1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған өлең-жырлар


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

1916жығы ұлт- азаттық күтерілісі қазақ халқының тәрихындағы елеулі ірі оқыйғалардың бірі болып есептелінеді. Олай дейтіміз, 1916 жылғы ұлт-азаттық күтерілісі, патшалық өкіметтің отаршылдық саясатына қарсы Қазақ жаппай күтеріліске шығуы, Соның ішінде Қостанай, Торғай жағында, Орталық Қазақстанда, Жетісу облысында өте күшті болды. Сол кездегі Қазақ халқының патшлық отаршылдық зорлық-зом былығына қарсы, еркіндік-бостандық алыу жолында өз құқығын жоқтап патша өкіметіне қарсы күтеріліске шығыуы тәрих бетінде мәңгі өшпес із қалдырды. Сондай-ақ, алынбас қамалдай болып көзге көрінетін патшалық өкіметтің құдыретінің оншалық күшті емес екендігін қазак халқына береке, бірлік, ынтымақ керектігін сездіріп ғана қоймай қарапайым халық күтерлсе теңдецсіз күш -жігерге әлемде еш нәрсе тең келе алмайтынын көрсетекен ұлы төңкерліс болды. 1916 жылғы ұлт -азаттық күтерілісі қазақ халқының 1723 жылғы жоңғарға тәуелсіздігін қорғап сақтап қалыу жолындағы ұлт-азаттық күтерілісі мен 1837-1838 жылдары аралығында болған патшалық зорлық -зомбылық отаршылдығына қарсы Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық күтерілісі 1847 жылы Кенесары Қасымұлының қазақстан жріне жаппай салынып жатқан әскери бекністерге «әке көрген оқ жонар», - деп хан тағын құрғысы келіп, патша отаршылдығынан құтылып тауелсіздік еркіндік алуды жатпай- тұамай рамандауы әке ізбасары болып хандық құрып қызығын көріп серуендеп, рахатқа белшесінен бату емс, қайта халқына еркіндік бостандық алып беріп, өз арман тілегіне жеткізіп болашақ ұрпақ адында парызын өтеу мақсатыннан туған адал ой арманы еді. 1916жылғы ұлт-азаттық күтерілісі, сол кездегі қазақ халқының патша өкіметінің отарлық езіп қанауына қарсы шыққан елің бостандық еркіндік жолындағы жан айамай жасаған күрес ерлікткерінің, бұрынан үзілмей жалғасып келе жатқан заңды жалғасы.

1916 жылы таптық және ұлттық езушіліктің, соғысқа деген өшпенділіктің күшеюі жаппай құбылысқа айналды. Соғыс елдегі жалпыұлттық дағыдарыстың пісіп-жетілуі процесін тездете түсті. Соның жарқын бір көрінісі Қазақстан мен Орта Азияның барлық аймақтарын дерлік қамтыған 1916 жылы ұлт-азаттық көтерілісі болды. Көтерілістің шығуының басты себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси сипаттағы факторлар еді. Яғни отарлық езгінің күшеюі, жерді тартып алуы салықтар мен алымдардың өсуі, еңбекшілерді қанау, өлкенің қазақ және басқа бұрыннан тұрғын жергілікті халықтары жөнінде кері идея-ықпалдың жүргізілуі.

Қазақ тарихындағы болған бұрын соңды өткен ұлт-азаттық күрестермен салстыра келген де тәрихый дәуірден алар өзіндік орныбар күтерілістің бұрынғы болған күтерілістерге қарағанда тарихи мән-мазмұны бөлек әдебиет жағынан алып қарасақта әдебиет жанырына қосқан ұлесі мол кендігін күтеріліске қатысты өлең - жырларды оқыған кез бірден көзге шалынады. Мысалы: Бұрын фольклорлық элементтер басым қоштасу, сәлем хат поэзиясы енді қоғамдық ірі оқиғаларды жырлау дәрежесіне көтерілді, оның тәрбиелік және үгіттік мәні ауқым көлемі артты, өзгеше жанр ретінде дамуына мүмкіндік әкелді.

1916-жылы көтерілстерге байлансты өлең жырлар қазақ әдебиетіне көркемдік ерекшеліктермен елеулі үлес қосқан туындылар болды. Бұлардан сол дәуірдегі ел тұрмысын қол бастаған батырлардың ерлігі мен азаматтық тұлғасын танығандай боламыз осы жырлардың быразы көтерілс басылғаннан кейін халық басындағы қайғы-қасыретті бейнелесе, үлкен бір тобы ел арасындағы қайталанбас ерліктерін жырлап, олардың мәңгілік есте қалар бейнесін жасады.

Жалпы алғанда, 1916-жылғы көтерілс жырлары әдебиетіміздің өзгеше биктікке бет алған тұсындағы өмір шындығн терең игерудегі кезең көрініс болып табылады.

Ал тарихы шындық ашылғанда, көркемдік шындықтың бүкіл болымысн терең таныуға мұкіндік туары тағы ақиқат.

Дүниежүзіндегі бұқара халықтардың көркем ой тарихында ауыз әдебиетінің алатын орны ерекше. Ауыз әдебиеті халықаралық ғылыми тілде фольклор деп аталады. Фольклор деген атау ағылшын тілінде (folk-lore) халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Жазба әдебиеттен бұрын әр халықтың көңіл-күйін, тұрмыс-салтын, тарихын көркем сөзбен бейнелейтұғын ауызша айтылып, ауызша таралған әдеби үлгілері болған. Ауыз әдебиетінің өз тән ерекшеліктері мен заңдылықтарын тексеретін ғылымды фольклористика дейді. Дәстүрлі фольклорлық шығармалардың төмендегідей басты-басты белгілері болады: ә) фольклорлық шығармалардың бірнеше нұсқалары, көптеген варианттары болады; б) дағдылы тіркестер бір-біріне ұқсас сюжеттер көптеп кездеседі; в) көркем өнердің бірнеше түрлерінің кейбір сипаттары сақталынады. Фольклор деген атауды тұңғыш рет жазба әдебиетте қолданған ағылшын ғалымы В. Томсон, 1846 жылы Лонданда шығатын «Атенеум» газетінде ауыз әдебиеті туралы мәлімет келтірген. Фольклорлық шығармалар әр дәуірде әр түрлі аталған: «халық поэзиясы», «халық творчествосы», «халықтың ауыз әдебиеті», «халықтың сөз өнері». Халық творчествосының дүниежүзілік тарихы есте жоқ ескі замандардан басталады, кейбір көне жазөба әдебиеттердің өмір тарихы 30-40 ғасырмен өлшенсе, ал халықтың сөз өнері шамамен 100 000-130 000 жылдармен өлшенеді. О бастағы фольклорлық шығармалар ру, тайпалардың ортақ әдеби мұрасы болса, келе-келе қоғамдық қатынастың дамуына байланысты таптық сипат алған. Соның нәтижесінде белгілі бір таптың салт-сана, талғам-талаптарына лайық көркем шығармалар пайда бола бастаған. Еңбекші қарапайым халық жаратылспен қарым-қатынаста, қоғамдық әрекетте және өзімен-өзі сырласқанда өлең-аңыздар шығарған. Оны әдетте жұрт алдында, көп көзінде орындаған. Айтушы да тыңдаушы да бетпе-бет қатар отырып, творчестволық бірлік құрған. Ауыз әдебиеті үлгілерін кез-келген адам шығармаған, оған сөз өнеріне қабілетті, бейімі бар адамдардың қатысы бар. Сұлу сырлы сөздерден көркем шығарма туғызушыларды - ақын, жыршы, жырау, ертекші, шешен дейді. Ал гректерде ел эпостық жырлады орындаушыларды - аэд, француздарша - жанглер, немістерше - шпильман, қырғыздарша - жомоқчу, өзбекше - бахши, кавказдарша - ашуг, орыстарша - сказитель дейді[1, 3-4 ] .

Жыршы-жыраулардың таптық көзқарастарымен ақындық талантына сәйкес, ел арасында кең тараған ертегілерді, аңыздарды, тарихи жырларды әр түрлі идеялық өзгерістерге ұшыратады. өзгеріске түскен көркем фольклордың тағдыры көбінесе екі түрлі күйге ұшырайды. Бір жыршылар бар, олардың біреуден естіген шығармаларының мазмұны текстің дәлме-дәл айтылуына назар аударды. Ал енді бір жыршылар естіген аңыздардың негізгі қадау-қадау діңгектерін ғана қалдырды да, кісі аттары, жер аттары, су атарына іс-әрекеттің даму, шарықтау шегі мен шешілу сатысына біраз өзгерістер негізді. Мұның флоьклорлық варианттар деп атайды. Мәселен қазақ халықының классикалық шығармасы «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мен «Қыз Жібек» жырларының әр түрлі варианттары бар. «Қыз Жібектің» СССР Ғылым академиясында сақтаулы тұрған оннан астам варианты бар. Соның бірі 1887 жылы Мұсабай жыраудың жазып алған варианты. Ол қазір Москваның тарихи музейінде сақтаулы тұр.

ХІХ ғасырдағы Европа оқымыстылар қазақ халқының әдеп-ғұрыптары және мәдени тарихымен таныса келіп:

  • Бұл ел тосын, жұмбақ, қызық ел!-деп атаған. Бұлар көшпелі тұрмыспен, мал шаруашылығымен шұғылданады, жартылай отырықшылыққа бейімделген, бай ауыз әдебиеті, музыкасы бар, өмірге төзіәмді халық деп санаған Россия ғалымдары. Байырғы қазақ халқы не түрлі замандарды басынан кешірген. Әсіресе жаугершілік пен табиғаттың қаталдығынан зор зардаптар шеккен. Соған қарамастан өзінің ұлттық рухани сипатын толық сақтап қалған. Ол ледің даму сатысы мен өсу эволюциясы әріден басталады, әсіресе, өзі мен табиғаттың арасындағы байланысты түсіну, тану барысында сәби, балаң ойларға барған тұстары да бар. Сол кездің өзінде-ақ, бірден дүниенің жұмбақ сырына зерек санамен шолу жасаған: адамзат жаратылыстың бесігінде қашанда бірге болған, оның өмір сүруіне белгісіз сыртқы күштің әсері болып, өмірдің ара салмағы бұзыла береді, жоқшылық пен ашаршылық адамның басқан қадамымен қатарласа жүретіні несі, індет, ауру, мехнат пен бейнеттің тұрақты сипатын өзгертуге болады ма, болса қалай?! Бұл сұрақтардың жауабын халық көркем қара сөзбен, өлең сөзбен айтуға тырысқан. Соның бірі, қазақ халық әдебиетінде ерте зманда пайда болған наным-сенім өлеңдер. Мұнда халық бала секілді бәріне сенеді, ақ көңіллділік көрсетеді, айға, бұлтқа тіл қатады. Алыстағы аспан денелерінің құрылыстарында құпия сиқырлы күш бар, ол әрі қасиетті, әрі киелі деп санаған, соған табынған, жалбарынған, өлеңмен арнау айтқан. Мысалы «Күн жайлату», «Бұлт шақыру» өлеңдерін атауға болады. Бұл өлеңдерде адам жаратылыстың арасындағы тепе-теңдік заңдылығы бұзылғанда, аспаннан жаңбыр жаумай жер бетінде құрғақшылық басталғанда айтылған.

Міне, дүниежүзілік ауыз әдебиеті табиғаттың осындай қым-қуыт жағдайларынан туып шығып, қоғамның дамуымен бірлікте дамып үлгеріп, өркендеп отырған. Болса да, ең алғашқы ауыз әдебиет өз қалпын сактап, өткен тарихтан сыр шертіп, адам мен табиғат арасындағы қатынасыты жақындата түсетіні белгілі жайт. Осылай өркендеген халық фольклоры бүгінгі таңда өзіндік орнын әлі де болса ала алмай, толық зерттелмей келе жатқаны баршаға шындық. Осының ішіндегі біз зерттеп отырған эпостану мәселесі. Қазақ халық ауыз әдебиетінің көлемді көрнекті саласы батырлық, ғашықтық, тарихи аңыздаулардың жиналып баспа жүзін көргеніне, олар жөнінде азды-көпті ғылыми пікірлер айтыла бастағанына ғасырдан артық уақыт өтті. Бұл мәселе төңірегінде түрлі автордың жол-жөнекей айтқан тұжырымдарымен қатар күрделі, жүйелі істерді тындырғаны белгілі.

Еркіндік-азаттықты аңсаған күрес еш уақытта толастап тоқтаған емес. Мұның дәлелі, ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін күреске толы кезең болды.

Саяси-әлеуметтік өлең-жырлар, кезеңдік поэзиясының саяси мәселелерді көтеріп, әлеуметтк мақсат мүдделерді пәш ететін саласы. Қоғам өзгеріс алдында, бұқара толғаныс үстінде тұрған кезеңде саяси-әлеуметтік өлеңдерінің белсенділігі арта түсетіні белгілі. А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтардың отаршылдық езгісі, қазақ қамы туралы өлең-жырлары - соның айғағы. ХХ ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік өлең-жырлар қазақ лирикасының азаматтық, философиялық тереңдіктерін, шынайы халықтың тағлымын толық танытқан туындылар. Бұл орайда, біз ХХ ғасырдың басындағы саяси-әлеуметтік лирикасының ең көрнекті тұлғалары Шәкәрім, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Жүсіпбек, Қошмұхамет, Сәкеннің лирикалық өлеңдерін айтар едік. Осы ақындардың саяси-әлеуметтік сарында лирикалық өлеңдерінің қазақ ұлттының ресей империясы отар жағдайында жүріп, материалдық рухани мәдениеттік дамуына артта қалатынын ойлайтын азаматтық, перзенттік көңіл алаңдаушылығын сездіреді.

1 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тарихи шығу себЕПтері

Қандайда болмасын саяси күрестің жүгінетін ұраны, ел соңынан еретін аталы сөз, ой тетігі болады. Оған біздің заманымызда «идеялогияның» деген айдар тағлып, сол атаумен атап жүрміз. 1916 жылғы көтеріліске нендей идеялогия тұғыр болды. Сол тұғырлы ойдың жібін ұстап елге жол сілтеген, идеологі кім болды? Осындай адам Қарқара көтерлісінің ортасында болды ма? Міне, осы маңызды сұраққа да әр түрлі себеппен, әлі күнге дейін орынды көңіл аударылмай келеді. Бұл сұраққа толық жауап беру үшін «өткен тарихты білмесең, келер күнге жауапкершілікпен қарай алмайсың », - деген ұлық сөзді еске ала тырып. Қазақ халқының ұлыт-азаттық көтерілісін сонау арыдан толғау керек шығар деген оймен. Қазақ халқының ұлт-азаттық күтерілісі 1723 жылғы жоңғарға қарсы күрестің өзінде-ақ айқын көрніс тапқан. сол мезгіл де «ақтабан шұбырынды, алққа көл сұлама» кезінде қазақ халқының өз елін, жерін, тіл дәстүрін жауынан құтқарып сақтап қаларлық қасиеті бар екендігін танытқан нағыз отан соғысы болғандығын сол мезгілде де бүгінгі таңда да тарихи дәуір өзі көрсетіп өмір шындығы өзі айқындап отыр.

Қара таудың басынан көш келеді,

Көшке ілесіп бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айрылған қиын екен,

Қара көзге мөлтілдеп жас келеді.

Сол кездегі елге сүйеу болған Төле бидің: «түннен кейін күн туады» деп ұйымшылдыққа үндеп, қиындыққа бой бермей, мойымай күресуге шақырады. Бұқар жырау, Қаз дауысты Қазыбек, Айтеке би сияқты даналардың аталы сөздері, кейінгі ұрпаққа мұра болып келе жатқан жоқ па!? Шында да сол бір дәуір сын кезеңін де қазақ халқы ата жауын жеңіп азаттыққа жетті, кең байтақ жерін бір тұтас мемелекет болып, оның туын Абылай хан көтерді. «алқа көл сұлама, ақтабан шубырындыдан» кейін қазақтың бірлігі болса ғана халық болып, мәңгі өмір сүретіне көзі жетті.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Жетісу өңірі «түбегейлі» орыс патшалығының жері деп жарияланған тұста Шығыс Түркістанда Қытай өліметіне қарсы ұлт-азаттық көтеріліс (1864-1872ж. ж) бойы көтерілді қанды шайқас болып өтеді. Тап осы кезде Қытайдың шиеленісіне түскен ішкі ауыр жағдайын, Ресейдің патша өкіметі көптен көз тігіп келе жатқан Орта Азияға ауыз салады. Нәтижесінде Ресей Орта Азияны мейлінше айналдырады. Генерал Черняевтың Әулие Атадағы генерал Перовскийдің Ақмешіттегі аюуандығы Шымкент пен Ташкент қалаларын алу үшін жасаған қанды жорықтары, міне осы тұста болғаны белгілі соғыс бар жерде сауданың не берекесі болсын.

ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қарқара жәрмеңкесінің маңызы кемиді.

Орта Азия Ресейге күшпен бағындырылғаннан кейін жағдай біршама өзгерді. 1880 жылы Қытай мен Ресей арасында Түркістан өңіріндегі шекараны анықтау келісіміне қол қойылды. Қарқара жәрменкесінің жаңа талапқа сай жандана түсуіне жағдай туғызады. Араны кең Ресей енді жеті шар Кашимир өңірі мен Ауған жеріне көз тіге бастауына байланысты, Қарқара жәрмеңкесін жаңдандыра түсу өте пайдалы іс деп танылды. 1882 жылы Түркістан генерал губернаторының Қарқара жәрмеңкесін өрістету шаралары туралы ерекше бұйрық жарық көрді. Орыс көпестері Қарқара жәрменкесінде баждан босатылды. Жергілікті қазақ-қырғыз саудагерлері де жеңілдік алды, басқа көрші елден келген саудагерлерге де баж төлеуде көп жеңілдік берілді. Қорытындысында Қарқара жәрмеңкесі тез жаңданып шыға келді. Дүниежүзілік бірінші соғыс басталғаннан кейін қарапайым халықтың басына ауыр күн туғанымен, Қарқара базарына өкімет көрсетілген қамқорлық кемімеді десе де болады. Қазақтардан соғыс мүддесіне деген алым-салықтар көбейді, ел қолында барын базарға апарып сатып салықтан құтылып жатты.

Елім деп еңіреген зиялылардың бірі Албан Асан бұл жайды былай деп суреттейді:

Базарға сатып тауыстын, помы келген атынды,

Жәрмеңкені жағалай көп жатақтар шатылды.

Ғаріп нашар малы жоқ, тұзбен сатты отынды

Сасық күзен, ақ тиін, борсық, күзен сатылды

Базар жақын болғалы пейілі жұрттың тарылды…

Оның Қарқара көтерісі басталып, өрбуіне ықпалы ерекше бөлек болды. Ұлы ғұлама ақын Ілияс Жансүгіровтің арқасында Албан Асаннның «Ақыр заманы» жарық көрді де, ұрпақтарының қолына ілінді. Ілияс Жансүгіровтің дерегіне қарағанда Албан Асан 1915 жылдың жазында 51 жасында дүние салыпты. Көп жасаған ғұлама жан еліне, жұртына айтар өсиетін айтып кетіпті. Оның «Зарын» (жергілікті халық «Асанның зары» деп атаған) 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысушылар жаттап, ересегі сөзге арқау тұтып, бәрі оның зарын күреске тірек етті. Асан қазақтар мен қырғыздардың бір туған, мүддесі бір, заңы бір, зары бір, тағдыры біртұтас халық санап, екеуінің де жоғын жоқтаған жырау.

« . . . Қарқара, Текес көл еді,

Албан-бұғы қонысың!

Шетінен қасқыр жеп жатыр

Келмейді бұған намысын».

деп екі елді біріктіруге, күреске шақырады. Албан Асан отаршылдардың арам саясатын қарапайым халыққа тереңмен түсіндіруге тырысты.

« . . . Ер көңілді азамат,

Түрмеге бәрі айдалды.

Жәрмеңкені тұрғызып,

Тағы да алды пайданы.

Албан бұғы мұнан соң,

Кетуге өрге айналды . . . »

Шынында да қазақтар мен қырғыздар жазалаушылардың басып бара жатқан кезінде осы Асан сілтеген жолмен шыға көшкен еді. Елдің сол кезде қасіретке толы күннің жылы өткен сайын ауырлай беретініне ерекше көңіл аударған Албан Асан:

Былтырдан бері орыс кеп,

Жерді кесті бөліске.

Сыздық жерден өткізіп

Мал жаймадым өріске.

Сайлаудан болған қасірет,

Жұртын толды керіске

Жотада жүрген ел едін

Басын кетті еңіске

Бұзылмаған күніңде

Жақсы едің алыс-беріске.

Жазық жерден айрылдың

Қонысыңнан тарылдың.

Тарыла берсе тағы да

Ірге тимес тегістен.

деп сипаттайды. Албан Асан отаршылдардың зорлығынан, әсіресе керейлердің сорлаған ерекше атап көрсетті:

Егіс егіп жан баққан,

Нашардан алдын пананы

Шетін бассан сызықтың,

Жабады тағы жаланы!

Орысқа тиген жерлерді

Салт атты кісі баспады.

дей келіп, Асан елдің дәстүрінің, салтының аяқ асты болып бара жатқанына да ерекше көңіл бөледі.

. . . Қабырғалы қариялар

Зорлықпен өткен күніннен

Ізет көрмей барасың,

Балаң менен ініңнен.

Әдеп көрмей барасың

Қызың менен келініңнен

Абырой көрмей барасың,

Ата менен жеріңнен.

Жақсылық көрмей барасың,

Алыс, жақын, теңіннен.

Сындырды бас беліңнен

Сайлауларды шығарып,

Бірлікті алды еліңнен

Алтынды балақ, ақ болат

Қар түгіл де дат болды.

Ауыл бірлік кеткен соң

«Дұшпанның көңілі шат болды»-деп,

отаршылдар саясатының түп тамырын терең түсіндірді. 1916 жылы Қарқара жәрмеңкесі осындай сипатта еді. Жәрмеңке орыс саудагерлері белсене араласа бас-басымен сауда-саттық өрісі тез кеміп Қарқара үлкен абыр-дабырдың орталығына айналдырады. Бұл тәсілді патша өкіметі басқа өңірлерде де тиімді пайдаланғаны жоғарыда айтылды.

Ең бастысы көтеріліс баяу дамып ақыры жергілікті халықтың шығындалуына, босуына әкеліп соғудың негізгі себебі - отаршылдық саясатының пәрмені жүзеге асырылған патша өкіметінің ресми саясаты қазақтарды білімнен, бірліктен, қару-жарақтан алыс ұстауға тырысқандығынан қаналған ел жеріне, малынан ғана айрылған жоқ. Ол ең алдымен елдігін қорғап, сөз айтудан қалған еді, тіпті жергілікті халыққа бас қосып, күнделікті тіршілік мәселелерін талқылау үшін жиын өткізуге де рұқсат етілмеді. Өкімет қызметін атқарып жүргендерге өрескел кемшіліктерін айтудың өзіне қарапайым халықтың құқығы болмады. Ондай пікір айтудың парақор, ожар мінезді чиновниктер ұлы патшаға қарсы сөйлеумен пара-пар деп бағалап, өкімет адамдардың бетіне қарап қойған жанды дереу қамауға алып сотқа тар тып отырды.

Еркіндік-азаттықты аңсаған күрес еш уақытта толастап тоқтаған емес. Мұның дәлелі, ХІХ ғасыр қазақ халқы үшін күреске толы кезең болды. 1837-1738 жылдар аралығындағы Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының ұлт-азаттық көтерілісі, 1847 жылдары болған Кенесары Қасымұлының ұлт-азаттық көтерілісі қазақ халқының отаршылдыққа қарсы еркіндік, бостандық, тәуелсіздік алу жолындағы жан қиярлық ерліктері болса, Бұқар мен Махамбет айтқан өлең-жыр ел басына күн туған кезде, қазақ халқын береке бірлікке шақырған, ерлік пен жігерлікке жебеген ұлтымыздың төмендемес асқақ рухының белгісі іспетті еді.

Азаттықты аңсаған күрескер ойдың туын дана Абай қайта қолына алды. Ол «қалың елім қазағым, қайран жұртым» деп халқын береке-бірлікке ұйқыдан оянуға шақырады.

Оның соңынан Ахмет Байтұрсынов ілесті. Оның асыл сөздері халық жүрегіне ұялап, қастерлеп орын алды. «Қаз едік қатар ұшып қаңқылдаған, сақара көлге қонып саңқылдаған», -деп отаршылдық зардабының зарлы дәмін запыранша түкіріп, ата салтын, бабалардың ерлігін еске алады. Ахмет отаршылдардың әкелген алапатын өртке теңеді.

Бір өртке қаулап шыққан душар болып,

Не қалды денемізде шарпылмаған!?

Қазақтың баласысын бәрі мәлім,

Кім қалды таразыға тартылмаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарихи өлеңдердің зерттелуі
ХХ ғ. басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және әдебиет
Ұлт-азаттық жылдарындағы батырлар туралы жырлар
Банктік тіуекелдер және оларды бағалау әдістері
Қазақ фольклорындағы тарихи өлеңдер
Ұлт азаттық көтерілісі жылдарындағы өлең, жырлар
Тарихи жырлардың субъективтілігі
Ұлт-азаттық көтерілістері туралы Қытай қазақтарының тарихи жырлар
Ұлт-азаттық көтерілісі туралы тарихи жырлар
Қарқара көтерілісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz