Мұсылман мемлекеттеріндегі әйелдердің әлеуметтік портреті



Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім

І Ислам дініндегі әйел мәселесінің теориялық негізімен мұсылман ғұламаларының интерпритациясы
1.1 Ислам дінінің әйелге беретін құқығымен қазіргі мұсылман ғұламаларының интерпретациясы.
1.2 Мұсылман елдеріндегі гендерлік саясаттың ерекшелігі, тарихы мен бүгінгі күні.
1.3 Жаһандану процессінің мұсылман мемлекеттеріндегі гендерлік саясатқа тигізген әсері.

ІІ Әлемдік мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесіне анализ
2.1Сауд әйелі: модернизация процессіңнің қоғамға ықпалы және Ислам рольі
2.2 Иран Ислам Республикасындағы «әйелдер сұрағының» эволюциясы
2.3 Қазіргі Түркия мемлекетіндегі әйелдер жағдайының ерекшелігі
2.4 Қазақстан әйелдері: тарихы мен бүгінгі күні

Қортынды бөлім
Сілтемелік әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: МҰСЫЛМАН МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ ӘЙЕЛДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ПОРТРЕТІ

Курстық жұмыстың жоспары:

Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
І Ислам дініндегі әйел мәселесінің теориялық негізімен мұсылман
ғұламаларының интерпритациясы

1. Ислам дінінің әйелге беретін құқығымен қазіргі мұсылман
ғұламаларының интерпретациясы.
2. Мұсылман елдеріндегі гендерлік саясаттың ерекшелігі, тарихы мен
бүгінгі күні.
3. Жаһандану процессінің мұсылман мемлекеттеріндегі гендерлік саясатқа
тигізген әсері.

ІІ Әлемдік мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесіне анализ

2.1Сауд әйелі: модернизация процессіңнің қоғамға ықпалы және Ислам рольі
2.2 Иран Ислам Республикасындағы әйелдер сұрағының эволюциясы
2.3 Қазіргі Түркия мемлекетіндегі әйелдер жағдайының ерекшелігі
2.4 Қазақстан әйелдері: тарихы мен бүгінгі күні

Қортынды бөлім
Сілтемелік әдебиеттер
Қосымша әдебиеттер

КІРІСПЕ БӨЛІМ

ХІХ – шы ғасырдың ортасынан бастап батыс ықпалымен мұсылман
мемлекеттерірің әлеуметтік және экономикалық өмірінде, рухани танымдарында
болып жатырған өзгерістер күшейе түсті. Біртіндеп әлемде ғылыми техникалық
революциямен басталған жаһандану процессі мұсылман елдеріне де жетті.
Ислам дінінің Еуропаға таралуымен мұсылман әлемінің батыспен бара –
бара тығыз қатынаста бола бастауы, батысқа жұмысшы күшінің, ал шығысқа
инвестицияның ағылуы, туризмның дамуы, екі әлемде өзара сыртқы миграцияның
күшеюі, т.т. процесстер – батысты шығысқа, ал шығысты батысқа жеделдете аша
бастады. Азия мен Африкада көп колонияларынан айрылса да батыс елдері осы
жерлерде өз тілімен мәдени құндылықтарын тастап кетті.
Бірақ қазіргі шығыстың толығымен батыстық стандартқа өтпеуінің және
жаһандану процесінің бұл аймақта өте баяу жүруінің бірден – бір себебі –
Ислам діні мен құндылықтары болып отыр. Әйтседе футурологтардың айтуынша
болашақтағы батыс пен шығыстың интеграциясымен шығыстың секуляризациясы
қайтарылымсыз процесс. Модернизация процессінің идеологтарының айтуы
бойынша мұсылман әлемі батыс өркениетінің эволюциясын қайталауы тиіс, яғни
лаицизм (зайырлы мемлекет) жолына түсіп, елдің барлық институттары толық
секуляризация поцессіне ұшырауы тиіс. Өйткені қазірдің өзінде – ақ
шығыстағы Ислам мемлекеттерінде батыс әсерімен жаңа ұрпақ тәрбиеленуде, ал
ұрпақ келбеті – болашақтың келбеті екенін ұмытпауымыз керек.
Ұрпақ тәрбиесі – ананың қолында, өйткені әйел – ана, әйел – тәрбиеші,
ал бұл – табиғат заңы. Әрбір қоғамда болсын, мемлекетте болсын әйелдің
жағдайы қаншалықты құрметті орында болса, соншалықты дәрежеде ел болашағы
жарқын болмақ. Ислам дініндегі әйел адамның дәрежесі үлкен, өйткені Ислам
әйел адамға ең біріншіден ана, адал жар, отбасы ұйытқысы ретінде қарайды.
Мұсылман елдерінің батыс әсерімен өзгеруі бұл елдерде Ислам дінінің
реформалануына әкелді, ал ол өз негізінде шариғатқа сүйенген қоғамның
барлық институттарына өзгерістер енгізді. Оның ішінде Исламның ең маңызды
институттардың бірі саналатын отбасы - әйелдерің эмансипациясы әсерімен
өзгеше мәнге ие бола бастады.
Мұсылман әйелдері Исламның бастамасында жаңа мемлекет құру ісіне
белсене араласып өздерін көрсете білді. Артық айтқан болмас, Мұхаммед
пайғамбардың (с. ъ. с) ағартушылық ісіне қолауды оның жанындағы ең жақын
серіктері - әйелдері, қыздары, туысқан әйелдері, үй жұмысшылары көрсетті.
Бірақ Халифат шекарасы өскен сайын, феодалдық мемлекеттер қалыптасып,
қоғамдық құрылыс күрделене түсті. Осыған байланысты әйелдердің қоғамдық
өмірі мен саясаттағы рольі біртіндеп бәсеңдей түсті. Кейіннен соңғы орта
ғасыр дәуірінде әйелдер орны тек үй, отбасы шеңберімен шектелді. Тек ХІХ
ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Шығыстың модернизациясының бір
көрінісі ретінде әйелдер әлеуметтік және саяси сахнада көрінді.
Саясаттанушылар, социологтар, экономисттер, шығыстанушылар,
дінтанушылар шығыстың секулиразиция процессіне тап болатындығы туралы
айтқан болатын, шыныменде ХХ – ғасырдың басында дәстүрлі мұсылман
мемлекеттерінде либеризациялық процестің басталып, кейбір елдер батыстық –
демократиялық, ал басқалары, капиталистік даму жолын таңдауы, олардың ойын
дұрысқа шығарғандай болды. Бірақ ХХ – ғасырдың ІІ жартысында керісінше
реисламизация процессі басталып, ол “Исламдық жарылыс” немесе “мұсылмандық
қайта жаңғыру” деген атқа ие болы.
1993 жылы Флорида штатының университетінде өткен “Исламның қайта
жаңғыруы” атты дөңгелек үстел үстіндегі конференцияда, мұсылман әлемі мен
АҚШ – тың шығыстанушылары жиналды. Бұл конференцияда көптеген батыс пен
шығыс арасындағы түсінбеушілік тудырған мәселелермен қатар мұсылман
мемлекетіндегі әйелдердің қазіргі кездегі жағдайы да сөз болды.
ХХ ғасыдың екінші жартысында әлем мұсылман әйелдерінің қара жамылған
Иран – ирак соғыстарына, 90 – жылдардың қараша айларында Сауд Аравиясында
автомобиль айдауға рұқсатты талап еткен әйелдер демонстрациясына куә болды.
Ал Ислам ғұламаларының әйелдерге белгілі бір дәрежеде шек қоюы, өздерінің
шынайы Ислам заңдарына сәйкес құқықтары үшін күрескен, радикалды әйелдер
топтарының пайда болуының бастамасы болы.
Бұндай әрекеттердің себептері мен салдарлары туралы мәселе көтеру өте
маңызды, өйткені әлемдегі өзгерістер Қаазақстан қоғамына да ерте ме, кеш
пе, міндетті түрде әсер етеді. Өйткені Қазақстанның өткені, бүгінгісі,
болашағы осы Исламмен байланысты болмақ, қазақтың ұлттық мінез-құлқының
негізгі ерекшелігінің астарында да Ислам ықпалын айқын сезінуге болады.
Берілген курстық жұмысымда мұсылман елдеріндегі әйелдер мәселесі көтере
отырып, олардың қоғамдық портретіне, негізгі рольі мен алатын орнына
талдау жасауға тырысамын. Қазіргі кездегі мұсылман мемлекеттерінің жиынтық
мысалдары ретінде үш мемлекет – Сауд Аравиясы, Иран және Түркия алынған,
өйткені бұл елдердердің қоғамдық құрылыстары мен әйелдер турасында ұлттық
саясаттарындағы ерекшеліктерінің негізі шариғат заңдарына бағынса да
тарихи, территориялық, әлеуметтік, экономикалык, геополитикалық
ерекшеліктеріне байланысты жаһандану процессі әрбіреуіне өзіндік әсер беріп
өзгерткен. Сол елдер қатарына Қазақстанды талдауға көңіл бөлу өте маңызды,
өйкені еліміздің гендерлік саясатында діннің әсерін талдап қарастыру ұлттық
ерекшелігіміздің негізгі мәселелерін айқын көрсетіп бермек.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Ислам дініндегі әйел мәселесінің теориялық негізімен мұсылман
ғұламаларының интерпритациясы

1. Ислам дінінің әйелге беретін құқығымен қазіргі мұсылман
ғұламаларының интерпретациясы.
Әйел – ана, әйел – жар, әйел – перзент. Бұл – Исламның әйелге деген
көзқарасы.
Расында, Ислам әйелді ұрпақ тәрбиешісі етіп құрметтеді және қоғамның
түзелуін әйелдің түзелуіне, бұзылуын әйелдің бұзылуына байланыстырды.
Өйткені, әйел өз үйінде ұлы іс атқарады. Бұл - ұрпақ тәрбиесі. Осыдан барып
қоғам қалыптасады. Ал, қоғамнан мемлекет пайда болады. Ислам әйелді
соншалық құрметтегеннен Құран Кәрім сүрелерінің біреуін әйелдерге арнап
"Ниса" ("Әйелдер") деп атады. Бұл Исламның әйелге, әсіресе анаға ерекше мән
беруін көрсетеді. Өйткені, Аллаһ Тағала Өзіне құлшылық етуге бұйырғаннан
кейін, ата-анаға жақсылық жасауды ескертеді.
"Раббы "Өзіне ғана ғибадат етулеріңе және ата-анаға жақсылық етулеріңе
әмір етті." (Исра 17:23)
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уа сәллам, әйелге балалар тәрбиесін
аманат етіп жүктеп, әйелді құрметтеп былай деген:
"...Әйел - күйеуі үйінде басшы және қол астындағыларға жауапкер".
(Бухари және Муслим жеткізген).

ИСЛАМ ДІНІНІҢ КЕЛУІНЕ ДЕЙІН АРАБ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ АРАБ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ
ЖАҒДАЙЫ

Надандық дәуірінде әйелдің мираста ешқандай хақы жоқ еді. Олар бұл
жөнінде: "Мирасты тек қана қылыш көтеретін және ұрпақты қорғайтын кісі ғана
апады", - дейтін. Әйелдің күйеуінен талап қылар ешқандай хақы жоқ еді.
Талақтың (ажырасу) шектелген саны жоқ болатын. Сондай-ақ, көп әйел алудың
белгілі бір саны болмайтын. Егер бір кісі қайтыс болса, оның әйелін басқа
әйелінен перзенттері болса, сол перзенттерінің үлкені алуға лайықты еді. Ол
перзент бұл әйелді әкесінен қалған басқа да дүние-мүліктермен бірге мирас
деп есептейтін. Абдуллаһ ибн Аббастан, ради Аллаһу анһу, риуаят: "Егер бір
кісінің әкесі немесе қайын атасы қайтыс болса, бұл кісі одан қалған әйелді
алуға тиісті еді. Егер қаласа, бұл әйелді қол астына алып қалатын. Немесе,
әйел алған маһрін (қалың малын) қайтарып бергенге дейін оны ұстап тұратын,
кейде әйел байғұс маһрін қайтарып бере алмай өліп кететін". Жәһилиет
дәуірінде идда сақтау мерзімі (күйеуі қайтыс болған әйел аза тұтып отыратын
мерзім) бір жыл болатын. Күйеуі қайтыс болған әйел өте көріксіз, жаман
түрде аза тұтып жүретін. Ең жаман киімдерін киіп, сәнденбей, хош иіс
сеппей, өте жаман бейнеде отыратын. Жуынбайтын, тырнақ-шаштарын алмайтын,
адамдармен қарым-қатынас жасамайтын және оларға көрінбейтін. Бір жыл мерзім
өткеннен кейін, өте жаман кейіпте шығатын.
ИСЛАМ ӘИЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕЙДІ
Ислам жәһилиет дәуіріндегідей әйелді жек көріп, қараламады. Қайта
әйелден бұл қорлықты апып тастайтын әділетті орнатты. Әйел - еркектің
серігі. Ер кісінің құқықтары болғанындай, әйелдің де құқықтары бар. Сонымен
қатар, өзінің жаратылысына, болмысына тән міндеттері де бар. Ал, ер кісі
қуатты, қолы кең, мінезі өткір, қиындықтарға төзімді болғандықтан, әйелге
басшылық етеді. Ол - әйелді қорғайтын, еңбек етіп асырайтын басшысы.
Міндет жүктеу және орындау мәселесінде әйелді ер кісімен тең етті. Және
оған апу-сату, қарыз беру, мүлікке ие болу секілді тағы да басқа құқықтарды
беріп, бекемдеді.
Ислам әйелді құрметтеді. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде адамзатты еркек пен
әйелден жаратқандығын және олардың орталарындағы іс ерекше тақуа және
ізгілікпен болатындығынан хабар берді:
"Ей, адамдар! Біз сендерді бір еркек (Адам ата) және бір әйелден (Хауа
ана) жараттық. Және сендерді танысуларың, қатынас жасауларың үшін едер,
рулар еттік. Расында сендердің Аллаһ қасындағы ең беделділерің көп тақуалық
қылатындарың. Аллаһ әр нәрсені білуші әрі хабардар". (Хужурат 49:13).
Әйелге білім беруге мән берді. Абу Сағид Әл-Худридан, ради Аллаһу
анһу, риуаят етіледі:
"Әйелдер: Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, "Сізге келіп
үйренуде ер кісілер бізден озып кетті. Біз үшін де бір күнді белгілеп
берсеңіз" - десті.
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, олар үшін бір күнді
белгілеп, сол күнде олармен кездесіп, уағыз-насихат қылды. Және оларды
бірнеше істерге бұйырды. Сол айтқан сөздерінің ішінде мына сөздер де бар
еді: "Сіздерден қайсыбір әйелдің үш перзенті қайтыс болып, ол бұған сабыр
етіп, риза болса, бұл оған тозақтан қорған болады". Бір әйел: "Екеу болса
ше?" деп сұрады. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Екеу болса да
" - деп жауап берді". (Бухари).
Аллаһ Тағала әйелді құрметтегендіктен оны ер кісілермен бірдей зікір
етті:
"Сөз жоқ, мұсылман ерлер және мұсылман әйелдер, момын ерлер және момын
әйелдер, бой ұсынушы ерлер және бой ұсынушы әйелдер, шыншыл ерлер және
шыншыл әйелдер, сабырлы ерлер және сабырлы әйелдер, ықыласты әйелдер,
садақа беруші ерлер және садақа беруші әйелдер, ораза ұстаушы ерлер және
ораза ұстаушы әйелдер, ұятты жерлерін қорғаушы ерлер және әйелдер, Аллаһты
көп зікір етуші ерлер және әйелдер; Аллаһ олар үшін жарылқау және ірі
сыйлық әзірледі". (Ахзаб 33:35)
“НИСА” СҮРЕСІ - ӘЙЕЛДЕРГЕ КӨРСЕТІЛГЕН ҚҰРМЕТ
Аллаһ Тағала Құран Кәрімде "еркектер" деген сүре түсірмеген. Бірақ,
"Ниса"- ("Әйелдер") атты сүре түсірген. Бұл - әйелдерге көрсетілген
құрметтің дәлелі. Бұл - сүреде әйелге, отбасына, мемлекетке, қоғамға
байланысты көптеген маңызды мәселелер сөз болған. Сүренің көптеген
аяттарында әйелдердің құқықтары туралы баяндалады. Сондықтан да сүре "Ниса"
деп аталған. Осы сүреде мынадай мәселелер қаралады:
1. Аллаһ Тағ ала еркектің қабырғасынан әйелді жаратып, олардан ерлер
мен әйелдерді таратты. Аллаһ Тағала Құранда:
"Ей, адам баласы! Сендерді бір жаннан (Адам атадан) жаратқан және одан
оның әйелін (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер, әйелді таратқан
Раббыларыңнан қорқыңдар". (Ниса 4:1)
Бұл аят "Хутбатул-хажа" - "Қажет хұтбасының" бір бөлігі. Расулуллаһ,
салла Аллаһу алейһи уә сәллам, хұтбасын осымен бастайтын. Сондықтан бұл аят
әсіресе үгіт, уағыз-насихат айтушылар үшін өте маңызды болып табылады.
2. Жетім әйелдердің құқықтарын қорғау. Аллаһ Тағала:
"Егер (үйленгенде) жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден
қорықсаңдар, өздеріңе жаққан басқа әйелдерден екі, үш және төртке дейін
үйленіңдер. Сонда егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар
немесе қолдарыңдағы күң де болады. Әділетсіздік істемеуге жақынырағы осы".
(Ниса 4:3)
Уруа ибн Зубайр, ради Аллаһу анһу, Айшадан, ради Аллаһу анһа, Аллаһ
Тағаланың: "Егер жетім әйелдер жайында әділетсіздік істеуден
қорықсаңдар..."деген сөзі туралы сұрады. Айша, ради Аллаһу анһа, айтты:
"Ей,бауырым! Егер жетім қыз өзінің малымен бірге қожайынының қол астында
болса, ол қыздың малы мен сұлулығына қызығып үйленгісі келеді. Бірақ оған
берілетін қалыңды тугел бермей, әділетсіздікке жол береді. Сондықтан
кісілердің әділетсіздікпен жетім қыздарға үйленулеріне тыйым салынды. Тек
қалыңдарын (маһр) түгөл, әділеттілікпен бергендерге ғана рұқсат етілді.
Сондай-ақ, олардан басқа да ұнаған әйелдерге үйленулеріне бұйырылды". Айша,
ради Аллаһу анһа, тағы былай деді:"Бұл аяттан кейін адамдар Расулуллаһқа,
салла Аллаһу алейһи уә сәллам, әйелдер жөнінде пәтуа сұрап келді. Сонда
Аллаһ Тағ'аладан мына аят түсті:
"Сенен әйелдер жөнінде пәтуа сұрайды..." (Ниса 4:127)
Айша, ради Аллаһу анһа, айтады: "Ал, осы аяттың жалғасындағы "...Оларға
үйленгілерің келмейді..."дегенде Аллаһ Тағала адамдардың егер жетім қыздың
малы аз және онша сұлу болмаса, оларға үйленгісі келмейтіндігін нұсқап
отыр. Осыған байланысты мұсылмандарға жетім қыздардың малы мен сұлулығына
қызығып үйленулеріне тыйым салынды. Тек әділдікпен істейтіндерге ғана
рұқсат етілді". (Бухари жеткізген).
3. Әділдік ете алмаудан қорықса, бір әйелмен шектелу. Өйткені, Аллаһ
Тағала:
"Егер тең ұстай алмаудан қорықсаңдар, онда біреу алыңдар...", - деген.
(Ниса 4:3)
Міне, мұны да әйелдерге көрсетілген құрмет деп бағалау керек.
4. Мұра бөлісте әйелдердің де үлесі бар. Аллаһ Тағала:
"Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен еркектерге де үлес
бар. Әке-шеше және жақындардың қалдырған нәрселерінен әйелдерге де үлес
бар. Аз әлде көп болса да, одан өлшеулі несібе бар". (Ниса 4:7)
Ал, жәһилиет дәуірінде мирас тек еркектерге ғана беріліп, әйелдер одан
құр қалатын.
5. Еркек пен әйелге мұра бөлістегі айырмашылық.
Аллаһ Тағала:
Аллаһ сендерге балаларың жайында; бір еркекке екі әйелдің мирасындай
үлес бұйырады..." - деген. (Ниса 4:11)
Яғни, Аллаһ Тағала мұра бөлісте бір еркектің үлесіне екі әйелдің үлесін
тең етіп беріп әділдікпен іс қылуды бұйырады. Өйткені, ер кісі бала-
шағаларын асырайды және әйелге маһр (қалың) береді. Абдуллаһ ибн Аббастан,
ради Аллаһу анһу, айтады:
"Мал-дүние бала үшін едіде, өсиет қылу құқығы әке-шешеде болатын. Аллаһ
Тағала бұлардан қалағанын жоққа шығарып, бір еркекке екі әйелдің үлесін
белгіледі. Ал, әке-шешенің әрқайсысы үшін алтыдан бір және үштен бірдеп
белгіледі. Әйел үшін сегізден бір және төрттен бір деп белгіледі. Ал, ер
үшін жартысын және төрттен бір деп белгіледі". (Бухари жеткізген).
6. Күйеу келісім бойынша қалыңдыққа маһр береді. Аллаһ Тағала:
"Әйелдердің маһрін ықыласпен беріңдер. Сонда егер әйелдер өз
көңілдерінше, сендерге маһрдан бір нәрсені кеңшілік етсе, (кешсе) онда оны
жеңдер, сіңімді, жұғымды болсын".(Ниса 4:4)
Абдуллаһ ибн Аббас, ради Аллаһу анһу, айтады: "Маһрды (неке қиылатын
кезде) атап, белгілеу парыз. Өтірік айтып, жалған белгілеу дұрыс емес. Ер
кісі маһрді ықыласпен, шын жүрекпен беруі керек. Маһр аталып,
белгіленгеннен кейін, егер әйел оның кейбірінен өз еркімен бас тартса,
еркек оны өз пайдасына жұмсасын. Бұл оған халал әрі дұрыс".
7. Еркектерді әйелдерімен жақсы қатынас жасауларына бұйыру. Аллаһ
Тағала:
"... Және әйелдермен жақсы шығысып, өмір сүріңдер...",-деп бұйырды.
(Ниса 4:19)
Яғни, шамаларыңыз келгенше әйелдеріңізге жақсы сөз айтыңыздар.
Істеріңізді, көріністеріңізді жақсы, әдемі қылыңыздар. Өйткені сіз де
әйеліңіздің сізге солай қатынас жасауын қалайсыз. Ендеше сіз де оған сондай
қатынаста болыңыз. Аллаһ Тағала сол себепті:
"Ерлердің әйелдердегі хақтары секілді, әйелдердің де ерлерде белгілі
хақтары бар", - деген. (Бақара 2:28)
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:
"Сіздердің ең жақсыларыңыз - әйеліне жақсылық еткендеріңіз. Әйеліне
жақсылық етуде мен сіздердің ең жақсыларыңызбын", - деген. (Термизи
жеткізген).
8. Ер кісі әйелін жек көріп, жақтырмайтын болса да жақсылық жасауы
керек. Аллаһ Тағала:
"...Егер оларды жек көрсеңдер, сендердің жақтырмаған нәрселеріңде Аллаһ
көп жақсылық жасап қойған болуы мүмкін". (Ниса 4:19)
Яғни, егер оны жек көрсеңіз де сабыр етіп, бірге өмір сүре берсеңіздер,
сіздер үшін бұл дүниеде де, Ақыретте де көп жақсылық болуы мүмкін. Абдуллаһ
ибн Аббас, ради Аллаһу анһу: "Егер шыдап, оған жақсылық жасап өмір сүре
берсе, одан бір бала туылып, сол арқылы көп жақсылық болуы мүмкін".
Расулулаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Мү'мин ер мү'мін әйелді жек
көріп, тастап кетпесін. Егер оның бір мінезіне риза болмаса, басқа бір
қасиетіне риза болады", - деген. (Муслим жеткізген)
9. Ажырасқанда маһрды қайтарып алу мүмкін емес. Өйткені Аллаһ Тағала
Құранда: "Егер де жұбайдың орнына басқа жұбай алғыларың келсе, оған толып
жатқан маһр берген болсаңдар да, одан еш нәрсе алмаңдар. Оған жала жауып,
ашық күнәлі болып аласыңдар ма?" - деген. (Ниса 4:20)
Яғни, сіздердің біреуіңіз әйелімен ажырасып, басқаға үйленгісі келсе,
егер оған асып-тасыған маһр берген болса да, одан еш нәрсені қайтарып
алмасын. Аллаһ Тағала аяттың жалғасында былай дейді:
"Олар сендердің ауыр серт алып, (некеленіп), бір-біріңе қосылған
едіңдер ғой". (Ниса 4:21)
Абдуллаһ ибн Аббастың, ради Аллаһу анһу, айтуы бойынша "ауыр серт"
деген - ер мен әйелдің" ортасындағы қиылған неке. Ол тағы бір сөзінде:
"Әйелмен не жақсы өмір сүреді, не жақсылықпен ажырасады", - деген.
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, қоштасу хажылығында:
"Әйелдерге жақсылық жасаңыздар. Өйткені сіздер оларды Аллаһтың аманаты
етіп алдыңыздар және олармен қосылуды Аллаһтың сөзімен (некелеп) халал етіп
алдыңыздар", - деген. (Муслим жеткізген)
10. Әйелді құрметтеу көріністернің тағы бірі: өзінің жақын
туысқандарымен және емшектес адамдармен тұрмыс құрудың харам етілгендігі.
Аллаһ Тағала:
"Сендерге аналарың, қыздарың, қыз туыстарың, әкелеріңмен туысқан
әйелдер, шешелеріңмен туысқан әйелдер, өркек және қыз туысқандарыңның
қыздары, сүт емізген аналарың, емшектес қыз туыстарың, қайын аналарың,
жақындасқан әйелдеріңнің (бұрынғы күйеуінен болған) қолдарындағы өгей
қыздарың, егер ол әйелдерге жақындаспаған болсаңыздар, сендерге бір оқасы
(күнәсі) жоқ. Бел балаларыңның әйелдеріне және туысқан екі қызға қатар
үйленулерің - харам қылынды. Бірақ өткен өтті. Әлбетте, Аллаһ тым
жарылқаушы, ерекше мейірімді". (Ниса 4:23)
Мұндай туысқан ерлер мен әйелдердің тұрмыс құруларының харам етілуінде
адамның жаратылысы мен бітім-болмысы, табиғаты талап ететін үлкен пайдалы
жақтары және белгілі бір өзіндік мақсаттары бар. Мәселен, туысқан екі қызға
қатар үйлену апалы-сіңлілер ортасында қастық тудырады.
ЕРКЕК ЗОРЛЫҚ ЕТУ ҮШІН ЕМЕС,
ТӘРТІП ОРНАТУ ҮШІН БАСШЫЛЫҚ ЖАСАЙДЫ
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Адам баласының әрқайсысы -
басшы. Ер кісі әйелінің - басшысы. Ал, әйел - үй тірлігінің басшысы", -
деген. (Әл-Әлбани дұрыс деген).
Ер кісінің әйелге басшылық етуі - қоғам сәулетін және отбасы тәртібінің
бұзылмауын талап ететін заңдылық. Бұл басшылық елбасының және әкімдерінің
басшылығына ұқсайды. Өйткені, бұл - адамзат және ислами қоғам талап ететін
қажетті нәрсе. Мұсылман кісі қаншалықты білімді, тақуа болса да халифаға
қарсы шықса күнәһар болады. Дегенмен, басшылыққа ер кісі әйелге қарағанда
қуатты әрі мықты. Ол өмір шайқасына кіріп, оның жауапкершілігін мойнына
алады. Мәселен, үлкен-үлкен жұмыс орындарымен әскери істерді де, жоғарғы
мемлекет басшылығын да ер кісілер басқарады. Жалпы, қоғамда көбінесе
маңызды істердің бәрін ер кісілердің басқаратыны - өмір шындығы. Мұндай
істерде әйел кісінің табысқа жетуі өте сирек. Олар тек ер кісілердің
көмектесуімен табысқа жетуі мүмкін.
Еркектің басшылық етуі әйелдің құрметін, беделін түсіру емес. Сондықтан
да Аллаһ Тағала "Еркектер - әйелдердің билеушісі" деген сөзді қолданбай,
өте жұмсақ сөзбен:
"Еркектер әйелдерге басшылық етеді...", - деді. (Ниса 4:34)
Бұл сөз - еркектердің әйелдерді қорғайтындығын, асырайтындығын,
басқаратындығын ұғындырады. Басшының міндеті зорлықпен билікжүргізу емес,
керісінше, жөндеу, ретке салу.

ЕРКЕКТЕР ӘЙЕЛДЕРГЕ БАСШЫ

Аллаһ Тағала:
"Еркектер - әйелдерге басшы. Өйткені, Аллаһ бірін-бірінен артық қылды.
Және олар мал жұмсайды. Ал, жақсы әйелдер - бой ұсынушы, Аллаһ қорғауға
бұйырған абыройын қорғаушы. Ал, әйелдердің бас тартуларынан шошысаңдар,
сонда оларды насихаттаңдар және оларды төсектерінде тастап қойыңдар.
(Сонымен де болмаса), оларды сабаңдар. Ал егер олар сендерге бой ұсынса,
онда оларға зиян болардай жол іздемеңдер. Расында, Аллаһ өте жоғары, тым
ірі". (Ниса 4:34)
Ибн Касир бұл аятқ түсінік бере отырып, былай дейді: "Еркек - әйелдің
басшысы, оның үлкені және әкімі, ол қисайып, қыңыр мінез көрсеткенде
тәртіпке салады. Еркектер - әйелдерден абзал. Ер кісі - әйел кісіден артық.
Сондықтан да пайғамбарлық, басшылық, қазылық секілді тағыда басқа істер-
еркектерге тән. Өйткені, Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уа сәллам:
"Өз істерінде әйелді басшы етіп алған қауым ешқашан жаманшылықтан
құтылмайды", - деген. (Бухари)
Себебі: бұл істер әйелдің табиғатына және негізгі міндетіне сай
келмейді. Әйелдің негізгі міндеті: бала көтеру, бала туу, үй жұмыстарын
басқару, балаларды тәрбиелеп, дінін, Отанын қорғайтын ұрпақ дайындау болып
табылады.
Аллаһ Тағаланың "...Олар мал жұмсайды..." - деген сөзінің мәнісі ер
кісілер Құранда, Пайғамбардың хадистерінде міндет еткені бойынша әйелге
маһр береді. Және оны асырайды, өмірге қажетті барша нәрселермен қамтамасыз
етеді. Осы ерекшеліктері мен табиғи қасиеттеріне байланысты еркектер
әйелдерден абзал болып жаратылған және оларға үс етілгендігімен ол әйелге
басшы болуға лайықты. Ал Тағала Құранда:
"...Әйелдерден гөрі ерлердің дәрежесі артық...”, - деген.
(Бақара 9:228).
Ал, әйелдің міндеті: Аллаһ Тағаланың бұйырғ бойынша күйеуіне бағыну,
оның туысқандарына жақсы жасау және күйеуінің малын қорғау.
Әйелдердің күйеулеріне бағынушы ізгілері күйеу жоқ кезде де, өз
абыройларын және күйеулерінің дүниесін қорғайды.
ИСЛАМНЫҢ АНАНЫ ҚҰРМЕТТЕУІ
Аллаһ Тағала Құранда: "Аллаһқа ғибадат етіңдер. Және оған еш нәрсені
ортақ қылмаңдар. Сондай-ақ әке-шешеге жақсылық жасаңдар...", - деген. (Ниса
4:36)
Бұған түсінік берген Абдуллаһ ибн Аббас, ради Аллаһу анһу: "Аллаһ
Тағала бұл аятта әке-шешеге жақсылық жасауды және олраға биязы болып, қатты
жауап қайтармауды, көздеріне қадалып қарамауды әрі оларға дауыс көтермеуді
бұйырды. Керісінше, перзенттері олардың алдында қожайынының алдында тұрған
құл секілді түруын ескертеді", - деген.
Аллаһ Тағала Құранда тағы да былай деген:
"Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық жасауларыңды
әмір етті. Ал, егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке
жетсе "түһ" деме. Сондай-ақ, ол екеуіне зекіме, сыпайы сөз сөйле.
Кішірейіп, мархабат құшағын жай да: "Раббым! Ол екеуі мені кішкентай
кезімде тәрбиелегендей, Сен де оларды мархабатыңа бөлей гөр". (Исра 17:23-
24)
Аллаһ Тағала бұл екі аятта пенделеріне Өзіне ғана құлшылық етуді әмір
етіп, Өзіне құлшылық етумен бір қатарда әке-шешелеріне зекулері, әсіресе
шешелеріне сыпайылықпен жылы сөз айтуға тиіс. Бір кісі Расулуллаһтың, салла
Аллаһу алейһи уә сәллам, қасына келіп: "О, расулуллаһ, жақсы қарым-қатынас
жасауыма адамдардан кім лайықты?" - деп сұрады. Расулуллаһ, салла АллаПу
алейһи уә сәллам: "Анаң"деді. Ол кісі: "Сосын кім?" - деді. РасулуллаҺ,
салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Анаң" деді. Ол кісі:"Сосын кім? - деді.
Расулуллаһ тағыда: "Анаң"деді. Олкісі: "Сосынкім?" - деді. Расулуллаһ,
салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Әкең" деді. (Бухари және Муслим)
Міне, көріп тұрғандарыңыздай, Расулуллаһтың, салла Аллаһу алейһи уә
сәллам, шешеге жақсылық етуді үш рет қайталауы, бұл - сөзсіз әйелге деген
құрмет.
ЖҰБАЙЛАРДЫҢ ХАҚТАРЫ
Расында Ислам әйелді құрметтеді. Әйел үшін бірнеше хақ берді. Және
әйелінде күйеуінің бірнеше хақы бар. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә
сәллам, бұл туралы ең үлкен жиналыста - қоштасу хажылырында Арафат тауында
тұрған сәтте жариялады. Сол сәттегі Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә
сәллам, хұтбасында мына сөздер де айтылды:
"Әйелдер жөнінде Аллаһтан қорқыңдар. Өйткені, сіздер оларды Аллаһтың
аманаты етіп алдыңыздар. Сондай-ақ, олармен қосылуды Аллаһтың сөзімен
(неке) халал етіп алдыңыздар. Сіздердің олардағы хақтарыңыз: Олар сіздер
жақтырмайтын ешбір кісіге төсектеріңізді бастырмайды, үйлеріңізге
кіргізбейді. Егер олар бұны істеп қойса, онда оларды ауыртпайтындай етіп
ұрыңыздар. Ал, олардың сіздердегі хақтары: оларды әділетпен асырау,
киіндіру. Шынында, мен сіздерге бір нәрсені қалдырып бара жатырмын. Егер
мұны мықты ұстасаңыздар, ешқашан адаспайсыздар. Бұл - Аллаһтың кітабы.
Сіздер мен туралы сұраласыздар. Сонда не дейсіздер?" Айналасындағылар:
"Расында, сіз өз міндетіңізді орындап, жеткізіп, насихат еткеніңізге куәлік
береміз", - десті. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, сұқ саусағын
аспанға көтеріп, адамдарға қаратып үш рет: "О, Аллаһ, куә бол" деді.
(Муслим жеткізген)
Бұл үлкен хұтбадан алынатын пайдалар:
1. Әйелдердің хақтарын ақтауға әрі оларға жақсылық жасап, жақсы өмір
сүруге үндеді. Әйелдің хақтары баяндалған және оларды орындауға әлсіздік
танытпауға үндеген тағы да басқа көптеген хадистер бар.
2. Шариатта көрсетілген неке қию жолымен әйелдерге қосылу халал болды.
Аллаһ Тағала айтқан:
"Өздеріңе жаққан әйелдерден екі, үш және төртке дейін үйленіңдер...".
("Ниса" 4:3)
3. Әйел кісі күйеуінің үйіне күйеуі жақтырмайтын бірде-бір кісіні
кіргізуі мүмкін емес. Ол бөтен ер кісі болады ма, әлде күйеуінің жақын
туысқандарынан болады ма, бәрі-бір. Өйткені, имам Ән-Науауи айтқандай,
қайтару барлығын өз ішіне алады.
4. Егер әйел кісі күйеуіне қарсы келетін болса, онда күйеуінің жеңіл-
желпі үруына болады. Әсіресе бетке ұрудан және бетті балағаттаудан сақ болу
керек. Өйткені бұл Аллаһтың жаратқаны және соққыдан көз, құлақ секілді
мүшелер залалданып қалуы ықтимал.
5. Сахабалардың Расулуллаһтың, салла Аллаһу алейһи уа сәллам,
пайғамбарлықты жеткізіп, аманатты орындап, Үмметке насихат еткеніне куәлік
беруі.
1. Аллаһ Тағаланың жоғарыда, ғарыштың үстінде екенін дәлелдейді. Өйткені,
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам, аманатты жеткізгендігіне
Аллаһты куә ету үшін саусағын аспанға көтерді. Осы секілді басқа да
көптеген аяттар мен хадистер Аллаһ Тағаланың аспанда екенін
дәлелдейді. Төрт мазһабтың басшылары және басқалар да осы сөздерді
айтқан. Ал, кейбір адамдардың "Аллаһ барлық жерде" деген сөздері қате.
Себебі: Аллаһтың болуы мүмкін болмаған, дәретхана секілді лас орындар
бар. Бірақ, "Аллаһ Өз білімімен барлық жерде бізбен бірге. Ол бізді
көріп, естіп тұрады" десек, бұл дұрыс болады. Өйткені, Аллаһ Мұса мен
һарунға, алейһиссәлам: "Расында, мен сендермен біргемін. Сендерді
естіп, көріп тұрамын",-деген. (Таһа 20:46)
ЕРКЕК ПЕН ӘЙЕЛДІҢ ЖАРАТЫЛУ СЕБЕПТЕРІ
1. Аллаһ Тағала адамзатты ұлы мақсат үшін жаратты. Бұл ұлы мақсат -
құлшылық. Құлшылықты бір Аллаһқа бірде-бір мақұлықты қоспай жасау үшін
Аллаһ Тағала:
"Мен жындар мен адамзатты Өзіме құлшылық етулері үшін ғана жараттым", -
деген. (Зарият 51:56).
2. Аллаһ Тағала адамзатты еркек, әйел етіп жаратты. Әрі олардың
әрқайсысыларына өз табиғатына, болмысына, шамасына, құдыретіне қарап, бір-
бірінен өзгеше ерекшеліктерді тән етті. Сондықтан олардың әрқайсысына
жүктелген міндеттің айырмашылығы бар. Бұл айтылмай қалғандықтан емес,
керісінше біліп, әдейі істелген. Өйткені, Ол жаратушы әрі бәрін біледі.
"Жаратқан білмей ме? Ол - өте жұмсақ, әр нәрседен хабардар". (Мүлік
67:14)
3. Ер кісінің міндеттері: Тіршілік етіп, ырыздық-несібе іздеу және
әйелін, отбасын асырау. Ал, бұл міндетті әйел кісі толығынан орындай
алмайды. Сондықтан әйелдің міндеті: Тіршілік етіп, ырыздық-несібе табу
жолында шаршап-шалдығып келген еркекті қарсы алып, оның шаршауын басу. Бұл
оған демалыс және қолдау болып табылады. Аллаһ Тағала:
"Сендерге оған тұрақтауларың үшін өз жыныстарыңнан жұбайлар жаратып,
араларыңа сүйіспеншілік, мейірімділік пайда еткендігі - Аллаһтың
белгілерінен. Әлбетте, осыларда ойланған қауым үшін белгілер бар". (Рум
30:21)
Сонымен қатар, әйел кісі күйеуі жұмыста болған уақытта балаларды
тәрбиелейді.
4. Сондай-ақ, кір жуу, тамақ пісіру секілді ер кісі толығымен орындай
алмайтын міндеттер бар. Бала көтеру, бала емізу секілді мүлде шамасы
жетпейтіндері тағы бар. Сондықтан, ер кісі мен әйел кісі күн мен түн
секілді. Әрқайсысының міндеті бар. Күндіз адам айналаны көреді, әрекет
етіп, жұмыс істейді. Отбасын асырау үшін тіршілік етіп, ризық-несібе
табады. Бұл мысал ер кісіге сай келеді. Ал, түн - тыныштық, ұйықтап дем алу
үшін. Бұл - әйелдің мысалы. Жоғарыда келтірілген аят осыны нұсқайды.
5. Демек, ер кісі мен әйел кісінің әрқайсысының өмірде өз міндеті бар.
Олардың бірі екіншісінің міндетін орыңцауға әрекет етпей-ақ қойсын.
Өйткені, бұл әрекеттен ештеңе шықпайды. Егер әрекет етсе нәтиже керісінше
болып, өздеріне, не балаларына, не қоғамға зияны тиеді. Себебі, олар
жаратылыстарына, бітім-болмыстарына қарсы жол ұстайды. Аллаһ Тағала:
"Аллаһ жаратылыста адам баласын соған арнап жаратқан. Аллаһтың
жаратуында өзгеріс болмайды. Осы тұп-тура дін. Бірақ, адамдардың көбі
түсінбейді". (Рум 30:30)

ЕР КІСІНІҢ ӘЙЕЛ КІСІДЕН ӨЗГЕШЕ БОЛУ СЕБЕБІ

Ер кісінің міндеті мен атқартын жұмысы әйел кісінікінен өзгеше болғаны
секілді, шариат үкімдерінде де өзгешеліктер бар:
1. Куәлік. Ислам бірер іске куә болу үшін екі ер кісіні шарт еткен.
Егер екі ер кісі болмаған жағдайда бір ер кісі және екі әйел кісі болуы
шарт. Аллаһ Тағала:"...Егер екі еркек болмаса, өздерің риза болған
куәлардан бір еркек, екі әйел болады...". (Бақара 2:282).
Бұл әйелді кемсіту немесе қорлау болып табылмайды. Әйел кісі табиғаты
бойынша қылмыс, алу-сату, қарыз беру секілді істерге аз мән береді.
Сондықтан әйел мән бермей немесе балалар тәрбиесі, үй жұмыстары секілді
істермен шұғылданып, ұмытып қалуы мүмкін. Оның тағы да бала емізу, хайз,
нифас сияқты мерзімдері бар. Сондықтан оның қасында тағы бір әйел болса,
оның есіне салады. Бұл шындықтың бас көтеруін, зұлымдықтың кетуін
жақындатады. Сол үшін Аллаһ Тағала жоғарыдағы аяттың жалғасында:
"...Егер екеуінің бірі жаңылса, екіншісі оның есіне салады..." деді.
(Бақара 2:282).
Демек, Ислам әйел кісінің куә болып, куәлік беруін қабылдайды. Тек егер
ол ұмытып қалса немесе ақиқат пен зұлымдыққа мән бермей қойса, оны
ескертіп, есіне салатын екінші әйелдің болуын шарт етеді.
2. Мирас. Аллаһ Тағала:
"...Бір еркекке екі әйелдің мирасындай үлес...". (Ниса 4:11)
Бүл - әйел кісінің қүқын аяқ асты ету емес. Жоқ, мүлде олай емес.
Керісінше, оны қорғау. Өйткені, әйел кісі мирастан өз үлесін алып түр. Ал,
ер кісі мирастан екі есе артық алады. Себебі ер кісі әйелді асырауға
міндетті әрі оған маһр береді. Және аза түтып отырған әйелге де ақшасын
жұмсайды. Ал, әйел кісіге бұлардың ешбірі міндеттелмеген. Демек, мирас
алуда әйелдің ер кісіден өзгеше болуы оның хақысын және құрметін
түсіргеннен емес, керісінше оның атқарар міндеті ер кісінікінен өзгеше
болғандығына байланысты.
3. Диа (құн). Егер адамды әдейілеп емес, абайсызда өлтіріп қойса, құнын
төлеу. Ислам ер кісінің құнын әйел кісінікінен екі есе артық қылып төлеуді
парыз етті. Өйткені, егер өлтірілген адам ер кісі болса, онда оның отбасы
асыраушысынан айырылады. Сондықтан отбасы оның құнын әйелін жоғалтқан
отбасына қарағанда екі есе етіп алады. Себебі әйел кісі ешкімді асырауға
міндетті емес, керісінше, еркекасырайды, яғни құн мәселесіндегі ер кісі мен
әйел кісінің өзгеше болу себебі олардың міндеттерінің өзгешелігіне
байланысты.
4. Мемлекет басқару. Мемлекет басшысы немесе Исламда әмірлік ететін
кісінің ерекшелігі: намазда имам, соғыста әскери басшы болуында. Ал, әйел
кісінің жаратылысындағы нәзіктік, денесіндегі әлсіздік, сондай-ақ бала
көтеру, хайз секілді ер кісіде кездеспейтін істердің болуымен бұл секілді
жұмыстарға шамасы жетпейді әрі мүмкін де емес.
5. Талақ - ажырасу. Ер кісі әйел кісіге маһр бергенде де және иддада
отырғанда да (яғни, әйел күйеуінен ажырасқаннан кейін, басқа күйеуге шығуға
рұқсат етілгенге дейінгі аралықтағы мерзім) оны асырауға ақша жұмсайды. Ер
кісі мінезі салмақты, ашуын ақылға жеңдіре біледі және әйелге қарағанда
жағымсыз нәрселерге сабырлылық сақтай біледі. Сондықтан шамалы ашуланып
қалумен талақ етуге асықпайды. Егер талақ мәселесінде ер кісі мен әйел кісі
бірдей болғанда, онда Еуропа елдеріндегідей талақ бірнеше есе көбейіп кетер
еді. Осы себептерді назарға ала отырып, Ислам талақ ету - ажырасу құқығын
ер кісіге ғана берді.
Осы тақырып аясында мен Мұхаммед ибн Жамил Зи'ну өз пікірімді
білдермекпін: Негізінде талақ мұсылман әйел үшін нығметжәне құрмет.
Өйткені, Ислам талақпен әйелді қиын өмірден немесе залым, әділетсіз
күйеуден немесе екі жақтың туысқандарының араласып тұруына қарамай, ерлі-
зайптылардың ортасындағы бақытсыздықтың жалғасуы немесе олардың ортасында
махаббаттың жоқтығы секілді бірге өмір сүруге кедергі болып тұрған, тек
ажырасумен ғана тыныштық табатын себептермен құтқарады. Сондай-ақ, Ислам
талақты бірнеше басқыш етті. Аллаһ Тағала айтқан: "Талақ екі рет. Сонда не
жақсылықпен ұстау немесе жақсылықпен ажырасу керек". (Бақара 2:229) Бірінші
талақта ердің әйелін қайтарып алуына, әйелдің де қайтып келуіне құқысы бар.
Екінші талақта да осылай. Ал, үшінші талақтан соң әйел күйеуіне харам. Егер
әйел басқа күйеуге тиіп, сосын ол күйеу оны талақ етіп жіберсе ғана,
бұрынғы күйеуі жаңадан неке қиып, оған үйленуі мүмкін.
МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДЕР КИІМІ

Аллаһ Тағала Құранда былай деген:
"Ей, Пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мү'мин әйелдерге айт:
"Үстеріне бүркеншіктерін орансын. Бұл - олардың танылуларына, сондай-ақ
зиян көрмеулері үшін жақсы. Аллаһ аса жарылқаушы, тым мейірімді". (Ахзаб
33:59)
Әйел кісінің басын жауып жүруі Құранда бұйырылған:
"Бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін...".
(Нур 24:31)
Ашық-шашық жүрудің барша түріне тыйым салынған. Аллаһ Тағала айтқан:
"Бұрынғы жәһилиеттегідей ашылмаңдар". (Ахзаб 33:33)
Жәһилиет (надандық) дәуірінде әйелдер бастарына орамал тартып,
арқаларына түсіріп алатын. Мойындары, омыраулары, құлақтары сырғаларымен
көрініп тұратын. Аллаһ Тағала мү'мин әйелдерді бұндайдан қайтарып, бүркеніп
жүруді бұйырды.
Киімнің шарттары:
1 . Киім әйелдің бүкіл денесін, бетіне дейін жабуы тиіс. 2. Әйелдің
бейне-мүсінін, омырауын білдіріп тұратын дәрежеде тар болмағаны жөн.
3. Дене көрініп тұратындай жұқа болмау.
4. Кәпір әйелдердің киіміне ұқсамау. Өйткені, Расулуллаһ, салла Аллаһу
алейһи уә сәллам:
"Кім өзін бір елге ұқсатса, олда солардан деген. (ӘбуДауд жеткізген. Әл-
Әлбани сенімді деген)
5. Ер кісілердің киіміне ұқсамау. Өйткені, хадистерде бұған тыйым
салынған.
6. Көз тартатындай немесе түрлі-түсті болмау. Бір түсті болғаны абзал.
Ер кісі мен әйел кісінің киімі:
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам:
"Кім тәкәппарлықпен киімін сүйретіп жүрсе, Қиямет күні Аллаһ оған
қарамайды", - деген. Умму Салама, ради Аллаһу анһа: "Онда әйелдер етектерін
не істейд;?"-деп сұрады. Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Бір
қарыс ұзын етіп алады"-деді. Әйел: "Аяқтары ашылып қалады ғой" - деді.
Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам: "Бір құлаш ұзын етіп алады.
Сосын қоспайды", - деген. (Термизи жеткізген)
Хадистің пайдасы:
1. Әйел кісінің киімі тобыққа дейін жауып тұратын ұзын болуы керек. Ал,
ер кісілердікі керісінше. Оларға Расулуллаһ, салла Аллаһу алейһи уә сәллам,
киімдерін қысқа етіп киіп, тобықтан түсірмеуге бұйырып:
"Шалбарды тобықтан төмен кигеннің орны - тозақта", - деген. (Бухари
жеткізген)
Ал, біздің заманымызда бұл іс керісінше етек алды. Ер кісілерер ұзын
киім киіп, тозаққа кіруге дайын болып жүр. Ал, әйелдер тобықтан жоғары
етіп, қысқа киіп жәннатқа кіруден мақұрым қалуда. Расулуллаһ, салла Аллаһу
алейһи уә сәллам:
"Жартылай жалаңаш жүруді ұнататындар - басқаны да өздеріне еліктіретін
әйелдер. Шаштары түйенің қисайып тұрған өркешіне ұқсайды. Олар жәннатқа
кірмейді әрі оның иісін де иіскей алмайды. Негізінде оның иісі біршама
қашықтықтан келіп тұрады". (Муслим жеткізген)
Яғни, балтырын немесе денесінің бірер жерін ашып жүретін, жұқа киім
киетін немесе шашын түйенің өркешіндей етіп түйіп жүретін әйел жазасын
алмайынша жәннатқа кірмейді.
2. Әйелдің сыртқа шығуына болады. Бірақ денесін көрсетпегені дұрыс.
Өйткені, бл көп жағдайда дау-дамайға себеп болады. Негізінде әйелдің ашылып
жүруі өзін кәпірлерге ұқсату болып табылады. Расулуллаһ, салла Аллаһу
алейһи уә сәллам:
"Кім бір елге өзін ұқсатса, олда солардан", деген. (Әбу Дауд
жеткізген.)
3. Әйелдің бетін жабуының мәні Расулуллаһтың, салла Аллаһу алейһи уә
сәллам, мына сөздерінен айқын аңғарылады:
"Әйел туыстары алдында бетін жаппайды және қолғап кимейді". (Бухари
жеткізген)
Демек, әйел бөтен ерлер алдында денесін ашық-шашық ұстамайды.
ХИЖАБ ӘЙЕЛДІ ҚҰРМЕТТЕУ ӘРІ ҚОРҒАУ
Шынында, Ислам әйелді құрметтеп, оны жаман нәрселерден, адамдардың
көздерінен қорғау мақсатымен және сол арқылы қоғамның тыныштығын сақтау
үшін оған хиджабты парыз етті.
Хиджаб - ерлі-зайыптылар ортасындағы махаббаты сақтайды. Өйткені ер
кісі әлдебір әдемі әйелді көрсе, өз әйеліне деген көзқарасы өзгеріп,
орталарындағы қатынас нашарлауы ықтимал. Тіпті ол жүрегіне шоқ салған сол
әйелдің кесірінен өз әйелімен ажырасып кетуі де мүмкін.
Исламның көзқарасы бойынша мұсылман әйел, бейне бір, иесі адамдар
көзінен жасыруға тырысатын қымбат бағалы гауһар тас секілді.
Шығыстанушы ғалым Франсуаз Саган былай деп жазды: "Ей, шығыс әйелі,
сені өз атыңмен атап, хижабыңды шештіріп, сені еркектермен тең етуге
шақырып тұрғандар бұрын біздің үстімізден күлгендей сенің үстіңнен де күліп
тұр."
Фун Хармер: "Хижаб - әйелдің құрметін, беделін сақтайды", - деген.
КӨП ӘЙЕЛ АЛУ - ӘЙЕЛ ҮШІН ҚҰРМЕТ
Ислам даналықтарының бірі сол - ол көп әйел алуға рұқсат береді.
Негізінде бұл - ер кісіден бұрын әйелдерге пайдалы. Өйткені басы артық
көптеген қыздар, жесірлер өз үйлерінде әкелерінің, араларының,
перзенттерінің қолдарына қарап қалмай, күйеулерінің үйлерінде бақытты өмір
сүреді.
Ислам заңдылығы бойынша көп әйел алуға тыйым салуға шақыру ұрпақтың
азаюына себеп болады. Сонымен қатар, көп әйел алуды жоя отырып, қалган
әйелдер мен қыздардың көбеюіне әрі олардың бұзықтыққа, зинаға беріліп
кетуіне себеп болады. Статистикалық мәліметтер бойынша, әйелдердің саны ер
кісілерге қарағанда көбірек. Соғыс кездерінде ер кісілер құрбан болады.
Сондықтан Ұлы Отан соғысынан кейін Германияда әйелдер көп әйел алуға рұқсат
етуді талап етіп шерулер жүргізген.
Көп әйел алу қазіргі заманымызға да сай келеді. Өйткені әрбір ұлт
халқының санымен ерекшелінеді. Олардың саны көбейген сайын атақ-беделдері
артады. Палестина, Ирак, Босния, Герцоговина, Кашмир, Ауғанстан секілді
тағы да басқа мұсылман елдерінде болған соғыстар ер кісілердің азайып,
жесір әйелдердің көбеюіне себеп болды. Ислам діні осындай әйелдердің
аштыққа ұшырамауы, бұзықтыққа ұрынбаулары үшін көп әйел алуға рұқсат еткен.
Анни Бесант айтады: "Егер жағдайға туралықпен қарап, әділет таразысымен
өлшейтін болсақ, онда әйелді өзінің нәпсісі үшін ғана ұстап, одан жалыққан
күні тастап жүре беретін қалыптасқан әдеттен гөрі Исламдағы көп
әйелділіктің әлде қайда артық екені айқын болады".
МҰСЫЛМАН ӘЙЕЛДІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ШАРТТАРЫ
Мұсылман елдерінде Батыс елдеріндегідей емес, әйелдің жұмыс істеу
тәртібі болып саналатын басты ерекшеліктер мынадай:
1. Әйел кісінің жұмыс орнында ер кісімен араласпауы қажет, өйткені, бұл
араласу - ер кісіге де, әйел кісіге де зиянды.
2. Әйел кісі күйеуі, әкесі, ағасы сияқты оған жауапты кісінің
келісімімен жұмыс істеуі тиіс.
3. Жұмыс әйелдің табиғатына сай келуі керек, әрі ол ауыр машақаттан,
шаршаудан қиналудан алыс болуы тиіс.
4. Әйел кісінің қоғамға пайдалы орындарда жұмыс істегені жөн. Мәселен:
Тәлім-тәрбие саласында: Қыз балаларға тәлім-тәрбие берумен ер
кісілердің емес, әйел кісілердің айналысқаны жөн.
Медицина саласында: Әйел кісілерді ер кісілер емес, әйел кісілер
емдеуге тиіс.
Киім-кешек тігу саласында: Әйел кісілер киім тіктіруде ер кісілерге
емес, әйел кісілерге барғаны абзал.
Жұмыс әйел кісінің көп уақытын алмауы тиіс. Өйткені, ол үй жұмыстарын
істеуге, күйеуінің қалауын орындауға да, әсіресе балаларының тәрбиесіне
уақыт бөлуі қажет.
Жұмысқа барада аса сәнденбеуі, бетіне опа жақпауы, иіс су сеппегені
дұрыс. Керісінше, денесін жауып тұратын ұзын киімін (хижабын) киіп шығуы
керек.
ҚҰРАН ӘЙЕЛДЕРДІ ҚҰРМЕТТЕЙДІ

Ислам әйелдерді құрметтеп келді. Қыздарды жек көру, олар туғанда
қайғыру секілді істердің жәһилият дәуірінің жаман әдеттері екенін баяндап,
оларға тыйым салды.
Аллаһ Тағала айтқан:
"Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе, оны ашу кернеп, беті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылман құқығы бойынша неке мен отбасы
Әйел мәселесінің қоғамның барлық салаларындағы шешілу жолдары
Қазақстан Республикасындағы және шетелдердегі неке шарты ұғымы және маңыздылығы
Әлемде қол жеткен тәжірибелерді пайдалана отырып әйелдердің қоғамның саяси өміріндегі белсенділігінің қажеттілігі мен мүмкіндігін айқындау
Мұсылман әйелінің келбеті
Әйел құқығын қорғаудың жалпы сипаттамасы
Шығыс әлеміндегі және Қазақстандағы дінаралық қарым-қатынас
Англияның азаматтық құқығының негіздері
ГЕРМАНИЯ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
Араб халифаты және мұсылман құқығы
Пәндер