Қазақстан Республикасындағы экологиялық дағдарыстар
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ 6
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі 6
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық.құқықтық мазмұны әр түрлі нысандары 12
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАР 17
2.1 Экологиялық дағдарыстың мәні және аймақтық сипаты 17
2.2 Экологиялық дағдарыстың әлеуметтік.экономикалық салдарлары 33
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 39
3.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру тетіктері 39
3.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы 41
Қорытынды 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48

Пән: Экология, Қоршаған ортаны қорғау
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ 6
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі 6
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр түрлі
нысандары 12
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАР 17
2.1 Экологиялық дағдарыстың мәні және аймақтық сипаты 17
2.2 Экологиялық дағдарыстың әлеуметтік-экономикалық салдарлары 33
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПБУЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
39
3.1 Қазақстан Респбуликасындағы экологиялық қауіпсіздікті жетілдіру
тетіктері 39
3.2 Экологиялық қауіпсіздік және экономиканың тұрақты дамуы 41
Қорытынды 46
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 48
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгiнгi таңда Қазақстан халқы үшін
үлкен мәселе, ол қоршаған ортаны қорғау. Келер ұрпаққа таза ауа мен су
қалдыру. Ғылыми-техникалық прогрестiң дамып тұрған кезiнде, табиғаттың
пайдасы мен зиянкестi мәселелерiн ұмытпаған жөн. Өндiрiсi дамып келе жатқан
мемлекетiмiздiң қоршаған ортасының ластануына да жол бермеуiмiз керек.
Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен
жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң
тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой
көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк
саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет.
Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи
шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп
мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық
дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында
Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға
арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция
қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған
ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге
қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция
қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды
ұсынады. Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр
бөлiгi.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол -
табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды
ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-
техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық
шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық
талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар
деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ.
Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар
мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президент Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы
Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді:
2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен
үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін
жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс.
Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі
экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз1.
Ғылыми-техникалық прогрестің екпінді дамуы соңғы жүз жылдықтың ішінде
қоғамның өміріне көптеген игіліктерді әкелді, олар өмір сүрудің деңгейі мен
жайлығын көтеруге, адамдардың ауқаттылығын жақсартуына болысты. Бірақ бұл
дамуының ар жағы да бар, ол табиғи байлықтарды өндірудің қарқындауымен және
ластаушы заттар көлемінің артуымен қатар жүреді. Осы жағдайлар қоршаған
орта күйінің нашарлауына әкеліп соқтырды.
Адам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасы өзінің критикалық
шекарасына жетті. В.И. Вернадскийдің айтуы бойынша адам мықты геологиялық
күшке айналды, ол өзінің еңбегі мен ойы арқылы табиғатты одан әрі басып,
өз өмірінің болмысын позитивті қайта құру мүмкіншілігіне ие, бірақта табиғи
процестердің заңды өтуін бұзып, өзіне лайықсыз өзгерістерді тудыруы мүмкін.
Адам өзін табиғаттың заңдарына бағынатын, оның бір бөлігі екендігін, оның
дамуы басқа тірі организмдерінің дамуымен параллельді жүретінін ұмытып
барады.
Қоршаған орта, адамның, тірі организмнің биологиялық түрі ретінде өмір
сүрудің және репродукциясының қажетті шарты болып табылады. Бұл жағдайда
қоршаған орта өмір сүрудің физикалық негізін, адамның интеллектуальді,
қоғамдық және рухани дамуын қамтамасыз ететін қажетті қасиеттері мен
сапаларына ие болуы керек.
Орнықты дамудың принциптерін жүзеге асырудың басты мәселесі ретінде
азаматтардың сапалы, саулы да жайлы қоршаған ортаға конституциялық
құқықтарының қамтамасыз етуін ұйғарады. Қазіргі уақытта өндіріс дамуының
деңгейін мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуын қоршаған ортаның
сапасымен тікелей өзара қарым-қатынаста қарастыруды керек етеді. Бірақ та
қоршаған орта сапасының жаппай нашарлауы қоршаған ортаны қорғау
сферасындағы бар басқару механизмі жай халықтың ғана емес, бүкіл экожүйенің
экологиялық талаптарын қанағаттандырмайтынын көрсетеді.
Осыған орай біздің қарастырып отырған бітіру жұмысымыздың тақырыбының
өзектілігі айқындала түспек.
Бітіру жұмысының тақырыбымен тұспа-тұс келетін бірнеше шетелдік және
отандық ғалымдардың еңбектері жарияланған. Қорқыт ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университетінің оқытушысы Р. Бекмағанбетовтың Экономико-
экологические факторы и механизмы их развития в условиях рынка атты
көлемді табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық және практикалық
проблемалары, Қазақстан Республикасының жер және су ресурстарының
тиімділігін арттыру қарастырылады2. Сондай-ақ, А. Қажымұратованың
Влияние экологического фактора на уровень жизни населения в Республике
Казахстан зерттеуінде табиғатты қорғау және табиғи ресурстарды пайдалануды
жақсартуды жоспарлаудың әлеуметтік-экономикалық мәселелері қаралды3.
Сонымен қатар қазақ тіліндегі осы мәселеге орай қалам тартып, еңбек
еткендердің арасынан З.Ш. Айтуғанованың Экологиялық дағдарыстың аймақтық
сипаты мақаласы және Экологиялық қауіпсіздіктің экономикалық мәселелері
атты диссертациялық еңбегі бар4.
Экономика және экология проблемаларына, соның ішінде экологиялық
қауіпсіздік туралы теориялық ізденістер туралы айтар болсақ, онда отандық
ғалым М.С.Тонкопийдің Экономика и экология еңбегін атап өтуге тура
келеді.
Бұл еңбектерде экономикалық өсу проблемаларымен бірге табыстарды бөлу,
білімнің экономикалық рөлі, адамға жұмсалған инвестициялар, еңбек
өнімділігі мен табыстардың өзара байланыстылығы, кәсіпкерлік қызметтің
тартымдылығы, сондай-ақ адам және экология мәселелері кеңінен қамтылған.
Cондай-ақ аталған проблемалардың күрмеуін тауып, оны талдап, сонымен қатар
оңтайлы шешуге ұмтылыс жасалған.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Экологиялық қауіпсіздіктің әлеуметтік
және экономикалық мәнділігі ғылыми зерттеулерде оларға баса назар
аударылуын жоғары деңгейде талап етіп отыр. Экономиканың қарқынды дамуы,
қоғам мен қоршаған ортаның өзара әрекеттесуінің жалпы және арнайы
мәселелерін сараптау мен шешу мәселелері экология-экономикалық мақсаттардың
жетекші орынға шыққанын негіздеуде сан алуан ғылым салаларына тақырып болып
әрі жан-жақты талқылануда.
Қазақстан экономикасында нарықтық қатынастың қалыптасуы кезеңінде
экология-экономикалық үйлесімді шаруашылық басқаруды, реттеуді және
экологиялық проблемаларды жан-жақты сипаттауды қарастыратын ғылыми еңбектер
мен жарияланымдар жарық көрді.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты
әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеудің теориялық және тәжірибелік
мәселелерін зерттеу арқылы Қазақстан Республикасындағы экологиялық
қауіпсіздікті сақтау әрі оны жетілдіру бағыттарын анықтау.
Бітіру жұмысының мақсатына орай мынадай міндеттерді шешу көзделді:
- экологиялық мәселелердің елдің экономикалық өсу жүйелеріне әсерінің
теориялық және практикалық байланыстарын айқындау;
- елдің экономикасындағы түбірлі өзгерістердің экологиялық хал-
ахуалдарға ықпалын зерттеу;
- экологиялық-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің жалпы
теориялық және әдіснамалық қағидаларын анықтау;
- экологиялық дағдарыстан шығудың жолдарын айқындау және олардың
алдын алу шараларын қалыптастыру.
Бітіру жұмысының құрылымы мен көлемі. Бітіру жұмысы кіріспе, негізгі
бөлімдегі үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады. Жұмыстың көлемі – 49 бет.
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АСПЕКТІСІ
1.1 Экологиялық қауіпсіздіктің мәні, қажеттілігі
Әлемде адамзат тіршілігі бар ортаға біздің білуімізше әзірше тек Жер
ғана жатады. Табиғатпен оның байлықтары адамдардың өмірі мен қызметінің,
олардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы әл-қуатын арттырудың негізі
болып саналады. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау проблемасы қазіргі
заманның маңызды, қажетті мәселелерінің бірі.
Қоршаған ортаны қорғау дегеніміз табиғат пен адамның өзара қарым-
қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, жер мен оның қойнауын, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін тағы басқа табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану,
сауықтыру, сапасын жақсарту, молықтыру. Бұл іс-әрекеттердің бәрі
мемлекеттер заңымен, тиісті нормативтік-құқықтық актілермен, азаматтар мен
қоғамдық бірлестіктердің белсенді араласуымен, мемлекеттік және
мемлекетаралық келісімдермен, конвенциялармен реттеліп жүзеге асырылады.
Қазақстанда Қоршаған ортаны қорғау туралы заң 1991 жылы қабылданған.
Осы заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны
қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді және
экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де
қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға,
биологиялық алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты тиімді пайдалануды
ұйымдастыруға бағытталған.
Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері:
• халықтың денсаулығына, өміріне, еңбегі мен демалысына қолайлы түрде
қоршаған табиғи ортаны сақтау мен қалпына келтіру;
• қазіргі және болашақ ұрпақтардың салауатты өмір сүруіне қажетті
қоршаған ортаны сақтау үшін әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешіп
отыру;
•экологиялық аймақтарда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
шараларын кеңінен қолданумен қатар, бұзылған табиғи жүйелерді қалпына
келтіру;
• табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және молықтыру;
• қоршаған ортаны қорғауға экономикалық жағынан ынталандыру және
табиғат ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуді енгізу;
• биологиялық алуан түрлілікті, ғылыми және мәдени маңызы бар сирек
объектілерді, ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
• қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды реттеп, олардың орындалуына
мемлекеттік тұрғыдан бақылау орнату;
• табиғатқа нұқсан келтіруге жол бермеу;
• халықтың, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктер мен жергілікті басқару
органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және
демократиялық жолмен қатысуы;
• халықаралық құқық негізінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы
халықаралық ынтымақтастық принциптерін сақтау негізінде жүзеге асыру.
Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің
қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адам басқа
тірі организмдерден айырмашылығы, табиғи ортадан өзгеше, өз өмір сүру
ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің
қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана
отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі
организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.
Міне, сондықтан адамның кез келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен
бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат
алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-
әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп
түсінуіміз қажет. Іс-әрекеттің түрі күрделенген сайын, кешенді қорғану
шаралары қажет болады. Кешенді қорғану шаралары мынаны қамтиды: құқықтық,
ұйымдастырушылық, экономикалық, техникалық, санитарлық- гигиеналық, емдік
шаралар.
Адамның іс-әрекетінің қауіпсіздігі - адамның іс-тіршілігі мен қауіп-
қатер бір-бірімен кездеспейтін тұйық шеңбер.
Әрине, адамның іс-әрекетінің процесінде қауіп-қатер әр уақытта
болғанымен, ылғи да бола бермейді. Ондай қауіп болуы үшін үш жағдай болуы
керек: қауіп нақты бар; адам қауіп-қатер аймағында; адамның қолындағы
қорғану құралдары жеткіліксіз.
Сонымен, қауіпсіздік – бұл іс-әрекет кезінде қауіп-қатердің
болмайтындығы айқын болған жағдай
Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында
экологиялық қауіпсіздіктің басымдықтары экологиялық, энергия және ресурс
сақтаушы технологиялар негізінде табиғат пайдаланудың стратегиясы мен
құрылымына принципті өзгерістер енгізу қажеттігін алға тартады.
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасының ұлттық
қауіпсіздігінің табиғи-тарихи негізі және құрамдас бөлігі ретінде жеке
адамның, қоғам мен мемлекеттің қоршаған ортаға шамадан тыс антропогендік
әсердің салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардан өнеркәсіптік авариялар мен
күйреулерден қорғалу дәрежесімен айқындалады.
Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы осылардың экологиялық құқығының
тетіктері болып саналады.
Экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды
мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал
ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай-күйі.
Сондықтан Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің 1) табиғи-
тарихи негіздері, 2) принциптері (қағидаттары), 3)стратегиялық мақсаты, 4)
басқару жүйесі; 5) экологиялық талаптар және өтпелі кезеңнің басымдылықтары
бар.
1. Табиғи-тарихи негіздерге - Қазақстан Республикасының табиғи
ерекшеліктері, оның жартысынан астамы шөл және шөлейт аумақтар, табиғатты
пайдаланудың ресурстық-шикізаттық жүйесі, халық шаруашылығы кешені
өнеркәсіптердің, әскери объектілердің, табиғи техногендік процестердің
зиянды әсерлері мен шетін табиғат жүйелері жатады.
2. Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің принциптері
Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында Жер
планетасының тұтастығы мен табиғатының өзара байланыстылығын мойындай
отырып, Рио-де-Жанейро Декларациясының принциптеріне сәйкестендірілген.
Олардың қатарында мыналар бар: адамдардың табиғатпен үйлесімдікте
салауатты және жемісті өмір сүру құқығы, мемлекеттің өз табиғи ресурстарын
игеру жөніндегі егеменді құқығын іске асыруы және ұлттық юрисдикцияның
қолдануы шегінен тыс басқа мемлекеттердің немесе аудандардың қоршаған
ортаға келтірілген залалы үшін жауапкершілікті мойындауы; мемлекеттің
қоршаған ортаны дамыту мен қорғау жөніндегі құқығын іске асыру қазіргі және
болашақ ұрпақтардың қажеттіліктерін әділетті қанағаттандыруды қамтамасыз
етуі, мемлекеттің экологиялық тұрғыдан мейлінше шетін ел ретінде Қазақстан
саясатында оның қажеттіктері мен мүмкіндіктерін пайдалану және басым түрде
еске алуы; жердің экологиялық жүйесін сақтау, қорғау және оның салауатты
жай-күйімен тұтастығын қалпына келтіру мақсатындағы ауқымды әріптестік пен
ынтымақтастық, өндіру мен тұтынудың тіршілік етуге қабілетсіз үлгілерін
азайту және істен шығару әрі тиісті демографиялық саясатты қуаттау
негізінде тұрақты даму мен неғұрлым жоғары өмір сүрудің дәрежесіне қол
жеткізу; қоршаған ортаны тиімді пайдалануда әйелдердің маңызды ролі және
олардың тұрақты дамуға қол жеткізу үшін жан-жақты қатысуының қажеттілігі;
барлық мүдделі азаматтардың экологиялық мәселелерді шешуге пәрменді қатысуы
үшін жағдайлар туғызу, мемлекеттің қоршаған ортаның сапасы мен оған әсер
ететін қауіпті материалдар жөнінде ресми ақпараттың ашық болуын,
жұртшылықтың шешімдер қабылдау процестеріне қатысу мүмкінділігін қамтамасыз
ету, жұртшылықтың хабарлылығын дамыту және қуаттау.
3. Экологиялық қауіпсіздіктің стратегиялық мақсаты мен міндеті:
халықаралық қатынастарда, интеграциялық процестерде экологиялық мәртебенің
ерекшеліктерін тиісінше есепке алу;
- қоршаған ортаның жай-күйіне жүргізілетін бірыңғай мониторинггің
жүйесін енгізу;
- экологиялық қауіпсіздік пен табиғат тұрақты пайдалану жөніндегі аса
маңызды, соның ішінде, іргелі (фундаментальный) проблемалар жөніндегі
ғылыми зерттеулердің өзара орнатылуын қамтамасыз ету;
- Қазақстан Республикасының табиғи орта сапасының жай-күйін бағалауды,
оның аумағын экологиялық аудандастыру мен арнаулы картаға түсіру;
- қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқаруды
реттейтін табиғат қорғау заңының жүйесін жасау, экологиялық бақылау
жүйесін жетілдіру;
- табиғат пайдалану жоспарларын қоршаған ортаны қорғау мен тұрақты
пайдаланудың экологиялық бағдарламаларын, жүйелерің әзірлеу;
- экологиялық білім және тәрбие беру жүйесін дамытуды;
- қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдаланудың экономикалық
тетігін (механизімін) жасау;
- қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану мен дүлей апаттардан
сақтану проблемалары жөнінде халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын
әзірлеу.
Қазақстан Республикасында экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасын
іске асырудың негізгі стратегиялық бағыттары - ресурс сақтаушы экологиялық
таза технологиялар әзірлеу және енгізу, жұмыс істеп тұрған өндірістік
процестерді моделдендіру және жетілдіру жолымен республиканың әлеуметтік-
экономикалық және адам тұрмысының дамуын қамтамасыз ету.
1998 жылғы 26 маусымда күшіне енген Қазақстан Республикасының
"Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы" Заңында "экологиялық
қауіпсіздік - жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің өмірлік маңызды мүдделері
мен құқықтарының қоршаған ортаға антропогендік және өзге де әсерлер
салдарынан туындайтын қауіп-қатерден қорғалуының жай-күйі" деп анықтама
берілген5.
Сонымен экологиялық қауіпсіздік дегеніміз не? Шамамен экологиялық
қауіпсіздіктің 500-ге тарта анықтамасы бар екен. Бірақ кәдімгі қарапайым
деңгейдегі түсінікке аударсақ, онда бұл дегеніміз халықтың антропогенді
және табиғи факторлардан тұратын теріс мәнді биологиялық жүйеден қорғалуы.
Жалпылама шама ретінде қазіргі таңда экологиялық тәуекелді атап отыр,
ол организмнің немесе популяцияның, бір сөзбен айтқанда биологиялық жүйенің
күйреуінің ықтималдығы болып табылады. Осы шама қазіргі таңда БҰҰ-ның
қарамағындағы ұйымдарда, атап айтсақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау
ұйымында, сондай-ақ Қазақстан Республикасында да ресми шама болып табылады
Қазіргі әлемде экологиялық процестер жаһандық масштабтарға ие бола
түсуде. Бұл туралы мамырдың 25-інде Астанада ашылған қоршаған орта және
даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының 5-ші отырысында Қазақстан
Республикасының Премьер-Mинистрі Даниал Ахметов айтты. Сондай-ақ, Премьер-
Mинистр Қазақстанның қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне үлкен көңіл бөліп
отырғандығын жеткізді. Атап айтқанда, республикада 2004-2005 жылдарға
арналған экологиялық қауіпсіздік Тұжырымдамасы құрылған. Бүгіндері
Қазақстан көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылады. Біз
экологиялық қауіпсіздік проблемалары жөніндегі негізгі келісімдерге
қосылдық. Азия-Тынық мұхиты аймағында біздің ел Шанхай ынтымақтастығы
ұйымы, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары секілді ұйымдардың
аясында табысты қарым-қатынастар орнатуда, - деді ол6.
Қазақстан егемендік алған соң көптеген экологиялық проблемалармен
бетпе-бет қалғанын айтты. Көз алдымызда жоғалып бара жатқан Арал
мәселелері, ядролық сынақтар шарпыған кең байтақ елді мекендер, мұнай-газ
секторындағы және басқа да өндіріс орындарының зиянды қалдықтармен күресу
кеңес өкіметінің Қазақстанға мұраға қалдырған еншісінің бірі болды.
Қоршаған орта мен халықтың денсаулығына зиянды мәселелердің басым бөлігі
құпия түрде сақталып келген болатын. Дегенмен, бүгінгі күні Арал, Каспий
маңы және еліміздегі сынақ алаңдарының зардаптарын ғаламдық проблемаларға
жатқызуға толық қақымыз бар, деді экология министрі. Оның айтуынша,
Мемлекет басшысының қолдауымен 2003 жылы қауіпсіздік кеңес отырысында алғаш
рет экологиялық қауіпсіздік мәселесі көтеріліп, ол бойынша маңызды шешімдер
қабылданды. Сонымен қатар, 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық
қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасын Елбасы мақұлдады.
"Елің сенің ертегі, жерің сенің ертегі!" деп "Қыз Жібек" жырында Шеге
ақын суреттейтін еліміздің сұлу табиғатын сақтап қалу мәселесі енді қандай
маңызға ие болатындығын мына жайт жақсы аңғартады: жақында ғана Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі болған Нұрлан Әбділдаұлы
Исқақовтың мәлімдеуінше, Қауіпсіздік Кеңесінің күздегі отырысының күн
тәртібіне экология мәселесі шығарылмақ. Таяуда елді елең еткізерлік тағы
бір жаңалық естідік: "Биыл біз тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш "экологиялық
атласын" жасауды аяқтап оны басып шығарды. Бұған дейін мемлекет сонау 1983
жылғы мәліметтерге құрылған Қазақ ССР-нің атласын пайдаланып келген
болатын". Осылайша, жыл соңында әр қазақстандық көсілген кең-байтақ қазақ
даласының өзі тұратын атырабында экологиялық ахуал дәл қазір қандай
деңгейде екендігін, сондай-ақ Қазақстанның қай аймақтары тіршілік етуге
мейлінше қолайлы болатындығын нақты біле алады.
Нұрлан Исқақов бұдан былай экологиялық талаптар жоғарылайтынын
нықтайды. Мысалға, егер өзен-көл тазаланатын болса, түпкі нәтиже – сондағы
су сапасын таза ауыз су дәрежесіне жеткізу болмақ. Біз өзендерді таза
ауыз су сапасына дейін тазартуға тиіспіз, – дейді қоршаған ортаны қорғау
министрі. – Мысалға, қазір Нұра өзенін улы сынаптан арылту жобасы
даярлануда, соған қатысқан жапондық делегация озық дамыған Еуропа елдерінде
дәл осы мақсатты көрсеткіш нысанға алынатынын мәлім етті. Ол нақты
айқындалған, осыған біз ұмтылатын боламыз, осыны біз инвестициялық қаржымен
қамтимыз. Әйткенмен, Қазақ жерінің табиғатын бір демде жаппай түлетіп
жіберуге ел қазынасының қауқары әзірге жетпесі анық. Оған, тіпті дәулетті
елдер де батылы жетіп, бара алмауда. Сондықтан Қазақстан Германияның
тәжірибесін әжетке жаратпақ. – Германияда таза зоналар әдісі қолданылады,
– деп баяндайды Нұрлан Әбділдаұлы. – Мысалға, Рейн кезінде әлемдегі ең лас
өзендердің бірі болғанын білесіздер, қазір ол әлемдегі ең таза өзенге
айналды7. Немістер алдымен өзеннің флора және фаунаның тіршілік кешуі
үшін қолайлы, ең таза бөліктерін таңдап алған және сол тұстардан тазалықты
ақырын-ақырын өзеннің бүкіл бойына жайған. Қазір біздің осы бағытта
жоспарлаған қадамдарымыз бар.
Тәуелсіз Қазақстанның қазіргі кезеңдегі даму жағдайында экономикалық
қауіпсіздікпен қатар экологиялық қауіпсіздікті сақтаудың маңызы ерекше.
Егер экологиялық қауіпсіздік тұрғысынан қарасақ, Қазақстанның дамуында
төмендегідей экономикалық өзгешеліктер және әлеуметтік ерекшеліктерді бөліп
көрсетуге болады:
- табиғи ресурстарды біржақты пайдалана отырып, шикізаттарды
есепсіз, орасан зор көлемде шығару және сату, тұрмыстық және өндіріс
қалдықтарын өңдеу жүйесінің жоқтығына қарамастан, ауылшаруашылығына
пайдаланатын жерлердің тозғанын айналымнан шығарып тастап, тек қана жаңа
жерлерді игеру арқылы экономиканы экстенсивті өркендету;
- экологиялық жүйеге үнемі кері әсер ететін табиғи өндіріс
орындарын пайдалануға басымдық беру арқылы халық шаруашылығының құрылымын
өзгерістерге ұшырату;
- экономиканы милитаризациялау;
- техникалық жүйенің осалдығы және экологиялық қауіп-қатері жоғары
кәсіпорындардағы кадрлар мамандығының жетімсіздігі;
- өндіріс орындарында технологиялық процестерде қолданылатын табиғат
қорғау жабдықтарының ескіруі және тиімсіздігі;
- қала халқының өсуі, табиғи ресурстарды пайдалану есебінен
экономиканың мемлекеттік және жекеменшік секторларында тауарларға және
қызметке сұраныстың өсуі;
- стихиялық және антропогендік апаттар, апатты жағдайлар және түрлі
бақытсыздықтар8.
Адамның бірінші байлығы – денсаулық. Демек, қоршаған ортаның
экологиялық дағдарысқа ұшырауы адам денсаулығына орасан зиян келтіретіні
анық. Қазақстан аумағында жүргізілген зерттеулер көрсеткеніндей, біздің
азаматтардың денсаулығына кері әсер ететін ең зиянды факторлардың арасынан
ерекше алаңдататыны экологиялық фактор (42,1 пайыз) болып отыр.
Адамзаттың, әсіресе, планетаның биосфера региондарындағы экологиялық
жағдайы қиын мемлекет халықтарының (оның ішінде Қазақстан да бар)
экологиялық қауіпсіздігіне төнген жалпы қауіп-қатерін ғаламдандыру, сондай-
ақ соғыс қауіпсіздігі қатерін бәсеңдетуді ескере отырып, реформалардың
экономикалық мүдде пирамидасын және иерархиялық әлеуметтік басымдыктарын
пайдалы қазбалар игерудің ақылға қонымды, табиғи-тарихи және экологиялық
негіздерді сактай отырып, тиімді бағыттарын талдап жасау керек. Еліміздің
мемлекеттік институттары мен субъектілері және объектілерінің қандай
экологиялық жағдайда екендігін есепке алу қажет.
Қауіпсіздікті өлшеудің негізгі критерийлеріне қауіпті алдын-ала сезу,
оның қазір және келешекке келтіретін әлеуметтік және табиғи зияндарын
анықтау мүмкіндігі және алдын алу шаралары жатады.
Қауіпсіздіктің объектілері мен субъектілерін анықтауда тек әлеуметтік
саламен шектеліп, адам мен табиғатты екіге бөліп қарастыруға болмайды, ол
табиғаттың, қоғам мен адамның жүйеленген бірлігін бұзады.
Экологиялық қауіпсіздік Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздігі
жүйесінің құрамдас бөлігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық
қауіпсіздік жүйесіне қатысуының маңызды мәселесі болып табылады. Қоршаған
ортаның сапасының төмендеуі, ірі техногенді апаттардың салдары, климат пен
табиғи ортаның ғаламдық өзгеріске ұшырауы Қазақстан Республикасы
азаматтарының денсаулығының төмендеуіне, экономикалық шығындарға және
табиғаттың құруына әкеліп соғады. Экологиялық қауіп еліміздің әлеуметтік-
экономикалық дамуына жан-жақты кедергі жасап отыр.
1.2 Нарық жағдайында экологияның экономикалық-құқықтық мазмұны әр
түрлі нысандары
Қозғалыс табиғатты қорғау жөнінен әлемдік ауқымда қаралатын, кейінге
қалдыруға болмайтын және жоғары имандылықты талап ететін мәселе болып
табылады. Адам мен табиғаттың қарым — қатынасы экологиялық-экономикалық
қатынас ретінде қарала бастады.
Біздің республикамыздың территориясы көлемі жағынан әлемде тоғызыншы
орынға ие. Менделеев таблицасындағы 105 элементтің Қазақстан қойнауынан 99-
ы табылды, 70-інің қоры зерттелді, өндірісте 60-тан пайдаланылуда.
Қазақстанда отын өндірісі: көмір өндіру, мұнай және газ өндіру, түрлі
— түсті металлургия; мыс, қорғасын, мырыш, алюминий және титан - магний
өндірісі, қара металлургия: сапалы қара металлургия өндірісі дамыған. Осы
өндірістер суды, ауаны, жерді, жер қойнауын бүлдіріп қана қоймай, барлық
тіршілік дүниесіне әсерін тигізеді.
Климатологтардың пікірі бойынша, республика территориясында климаттық
антропогендік өзгерістері бар екендігі дәлелденген. Өлім деңгейі бұрынғы
КСРО елдерімен салыстырғанда екі есе көп, ал балалар өлімі жағынан әлемде
ең арттағылардың қатарында.
Экология ең негізгі саяси проблемаларға айналды. Қазақстан экологиялық
жағдайының мұншама қайғылы болуының ең басты себептерінің бірі өнеркәсіп
орындары мен ведомстволарға табиғатты қорғау қазіргі кезде экономикалық
жағынан тиімді болып отырғанында. Экономикалық реформа ғана бұл жағдайды
түпкілікті өзгерте алады. Барлық табиғи байлықтардың құны мен қожайыны
болуы керек. Табиғатты пайдаланудағы бейбастықты тек қана экономикалық
жағынан мүдделі субъект тоқтата алады.
Табиғаттың жалпы күйзеліске ұшырауына кінәлілердің бірі ғылыми-
техникалық прогресс.
Ертеңгі күннің технологиясы қандай болуы қажет? Экологиялық тұрғыдан
қарағанда, табиғатты пайдалану технологиясын табиғатпен бірлесе қызмет
технологиясына көшу бағыты дұрыс деп есептеледі.
Әлемнің ірі-ірі қалаларында ауаны ластаудың 23 бөлігі автомобиль
транспортының үлесіне тиеді. Табиғатты бүлдіруге ат салысып жүрген негізгі
он бүлдірушінің ішінде, БҰҰ-ның таблицасы бойынша, автомобильден бөлінетін
көміртегі екінші орында жүр.
Егеменді ел болдық деп бөркімізді аспанға атып жүрміз. Бірақ
табиғатымыз күн санап азып барады. Бұрын бұған орталықты кінәләдік, ал
бүгінгі таңдағы туған жерге табиғатқа деген немқұрайдылыққа ертең кімді
кінәлар екенбіз? Қазір өзіміз би, өзіміз қожа емеспіз бе? Ел аман жұрт
тынышта жау шапты, от қашты деуімнің ең басты себебі экономика
көлеңкесінде қалып отырған экология мәселесі. Бұл сөзімнің айғағына
күнделікті баспасөз беттерінде кездестіріп жүргеннен байлықтары, мұнай
өндірісі сияқты табиғатқа пайдасы мен зияны бірдей кен ошақтары туралы
мәліметтердің біржақтылығын айтар едім. Мысалы соңғы кездері өндіріс
ошақтарын жекешелендіру жөніндегі табыстан бас айналып, көз қарауытардай
тапқанымызбен тарих алдындағы жауапкершілігімізді де ұмытпағанымыз жөн
болар. Қазақстанда табиғатты пайдалану экономиканы пайдалану экономиканың
жүйесі анықталып келеді, нарықтың өзара қатынастық құқықтық базасы жасалды.
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау туралы заңы қоршаған
ортаны қорғаудың экономикалық механизмін экономикалық мәселелерге жеке
бөліммен бөліп береді.
Мұнда қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері белгіленген:
жоспарлау мен қаржыландыру; табиғи қалаларды пайдаланған үшін төлем ақы;
қорды қоршаған ортаны ластандырудың төлемақысы; қоршаған ортаны қорғау
қорын жасау. 1998 жылғы бюджеттің табысты бөлігі табиғи ресурстарды
пайдаланғаны үшін салықтан түсті -16 млрд. астам теңге. Бұл бюджеттің
табысты бөлігінің 8,2% көлемінде. Негізінен бұл қазба байлықтың төлем
ақысы.
Жергілікті бюджет табысына орман; су, жер ресурстарын пайдаланғаны
үшін төленетін төлемақы түседі.
Төлемақы көлемі олардың экономикалық бағалануына көбінесе сәйкес келе
бермейді. Олар негізінен шартты түрде төленеді, табиғи ресурстарды қалпына
келтіруге кететін шығыннан төмен.
Табиғатты пайдаланудан түсетін төлемақы оны қорғауға кететін шығынды
өтеуі тиіс.
Қазіргі негізгі принцип мынадай - ластандырушы төлейді. Ластандыру
үшін төленетін төлемақының көлемін ұлғайту үшін құқықтық негіз жасап,
төлемақы мөлшері деңгейін соған сәйкес анықтаудың әдістемелігін өзгерту
қажет. Сонымен қатар экологиялық заңды өтеудің міндетті сақтандыру
шараларын енгізу қажет.
Қоршаған ортаның ұлттық стратегиясын енгізу үшін инвестиция қажет.
Алайда өтпелі экономиканың жағдайында инвестицияға кезігетін елеулі
кедергілер бар.
Біріншіден, капитал рыногының шектелген дамуының. Мемлекеттік бюджет
пен экономиканы басқарудың орталықтанған жүйесі барлық инвестицияларды
қаржыландырудың негізгі көзі ретінде капитал рыногымен әлі толық алмасқан
жоқ. Оның зайымдар, бонустар беретін басқа да финанстық құралдары
жеткіліксіз. Соған қарамастан жергілікті банк жүйесі баршылық, олар өте
жоғары проценттік мөлшерде займдар береді. Көпшілігінде мұндай экологиялық
инвестициялардың ғұмыры қысқа. Ластандыру төлемақысының жүйесі өте төмен
белгіленген, әрі өте нашар орындалады. Оларды ынталандыратын күш әлсіз
бюджеттік мәжбүрлікпен төмендейді, сөйтіп кәсіпорындарға бағалауды бюджетке
өткізуді мүмкіндік береді. Экологиялық қорларды құрудың басты себебі олар
кездескен қиыншылықтарға қарамастан инвестицияларды қолайлы деңгейге дейін
арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар қорлар экологиялық стандарттар
мен нормаларды енгізуді жеңілдетуі, таза әрі қорларды үнемдейтін
технологияның да шығуына ықпал етеді.
Елбасы жолдауында 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл
желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай
біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады деп жазылған. Бұл елбасы
жолдауы - болашақ бағдарламасы деген сөз. Экология ел амандығы десек ең
алдымен табиғатты сауықтыруымыз керек.
Қазақстандағы табиғат қорғау инвестициясының негізгі бөлігі ішкі
ресурстардан түседі, алайда қаржыландыру деңгейі темен.
Үкімет табиғат қорғау қорының қызмет аясын, құқығын кеңейтіп, сол
арқылы экологиялық төлемақыны өндіру мен жұмсауды бақылау құқығы бар дербес
статус беріп отыр. Дербес заңды тұлға ретінде Республикалық экологиялық қор
құрылды. Оның қаржысы экология және табиғи қорлар стратегиясын туындайтын
экологиялық жобаларды қаржыландыруға жұмсалады.
Қорларды құру республикада табиғатта қорғаудың экологиялық механизмін
одан әрі жетілдіруге мүмкіндік жасайды.
Табиғат қорғаудың басымдық шараларын іске асыру үшін халықаралық
ұйымдар тарапынан Қазақстанға сыртқы қажет.
Қазақстан конституциясында және Қазақстан - 2030 стратегиясында
біздің азаматтарымыздың қолайлы қоршаған ортада салауатты өмір сүруіне, дер
кезінде нарықты экологиялық ақпарат алып отыруына құқық берілген.
1.3 Экологиялық қауіпсіздік және оның экономикалық аспектісі
Адамзаттың алға жылжуы табиғат пен қоғам арасында жүретін зат
алмасусыз мүмкін емес. Алайда бұл алмасу қоршаған ортаға зиян келтірмеуі
тиіс. Өкінішке орай, адамда бәрін бағындырам деген қиял пайда болады.
Ғасырлар бойы адамдар жасаған өндіріс құралдары қазір дамудың жоғары
деңгейіне жетті. Енді сол жетістік адам денсаулығына жер бетіндегі тіршілік
дүниесіне зиян келтіруде. Оның бір себебі әлі күнге дейін материалдық
өндірісте объективті баға үшін жеткіліксіз екі өлшемді әлеуметтік,
экономикалық әдіс қолданылды. Мұның орнына көрсетқіштер мен факторлардың үш
өлшемді әлеуметтік, экономикалық, экологиялық жүйесіне көшу қажеттігі
әлдеқашан дәлелденген. Бірақ экономистер мен экологтар арасында экологиялық
проблемаға деген ортақ түсінік жоқ. Бір ғана әрекеттің нәтижелерін бағалау
кезінде қарама-қайшы, бірін-бірі жоққа шығаратын пікірлер көп. Көбінесе
техникалық-экономикалық көрсеткіштерді талдау мен талқылау әдетке айналған.
Ал бағдарламаның немесе жобаның экологияға қатысты жағына көңіл бөлінбей
қалады. Бүгінде біздің де еліміздегі экологиялық жағдай осындай іс-
әрекеттерге байланысты нашарлап кетті. Экологиялық сауатсыздық, табиғатта
жүріп жатқан заңдықтарды білмеу және оларды ескермеу, табиғат ресурстарына
деген бейқам көзқарас қоршаған ортаның қазіргі қиын халінің негізгі
себептері. Біздің елімізде қоршаған ортаны сақтау мен оны пайдаланудың
экономикалық әсері осы уақытқа дейін болмады. Экономикалық механизмнің жаңа
структурасы өзіне табиғат ресурстарын қарастырып, материалдық техникалық
жабдықтауды және сонымен бірге, жаңа экономикалық стимулдарды, яғни,
экологиялық фондтар экологиялық сақтандырулар кіргізеді.
Ғалымдардың айтуы бойынша жаңа экономикалық механизмнің негізгі
ерекшелігі - қоршаған ортаны қорғауды өндірістік коммерциялық дамудың
негізгі бөлігі ретінде санау, өйткені жұмысшы немесе өндіруші өзінің
өндіретін өнімімен бірге қоршаған ортаны қорғауға да үлкен көңіл аударуы
керек.
Экономика мен экологияның қарама-қайшылығы – қоршаған табиғи ортаны
қорғаудың негізгі мәселелерінің бірі. Осы уақытқа дейін бұл мәселелерде
әкімшілік-құқықтық әдістермен әсер ету тыйым салу, шектеулер қылмыстық және
әкімшілік жаза шараларын қолдану арқылы шешуге тырысқан. Егер әкімшілік-
құқықтық әдісі билік және бағыну қатынастарынан туындаса, онда экономикалық
механизм атқарушының нақты мақсатқа жетудің материалдық қызығушылығына
негізделеді. Экономикалық механизмнің құрамына тұрақты әрекет
институттармен қатар нарық қатынастарына көшу қатынастары негізінде
туындаған жаңа институттар кіреді.
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда қоршаған ортаны қорғаудың
экономикалық механизміне арналған тарау бар9. Бұл тарауда қоршаған ортаны
қорғаудың барлық экономикалық әдістері көрсетілген.
1. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды жоспарлау мен
қаржыландыру.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралар болжамдық және бағдарламалық-
нысаналы құжаттар мен материалдарда ескеріледі. Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық дамуын индикативті жоспарлаудың жобаларында,
табиғат пайдаланудың әртүрлі бағыттары жөніндегі ұлттық бағдарламалар мен
тұжырымдамаларға енгізілді. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық
бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру: республикалық бюджет пен
жергілікті бюджеттер; қоршаған ортаны қорғау қорларының қаражаты;
экологиялық сақтандыру қаражаты, табиғат пайдаланушылардың өз қаражаты;
заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналары мен қайырымдықтары есебінен
жүргізіледі.
2. Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін ақы төлеу.
Табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төленетін ақы табиғатты
пайдаланудың жекелеген түрлері үшін көзделген жалпы мемлекеттік салықтар,
жергілікті салықтар мен алымдар, арнаулы төлемдер мен салықтар табиғат
пайдаланушылардан алынады.
3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін ақы төлеу. Қоршаған ортаның
ластанғаны үшін төленетін ақы ластайтын заттарды шығарғаны және тастағаны,
өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін ұйымдар мен азаматтардан
алынады. Қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлемдердің ставкаларын қоршаған
ортаны қорғау саласындағы орталық атқарушы орган мен келісе отырып,
облыстардың әкімдері бекітеді.
4. Табиғи ресурстарды қорғау және толықтыру үшін ақы төлеу. Табиғи
ресурстарды қорғау мен толықтыру үшін ақы табиғат пайдаланушылардан аталған
қызметті жүзеге асыруға жұмсалған бюджеттік шығыстардың орнын толтыру өтемі
ретінде алынады.
5. Қоршаған ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру. Қоршаған
ортаны қорғауды экономикалық жағынан ынталандыру қоршаған ортаны қорғауды
тиімді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға – табиғат пайдаланушыларға
субсидиялар берудің экологиялық жағынан бағдарланған саясаты мен
ынталандыратын сипаттағы өзге де шаралар арқылы жүзеге асырылады.
6. Экологиялық сақтандыру. Экологиялық сақтандыру қоршаған ортаны және
табиғи ресурстарды ұтымды пайдаланбаудың салдарынан белгілі бір сақтандыру
оқиғалары болған жағдайда сақтанушылар өздеріне сақтандырушылар төлейтін
сақтандыру төлемдерінен құрылатын ақша қорлары есебінен, сондай-ақ заңмен
тыйым салынбаған өзге де көздерден сақтандыру өтемдерін төлеу арқылы заңды
тұлғалар мен азаматтарды (сақтандырылған) мүліктік жағынан қорғау жөніндегі
қатынас болып табылады. Шаруашылық және өзге де қызметтің экологиялық
жағынан қауіпті түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар мен азаматтар
міндетті түрде экологиялық сақтандырылуға тиіс. Міндетті сақтандыру шарты
сақтандырудың осы түріне лицензиясы бар сақтандырушымен ғана жасалуы
мүмкін. Ерікті экологиялық сақтандыру заңды тұлғалар мен азаматтардың өз
еркін білдіруі бойынша жүзеге асырылады. Ерікті экологиялық сақтандырудың
түрлері, шарттары мен тәртібі сақтанушылардың арасындағы келісімдермен
белгіленеді.
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ДАҒДАРЫСТАР
2.1 Экологиялық дағдарыстың мәні және аймақтық сипаты
Экологиялық дағдарыс ұғымынан қоғам мен табиғаттың арасындағы өзара
әрекеттестіктің мынадай кезеңі түсініледі: онда экономика мен экологияның,
қоғамның табиғи ортаны тұтынуы мен пайдалануға экономикалық мүдделері мен
қоршаған табиғи ортаны қорғауда қамтамасыз етудің экологиялық талаптарың
арасындағы қарама - қайшылықтар шегіне жете шиеленіседі. Бұл бір жағынан -
қоршаған табиғи ортаның құлдырауынан көрінетін қоғам мен табиғаттың
арасындағы тепе-теңдіктің тұрақты бұзылуы, екінші жағынан – мемлекеттік
басқару құрылымдарының мұндай жағдайдан шығу жолын табуға және қоғам мен
табиғаттың тепе–теңдігін қайта қалпына келтіруге қабілетсіздігі.
Экологиялық дағдарыс ұғымы алғаш рет ХХ ғасырдың 70 – жылдарында сол
уақытта өндірістік күштердің өсуі мен қоршаған ортаны қорғаудың арасындағы
қарама-қайшылықтардың шиеленісуін бастан өткеріп жатқан дамыған
капиталістік елдерде қолдалына бастады.
Экологиялық дағдарыстар мен ахуалдардың екі түрін белгілеу керек: 1)
табиғи үдерістер себебімен болатындар, 2) табиғатты ұтымсыз пайдалану
әсерімен және басқа антропогендік факторларымен болатындар. Мұздың жылжуы,
жанартау жарылуы, таулардың жаңадан құрылуы, жер сілкінулер және олармен
байланысты цунамилар, дауылдар, су тасқыны, жер жылжуы, қар жылжуы және
басқалар – бұның бәрі жердің, табиғи факторлар іс-әрекетінің нәтижесі. Олар
біздің серпінді планетамызда заңды. ХХ ғасырдың екінші жартысында ірі дүлей
апаттар жиілеп кетті және бұл апаттар әсерінен экономикалық ысыраптары мен
адам өлімдері көбейді.
Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы – бұл табиғаттағы заттар мен
энергиялардың өз ара алмасуын қамтамасыз ететін табиғаттың даму
заңдылықтардын есепке алмай жасаған адам әрекеттерін туындаған адам мен
табиғат арасындағы экологиялық байланыстардың бұзылуы немесе айтарлықтай
бүлінуі.
Қоршаған табиғи ортаның құлдырауы ең алдымен адамның денсаулығы мен
оның тектік қорының жай-күйіне әсер етеді. Ресей аймағының 20 пайыздан
астамы экологиялық дағдарысты күйді бастан кешіруде, экологиялық қияпат
белдемі ауданында қазіргі кезде 70 млн. астам адам қалыпты мөлшер шегінен 5
есе жоғары денсаулық үшін қауіпті заттар тараған ауамен дем алып жүр.
Халықтың тууы азайып, өлім-жітім көбеюде. Елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы
69,5 жыл, ол 44 капиталистік елдердегі адамдардың өмірінің орташа
ұзақтығынан 8 – 10 жыл кем. Бұрынғы КСРО–да әрбір оныншы бала генетикалық
кемістікті болып туды. 1990 жылғы мәліметтер бойынша бұрынғы КСРО-ның 50
пайыздан астам халқының денсаулығы нашар, олардың ішінде 50 млн. адам
созылмалы ауру немесе кемістілер қатарына жатады. Әрбір төртінші әйел
генетикалық жағдайына байланысты дені сау бала туа алмайды, әрбір төртінші
еркек белсіздікпен ауырады.
Қоршаған табиғи ортаның жай-күйінің нашарлауы және оның салдары –
экологиялық дағдарыс көрінісінің тек бір ғана жағы. Екіншісі, әлеуметтік
жағы – қоғамның экологиялық қауіпсіздігі бойынша тиімді шараларды жүргізуді
қамтамасыз етуге қабілетсіз мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың
дағдарысы болып табылады. Бұл біріншіден, қоршаған табиғи ортаны қорғау
жөніндегі арнайы органдардың ормандары, балық ресурстарын, жануарлар
әлемін, жер асты байлықтарын қорғау мен пайдалану бойынша нәтижелі
жұмысының жеткіліксіздігін көрсетеді.
Екіншіден, экологиялық дағдарыс құқық қорғау органдарының қоршаған
ортаны қорғау туралы заңның орындалуына сенімді бақылау мен қадағалауды
қамтамасыз етуге қабілетсіздігін көрсетеді.
Үшіншіден, экологиялық дағдарыс әлеуметтік аспектіде экологиялық-
құқықтық нигилизмде, яғни экологиялық-құқықтық нигилизмде, яғни экологиялық-
құқықтық талаптарды жаппай орындамауда және оларды бұзуда көрінеді.
Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан ортаны сарқу, ластау
және бүлдірудің себептерінің ішінен объективті және субъективті себептерді
бөлуге болады. Объективті себептерге мыналар жатады.
Біріншіден, бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен
реттелуге деген шекті мүмкіндіктері. Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты
адамзат өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеп, тазалап, сонымен өзін олардың
зиянкесті әсерінен қорғайды. Алайда оның мүмкіндіктері шектеулі.
Екіншіден, бұл жер территориясының бір ғаламшар аясында физикалық
шектеулігі. Осының салдарынан пайдаы қазбалардың - адам пайдаланатын тас
көмірдің, мұнайдың және т.б. қорлары біртіндеп жұмсалып, одан кейін мүлде
түгесіледі.
Үшіншіден, бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат
өндірісінің қалдықтылығы. Табиғатта өндірістік тұйық цикл бойынша жүзеге
асырылады. Одан қалдық шықпайды. Өндірістік әрекеттіліктің соңғы өнімі жаңа
өндірістік цикл үшін бастама болып табылады. Табиғат өндірісінен
айырмашылығы, адамзат өндірісі қалдықты болып табылады. Адамның тіршілік
әрекеттілігі үшін жылына 20 т. кем емес табиғи ресурстардың жұмсалуы
керектігі есептеліп шығарылған. Оның небәрі 5 – 10% ғана өнімге жұмсалады,
ал 90 - 95% қалдыққа кетеді.
Төртіншіден, бұл адамның табиғаттың даму зандылықтарын табиғатты
пайдалану мен тәжірибе жинақтау үрдесінде тануы және пайдалануы.
Бұл жерде адамның табиғатқа әсер етуінің нәтижелерінің көріністерінің екі
ерекшелігін атай кету керек. Бірінші уақытта әсер етуге қатысты. Өндірістік
– шаруашылық әрекеттіліктің нәтижелері, қоршаған ортаны ластау, оның
экологиялық байланыстарын бүлдіру тек қазіргі уақытта, осы ұрпақ өмір
сүрген кезде ғана емес, болашақта да, келесі ұрпақ өмір сүрген кезеңде де
көрінеді.
1 – сурет. Экологиялық дағдарыс: құрылымы, себептері, шығу жолдары
Екінші ерекшелік шаруашылық әрекеттіліктің салдарының кеңістікте
айқындалуына қатысты. Белгілі бір жерде, белгілі бір нүктеде табиғатқа
иелік етумен жасалатын әсер ортаның бірлігі мен өзара байланысты заңының
арқасында адамның қоршаған ортаға әсер ету нүктесінен қашықтағы басқа
аймақтарға да өзінің ықпалын тигізеді.
Субъективті себептерге жатады:
Біріншіден, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты
ұйымдастырушылық - құқықтық және экономикалық әрекеттілігінің
жетіспеушілігі.
Екіншіден, экологиялық тәрбиелеу мен білім берудің олқылықтары.
Экологиялық надандық - адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының
заңдарын меңгеруге талапсыздық.
Экологиялық нигилизм – бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау,
аталмыш заңдарды елемеушілік. Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның
жағдайына әсер етеді.
Экологиялық дағдарыс (ЭД) адамның табиғатқа әсер етуінің күшеюімен
қаншалықты сипатталса, адамдар өзгерткен табиғаттың қоғамдық дамуға
ықпалының күрт өсуімен (бумеранг эффектісі) соншалықты (бұған ерекше көңіл
аударған жөн) сипатталады (Реймерс, 1992). Ірі омыртқалы жануарлардың
шектен тыс кәсіпшілігінің экологиялық дағдарыс аса белгілі. Экологиялық
дағдарыстан экологиялық проблемалы жағдайды және экологиялық алапатты айыра
білген жөн: дағдарыс – адамның белсенді әрекеттелігі жоқ болып көрінетін,
бірақ қалпына келетін күй, алапат - қалпына келмейтін құбылыс, мұнда адам
енжар, зардап шегуге мәжбүр, ол жағдайды өзгерте алмайды; кеңірек
эволюциялық ұғымдағы ЭД – биосфераның тірі заттардың сапалы жаңуары өтетін
даму фазалары (бір түрдердің біршама тез жойылып, екіншілердің пайда
болуы).
Адамзат пайда болғанға дейінгі тарихта және адамзат тарихында мынадай
дағдарыстарды бөледі: тірі нәрселердің мекендеу ортасының тік жүретін
антропоидтардың - адамдардың тікелей бабаларының пайда болуына әкелген
тарихқа дейінгі және антропогендікке дейінгі өзгерістері; - адамға қолайлы,
қарапайым кәсіпшілік пен жинақтаушылық ресурстарының біршама бірлестігі, ол
өсімдікті оның жақсы және ертерек (көктемнің келуімен, жылдың ылғалды
кезеңімен) өсуі үшін қурату тәрізді стихиялы биотехникалық шараны
себетейді; алғашқы антропогенді ЭД – ірі жануарларды жаппай құрту – оның
артынан келген ауыл шаруашылығының экологиялық төңкерісімен байланысты
консументтер дағдарысы; жердің сортаңдануы мен қарпайым суырмалы егістіктің
құлдырауының, оның Жер бетіндегі өсіп келе жатқан халықтар шін
жеткіліксіздігінің экологиялық дағдарысы, ол суарылмайтын егін
шаруашылығының дамуына әкелді; қоғамның өндірістік күштерінің қарқынды
дамуымен байланысты өсімдік ресурстарының жаппай құруы мен
жетіспеушілігінің ЭД (продуценттер дағдарысы); бұл ЭД минералды, өпдірістік
ресурстардың азаюын, ал содан кейін ғылыми-техникалық төңкерісті жанама
түрде тудырады; ғылыми-техникалық төңкерістің - өнімдердің реутилизациясы
мен технологиялық циклдердің шартты тұйықталуының жоғарғы сатысы сәйкес
келетін жол берілмейтін ғаламдық ластану қаупінің қазіргі дағдарысы.
Қоршаған ортаның жайы бүкіл планетадағы экологиялық жағдайға үлкен
әсер етеді. Өйткені біздің республикамыз дүниежүзінде территориясының
көлемі жағынан тоғызыншы орында тұр, соған сәйкес ұланғайыр шекараны алып
жатыр. Құрғақ жердегі 12 мың шақырымдай жерге созылып жатқан шекарамыз бес
мемлекетпен, ал су кеңістігіндегі шекарамыз төрт мемлекетпен шектеседі.
Қазақстанда қоршаған ортаның проблемалары негізінен өткен жүзжылдықтың
соңына қарай шиеленісе түсті. Бұл өнеркәсіптің шексіз өсуінің, ғылыми және
әскери зерттеулерді жүргізуде табиғи ресурстарды ойланбай, қалай болса
солай пайдаланудың, ел территориясына әскери полигондарды орналастырудың
нәтижесінде болды. Қазіргі кезде де республика терең экологиялық дағдарысты
басынан өткізуде.
Экологиялық дағдарыстан шығу үшін шұғыл және батыл іс-қимылдар керек.
Құқықтық мемлекетте адамның Конституциялық құқы сақталуы тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 31-бабында: "Мемлекет
адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды
мақсат етіп қояды" делінген қағиданы естен шығармауға тиіспіз10.
Айналадағы ортаны қорғау бағытындағы экологиялық проблемаларға тек қана бар
күштерді біріктіріп және үкімет назарын аударып қана қоймай, экологиялық
тәрбие мен білім беруді күшейтуіміз және топыраққа, суға, атмосфераға
зиянды заттардың шығуын шұғыл азайтуға кезек күттірмейтін шаралар жасауымыз
қажет.
Біздің республикамызда жүргізіліп жатқан өзгерістердің негізгі мақсаты
– адам өмірін жақсарту, елімізді дағдарыстан шығару және әлемдік
қоғамдастықта оның лайықты орын алуына жету. Сондықтан қазіргі қоғам жаңа
сападағы мемлекет пен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz