Қазақтың ұлттық әйелдер комзолын өндеу


Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстанда 2030 бағдарламасында тәлім-тәрбие тұжырымдамасында; Ұлттық мәдениет пен өнер негізінде жан-жақты эстетикалық тәрбие беру сұлулыққа, тазалыққа үйрету адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі меңгеруге жалпы әлемдік рухани құнды иеліктерді бағалай білуге тәрбиелеу шақтары қарастырылған.
Енді міне, тәуелсіз мемлекет атанып, көк аспанымызда көк байрағымыз желбіреп, алақанымызға төл теңгеміз түсіп, барлық мемлекеттермен тереземіз тең болып жатқан тұста ұлттық сана-сезіміміз өсіп, ұмытыла бастағанымызды іздеуге мүмкіндік туып, даңғыл жол ашылды. Бабаларымыздан жеткен асыл мұраны шаң басқан жерінен сілкіп, тат басқан бетін ашып, кейінгі ұрпаққа қайтаратын кез жеткені қашан. Қазақстанның әрбір аймақтарында, тіптен әрбір облысында кездесетін бірін-бірі қайталамайтын ұлттық киімдерді жинап, кәдеге асыратын кез жеткен сияқты. Өкінішке орай, бүгінгі күнде қазақтың ұлттық киімдері, оның әр алуан қыры мен сыры толыққанды зерттелінбей отыр. Бізде дәл бүгінге дейін қазақтың ұлттық киімдерінің пішілуі, тігілуі, оның түр-түрге (ассортимент) бөлінуі туралы көркем де, техникалық та әдебиеттер жоқ десе де болғандай. Қазақ халқының өте әсем де көркем ұлттық киімдерінің қасиетін, жетістіктерін жас ұрпаққа жеткізу ұлттық педагогика міндетіне кіреді. Оқушылармен еңбек сабағында қолөнерді, киім тігуді үйрету барысында қазақ ұлтының қайта түлеуіне, төл мәдениетінің, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының еркін гүлденуін жас ұрпақтың санасына сіңіріп, эстетикалық тәрбие беріп, әдемілікке, сұлулыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету болашақ еңбек сабағының мұғалімінің басты міндеті болып табылады.
Қазақ халқының асыл қазынасы қолөнердің шығу тарихы мен жасалу жолдары жөнінде көптеген зерттеушілеріміз Ә. Марғұлан, Ө. Жәнібеков, Ә. Тәжімұратов, Қасиманов, Арғынбаев, Ү. Әбдіғаппарова педагогика ғылыми саласындағы зерттеу еңбектерінде де орын алады.
Еліміздің әлеуметтік-мәдениеті, халықтың эстетикалық талғамы өскен сайын, қоғам дамуының барлық саласындағы болып жатқан өзгерістерге сай білім беру деңгейі де өзгеріп әлеуметтік мағынасы жоғары жаңа талаптар жүктеледі.
Бүгінгі күні әлемдік кеңістікте оқу-білім жөнінен үлкен прогрестік процестің жүріп жатқандығы белгілі. Н. Назарбаевтың соңғы Жолдауы осынау әлемдік процестен кейін қалып қоймауды, аяқты өскелең өмір талабымен қатар алып жүруді мақсат тұтып жолданып отыр, -деп ойлаймыз. Бізге, ұстаздар қауымына, дүниежүзілік қауымдастықта болып жатқан сан алуан өзгерістер еліміздің саяси-экономикалық жағдайымен қатар, әлеуметтік саланың ең бір өзекті тұсы білім беру жүйесіне де зор әсер еткенін ескермей болмайды. Қазіргі уақытта білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат, еліміздегі білім беруді халықаралық деңгейге көтеру, оны әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру болмақ. Соған орай ел басы қойып отырған талап-оқу-білім жүйесіндегі реформаның басты нәтижесі ретінде жаңа формациядағы мұғалім тұлғасын қалыптастыру. Әрине, мұғалімнің өзі уақыт талабына сәйкес болуы міндетті. Еңбек пен өнер егіз, ал өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенеді талап етеді. Жаңа кезеңге бет бұру оңай емес. Ол үшін болашақ ұрпағын тәрбиелеу керек, рухани жан дүниесі бар, халқын сүйген ата-баба жерін қадірлейтін ұрпақ қана болашақ тірегі болады. Білім беру жүйесі, жаңа білім беру философиясы және жаңа білім үлгісі сай келуі тиіс.
Кәсіби еңбек арқылы білім беру жас жеткіншектердің мектеп қабырғасында ұлттық мәдениеттің нәрінен сусындауға, озық дәстүрлер мен салт-саналары, тәлім-тәрбие шектеліп қоймай ол халық даналығының қазынасымен сабақтасып жатыр. Халқымыздың ғасырлар бойы қолдаған озық тәрбиесінде негізгі түйін сыннан өткен салт-дәстүрін педагогикалық тәжірибеге қолдану. Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмысын тану, оның озық үлгілерін кәсіби білім беруде пайдалану ұрпақ тәрбиелеуде зор ықпалын тигізері даусыз. Еңбек пәні мұғалімінің осы бағытта оқытуды еңбекке тәрбиелеу жұмысының негізі болып табылады. Білім беру, тәрбиелеу, оқушылардың ой-өрісін, қабілетінің дамуы сабақтың басты мақсаты болып табылады.
Еңбек пәні оқушылардың іскерлігі мен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай, оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады.
Қоғам талабына сай біліммен білімді адамдар мәселесі ешқашан күн тәртібінен түскен емес. Оқушылардың адамгершілік тәрбиесін жүзеге асыру, эстетикалық іс-әрекетін ұйымдастыру мәселелерін зерттеген А. П. Сейтешев болса, болашақ еңбек пәні мұғалімдерінің даярлығы бағытындағы С. Жолдасбекова, Ұ. М. Абдіғаппаровалардың ғылыми зерттеу еңбектерінен көруге болады.
Қазақтың ұлттық қол-өнерінің шығу тегі, даму символикасы, қолданылуы, жасалу жолдарының классифиацияларын қарастырған Басенов, Ө. Жәнібеков, Ә Марғұлан, С. Қасиманов, С. Төленбаев, М. Өмірбекова, Х. Арғынбаев, С. Асанова.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Мектеп оқушыларын “Технология” сабағында ұлттық киім тігуге үйрету арқылы әсемдікке, шеберлікке тәрбиелеу, эстетикалық талғамдарын арттыру.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
Әйелдер комзолының жаңа үлгі нобайын таңдау;
Комзолдың матасын таңдау;
Комзолдың ою-өрнегін орналастыру;
Комзолдың пішімін анықтау;
Комзолдың тігіліу әдісін анықтау;
Комзолды әшекейлеу, безендіріу;
Зерттеу жұмысының жаңалығы:
Комзолға жаңа үлгі таңдалды;
Комзолға мата таңдалды;
Комзолдың күрделі пішімі анықталды;
Комзолға ою-өрнек кестеленді;
Комзол жаңа технологиямен тігілді;
Комзол соңғы үлгімен өңделіп, таспамен әшекейленді;
Кіріспеде жұмыстың мақсаты, тігін өнеркәсібінің мектеп қабырғасындағы кәсіби еңбек сабағымен тығыз байланыстылығы қарастырылады.
Көшендік бөлімде сәнге бағыттамаға тоқталамыз. Қазақтың ұлттық киімдерінің тарихын, дамуын, ою-рнек әуендерінің түрлеріне және орта Азия халқының ұлттық киімдерінің ерекшелігіне тоқталамыз.
Техникалық ұсыныстар бөлімінде бұйымға қойылатын гигиеналық, эстетикалық және тағы басқа талаптар қарастырылған. Осы талаптарға сай өз бағытында бұйымның құрылысына ерекше мән берген. Матаны таңдағанда алынған ерекшеге, мән бағытына лайықты болу керек.
Бұйымға берілген өлшемдер, бұйым сызбысының есептері және бұйымның алғашқы сызбсы конструкциялық бөлімде толығырақ тоқталу мақсатымыз.
Технологиялық бөлімде бұйымды өңдеудің технологиялық тізбектілігі жан-жақты көрсетілген. Құрал-жабдықтар, яғни үлгіні тігу барысында машиналардың номерлері, түрлері көрсетілген.
Экономикалық бөлімде бұйымның өзіндік құны сұраныс көлемімен салыстыра отырып, нарықта тепе-тең бағада болуын қамтамасыз етілді. Барлық шығындарды ескере отырып бұйымның толық бағасын есептеп шығару.
І Көшендік Бөлім.
Әр түрлі элементтері өзара байланысты және үйлесімді бірлікте болатын шығарманың құрлымы көшен болып табылады.
Қандайда болсын киімнің көшеніне сызықтар, пропорциялар, сұлба, самақ, түр, сәндік косымшалар сипаттамалары болып табылады.
Осындай сипаттамаларды пайдалана отырып киім сәндеушілер, суретшілер, конструкторлар, тігіншілер әр түрлі бұйым модельдерін ойластырады.
Көшеннің әсемдігі дегеніміз - көзге бірден түсетін элементтері. Ондай элементтер қазақтың ұлттық киімдерінде сырт киімнің бірі комзолда кездесетін сәнді ою-өрнек, қапсырма, зергерлік бас моншақтар, таспалар.
Комзолдың сұлбасы жартылай қынамалы сұлба. Сұлба - заттың сыртқы бейнесі деген мағына.
Бұл бұйымның түсі адамның сезіміне, жағдайына, көңіл - күйіне күшті әсер етеді. Дипломдық жұмыста қорғалатын комзол үлгісі киім композициясындағы талаптарға сай тігілген. Сұлбасы жағынан жартылай қынамалы, түсі сиякөк, пропоция жағынан барлық бөліктері тепе-тең.
Осындай түсініктерді пайдаланып, мектеп оқушыларының көңіл-күй, тәбиғи сезімталдығын ұштастырып, киім моделін құрастырғанда үлкен жетістіктерге жеткізеді.
Костюм туралы сөз қозғағанда, оның көшеніне алдымен тоқталмай өту мүмкін емес. Киім-кешек ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі біл ұғыммен бейнеленетін модамен тығыз байланыста болады.
КОМПОЗИЦИЯ, яғни көшен сөзі латынның «compositio» сөзінен шыққан. Ол жалпы алғанда «құрастыру, біріктіру, байланыстыру» деген мағынаны білдіреді.
«Костюм көшені» ұғымының астарында костюм бөліктерінің барлығын бүтіндікке келтіру жолы жатыр.
Жақсы, сәтті ойластырылған киім көшенінде артық қосып-алар ештеңе болмайды. Кейде тіпті дизайнерге киімнің бүтіндігін сақтап қалу үшін костюмнің әдемі бір бөлігіен бас тартуға тура келеді.
Киімнің қарапайым түрлерін адамдар палеолит кезеңінде-ақ пайдалана бастаған. Киім формасының дамуында неолит кезеңінде сапалы секіріс жасалды. Осы кезде тоқу, яғни, жіп пен матаның пайда болуы байқалады.
Киім - бұл адам денесін қоршаған ортаның әр түрлі әсерінен (ыстық, суық және ылғалданған, шаң-тозаңнан т. б. ) қорғап тұратын және өсімдіктектес, жануартектес немес жасанды жолмен тоқып шығарылған маталардан тігілген бұйым немесе бұйымдар жиынтығы.
Сонымен қатар киім адамның материалдық мәдениетінің бір элементі болып табылады. Ол адамзат қоғамының, экономиканың, техниканың мәдениетінің өзіндік ерекшелігін, оның дәстүрін, эстетикалық талғамын айшықтай түседі.
Киім бір уақытта бірнеше роль атқарады: қорғаныштық, яғни адам ағзасының қалыпты күйін сақатайды, әлеуметтік, яғни тұлғаның қандай да бір әлеуметтік немес кәсіптік топқа жататындығын анықтайды.
Ұлттық, яғни халықтың көркемдік дәстүрінің көрсеткіші ретінде, эстетикалық идеалға жақындату, әсемдеу, көіктендіру болып табылады.
«Киім» ұғымын кең түрде алып қарастыратын болсақ, бас киімдер, аяқ киім т. б. көптеген бұйымдарды жатқызуға болады.
Түс бұйымының қажетті сапаларының бірі. Сонымен қатар, кез-келген түс белгілі жағдайларда салыстырмалы суық немесе жылы болады.
Түс үйлесуінің заңдылығы шапан көшенін көрсетіп қана қоймай, адам мінезі мен эмоциясына әсер етеді.
Мысалы: қызыл түс - еліктіреді, көк жасыл - сергітеді.
Таңдалынған үлгіге мата қарастырғанда киім көшені және түс үйлесімінің заңдалақтарын ескереміз.
Маман заманға сай бұйым үшін мына қағидаларды ұстану керек.
- бұрынғы дәстүрмен байланыс сақтау;
- алдыға шығу, өрлеудің барлығын игеру;
Әйелдер сырт киімі жасау мұның өзі бәрінен бұрын пропорция өнері.
Суретші өзінің идеяларын дәнекер ретінде беретін материалдың негізгі қасиеттеріне матаның беткі тығыздығы, әдемілігі, қалыңдығы, түсі, жарқылдауы мен фактурасы жатады.
Киімнің көлемі мен массасының дәрежесін анықтау үшін материал фактурасының мәні зор. Тұрақты өңдеулер, бұйым конструкциясының құрамдас бөлігі болып табылады. Бұйымдарды жобалаған кезде тұрақты өңдеулердің төмендегідей түрлері пайдаланылады.
Детальдар (бүрмелер, руликтер, банттар, белдіктер, галстуктер, фаталар, пагондар, клапандар және т. б. )
Ленталар, таспалар, тоқыма баулар, шілтер шашақтар, білезіктер және т. б. көшендік элементтерін үйлестіруге көшендік құралдары деп аталатын ерекше құралдардың көмегі арқылы қол жеткізуге болады.
Көшенді үйлестіру құралына пропорция симметрия мен ассиметрия, контрас пен метрлеп қайталау, ырғақ пен түс жатады. Көшендік құралдарын іріктеу елеулі дәреже киімнің мақсатына байланысты болады. Көшендік құралдарының арасында бірінші арнаға маңыздылық дәрежесі жөнінен де форманы ұйымдастырудағы оның мүмкіндіктеріне байланыстылығы жөнінен де пропорцияларды қою керек. Форма элементтерінің өлшемдік қарым-қатынастары ол бүкіл көшен құралатын негіз Әйелдер киімін жасау, мұның өзі бәрінен бұрын пропорция өнері. Костюмде пропорция ерекше маңызды роль атқарады.
1. 1 Сәнге бағыттама
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық киімдердің ортасында комзолдың жөні бөлек . Ол сонау мыңжылдықтардан осы заманға дейін ұлтымыздың басты киімдерінің бірі болып, біздің бабаларымызбен бірге жасап келеді. Сонау тастағы суреттердегі адамдардың киімінен пештің сұлбасын байқау қиын емес. Атақты ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың жырына құлақ түрсек те комзолдың орны бөлектігін “Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, ағытшы комзолыңның түймелерін” деген өлең жолдарынан байқаймыз. Комзол - қазақ үшін әмбебап, сәнді киім. Оны еркектер де, әйелдер де кие алады. Әйелдерге де қыздарға да жарасады. Оның үстіне комзол жылдың маусымында да қолайлы. Оны жазғы түннің салқынында, көктемдегі сәл ызғырықта, күздің қоңыржай кезінде тастамай киеді. Қазақ үшін ең жылы да жайлы материал - түйенің жүні комзол үшін де керек. Комзолды түйенің жүнінен басып, салып жұқа матасынан тігеді. Ер ыңғайлы, желең жамылғанда әсем мұндай комзол түрлерін қазақ сахынасының барлық бұрышынан кездестіреміз. Осы заманғы сән үйлерінің қатарынан орын алуы комзолдың уақыт көшінен қалмаған, ғасырлар тозаңында тұншықпаған киім екенін аңғартады.
Қазіргі кезде еліміздің сән қойнауынан комзолдың бірнеше түрлері шығарылады. Қазақтың ежелгі киімін осы заманға лайықтап шығаруда.
Қыз балаларға арналған бұл киім жұмысқа және демалыс уақытында ұсынылады.
Қазақстанда сән мен салтанаттың, әдемілік пен әсемдіктің бірден-бір ордасы болып отырған қазақтың ұлттық киім үлгілерін қазіргі заманталабына сай жаңғырту, жаңарту, көпшілікке жеткізе білу бұл біздің ең басты мақсатымыз. Жақсы киім жетілген қоғам белгісі деп есептейтін болсақ, еңбектеген баладан, еңкейген кәріге деін үйлесімді сәнді киініп жүргенге не жетсін. Тәуелсіз елдің туын биіктетуге ұлттық киімнің қосар үлесі орасан зор. Сән бағыты киімдердің әр ассортиментінеоны тұтынатын тұтынушылардың талап-тілегіне, киюге арналған маусымына, қолданылатын жаңа мата түрлеріне конструктивті-технологиялық өңдеуіне қоғамның деңгейіне байланысты өзгеріп отырады.
Киім жеке адам өмірінде ең қажетті, маңызды зат. Киім жеке адамның өміріне маңызды болса, солай қоғамда да маңызды. Киімнің қажеттілігі адам денесінің айналасында микроклимат туғызады. Бұл микроклимат адам денесінің үйлесімді тұрақты температурасын сақтауға мүмкіндік береді. Киім кез-келген шарттарда, адам денсаулығын және жұмыс істеу қабілетін сақтауға көмектеседі.
Киімнің қоғамдағы маңыздылығы киім мәдениетінің дамуына және киі мәдениетінің жалпы сипаттамасы осы қоғамның мәдениет пен экономикалық деңгейін көрсетеді.
Қазіргі кезде киім қарапайым, ыңғайлы және әдемі болуы керек, киімінің сырткөрінісі жиі өзгеріп тұрады. Әсіресе, ерлер мен әйелдер киімі, сыртқы киімнің пішінінің бұлдыркескінінің (силуэт) түрлі түсті гаммасының өзгеруі сән бағытының өзгеруі болып табылады.
Стиль мұның өзі идеялық мазмұнның бірлігі тудырған бейнелі системаның көркемдік бейнелеу құралдарның творчествалық әдістердің орталығы. Стиль дәуірін жалпы көркем бейнесін білдіріп экономиканы өз кезеңінен идеологиясы мен мәдениетін бейнелейді. Стиль тарихи кезеңге сай келіп өнердің барлық салаларындағы сәулет өзара және адам тұлғасымен қандай қатынастармен болатындығына костюмнің тек образды ғана емес, сонымен бірге адамының сыртқы сымбатты да байланысты болады. Киім «костюм» жүйесінде мәнге ие болып тұрған жоқ, оны белгілі бір адам киетіндіктен ие болып тұр. Киім моделін жасау кезінде мынадай елестер, вертикальдарды аса бағалау, толықтырылған кеңістік, кеңестік елесі, фон елестері анағұрлым кең қолданылады.
1. 3 Үлгіге сипаттама.
Бұл комзол жылдың жаз мезгілінде киіледі, көбінесе күрең түсті бархыт матадан тігілген ұлттық әйелдер киімі.
Жартылай қынамалы силуэтті, жағасы жоқ. Алдыңғы бойы екі бөліктен, артқы бойы екі бөліктен тұрады. Алдыңғы және артқы бөлігінде қолтық ойығынан рельеф бүкпесі бар. Алдыңғы бойының өңірі, етегі, артқы бойының етегі, өсімдік элементінен алынған ою-өрнекпен кестеленген.
Комзолдың ұзындығы тізеден жоғары, өрнегі қоңыр қызыл жібекпен кестеленген. Берілген өлшемі : 164-100-108.
Бұл комзол орта жастағы әйел адамдарға арналған сырт киім. Мұндай комзолдар сахна төрінен ерекше орын алады. Күнделікті киюге де ыңғайлы. Бархыт матадан тігілген, тік силуэтті әрі кең пішілген, түсі сия көк. Өрнегі: шуатпалы гүл бүршіктері. Кесте машинамен тігілген.
1. 4 Қазақ ұлттық киімдерінің даму кезеңдері.
Ықылым заманнан, адамдар алғаш аң терісін алып, өздеріне жамылуды, адам түрлі нәзік талшықты өсімдіктерден жамылғы тоқуды үйренген кезден бастап санада “киім” деген ұғым пайда болды. Бұлдыр-бұлдыр уақыттар керуені берірек жылжыған сайын халықтардың киім жөніндегі түсінігі кеңейе түсті. Әуелі баста тек суықтан қорғану, бойды жылыту үшін ғана керек болған киімдердің өмірде алатын орны анағұрлым кеңейді. Адамзат тарихында мың-мыңдаған соғыстар мен майдандар кезінде киім қорғаныш құралы болды. Алдымен суықтан, кейін дұшпаннан қорғану үшін қажет болған киімдер жетілген сайын қоғамдық мәнге де ие бола түсті. Ол сән-салтанатты байқататын бірден-бір құрамға айналды. Моральдық және рухани жағынан адамды ашатын дүниенің бірі де осы киім екендігін қазір әркім мойындайды. Міне, алғашқы қажеттілік пен қазіргі талғамның тарихи жаму жолдары осындай болғандығына дау бар ма? Жұмыр жер дөңгелеп жүр десек, оның алып төсін мыңдаған ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Сол сан нәсілдегі, текті және ұлттағы халықтарды бір-бірінен ерекшелейтін нәрсе де - киім. Қаншама ұлт болса, соншама ұлттық киім үлгілері қалыптасқан. Өйткені әрбір ұлт өзінің тұрып жатқан жер жағдайына, ауа-райына, тарихи жолдарына, қолындағы малы мен кәсібіне және басқа да әлеуметтік жағдайларына қарай өздерінің киім үлгілерін қалыптастырған. Бұл киім үлгілері бір күнде, бір шебердің қолынан шықпағаны да оны қазіргі сән үлгілерінен ерекшелендіреді. Ежелгі дүниеден бізге жеткен ғашықтық дастандары, ертегілер, аңыздар секілді ұлттық киім тоқығанын немесе тіккенін ешкімде білмейді. Оның есесіне жылдар көші жылжыған сайын ұлттық киімдер дами түскен, үнемі байытылып отырған. Қазақтың ұлттық киімдері де өзінің сипатымен, сырымен, сұлулығымен, сәнімен осындай сан ғасырлық тарихтың киімдеріне қарап-ақ қазақтардың қандай халық болғанын айтқызбай немесе өзін көрмей білуге болады дер едім. Ұлттық киімдеріміз ата-бабаларымыздың жауынгер, жаугер, батыр, жаужүрек, халық болғанын көрсетер еді. Өйткені, тірлігі үнемі аттың жалында, халық болғанын көрсетер деі. Өйткені, тірлігі үнемі аттың жалында, түйенің қамында жүрген, көбіне мамыржай, жайа-шуақ жүре алмаған. Аты ауыздықпен су ішіп, өзі етегімен су кешіп тіршілі үшін күрескен. “ Тобылғыны жастанып, қу толағай бастанып” өмір сүрген. Тарихтың терең тамырлы мәндеріне бойласақ, ұлттық киімдерден тұнып тұрған өнеге мен өлшемдерді оқыр едік.
Халықтық ою-өрнек әшекейінің ең бір көп кездесетін түрі - ұлттық киімдер. Сондықтан қазақ өрнек әшекейлерін зерттеушілр С. Дунин, Е. Шнайдер, Р. Курд тағы басқалар қазақ халқының киім үлгілері мен оның әшекейленген өрнек мәнеріне үлкен мән берген. Қазақ киімдерінің түрлерін жинау, үлгі, өрнек мәнерлерін ғылыми тұрғыдан зерттеу Ұлы Октябрь революциясы жеңісінен кейін, қазақ халқының өз алдына мәлімет құрған совет дуәірінде ғана кеңінен өріс алып отыр.
1922-1926 жылдары Қазақстан Республикасының астанасы болған Орынбордың музейі жер-жерлерге өкілдер жіберіп, қазақ киімдерінің түрлерін, үлгілерін жинай бастады. Бұл істе музейдің ғылыми қызметкерлері А. Четырина мен А. Мелков орасан үлкен еңбек сіңірді. Олар неше түрлі жол азаптарын көре жүріп Ақтөбе, Торғай, Қостанай, Орал, Атырау, Семей, Павлодар аймақатырың экспонаттарын жинады.
Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары өте көп: кейде ұлы жүз, орта жүз, кіші жүз руларының атауымен аталады, бірде географиялық мекен атына қарай да бөлінеді.
Ұлы жүз шапанына тоқталатын болсақ, олардың шапандары көбінесе жолақты, сырмалы, етек-жеңдері ұзын, ашық жағалы болып келген. Оңтүстік елі Тәжік, Өзбек халықтарымен көршілес, көпшілік кәсібі бақ өсіріп, егін салу болғандықтан бұлардың киім үлгісімен тігілу мәнеріне осы жағдайлардың ықпал еткенін көреміз.
Орта жүздің шапандары көбіесе бір беткей матадан, сырусыз, сирек қабылып, етектері шалғайлы, жеңдері кең жағалары шолақ ойма немесе түймелі болып келеді. Өйткені орта жүз қалаға жақын, орыс, татар халықтарымен аралас-құралас отырған.
Кіші шапандары да шалғайлы, жеңдері ұзын және кең, жүн тартқан, бидайлаған қалың қайырма жағалы болып келген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz