Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы



Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.5

Негізгі бөлім
Тұран жазығының физикалық географиялық орыны.
Табиғатының қалыптасу тарихы.

1.1. Тұран жазығының физикалық географиялық орынының
ерекшеліктері. Зерттеу тарихы геологиялық құрылысы ... ... ...6.13
1.2. Тұран жазығының геологиялық құрылысы табиғатының
даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.18
1.3. Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.Геоморфологиялық
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.32

Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...71.72
Кіріспе

35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Мақсаты:
- Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен органикалық дүниесінің таралуына ; түзетін әсерін;
- Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық кезендердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық, және палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды;
- Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін ашып көрсету.
Төмендегі мәселелерді шешу көзделген:
- Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- Аймақтың зерттеу тарихын;
- Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі ерекшеліктерін;
- Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар ֵГеография мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Чурахин. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 стр.
2. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.11 -18.
3. Бейсенова А.С. Қазақстанның физикалық географиялық тұрғыдан зерттелуі. 2002 ж. 25 б.
4. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука, 1969. - С. 100-115.
5. . Бейсенова А.С. исторической основы географического иследование Казахстана. Алматы; Казтос ИНТИ, 2001г.
6. Бейсенова Ә.С. Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі. –Алматы: Мектеп, 1990.79-100 б.
7. Бірмағамбетов А.А. Қазақстанның физикалық географиясы.-Алматы: Рауан, 2004. 16-25 б.
8. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
М: Высшая школа, 1986. – С. 250-255.
9. Абдуллин А.А. Геология Казахстана.-Алма-Ата: Наука, 1981. -С.34-45.
10. Беспалов В.Ф. Геологическое строение Казахской ССР.-Алма-Ата: Наука, 1971. - С. 100-115.
11. Абдуллин А.А. Геология и минералогические ресурсы Казахстана. – Алма – Ата: Ғылым, 1994. - С.115-130.
12. Физическая география Республики Казахстана /под ред. Жаналивой. –Алматы: Қазақ Университеті.1998.33-36 стр.
13. В.М.Чупхин от пустынь до степных вершин Алма- Ата: Казахстан, 1966. 50- 55 стр.
14. Ә.Бірмағамбетов. Қазақстанның физикалық географиясы.Алматы: Рауан, 2004. 75-83 б.
15. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.120 – 132.
16. . Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позонлелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР. – М: Высшая школа, 1976. – С. 153-191.
17. Савричевская З.А. Геоморфология Казахстана и Средней Азий – Л: 1965. – С.148 – 161
18. Чупахин В.М. Физическая география Казахстана. Алматы: Мектеп, 1968. 83-90 бет.
19. Физическая география Республики Казахстан /под. ред. К.М.Джаналиевой – Алматы: Қазақ университеті, 1998. – С.135-140
20. Николов Н.И., Гвоздецкий Н.А. Казахстан. Алма – Ата: Наука,
a. 1969. - С. 120-27.
21. Гвоздецкий Н.А., Михайлов Н.И. Физическая география СССР. –
a. М: Высшая школа, 1986. – С. 256-260.
22. Климат Казакстана / под. ред. Утешева А.С. – М: Наука, 1975. -
23. Альпатев А.М., Архангельский А.М., Позоплелов Н.Я. , Степанов А.Я. Физическая география СССР. М.: Высшая школа 1976, 153-191с.
24. .Н.А.Гвоздецкий, Н.И.Михайлов Физическая география СССР. М.: Высшая школа 1986, 250-311с.
25. .Николов Н.И., Н.А.Гвоздецкий Казахстан. Алма-Ата: Наука, 1969. 110-155 с.
26. Климат Казахстана (под. ред. Утешева А.С. М., Наука, 1975. 110-115 с.
27. Флиьнец П.П. Очерки по географии внутренных вод Центрального, Южного, Восточного Казахстана. Алма-Ата, Наука, 1981, 75-94 с.
28. Казахстан природные условия и естественные ресурсы СССР. – М.: Наука, 1969, 128-139 с.
29. . Давыдова М.И., Раковская Э.М. Физическая география СССР. – М.: Просвещение, 1990, 204-211 с.
30. Равнины и горы Средней Азии и Казахстана. – М.: Наука, 1975, 139-158 с.
31. Соколов А.А. Основные почвообразования и почвы Восточного Казахстана. Повышение плородия почь Казахстана. – Алма-Ата, Наука. 1984, 39-60 с.
32. .Усманов У.У. География генетическая исследования и качественный учет земель Казахстана // Успехи почвоведения в Казахстане. Алма-Ата, Наука, 1975, 55-64 с.
33. Формозов А.Н. Животный мир Казахстана Алма-Ата: Наука, 1987, 110-125 с.
34. Молдағұлов Н.М. Ландшафттану негіздері және Қазақстанның ландшафтысы. Алматы: - Мектеп, 1990, 115-122 б.
35. М.И. Давыдова, Э.М. Раковская физическая география СССР –М: Просвещение, 1990г. 203-207 с.
36. Казахстан природные условие и естественные ресурсы СССР. М; Наука, 1969г.
37. Сваричевская З.А. Геоморфология Казахстана и средней Азии
38. Казахстан. Природные условие и природные ресурсы СССР. М; Наука, 1969г., 68-78 стр.
39. Климат Казахстана, // под ред. Утешова А.С. Гидрометеойздат 1959г., 89-93стр.
40. Львович М.И. Реки СССР М; Мысль, 1971г., 131-141стр.
41. Альпатив А. М., Архангельский А.М., Подоплелов Н.Я., Степанов А.Я. Физическая география СССР, М; Высшая школа, 1976г., 96-117стр.
42. Атлас СССР. М., 1983 г.
43. Большой Атлас КазССР. С.18-66

Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

Негізгі бөлім

Тұран жазығының физикалық географиялық орыны.
Табиғатының қалыптасу тарихы.

1. Тұран жазығының физикалық географиялық орынының
ерекшеліктері. Зерттеу тарихы геологиялық құрылысы ... ... ...6-13
2. Тұран жазығының геологиялық құрылысы табиғатының
даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 14-18
3. Жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.Геоморфологиялық

типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 19-32

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..71-72

Кіріспе

35-53°с.е аралығында дүние жүзілік мұхиттан шалғай құрлықтың орталық
бөлігіндегі географиялық орынының ерекшелігіне сай Каледон Герцин, Альпі
қатпарлықтарында түзілген биік және аласа тау жүйелерімен шектескен Тұран
жазығының табйғатының алуан түрлілігінің негізгі себебін ашып көрсету
еліміздің аумағының батыс оңтүстік-батыс және оңтүстік бөлігінің жер
бедерінің,климатының, топырағы мен өсімдіктер жамылғысының қалыптасу
заңдылықтарына әсер ететін негізгі факторларды анықтауға мүмкіндік береді.
Тұран ойпатының құрылықтың ішкі аймағында орналасуы Шығыс Европаның
өзі орналасқан ендіктеріне қарағанда қысы суық, жазы ыстық болып климаты
шұғыл континентілігін;келуімен ерекшеленетін климатының шұғыл
континеттілігінің; желдің,температураның әсерінен жүретін үгілу үрдісін,жер
бедерінің эолдық пішініндерін,құрғақ климат жағдайында топырақ пен
өсімдіктер жамылғысының шөлге тәң түрлерін таралуын анықтайды. Шөлді
шөлейтті Тұран жазығының жан -жақты оқып үйрену табиғат байлықтарын
шаруашылық мақсатта игеру барысын қоршаған ортаның тепетеңдігін сақтау
мәселесін шешу мен қатар, табиғат жағдайларының негізгі ерекшеліктерінің
терен меңгеруге мүмкіндік береді.
Мақсаты:
- Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен
органикалық дүниесінің таралуына ; түзетін әсерін;
- Аумақтың табиғатының қалыптасу тарихындағы әртүрлі геологиялық
кезендердегі палеоклиматтық, палеоэкологиялық, және
палеогеографиялық жағдайларының негізгі ерекшеліктерін;
- Геотектоникалық құрлысымен жербедерінің геоморфологиялық типтерінің
арасындағы өзара байланыстарды;
- Аумақтық табиғат кешендерінің қалыптасуына әкелетін негізгі
факторларды анықтап,табиғи тепетеңдіктің бұзылу, себептерін
ашып көрсету.
Төмендегі мәселелерді шешу көзделген:

- Физикалық, географиялық орынының негізгі ерекшеліктерін;
- Аймақтың зерттеу тарихын;
- Геологиялық даму тарихымен геотектоникалық құрылысының негізгі
ерекшеліктерін;
- Жер бедерінің түзілу жолдары мен аумақта таралуын;
- Климаттың түзілу зандылықтарынымен ішкі суларын;
- Топырағымен өсімдіктер жамылғысының негізгі ерекшеліктерін;
- Табиғат қорғау мәселелерін жанжақты талдап,ой қорытындыларын шығару;
Практикалық манызы: нәтижесінде жинақталған дәлекті матерялдар
ֵГеография мамандығының студенттері, орта мектептің мұғалімі мен оқушылар
Тұран ойпатының табиғатын жан-жақты оқып үйрену үшін, туристік фирмалармен
өңдірістің жеке салаларының мамандары білім көзі ретінде пайдалана алады.
Тұран ойпатының географиялық орыны, Геотектоникалық құрылысы, жер
бедері мен климатының негізгі ерекшеліктері жан-жақты ашып көрсетілген.

Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, қалыптасу тарихы.

1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны, зерттеу тарихы.
1.1.1.Тұран жазығының физикалық-географиялық орыны.

Тұран жазығының шекарасы айқын ажыратылған табиғи шептер мен өтуі мен
ерекшеленеді.Солтүстік-батысында үстүрттің кемерлері мен Оңтүстік Ембі
үстүртері арқылы Шығыс Европа платформасының бөлігі болып табылатын Каспи
маңы ойпатымен, Мұғалжар тауының оңтүстік шығыс шетімен, Солтүстігінде
Торғай үстіртінің оңтүстік шетіндегі кемерлері мен шектеседі. Тұран ойпатын
батыс сібір жазығынан Қостанай Қазан шұнқыры бөліп жатыр оларды бір-бірімен
ежелгі теңіздердін аралығындағы бұғаз болған Торғай қолаты жалғайды. 1
Физикалық-георафиялық аймақты шығысымен Солтүстік-шығысында, каледон
қатпарлы белдеуіне жататын қазақтың ұсақ шоқылы ауданы Сарарқа орналасқан
оңтүстік-шығысындағы Шу-Іле таулары Тұран ойпатын Балқаш-Алакөл
крпитодепресияларынан бөліп тұр.Оңтүстік шекарасы каледон, герцин
қатпарлығында түзілген Тянь-Шань тауларының солтістік және оңтүстік
тізбектері, Альпі қатпарлығына жататын Памир Капетдаг тауларының етегі
батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізі арқылы өтеді Аймақтын еленді
бөлігі батыстан-шығысқа 2500, солтүстіктен-оңтүстікке 2000 шақырымға
созылып жатыр. Ірі тектоникалық құрылымдарымен шектесетін шекарадағы
тектоникалық жарықтарды бойында орналасқан Торғай үстірті, Үстүрт сияқты
жербедерінің көтерінкі пішіндері басқа аймақтан бөлініп жатыр. Жазық 53°-
35° солтүстік ендіктермен 51°-70° шығыс бойлықтың аралықтарында
орналасқан.Аймақтын басым бөлігі 48°-35° солтүстік ендіктердің аралығында
орналасқан Қазақстанның аумағында 41°-53°. Ендіктің аралығындағы Солтүстік,
орталық және оңтүстік шығыс бөлігі кіреді. Ауданы екі милион шаршы
шақырымға жуық.Арал теңізіне қарай еңіс, шеткі бөліктері көтерінкі үстірті
болып келуімен ерекшеленеді. Арал теңізінің жағалауында теңізденгейінен 51
метрден шеткі аймақтарында 200-300 метрге дейін бірдіндеп көтеріледі.2
Географиялық орынының ерекшеліктеріне сай Тұран ойпатының өзіне ғана
тән ерекшеліктері бар.Олар:
- Материктің ішкі бөлігіндегі 35-53 гр. арасы С.е аралығындағы
орынының;
- дүние жүзілік мұхиттан бірнеше мың шақырым қашықта орналасуы;
- оңтүстігінде биік таулы белдеулердің қоршап жат
- мұхиттан қашықта орналасуына орай ауа массаларының
трансфориациялануына байланысты климатының аридтілігі мен жауын-шашынның
аздығы;
- Тропиктік жоғарғы қысымды белдудің солтүстік шетімен Воекоов
білігінің оңтүстік бөлігі арқылы өтуінің климатының шұғыл континентігін
арттыруы;
- транзитті Сырдария мен Амудариядан басқа өзен торларының болмауы;
- Құрғақ дала және шөл зоналарына тән өсімдіктермен жануарлар
дүниесінің таралуы.
Тұран ойпатының жоғарыда аталған ерекшеліктері климаты мен табиғатының
барлық компоненттерінің қалыптасуына тікелей әсеретеді.
Тұран ойпаты бұл ортасында Арал теңізі орналасқан біртұтас ірі ағынсыз
тұйық аймақ болып табылады. Жербедерінің ерекшеліктеріне сай жаң жағын
қоршап жатқан таулардан орасан зор мөлшерде бос жыныстары шөгеді. Ағынсыз
тұйық алқапқа жатуымен теріс радиациялық баланс жағдайнда көп мөлшердегі
тұздың жинақталуы үрдісінің жүруі байқалады. Географиялық орынымен
климатының ерекшеліктеріне сай Евразияның қоңыржай белдеудегі ең аз
мөшердегі жауын-шашын жауады. (100-150 мм. шамасында) тұтастай алғанда
тұран жазығының табиғатына аридтілік тән осыған орай шөлдерде жыл бойы ашық
күнді құрғақ ауарайы басым болып, жербедерін түзуде желмен температураның
әсерінен жүретін физикалық үгілулер жетекшіл орын алады.3

1.1.Тұран жазығының физикалық-геоеграфиялық тұрғыдан зерттеу тарихы.

Тұран ойпаты туралы алғашқы тарихи жазба деректер ежелгі грек
ғалымдары Герадоттың, ортағасырдағы араб саяхатшылары Аль-Идриси мен Аль-
Истрахидің, Абдулафтың, Қазақ жерінен шыққан ғұлама ғалым Аль-Фараби мен
Бабырдың еңбектерінде кездеседі. Тұран ойпатымен Орта Азияның физикалық-
географиялық тұрғыдан зерттеу XVlll ғасырдың бірінші ширегінде І Петрдің
Ресей мен оған шектесетін аймақтардың табиғатын жанжақты зерттеу мақсатыда
ұйымдастырған ғылыми экспедициясынан басталды.
1714 жылы Астраханнан шыққан А.Черкасскидің экспедициясы Каспий
теңізінің Шығыс бөлігі мен Амудария өзеніне сипаттамаларын орыс
саяхатшыларының ішінде алғашқылардың бірі болып ,құрғап қалған ескі арнасы
узбойларды тауып бұрын Каспийге құйғанын анықтады.
1731жылы Сырдария ,Амудария,Жел,Орал өзендері және тоқсан елді мекен
кескіндеген картасын жасады.П.И.Рычков1762 жылы
“Орынбор өлкесінің топографиясы атты еңбегінде Арал теңізіне құятын
өзендермен Орал маңының жербедері жөнінен сол кездегі жазба дерек көздерін
жинақтап біржүйеге келтіріп,алғаш рет Тұран ойпатына ғылыми тұрғыдан
сипаттады.
XVlll ғасырдың соңы мен XlX ғасырдың басында сол кездегі белгілі
болған керуен жолдары арқылы Орта Азиядағы таукенісінің мамандары,
геодезистермен әскери топографтар, елшілер келе бастады. Олардың Орта Азия
табиғатына жасаған сипсттамалары XVlll ғасырдағы саяхатшыларына қарағанда
біршама толық болды.
Арнайы білікті мамандар қатысқан саяхаттар нәтижесінде Тұран ойпатның
жербедері, өзен, таулары, климаты жөнінде ғылыми деректердің ауқымы біршама
кеңейді. Сол кезеңнің өзінде Амудария,Сырдария өзендері аңғарының
Бетпақдала мен Мойынқұмның өсімдіктер ,жануарлар дуниесі жөнінде маңызды
ақпараттар жиналды.
XlX ғасырдың 40-50 жылдары Тұран ойпатының табиғатын кешенді оқып
үйрену мәселелеріне баса назар аударылып арнайы ғылыми экпедиция
ұйымдастырыла бастады.
Амудария мен Сырдарияның Арал теңізінің, Қызылқұмның табиғатын
жанжақты оқып үйренуде 1840-1850 жылдар аралығында А.И.Бутаковтың
экспедициясы ерекше орын алды.Ол өзі болған аймақтың органикалық дүниесін
оқып үйренуге баса назар аударды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап Тұран ойпатының табиғатын оқып
үйрену ісінде Ресей ғылым академиясымен орыс география қоғамы жетекші рөл
атқарып ғылыми экспедицияны ұйымдастыруды қолға алды.1870 жылдары Хиуа
хандығымен Түрікмендердің жеке тайпалары Ресей патшалығының бодандығын
қабылдамағансон аймақты ғылыми тұрғыдан жаңжакты зерттеу ісі оданәрі
жанданды.
1873, 1874, 1875 жылдары Орыс география қоғамы ұйымдастырған Амударья
экспедициясы ауқымымен ғылыми зерттеулерінің нәтежиесі жөнінен Ресейдің
жазық аймақтарында жүргізілген саяхаттардың ең маныздылары болып
табылады.Бұл экпедиция Қарақұм шөлінің ірі бөлігін Амударя өзенінің
аңғарынын табиғатының ерекшеліктерін, батыс узбой мен Каспи теңізіне
апаратын керуен жолдарын зерттеді; Нәтежиесінде Амудария мен Сырдарияның
аралығындағы Қызылқұм шөлі арқылы Самарқант мен Ташкентті жалғайтын жол
бағытының негізі қаланды. Экспедицияның құрамына арнайы мамандырылған бес
топ кіріп онда жиырмадан астам Ресейге белгілі ғалым жұмыс істеді. Каспий
теңізі мен оның шығыс жағалауын, Үстірт пен Маңғыстау түбегін оқып ұйрену
мақсатында Петербургтың жаратылыстану қоғамы 1874 жылы Арал – Каспий
экспедициясын ұйымдастырды. Жоғарыда аталған екі экспедицияда алдарына Арал-
Каспий ойыстарының табиғат жағдайларымен байлықтарын оқып үйреніп,
геологиялық құрылысының жербедерінің, климатымен органикалық дүниесінің
ерекшеліктерін аңықтау мақсатын қойды. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері
ғылымға орасан зор үлес қосты.ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде орыс ғалымдары
Узбойлар арқылы Амударияның суын Каспийге құйып Орта Азияға баратын су
жолын ашу, теміржол салу, пайдалы қазбаларды барлау мәселелерімен
айналысты.
1886-1888 жылдар аралығында В.А.Обручевтің экспедициясы Узбойлар мен
Қарақұмды зерттеу мен айналысып, Қарақұмның теңіз табанында шөгуден емес
аккумулятивтік жолмен түзілгенің аңықтады. Лестті шөгінділерді оқып ұйрене
отырып оның пайда болуының желдін ғылыми болжамын қолдады. 1900-1906 жылдар
аралығында белгілі географ Л.С.Берег Арал теңізінің алқабын кешенді
зерттеулер жүргізді. Зерттеу жұмыстарының нәтижелері 1908 жылы жарық
көрген, Арал теңізі атты монографиясында жинақталып сол кездерде Северцев
болжаған Аралдың құрғап қалуы жөніндегі ғылыми болжамның негізсіз екеніне
және алғы шарттарының жөнінде өзінің ой қорытындысын шығарды.
1895 жылы Орта Азияға Каспи сырты теміржолының салыну жұмысы бастаыну
жұмысы баста Ресейдің орман департаменті қарақұммен қызылқұмды бекіту
жұмыстарын жүргізу мақсатында орманшы В.А.Пасецкийді жіберді. Ол жергілікті
өсімдіктерді отырғызу арқылы құмды тоқтатуға болатының іс жүзінде
дәлелдеді. 1912 жылы география қоғамы құмды шөлдерді тұрақты зерттеу
мақсатында қарақұмда тұрақты жұмыс істейтін репетке бекетін ұйымдастырды
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдын басында Сырдария аңғары мен Жетісуда көші-
қон басқармасының Түркістан бөлімшесі экспедициялық зерттеулер жүргізу
жұмыстарын қолға алынды. Кеңестік дәуірде Тұран ойпатын жан-жақты оқып
үйреніп кешенді зерттеу жұмыстары қолға алынып, арнайы мамандандырылған
экпедициялар ұйымдастырыла бастады.1912 жылы Н.Л.Карженевскийдің
экспедициясы мойынқұмды жаң-жақты оқып үйренудін негізін қалады. 1925 жылы
Қарақұмдағы күкіртті төбелерді зерттеу жұмыстарын белгілі геолог
А.Е.Ферсман мен Д.И.Щербаковтың экспедициясы жүргізді. Осы жылдан бастап
В.А.Дубенский мен Н.А.Димнің экспедициясы Қарақұм каналын салуға қолайлы
дерлерді таңдау мақсатында кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастады.
Олар көпжылдық қарақұм және Түрікмен экспедицияларын бөлінді. Тұран
ойпатының табиғатымен табиғат байлықтарын Ұлы Отан соғысына дейін белгілі
ғалымдар Б.А.Федорович, И.П.Герашмов, А.Г.Доскач, С.Ю.Гемер, А.Е.Ферсман,
Д.И.Щ.рбаков, А.С.Кель, В.Н.Кунин, Е.В.Лобова, Э.М.Мурзаев, М.К.Граве
зерттеді.
Тұран ойпатының табиғатының ерекшелігін Орта Азия мемлекеттік
Университетінің экспедициясы айналысты. Экспедиция құрамында жұмыс істеген
белгілі ғалымдар Д.И.Кашкаров пен Е.П.Коровин орта Азия шөлдерінің типтері
жөніндегі Л.С.Берег пен А.И.Красновтың зерттеулерін одан әрі жалғастырып,
сазды, тасты, құмды, сорлы шөлдерді экологиялық топтарға бөлді. Ұлы Отан
соғысы жылдары оның өзінде Тұран ойпатында зерттеулер жүргізу оданәрі
жалғастырылып ғылыммен іс-тәжірбиенің бір-бірімен одан-әрі жақындай түсті.
Шөлді игеруге байланысты Тұран ойпатының суармалы жерлері мен малазықтың
тән минералды байлықтарын зерттеу ісіне 1960-1980 жылдар аралығында КСРО
ғылыми академиясының, Қазақстан, Өзбекстан ғылым академиялары мен Түрікмен
КСРінің шөл институты зор үлес қосты.
Қазіргі кезенде Тұран жазығының табиғат жағдайлары мен байлықтары
біршама жақсы зерттелген. Жинақталған материалдар ғылымдағы бірқатар даулы
мәселелерді шешуге мүмкіндік бере отырып жаңа түйінді мәселелерді шешуге
мүмкіндік береді. Олардың қатарына Амудария мен Сырдария өзендерінің суын
шаруашылықтың мақсатта шектен тыс пайдалану нәтежиесінде туындаған Арал мен
Қарабұғаз-Голдың тартысуына байланысты Арал маңының шөлденуі мен топырақтын
сортаңдану, судың ластану, өзен суларын тиімді пайдалану сияқты түйінді
мәселелер жатады.

1.2.Тұран жазығының геологиялық құрлысы табиғатыының
даму тарихы

Тұран жазығы тектоникалық тұрғыдан таскөмір,пермь, дәуіріндегі герцин
қатпарлығында түзілген эпипалеозойлық жас платформа болып табылады. Оның
ірге тасыда герцин қырылымы басым. Олардың арасында кембриге дейінгі
байкалдың массивтер қазақтың ұсақ шоқылы ауданының батыс бөлігімен
(Сарыарқаның) Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін аумақтарында көмілген
коледондық құрылымдарда кездеседі.
Тұран плитасының ірге тасы бірқатар тектоникалық жарықтарға
бөлшектенген солардың ішінде жербедерін қалыптастыруда субмеридианальды
бағытта созылып жатқан Орал-Оман, Гиссар-Маңғыстау тектоникалық жарықтары
жетекші орын алады. 5
Тектоникалық жарықтар арқылы тұран плитасының ірге тасы төрт ірі
блокқа бөлінеді. Сарыарқа мен шектесетін солтүстік шығыс блок мезозой мен
кайназой кезендерінде көтерінкі күйінде қалғандықтан кристалды ірге тасы
1000 метр терендікте жатыр. Тек біршама терең крисьалды ойыстарда ғана 2000
метрден астам тереңдікте жатыр. Солтүстік Тянь-Шань мен шектесетін оңтүстік
шығыс блок мезозойда көтерілгенімен Кайназойда Мантяға терең батқандықтан
іргетасы 8-10 шақырым тереңдікте жатыр. Оңтүстік батыс блокта жербедерінің
үш оң пішінді формалары кездесетіндіктен іргетасы 1-3 шақырым терңдікте
орналасқан.2
Кристаллды іргетасын түзетін тау жыныстары Сұлтан-Уаыс, Орталық
Қызылқұм мен Маңғыстау көтерілулерін қамтыған шектеулі аумақтағана
жербетіне шығып жатыр.Олардын негізгі бөлігін орта және төменгі палеозойдың
метаморфтанған тақта тастары,әктастары юра мен кремниленген диабаздар
құрайды. 6 Тұран плитасының кристалды ірге тасының бетін шөгінді
жыныстардың жабуы таскөмір дәуірінің басы мен соңындағы теңіз
трансгрессисының нәтежиесінде басталды.
Палеозой эрасының девон дәуіріндегі каледон қатпарлығының жүруіне
байланысты Тұран ойпатына көршілес жатқан таулы аймақтарда тау түзілу
үрдісі жүріп, құрлықтын ұлғаюына байланысты континентті климат басым болды.
Таскөмір дәуіріндегі тектоникалық қозғалыстардың әсерінен қозғалмалы
тұрақсыз аймақтарқалыптасты кәзіргі Тұран ойпатының орынында геосиклинальды
жағдай саұталып теңіздің орыны болды. Таскөмір дәуірінң климаты біршама
жұмсақ ылғалдылығы мен ерекшеленеді. Таскөмір дәуірінң екінші жартысынан
бастап құрылықтын көлемі ұлғайып теңіз біртіндеп тартылып құрғай бастады.
Тұран ойпатынындағы теңіз табанына әктастар мен қабаттасқан ашық сұртүсті
құмтастар, сазды жыныстардың қалын қабаты шөкті. Пермнің климаты
ылғалдылығымен ерекшеленді Маңғыстау мен Үстіртте континентік жағдай
сақталып қызыл түсті саздар түзілді. Мезозой эрасының триас дәуірінде тұран
ойпатының аумағының іргетасының біртіндеп баяу мантяға батуына байланысты
оңтүстігіндегі жерорта теңізі геосинклиналынан теңіз суы еніп ол Торғай
бұғазы арқалы батыс сібір плитасымен жалғасып жатты. Триастың теңіздік
шөгінділерінің қалындығы бірнеше мың метрге дейін жетті.Олар қазіргі кезде
Маңғыстаудағы Қаратауда жер бетіне шығып жатыр. Олардың негізін
әктастарымен қабаттасқан құм тастар конгомераттармен саздар құрайды.Триас
дәуірінің соңында Тұранның сары-арқа, мұғалжар, Тянь-Шаньмен шектесетін
бөліктерінде тектоникалық жарықтар пайда болып жер қыртысының баяу шөгуі
оданәрі жалғасты. Триастын климаты құрғақ және ылғалды кезендер мен алмасып
отыруымен ерекшеленеді. Юра дәуірінің Тұран ойпатының басым бөлігін теңіз
алып жатты климаттағы өзгерістерді саяз теңіздердін табаныңда кәзіргі
кездегі Торғай, Жыланшық қоныр көмір алабының Торғай, Шу – Сарысу Маңғыстау
Үстірт Қызылқұм мұнайлы газды алыптарының пайда болуына қолайлы әсер етті.
Ылғалды және құрғақ климаттық жағдайының алмасуы өсімдіктердің кеңінен
тарауына қолалй әсер етті. Бор дәуірінің басында жер қыртысының біртіндеп
көтерілуінің әсерінен Тұран ойпатының аумағындағы теңіздер біртіндеп
тартыла бастады. Бордың соны мен палеогеннің басында жер қыртысының матяға
батуының нәтежиесінде теңіз трансгрессиясы жүріп көлемі ұлғайды. Сол
кезенде теңіз суы Тұран ойпатымен Батыс Сібірді басып олардын аралығын
Торғай бұғазы жалғап жатты. Бор дәуірінің сонында казір жазуға қолданылатын
бор теңіз табанына шөгіп қалың қабат тұзеді. 7
Бор дәуірінің климаты аридті және ылғалды климаттарының бірін – бірі
ауыстырып отыруымен ерекшеленеді. Палеоген дәуірінде теңіз трангессиясы
арал маңынан жаңжағына таралды ежелгі теңіз табанына батысында нуконитті
саздар мен құмдар солтүстік бөлігіне кремнилі құмдар, оңтүстігінде және
сазды жыныстары шөкті, ерте палеогеннің өзінде ланшафтардың зоналық
айырмашылықтары байқала батады. Тұран ойпаның оңтүстігінде құрғақ тропиктік
климат жағдайында мәнгі жасыл ұсақ жапырақты ормандар өсті. Орталық
бөлігінде су баспаған жерлерде ылғалды климат жағдайында мезофитті ормандар
басым болды. Сол кезенде тұран мен батыс қазақстанда секвойя, эфкалипт,
емен, лаврлармен пальмадан тұратын ерекше полеобатаникалық полтава
провинциясы басым болса, солтүстік бөлігінде шамшаттан тұратын жапырағын
түсіретін ормандар басым болған. Торғай полеобатаникалық провинциясы
тарады. Неогенде казіргі қара және Каспий теңіздерінің орындағы Сармат
теңізінің трасгрессиясы жүріп ол казіргі Тұран Каспий маңы ойпатарын басты.
Палеоген дәуірінң тартылған теңіздерінің орындарында кең көлемді аумақты
алып жатқан құрлыққа айналды оңын бетіне біртіндеп тұран ойпатымен
шектесетін Сарыарқа, Мұғалжар, Тянь-Шань тауларынан ысырылған көлдік,
батпақтық және өзіндік аккумулиативттік жыныстар, біршама көтерінкі
бөліктеріне магний, калций, гипс карбанатты тұздарға қаныққан қоныр, қызыл
қоныр түсті саздар шөге бастады. Қызыл қоңыр топырақ пен сол кезенге тән
флорамен фауна миоценде тұран ойпатында аясыз жылы құрғақ су тропиктік
климаттын басым болғаның айғақтайды. Палеонтологиялық қазба деректері
қазіргі Тұран ойпатының солтүстігіндегі саванна, орталығымен оңтүстігінде
субтропикттік шөл болғанын көрсетеді. Оны терең бұрғылау кезінде табылған
гипсті шөгінді қабаттар айғақтады. Сол кезенде каспий теңізі екі алапқа
бөлініп оңтүстік каспий ойысы Палео-Амудария, Орта – Каспий ойысы Палео-
Еділ өзенінің суымен коректенеді.8
Палеоценде аталған аумақты құрғақ субтропикттік шөлді климат
сақталды. Қазіргі Балқаш пен Каспийдің солтүстік жағалауында, торғай
өзенінің атырауында субтропиктік дала мен саванна плоценнің соңында Тянь-
шань Памир тауларының көтерілуіне байланысты табиғат жағдайы күрт өзгеріп
субтропиктік саванна Тұран ойпатының оңтүстігіне қара ығыстыырылып
біртіндеп субтропиктік жағдай мүлдем жойылып қоңыржай белдеудің шөлдерімен
шөлейттері қалыптаса бастады. 1,65 милион жылға созылған сонғы төрттік
дәуірінде климаттағы бірнеше өзгерістер болып Тұран ойпатының
табиғатының казіргі жағдайы мен пішіні қалыптасты. Қорыта айтқанда неоген –
төртік дәуірлердегі Тұран ойпатының казіргі жер бедерінің қалыптасуы тау
түзілу үрдісімен теңіз регрессиясы, аридті климат жағдайында жүрді. Тұран
ойпатының батыс блогында неоген – төрттік дуірлеріне дейін ұзақ уақыт бойы
теңіздік режим сақталғандықтан терең теңіз түбінде түзілген әктасты -
мергельді борлы карбонаты шөгінділер саяз сулы жағдайда тұзілген құмды –
сазды шөгінді жыныстарымен кезектесіп отырады. 8
Оңтістік – шығыс блокта терең сулы теңіздік шөгінділердің үлес
салмағы кеміп оның есесіне құрылықтық шөгінділермен кезектесіп келетін саяз
сулы лагуналық әктасты, гипсті сұр түсті саздар басым болады. Кристаллды
ірге тасы биік Сары арқамен шектесетін солтік – шығыс блоктағы шөгінді
қабаттар біршама жұқа әрі қызыл түсті құрлықтын сазды, құмды, шөгінділер
мен конгомераттар гипсті құм тастармен гипстер басым болады. Шөгінді
жыныстардың қабаттардың литологиялық құрамы тек күшті трансгрессия кезінде
ғана бұл аумақты теңіз суы аз уақыт басқанын көрсетеді. Плиоценде теңіздік
жағдай тек қыйыр батыс бөліктегі шеткі иіндерде сақталып саяз сулы
шөгінділер жинақтала бастады. Неоген мен төртік дәуірдегі неотектоникалық
қозғалытардын нәтежиесінде Альпі қатпарлығына жататын Кавказ, Копетдаг,
Памир тауларының түзілуіне байланысты кайназой эрасының екінші жартысында
Тұран ойпатының аумағында ежелгі саяз теңіздер тартылып толығымен құрлыққа
айналды. 7
Төртік дәуірінде жүрген мұз басулар кезеніңдегі Флювиальды климатпен
мұз басу аралық кезендегі құрғақ ксеротермальды (ыстық әрі құрғақ)
климатпен алмасып отыруымен ерекшеленеді. Мұз басулар кезеніңде жабын және
жартылай жабын мұздықтардың типі тау етектеріне дейін түсіп орасан зор су
тасқыны жазықтарға ұсақ түйршікті тау жыныстарын шөктіріп кәзіргі кездегі
орасан зор алқапты алып жатқан қара құм қызыл құм Арал маңы қарақұмы, үлкен
және кіші Борсық құм, Мойынқұм сияқты кәзіргі құмды шөлдердін қалын
қабаттары түзілді. Жоғары қысымды төменгі температуралы таулар мен
жазықтардағы төменгі қысымды, жоғары температуралы аймақтық арасында қысым
мен температура айырмасының әсерінен жел эрозиясы күшейіп тұран жазығының
көршілес жатқан таулы аймақтан өте ұсақ тау жыныстарының түйіршіктері
шөгінлесті сазды жыныстардың қалын қабаты түзілді.

1.3. Тұран ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.
Жер бедерінің геомарфологиялық типтері.

1.3.1. Тұран ойпатының жер бедерінің жалпы ерекшеліктері.

Оңтүстік Ембі үстірті арқылы Шығыс Европа платформасының Каспий маңы
синиклизасының, солтүстігінде Арал алды шеткі иіні арқылы герцинк
қатпарлығында түзілген Мұғалжар (Орал) тау жүйесімен шектеседі. Тұран
ойпатының солтүстігіндегі батыс Сібір плитасынан торғай үстірті бөліп
оларды бір-бірімен Торғай Қолаты жалғап тұр.
Шығысында Тұран плитасын колендон қатпарлығына жататын Сарыарқа аласа
таулы алқабы қоршап жатыр. Оңтүстік – Шығысы мен оңтістік шекарасы және
оңтістік Тянь-Шань, Памир, Копедаг тауларының етегіндегі шеткі тектоникалық
иіндер арқылы өтеді. Батыс шекарасы шартты түрде Каспий теңізінің шығыс
жағалауы арқылы өтеді. 3
Геотектоникалық құрылысының ерекшеліктеріне сай кристаллды ірге
тасы әртүрлі терендікте орналасуына байланысы кең көлемді үстіртермен терең
құрғақ ойыстар кезектесіп келуімен ерекшеленеді орталық бөлігін арал
теңізіне қарай еңіс болып келетін тұран ойпаты алып жатыр. Каспий теңізіне
ұласатын батыс бөлігінде теңіз деңгейінен төмен орналасқан Қарақия (-132м)
Қарныжарық (-70м) Қауынды (-57м) ойыстары бар. Тұран ойпанының оңтістігімен
оңтүстік бөлігіндегі Тянь-шань, Памир, Копетдаг тауларына қарай біртіндеп
көтерілетін үстірттерге ұласады . Солардың ішіндегі ең биігі аймақтың
оңтүстік бөлігіндегі Бадхызбен Қарабел үстірттері (400-800м) Торғай Үстірті
(150-400м) үстірт (100-350м). Амудариямен Сырдари өзендерінін аралығында
Қызылқұм таулары, “Бұқантау” “Тамдытау” “Құлжықтау” сияқты қалдық атулы
алқаптармен үстіртер бар “Қызылқұм тауларының абсалют биіктігі (922м) Шу –
Іле тау сілемдерінікі (972м) Қарабел үстіртінікі (984м) жетеді.
Теңіз денгейінен ең биік және ең төмен орналасқан нүктелерінін биіктік
айырмасы 1000 метрден асады. Биіктік айырмасының ауытқуы әсіресе жазықтың
солтүстік- батыс бөлігінде жоғары 3.
Тұран плитасының ірі орографиялық элеметтерінің таралуына
кристалды іргетасының әркелкілігі әсер етеді ірге тасының көтерінкі
бөлігіне көбінесе зангуз (орталық қарақұм көтерілулері) Торғай үстірті,
Маңғыстау үстірттері жатады ойыстары іргетасы теренде жатқан тектоникалық
құрылымдарға сай келеді олардын қатарына солтүстік арал маңы немесе
оңтістік Торғай ойысы, оңтүстік-шығыс Қарақұм (мургаб иіні), Шу ойысы
жатады кейде ірге тасы теренде жатқанымен үстірт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұран жазығының геогфиялық орынының ерекшелігінің климаты мен арганикалық дүниесінің таралуы
Тұран жазығы
Тұран жазығының географиялық орынының ерекшелігін, климаты мен органикалық дүниесінің таралуын, аумақтың табиғатының қалыптасу мен жер бедерінің геоморфологиялық типтерінің арасындағы өзара байланыстарды ашып көрсету
Арал өңірінің ландшафттарының жүйесі және қалыптасу тарихы
«Шу-Сарысу ойысының табиғатының жалпы ерекшеліктері»
Тұран ойпатының климаты, ішкі сулары, органикалық дүниесі
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Қазақстандағы ірі физикалық – географиялық аудандар
Сырдария өзенінің тармағы
Іле ойысы
Пәндер