Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер



1. Патша өкіметінің халық ағарту саясаты.

2. Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептер.
ХҮІІІ ғасырда көшпелі қазақ қоғамы қарама қайшылықтардың шиеленіскен, патриархарлық-рулық құрылыстың көлеңкелі тұстарының ерекше өріс алған жағдайында қарсылады. Қазақстан экономикасы және мәдениеті артта қалған ел болды. Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан, осымен байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас, осы жағдайлардың себептерінен экономикасы мен мәдениеті артта қалды.
Қазақ жері бытыраңқы жағдайда үш жүзге бөлінді, әрқайсысын өз хандары басқарды, хандардың өзара ауыз бірлігі болмады. Осындай жағдайды сыртқы жауларымыз кеңінен пайдаланды. Жоңғар феодалдары 1723 жылы кенеттен қазақ жеріне шабуыл жасап, оның көп бөлігін жаулап алды. Кейбір мәліметтер бойынша, шетел басқыншыларының шабуылы соншама нәтижесінде қазақтар халқының үштің екі бөлігінен айырылды.
Бұл қазақ халқы үшін қиын кезеңді халқымыз «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деп атады, халықтың санасында ерекше із қалдырды. Шетел шапқыншыларына қарсы тұру мақсатында қазақтар өз Отаны үшін жанқиярлықпен күресті. 1728-1730 жж. барлық үш жүздің біріккен күштері жоңғар басқыншыларына ойсырата қатты соққы берді. Бірақ шетел басқыншыларының тарапынан қауып-қатер әлі де сақталған болатын-ды. Осындай қиын кезеңде қазақ қоғамының өкілдері өз жерін сақтаудың жолдарын іздестірді. Олар осындай қорғауды және көмекті өзінің мықты көршісі орыс мемлекетінен сұрады. Кіші Орданы басқарған Әбілхайыр хан 1731 жылы бірінші болып, Ресей қоластына бағынғандығы туралы ант қабылдады.
Қазақ жүздерінің қалған жерлерінің Ресейге қосылу үрдісі жүз жылға тарта уақыт жалғасты.
Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасында жан-жақты байланысты орнатты, патша өкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ халқының тарихында түбірлі шығыс хандықтарының езгісі қаупынан құтқаруға көмектесті. Қазақ халқы үшін саяси-экономикалық, қоғамдық-мәдени өрлеудің жаңа мүмкіншіліктері, болашағы ашылды.
Әлеуметтік қатынастарда ерекше өзгерістер іске асты, ауылдарда таптық жіктілеу үрдісі тездетілді, қазақ кедейлерінің өздерін ғасырлар бойы қанап келген үстем тап өкілдеріне таптық күресі кеңінен құлаш жайды.
Қазақ феодалдары, сұлтандары және билері қолданып отырған патша үкіметінің отарлау саясаты қоғамдық, таптық қайшылықтардың шиеленісуіне алып келді. Қазақ кедейлері орыс шаруаларымен жақындаса түсті.
Орыс-қазақ хандарының езілген бөлігінің таптық мүддесінің көрінуі Е.И.Пугачев бастаған 1773-1775 жж.шаруалар көтерілісі болып табылады, көтеріліске қазақ-шаруа кедейлері де қатысты. 1783-1797 жж. Кіші жүзде Сырым Датов басшылығымен феодалдық езгіге қарсы бағытталған қазақ шаруаларының көтерілісі басталды.
Бұл барлық тарихи оқиғалардың қазақ халқының өмірінде ерекше роль атқарды.
Патша өкіметі өзінің отарлау саясатын іске асыруда бір жағынан, отарлау аппаратына сүйенсе, екінші жағынан, жергілікті феодалдық топтарға арқа сүйеді, қазақ халқы екі жақты езгіге түсті. Бірақ патша өкіметі мен жергілікті үстем таптың қысымына қарамастан, орыс және қазақ халықтарының экономикалық, мәдени-ағарту саласындағы өзара қарым-қатынастары дами түсті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер

1. Патша өкіметінің халық ағарту саясаты.
2. Қазақ жеріндегі тұңғыш мектептер.

1. Патша өкіметінің қазақ халқының халық ағарту
саласындағы саясаты.

ХҮІІІ ғасырда көшпелі қазақ қоғамы қарама қайшылықтардың шиеленіскен,
патриархарлық-рулық құрылыстың көлеңкелі тұстарының ерекше өріс алған
жағдайында қарсылады. Қазақстан экономикасы және мәдениеті артта қалған ел
болды. Қазақ халқының негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болғандықтан,
осымен байланысты көшпелі тұрмыс, патриархалдық-феодалдық қарым-қатынас,
осы жағдайлардың себептерінен экономикасы мен мәдениеті артта қалды.
Қазақ жері бытыраңқы жағдайда үш жүзге бөлінді, әрқайсысын өз хандары
басқарды, хандардың өзара ауыз бірлігі болмады. Осындай жағдайды сыртқы
жауларымыз кеңінен пайдаланды. Жоңғар феодалдары 1723 жылы кенеттен қазақ
жеріне шабуыл жасап, оның көп бөлігін жаулап алды. Кейбір мәліметтер
бойынша, шетел басқыншыларының шабуылы соншама нәтижесінде қазақтар
халқының үштің екі бөлігінен айырылды.
Бұл қазақ халқы үшін қиын кезеңді халқымыз ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама деп атады, халықтың санасында ерекше із қалдырды. Шетел
шапқыншыларына қарсы тұру мақсатында қазақтар өз Отаны үшін жанқиярлықпен
күресті. 1728-1730 жж. барлық үш жүздің біріккен күштері жоңғар
басқыншыларына ойсырата қатты соққы берді. Бірақ шетел басқыншыларының
тарапынан қауып-қатер әлі де сақталған болатын-ды. Осындай қиын кезеңде
қазақ қоғамының өкілдері өз жерін сақтаудың жолдарын іздестірді. Олар
осындай қорғауды және көмекті өзінің мықты көршісі орыс мемлекетінен
сұрады. Кіші Орданы басқарған Әбілхайыр хан 1731 жылы бірінші болып, Ресей
қоластына бағынғандығы туралы ант қабылдады.
Қазақ жүздерінің қалған жерлерінің Ресейге қосылу үрдісі жүз жылға
тарта уақыт жалғасты.
Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасында жан-жақты байланысты
орнатты, патша өкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ халқының
тарихында түбірлі шығыс хандықтарының езгісі қаупынан құтқаруға көмектесті.
Қазақ халқы үшін саяси-экономикалық, қоғамдық-мәдени өрлеудің жаңа
мүмкіншіліктері, болашағы ашылды.
Әлеуметтік қатынастарда ерекше өзгерістер іске асты, ауылдарда таптық
жіктілеу үрдісі тездетілді, қазақ кедейлерінің өздерін ғасырлар бойы қанап
келген үстем тап өкілдеріне таптық күресі кеңінен құлаш жайды.
Қазақ феодалдары, сұлтандары және билері қолданып отырған патша
үкіметінің отарлау саясаты қоғамдық, таптық қайшылықтардың шиеленісуіне
алып келді. Қазақ кедейлері орыс шаруаларымен жақындаса түсті.
Орыс-қазақ хандарының езілген бөлігінің таптық мүддесінің көрінуі
Е.И.Пугачев бастаған 1773-1775 жж.шаруалар көтерілісі болып табылады,
көтеріліске қазақ-шаруа кедейлері де қатысты. 1783-1797 жж. Кіші жүзде
Сырым Датов басшылығымен феодалдық езгіге қарсы бағытталған қазақ
шаруаларының көтерілісі басталды.
Бұл барлық тарихи оқиғалардың қазақ халқының өмірінде ерекше роль
атқарды.
Патша өкіметі өзінің отарлау саясатын іске асыруда бір жағынан,
отарлау аппаратына сүйенсе, екінші жағынан, жергілікті феодалдық топтарға
арқа сүйеді, қазақ халқы екі жақты езгіге түсті. Бірақ патша өкіметі мен
жергілікті үстем таптың қысымына қарамастан, орыс және қазақ халықтарының
экономикалық, мәдени-ағарту саласындағы өзара қарым-қатынастары дами түсті.
Қазақстанның Ресейге қосылуы ХІХ ғасырдың орта шенінде аяқталды.
Патша өкіметінің сол кездегі шет аймақтардың бірі Қазақстанда отарлау
саясатын іске асырғанына қарамастан, бұл қосылу үрдісінің прогрессивтік
мәні болды. Осыған байланысты Ф.Энгельстің мынадай бір айтқан пікірі
еріксіз ойға түседі: Ресей, шынында да, Шығыс жөнінде прогессивтік роль
атқарады... Ресейдің үстемдігі Қара теңіз бен Каспий үшін өркениеттік роль
атқарады1,-деп жазған болатынды. Демек, бұл айтылған ойлардың қазақ халқы
үшін де тікелей қатысы бар деп есептейміз.
Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызды нәтижелерінің бірі-қазақ
еңбекшілерінің орыс халқының оқыз демократиялық бағыттағы мәдениетімен және
білімімен, сол арқылы прогрессивті әлемдік мәдениетпен жақындасуы.
Қазақстанның Ресейге қосылуының қазақ халқының саяси-экономикалық
және мәдени өмірінде елеулі оқиға болды. Бұл үрдіс бірден-бір Қазақстанға
озат экономика мен өндірістің қатынастардың дамуына мүмкіншілік жасады.
Сонымен қатар Қазақстанның Ресейге қосылуын бүгінгі уақыт талабына орай
дұрыс бағалайтын болсақ, бұл үрдістің бастан аяғына дейін ерікті
болмағандығын, бұл жерде еркіндік пен басып алудың, отарлау мен
игерушіліктің орын алғандығын ескеруіміз керек.
Қазақ жерінің Ресей империясының құрамына қосылуының тек
прогрессивтік мәні болды, әйтпесе, қазақтың тоз-тозы шығып, қаңғып кетер
еді, дербес өмір сүре алмайтыны айдан анық болған, сауаттылығы екі пайызға
жуық қараңғы ел патриархалды-феодалдық өмір шырмауынан құтылмас еді дейтін
ұшқары да, бір жақты пікірді сан рет естіп келдік. Осыдан, қазақ халқының
өткен ғасырдағы тарихы сыншылдықпен, объективтік тұрғыдан айтылмады.
Отаршылдық саясаты өз ерікімен қосылудың көлеңкесінде қалдырылды.
Патша өкіметінің өзінен кейінгі қалдырған ауыр мұрасының бірі
еңбекшілердің білім беру ісі мен мәдениет саласында қараңғы қапаста шектен
тыс тоналғандығы бірден-бір белгілі.
Әсіресе, Қазан төңкерісіне дейін Ресейді мекендеген орыс емес
ұлттардың жағдайы өте ауыр халде болды. Жоғары дәрежелі бір чиновниктің
қазақтар туралы Орынбор әскери генерал-губернаторы, граф Сухоленге жазған
хаты осы саясатты дәлелдей түскендей. Онда былай делінген: Мен
қырғыздардың (қазақтардың) қамын жеп, олардың көзін ашып, оларды еуропалық
халықтардың дәрежесіне жеткізбек болатын филантроптардың мәңгі-бақи көшіп
жүретін малшылар болып қалуын, олардың еш уақытта егін екпеуін, ғылымды
ғана емес, қолөнерін де білмеуін шын жүректен тілеймін.
Патша өкіметі қазақ даласында халық ағарту ісін дамытуға, жаңа
мектептер ашуға бөгет жасады. Осы орайда айта кететін жәйт: төңкеріске
дейінгі қазақ халқының сауатсыз болғаны рас, ешқандай дәлелдеуді қажет
етпейтін шындық, ал қазақтар жаппайға дерлік сауатсыз болды делініп келген
тезисті бүгінгі таңда қайта қараудың қажеттігі уақыт талабы екендігін
ескере кеткен жөн.
Патша өкіметі амалсыздан қазақ ақсүйектері мен байлардың балаларына
біраз білім беріп, олар үшін орыс-қазақ мектептерін ашуға мәжбүр болды.

Қазақ жеріндегі алғашқы мектептер.

Орыс қазақ мәдени қатынастары Қазақстанның Ресейге қосылуының
басталуымен байланысты. Осы тарихи оқиғамен қазақ халқының арасында діни
емес білім берудің тарауының алғашқы қадамдары байланысты болып табылады.
ХҮІІІ ғ.орыс дворяндарының жағдайының артуымен осы таптың мақсаты
үшін білім беру саласында көптеген шараларды іске асырғаны белігілі.
Мәселен, 1741 жылы құрылған әскери кадет корпусы жабық сословиелік-
дворяндық оқу орындарының бастамасы болды. Олар дворян балаларын әскери
және азаматтық борышын өтеуге даярлауды қамтамасыз ету қажет болды.
Дворян мәдениетінің орталықтарының бірі бола отырып, кадет корпустары
Ресейдің ұлттық шет аймақтарында, оның ішінде Қазақстанда, ағарту ісін
таратуда белгілі әсер етті.
1744 жылы Орынборда татар мектебі ашылды, онда әскери лауазымды
адамдардың балалары оқыды. Бұл мектепті бітіргеннен кейін кеңсе
қызметкерлері, кеден ісі чиновниктері және аудармашылар мамандықтары
бойынша қызмет атқарады.
Осы мақсатта 1786 жылы Омбыда азиялық мектептің негізі қаланды.
1836 жылы азиялық мектеп жабылып қазақ балалары үшін мұсылман мектебі
ашылды. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан қалаларында әскери
училищелер ұйымдасты, оған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Бір жылда
Қазақстандағы бастауыш мектептің әдіснамалық және тарихи-педагогикалық сипаттамалар беру
Мектепке дейінгі музыкалық білім
Зәки Уәлиди Тоған
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНФОРМАТИКА ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ұлттық педагогикалық ойлардың дамуы
Ұлы ұстаз мәдениет қайраткері Ыбырай Алтынсарин ашқан мектептер
1917-1920 жылдар аралығындағы Астрахан қазақтары
Отандық философия
Пәндер