Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

I. Қарахан дәуіріндегі мәдениеттің дамуына әсер еткен

Алғышарттар10

II. Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың

еңбектерінің тарихи маңызы мен мәні . . . 18

2. 1. М. Қашқари және оның «Диуани лұғат ат-түрік»

кітабының тарихи-деректік маңызы18

2. 2. Ж. Баласағұнның «Құтты білік» еңбегі және оның тәлім-

тәрбиелік, дидактикалық тағылымы21

2. 3. Әл-Фараби және оның ғылыми мұралары26

2. 4. А. Иүгінекидің «Ақиқат сыйы» еңбегі және оқу-білім

мәселесі29

III. Қарахандар дәуіріндегі ислам дінінің таралуы және

сопылық әдебиет (Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани) . 33

3. 1. Исламға негізделген араб, парсы мәдениетінің түркілерге әсері33

3. 2. Қожа Ахмет Иассауи және оның «Диуани Хикмет»

Еңбегі37

3. 3. Сүлеймен Бақырғанидың «Хакім ата» кітабының

мәнісі. 41

ҚОРЫТЫНДЫ. 44

ПАЙДАЛАНҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ТІЗІМІ. 48

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қарахан мемлекетінің құрылуы Орталық Азия және Қазақстан халықтары үшін ортағасырлық тарихында өте күрделі де, қызықты кезеңдерінің бірі. Дәл осы кезде, Қарахан мемлекеті дәуірінде, материалдық және рухани мәдениет жаңғырып, түркі халықтарының өмірінде ерекше тарихи-мәдени рөл атқарады.

Қарахандар дәуірі Қазақстан және Орталық Азия түркі халықтарының тарихында ерекше орын алады. Қазақстанның оңтүстігінде Жетісу жерінде және Шығыс Түркістанда X ғасырда Қарахан мемлекетінің билігі орнады. Дәл осы кезде түркі халықтары мәдениеті қайта жаңғырып, ғылыми ойдың дамуына, қала мәдениетінің өсіп өркендеуіне, қолөнердің ерекше жетіліп гүлденуіне, ислам дінінің таралуына байланысты ғылыми көзқарасты қалыптастырып, басты назар аудара аламыз. Бір сөзбен айтқанда Жетісу аймағы түркі халықтарының өмірінде ерекше тарихи-мәдени рөлді атқарған болатын.

Бүгінгі таңда мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы бері еліміз өзінің тарихын қайта қарастырып, зерттеуге жол берілді. Осыны пайдалана отырып, көптеген ғалымдар Қазақстанның ортағасырлық тарихына, оның ішінде біржақты, толық емес мәселелерді, белгілі бір дәуірлерде, жеке тұлғаларды зерттеуге көп назар аударуда.

Қарахан дәуірі кезінде материалдық және рухани мәдениет дамып гүлдену деңгейіне жеткен болатын. Осы кезде жазу мәдениетінің жоғарғы сатыға көтеріле бастауын біз Әл-Фараби, Махмұд Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иассауи, Сүлеймен Бақырғани, Ахмет Иүгінеки еңбектерінен көре аламыз. Осы аталған ғұламалардың еңбектері әлі күнге дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Осыған дәлел ретінде біз соңғы кезде осы мәселеге байланысты шығып жатқан зерттеулерді, мерзімді басылымдарда жарияланып кем жатқан материалдарды айта аламыз.

Сонымен, Қарахан мемлекеті кезінде ғылыми ойдың дамуы, қалалардың бой көтеруі, сәулет өнерінің кең өркен жаюы, ислам дінінің таралуы және Жібек жолының гүлденіп тұруы Қазақстанның ортағасырлық тарихында өшпес ізін қалдырды.

Бүгінгі таңда Қарахан мемлекетінің мәдениетінің дамуына үлес қосқан түркілердің тарихын, сол кезде өмір сүрген әйгілі ғұламалардың еңбектерін біртұтас аспектіде қарастыру өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Археологиялық және жазба мәдениетінің ескерткіштерінің соңғы мәліметтеріне сүйеніп сол кездегі Қарахан мемлекетінің мәдениетін ғана емес сонымен бірге түркі халықтарының тарихын да толыққанды мәліметтерімен молайтып әділ баға беру қажет.

Деректілік негіздері: Қарахан дәуіріндегі мәдениеті туралы деректерді төрт топқа бөлуге болады:

  • араб-парсы деректері;
  • фольлорлық шығармалар мен аңыз әңгімелер;
  • археологиялық мәліметтер;
  • Қарахан мемлекетінде өмір сүрген және ғылыми ойдың дамуына үлес қосқан авторлардың еңбектері жатады;

Жүсіп Баласағұнның «Құтты білік» дастаны 1069-70 ж. ж.

Қарахандық билеушілердің біріне сыйға тарту ретінде жазылған болатын. Бұл дастан Қарахан дәуіріндегі мәдениетті ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайды қарастыруға мүмкіндік береді. Жүсіп Баласағұнның дастаны қазіргі таңда неміс, түрік, орыс, өзбек тілдеріне аударылған.

Қарахан мемлекетінде әйгілі болған энциклопедист ғалым, лингвист Махмұт Қашқаридың «Дуни Лұғат ат Түрік» еңбегі аса құнды дерек болып табылады. Бұл еңбектің көшірмесі XX ғасырдың баскезінде табылды. Автордың өз қолжазбасы табылмаса да бір көшірме нұсқасы Стамбулда сақталған. Бұл еңбекте ол түркі тілдеріне тұңғыш рет ғылыми грамматикасын жасап шыққан болатын. Сонымен қатар, еңбекте түркілердің өмірі туралы, материалдық мәдениетінің бұйымдары, адамдардың лауазымдарының аттары, географиялық терминология туралы, түрлі тарихы және мифологиялық қаһармандардың есімдері және т. б. туралы көп жағдайда бірден-бір дерек болып табылады. Қазіргі таңда еңбек қазақ тіліне толығымен аударылып, үш том болып басылып жарық көрді. [1]

Ахмет Иүгінекидің еңбегі «Ақиқат сыйы» [Арабша «Хибатул хақайық»] түркі тілінде жазылған. Түпнұсқасы біздің заманымызға бізге жетпей үш түрлі көшірмесі бар. Ахмет Иүгінеки дастанын тарих және философия, тіл және әдебиет ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерттелген. Ахмет Иассауидің «Диуани хикмет» кітабы XII ғ. түркі тайпасының өмірінен мол мағлұмат беретін жазба дерек болып табылады. Бұл еңбек тек қана қазақ халқына ғана емес, сонымен қатар бүкіл түркі халықтарына да ортақ мұра.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Қарахан мемлекетінің тарихына, соның ішінде материалдық және рухани мәдениетін зерттеуге біраз ғалымдар көп көңіл бөлген болатын.

Қарахандар тарихын зерттеп бастаған В. В. Бартольд болып табылады [2] . Ол өзінің еңбектерінде қарахандықтардың тек қана саяси жағына ғана емес, сонымен қатар мәдениет, ғылым салаларына да көңіл бөлген. Осы дәуірге байланысты ғылыми зерттеулерін В. М. Массон [3], Т. Н. Сенигова [4], А. М. Беленицкий, О. Г. Большаков, И. Б. Бентович [5], Е. А. Давидович, Е. И. Агеева, Т. В. Савельева, Н. М. Зиняков, Д. А. Воякин [6] т. б. жүргізген болатын. Бұл ғалымдар көбінесе мәдениеттің материалдық жағынан қарастырған болатын. Осы аталған ғалымдардан басқа Қарахан дәуіріндегі материалдық мәдениетіне, оның ішінде, әсіресе, қала мәдениетіне көп көңіл бөлген К. М. Байпақовтың орны ерекше. Мысалы, ол өзінің «Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан» еңбегінде тек қана материалдық мәдениетті қарастырып қана қоймай, сонымен қатар ислам дінінің таралуына да назар аударады.

Ислам дінінің таралуына байланысты мәліметтерді біз Н. Д. Нұртазинаның «Ислам в истории средневекового Казахстана» [7] атты монографиясынан ала аламыз. Бұл еңбегінде автор Қарахан мемлекетіндегі ислам дінінің өкілдеріне - суфист-ғалымдарға егжей-тегжейлі тоқталып өтеді.

Махмұд-Қашқаридың «Диуани Лұғат ат-түрік» еңбегі 1915-1917 жж. Стамбулда Ахмет Рифат баспасынан, ал 1931-1941 ж. Анкарада бес томдық кітап болып басылып шығарылды. Ал, С. Муталибов өзбек тіліне аударып 1960-1963 жылдары Ташкентте үш кітап етіп басып шығарды. Бұдан соң «Диуани Лұғат ат-түрік» сөздігінен ұйғыр тіліне аударылған нұсқасы Қытайда басылып шықты.

Белгілі шығыстанушы неміс ғалымы Броккельман бұл шығарманы неміс тіліне аударып, 1928 ж. Лейпциг қаласында басып шығарды. Броккельман бұл еңбекті аудару кезінде шығармадағы жеке сөйлемдердің бәрін алфавит тәртібіне келтірген. Неміс ғалымы Фриц Хаммел осы сөздікте ұшырасатын мақал-мәтелдерді неміс тіліне аударып, өз алдына жеке кітапша етіп бастырылды.

Махмұт Қашқари сөздігіндегі өлең-жырлар мен мақал-мәтелдерді белгілі ақын Фариза Оңғарсынова қазақ тіліне аударады [8]

«Диуани лұғат ат-түрік» сөздігіне қамтылған материалды академик А. Н. Кононов бес салаға бөліп қараған:

  1. Белгілі бір тайпаға тәндігі дәл көрсететін сөздер қоры [лексикасы] ;
  2. Түркі тайпаларының мекен қоныстары жайындағы мәліметтер;
  3. Түркі тілдерін топтастыру;
  4. Түркілік тарихи фонетика мен грамматика туралы мәліметтер;
  5. Түркілердің тарихы, жағрафиясы, этнографиясы, поэзиясы және фольклоры жайындағы мәліметтер [9] .

Түркілердің ділмар шешендері мен зерек қабілет шеберлерінің

бірі болған ұлы бабамыз аталмыш кітабына арнайы тәртіппен 6800 түркі сөзін топтастырып [110 жер, су атына, 40 ел мен тайпаға] араб тілінде анықтама түсінік берген. Кітапқа інжу-маржан екі төрт жолдық 242 шумақ бәйіттер мен 262 мақал-мәтелді мысал ретінде пайдаланған. Бір ғажабы, «Диуанаға» енген 875 сөз бен 60 мақал-мәтел қазіргі қазақ тілінде қаз-қалпында қолданылып келеді.

Жүсіп Хас Хажиб Баласағұнның «Құтты білік» дастанының бүгінгі күнге сақталып жеткен үш нұсқасы бар:

  • біріншісі, Вена нұсқасы, оны Герат нұсқасы деп те атайды. Бұл қолжазба қазір Венераның Корольдік кітапханасында сақтаулы тұр. Сол үшін оны Вена нұсқасы дейді. [10] Ал, дәл осы қолжазбаны Герат нұсқасы деуінің себебі, бұл қолжазба 1439 жылы Герат шахарында көшірілген екен. Оны ұйғыр әріпімен көшірген адам есімі - Хасан Қара Сейіл.
  • екіншісі, Каир нұсқасы. Бұл қолжазба араб әріптерімен көшірілген. Оны Каирдағы бір кітапхананың сирек кездесетін қолжазбалар қорынан 1896 жылы неміс ғалымы Б. Морис тапқан. Белгілі орыс ғалымы В. В. Радлов Петербург Ғылым академиясының Азия Музейі үшін Каир нұсқасының бір данасын көшіріп алады. Қазір бұл қолжазба Санкт-Петербургтағы Шығыстану институтында сақтаулы.
  • үшіншісі, Наманган нұсқасы. Оны 1913 жылы А. З. Валидов Өзбекстанның Наманган шаһарынан тапқан еді. «Құтты білік» дастанының араб әрпімен көшірілген, ең толық нұсқасы Өзбекстандағы Ғылым академиясының Әбу Райхан әл-Бируни атындағы Шығыстану институтында сақталып келеді.

Өзбек ғалымы Каюм Каримов Наманган нұсқасы бойынша

ұзақ жылдар бойы зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сөйтіп, 1971 жылы дастанды қазіргі өзбек әрпі негізінде трансрипция жасап, оны ғылыми сипаттамасымен бірге жеке кітап етіп басып шығарды. [11]

«Құтты білік» дастаны жөнінде тұңғыш баспасөз бетінде хабар беріп, оның нұсқасының бір бөлігін 1823 жылы «Азия журналында» бастырып шығарған ғалым француз Жауберт Амадес болды.

Бұл істі кейінірек венгер ғалымы Термакн Вамбери қолға алды. Ол дастанның бірнеше тарауын транскрипциялап, неміс тіліне аударды, оған түсінік беретін сөздік жасады. Соның бәрін қосып, 1870 жылы «Құтты білік» деп жеке кітап етіп шығарды [12] .

Орыс тілінде оқитын қауымға еңбекті таныстырған В. В. Бартольд болды. Ол кісі 1890 жылы Санкт-Петербургта «Құтты біліктің» 1439 жылғы Герат шаһарында ұйғыр әрпімен жазылған нұсқасын факсимиле етіп бастырған болатын. [13]

«Құтты білікті» кең көлемде зерттеу, оны басқа тілдерге аударма жасау саласында келесі істер тындырған адам В. В. Радлов болды. В. В. Радлов бұл шығарманы зерттеу, аудару, баспаға әзірлеу ісімен жиырма жыл бойы [1890-1910] айналысты.

Кітаптың алғашқы томы 1891 жылы, екніші томы 1910 жылы Санкт-Петербургта басылып шыққан. Бұл басылым жартылай араб алфавиті, жартылай латын транскрипциясымен терілген. Екі жазба де ескі ұйғыр-қарахандар алфавитінің ерекшеліктерін дұрыс бере алмағандықтан, емлесі оқуға қиын, көп сөздердің жазылуы қате. Осы себептен В. В. Радлов нұсқасының оқылуы көптеген қиыншылықтар туғызды.

«Құтты білік» дастанын әдебиеттану, тіл білімі, тарих ғылымы тұрғысында зерттеуге С. Муталлибов сияқты ғалымдар көп үлес қосты.

Қазақтың белгілі ақыны, әрі әдебиет зерттеушісі Асқар Егеубаев «Құтты білік» дастанының қазақ әдебиетінің дамуына идеялық-көркемдік әсері, [Дәстүр, поэтика және аударма мәселері] деген тақырыпқа ғылыми еңбек жазды [14] . Сондай-ақ ол ақын ретінде «Құтты білік» дастанының түпнұсқаға мейлінше жақын поэтикалық аудармасын жасап шықты. «Құтты білік» жөнінде көптеген еңбектер жазылды. Оның тілі туралы талай ірі түркітанушылардың пікір сайыстары болып өтті. Түркітанушылардың бірі А. Н. Кононовтың Жүсіп Баласағұн дастанының тілін жоғары сипатына қарай, түркі қағандық, әулеттік белгілеріне орай қарханид - түрікше, қараханид - ұйғырша, қай ру-тайпаға жататынына қарай сараласақ қарлықша, мәдени-тарихи белгілері бойынша қарлықша-ұйғырша деуге де болар еді - деген Ә. Н. Нәджиптің пікірін қолдайды да В. В. Бартольдтың «қарахандықтар өздерін ұйғыр деп аталмағандығы және де Жүсіп Баласағұн үшін ол жазған тіл, ұйғыр тілі болғандығы күмәнсіз деген сөзін ескерген жөн» деп айтқан қорытындылары ойға қонымды [15]

Жүсіп Баласағұнның Шығыс Қарахан қағанатының билеушісі Табғаш Боғара-қара-хакан Абу Али әл-Хасан ибн Сүлейменге сыйға берген атақты «Құтты білік» дастаны түркілердің алғашқы әдеби ескерткіші болып табылды. [16]

Алғашқыда В. В. Радлов бұл еңбек ұйғыр тілінде жазылды деп санады. Бірақ кейін бұл пікірден бас тартуға мәжбүр болды. Біріншіден, бұл еңбек ұйғыр шрифтімен жазылса да хакас, якут және т. б. тілдерінің фонетикалық ерекшелігін байқауға болады. Екіншіден, Жүсіп Баласағұн ұйғырлардың мәдениетінің жоғары дамығандығы туралы айта келе сонымен қатар кітапты ана тілінде жазғанын айтып кетеді. Автор өз шығармасының кіріспесінде дастан қай тілде жазылғаны туралы айта келе былай дейді:

Арабша, тәжікше кітаптар көп, ал, бұл - біздің тіліміздегі тұңғыш даналық жинағы.

«Біздің тіліміз» деп ақын түркі тілін айтып отырғаны мәлім болып отыр [17] .

С. Е. Маловтың пікірі бойынша «Құтты білік» дастанының ұйғырлардың жазба ескерткіші болып табылады [18] .

1970 жылы «Құтты білік» поэмасының 900 жылдығына арналған Бүкілодақтық конференцияда Э. Р. Тенишев өзінің бұл мәселені тереңдете қарастырып, шығарманың шігіл-ұйғыр тілінде екенін атап көрсетті. Сонымен ол «Құтты біліктің» аралас, ортағасырлық түріктердің әдеби кітап ретінде жазылғанын мойындады [19] .

Басқа да авторлар қарлықтар тайпаларында, шігілдерінде немесе Жетісу ескерткішінің тілі ретінде шыққанын жазды. Ал еңбекті түрік тілдеріне шығыс тобына жатқызып қана қоймай, оның тілі түркімен мен әзірбайжаннан гөрі қазақ, қырғыз және өзбектікіне жақын екенін атап өтушілер де бар. [20]

Поэманың негізгі мақсаты сол кездегі қарлықтар тайпасының конфедерациясы негізінде қалыптасқан Қарахан мемлекетіндегі басқару ісі, әлеуметтік таптар мен топтардың арақатынасын дұрыс ұйымдастырып, бағыт-бағдар беру, яғни мемлекеттік реформа жүйесін жүзеге асыру болып табылды. Әсіресе, автордың төртінше қанағат-нысап мәселесін қозғағанда оның таптар арасындағы әлеуметтік қарама-қайшылықты реформа жолымен шешіп, бейбіт жолмен бітістіру саясаты айқын көрінеді.

Ахмет Иүгінеки дастаны өзі көне түркі тілінде жазылса да ақын шығармасының атын «Хибатул-хайқайық» деп әдейі арабша қойған сияқты. Бірқатар қолжазба бұл шығарманың аты «Хибатул-хайқайық», ал кейбіреулерінде «Атебатул-хақайық» «Шындық қақпасы» деп жазған. [21]

«Ақиқат сыйының» түпнұсқасы біздің заманымызға дейін жетпей жоғалып кеткен. Оның XIV-XV ғасырларда жасалған үш түрлі көшірмесі және үш түрлі үзінділері бар.

  1. Ең ескі түрі - 1444 ж. Самарқанда Арслан Қожа Тарахан Әмірдің қалауымен жазу өнерінің шебері [каллиграф] Зәйнгүл Әбідін бин Сұлтан Бақыт Журжани Құсайын көшіріп жазған нұсқа. 508 жол өлең. Ол көне ұйғыр жазбасымен жазылған, арагідік араб жазуымен берілген жолдар да бар: тақырыптар, аяттар, хадистер, бәйіттер. Қазір Стамбулдағы Ая-София кітапханасында сақтаулы тұр.
  2. 1480 ж. Шайықзада Әбдіразақ бақсы Стамбулда көшіріп жазған нұсқа ұйғыр және [жолма-жол] араб жазуымен жазылған. 506 өлең. Жол-жолдың арасына парсыша, тәжікше жазылған түсініктемелер бар. Стамбулда Ая-София кітапханасында сақтаулы. Бұл нұсқаны Н. Әсім мен Қ. Махмудов жариялаған.
  3. Аталмыш бұл нұсқа XIV ғасырдың аяғында, не XV ғасырдың басында араб жазуымен көшірілген. 49628 жол өлең. Стамбулда Топ-Қапы сарайында сақтаулы.

Ендігі бір көшірме - «Ұзын көпірдегі Сейіт Әлі» деген кісінің кітапханасынан табылып, Анкара кітапханасына табыс етілген нұсқа, кейін ол жоғалып кеткен. Анкарадағы Мағриф кітапханасынан табылған 4 беттік нұсқа [ұйғыр жазуымен жазылған] . Берлиндегі Ғылым академиясында сақтаулы тұрған 1 бет үзінді [ұйғыр жазуымен жазылған] [22] .

Қолжазбаның ең алғаш Ая-София кітапханасынан тауып алған ғалым - Нәжіп Әсім . Онда 11 бапқа жіктелген 508 жол өлең бар. Дастанның әр қилы нұсқалары әр жерде-ақ көптен бері зерттелген. Мысалы, Түркияда, Ресейде, Польшада, Францияда т. б. түпнұсқаның үш нұсқасын салыстырып, жалпы текст [сводный критический текст] жасауда Р. Р. Араттың еңбегі ерекше. Ол 1951 жылы осы дастанның толық тексін әзірлеп, оны латын әріптерімен кітап етіп шығарды [23] .

Әйтсе де Ахмет Иүгінеки дастанын тарих және философия, тіл және әдебиет ғылымдары тұрғысынан жан-жақты зерттеп, шығарманың ғылымға негізделген тесттің, сөздігін, транскрипциясын әзірлеп, оны басқа тілдерге аудару жөнінде қыруар жұмыстар тындырған кеңес ғалымдары болды. Әсіресе, белгілі кеңес тюркологтары Е. Э. Бертельс, С. Е. Малов, Қ. Махмудов тағы басқалар да бұл салада жемісті еңбек етті [24] .

«Ақиқат сыйы» дастанын зерттеу ісіне В. В. Радлов, Т. Ковалевский, Ж. Дени сияқты шығыстанушы ғалымдар да белсене атсалысты. Өзбек ғалымы К. Махмудов бұл дастан жөнінде аса құнды монографиялық еңбегін жариялады.

Ахмет Иассауидің «Диуани Хикмет» кітабы бастан аяқ ақыл-өсиет, үлгі-өнеге айтуға құрылған. Ахмет Иассауидің мұрасын танып, білу оны қоғам игілігіне пайдалану қажеттігі 1990 жылы қазан айының 23-27 жұлдызында Түркістан қаласында ЮНЕСКО-ның бағдарламасы бойынша «Иассауи әлемі» деген атпен өткізілген халықаралық ғылыми конгресте айтылған болатын [25] . «Диуани Хикмет» кітабын қазақ тіліне аудару, түсіру мәселесі соңғы жылдары ғана қолға алына бастады. Осыған орай, 1990 ж. «Орталық Қазақстан» газетінде С. Битеовтың аудармасы жарық көргенін айта аламыз. Ал Х. З. Иманжановтың «Қырық Хикмет» атты кітапшасы 1991 жылы басылып шықты. Сол жылы Ж. Әбдірәшевтің құрастыруымен ақынның бір хикметі шағатай, түрік, қазақ тілдерінде жарық көрді. [26]

Сонымен қатар Қарахан дәуіріндегі мәдениетті зерттегенде О. Қараевтың еңбегін айтып кеткен орынды [27] . Бұл еңбекте О. Қараев мәдениетке байланысты мәселелерде Махмұт Қашқаридың, Жүсіп Баласағұнның сонымен қатар басқа да шығыс авторларының еңбектеріне, археологиялық зерттеулердің мәліметтеріне сүйеніп сол кездегі мәдениетке байланысты мағлұмат береді.

Бітіру жұмысының мақсаты: X-XIII ғ. ғ. аралығында Қарахан дәуірі кезіндегі мәдениетінде болған жаңалықтарды, жетістіктерді ашып көрсету және сол кезде өмір сүрген ғалым-ойшылардың мәдениетке үлес қосқан еңбектерін танып білу, ислам дінінің тигізген әсерін көрсету.

Бітіру жұмысының міндеттері: Отандық тарихтың іргелі мәселелерінің бірі ретінде Қарахан дәуірінің мәдениетіне қарастыра келе, жұмысты үш тарауға бөліп, мәселенің зерттелуін теориялық жағынан зерттеу:

  • Қарахан дәуіріндегі мәдениеттің дамуына әсер еткен алғы шарттарды айқындау;
  • Қарахандар дәуіріндегі ғалымдар және олардың еңбектерінің тарихи маңызы мен мәнін ашып көрсету;
  • Қарахандар дәуірінде ислаи дінінің таралуы және сопылық әдебиеттің мазмұнын ашу;

Бітіру жұмысының мазмұны кіріспеден, 3 тараудан және қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. ҚАРАХАН ДӘУІРІНДЕГІ МӘДЕНИЕТТІҢ ДАМУЫНА ӘСЕР ЕТКЕН АЛҒЫШАРТТАР

Жетісу жері мен Шығыс Түркістанда IX ғасырда шігіл және яғма тайпаларының бірлестігінен Қарахан мемлекетінің билігі орнады.

Кезінде орыс ғалымы В. Григорьев хандарында «қара» атағы болуына байланысты «Қараханидтер мемлекеті» деп тарихи еңбектерінде бұл атауды берік орнықтырады [28] .

Қараханидтердің пайда болуы жөніндегі жеті гипотеза бар екені мәлім [29] . Академик В. В. Бартольд Қарахандықтардың тегін анықтауда үш тайпалардың шеңберімен шектеледі. Енді бізге белгілі болғаны бұл шігіл және яғма, сонымен қатар тайпаларының бір, тұхсилар және Орхон түркілердің қалған тайпалары Қарлұқ тайпалар одағының құрамына кіреді. Қалай болса да олардың тарихы IX ғасырдан бері үзілмей бірге болып келеді [30] .

Кейінгі арнайы тарихи зерттеулерде Қарахандардың қарлықтар мемлекетіне кірген тайпалардан шыққаны туралы тұжырымы айтылады.

Әсіресе, қарлықтар конфедерациясына кірген яғма, тұхси және шігіл тайпалары Қарахан мемлекетін құруда ерекше көзге түседі [31] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздіктен бұрынғы кездердегі ислам және түркі жазба ескерткіштерінің танылуы
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Сопылық әдебиет
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымы
Карахан мемлекетінің рухани және материалдык мәдениеті
Топтастырушы сөздіктер
Қазақстан тарихы жөніндегі мәліметтер
Алтын Орда дәуірі әдеби мұраларының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz