Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы



I. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

II. ХҮII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ САЯСИ АХУАЛЫ
2.1. Тәуке ханның билікке келуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
2.2. «Жеті жарғы» қазақ мемлекетінің құқықтық ескерткіші ... ... ... ... ... ... ... ..

III. ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ.ҚАТЫНАСЫ
3.1. Ресеймен және Бұхара хандығымен өзара қарым.қатынастары ... ... ... ... ...
3.2. Қазақ. ойрат қатынастары

IV. ҚОРЫТЫНДЫ
V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ТІЗІМІ

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
I. КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

II. ХҮII ҒАСЫРДЫҢ ЕКІНШІ ЖАРТЫСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ ІШКІ САЯСИ АХУАЛЫ

2.1. Тәуке ханның билікке келуі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

2.2. Жеті жарғы қазақ мемлекетінің құқықтық
ескерткіші ... ... ... ... ... ... . ... .

III. ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ КӨРШІ ЕЛДЕРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

3.1. Ресеймен және Бұхара хандығымен өзара қарым-қатынастары
... ... ... ... ...
3.2. Қазақ- ойрат қатынастары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...

IV. ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .

V. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ДЕРЕКТЕР МЕН ЗЕРТТЕУЛЕР ТІЗІМІ ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Тақырыптың маңыздылығы. Қазақстанның егеменді мемлекет болуы
жағдайында, демократиялық қоғам мен нарықтық экономика құру жолында,
Республиканың басынан кешірген тарихи жолдарын қайта қарап, әділ бағасын
беру ісі едәуір нәтежиелерге қол жеткізді. Мамандар жаңа әдістемелік
көзқарастар ұсынып , жаңаша ойлау әдістерін жасауға ұмтылуда. Нәтежиеде
өзара байланысты, тұтастықпен ұласқан, диалектикалық даму үстіндегі тарихи
үрдісті жаңа тұжырымдама тұрғысынан айқындаған көптеген еңбектер жариялана
бастады. Жұртшылықтың тарих ғылымына деген қызығуы арта түсті. Бұл
посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің бәріне тән заңды құбылыс еді.
Өйткені жаңадан тәуелсіздікке қол жеткізген халықтар үшін, әсіресе түркі
тілдес елдердің ғалымдарына өткенге байыппен қарап, өз елінің ертеңі үшін
ұлтты тұтастандыратын, идеологиялық қыспақтан арылған ұлттық сана сезімді
толық қанағаттандыратын шынайы тарих қажеттілігі артқан болатын. Қазақ
мемлекеттілігінің тарихи бастауларын тарихшылар тарапынан терең
зерттелуінің бірден-бір себебі қазақ қоғамы тарапынан жасалынған сұраныс
болды. Сонымен қатар Қазақ хандығының тарихы және оның билеушілерінің
отандық тарихта алатын орнына ерекше назар аудару ұлттық сана-сезімге
жасайтын ықпалының басып көрсету болған еді. Қазақ хандығының орталықтанған
мемлекеттік тұғырырын сақтап қалуға іс-шаралар жасай білген, орыс
зерттеушілері оны Спартаның ақылгөй ойшылы Ликурге теңеген билеуші Тәуекел
– Мұхаммед - батыр хан немесе ел арасында Тәуке деген атпен белгілі ханды
ерекше атап өтуге болады.
ХҮII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының билігі Жәңгірдің ұлы
Тәукеге көшті. Жаңа билеуші көреген саясаткер, ақылды дипломат, құдіретті
хан болды. Тәуке ханның өзіне дейінгелерден айырмашылығы-хандықтағы ерекше
әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен
өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге
ерекше маңыз берілді. Билердің шаруашылық, әдетті-құқық, әскери және
идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі болды. Алайда, олар Шыңғыс
ұрпақтарына жатпайтын еді. Төңірегіне беделді топтастырған Тәуке билер
кеңесінің қолдауына сүйене отырып, хан билігіне ашық түрде қарсы шығушы
Шыңғыс ұрпақтарына қарсы күрес жүргізді. билер кеңесі халықтың
айтуыншаТәуке ханға дейін, аңызға айналған Майқы би заманында-ақ белгілі
болған. Билер мәжілісіерекше жағдайларда, аса маңызды мәселелерді шешуге
ғана шақырылған. Билер кеңесініңқызметін ретке келтіруде Тәуке бірқатар
шаралар қабылдады. Ол билер съезінің өтетін жері мен уақытын белгіледі.
Ханның маңызды билік жүйесі болып табылатын билер кеңесі әрдайым Тәуке
ханның белгілі бір ордасында: Түркістан қаласы жанындағы Битөбеде, Сайрам
қаласының маңындағы Мартөбе және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын
жердегі Күлтөбеде өткізілген.
Тәуке хан даулы істерді шешуде билер сотының беделін арттырып, билер
кеңесін кесімді үкім шығаруда ерекше органға айналдырды. Осыдан бастап
билер кеңесі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы аса маңызды
мәселелерді шешетін тұрақты жүйеге арналды.
Тәуке ханның билігінің бір бөлігін беру жолымен ықпалды билерді
мемлекеттік істерге тартуға бағытталған саясат ұстанды. Ол қазақтың үш жүз
беделді билерінің қатысуымен билер кеңесін сәтті ұйымдастырып отырды. ұлы
жүзде Төле бидің, Орта жүзде Қазыбек бидің, Кіші жүзде Әйтеке бидің
беделі ерекше болды. Олардың даналығы мен кемеңгерлігі ойрат жаулап
алушыларына қарсы қазақ халқының күшін біріктіруге, сондай-ақ хандықта ауыр
сындардан аман алып өтуге бағытталды.
Үш жүздің басын құрудағы саяси оқиғада билер кеңесі үлкен рөл
атқарады. Сонымен қатар Тәуке хан өзінің билігі мен саясатында би-батырлар
тірегін кеңейтуге тырысты. Кеңеске барлық рулардың қатардағы билер мен
әскербасылары және батырлары көптеп шақырыла бастады.
Билердің мүддесін көздей отырып, Тәуке өз билігін нығайтты. Мұның
барлығы қазақ тайпалары мен көшпелілердің арасында жоғары билікті күшейтуге
мүмкіндік берді. Сонымен, қазақ қоғамын ішкі саяси қайта құрулар хандық
өкімет билігін орталықтандыруға тырысқан әрекет болды.
Қазақ хандығы атынан Тәуке көрші мемлекеттерімен тығыз байланыс
орнатуға әрекет жасады. Тәуке хан орыс-қазақ қатынастарын жақындастыру
мақсатында 1686-1693 жылдары аралығнда Сібірге бес елшілек жіберді. Сонымен
қатар Орта Азиямен сауданы дамытуға мүдделі болды.Тәуке хан билігі тұсында
қазақ-ойрат қатынастары шиеленісті. Қалмақ-қазақ қырқыстары толассыз
жүргізілді. Осыған қарамастан Тәуке хан Қазақ хандығының Орталық Азиядағы
ірі мемлекеттермен тең дәрежеде қарым-қатынас ұстанатын мемлекеттің
саясатын жүргізді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тәуелсіздік алғалы бері біздің
тақырыбымызға байланысты еңбектер мен ғылыми зерттеулер жиі жарияланды.
Тақырып бойынша арнайы зерттеулер болмасада, қатысы бар мағлұмат беретін
еңбекте ХIХ ғасырдың өзінде жариялана бастаған. Олардың қатарына орыс
чиновниктерінің және зерттеушілерінің еңбектерінің жатқызуға болады. Тәуке
заманы оның тарихта Тәуке ханның заңдары деген атпен белгі құқықтық
ескерткішпен тікелей байланысты. Қазақ халқының әдеттік- құқық баптарының
жинақталуы Ресей империясы тарпынан ұйымдастырылған экспедиция мүшелері мен
жеке чиновниктерінің еңбектерінің нәтижесі деп айтуға болады. Осыған орай
орыс тарихнамасын екі кезеңге немесе екі бағытта зерттеген жөн. Бірінші,
қазақ жеріндегі отарлау саясатын жүзеге асыру бағытындағы жазылған
еңбектер. Бұлар қазақ жерінің географиялық жағдайы мен шаруашылығына
қатысты мағлұматтардан тұрды. Екіншіден, олар тұрмыс-салт дәстүрі
тіршілігіне, фольклорлық байлығын жинастыруға, әдет-ғұрып заң нормалары
жүйелеріне аса көңіл болды. “Жеті жарғы” қағидаларын және қазақ халқының
әдет-ғұрып ерекшеліктерін А. И. Левшин 1, Л.Ф. Балюзек, П.Е. Маковкцкий,
Н.И. Гродековтың, Д.Я. Самоквасов, Л.А. Словохотов, Г. Спасский, Я.И.
Гурлянд 2 еңбектеріндегі келтірілген мағлұматтардың біз үшін ең құныдысы
деп Г.И. Спасский, А.И. Левшин, Я.И. Гурлянд, Л.Ф.Баллюзек, П.Е.Маковецкий
еңбектерін атауға болады.
“Жеті жарғы” заң жобасының құрылымы жағынан әр түрлі екі нұсқасы белгілі.
Алғашқысын 1804 жылы Г.Н. Спасский Жаппас руының ақсақалы Көбек
Шүкірәлиевтен жазып алып, 1820 жылы “Сібір хабаршысына” 3 мақала етіп
жариялады. Г.И. Спасский он бір фрагменттен тұратын “Жеті жарғыны” келтіре
отырып, қазақ тұрмыс-салты жөнінде 1816 жылы өзі қатынасқан экспедицияға
сипаттама береді. Екінші нұсқасы қазақ тарихының білгірі А.И. Левшиннің
еңбегінде айтылған. Онда А.И. Левшин қазақтарды “тағы”, “жабайы”, “бастауы
жоқ” дей отырып, патшалық Ресейдің жүргізіп отырған отарлық саясатының
қажеттігін қолдайды. Ресейдің патшалық әкімшілік жүйесінің мұшесі екендігі,
оның жаулап алып отырған халықтың тарихын шынайы тұрғыдан зерттеуді күту
мүмкін еместігі түсінікті. Дегенмен, оның нақтылы деректі мағлұматтарды
пайдалануы, оның еңбегінің қазақ халқының тұрмыс-салт дәстүрін зертеуде
құндылығы жағынан жоғары орында тұр.
А.И. Левшиннің еңбегі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі қазақ жерінің
географиялық мәліметтері, екіншісі – қазақ халқының жалпы тарихы, үшінші
бөлім этнографиялық мағлұматтар. Осында “Жеті жарғы” заңының отыз төрт
фрагменттік нұсқасы берілген.
Осы жұмысымызды жазуда ХIХ және ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларының
шығармаларында Тәуке ханға қатысты көзқарастар берілген. Абай Құнанбаевтың
4, Ғабдулғазиз Мұсағалиевтің 5 Қазақ жайынан атты мақалсында Тәукенің
билігі туралы айтып өтсе, Тәукенің шежіресі Ш.Құдайбердіұлының негізінде
алынды6. М.Тынышпаев7, С.Асфендияров 8 зерттеулерінде біз қарасытырып
отырған тарихи кезеңге қатысты көптеген мағлұмат береді.
Диплом жұмысының тақырыбына қатысты зерттеулер Кеңес дәуірінде жаряланған
еңбектерде көрініс тапты. Бұл еңбектерде басымдылық танытқан мәселе қазақ-
орыс қатынастары немесе қазақ-ойрат қатынастары тұрғысынан зерттеу болды.
Осы бағыттағы
Жұмысымыздың екінші тарауында қазақ-орыс қатынастарына қатысты
В.Я.Басин 9, И.Г. Апполова 10, Ж.Қасымбаев 11, В.В.Галиев 12
еңбектері жан-жақты қолданды.
Қазақ- ойрат қатынастары жөніндегі зеттеулер жұмысымызда қолданылды.
Жоңғар хандығы туралы зерттеулер арасында И.Я. Златкинннің История
Джунгарского ханство 13 еңбегін ерекше атап өтеуге болады. Оның 150-ге
жуық зерттеулері осы тақырыпқа арналған. Жоңғар хандығының құрылуын зерттей
келе, автор қазақ-ойрат қатынастары дамуының дәйекті бейнесін көрсетеді.
Монғол, қытай, орыс деректерін қолдану аясында жұмыстың құндылығы арта
түседі.
Сонымен қатар В.А.Моисеевтің Джунгарское ханство и казахи ХҮII-
ХҮIIIвв зерттеуін жатқызуға болады14. Бұл зерттеулер қатары Кеңестік
тарихнамада Қазақстанның Ресей бодандығының алу себетерін ашу мақсатын
көздеді. Жоңғарлардың шапқыншылығынан қазақ халқын құтқаруды көздеген Ресей
оларды өзінің иелігіне алды деген тұжырымдар жасалынды.
Берілген мәселелердің кейбір жақтары Ә.Хасенұлы15,
С.Жолдасбайұлы16, К.А.Пищулина17, К.Мамырұлының 18
М.Қ.Абусейтова19 еңбектерінде талдау жасалынған.
Осы тақырыпқа байланысты тікелей зерттеу еңбегі болып табылатын Ресей
тарихшылары Г.Кляшторный мен Т.И.Султановтың ой-пікірлері жаңа көзқараста
жазылған20. Ол еңбекте тақырыбымыздың негізгі мәселелері жан-жақты
зерттеліп ашылған.
Тәуке хан заңдары тарихшылар тарыпынан және заңгер ғалымдар назарында
ерекше зерттеуге ілінген болатын. Жеті жарғының баптары С.З.Зимановтың
бастауымен заңгерлер жан-жақты зерттеді 21. Қазақ халқының әдеттегі-
құқық жүйелеріндегі қылмыстық баптарын Т.М.Күлтелеев зерттеген болатын
22. Қазақ халқының заңдық негізінің тарихи бастауларын ерекше зерттеу
назарына алған заңгер З.Ж.Кенжалиев еңбегі біздің жұмысымызда қолданылды.
Жеті жарғының жаңа баптарын толықтырып, оған шариаттың әсерін ашып беруге
бағытталған зерттеу Н.Өсерұлы тарапынан жасалынды 24. Тәуке хан заңдарына
С.Өзбекұлы25 және Н.С. Ахметова 26 сияқты заңгерлер зор көңіл бөлді.
Соңғы зерттеулер арасынан ерекше атап өтетін еңбек Қинаятұлы
Зардыханның Қазақ мемлекеті және Жошы хан27. Мұнда жеті жарғының
тарихи бастаулары сипатталып өткен.
Диплом жұмысымызда Тәуке ханның ішкі саясатын қатсыты, оның билер
институтуның күшейтуге қатысты жүргізген шараларын зерттегеп жүрген
авторлар қатарынан Ж.М.Артықбаев28, А.Оразбаеваның29 еңбегі және Тәуке
ханның ішкі және сыртқы саясатын жан-жақты зерттеген Э.Т.Телеуованың 30
кандидаттық диссертациясы қолданылды.
Жұмыстың мақсаты - ХҮII ғасырдың екінші жартысында Қазақ хандығының
билігіне Тәуке хан келді. Жұмысымызда Тәуке ханды Қазақ хандығының ірі
билеушісі көреген саясаткер, ақылды дипломат хан болғандығыны талдау
жасаймыз. Тәуке ханның өзіне дейінгелерден айырмашылығы-хандықтағы ерекше
әлеуметтік топты құрайтын, дала ақсүйектерінің өкілі билердің көмегімен
өзінің үстемдігін нығайтқандығына баса назар аудардық. Билердің шаруашылық,
әдетті-құқық, әскери және идеологиялық міндеттерді атқаруда ерекше рөлі
болды. Тәукенің Жеті жарғыны қабылдауындағы негізгі мақсаттарын ашуға
көңіл бөлінді. Сонымен қатар Тәукенің көрші мемлекеттермен терезесі тең ел
ретінде дипломатиялық байланыс орнатқандығына баға беріледі.
Диплом жұмысының міндеттері:
• Қазақ хандығының ірі билеушісі Тәукенің билікке келуі және оның
ішкі саясатына қатысты мәселелерді айқындау;
• Дәстүрлі қазақ қоғамында билерге ерекше маңыз берілгендігіндегі
Тәуке ханның рөлін көрсету;
• Жеті Жарғының қабылдануы, оның тарихи бастауларына және
мазмұнына талдау жасау;
• Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси бағыттарын
белгілеу.
Жұмыстың хронологиялық шегі. ХҮII ғасырдың екінші жартысы және ХҮIII
ғасырдың алғашқы он жылдығын қамтиды.
Диплом жұмысының деректік негізін құжаттар жинағы құрайды. ХҮII
ғасырдағы Қазақ хандығының сыртқы саясатындағы елшілердің естеліктері,
хаттары, олардың берген мағлұматтар қазақ-орыс 31 құжаттарында және орыс-
монғол 32 құжаттарында жинақталған. Сонымен қатар қазақтың әдеттік-
құқықтық нормалардың жинағы 33 жұмысымыздың барысында қолданылды.
Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

II. ХҮII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақ хандығының ішкі саяси ахуалы

2.1. Тәуке ханның билікке келуі

XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығының
мемлекеттілігінің дамуында оның аймақтық байланыстары, қоғамдық қарым-
қатынасындағы әлеуметтік өзгерістері, хан билігінің күшеюі, қазақ жерін
сыртқы жаулап алу факторы тұрғысында тарихтың қатаң сынағынан өтуі тиіс
болды.
Осы тарауда қозғалып отырған мәселе бойынша Қазақ хандығының ішкі
саяси ықпалын, билік-басқару құрылымы, әдетті-құқық жүйелерінің даму
ырғақтарының бағыттарына жан-жақты талдау жасалынады.
XVII ғасырдың екінші ширегіндегі Қазақ хандығының географиялық-саяси
территориясына және мемлекеттілігінің саяси ахуалына арналған
зерттеулердегі пікірлер ортақ емес. Мұның басты себебі XVII-XVIII
ғасырларда қазақ тарихында сыртқы фактордың алатын үлесі жоғары.
Жоңғарлардың саяси күшеюі кезінде олар қазақ жеріне жасаған шабуыл
әрекеттері өз ықпалын тигізді. Сондықтан қазақ жерінің территориялық
шекараларының біз қарастырып отырған кезеңде сыртқы тұрақсыздық жағдайында
болды. Қазақ хандығының мемлекет болып танылғаннан бері ауқымды
аймақты иеленген қазақ халқы дербес ел ретінде шекарасын сақтап қалу үшін
үнемі күрес үстінде болды. XVII ғасырдың соңы — XVIII ғасырдың алғашқы
ширегінде қазақ жерінің шекарасы солтүстігінде — Тобылдан Ертіске дейінгі
аралықты, оңтүстігі Сырдың орта ағысын және Ташкент қаласын қамтып өтіп, ал
шығысында Жоңғар Алатауындағы Еміл өзенінен батысында — Сырға дейін созылып
жатты. Көрші орналасқан мемлекеттер, соның ішінде Ресей мен Қытай
мемлекеті Қазақ хандығының шын мәніндегі аймақтық көлемін білуге асық-
болды.
Қазақ халқының ежелден байырғы мекені болып келген ұлан-байтақ
жерінің географиялық бедері әр түрлі екендігі сөзсіз. Әрі көрші жатқан ірі
Шығыс және Батыс елдерінің экономикалық дамуы жағынан ерекше, мәдени,
этникалык, идеологиялық құрылымы өзгеше өркениеттілік жүйенің "дала-қала"
қатынастары Қазақ хандығының географиялық территориясын қамтыды. Қазақ
хандығы Евразия шеңберіндегі болып жатқан трансмәдениеттілік үрдісіне
қарамастан өзіндік мәдени-тұрмысын және ғасырлар бойы қалыптасқан
этникалық территориясын жоғалтпады. Осыған қарамастан Қазақ хандығының
географиялық орналасуы оның орталықтанған мемлекет ретінде ішкі және сыртқы
саяси жағдайын өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақ хандығының Тәуекел-
Мұхаммед хан тұсындағы тарихи-саяси ахуалын көтермес бұрын, алдымен XVII
ғасырдың басындағы қазақ жерінде болған тарихи оқиғаларға шолу жасау арқылы
мәселеге тереңірек тоқталғанымыз жөн. XVII ғасырда Қазақ хандығының саяси
жағдайы кейінгі орта ғасырға тән барлық жерлерде Орталық Азияда, Шығыс
Түркістанда тұрақсыздық жайлаған болатын. Соның салдарынан Қазақ хандығының
ішіндегі саяси билік үшін тартыс күшейе өріс алған. Орта Азияда Шәйбан
әулеті құлап (1598), оның орнына келген Аштрахан әулетімен Сырдарияның
оңтүстігінде орналасқан қалалар үшін Қазақ хандығы үнемі күрес жүргізіп
отырды. Ал XVII ғасыр басында Қазақ хандығы мен Аштрахан билеушілерінің
басты тартыс орталығы — Ташкент қаласы болды.
1598 жылы I Тәуекел хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығының
ішінде әр түрлі саяси топтар жоғары билік үшін өзара күрес жүргізді.
Жоғарғы хан билігі Есім ханға өтті. Бірақ Есім ханның басқа Қазақ
хандықтарына тегіс билік жүргізу сайсаты іске аспады. Өйткені қазақ
сұлтандары оның жеке билігін жақтамады. Сонымен XVII ғасырдың басында Қазақ
хандығының мұрагері болған Шығай ханның ұлы — Есім таққа отыра салысымен,
Бұхар елімен бітім жасасты. Бірақ, оның Сырдария бойындағы қалаларды Қазақ
хандығының қол астында қалдыру мақсаты жаңа әрекеттерді қажет етті. Ол Есім
хан, Хақназар мен Тәуекелдің саясатын жүргізе отырып, Сырдария қалалары мен
Ташкентті өзіне баянды етуге тырысты. Бірақ өзінің көздеген мақсатын жүзеге
асыра алмады. Оған сол кездегі Тұрсын, Абылай сияқты көптеген дербес өз
билігін көздеген қазақ сұлтандары кедергі жасады. XVII ғасырдың басындағы
Аштрахан әулетімен Қазақ хандығының арасындағы ірі тартыстар шығыс
жазбагерлерінің шығармаларында көрсетілген. Есім хан тұрақты хандық билікке
жету үшін үнемі қазақ сұлтандарымен және Оңтүстігінде Бұхар хандығымен, ал
шығысында ойрат билеушілер соғыстар жүргізіп отырды.
XVII ғасырдың басында Қазақ хандығы ірі-ірі тарихи оқиғаларды
бастарынан өткере отырып, орталықтанған мемлекет болудың жолын іздеді.
Махмуд ибн Валидің "Бахр-ал-асрар" 34 еңбегіндегі мәліметі бойынша, Есім
хан 1628 жылы қартайып қайтыс болған. Есім хан ел есінде өзінің істерімен
белгілі болды. Халық аузында "Есім ханның ескі жолы" заң
ережелерінің туындаушысы ретінде айтылады. Есім хан ұлттық тарихымызда
батыл шешімдер қабылдай білетін билеуші ретінде танылған. Ол қазақ
билеушілерінің арасындағы өзінің қарапайымдылығына қарамастан, мемлекеттің
ең бір беделді, ержүрек ханы болып саналады.
Есім хан қайтыс болған соң, Қазақ хандығыньщ билеушілері
арасында саяси тартыс қайтадан өрши түсті. Мұны пайдаланған
Бұхар ханы Ташкентті басып алды. Бірақ, көп ұзамай
Ташкенттегі билік Қазақ хандығына көшті. Қазақ хандығындағы
бірнеше жылға созылған саяси тартыстан соң, хан тағына Есім
ханның баласы — Жәңгір отырады. Орыс деректерінде Джаһангир, "Янгирь" деп
айтылады. Жәңгірдің "Бахр-ал-асрар" бойынша әкесінен кейін таққа
отырғандығын хабарлайды 34, 325 б.. Жәңгір хан көрші мемлекеттермен жалпы
алғанда бейбітшілікті сақтады. Жәңгір моғол ханы Әбді-Рахым ханмен өте
тығыз байланыста болып, үнемі одан қолдау көріп отырды. Бұл кезеңдегі Қазақ
хандығы мен Бұхар арасындағы елеулі қақтығыстар бола қойған жоқ. Бірақ осы
тұста қазақ жеріне ойраттар шабуылдары жиілей түскен болатын, ірі
қақтығыстарының бірі 1643 жылы ойраттардың қазақ жеріне
басып кіруі. Жәңгірдің әскери білгірлігі, тапқырлығы
және өзбек билеушісі алшын Жалаңтөстің көмегімен қазақ әскерлері жеңіске
жеткен болатын 35. Жәңгір халықтың ауыз тарихында батыр әрі соғыстағы
жеңістер үшін "Салқам" (Айбатты) деген атаққа ие болған.
XVII ғасырдағы Зая-Пандиты еңбегінде 1652 жылы болған қазақ-ойрат
соғысында Жәңгірхан 17 жасар Қалданның қолынан қаза тапты деп көрсетеді
36. Көптеген зерттеулерде Жәңгір хан соңғы билік құрған межесін 1680
жылға дейін жеткізеді. Зая-Пандитының биографиялық еңбегіндегі мәліметке
сүйенген зерттеушілеріміз 1652 жылды көрсетеді.
Қазақтың дербес хандығының бұғанасын бекітіп, әрі оны нығайтып,
ілгері үлкен мемлекет ету жолындағы Жәңгір ханның қайраткерлігі мен күш-
жігерін ойраттармен жүргізген соғыстағы әскери қолбасшы ретіндегі
тапқырлығын біздің тарихшыларымыз қазіргі кезде тереңдете зерттеп, жан-
жақты талдап көрсете бастады.
Халық зердесінде өшпес із қалдырған ірі тұлғалар қатарына XVII
ғасырдың екінші жартысындағы XVIIІ ғасырдың басындағы Қазақ ханы болған Әз
Тәукені жатқызғанымыз жөн.
Тәуекел-Мұхаммед — батыр хан өзінің даналығы, ұлылығы арқасында
ел арасында "Әз-Тәуке" деген атаққа ие болған. Қазақ жеріне орыс елшілігін
бастап келген Н.Тевкелевтің 1748 жылғы жазған құжатта: "Тәуке хан өте
ақылгөй кісі болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады",
— деп көрсетеді 37. Халық зердесінде Тәуке заманының Қазақ хандығының ең
бір өркендеген, "қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман", "алтын ғасыр"
деп еске алынады. Орыстың белгілі тарихшысы А.И.Левшин зор көрегендікпен
Теукені көне Спартаның ақылгей заңгері Ликургпен теңеген еді 1, 275 б..
Тәуке ханның даналығына бас игендердің бірі — Ұлы Абай болды. Абай
өзінің "Ғақлияларының" үшінші сөзінде былай дейді: "Бұл билік деген біздің
қазақ ішінде әрбір сайланған кісінің қолынан келмейді. Бұған бұрынғының
"Қасым ханның қасқа жолын", Әз Тәуке ханның "Күлтөбенің басында күнде кеңес
болғанда", "Жеті жарғысын" білмек керек. Әм ол ескі сөздердің қайсысы заман
өзгергендіктен ескіріп, бұл жаңа заманға келіспейтұғын болса, оның орнына
татымды толық билік шығарып, төлеу саларға жарарлық кісі болса керек еді,
ондай кісі '"У, яки тіпті жоқ 4, 5 б.. Тәуекел - Мұхаммед батыр ханның
шежіресін, Қазақ хандығының алғашқы ірге тасын қалаған осы Жәнібектің
тікелей ұрпағы екендігін атай отырып, таратуға болады.
Абай, Шәкәрімдер — тіпті бүкіл Абай айналасы хандар шежіресін едәуір
толығырақ білген. Шәкәрімнің мына сөзі зер саларлық: "Бұл Әз Тәуке — Салқам
Жәңгірдің қалмақтың қызы қатынынан туған баласы еді" 6, 15 б.
Бұл жазғандарға қарағанда, Тәукенің шешесі қалмақ қызы болған.
Жәңгір ханның қалмақ ханшасына үйленуіне байланысты ауыз
әдебиетіндегі аңыздар негізінде бірнеше бағыттағы талдаулар жасауға болады.
Оның бірі ертеден шығыста қалыптасқан дәстүр бойынша бейбіт қарым-
қатынастың кепілі ретінде сол елге қыз ұзатуы мүмкін.
Еңсегей бойлы ер Есім өзінің жаужүрек жеткіншегі — Жәңгірге Ырғыз
өзенінен бойлай көшіп жүрген қалмақ тайшасының қызына құда түсіп,
Жәңгірге қалмақ аруын қосса керек.
Тәукенің әкесі Жәңгірдің қалмақ қызына үйленуінің екінші бір себебін
былай тұспалдауға болады. 1635 жылы Сібір татарларының мағлұматтарында
қара қалмақ тайшысы мен қазақтар арасындағы соғыста Есімнің ұлы тұтқынға
түскедігі туралы айтылып, оның қандай жағдайда құтылғаны белгісіз. Міне,
осы тұтқында жүріп қалмақ қызына қосылуы мүмкін. Мұндай оқиға батырлық
дастандарымыздың мазмұнында да көптеп кездеседі.
Н.Г.Андреевтің, А.И.Левшиннің, В.В.Вельяминов-Зернов, Ш.Уәлиханов,
Шәкәрім Құдайбердіұлы, Ә.Бөкейхановта берілген мағлұматтарға сүйеніп
жалғастыратын болсақ Жәнібектің сегіз баласының бірі — Жәдік сұлтан (бұл
Қасым хан екеуі бір туған) Шығай хан, одан Тәуекел хан, Есім хандар
тарайды, осы Есімханнан Жәнібек, Жәңгір, Сырдақ деген үш баласы, Жәңгірден
есімі белгілі Абақ, Тәуке. Кейбір зерттеушілер Жәңгірдің Уәли, Бақи, Тәуке
атты үш баласы болғандығын керсетеді. Шәкәрімнің шежіресінде "оның
Үргеніштегі Қайып ханның қызынан Уәли-Бақы деген баласы бар еді. Әз Тәуке
хан болғанда хандыққа өкпелеп Қайып ханға кетіп еді" — деп баяндалады.
Уәли Бақы (ұрпағы Абылай) кейбір жерлерде Али-Бақи, (Вали-Баки) деп
жазылады. Мұны қысқартып айтқанда Абақ болады немесе Абақ оның жанама аты
болуы мүмкін.
Тәуке хан тұсындағы тарихи оқиғалар жазба деректерде әлсіз қамтылған.
Мұсылман авторларының шығармаларында оның билік құрған кезеңінен үзінді
мәліметтер беріледі. Қытай деректерінде XVII ғасырдың соңындағы Қазақ
хандығы туралы қазақ-ойрат қарым-қатынастарына байланысты аз көлемде болса
да хабарлар сақталған. Орыс архивтік қоймаларында Тәуке атына байланысты
документтер кездеседі. Бірақ, оның құндылығына қарамастан сол кезеңдегі
Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайының тарихын толық баяндауға
жеткіліксіз.
Жазба деректердің әлсіздігі Тәуке хан билігін жан-жақты ашуда әрине
қиындық туғызады десек те, оның тұсындағы тарихи оқиғаларға толы халықтың
ауызша тарихи мұраларының алатын орны ерекше. Қазақ хандығында билік құрған
Шыңғыс ұрпақтарының ішіндегі осы Тәуке туралы мәліметтер дәстүрлі ауыз
әдебиетінің барлық салаларында қамтылған. Халық арасындағы осындай маңызды
деректер XVIII-XIX ғасырларда қазақ жеріне келген орыс зерттеушілері
еңбектерінде пайдаланылды.
Тарихи зерттеулерде Тәукенің хандықтағы билікке келу жылының талас
тудыратын мәселе екені белгілі.
Осыған орай екі бағытта тарихи салыстырмалы тұрғыда оның билікке
келген хронологиялық уақытын талдап көрелік.
Жәңгір ханнан соң, көптеген арнайы зерттеулерде оның баласы Қазақ
ханы болды деген пікір бар. Жәңгір хан 1652 жылы болған қазақ-қалмақ
шайқасында қаза тапқаны Зая-Пандиты еңбегінен белгілі. Ал Тәукенің хандық
құрған кезеңін XVII ғасырдың соңы (1678-80) басталатындығын зерттеушілердің
басым көпшілігі құптайды. Орыс мағлұматтарында (архив) мынандай мәліметті
кездестіруге болады: 1734 жылы ұйымдастырылған Орынбор экспедициясы Уфа
қаласында Нұр-Мұхаммед сарттан Қазақ хандығының шежіресі жазып алынды.
Онда былай делінген: "Қайсақ ордасының ханы Джаһангер хан, одан кейін билік
құрған Батыр хан, Батырдан кейін Тявки хан болды" 30, 26 б.. Батырдың
хандық құрған кезіндегі оқиғалар туралы орыс жазбаларында, халық
ауызша тарихында ежірелерінде ешқандай мағлұматтар сақталмаған.
Қазақ даласындағы Шыңғыс династиясының шежірелік мағлұматтардан
тұратын А.И.Левшиннің, Ш.Уәлиханов, М. Тынышпаевтың еңбектерінде
XVII ғ. екінші жартысында Батыр есіміне қатысты ешқандай мәлімет табылмады.
Қайыптың (1718) баласы Батыр хан (1771 ж. шамасында) кейіңгі Кіші жүздің
Әлім ұлы тармағына билігі тараған Қайып (1786-1796) ханның әкесі
белгілі38.
Көтеріліп отырған мәселеге келетін болсақ Жәңгір Есім хан шамамен
1628 жылы қайтыс болған соң бірден хан жарияланбады. Мұны 1635 жылы болған
қазақ-ойрат қақтығысында оны "Жәңгір ханзада тұтқынға түсті" десе32, 278
б, 1640 жылы Батыр қоңтайшыға барған орыс естеліктерінде "Жәңгір
ханзаданың төрт елшісі болды" деп жазылған32, 291 б.
1643 жылғы қазақ-жоңғар соғысы туралы ауызша тарихының мәліметтер
бойынша жоңғар Алатауының "Жоңғар қақпасы" деген жерде болған шайқаста
Жәңгір әскери өнерін, өзінің қатысуы арқылы жеңіске жеткен шайқастан кейін
қазақтардың алдында беделі өсті. Осы оқиғадан кейінгі деректерде оны Қазақ
ханы деп жаза бастайды (1644-1652). Осы жерде айта кететін жәйт Есімнен
соң, Жәңгірдің хан жариялануының арасындағы жыл алшақтығының бар екендігін
көрсеткіміз келді.
Бұл мәселені қозғап отыру себебіміз Қазақ хандығындағы билікке келу
жолының ерекшелігі, сұлтандар арасындағы саяси тартыста жеңіске жетуде
тарихи оқиғалардың шешуші орын алатындығын көрсету.
Тәукенің хан жариялануының екінші бағытындағы талдау, оның 1653-1654
жылдары хандықтағы билікке ие болғандығын тарихи оқиғаларды салыстырмалы-
сараптау арқылы нақты тұжырым жасау.
Тәуке ханның 1678-80 жылдарға дейінгі жазба деректерде есімінің
ұшырыспауы немесе осы жылдар аралығында Қазақ хандығы жағдайы туралы өзге
халықтардың деректерінде кездеспеуінің себептері: 1. Қазақ хандығының
сыртқы саясатындағы тұрақтылық; 2. көрші орналасқан мемлекеттердің өз
ішіндегі саяси өзгерістердің әсері болды.
Қазақ хандығының тарихына қатысты жазба деректердің ауқымды үлесі
орыс жазбаларына тиеді. 1650-1680 жылдардағы Орыс мемлекеті үшін ең басты
мәселе ішкі саяси жағдай болды. XVII ғасырдың II жартысында Ресей
мемлекетінің саяси тұрақтылығы бірыңғай болмады. Мемлекет басында жаңа
әлеуеттің орнығуы жаңа саяси және идеологиялық доктриналардың пайда болу
оның сыртқы саясатына ықпалын тигізбей қойған жоқ. XVII ғасырдың I
жартысында Қазақ хандығы Сібір жерлерінің Ресей бодандығына енуінен кейін
саяси қарым-қатынасын үзді. Ендігі жерде Сібір жерін түгелмен өздеріне
бағындыру үшін жасалынған шараларды іске асырумен, яғни осы жердегі
халықтарды христиан дініне енгізу арқылы, отарлау саясатын жүзеге асырды.
XVII ғасырдағы алғашқы қарым-қатынастар 1687 жылдары қайта жанданған
болатын.
Жоңғар факторының бәсеңдеуі 1653 жылы Жоңғар хандығының алғашқы
негізін қалаушы Батыр қонтайшы қайтыс болады. Билікке оның орнына Батыр —
Сенге қонтайшы (1653-1670 жж.) келген тұста ішкі саяси тартыс, әулеттік
қырқыстар үдей түседі. Бұл жылдары қазақ-ойрат қақтығыстары мүлдем
болмайды. Сондықтан болар қытай деректерінде XVII ғасырдың 50-80 жылдарын
қазақ ойрат қарым-қатынасына қатысты деректерді кездестіре алмаймыз.
1670 жылдары билікке Қалдан Бошакту қонтайшының ойрат қоғамындағы
мемлекеттік құқықтың заңдар нормаларының жүйесін іске асыра отырып 1681-
1694 жылдары қазақ жеріне жаулау әрекеттерін бастап, Сайрам қаласын
алады13, 213 б. Осы жерде қазақ-ойрат қақтығыстары 1680 жылдары қайта
басталып бұл оқиғалар жазба деректерде қазақтың дәстүрлі ауызша
тарихнамасында көрініс тапқан.
Тәуке ханның Қазақ хандығындағы билік құрған алғашқы жылдары оның
барлық іс-әрекеті ішкі саяси тартыстан әлсіреген хандықтың ішкі жағынан
нығайтуға арналғандығын "Жеті жарғының" қабылдауымен негіздеуге болады.
Тәуке қазақ қоғамындағы қарама-қайшылықтарды шешуде, әлеуметтік және
құқықтық нормаларды заң жүзінде баянды ете отырып, әрбір қауым мүшесі
хандықтың қоғамдық құрылымына енуіне мүмкіндік жасады. "Жеті Жарғының"
қабылдауының басты себебі: әдеттегі құқықтық нормаларды реттеу
қажеттілігінің туындауы, екінші орында саяси-әскери жағдай болғандығы оның
баптарынан анықтауға болады.
Тәуке хан 1653-54 жылдары хандықтағы билік жүйесіндегі өзгерістер
"дала аристократиясын" қолдай отырып, 1670 жылдары "Жеті
жарғының"қабылдануына алғашқы қадамдар жасай бастады.
Жазба деректердің орнын толықтыратын, Қазақ хандығының тарихына құнды
мағлұматгарды қосатын, қазақ халқының дәстүрлі ауызша тарихы: Тәуке заманын
Қазақ хандығының ең бір өркендеген және тыныштық орнаған кезі екендігін
"Қой үстінде боз торғай жүмыртқалаған заман", "алтын ғасыр" деп айтылады.
Тәуке 1653-54 жылдардан бастап хан болды десек, ол Қазақ хандарының
ішінде жарты жыл билік құрған хан болар еді. 1653-1680 жылдар аралығында
қазақ жеріне сыртқы шабуылдардың толастаған түсы ретінде қарастыру
керектігін, хандықпен шектесіп жатқан мемлекеттердің тарихындағы жағдайлар
көрсетеді.
Жәңгір хан 1635 жылы қалмақ түтқынынан қүтылып шыққаннан кейін,
Тәуке дүниеге келді деп қарастырсақ 1653 жылдар 17 жасқа келер еді.
Тәукенің билікке келуі, саяси тартыстың барысында іске асқандығын Жәңгірдің
үлкен ұлы: Уәлидің Қазақ хандығынан Үргеніштің ханы Қайыпқа кетіп қалуы
дәлел бола алады6, 75 б.
Алғашқыда оның билігі қазақ даласына тегіс орнықпауы мүмкін. Қазақ
хандығы сияқты территориялық жағынан аумақты, дәстүрлі қоғамдық
қатынастардың орныққан мемлекеттік құрылымды басқару өте күрделі. Сондықтан
болар Тәуке хандық биліктен үміті бар сұлтандарға қарсы хандықтағы ерекше
әлеуметтік топты құрайтын "дала аристократиясының" өкілі билердің көмегімен
өзінің үстемдігін нығайтуға тырысты. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы әдетті-
құқық, әскери және саяси мәселелерді шешу Тәуке хан тұсында осылардың
үлесіне тиді.
Көтеріп отырған мәселе бойынша қорытынды жасайтын болсақ Тәуке ханның
билік құрған хронологиялық межесін 1652-53 – 1716 жылдар деп көрсеткен
дұрыс шығар.
Тәуке сұлтан хандықтың ішкі ісіне жас күнінен араласа бастады. Тәуке
сұлтан 14-15 жасында (шамамен 1649-1650 ж.ж.) Шығыс Түркістанға барғаны
туралы Фазыл Чоростың еңбегінде берілген үзіндіні келтіре кетейік: "Сол
кезде Жәңгір ханнан Жүніс қожа атты елші келді, ол Шейх-Хаван Тахур
әулетінен тараған. Мына жақтан Софы Қожаны, Сеиид Мұхаммед Қожаның баласын
жібереді. Ал Жәңгір хан Софы қожамен бірге өзінің баласы Тәуке сұлтанды
жібереді39. Жәңгірдің әкесі Есім хан өз заманында Шығыс Түркістанның
біраз жеріне билік еткен Әбді Рахым ханның қызын алған. Сондықтан Жәңгір
хан балаларын өзінің нағашы жұртына жиі жіберіп түрған.
Тәуке хан билікке келісімен Қазақ хандығында ішкі тартысты тоқтатып,
бірлікті күшейтуге барын салғаны мәлім. Ал сыртқы саясатта Қазақ хандығы
Сыр бойындағы қалаларды өз құрамында сақтап қалу үшін күреседі. Сондай-ақ
оңтүстік-шығысынан жоңғарлар тарапынан шабуылдар жасалып тұрды. Теуке
ханның хандық билігінің кезеңі қазақ жеріндегі ең бір қиын да аласапыран
кезді қамтыды.
Тәуке хан билігі ішкі саясаты жайында ірі ойшыл заңгер Ғабдулғазиз
Мусагалиев өзінің 1913 жылғы "Айқап" журналында жарық көрген көлемді
мақаласында былайша көрсетеді: "XVII ғасырдың аяғы — XVIII ғасырдың басы
қырғыз-қазақтардың күні туып тұрған шағы еді. Сол уақытта Қазақ хандарынан
Тәуке хан өзінің әділ һәм ақылдылығы арқасында қазақтың ордасынан, яғни үш
жүз, орта жүз, кіші жүз қазақтарын біріктіріп, өзіне қаратқан қазақтардың
өз ордасындағы соттық жанжалдарды бітірген: күшсіз табындырар күштілерге
қарсы тұру үшін біріктіріп, күштілерді жуасытқан жарлыны байға, күштіні
күшсізге біртегіс етіп заң-закон түзеген... Тәуке ханнан кейін қазақтардың
басына түрлі ауыртпалықтар келе бастаған" 5,288б.
Қазақ хандығында Тәуке хан тұсындағы ішкі саяси билікте "Жеті Жарғы"
бойынша Шыңғыс ұрпағына қауым мүшелерінен артықшылықтары зандастырылған
болатын. Ал іс жүзіндегі хандық ішіндегі билік "дала аристократиясымен"
бөліске түскен болатын. Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлі басқару
жүйесіндегі биліктің бөлінісінің тиімді және тиімсіз жағы болды. Біріншісі,
қазақ халқының ішіндегі "дала аристократиясы" дегеніміз әлеуметтік-
экономикалық ерекшелігі емес, өздерінің жеке бастарының артықшылықтарына
сүйенген би, батырлар болды. Олар қазақ қоғамын басқару жүйесінде саяси-
әлеуметтік топ ретінде қалыптасып, қазақ қоғамын демократиялық сатыға
көтерді.
Тәуке хан тұсында билер үстемдігі күшейгендігі соншалықты жүздерді
басқаруда Ұлы жүзде – Төле биге (Дулат, Жаныс руынан), қарақалпақтарда —
Сасық биге, қырғыздарда — Қоқым биге арқа сүйеді 7, 171 б. Билердің
қоғамдық функциясы, саяси-қоғамдық қатынастарды реттеу функциясын орындады.
Олар жүз, тайпа, ру билеушілері болды. Екіншіден, хан билігін нығайту, оны
тұрақтандыру үшін, өзге сұлтандар арасындағы тартысты жою үшін қажет болды.
Қазақ қоғамы үшін саяси биліктегі бөліністің тиімсіздігі мемлекетті
ішкі жағынан ыдыратты. Екіншіден сыртқы фактордың салдарынан ру арасындағы
тартыстар үдей түсті. Әлеуметтік топтар орыс үкіметінің тарапынан
шенеуліктер алып қызметке тұрып өздерінің бастапқы саяси функцияларын
жоғалтты.
Зерттеулерде Қазақ хандығы Тәукенің кезінде орталыққа бағынған
мемлекет ретінде көрсету талас тудыратын мәселе. Тәуке хан тұсындағы
орталықтандырылған, бір жерден басқару жүйесі бар мемлекет ретінде 1943
Қазақ ССР тарихында атап өтіп, оның Киев Русінен да орталықтандыру дәрежесі
жоғары деп бағалаған. 1945 жылы "Большевик" атты журналында Морозов деген
ВКП(б) ОК-нің қызметкері жазған сын-мақаласьшда бұларға ұлтшыл айыбы
тағылды. Соның арқасында 1949 жылы шыққан тарихи зерттеулерде біздің
тарихшыларымыз бұл пікірінен бас тартуға мәжбүр Қазақ хандығындағы биліктің
жоғары дәрежеде болғандығын көрсеткен С. Ю. Юшковты С.Л. Фукс қатты сынға
алған болатын40. Ол, Қазақ хандығының Киев Русіне әлдеқайда төмен
тұрғандығын саяси-экономикалық шеңберінде дәлелдеп берді. Осыдан кейінгі
зерттеулердегі көзқарас Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымының
болғандығын мойындағысы келмей, керісінше оны Ресейдің боданына айналғанға
дейінгі саяси өмірін "жабайы" түрінде көрсету тиімді болды. Кеңес өкіметі
ыдырағаннан кейін қазақ тарихын дала өркениетінің құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылып, мемлекеттік құрылымдарын зерттеуге арналған еңбектер жарық
көруде.
Тәуке кезеңінде Қазақ хандығындағы мемлекеттің бірлігі, оның
жүргізген ішкі саясаты бойынша ірі екі билеуші әлеуметтік топтың да
мүддесін қорғай отырып, тендікте ұстау арқылы жүзеге асты. Осы әлеуметтік
иерархияның жоғарғы билеушісі хан болды. Хан қазақ қоғамындағы басқару мен
заң шығару құқығынан бастап, отбасылық, әскери және әкімшілік тұтқаны
қолына ұстаған жеке-дара билеушісі еді. Жүздері — кіші хандар, ұлыстары —
сұлтандар, арыстарды — билер, руларды — ру ақсақалдары, ал аталарды жасы
келген, көпті көрген өз ақсақалы басқарды. Бұл билеу тәртібі ертеден келе
жатқан рәсім болды. Хандық мұрагерлік жолмен хан өлсе, баласы таққа отырды.
Баласы болмаса, аға-інісі не олардың ұрпақтары билеп төстеді. Бірақ хан
таққа отырған кезде ежелден келе жатқан дәстүр — хан көтеру деп аталатын
сайлаудан өтуге тиісті еді. Ондай сайлауға бүкіл халық қатынасып ханды ақ
киізге отырғызып, үш рет жоғары көтеріп, үлкен ақсақалдар бата беріп, оған
барлық ұлыс-тайпа тағзым етеді. Жоғарыда айтып өткендей көшпелі қазақ
қоғамының ханы өз халқының қамқоршысы болуы қажет және оған барлық қауым
мүшелері бас иіп таңдауға тиіс болды. Көшпелі хандықтағы ханның атқаратын
қызметі мен міндеттерін былай көрсетуге болады: Ол бүкіл қазақ тайпаларының
билеушісі ретінде хандықтағы
жерді иеленуге құқылы болғандықтан, мемлекеттік территориясын сыртқы
жаудан қорғау үшін әскери қолбасшы болу міндеті тұрды.
Екіншіден, соғыс немесе бейбітшілік жариялауды хан шешеді.
Үшіншіден, ханға көрші мемлекеттермен қарым-қатынас орнатуға, сыртқы
саясаттағы байланыстарды шешу құқы берілуі.
Төртіншіден, "Жеті Жарғыда" көрсетілгендей қылмыстыны жазалауда соңғы
шешімі хан құқығында болды.
Бесіншіден, хан қоғам мүшелеріне арналған заң шығару
қызметі жүктелді және де осы заңның орындалуын қадағалау хан
мүддесіне берілді.
Алтыншыдан, хан салық түрлерін бекіту, салық жинауды
басқарып отырды. Хан ордасы тұрақты жері Қазақ хандығының тарихында үнемі
өзгеріске ұшырап отырады. XVII ғасыр соңы - XVIII ғасыр басында Қазақ
хандығының тұрақты орталығы Түркістан қаласы болатын. Тәуке ханға келген
орыс елшілері Ф.Скибин мен М.Трошин бұл жерде қазақтардың ең жақсылары
жиылып кеңес құратын деп көрсетеді 41. Құқықтық мәнге ие хан жарлықтары
көшпелі қазақ қоғамындағы ерекше құбылыстардың бірі. Хан жарлықтары алым-
салық төлеу, астана таңдау, әскер ісі, көшіп-қону мәселелерін реттеу
салаларында біршама орын алды.
"Хан келісімге кепіл мемлекеттік санақ түрін, оның жинақ тәртібін
орнатты". Сондай-ақ, жиналысының шақырылуы орынын, мезгілдік тәртібін
реттеу де хан жарлықтары жүзінде іске асты, хан жарлықтары билер
институтының басты қызмет атқарған құқықтық нысандардың бірі. Әсіресе,
олардың тұлғалық және сандық құрамын анықтау мақсат-бағдарын белгілеп
қызмет бағыттарын салалау құрылымдық жүйесін айқындау барысында хан
жарлықтары, негізгі рөл ойнады. Билердің істі қарастырғандығы үшін алатын
салықты немесе ақыны Тәуке хан тұсында бекітілгендігі айтылады.
Н.И.Гродековтың көрсетуі бойынша хан істі шешу барысындағы қызметі
үшін "ханлық" алды. Яғни алынған салықтың 110 бөлігіне ие болды. Ханлық
П.Е.Маковецкий бір түйе ал, "билердің" алатын "билік" салығы бір жылқыдан
не шапаннан тұратындығын көрсетеді.
Сонымен қатар, біз қарастырып отырған кезең де, хандық кезеңнің
барынша нығаюына, үш жүздің басын біріктіріп билік құрған Тәуке ханның
алатын орны ерекше. Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін қазақ қоғамының ішкі
ыдырауы билік үшін толассыз тартыс күшеюімен сыртқы жаулар тарапынан
сұрапыл жаугершілік соғыстың басталуымен сипатталады. Осылайша, Тәуке
хан заманынан кейін бүкіл қазақ даласында Қазақ хандығы ыдырап, жеке
дара хандықтар пайда болды.
Қазақ шежіресінде ”Салқам Жәңгірден кейін Әз Тәуке хан болды. Мұның
өзі ақылды, табанды кісі болды. ”Байсалды айғырдың үйірін ат жақтайды”
дегендей халықты жақсы басқарды. ”Күлтебеде күнде кеңес” осы Әз Тәке
тұсында айтылған сөз” – деп Әз Тәуке билігіне жақсы бағасы беріледі. Қалмақ
дәуірлеп тұрған уақытта жаңа саясат жүргізу керек еді. Оның нақты амалы Әз
Тәуке ойынша әр жүздің орда жүзін сайлау, оларға ішкі саясаттың тізгінін
беру. Евразия көшпенділерінің үштік жүйесінің тамыры өте ерте замандарға
бастайды, үштік қашанда нығыз, мығым, орнықты жүйе. Ал үш жүзді ұлыс
есебінде әкімшілік жүйеге келтіру және оның ішкі мәселелерін орда билеріне
тапсыру ру басшыларының жауаптылығын күшейткені хақ. Осы кезеңнің тарихын
сипаттай келе Н.И.Гродеков ”все три орды ежегодно собирались для совещания
(маслагат) на холме Мартубе (в горах около Сайрама)” – деп жазады. Бұл
жиындарда қазақ елінің басты мәселелері қай жерде қыстау, қай жерді жайлау,
елдің тынышьығын қалай ұстау, қалай соғысу т.б. бүкіл ел болып ақылдасатын
мәселелер талқыға түсті24,81 б..
Әз Тәуке заманында билік құрылымы бірнеше сатыға жүйеленгенге
ұқсайды. Көшпелілердің әуел бастан бар демократиялық тәртіптері де қайта
жанданып, жалпы халықтық маслихат, жиындар жыл сайын өткізіліп тырылатын
болды. Бұл жиындарға тек қарулы азатматтар ғана қатысуға құқықты еді. Оның
тәртібі ”Жеті жарғыда” нақты бекітілді. Оның ең биік сатысы орда билерінен,
Түркістан мен Ташкент маңындағы отырықшы халықтың өкілдерінен, қазаққа
одақтас қырғыз, қарақалпақ сияқты халықтың басшыларынан құралған ”Жеті
жарғы”. Зерттеушілердің көпшілігі ”Жеті жарғы” құрамындағы қазақтың үш биін
ерекше айтады. Н.И.Гродековтың жазбасы бойынша ”В числе их было три знатнвх
бия, по каждому из каждой орды: из Великой – Туле, из Средней – Каз дауысты
Казыбек, т.е. Казыбек с голосом гуся (звучным), из Малой – Айтеке” 24,81
б.).
М.Тынышпаев жоғарыда келтірілген деректерді толықтыра түседі. Оның
пікірі бойынша Тәуке ханның басты еңбегі қазақ елінің қоғамдық өмірін бір
тәртіпке келтіргендігі: Тауке... более замечателен своею административною и
законодательеою деятельностью. Слабые угнетенные роды Тауке соединил в
союзы, чтобы последние могли противостоять против сильных родов. Для
фактического управления подовластными родами назначили 6 биев: 1) в Старшей
Орде – Толе Алибекова (дулат, отделение жаныс); 2) в Средней Орде – Казбека
(Каз дауысты Казбек-аргын, каракесек); 3) в Младшей – Айтике (алим, торт-
кара, внук знаменитого Джалантос-батыра Самаркандского); 4) у кыргызов-
Кокым – бия Карашорина; 5) у каракалпаков – Саск-бия; 6) у катаган, джайма
и других мелких родов – имя бия неизвестно. Далее отдельные роды,
отделения, полколения управлялись своими биями. Ежегодно, осенью бии на 1-2
месяца собирались у ставки Тауке, Ханабад на холму Культобе на левом
берегу реки Ангрен в 40 верстах на юг от Ташкента. В памяти народной
собрания эти сохранились в выражении: Куль-тобенің басында күнде кеңес
т.е. на Культобе собрания происходят ежедневно. Эти собрания носили
характер и законодательный и судебный. Законодательные изречения, названные
Джеты-Джарга были основаны на принципах правосознания, вытекающего из
условий общежития кочевых родов... Большая часть дел решались биями
единолично, но в важнейших случаях, не желая брать на себя ответственность
за правильность решения, бии предстовляли свои предложения на одобрания
собрания на Куль-Тобе7,222 б..
М.Тынышпаевтың келтірген мәліметтер мен пайымдаулары әлі де толықтыра
түсуді, зерттеуді қажет етеді. “Жеті жарғыға” кірген жарғыш билердің аты-
жөні, ата-тегі, олардың ішіндегі жол тәртібі, жалпы “Жеті Жарғы” жұмысын
ұйымдастыру ісі, жоғары кеңеске ханның қатысы, оның әсері т.б. мәселелер
аса қызықты да, керекті деп есептейміз.
XVII ғасырдың 80-ші жылдары “Жеті жарғыны” қауырт шаруа, қалың
жаугершіліктің арасынан көреміз. Алдымен Қазақ хандығы қалмақтың
үстемелеген соққысының астында қалды. Галдан Башоггу әскері 1681 жылы
Сайрамды алғаш рет қоршады. Бір жыл айналмай жатып ақ 1683, доңыз жылы,
Бошоггу Сайрамды қайта шауып, қазақтың екі сұлтанын тұтқынға алып, үлкен
олжамен қайтты. Сол жылы күзде Орта Азияны (Әндіжан) тағы да шауып көп елді
тоздырып жіберді. “Зая-пандита өмірбаянында” бұл оқиғалардың жалғасы былай
сіреттелген: “В году мыши (1684) он (Галдан Бошоггу) разграбил (улус)
Чукура, а также ходил походом на Андижиян. Когда он возвращался то в
(местности) Кокурин Шили разразилась буря. ...Летом (Цеван) Рабдан
(Галданның немере інісі – Ж.А.) выступив (в поход) разрушил Сайрам. Осенью
года коровы (1685) (Бошоггу) хан, отправивишись в поход против Андижияна,
возвратился, захватив в плен многих беков”30,32 б.
Бұл жаугершілік 1684 жылғы Бертіс хан, Тайкелтір би, Қазыбек би
елшілігімен тиянақталған уақытта Ташкент маңындағы қытай-қыпшақтармен соғыс
басталды. Әз Тәуке ханды осы кезде қалың әскердің басында қытай-
қыпшақтармен, жалпы өзбекпен жаугершілік ішінен көреміз. Осыған байланысты
1678 жылдары Бұқар ханы Субханқули ханмен келіссөз жүргізіліп, Бұқар
ханының сенімді адамы Хошеке – аталық Түркістанға келді. Бұл оқиғалардың
бәрі де мемлекет билігін күшейту қажеттілігін аса өзекті тақырыпқа
айналдырды. Бейбіт уақытта өз бетімен кететін көшпелі елдің басшыларының
“Күл төбеде күнде кеңес жасап”, Әз Тәуке ханның “Жеті жарғысында” билік
айтып, ханның дәрегейіне бағынып тұруын осылай түсіндіреміз.
Осы кезеңдегі ірі маслихаттардың бірі 1710 жылы Қарақұм (Арал
Қарақұм) кеңесі. Қарақұм Ұлытаудан батысқа қарай орналасқан қысқы қонысқа
өте жайлы жер. Ол кезде Қарақұмның солтүстік бұйраттары Ақсақал Барбы
көлінде ұштасады, Су аяғы құрдым да осы жерде. Ырғыз, Торғай, Өлкейк, т.б.
даланың саны жетпейтін ұсқа өзендері құятын осы аса үлкен көл XVIII
ғасырдың басында дариядай шалқып жататын еді.
Қазақ аңыздарында үш жүздің игі жақсылары қатысқан бұл ұлы кеңесте
таңдамалы тоқсан би сөз сөйледі делінеді. Олардың сөзінің арқауы
мемлекеттің тағдыры, болашаққа тон пішу, заңдарын реттеу, әскерін дайындау,
сыртқы елдермен бәтуаға келу, не жаугершілікті діттеу, жазғы жайылымы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ-орыс байланыстарының алғашқы кезеңі
Қазақ мемлекеттігі дипломатиялық қарым-қатынасының тарихы
16-17 ғасырлардағы Қазақ хандығы
ТӘУКЕ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАТЫНАСТАРЫ
Қазақ хандығы туралы мәлімет
Қазақ этнонимінің пайда болуы
XVI-XVIII ғғ. Қазақ хандығы мен орыс мемлекеті арасындағы саяси, сауда-экономикалық, мәдени, дипломатиялық қарым-қатынас
Қазақ тарихындағы хандар
Қасым хан тұсындағы Қазақ хандығы
Ежелгі қазақ хандары мен билеушілері
Пәндер