Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 БӘСЕКЕ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Бәсеке экономикалық категория және оған экономикалық көзқарастар ... ... ... ... ... ..5
1.2 Бәсекенің мәні, қызметтері және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Нарықтық экономика дамуындағы бәсекенің алатын орны ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
1.4 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок құрылымының негізгі типтері ... ... ... ... ..17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... 23
2.1 Бәсекелестіктің Қазақстан экономикасы үшін маңыздылығы ... ... ... ... ... 23
2.2 Бәсекелік жағдайды реттеудегі мемлекеттің рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
2.3 Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру және дамыту жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.4 Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және бәсекені дамыту болашағы ... ... ... ... .45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .3
1 БӘСЕКЕ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ
РЕТІНДЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
1.1 Бәсеке экономикалық категория және оған экономикалық
көзқарастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... .5
1.2 Бәсекенің мәні, қызметтері және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3 Нарықтық экономика дамуындағы бәсекенің алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 14
1.4 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок құрылымының негізгі
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...17
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАНЫ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...23
2.1 Бәсекелестіктің Қазақстан экономикасы үшін
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...23
2.2 Бәсекелік жағдайды реттеудегі мемлекеттің
рөлі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... .29
2.3 Қазақстан Республикасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру және дамыту
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.4 Бәсекеге қабілеттілікті арттыру және бәсекені дамыту
болашағы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. .51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
КІРІСПЕ
Еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету
механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың
тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі күні өзекті мәселе. Осындай басты
рыноктық экономика элементтерінің бірі бәсеке болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың
негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік рынокта қызмет етуші фирмалар мен
кәсіпорындар қоғамның әртүрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды
орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік
және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін
арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсекеге қабілеті жоғары болуының
нәтижесінде әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігі артады.
Бәсеке қоғамға экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың
тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады. Немістің белгілі
экономист-ғалымы Людвиг Эрхард бәсекелестіктің экономика үшін қажеттілігін
келесі жолдармен көрсетеді: “...рыноктық шаруашылық және оның қызмет ету
механизмі еркін бәсекелестіктен ажырап қызмет етуі мүмкін емес”. Бәсекенің
экономикалық табиғаты жеке меншіктік қатынастармен тығыз байланысты болады.
Тақырыптың өзектілігі. Президент Н.Ә.Назарбаевтың өткен жылғы
“Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика және бәсекеге
қабілетті халық” атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміз үшін өзекті
мәселелердің бірі Қазақстан Республикасын ұлттық экономиканың бәсекеге
қабілеттілігі жоғары деңгейде дамып, әлемдегі дамыған елдер қатарына қосылу
керектігін атап көрсеткен болатын [1].
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткізуінің өзі
бәсекеге қабілеттіліктің қалыптасуы мен дамуы есебінен болып отыр.
“Қазақстан-2030” даму стратегиясында жеке меншік құқығын қамтамасыз ету,
сондай-ақ рынокта еркін бәсекелестік ортаны қалыптастырып және
антимонополиялық реттеуді сенімді түрде жүргізу керектігін атап өткен.
Қазіргі кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгілейтін тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп айту қиындау. Өйткені фирмалар белгілі бір
рынокта, белгілі бәсеке жағдайында және белгілі рынок құрылымының негізінде
әрекет жасайды.
Еліміздің рыноктық қатынасқа өтуі, ұлттық экономикада жаңа
ұғымдар пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрі қалыптасып және олардың
қызмет ету механизмі күрделене түсті. Рынок құрылымы негізінен мынадай
түрлерден тұрады: жетілген бәсеке нарығы, монополия, монополиялық бәсеке,
олигополия. Рынок құрылымдарының жіктелуі фирмалардың саладағы санына,
фирманың көлеміне, тауар сипатына, оның рынокқа ену жеңілдігіне немесе
ақпараттың қолда болуына байланысты.
Экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты бәсеке өз
кезегінде рыноктық экономиканың сұраныс пен ұсыныс сияқты негізгі элементі
болып табылады.
Диплом жұмысының мақсаты: ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін
арттырудың Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуының бірден-
бір жолы екендігін атап көрсету. Сонымен қатар, осы мақсатқа жету үшін
дипломдық жұмысты орындау барысында келесі міндеттерді айқындап алу керек:
- бәсекенің мәні мен түрлері және оның экономикадағы орнын анықтау;
- рынок құрылымына байланысты бәсекенің ерекшеліктері ашып көрсету;
- жетілмеген бәсекенің негізгі формалары монополия мен олигополияның
рынокта қызмет етуін көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы бәсекелік ортаның қалыптасуы мен даму
мәселелерін және оны шешу жолдарын қарастыру;
- өнеркәсіптік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және
индустриалды-инновациялық экономика жүйесін құрудың негізгі бағыттарын
қарастыру.
1 БӘСЕКЕ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ

көзқарастар
Классикалық политэкономияның өкілі Адам Смиттің ойы бойынша экономика
заңдарының әрекет етуінің сөзсіз шарты - еркін бәсеке. Тек сол ғана
рыноктың баға үстемдігін жояды, сатушылар көп болса, монополизм болмайды,
өйткені “монополистер рынокта өнімдердің аз болуын тұрақты етеді және
нақтылы сұранысты толық қанағаттандырмай, өз тауарларын табиғи бағадан
жоғары сатып, табыстарын көбейтеді”[ 4, 60б. ]
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында көп еңбектер “жетілген
еркін бәсекелік” экономиканы мадақтаған болатын. Сол мерзімде “еркін
бәсеке” және “мүлтіксіз жақсылық” деген түсініктер бір жақтан монополия мен
экономикалық механизмнің жетімсіздігі, сондай-ақ монополия мен әлеуметтік
әділетсіздік түсініктері ұқсас ұғым деп түсінілген болатын.
Нарықтағы қатынасқа түсуші субъектілер өзінің ақша табу мақсатымен,
яғни өз жағдайын жақсарту үшін кіреді. А.Смит әрбір өндірушіге сондай
өндірушінің әсер етуі, нақты бағаны сұраныс және бәсекенің арасындағы
байланысты механизмде көрсетеді. Егер сұраныс ұсыныстан жоғары болса, онда
өнімді сатып алушылар арасында өзара бәсекелестік туады деген. Осындай
бәсекелестікте әрбір өндіруші өзінің тауарына жоғары баға беріп, оны
соңында сата алмайды. Нарықтық бағаның өсуінің болуы ұсыныстың сұраныстан
жоғары болуында және сатушылар арасында өзара бәсекелестіктен болады.
Барлық тауарды сату үшін олар бағаны төмендетеді. Кейбір жағдайда нарықтық
баға жай бағаға тең болады, яғни тауардың қанша тұратынына сәйкес келеді.
Жай баға экономикалық бостандық күйде сақталынад. Егер ол мемлекеттің
көмегімен бұзылса, онда монополияның пайда болуына әкеледі. Монополиялық
баға реттелуі басқаша болады, яғни ең жоғарғы бағамен белгіленеді. Жай
бағаның жетілген бәсеке кезінде ең төмен болуы, яғни тепе-теңдікте болуы
максималдық өнімнің шығарылуымен сәйкес келеді деген қорытындыға келуге
болады.
А.Смиттің пайымдауынша, қоғамның тауар-ақша, капитал және еңбек
ресурстары неғұрлым еркін болса, соғұрлым тиімді оптималды пайдалану
мүмкіндігі мол болады. Егер қоғамның әрбір мүшесіне өзінің жеке
экономикалық мүддесін дамытуға максималдық еркіндік берсе, қоғамдық мүдде
де ойдағыдай қамтамасыз етіледі деген.
А.Смиттің пікірін Сисмонди теріске шығарады. Өйткені еркін бәсекенің
экономикалық және әлеуметтік салдарлары болады: байлықтың азын-аулақ
топтың қолында шоғырлануынан халықтың басым көпшілігі қайыршыланады, терең
экономикалық дағдарыстарға соқтығады. Осыны көрсете отырып, әлеуметтік
реформа бағдарламасын ұсынды: “Заң шығарушылар тарапынан жай және жанама
шаралар белгілеуді талап етті, онда қожайын мен жұмысшы арасында толықтай
әділеттілік қатынасы қарастырылып, екіншісіне жасаған қиянаты үшін
біріншісіне бүкіл жауапкершілік жүктелсін” [5, 270б.]
Шын мәнінде, М.Блауг көрсеткендей, А.Смит өз пайымдауында максималды
қанағаттандыру доктринасына терең негіздеу жасады. Ол еркін бәсеке сала
ішінде ресурстарды оптималды бөлу арқылы бағаны өндіріс шығындарына
теңестіруге ықпал етеді деп жазды. Өндіріс факторларының рыногында еркін
бәсеке барлық салалардағы осы факторларының айқын артықшылығы мен сала
арасында ресурстарды бөлудің оптималды қатынасын орнатуға қол жеткізді деп
көрсетеді.
Давид Рикардоның айтуы бойынша нарықтағы жоғары бәсекенің болуы
жалақының жоғары дәрежеде болуының нәтижесі. Сонымен қатар мемлекетте
өнімнің аз өндірілуі оның басқа шетел мемлекеттерімен бәсекелестікке
түсуіне әсер етпейді. Әрқашанда шетелдік валютамен айырбас қатынасы болады,
яғни тауардың экспорттауы және импорттауы салыстырмалы түрде көп немесе аз
болады.
Рикардоның пікірінше еркін бәсеке жағдайында жалақымен болған уақиға
сияқты, “пайданың да құлдырау тенденциясы байқалады, өйткені қоғам мен
байлықтың дамуына орай қажетті қосымша өнім көп шығындар мен еңбек жұмсауды
қажет етеді” [6, 128б.]Кәсіпкерлердің еркін бәсекесі мен еркін сауда
принциптері үстемдік ететін қоғамның экономикалық даму заңдылықтарын
зерттей келе, Д.Рикардо мынаны байқамаған сияқты: экономикалық либерализм
жағдайында артық өндіру дағдарысы болады.
Курно Антуан мынадай сұраққа жауап іздестіреді. Егер сатушылар саны
“п” болғанда, тауарларды сатудан түсетін пайданың ең көп мөлшері қанша
болады? Егер п бірге тең болады деп таза монополия жағдайында ұйғарғанда,
мұндай өнім көлемінде пайда ең көп мөлшерге жетеді, шектеулі шығындар
шектеулі табыспен шектеледі. Егер “п” шексіз өсетін болса, негізгі қосымша
жағдайда жетілген бәсеке жағдайы қалыптасып, мұндай өнім көлемінде пайда
көп мөлшерлі болады да, шектеулі шығындар орташа табыспен теңеседі. Мұндай
жағдайда өндіру максималды, ал баға минималды болады.
Фридрих Лист өзінің идеясын былайша дамытады: Германияның өркендеу
жолы өнеркәсіп арқылы, ал германдық өнеркәсіп болса, жоғарғы импорттық
салым мен сауда саясатының басқа да тетіктері арқылы күшті, шетелдік
бәсекеден қорғауды қажет етеді. Бұл идея Батыстың өскелең өнеркәсіп
буржуазиясы мен Германияның оңтүстігін әбден қанағаттандырды.
Жетілген бәсеке жағдайындағы бағаны кәсіпорын емес, рынок анықтайды
деген классиктердің бастапқы пікірлерін А.Маршаллда нақтылай түседі. Әрбір
адам өз мүмкіндігіне қарай немесе қалыптасқан жағдайға, конъюнктураға қарай
затты сатып алады, “артық тұтыну” деген ұғымды енгізеді. А.Маршалл былай
деп жазады: “Бәсекелі экономикада өндірістің көлемі кәсіпорында тауар өнімі
бағасын кемітеді және тиісінше бәсекелестер арасында артықшылық береді”.
Көріп отырғанымыздай, А.Маршаллдың пікірінше, бәсеке жағдайында шығындар
үлесі өндірістің іріленуімен не төмендейді, не қатар дамиды, бірақ өнім
көлемі өсуін басып кетпейді. Осындай пайымдаулар негізінде
микроэкономикалық теория өндіріс пен кәсіпорын көлемін оптималдау
проблемаларының нақтылы методикалық шешімдерін ұсынды.
Шарль Фурье өркениет кезеңінің төрт фазасын бөліп қарады. Алғашқы
екеуі шын мәнінде құлиеленушілік және феодалдық құрылыс, ал үшіншісі еркін
бісекелі капитализм. Өркениеттің төртінші фазасы туралы пікірі Фурьенің
көре білгендігін айқындайды. Ерекше бір формада капитализмнің монополистік
сатысының өтетіндігін немесе оны сауда феодализмі деп атады. Диалектикалық
ойлауда ерекше қабілетті Фурье еркін бәсеке заңды түрде өзіне қарама-қарсы
монополияға әкеледі деді. Оның түсінігінде монополизация бейнесі сауда мен
банк істерінің “жаңа феодалдары”. Кәсіпкерлер арасындағы бәске экономистер
айтқандай қоғам мүддесіне қызмет етпейді, қайта өндіріс анархиясын туғызып
оны бұзады, бір-біріне қарама-қарсы қойып, тәртіпсіздікке жол ашады. Үстеме
пайда табу мақсаты мен бәсеке жалдамалы жұмысшыларды қанаудың сорақылығын
үдете түседі. Байлық пен қайыршылық арасындағы алшақтықтың өсуі мен
игіліктер молшылығында кедейліктің өсуімен Фурье еркін бәсеке принциптерін
қуаттайтын буржуазиялық политэкономияның да күйрейтіндігін дәлелдейді деп
көрсетті.
Э.Чемберлиннің көзқарасы бойынша рыноктар өзара байланыста, өйткені
мұның әрбіреуінде бір-біріне тәуелсіз сатушылар ұқсас өнімдерді сату үшін
өзара әрекетке түседі. Әрбір сатушыны монополист ретінде қарау, олардың өзі
сатып алушыларын түзейді, ал тауарлар сату және қызмет көрсетудің шын
көлемінің аздығын көрсетеді, оларға баға таза бәсекедегіден жоғары қойылған
[4, 195б.]
Өнімнің дифференциялануы бәсекенің табиғи емес көрінісіне қарағанда
бәсекеге табиғи процесс ретіндегі идеясын бұл процеске бағаға қатысы жоқ
факторлар бәсекенің әсерінің ұлғаюымен негіздейді. Мұны ол тауар сапасы мен
жарнаманың жеке-дара және ерекше қасиеттерімен түсіндіреді.
Ол былай деп жазады: “Дифференциялану өнімнің өзіндік ерекшеліктеріне
сүйенеді, олар мынадай болады: ерекше қасиеттер - фабрика маркасы, фирма
аттаруы, жеке-дара ерекшелігінде - сапасы, түрі, түсі, стилі”
[ 4, 197б.]
Дж.Робинсонның “Жетілмеген бәсекенің экономикалық теориясы” атты
еңбегінің басты идеясы - монополия қызметінің рыноктық аспектілерін ашу.
Кейбір ғалымдар монополистік бәсекені тепе-теңдіктегі рыноктың табиғи жайы
деп сипаттаса, Дж.Робинсон жетілмеген бәсекеде алдымен бәсекелік шаруашылық
жүйесінің тепе-теңдік жағдайының бұзылуын, жоғалтуын, тіпті жалдамалы
еңбекті қанауды көрді.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің неолибералдық концепциясының
өкілдері Л.Эрхардтың: “Бәсеке барлық жерде, реттеу қажетті жерде”[ 8,
205б.] деген сөздерін еске алып, экономикалық процестерге мемлекеттік
шектеудің дұрыстығын дәлелдеп, оның экономикадағы теңсіздікті жоюдың шарты
ретінде кәсіпкерлер қызметінің еркіндігі мен тұрақтылығына ат салысуын
қалады.
Белгілі американдық зерттеуші-ғалым М.Портер бәсекені зерттеу
проблемасымен көп жылдар айналысты. Бәсекелік қабілеттілікті рыноктық
жағдайда қалай дамитынын көрсете отырып, анализ жасайды. Ол халықаралық
экономикада ұлттық, мемлекеттік және жергілікті бәсекелік теориясын
қарастырады. Ең басты міндет оның ойынша ішкі бәсекені дамыту дейді,
өйткені осы бәсеке халықаралық жағдайға шығару жолы болып табылады,
мемлекеттің ішінде бәсекелі жұмыс активті мұрагерлік жауыздықпен дамиды.
Олар тек рыноктағы орынға ғана таласпайды, сонымен қатар адамдардың
жетілгендігінің деңгейіне байланысты болады.
Сонымен қатар бәсеке объективті көзқарас тұрғысында онша емес жағдайға
әкеледі. Мысалы, жетілген бәсеке кезінде ресурстардың оптималды Парето
бойынша бөлінуі. Қоғамның социал дұрыстығын ескермейді, өйткені қоғамның
ішінде тек бизнесмендер ғана болмайды, онда сонымен қатар қоғамдағы әртүрлі
деңгейде байлықтың болуы да ықтимал.
Дж.Кларк пікірінше бұл заң еркін бәсеке жағдайында орын алады, яғни
барлық шаруашылық субъектілерінің жинақылығы экономика тепе-теңдігінің
параметрлеріне жетуге ықпал етеді.
Буагильбергтің ойынша, еркін бәсекенің бұзылуының басты мәнін астыққа
нақтылы максималды бағаның қойылуымен түсіндірді. Ол максималды бағаны алып
тастаса, астықтың рыноктық бағасы да өседі, шаруалардың табысы мен
өнеркәсіп тауарларына деген сұраныс артады, ол болса өз кезегінде сол
өнімдерінің өндірісін де арттырады.
ХУІІІ ғасырда бәсеке идеясы жеке мүддені көздейтіні қандай да болмасын
іс-қимыл қоғам мүддесімен ұштаспайды, оған қарама-қарсы деген ұғым кеңінен
орын алғаны тарихтан белгілі. Тіпті бүгінгі күннің өзінде социализм
идеясының кейбір өкілдері рыноктық экономика қоғам мүддесіне қызмет ете
алмайды дегенді айтудан жалықпайды.
Осы заманда “жетілмеген бәсеке” монополияланбаған секторды сипаттау
үшін пайдаланылады. Осы салаларда дәрежелі өндіріс шығындары жоғары және
табыстылығы төмен ұсақ капитал орын алады. Монополиялар мен
олигополиялардың экономикалық және әлеуметтік жағынан жетілмегендігін
П.Самуэльсон олардың бағаны жоғарылату мен өндірісті қысқартуды тым жиі
қолданылатынымен байланыстырады. Дж.Гэлбрейт жетілмеген бәсекеге ұсақ
бизнес жағдайындағы немесе ХХ ғасырдың бастапқы кезіндегі “кемелденбеген”
монополия тұсындағы бәсекені жатқызады. Жетілмегендіктің көрінісі - ол
елеулі шығындарға ұшырататын қауіп-қатерлер мен болжамсыздықтың
мүмкіндігінің тым көп болуы. Бұлар банкроттыққа және жұмыссыздыққа жиі
ұшыратады.
П.Самуэльсон мен Дж.Гэлбрейт бойынша бәсеке, осы к.нгі монополиялардың
кемелденген биіктігіне көшу жағдайында жетілген сипат алады. Бұл
монополиялар барынша көп пайда табуды емес, қауіпті жағдайларды неғұрлым
төмендетуді және экономикалық өсудің тұрақты болуын көздейді деп
тұжырымдайды.
Сонымен, ірі ғалым зерттеушілердің ойларын қорыта кететін болсақ,
классикалық политэкономияның, неоклассикалық бағыттың, әлеуметтік-
институционалдық бағыттың дамуы қоғамдағы елеулі өзгерістерге әкеліп, соның
ішінде бәсекенің жетілдіруіне үлкен әсерін тигізгеніне қазір көзіміз жетті
деуге болады. Бәсекені теория тұрғысынан зерттеп, оның түсініксіз
аспектілеріне аса мәнді етіп тоқталып кеткен ғалымдардың белгілі
маңыздылықтары қазіргі қоғам дамуының жоғары сатыға жеткендігін айта кеткен
жөн болар.
1.2 Бәсекенің мәні, қызметтері және түрлері
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды
нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің
қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы көп табу үшін тауар өндірушілердің
бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол рынок субъектілерінің өнімді өндіру
мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сферасындағы арақатынастары.
Бәсекені экономикалық процесс ретінде шаруашылық жүргізуші
субъектілердің белгілі әрекеттерінің жиынтығының түрі деп тануға болады.
Осы әрекеттер экономикалық цикл түрінде жинақталады. Осыған бірте-бірте
жүріп отыратын төменде аталған ұдайы өндірістік процестер жатады:
- өндіріс және еңбек ұжымдарының материалдық-заттық элементтерін
қалыптастыру;
- өндірісті ұйымдастыру, оны шикізатпен, материалдармен, жартылай
фабрикаттармен жабдықтау және өндірістік, несие-қаржылық және жобалау
мекемелерінің бір-біріне әсер етуі;
- бәсекеге қабілеттілігі жоғары өнім өндіру;
- өнімді сату, бұл үшін оның саны анықталады, өткізілетін орны мен
уақыты белгіленеді;
- пайда есебінен инвестициялық қор жасау және оны өндірісті кеңейту
үшін пайдалану.
Бәсекенің түрлері рынок құрылымының жағдайына байланысты болып келеді.
Яғни, экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтін, бағаны белгілейтін
сұраныс пен ұсыныс ғана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады.
Өйткені әр рынок құрылымында бәсеке түрлері де әртүрлі, соған сәйкес баға
құру тәсілі және фирманың қызмет етуі де өзгеше болып келеді.
Рынок құрылымының негізгі түріне келесілер жатады [11,35б.]
1) Жетілген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Жетілген бәсеке қалыптасу үшін ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келісім жасауға мүмкіндігі болмауы тиіс [12, 263б.]
Жетілген бәсекелес рыногы дегеніміз - төмендегі шарттар орындалатын
нарық:
1) Нарықта өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны көп және өнімдері
біртекті болып келеті;
2) Ірі фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз.
Сондықтан, оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа
ықпал етпейді, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
3) Баға, технология, ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі
болады;
4) Жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ
[13, 9б.]
Жалпы айтқанда, жетілген бәсеке рыногында рынокқа қатысушылардың
арасында бәсеке толыққанды қызмет етеді және ол барлық рыноктық
қатынастарды, сұраныс пен ұсынысты, тауарлардың сапасын, олардың бағаларын
реттеуші қызмет атқарады. Яғни, экономиканың бәсекеге қабілетін арттыруда
жетілген бәсекенің толыққанды орын алуы ел экономикасының тұрақты дамуына
үлес қосып, инновацияларды дамытуға жол ашады.
Бәсекенің екінші негізгі түрі ол жетілмеген бәсекелі рынок болып
табылады. Егер нарықта жеке өндірушінің монополиялық немесе олигополиялық
билігі орнықса, онда ол рынок жетілмеген бәсекелі рынок болып табылады. Бұл
жағдайда қоғам жалпы белгілі шығындарға ұшырайды, себебі тұтынушылар
тауарды тұтынудың көлемін азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейді.
Сондықтан да көптеген елдерде нарықты монополиялауды шектейтін монополияға
қарсы заңдар қабылданып, іске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнің
барлық елдерінде өндіруші-монополистер бар.
Бұл шектеулер төмендегідей:
1) Ірі өндірістің басымдылығы;
2) Легальды тосқауылдар (шикізат қорын, жерді ғылым мен техниканың
жетістіктерін монополиялық түрде иелену, тауарды жеке өндіру үшін үкіметтен
алынған ерекше құқықтар);
3) Бәсекелесудің әділетсіз жүргізілуі.
Ірі өндірушілердің ұсақ өндірушілермен салыстырғанда өте көп
артықшылықтары бар. Монополиялық және олигополиялық өндірісте ірі
фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ
өндірістің шығындарынан қарағанда төмен болатыны практика жүзінде
дәлелденген.
Монополияны тек қана экономикалық шектеулер ғана емес, сонымен қатар
құқықтық шектеулер де қорғайды. Құқықтық шектеулердің көп тараған түрлері -
жеке меншік құқығы. Егер бір фирманың меншігінде өте сирек кездесетін
шикізат болса, онда ол фирма монополист болады. Легальды тосқауылдарға
патенттер мен авторлық құқықтар жатады. Жаңалық ашқан адам патент алмаса,
онда ол өзіне берілген ерекше жеңілдіктерге ие бола алмайды. Бұл жағдайдың
біздің мемлекетіміз үшін маңызы зор.
Бәсекені әділетсіз түрде жүргізудің негізгі түрі - демпинг -
бәсекелесін ығыстыру мақсатында өнімді өзіндік құнынан төмен бағамен сату.
Ірі фирмалар мүмкіндігі мол монополистер. Олардың қаржы мүмкіндіктері де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздеріне тиімсіз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады [14, 136.]
Жетілмеген бәсеке жағдайындағы монополиялық фирма өзінің ерекше
жағдайын пайдаланып, тауардың бағасын бәсекелес бағасынан әлдеқайда жоғары
деңгейде белгілейді де, бәсекелес фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде
ұсынады. Мұнда сатушы өз тауарының шығару көлемін өзгерту арқылы рыноктық
қалыптасқан бағаға әсерін тигізе алады, онда ол монополиялық билікке ие
болады деп айтамыз.
Сондай-ақ, өнімнің өмір сүру циклі рынокта бәсекелік күрес дәрежесіне
елеулі әсер етеді. Өнімнің өмір сүру цикліне оның шығарыла бастауынан
тоқтағанша жүріп отыратын мерзімі жатады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
- жаңа өнімді игеріп, өндіріске енгізіп орналастыру. Бұл арада сату
көлемі көп емес, шығарылған өнімнің бағасы жоғары болады;
- өндірістің өсуі - өндірістің масштабы өседі, сұраныс өседі, жоғары
баға сақталады;
- кемелдену - өндіріс көлемі ең жоғары дәрежеге жетеді, сұраныс толық
қанағаттанады, өндіріс қарқыны бәсеңдейді, бәсеке шиеленіседі және бағалар
төмендей бастайды;
- ескіру - бұл фазада сұраныс төменгі шегіне жетеді, өндіру азаяды.
Бәсеке сайысы сөне бастайды. Өнімнің басым көбінің өндірілуі тоқталады,
жаңа өнім өндіру басталады.
Нарықтық экономикада бәсеке бірнеше қызметтер атқарады:
Кәсіпкердің қамтамасыз ету қызметі. Бәсекелестердің көп санын
қысқартып, жою мүмкін емес. Керісінше, нарықта монополизмнің әсерінен
экономикада қылмыстың артуы, табысқа күресте қару қолданылуы мүмкін. Бұның
барлығы қоғамдық мүддені ашық жүргізу бәсекесінде орын алады. Оны
қанағаттандырмай жеке мүдделерді қанағаттандыру және жалпы қоғамның
қажеттілігін жүзеге асырып орындау мүмкін емес. Бұл жағдайда бәсекені
мемлекет қолдап, әртүрлі құқық құралдарымен қорғайды.
Мемлекет қоғамдық маңызды нәтижелерге жету үшін бәсекелестік көлемі
мен сапасына кепілдік беретін арнаулы ережелер мен шаралар жүйесін жасайды
және қолданады. Бұл деңгейдегі мемлекеттік іс-қызметтер біздің елде
нарықтық қатынасты реттеуге керекті басты элемент болып саналады.
Реттеу қызметі. Бұнда негізгі өндірістік ресурстар оған қажеттілік
сұраныс көп сфераға және ол тиімді пайдаланылатын орындарға бағытталады.
Бұл кәсіпкерлердің тұтынушы қажетсінетін тауарларын шығаруына байланысты.
Бәсекенің дәлелдеу қызметі кәсіпкерлердің нарықта сапа жағынан талапқа
сәйкес келетін, бағасы тиімді, өндірістік шығынды азайтуды ынталандыруда
қолданылады. Табыс тек осы талаптарды орындағанда нәтиже береді. Болмаған
жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект шығынға ұшырап басқа бәсекелесіне
орнын береді. Егер кәсіпорын сапасы жоғары өнім ұсынса немесе оны аз
шығынмен өндірсе, пайда ретінде сыйлық алады, бұны техникалық жетістік
ынталандырады. Егер кәсіпорын өз тұтынушыларының қалауына немесе нарықтағы
бәсекелестік ережесінің бұзылуына көңіл бөлмесе шығын түрінде жазасын алады
немесе нарықтан ығыстырылады.
Бөлу қызметі. Бәсеке тек өте жоғары өнімділікте ғана ынталандырып
қоймайды, сонымен қатар табысты кәсіпорындар мен үй шаруашылығы арасында
олардың тиімді қосқан үлесіне сәйкес бөлуге мүмкіндік береді.
Бақылау қызметі бәсекеде кәсіпкердің бір жақты іс-әрекетіне шектеу
қойып және тұтынушыға таңдау мүмкіндігін береді. Бәсекелік механизм кез
келген кәсіпкерге нарықта өз қалауы бойынша үстемдік орнатып, тұтынушыға өз
қалағанын жүргізуіне мүмкіндік бермейді.
Әрбір нарықтың өзінің ерекшеліктері болуына қарамастан, бәрібір
олардың жалпы бір түйісетін жері, ол әртүрлі нарықта бәсеке қалай жүзеге
асырылады және бәсекенің мәні бірегей анықталып талданған бағытта жүзеге
асырылады. Ол үшін бәсекені жеделдетіп жетілдіруді бағалау және табиғатын
анықтау пайдаланылады.
Бәсекелес сатушылар арасындағы бәстестік әрбір фирма өзінің мақсатты
деңгейіне жету үшін және бәстестік үстемдіктегі жетістікке жетуге өзінің
бәсекелестік стратегиясын жасайды.
Тауар сатушының салада немесе бәсекелестік ортада нарықта күшті
жағдайға жетудегі күресі оның күш қуаты. Пайда бәсекелес фирмалардың
өздерінің стратегиясын дамытып өзара бәсекелестік іс-әрекеттерін
байланыстыруға мүмкіндік ашады.
Фирмалардың өзара бәсекелестік мүмкіндіктерін былайша сипаттауға
болады:
1) Фирмлар өте тиімді рыноктық кеңістік үшін күреседі, нәтижесінде
өзінің тұтынушыларын иемденеді (өте табысты нарықтық сыбағасын алады);
2) Фирманың бәсекелестік стратегиясы және бұл стратегияны жүзеге асыру
әртүрлі фирмалар өз пікірлерімен шектеулі себебі бұл рынокта ол қалай жұмыс
істейді (тұтынушылардың талғамы және тағы басқа) және заң талапқа сәйкес
келеді ме (монополияға қарсы заңдар ол бәсекелестікке рұқсат береді ме
т.б.).
Уақыт өте келе фирмалар бәсекелестік стратегияларын өз жағдайларын
жақсартуға немесе игерілген үстемдігін қорғау мақсатында жаңартып отырады.
Фирма қызметтерінің ұзақтығы кез келген стратегия шеңберінде бір жағынан
нарықтағы жетістігіне немесе құлдырауына байланысты, екінші жағынан
бәсекелес фирмалар іс-әрекетіне байланысты.
1.3 Нарықтық экономика дамуындағы бәсекенің алатын орны

экономикалық табиғаты жеке меншіктік қатынастармен тығыз байланыста болады.
Бәсеке шаруашылық өмірде басты рөл атқарады. Ол экономикалық
еркіндікті қамтамасыз етіп, рыноктағы субъектілердің қарым-қатынасын
тереңдету арқылы рыноктағы жағдайлар мен сұранысқа бейімді болып келеді.
Адам Смиттің “көрінбейтін қол” мысалының негізінде бәсекелестік теориясы
жатыр, яғни әрбір жеке адам немесе кәсіпкер ең бірінші өз пайдасын ойлайды,
сол пайдаға қол жеткізу үшін олар өз қызметтерінің бәсекелік қабілетін
арттыруға ынталы болады. Бұл өз кезегінде жаңа ізденістерді, инновациялық
жаңалықтарды ашуға жол ашады.
Бәсеке экономикалық категория ретінде объективті және субъективті
маңызда болады. Объективті мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды
белгілейді, яғни жекелеген субъектілер кәсіпкерлер жалпы рыноктағы
тауарлардың айналысына және оның бағаына жеке өзі әсер ете алмау сипатымен
көрінеді. Бәсеке субъективті тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектілері
арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетеді, яғни өндіріс пен материалды
игіліктерді айырбастау негізінде туындайды.

Бәсекенің экономикадағы орнын оның негізгі қағидалары арқылы да
анықтауға болады. Бәсекенің негізгі қағидалары:
- рынокқа қатысушылар санының шектелмеушілігі, рынокқа кірудің және
одан шығудың абсолютті еркін болуы. Бұл қағида кәсіпкерлік қызметтің
еркіндігін, олардың өндірістің бір түрінен екінші түріне өтуін,
тұтынушылардың еркін талғамын, әрбір тұтынушы өзінің қажеттілігін ең жоғары
деңгейде қамтамасыз етуін талап етеді;
- материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильділігі.
Капиталдың еркін айналысы өнеркәсіптің тиімді салаларының дамуына, қосымша
ресурс көздерін ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиімдірек қолдануға
мүмкіндік беру;
- сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта
болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерісін, пайда деңгейін дер кезінде
қадағалап отыруы керек;
- өнімдердің біртектілігі, сапасының, қасиеттерінің ұқсас болып
келуі. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзінің
бәсекелестерін жеңу үшін монополиялық рынокта қолданылады;
- рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер ету мүмкіншілігінің
болмауы, бағаның рынок арқылы берілген деңгейі қатысушының белгіленген
бағасымен сәйкес келіп отыруы міндетті шарт емес [3, 226].
Бәсеке өз кезегінде салаішілік, салааралық және халықаралық бәсеке
болып бөлінеді. Ішкі және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектің бөлінісінің
заңдылықтарын дамытып, өнеркәсіпті мамандандыруға, салалардың салаішілік,
өнеркәсіп орындарының санының артуына және олардың бір-біріне тәуелділігін
қамтамасыз етеді.
Салаішілік бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың
ішіндегі техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнімділігі артық кәсіпорындар
қосымша пайда тауып отырады. Әрбір саланың компанияларының техникалық
жағдайы, еңбек өнімділігі қарқынының деңгейі, тауарлардың жеке құны әртүрлі
болып отырады. Салаішілік бәсеке негізінде кәсіпорындар шығынды азайтуға,
ресурстарды тиімді пайдалануға, инновациялық өнімдер шығаруға ынталы
болады.
Салааралық бәсеке әртүрлі рынокта қызмет етуші шаруашылық салалардың
арасында туындайды. Яғни сырттан келетін инвестицияларды өз саласына
тартуға, осы саланы жетекші сала ретінде алып шығуы үшін бақталас болып
табылады.
Халықаралық бәсеке әртүрлі елдер арасында орын алады. Бүгінгі
жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың
күрделене түскен жағдайда әрбір ел өзінің егемендігін және экономикалық
потенциалын сақтап қалу үшін бәсекеге түседі.
Халықаралық бәсеке келесідей сипатталады:
- бірнеше басты салаларды әлем бойынша өзіне қарату, ноу-хауды дамыту,
қаржылық жағдайын жақсарту;
- көп аспектілік, әртүрлі рынок құрылымы мен механизмдеріне бейімді
болу;
- рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
- рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерінің болуы.
Бәсекенің толыққанды және тиімді дамуы экономика дамуына белгілі
тиімділіктерді және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
1) Қоғамның өндірістік тиімділігінің өсуі;
2) Рыноктық механизмінің толыққанды қызмет етуі;
3) Өндіріс факторларының қолданысын жақсарту;
4) Оптималды баға құру;
5) Тауарлардың және қызметтердің әлемдік стандарттарға өтауі;
6) Бизнестің тиімділігі, басқаша айтқанда ел ішіндегі кәсіпорындар іс-
қимылының жаңашылдығы;
7) Инфрақұрылым немесе елдегі қолданып отырған технологиялардың,
қатынас және байланыс жүйелерінің, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының
білімі мен біліктілігі, жасампаздық қасиеттердің бизнестің жоғары талабына
сәйкестігі;
8) Инновацияларды енгізу.
Бәсеке жаратылысының негізі шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді
қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар
тауар өндіру және қызмет көрсетулердің өз өнімдеріне инновациялар енгізуіне
ынтасын арттырады. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, бәсекелестік инновациялық
тауар пайданың жоғары деңгейін 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады [9, 25б.]
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсіпорындар
бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектілер өз бәсекелесіне
мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді “тиімсіз бәсеке” деп
атап, оны бәсекелестіктің кемшіліктері ретінде түсінуге болады. Оларға:
- тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдісі мен
жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
- бәсекелес туралы жалған немесе қате мәліметтер тарату;
- бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын
заңсыз пайдалану;
- тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
- бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
- келісім бойынша өздері ғана білуге тиісті салаға жататын
конфиденциалдық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны
таратып жіберу. Аталған шарт бұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік
антимонополиялық агенттікке жүктелген.
Бәсеке белгілі бір, мүмкіндігінше ыңғайлы үйлестіретін экономикалық,
технологиялық, әлеуметтік алғышарттарды қажет етеді. Бұл шарттардың
жағдайын бұзу бәсеке пайда болуын қиындатады, кейбір жағдайда жоққа шығаруы
мүмкін. Қорытындысында экономикада тоқырау, тиімділіктің төмендеуі,
нәтижесінде елдегі халықтың тұрмыс деңгейі құлдырауы мүмкін. Бәсеке бұл
қазіргі кезеңдегі нарықтық механизмнің басты элементі, олай деп айту
себебіміз оның өсу көлемі соңғы онжылдықта кеңінен ұлғайғандығында емес. Ең
бастысы, бәсеке нарықтық органикалық құрамдас қасиеті, оның бөлінбейтін
бейнесі, мысалға “нарық тапшылығы” өндірушілер мен сатып алушылар арасында
бәсекені қалыптастыруға немесе жоққа шығаруға жеткізеді. Осы арқылы бұл
жағдайда бәсеке тек тауар сатып алушылар арасында бәсеке болады [10, 145б.]
Кешегі кезеңге дейін одақтық әдебиеттерде монополия мен бәсеке тек
капиталистік жүйемен байланыстырылып келді. Олар тек дәстүрлі және айрықша
белгілермен бейнеленді.
Біздің экономикада нарықтық бәсеке жеке меншікті жоюмен жүзеге
асырылады. Жалпы барлығын мемлекет меншігіне айналдыру кеңес үкіметі
кезінде нарықтың және тауар өндірісінің жойылуына әкеледі. Бәсекенің пайда
болуына қажетті алғышарттардың біреуіне жол ашу еркін өндірушілердің
өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірілген өнімге жекелеген меншік иесі болу
бәсекенің пайда болуына жағдай жасаған болар еді.
1.4 Жетілген бәсеке жағдайындағы рынок құрылымының негізгі типтері
Жетілген бәсекелестік нарықта сатушы мен сатып алушы өте көп,
сондықтан әрбір жеке сатушы және сатып алушы бағаға айтарлықтай әсер ете
алмайды. Көптеген ауылшаруашылық базарлары жетілген бәсекелестіктегі
нарыққа жақын. Мысалы, мыңдаған фермер бидай өсіреді, оны мыңдаған сатып
алушы алады. Нәтижесінде бірде-бір фермер және бірде-бір сатып алушы бидай
бағасына соншалықты ықпал ете алмайды. Көптеген өзге базарларда жетілген
бәсекелестіктегі базарлар ретінде қарастыру үшін бәскелестер жеткілікті.
Мысалы, мыстың әлемдік нарығының бірнеше ондаған жеткізушісі бар. Мұндай
көрініс көмір, темір немесе ағаш материалы сияқты минералды және табиғи
шикізаттың көптеген нарығында байқалады. Жеткізушілер саны бірқатар
базарлар талдау мақсатында бәсекелес нарық ретінде қаралады.
Мысалы, АҚШ-қа әуе тасымалын бірнеше ондаған компания қамтамасыз етеді,
алайда әуе тасымалының үлкен бөлігі олардың бірнешеуіне ғана тиесілі.
Сөйтіп жетілген бәсекелестіктегі нарық үлгісіне мынадай белгілер тән:
1) Нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы.
ОЛардың әрқайсысы осы тауардың жалпы нарықтық көлемін ғана шығарады немесе
сатып алады.
2) Біртекті тауарлар және сатып алушылардың сатушыларды бірдей
қабылдауы.
3) Жаңа өндірушілер саласына кіру үшін кедергінің жоқтығы және
саладан еркін шығу мүмкіндігі.
4) Нарыққа барлық қатысушылардың толық хабардарлығы.
5) Нарыққа барлық қатысушылардың қалыпты мінез-құлқы.
Монополияның маңызды белгілерінің бірі - салаға кіру үшін
кедергілердің, яғни монополиялы фирмалар нарығында бөгде сатушылардың пайда
болуына жол бермейтін шектеулердің болуы.
Монополияның пайда болуына мүмкіндік беретін және оны қолдауға
көмектесетін негізгі үлгілерінің арасында мына жайттарды атап көрсетуге
болоады:
1) Үкіметтен алған айрықша құқық, мысалы Францияда 1904 жылдан бастап
мемлекеттің демеу қаржысына пайдаланатын, табыт сатып жерлеу қызметін
көрсететін “Дженерал Фьюнералс” компаниясы бақылайды. Аса маңызды болып
табылатын көптеген жағдайларда билік органдары монополияларды өзі
басқаратын пошта болып табылады. Көптеген мемлекеттердің өздері тіпті күшті
ішімдік сусындарына монополия ұстайды. Сондай-ақ, мемлекеттің лотореяларды
ұйымдастыра отырып, ойын бизнесінің бірден-бір заңды өкілдері болып
табылады.
2) Патенттер мен авторлық құқық идеясының мәні, фирмалар мен жеке
адамдар жаңа өнімдер алуға және нарықта өз күш-жігерінің жемісін жүзеге
асыру үшін айрықша құқық өнертапқыштарына, кепілдік жолымен процестерді
көтермелеуде жатыр. Алайда, айрықша құқық тек шектеуші мерзімге
кепілденеді, сондықтан осындай жасалған монополия уақытша болып табылады.
Қандай да бір фирма өзге бір фирманың патентін бұзу жолымен нарыққа заңсыз
кіретін болса, оны сот шешімімен сатуды тоқтатуға мәжбүрлей алады. Мысалы,
1895 жылы федералдық судья “Кодак корпорейшннің” 1976 жылдан бастап тез
түсіретін фотоаппаратты шығара және сата отырып, “Поларойд корпорейшн”
фирмасына берілген жеті патентті бұзғандығы туралы қаулы шығарды. 1986 жылы
сот қаулысы күшіне енген кезде тез түсіретін фотоаппараттың жылдық
сатылымының 25 пайызы 1980 жылдардың ортасында үлесі де болған “Кодакқа”
осы фотоаппараттар өндірісінің және оларға арналған пленкаларды шығаруды
тоқтатуға мәжбүр болды.
3) Қандай да бір өндірістік ресурстың бүкіл нарығында меншіктің
болуы. Оған мысал ретінде Алмаз нарығында “Де Бирс” фирмасының жағдайын
келтіруге болады. Ол асыл заттарды даярлау үшін жарамды. Өңделмеген
алмаздың 80 пайызына жуығының сатылуын өз бақылауында ұстауының арқасында
алмаз анарығындағы монополиялық билікті ұстап келеді.
Жетілмеген бәсекелестік нарығы үлгісінің ерекшеліктерін тізбелеуді
әрі қарай жалғастыра беруге болады, алайда біздің монополияны сипаттаудағы
мақсатымыздың табиғи монополияның дұрыс бағалау үшін негізгі бағыттарды
анықтауда соңғысының негізгі белгілерін дұрыс түсіну болып табылады.
Монополия бұл ұсыныстың бүкіл көлемі бір субъектіге тиесілі болатын
жағдайдағы нарық нысаны, монополияны осы астар тұрғысынан зерттей отырып,
осы субъект басымдығы анықталатын шекте кеңістік шекараларды анықтауға
үлкен назар аударылады.
Монополия мына фактілермен байланысты:
- монополиялық жоғары баға;
- монополияның инновацияға шектеулі дайындығы.
Монополияның мынадай белгілерін келтіруге болады:
а) монополиялық нарықта бір сатушы және сатып алушы болады;
б) өндірілетін өнім ерекше болып табылады, яғни оны ауыстыратын тауар
жоқ;
в) кедергілерге байланысты жаңа фирмалардың нарыққа кіруі мүмкін
емес.
Бұл аталған кедергілердің әртүрлі себептері болуы мүмкін, мысалы:
- кәсіпорындардың үлкен көлемі және өндіріс көлемінен болатын үнем;
- жұмыстың жекелеген түрін орындауға мемлекет беретін лицензиялар
жүйесі таңдалады;
- сирек игілік өндірісіне байланысты белгілі ресурстарды пайдалануы
меншіктің монополиялық құқығы;
- табиғи монополия кезінде өндіріс жағдайы мен игілік сипатының
маңызы;
- бүкіл нарық туралы ақпарат алу қиындығы.
Монополияның негізгі үш түрі бар:
Жабық монополия - бұл бәсекелестіктен заңды шектеулермен, патенттік
қорғаумен, авторлық құқықтар институттарымен және тағы басқа қорғалған
монополиялар. Мысал ретінде АҚШ пошта қызметінің монополиясын келтіруге
болады.
Ашық монополия - бір фирма өнімнің бірден-бір жеткізушісі болып
табылатын, атап айтқанда белгілі бір мерзімге, алайда бәсекелестіктен
арнайы заңи қорғауы жоқ монополия. Мұндай фирма санатына нарыққа жаңа
өнімдермен алғаш рет шыққан фирмаларды атауға болады.
Қарапайым монополия - өз өнімін әрбір нақты жағдайда өз сатып
алушыларына бағамен сататын монополияның анықтаудың маңызы үлкен.
Олигополия және баға құру жағдайы. Жетілген бәсекелі және монополиялық
рынокта өндіруші фирма өз тауарының бағасын және тиімді өнім көлемін
анықтаған кезде тек қана тұтынушының реакциясымен өзінің жеке өндірістік
мүмкіндіктерін ғана ескеріп отырады. Сондықтан бұл нарықтардағы пайданың
жоғары деңгейге жеткізу, тек қана орташа шығын, шекті шығын қисықтарын және
сұраныс қисығын шектеу арқылы іске асырылады.
Ал олигополия дегеніміз тауардың көпшілігі бірнеше ірі фирма арқылы
өндіріледі. Ол фирмалардың рынокқа әрқайсысының әсері айтарлықтай болып
табылады. Кейбір олигополия монополист сияқты бағаға әсер етуі мүмкін.
Мысалы, бір класты автокөлік нарығы.
Олигополия кезінде баға қалыптасу жетілген бәсекеге ұқсайды. Мұндайда
баға туралы олигополистердің шешімдерін қабылдау жұмысы күрделене түседі.
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
1) Нарықтағы көлемді сату үлесі бар және бір-бірімен бәсекелес
бірнеше фирмалар болады;
2) Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе басым (лидер) фирмалар деп
атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне
едәуір ықпал етеді;
3) Олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-
әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың
стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы
шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкіндіктерін
ескеріп, талдап отырады.
Олигополияның бірнеше моделі бар. Оларға:
- Курно дуаполиясы;
- қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны;
- нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және “картель”.
Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген
бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық модельдерді қарастырған
уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу
пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар
бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін (“баға қақтығысы”), бұл кезде
олардың әрқайсысы рынокты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға
бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де, нәтижесінде бұл
фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда
фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарылатып, пайдасын
максималдауға ынталы болады. Бұл уақытта рынокты бөлу туралы келісім
жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен,
олигополист фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе
ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты
картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады.
Қорыта келе, төмендегідей шешім айтуға болады: бірде-бір модель
олигополиялық рыноктағы фирмалардың өзара қатынасы қандай деген сұраққа
нақты жауап бере алмайды. Сондықтан белгілі бір моделді қолданбас бұрын
қарастырып отырған жағдайды, баға мен шекті шығындар арасындағы қатынасын,
өндіріс саласындағы шоғырлануды және де фирманың іс-әрекетін анықтайтын
басқа да маңызды жағдайларды салмақты түрде талдау керек.
Олигополия рыногының теориясын Курно дуаполиясын қарастырудан
бастайық. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес
өнім өндіреді делік. Бұл фирманың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін
анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет.
Курно дуаполиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару
жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп
санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде
фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау
арқылы жүзеге асырылады. Бұл модельдің негізгі кемшілігі - әр фирманың
өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал
күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару
көлемін, өндірістік жағдайларын ескеріп отырады.
Олигополиялық бәсекедегі ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы
мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан, олигополиялық
бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық
фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр
фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да,
соның нәтижесінде өзі шешім қабылдайды.
Ойын теориясындағы рыноктағы екі бәсекелес фирманың екі балама бағалық
стратегиясы бар деп есептейік. Сонда біріншісі - өнімнің бағасын төмендету,
екіншісі - бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына
қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны талдаулары керек. Фирмалардың
стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз.
Олигополияда фирмалар бәрін қанағаттандыратын бір деңгейдегі бағаны
белгілеуі қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзегеретін болса. Егер рынокта
бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда
айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Осы басым фирма баға белгілейді, ал
қалған фирмалар ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде мұндай көрініс барлық
олигополиялық рыноктарда кездеседі. Бұл жағдайда лидер фирма бірінші өзінің
тауарына деген сұранысты анықтайды.
Жетілмеген бәсекелестік нарық үлгісін бағалау қорытындысын шығара
отырып, монополия мен жетілген бәсекелестіктің нарықтық құрылымының екі
түрі болып табылатындығын атап өткен жөн. Нақты нарықтық құрылымдар осы екі
жағдайдың арасында болады.
Табиғи монополия ұзақ мерзімді орта кедергілер бір фирма бүкіл
базарды толығымен қамтамасыз еткенде ғана ең төменгі мөлшерге жеткізетін
сала.
Кәсіпкерлік монополия ретінде тиісті нарықта ортақ ұсыныстың осындай
үлесін жинайтын, сату көлемі мен әрекет ете отыра, өзіне нарықтық бағаларды
қалыптастыруға мүмкіндік алатын кәсіпорын түсініледі. Қандай да бір нарықта
кәсіпкерлік монополист үлесі жоғары болған сайын олардың әрқайсысының осы
нарықтағы үлесі жоғары. Сол арқылы тиісінше оны монополиялану дәрежесі
жоғары, осы нарық барынша бәсекелі болып табылады. Әдетте, экономикасы
жоспарлы жүйе шегінде ұзақ уақыт бойы дамыған елдерде нарықтық монополияның
ждеңгейі нарық шаруашылығы тарихи қалыптасқан мемлекеттерден гөрі жоғары,
бұл ең алдымен, кәсіпкерлік монополия қалыптасуының әртүрлі жолдарына
байланысты.
Нарықтық шаруашылықта монополиялық бірлестіктер төменнен қалыптасты:
олар өндіріс пен капиталдық жиыны орталықтандырылған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz