жолы, ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1997
жылғы 18 шілдеде қабылданған Контрабанда үшін қылмыстық жауаптылық туралы
заңды қолдану тәжірибесі туралы қаулысына сәйкес, контрабандалық заттарды
кеден бекеттерінен, өткізу нүктелерінен және кедендік дайындауды жүргізу
үшін ҚР кеден органдары мен заң арқылы белгіленген өзге жерлерден тыс
немесе кеден жұмысы үшін белгіленген уақыттан тыс мерзімде жөнелтуден
немесе алып өтуден тұрады.
Контрабанданың екінші жолы заттарды алып өту кезінде құпия орындарды
немесе іздеп-табуды қиындата түсетін басқа тәсілдерді пайдаланудан немесе
бір затты екінші заттың түріне келтіруден тұрады.
Кедендік бақылаудан заттарды жасырып қалу үшін түлғалар неше түрлі айла-
ларды қолданып бағады. Заттар, мысалы: киімге, аяқ киімге, бас киімге,
сөмкенің астарының астына, чемоданның қосарланған түбіне жасырылуы мүмкін.
Үшінші әдіс бойынша кеден органдарына, сол сияқты шекаралық бақылау
жүргізуші тұлғаларға жарамсыз, заңсыз жолмен алынған, сонымен қатар, жалған
мәліметтерден тұратын құжаттар ұсынылуы, қолдан жасалған мөрлер, пломбылар,
штамптар не кедендік теңдестірудің өзге құралдары пайдаланылуы немесе шын
теңестіру құралы ұсынылып, бірақ ол бөтен объектілерге қатысты болуы
мүмкін.
Бұл әдіс арқылы контрабанда жасау кезінде айыптының әрекеттерін құжат-
тардың қолдан жасалғандығы немесе жалғандығы үшін қосымша бағалаудың
қажеттілігі жоқ, себебі бұл әрекеттер контрабанда жасаудың аталған
тәсілінің міңдетті белгілері болып табылады.
Контрабанда жасаудың төртінші және бесінші тәсілдері айналыстан алынған
немесе өткізуге тыйым салынған не шек қойылған заттарға қатысты заңның
белгіленген ережелеріне сәйкес кедендік декларация ұсыну міндетін
орындамаудан не тиісті дәрежеде орындамаудан тұрады.
Контрабанда жасау кезінде өткізу кеден шекарасы арқылы жүзеге асырылады.
Субъективті жақ тікелей ниетпен сипатталады. Тұлға кеден шекарасы арқылы
айналыстан немесе айналысы шектелген заттарды заңсыз өткізетіндігін біледі
Бұл қылмыстың субъектісі - 16 жасқа толған тұлға.
Осы баптың 2-бөліміне сәйкес контрабанданың бірнеше рет жасалуы,
яғни осы бапта не оның бөлімдерінде көзделген әрекеттердің бір не одан да
көп рет жасалуы контрабанданы бағалаушы белгілер болып табылады.

III Бөлім. Контрабандаға қарсы күрес.

3.1Kazakhstan Today агенттігінің ақпараты бойынша - Қазақстандағы
Экономикалық контрабанданың нақты мәліметтері.
Kazakhstan Today. Ақтөбе облысында экономикалық контрабандаға қатысы бар
деп айыпталғандардың пайдасына жалған куәгерлік жасаған еркек сотталды. Бұл
туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Ақтөбе облысының
экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес департаментінен хабарлады.
.
Қаржы полициясынан хабарлағандай, Ақтөбе ауданының тұрғыны "өзінің
достарына көмек көрсету мақсатында" сотта жалған куәгерлік жасаған.
"Берілген мәліметтер экономикалық контрабандаға айыпталып отырған екі
адамға қатысты істі шешуде маңызды мәнге ие болған. Олар кеден арқылы 1,3
млн теңгенің тауарын заңсыз әкелген",- деп атап өтті қаржы
полициясындағылар Қазақстан Республикасындағы қылмыстың өсу жағдайында
қоғамға азаматтарға аса зор материялдық нұқсан келтіретін экономикалық
қылмыстардың қауіптілігі ерекше .Кең мағынасында экономикалық қылмыстарға
контрабанда жалған ақшаларды немесе бағалы қағаздарды дайындап сату волюта
операцияларының ережелерін бұзу , мемлекеттік және қоғамдық мүліктерді
ұрлау, парақорлық және т.б. жатады.
Алайда нарықтық экономикалық жағдайында тікелей экономика аясында жасалатын
, сауда ережесін бұзу , сапасыз өнімдерді і сату, жалған кәсіпкерлік ,
монополияға қарсы заңдарды бұзу және т. б қылмыстардың қоғамдық қауіпі зор.

Экономика аясындағы қылмыстардың обьектісіне нарықтық экономика
жағдайларында , Қазақстан Республикасы саудасының қоғам мен азаматтардың
мүдделері жағдайларында қалыптасатын қоғамдық қатынастар.
Экономика аясындағы қылмыстардың обьективтік жағы қасақана , заңға қайшы
белсенді әрекеттер мен сиппаталады .
Экономика аясында қылмыстардың субьектісі мемлекеттік кәсіп орындарда ,
мекемелерде және ұйымдарда экономикалық , шаруашылық міндеттерді атқаратын
, сондай- жеке кәсіпорындарда істейтін 16 жасқа толған азаматтар болып
табылады.Экономикалық қылмыстардың субьективтік жағы қасақана сипатта
жасалады.Олардың қылмыстарының себебі- материялдық мүделілік. Олар өз
игіліктерін қоғамның, азаматтардың мүдделеріне зия келтіру есебінене пайда
тауып , жасайды. Экономикалық заңдар саласындағы қылмыстар дың қазіргі
кезеңде көп орын алған олардың түрлері де қылмыс саласында алып отырған
орны ауқымды десек қателеспеймі себеббі бұл қылмыстар басқа қалмыстарға
қарағанда яғни адам мен азаматтарға қарсы қылмыстардан кейі келтірер
зардабы жоғары және түрлері де көп бұл қылмыстар тікелей қасақаналық пен
жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ғасырлар тоғысында тәуелсіздік туын берік
қадап, өз алдына егемен ел атанған Қазақстан мемлекетінің даму бағытын
басқаша саралап, жаңаша жолға түскеніне де он жылдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық контрабанда
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы
Контрабанданы үшін қылмыстық жауаптылық
Экономикалық контрабанда қылмыстарының объектісі
Қылмыстың заттары - тауарлармен басқадай заттар
Экономикалық қылмыстылықтың өте жасырындылығы
Контрабанданың түсінігі, түрлері
Экономикалық контрабанданың түсінігі
Контрабанда
Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Пәндер