Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрі


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ:

Кіріспе . . . 3

І бөлім. Әріп Тәңірбергеновтың өмірі мен шығармашылық жолы . . . 6

1. 1 Әріп поэзиясының көркемдік ерекшеліктері . . . 12

1. 2 Әріптің ағартушылық бағытта жазған өлеңдері . . . 17

ІI бөлім. Әріп - Абай поэзиясындағы көркемдік үндестіктер . . . 22

2. 1 Ә. Тәңірбергеновтің қисса-дастандарындағы Абай дәстүрі . . . 29

2. 2 Әріп айтыскерлігіндегі Абай өнегесі . . . 30

Қорытынды . . . 48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 51


КІРІСПЕ

Әріп Тәңірбергенов ақындығы, ғұламалығы жөнінде кенжелеп алсақ та, қазір ол туралы айтылып та, жазылып та жүр, бұл жағынан жұртшылыққа біршама танымал деп айтуымызға әбден болады. Жан-жақты білімді, көп оқыған кемел ақын Әріп Тәңірбергенов артына мол мұра қалдырды. Өкінішке орай, олар Қасым ақын айтқандай, «арбасқан алақұйын заманалардың» салдарынан бізге толық жетіп отырған жоқ /1, 18/. Мұны зерттеуші Қ. Мұхамедханұлы да қадап айтады. Оқырман қауым Әріп өлеңдерімен алғаш рет 1969 жылы «Жазушы» баспасынан «Ұмытпаңыздар мені» деген атпен шыққан шағын жинағы арқылы хабардар болса, екінші рет 1995 жылы Қайымның «Абайдың ақын шәкірттері» атты зерттеу еңбегі жарық көргеннен кейін ғана кеңірек танысуға толық мүмкіндік алды /1, 23/.

Өйткені ол ақ патша өкімдерінің әңгір таяғымен азап шеккен қазақ ауылының тіршілік-тынысы ғана емес, оның экономикалық, саяси-әлеуметтік проблемаларын да жақсы білді. Халықтың зорлық-зомбылықтан, озбырлық-заңсыздықтан күйзелген шаруашылығын, титықтаған тұрмысын, аянышты ахуалын да көрді, оның неліктен бұлай болып отырғанын әшкерелеп, оны жөндеу жөнінде өз ой-пікірлерін, өз байлауын ортаға салды. Сондықтан да оқырман қауым оның үніне үнемі құлақ түріп отырды /2, 65/.

Әріп ақын қазақ елінің мәдениеті мешеу, тарихы белгісіз «бұратана» ел атануына намыстана қарады. Әсіресе, қазан төңкерісі алдындағы «қазақ халқын тарихқа кірмейтін жабайы халық» деп есептеген шовинистік пиғылдағы пікірлер де намысына тиді. Ол оның халқымыз, ел-жер тарихын білмегендіктен екенін аңғарды. Ұлы ұстазы Абайдың дүниетанымы мен көмегі оған халқымыздың тарихы мен мәдениетін зерделеп оқуға жөн сілтеді. Әріп өзге халықтардың ғылым, біліміне кітап арқылы саяхат жасап білім іздейді. Ол арабша, парсыша, орысша, қытайша, түркі халықтарының тілінде жазылған трактаттарды, діни кітаптарды оқи білді. Өткен тарихымызға деген қызығушылық, орыстың ғылыми еңбектері ғана емес, әлем әдебиеті мен ғылымына жетеледі. Халық ауыз әдебиетінің қайнарынан мол сусындап, батыс-шығыс елдерінің әдебиеті мен мәдениеті мен мұндалап тартты. Елінің тарихы және мәдени мұраларына деген сүйіспеншілігі өмірінің соңғы сағатына дейін сақталды /3, 54/.

Жұмыс тақырыбының өзектілігі.

Әріп шығармашылығындағы жанр ерекшелігі сан алуан. Оның шығармаларындағы дүниетаным, көзқарас - сол заманның келбетін сипаттайтын, ел тарихы мен дәстүріне терең үңіле, айшықты жазылған, бірде эстетикалық, бірде діни-философиялық және этнотарихи, қоғамдық пікір-таласқа қызу араласатын сан алуан тақырыпты қамтып, мұның өзі сан алуан ғылым саласына қосар үлесі бар бай қазына десе де болады.

Әріптің ақын ретінде өзіндік қолтаңбасын қалыптастыруы, сөйтіп классикалық үлгідегі шығармалар жазуы тікелей ұлы ұстазының шығармашылық ықпалында жүріп жатты. Ұлы мектептің өнегесі оны шеберлік биігіне алып шықты. Бұған Әріптің өз бойындағы ақындық талантты, терең парасатты қосар болсақ, оның өз шығармалары арқылы «Әр дәуір поэзияға өз міндетін жүктеп отырады. Сол міндет, талаптарға орай ақындар да жаңарып, ізденіп отыруы шарт» деген биік талапқа барынша толымды жауап бергенін аңғарар едік /3, 19/.

Әріп Тәңірбергенов қаламынан туған «Зияда - Шаһмұрат», «Қисса Баһрам», «Қисса Қожа Ғафан» дастандарының қай - қайсысы да шығыс жұртында ертерек заманда болып өткен оқиғаларды арқау еткен. Кейіпкерлері - тарихта болған адамдар, жер - су атаулары да нақты. Алайда оған қарап бұл поэмаларды тарихи шығармалар қатарына жатқызуға болмайды. Ақын өзінің идеясын, ақындық нысанасын алып шығу барысында тарихи дәлдікті, нақты деректерді дастандарында көркемдік деталь ретінде пайдаланады.

Қазақ әдебиеті тарихында ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы өкілдерінің қатарынан орын алып келгенімен, Абайдың талантты шәкірті ретінде танылуы бертінге дейін көлегейленіп келген Әріп Тәңірбергенов тұлғасын жаңа тұрғыдан танып, ақын мұрасының зерттелу ауқымын кемелдендіре түсудің кезі келгендей. Көптеген кедергілерге қарамастан Әріп ақын мұрасы жарық көрді. Енді Әріп Тәңірбергенов қалдырған мол мұраның идеялық мазмұн байлығы, тақырыптық ауқымы, жанр молдығы, стильдік өзгешеліктері, тілдік шеберлігі, басқа да толып жатқан сыр-сипаттары, сан алуан қырлары дәйекті зерттеулер кезі келді. Бұрмаланған ойлар қалыпқа келтіріліп, әдейі өзгертілген сөздер түпнұсқасымен салыстырылып қарастыруда маман пікірлері мен толғақты мәселелер түйінін шешу міндетті. Сондықтан да Әріптің бай мұрасын зерттеу өзекті болса, ғылыми салаларда таптырмас бағалы дәйек, құнды мәлімет.

Зерттеу деңгейі.

Әріп Тәңірбергеновтың өзгеше бітімін, биік мақсатын, ақыл-ой тереңдігін, толғандырар тұжырым ауқымының кеңдігін алғаш танып, қадірлегендердің бірі ұлы Абай мұрасына ғұмырын арнаған Мұхтар Әуезов болды.

Әріп ақынның өмірі мен мұрасын ғылыми негізде зерттеуге классик жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің жазғандары бағыт берері хақ. Кезінде «қоғамға жат» саналып, жарыққа шықпай қалған «Көкбайдың ақындығы» деген мақаласында Тәңірбергенов турасында алғаш боп мынандай пікір білдіреді: «Абай мектебінің ақындарын айтқанда сол «Абай шәкірті» деген атаққа лайығы бар бір топ ақындар жайын әзірше жазғамыз жоқ. Бұл қатарда алдымен аталатын Әріп ақын мен Әсет сияқты әдебиет, көркемөнер қайраткерлері бар екені даусыз . . . Бұл жерде мысалы - Әріптің Көкбайға ұқсаған және одан гөрі де молырақ, таланттырақ шығармалар тудырған бағалы еңбектері бар екенін білеміз. »/4, 46/, - дейді. Әріптің ақындық қуатын алғаш танып, ақын мұрасының кейінгі зерттелуіне тікелей қозғалу салған қысқа ғана ой ұшығының келешекте кеңейіп, ғылыми түрде өрістеуіне уақыт қыспағы ырық бермеді.

Осы арада біз Ә. Тәңірбергенов өмірі мен шығармашылығының әлі де жете зерттелмей, ғылыми тұрғыда өз орнын таппай келуінің бірнеше себептерін айта кетейік.

Біріншіден, абайтану мен Абайдың ақындық мектебін құртуға тырысқан сол уақыттың әдеби көзқарасы.

Екіншіден, ақынның социалистік қоғамға жат шығармалар жазуы (әсіресе, дүниетанымдық мәндегі поэзиясы) .

Үшіншіден, Әріптің төңкеріске дейінгі патша шенеуіктерімен бірге бірнеше жерде тілмаштық қызметте және болыстың хатшысы сияқты қоғамдық жұмыстар атқаруы, ол аз десеңіз төңкерістен кейін кеңес өкіметі тұсында «істі болған күдікті» өмірі.

Ең соңында, тіпті «Әріп Абайды ұстаз көрмеген, Абайға қарсы болған», - деп Абай мен Әріп арасындағы өнерге тән өлең қақтығыстарын өршіткен кереғар пікірлер еді/4, 22/.

Ғасыр аралығындағы әдебиет өкілдерінің бір тобы «діншіл, ескішіл» деген айдарға иеленіп келсе, ағартушы-демократтық бағыттағы екінші бір топ ақындарының өзі саяси идеология талғамына қарай тұрпайы сүзгіден өтіп, әдеби мұралары біржақты танылып келді. Кеңестік идеология стандартына сай өлең-жырлары аса дәріптеліп, ол талғамға келмейтін мұралары бүркемеленіп, реті келсе, сын тізіне алынып келген ақын - Ә. Тәңірбергенов болатын.

Ақын мұрасы жайында негізгі пікірлер төңкерістен кейін қарқын ала бастады. 1936 жылдың 11 қыркүйегіндегі «Социалистік Қазақстан» газетінде ақынның екі өлеңімен бірге 37-нің құрбаны болған Тұрлыхан Қасенұлының «Әріп ақын» атты мақаласы басылды. Бұл Тәңірбергенов мұрасына арналған алғашқы біртұтас еңбек еді. Араға аз уақыт салып бұл сарындас мақалалар кеңестік танымның таразысына тартылып, ызғарына шалынды.

Елуінші жылдары Әріп мұрасының зерттелу аясы ауқымдала түсті. Мұхтардың жетекшілігімен «Абайдың ақындық мектебі» концепциясы кең түрде зерттеліп, жүйелі қалыпқа енгізіліп, 1951 жылы Қ. Мұхамедхановтың «Абайдың ақындық мектебі туралы» /5, 35/ кандидаттық диссертациясы үлкен тартыспен қорғалғаны белгілі.

1969 жылы «Жазушы» баспасынан «Ұмытпаңыздар мені» деген атпен Ә. Тәңірбергеновтің тұңғыш жинағы жарық көрді. Алғысөзін Өмірзақ Есназаров жазды.

Әріп ақынның өмірін, шығармашылығын бүге-шігесіне дейін зерттеген ғалым Қ. Мұхамедханов 1995 жылы шыққан «Абайдың ақын шәкірттері» деген еңбегінің үшінші кітабында Әріп ақын туралы бірталай мәлімет береді.

Қ. Мұхамедханов былай дейді: «Мен Әріп ақынның шығармаларын жинап, зерттеу мәселесімен 1939 жылы шұғылдана бастаған едім. Сол кезде Шұғыбанмен таныстым. Әріп ақынның шығармаларын ең көп білетін адамның бірі де өз шәкірті Шұғыбан Қауметов еді /6, 19/».

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

Бітіру жұмысының негізгі мақсаты Абай дәстүрінің көркемдік идеясының, эстетикалық қуатының Ә. Тәңірбергенов поэзиясындағы алатын орнын анықтау болып табылады. Кезінде зерттеушілер арасында дау-дамай туғызған мәселенің бірі Абай мектебінің болуы. Осы Абай мектебінің көрнекті өкілі Әріп шығармаларындағы Абай өнегесі, оның мектебінің айқын көрінісі. Сонымен қатар Ә. Тәңірбергенов поэзиясында Абай дәстүрімен қатар өзіндік жаңалықтың тақырыптар қозғағанын ашу.

Ғылыми зерттеу әдістері:

Ә. Тәңірбергенов шығармаларының қазақ әдебиеті тарихында алатын орнын, маңызын және Абай дәстүрін зерттеуді салыстырмалы - салғастырмалы, жүйелі - комплексті әдістер басшылыққа алынды.

Тақырыптың ғылыми методологиялық негізі:

Еңбектің ғылыми және методологиялық негіздерін ұлттық әдебиет тарихы ғылымының жетекші өкілдері және әдебиеттану ғылымының ірі теоретиктерінің сын, зерттеу еңбектеріндегі ой пікірлер тұжырымдарын құрайды. Атап айтқанда: М. Әуезов, Қ. Мұхамедханов, С. Мұқанов, С. Қирабаев, Ө. Күмісбаев, М. Мағауин, С. Негимов, Ө. Есназаров, А. Нұрқатов, М. Мырзахметов еңбектері алынды.

Зерттеу обьектісі: Әріп Тәңірбергенов поэзиясындағы Абай дәстүрін зерттеу.

Зерттеудің теориялық практикалық маңызы:

Зерттеу жұмысының нәтижелерін, тұжырымдарын семинарларда, дәрістерде, арнайы курстарда әртүрлі деңгейлердегі баяндамаларда қолдануға болады.

Жұмыстың қысқаша құрылымы:

Бітіру жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, және қортындыдан тұрады, ал негізгі бөлімнің өзі екі тараудан тұрады, бірінші тарау - Әріп Тәңірбергеновтің өмірі мен шығармашылық жолы. Екінші тарау - Әріп - Абай поэзиясындағы көркемдік үндестіктер деп аталады.

І. Әріп Тәңірбергеновтың өмірі мен шығармашылық жолы

1. 1 Әріп поэзиясының көркемдік ерекшеліктері

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихында қазақтан шыққан білімдар, сауатты ақындардың аса көрнектілерінің бірі - Әріп Тәңірбергенов. Әріп Тәңірбергенов Семей облысы, қазіргі Жарма ауданында (бұрынғы Қандығатай болысы) 1856 жылы дүниеге келген. Әріптің шын аты - Мұхаммедғарып. Руы Найман, Найман ішінде Сыбан. Әріптің ата-бабалары тарихта белгілі, тұқым қуалаған би әрі ақын болған. Бекбердіұлы Сүлеймен бидің өлеңмен жазған «Найман шежіресінде» Жанкөбек ұрпағын таратып, баяндай келіп, Әріп туралы былай дейді:

. . . Байсалұлы Әліден - Тәңірберген,

Оның ұлы Әріпті Найман білген.

Тұсында «Әріп ақын» атаныпты,

Ақындық Байғарадан үзілмеген.

Әріптің әкесі Әлі Тәңірбергенов шаруа баққан кедей, момын кісі екен де, анасы Аяжан қазақтың қара сөзін сапырған саңлақ әрі тура мінезді, алмас тілді жан болыпты.

Әріп бал құрақтай кезінде мұсылманша медреседе діни білім алып, сонан соң Семей қаласында миссионерлік мектепті тәмамдайды. Мұсылманша хат танып, орысша сауатын ашқан Әріп оқу-білімге ерекше құныға түседі. Өз бетінше ізденуден жалықпайды. Мұсылманша, орысша кітаптарды көп оқиды /5, 28/. Өлеңге де осы кезден үйір бола бастайды. Орыс, қытай, араб, парсы тілдерін тиянақты меңгереді.

Әріп орысша бастауыш мектепті бітіргеннен кейін, біраз жыл ауылда мұғалім болады да, жиырма үш жасында Семейдегі училищеге түсіп, оқуын қайта жалғастырады. Семейде оқып жүрген жылдарында халық ауыз әдебиетінің қайнарынан мол сусындап, батыс-шығыс әдебиетінің классиктерімен жете танысады.

Әр жыл сайын Семейге келіп, ұзақ уақыт жатып, кітапханада болып, Михаэлис сияқты достарымен мәжіліс құрып қайтатын Абайдың әдеті болғаны мәлім.

Сондай Семейге келген уақыттарында, қалада оқып жүрген қазақ шәкірттерімен бас қосып, мәжіліс құратын болған. Абайдың осындай мәжілісінің толық мән-жайын Көкбай баяндап береді:

Семейге Абай келсе бізде думан,

Ән салып, босамаймыз айғай-шудан.

Бас қосу, бақастасу, мәжіліс құру,

Секілді бір ғылымның жолын қуған.

Тарихтан неше түрлі Абай сөйлеп,

Өзгелер отырады, аузын буған.

Бір барсаң, мәжілісінен кеткің келмес,

Хакімдей Аплатон аңырап тұрған,

Келбеті біліміне ылайықты,

Япырым-ай мұндай адам қалай туған!

Абайдың осындай мәжілісінен қалмайтын шәкірттердің бірі, ең алдымен, Әріп пен Көкбай болған /6, 69/.

Сөйтіп, Әріптің ең алғаш Абайды көріп-біліп, ұлы ұстаз ретінде таныған уақыты, оның Семей училищесінде оқып жүрген жылдары болады. Тарих, әдебиет, өнер-білім жайында Абай аузынан естіп, біліп ұққандарын көңіліне түйіп, ұлы ұстаздан тағлым алған Әріп ғылым қуу жолына мықтап түседі.

1882-1884 жылдары Аякөз уезінде, 1884-1887 жылдарда Қытай Халық Республикасында Ресей консулы Николай Балкашиннің тілмашы міндетін атқарады. Сондай-ақ, Верный, Бішкек қалаларында заң орындарында, байланыс саласында жұмыс істейді. Жене жеткіншектерге жетекшілік жасап, ауыл балаларын үйіне шақырып, дәріс өткізеді.

Қазақстан мемлекеттік Орталық архивінен келтірілген деректер Әріптің бір айға жуық уақыт жазықсыз Лепсі түрмесінде отырғанын және жалпы 1884 жылдары Еңірекей болысында тұрғанын дәлелдейді.

Өмірдің талай-талай қиын-қыстау жолдарын басынан кешіп, тіршілік сапарының ақырғы кезеңіне келген шақта ақын өз басының мұңын, шерлі сырын шертіп толғайды:

Жетелеп жетпіс алда, алпыс айдап,

Бекітіп қол-аяқты жіпсіз байлап.

Дүниенің бәрі де күңгірт тартты,

Шапшыған тұнық едім тұрған қайнап.

. . . Кәрілік жапалаққа айналдырды,

Бұлбұл ем даусы зарлы тұрған сайрап.

Төрт арыс қадіріңді білмеуші едім,

Жат болып менікі емес қалдың жайрап.

Өмірдің өтпегінің белгісі жоқ,

Пәлен күн барам демес саған сайлап.

Құтырған жолбарыстай көп жұлындым,

Я, тәңірім, өзің кешір ғафу ойлап, -

дей келіп, кешегі қаскүнем дұшпандарын есіне алып, ызалы мұңын да толғайды.

Орныма егін ексең мен кетейін,

Кіжінген дұшпандарым тісін қайрап.

Жақынға керегім де бар-ақ шығар.

Өкінер көмгеннен соң әбден жайлап.

Қолменен ұстап берген кісімсініп,

Отырар қуанысып күліп-ойнап.

Бурадан бота ажалы бұрын келмек,

Тегінде есіне алсын оны да ойлап.

Келмейді алжып жатып өлең жазғым,

Жасыққа көрсетейін сөзден қайрақ . . .

Рухы күшті ақын, мұң-шерін шаға отырып, сары уайымға салынбайды, жабырқап жасымайды. Ақындық өнерінің өлмейтініне берік сенеді.

Ең соңғы шығармаларынан әзірге бізге жеткендері: «Кәрілікке», «Балаларыма» деген екі өлеңі және өлер алдында айтқан жиырма бес жол толғауы.

Жас өлімге тақалды,

Қарасам аппақ сақалды.

Атадан алтау тусаң да,

Бір жалғыздық бар деген

Естуші едік мақалды.

. . . Өмір шіркін көңілге

Таусылмастай көп еді.

Қызықтырып дүние -

Әлі өлмейсің деп еді,

Мінеки, көрге апарды.

Әріптің ақындық сапары осы өлеңмен аяқталады.

Өмірдің талай-талай тар соқпақ, тайғақ кезеңдерін бастан кешірген, ел арасындағы зорлықшыл топтардың қиянатын да көп көрген, надандықпен Абай ұстазынша алысып өткен ақын 1924 жылы, маусымның 14-і күні 68 жасында Еңірекей бекетіне таяу Жыланды деген жерде қайтыс болған. Сүйегі сондағы өз қыстауы Қарабұлаққа жерленген.

Әйтсе де елмен қызмет бабында араласу ақынның адам тануына, адамшылық пен аярлықты айыра білуіне, қоғамдық ортаның тамырын басып, сырқатын анықтауына көмектеседі.

Әріп - Абай мектебінің түлегі. Ұлы Абайдың өнерпаздық дәстүрлерінен тағылым алған, жай отындай жарқылдаған өлең сөздің өрен жүйрігі. «Бәрінен Абай сөзі артығырақ, сыры көп, сырты сұлу, тым бағалы» /7, 58/ деуі бұған дәлел. Оның сынына түсіп, шығармашылық жаттығудан өтеді. Абайша еңбек етіп, өмір сүруді өзінің бірден-бір мақсаты санайды. Дүниеге көзқарасы да Абай ықпалымен қалыптасады. Әріп ең алдымен тіл мәселесіне көңіл бөліп, зер салып ізденеді. Өзінің табиғи қабілітінің арқасында төрт халықтың тілін біліп, сол тілдерде жазылған кітаптарды емін-еркін оқитын болған /7, 43/. Ақын өзінің «Тоқтағанда» деп аталатын өлеңінде:

Ғылымға жас күнімнен еттім талип,

Талпынып төрт лұғаттан тағлім алып,

Бір мен емес, әркімнен өткен өмір,

Қарасам жан-жағыма назар салып, - дейді.

Әріп қолына қалам алған күннен бастап Абайдан көз жазбаған. Абай дәстүрін бойына жастай сіңірген, аса ірі ақындардың бірі. Әрқашан Абайға ұқсауға талпынып, елдің мұңын-мұңдап, жоғын жоқтаған, Абай ағасынша «екі жаққа бірдей үңіліп» батыс-шығыс әдебиетінің үлгілерін көп үйренген. Әріптің Абай рухын бойына сіңіргені соншалық, оның кез келген өлеңінен Абай үлгісінің лебі есіп тұрады. Сөз арасын бөтен сөзбен былғамай, Абайша өрнек салуға, Абайша ой толғауға жасынан машықтанғандығы оның әр шығармасынан тайға таңба басқандай байқалады. Тіпті тырнақалды туындыларының өзі тікелей Абай әсерімен жазылғандығын көреміз. Абай жастық шағында жазған «Әлифби» өлеңіне еліктеп Әріп те «Әліфби» атты өлең жазған /8, 93/. Абай арабтың ірбір әрпіне бір-бір өлең жолын арнап жазса, Әріп арабтың жиырма тоғыз әрпіне жиырма тоғыз шумақ өлең жазады.

Мысалы:

Әлиф, сенің аузың бал, иегің дүр,

Пәрдәң хулла жамылған жамалың нұр.

Не Күләндәм, не Балқис ғажайыпсың,

Затыңның кім екенін білмедім бір, -

деп келеді. Өлеңнің өн бойында Шығыс қиссаларындағы ғашықтар аты көп кездесіп, соларды дәріптеу сарыны басым болып отырады. Өлеңде араб, парсы сөзі көп орын алады.

Абай өзінің «Әлифби» (1864) өлеңін:

Я, ярым қалай болар жауап сөзің,

Мәт-қасың, тәштит-кірпік, сәкін-көзің,

Үтір мен асты-үстілі жазу да бар,

Болуға асты-үстілі көнсең өзің! -

десе, Әріп те өз өлеңін дәл осы Абай үлгісімен жазып, Абайша аяқтайды:

«Қасың - мәт, ернің - әмза, сәкін - көзің,

Үтірдей бармағыңыз, шәрбәт сөзің.

Тәштит пен Таһиғаңды таба алмадым,

Тыныстай кез келесің қайдан өзің», - дейді.

Ақынның қолжазбалары бізге жеткен жоқ, бірақ Әріптің ақындық сапары ерте басталады. Оның шығармаларының тақырыбы да сан алуан. Ақынның шығармалары өзінің ой-өрісінің, өз басынан өткізген өмір белестеріндегі көзқарастарының көлемін айқын көрсетіп отырады. Әріп ақынның шығармаларынан Шығыс поэзиясының хош иісі аңқып тұрады. Бұған қоса орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкиннің «Евгений Онегин» романынан үзінділер аударады. Әріп Тәңірбергенұлы М. Ю. Лермонтовты «көзді туған» данышпанға теңеген /8, 39/.

Абайдың ақындық ортасы, мектебі, дәстүрі жөнінде ой өрбіткен білгір абайтанушы М. Әуезов Әріп ақындығының сыр-сипатын төмендегіше түсіндіреді: «Бұл ақынның да сан өлеңдерінде Абай аты аталып, үлгі-өнеге осыдан тарап отыратын. Әсіресе, Әріп жазған өлеңдердің көп мазмұны - ғылым туралы, еңбек туралы, әйел халі туралы және әсіресе жуан-содырлар туралы жазылған сыншыл, сатиралық шығармалардан тұрады. Осындай мұраларының бәрінде де Әріп Абайға аса жақын келіп, ой-сана жағынан да, шеберлік, стиль, үлгі жағынан да ұлы ақынның реалистік дәстүріне иық сүйеп отыратындығын сездіреді» /4, 56/.

Осы тұста Әріп Тәңірбергенұлының мына бір ақындық дебізіне ой жүгіртелік:

Жас өлімге тақалды,

Қарасам аппақ сақалды,

«Атадан алтау туса да

Бір жалғыздық бар» деген

Естуші едік мақалды.

Келіп көшкен сарайдан

Керуен біткен жөнелді.

Жанынан көрген мүлкінен

Ойласаңшы не көрді?

Жалаңаш айдап жіберді,

Құрғалы тұрмыз сапарды.

Жақыннан жатқа баруға,

Көптен жал, ыз қалуға

Бұзғалы тұрмыз қатарды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абайдың әдеби ортасы және ақындық мектебі
ХХ ғасырдың басындағы ірі саяси- қоғамдық өзгерістердің ұлттық әдебиетке тигізген ықпал
XX ғасыр басындағы тарихи қоғамдық өзгерістердың қазақ әдебиетінің дамуына әсері
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
Әріп Тәңірбергенұлы
Сопылық ілім мен қазақ лирикасындағы үндестік
Дулат Бабатай-ұлы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
М. Ж. Көпейұлының өмір мен отты жырлары
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz