Малайзияның этносаяси құрылымының қалыптасуы және этносаралық жағдайы


мазмұны
Кіріспе . . . 3
- Қазақстан аумағындағы этнодемографиялық құрылымның қалыптасуы: миграциялық процесстер және этникалық қауымдарының пайда болуы . . . 7
- Малайзияның этносаяси құрылымының қалыптасуы және этносаралық жағдайы . . . 16
- Қазақстан және Малайзияның этнодемографиялық құрылымының қалыптасу тарихына талдау . . . 30
Қорытынды . . . 32
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 34
қосымша . . . 36-37
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі . Қазіргі таңда әлем, этносаралық қатынастардағы шиеленісушіліктің, әрі қақтығыстың өсуімен қабаттас жүретін, этноұлттық сана сезімнің көтерілуін өткеруде.
Халық қоғамның басты өндіруші күші болып табылады, сондықтан оның қозғалысының, құрамының (жасты - жыныстық, ұлттық, әлеуметтік) сипаты көптеген, атап айтқанда түрлі этностардың шаруалық және мәдени байланыстардың мінез-құлқы, дамуы секілді тарихи мәселелердің шешілуіне жағдай жасайды.
Сонымен, тақырыптың өзектілігі Қазақстан мен Малайзияның аумағында тіршілік етіп отырған этникалық топтардың тепе - тең қатар өмір сүруімен және ынтымақтастығын қамтамасыз етуімен шартталған. Сондай-ақ, тақырыптың маңыздылығы, яки өзектілігі түрлі ұлт өкілдерінің арақатынасын реттейтін, әрі этникалық негіздегі қақтығыстарды болдыртпайтын, тең өмір сүру шарттарын қамтамасыз ететін, көші-қон процесстерін реттейтін тиімді саясаттың жасалуымен, әрі оның белсенді түрде іске асырылуымен түсіндіріледі.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты Қазақстан және Малайзия арасындағы этникалық саясаттың қалыптасу тарихына және этносаралық жағдайдың тарихи дамуына салыстырмалы талдау жасау.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін келесі міндеттер қойылады:
- Қазақстан мен Малайзияның этнодемографиялық құрылымының қалыптасу тарихын қарастыру;
- Түрлі даму кезеңдердегі екі елдің ұлттық саясаттарын талдау;
- Миграциялық процесстер мен этносаралық жағдайды қарастыру;
- Екі елдің этникалық саясаттарының ортақ және ерекше белгілерін ашып көрсету.
Қазақстан жерінде шамамен 130 - дай түрлі этнос өкілдері өмір сүруде. Қазіргі таңда, қазақстандық қоғамның тіршілік ету салаларына жаһандану процесстері ықпал етуімен, біздің көпұлтты республикамызда қоныстанатын, кем қабаттарының жеке ұлттардың және халықтардың Қазақстан жерінде қалыптасуымен даму тарихына деген мүдделердің шиеленісуі байқалады.
Жалпы жаһандану процесстері Қазақстан және Малайзия секілді мемлекеттер халқының өзін өзі этникалық және рухани жағынан ұқсату, өз мәдениеті мен ділінің арғы шегін табуға, өзіне шығу тегі жағынан туыс халықтармен бірлігін тануға ниетін туғызады.
Екі полиэтникалық елдің жеке ұлттарының тарихқа деген қызығушылығы халықтың өткен тарихи уақыт призмасы арқылы өзін белгілі бір мәдени-тарихи естеліктің, ділмен анықталған ұлттық рухтың иесі ретінде санаумен шартталған.
Қазақстан және Малайзиядағы этникалық процесстер ең алдымен ерекше этномәдени құрылымның қалыптасуымен ерекшеленеді.
Малайзияны айтатын болсақ, Малайзия - көп ұлтты ел. Оның этнографиялық картасы алабажақтылығымен ерекшеленеді. Малайлық тұрғындардың этникалық құрылымының ең басты ерекшеліктерінің бірі абсолютті көпшілікті құрайтындай алдыңғы қатарлы этностың жоқтығында.
Бірнеше ғасырлар бойы жүрген этнодемографиялық құрылымның қалыптасу процесстері ақыры қоғамдағы негізгі үш этнос өкілдерінің (малай, қытай, үнді) қалуына әкеліп соқтырды.
Негізінде, Малайзия халқын жер жүзінің түпкірінен келген халық өкілдерінен құрайды. Атап айтқанда, елдің этно демографиялық құрылымын құру процессінде Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен, Шығыс Азия елдерінен, Батыс Еуропадан келген елдерінен келген ұлт өкілдері қатысқан еді. Олардың ішінде: малайлықтардан басқа, түрлі тайпа өкілдері: («оранг-букит» («төбе халықтары»), «оранг-улу» («жоғарғы өзендердің халықтары»), «оранг-далам» («елдің ішкі бөлігінің халқы»), сондай-ақ семангтер, сенойлар, джакундар және т. б. ) және басқа да ұлт өкілдері, яғни қытайлықтар, үнділер, португалдар.
Енді Қазақстанның этнодемографиялық құрамына тоқталсақ, орыс тілді халқы қалыптасуының негізгі қайнар көзі ең алдымен казачестволар, кейін, яғни революцияға дейінгі уақытта шаруалық орыс - украин отаршылығы және Ресейден, атап айтқанда Кеңес Одағынан кең көлемдегі халықтың көшіп-қонуы болды.
Соңғысы өзінің ұйымдасуы мен еркінділігінің дәрежесіне байланысты қатты ерекшеленді: мұнда кулак қуғыны, халықтардың күшпен жасалған депортациясы, әскери жылдардағы болған қоныс аударуы, тың жерлерді игеру барысындағы болған бұқаралық қоныстандыру, жайлы миграция, және т. б. болды.
КСРО-ның тұрақтылығы мен аймақтық тұтастығына негізгі қауіп іштей келді. 1991 жылы тамыз айындағы сәтсіз аяқталған әскери төңкеріс енді басталған шашырау процессін жылдамдатты. Дезинтеграция қазірдің өзінде де сол тәуелсіз мемлекеттердің одағына да қауіп төндіріп тұр, КСРО-ның қол астынан шыққан қайта құрылған көптеген тәуелсіз елдердің ыдырауы да ықтимал.
Өткенге көз тастап, кеңестік кезеңге ой жүгірте отырып, бір пікірге бір ойға келуге болады: ұлттық - аймақтық автономия ұстанымдарына сәйкес кеңестік мемлекет құру идеясына большевиктерді итермелеген тарихи жағдайлар біздің алдын ала болжап білмеген, оның құрылтайшыларының кім екендігін білмеген кері нәтижеге әкеліп тіреді.
Бірнеше жылдар бойы белсенді түрде жүргізілген кеңестік ұлттық саясат ұлттық бірлестіктің және ұлттық айырмашылықты жеңудің ресми түрде жарияланған мақсаттарына кереғар екі нәтижеге әкеліп соқтырды.
Біріншіден, бұл саясат 1917 жылға дейін болмаған көптеген бірлестіктерде ұлттар мен ұлттық топтардың пайда болуы мен дамуына жағдай жасады. Өзін-өзі басқаруды әлсіретуге және ұлттық өзін өзі тануға деген бағытты жоюға бағытталған саясатқа қарамастан кеңес уақыты ұлт, сондай-ақ этникалық топтар ретінде қалыптасқан кезеңдердің бірі болып табылды.
Екіншіден, Кеңес үкіметінің саясаты әкімшілік бөлуге сәйкес ұйымдастырылған этноаймақтық топтар федерациясын жасауға әкеліп соқтырды. 80-ші жылдары кеңестік дамуға пайдаланылған ішкі әлеуметтік-саяси қорлар таусылды, кво - мәртебесі бұзылды, бұл тұтастай мемлекеттің ұлттық саясатын бұзды, ал кеңес жүйесі ұзақ мерзімге созылған дағдарысқа ұшырады. Қайта құру кеңес басшылығының осы дағдарысқа деген жауабы болды, бұл КСРО - ғы этникалық қатынастарды ойламаған жерден ушықтырып жіберді.
КСРО-ның орыс емес тұрғындарының арасында көңілі толмаушылық барған сайын орыстарға қарсы бағыт алды, бұл кеңестік мемлекеттегі орыс тұрғындары орталық рөлі мен орыс гегемониясымен туындаған нәрсе болатынды. Орыс ұлтшылдығы және жергілікті этникалық ұлтшылдық қалыптасты, бұлар қайшылықта болды, сондай-ақ КСРО - ң ішінен мемлекеттік тоқырауды тудырды.
Диссертацияның хронологиялық шеңбері отарлық кезеңді, атап айтқанда Малайзияның отар болған жылдары, сондай-ақ Қазақстанға патша үкіметінің жүргізген отарлық саясат уақытын, кеңестік уақытты, яғни Кеңес үкіметінің өмір сүрген кезеңін қамтиды.
Таңдалған тақырыптың ғылыми жаңалығына және зерттеудің тәжірибелік маңыздылығына тоқталсақ, Қазақстан мен Малайзияның этникалық саясатына салыстырмалы талдау жұмыстары әлі де жасалған емес. Сонымен бірге, тақырыптың жаңалығы екі елдің этнодемографиялық құрылымының ерекшелігін комплексті түрде қарастырумен шарттас.
Малайзияның ұлттық саясатын зерттей отырып, Қазақстан үшін тиімді жақтарын іздеуге тырысуды мақсат етемін, әрі кейін бұл мәселені одан да тереңдей зерттеуге ниет білдіремін. Осыған орай зерттеу жұмысының тәжірибелік маңыздылығы зор деп ойлаймын.
Зерттеу жұмысының дерекнамасы мен әдіснамасы. Жұмыстың әдістемелік негізі мен теориялық дерекнамалар ретінде ресейлік, қазақстандық және шетелдік мәліметтер кеңінен қолданылды. Сонымен бірге, қабылданған бағдарламалар, баяндамалар мен жоспарлар, сондай - ақ басқа да түрлі мәліметтер маңызды ғылыми және әдістемелік сипатқа ие. Атап айтқанда, отарлық кезеңге байланысты келесі авторлардың еңбектері негіз ретінде алынды: Абаев М. И., Агеев В. С., Агаев А. Г., Алексеенко Н. В., Алексеенко В. Н., Алпатов В. М. Аминов Б., Асылбеков М. Х., Бабаханов М., Баграмова Э. А., Базанова Ф. Н., Базиев А. Г., Байтенова Н. Д., Бароникас И., Бекетаев Қ., Бердібаев Р., Бельгер Г., Брук С., Вайдман Л., Верещагин П. Д., Геллер А. Б., Дингельштед Н., Ешмұратова Г. В., Павленкова А. П., Пясковский А. В., Ревуненкова Е. В., Турсунбаев А. Б. және т. б. Ал кеңестік кезеңге байланысты Алдажұманов К., Ан Р. К., Анес Г., Баймаханов М., Бугай Н. Ф., Дулатова Д. И., Галиев А. Б., Голотвин Ж. Г., Грошев И. И., Джунусов М. С., Игнотов Х. Ш., Кан Г., Кемеңгерұлы Қ., Қозыбаев М. К., Қарабаев А., Күнқожаев Н. Р., Кульбаев Т. С., Кокурин А. И., Мырзахметов М., Надиров Н. К., Нусупбеков А. Н., Сәдуақасұлы С., Ситько Н. Сужиков М. М., Тәтімов М., Тілегенов Б., және т. б. Сонымен бірге шетелдік авторлардың еңбектері пайдаланылды, әсіресе, Мохамад Махатхир, Мильне Р. С., Джудит Нагата, Милтон Дж. Эсман және т. б.
Зерттеу жұмысы салыстырмалы әдіске, әрі көптеген талдау жасау жолдарына негізделеді, сонымен қатар жұмыс барысында статистикалық мәліметтер кеңінен қолданады. Сонымен бірге, зерттеу жұмысында саяси институттардың бағдарламалық - жарлықты құжаттарға, БАҚ мәліметтеріне, ұлттық-мәдени орталықтардың шешімдеріне контент - анализдің орны ерекше.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш параграфтан тұратын негізгі бөлімнен, қорытындыдан, сонымен бірге қолданылған әдебиет тізімі мен қосымшалардан тұрады.
1. Қазақстан аумағындағы этнодемографиялық құрылымның қалыптасуы: миграциялық процесстер және этникалық
қауымдарының пайда болуы
Орталық Азияның барлық аймағы сияқты Қазақстанның этникалық тарихы да өте күрделі. Қазақтар өзінің бастауын б. з. д. XVIII-XII ғасырларда Қазақстанның аймағында қоныс тепкен Андронов (шығыс) көне мәдениетінің өкілдерінен алады. андроновтарды Қазақстанның далаларында б. з. д. II-ші мың жылдықта арийлер алмастырды. Бұл үнді еуропалық тілдік және мәдени қоғамды қалыптастырған арийлік (ирандық) және индонезиялық (үнділік) қауымдар болатын. Б. з. д. I-ші мыңжылдықтан бастап, Орталық Азия аймағында алғашқы ерте мемлекеттер пайда болады, олардан Ахеменид мемлекетінің құрамына кіріп, «Сака» немесе «Скифия» деп аталды. Сақтар әлемдік тарихқа Сырдария өзенінің жағасында грек жаулаушы Александр Македонскийге б. з. 327 жылы қатты соққы беріп кірді, бұл соққы ұлы жаулаушыны әлемдік үстемдік құру жоспарынан бас тартуға итермеледі.
Б. з. 97 жылына дейін қазақтардың ата-бабаларының келбеті еуропалық бейнеде болған, ал хундардың жайылуының сәтінен бастап монголоидті келбетке ие болды, оларды батыс тарихшылары Қазақстан аймағында ғұндар деп атайды. VІ-ғасырдан бастап, Қазақстан аймағы Түркі қағанатының құрамына кіреді, ол 582-583 жылдары Шығыс және Батыс-Түркі қағанаты болып екіге бөлінеді, Батыс-Түркі қағанатының мұрагерлері Түрік қағанаты, Қарлық мемлекеті, Оғыз мемлекеті, Кимек (қимақ) қағанаты, Қарахандықтар мемлекеті, Қарақытайлар мемлекеті болады. Бұл кезең VІ-ғасырдан Х-ХІІ-ғасырға дейінгі уақытты қамтиды. ХІІ-ғасырда алғашқы Ортаазиялық қазақ мемлекеттік бірлестіктері пайда болады, олар Наймандар ұлысы, Кереилер ұлысы, Қыпшақ мемлекеті. Осы уақытқа қазақтардың көне тайпалары түркі тілін алады және де шығыс ген бөлшегінің 50%-ын алады. ХІІ-ғасырдың соңында монғолдардың жайылуы басталады, бұл қазақ ұлтының этногенезін аяқтайды, оның үстіне гендік бөлшектің 20%-ын үстемелейді. Міне, сондықтан, қазақтардың беткей бейнесі тарихи тұрғыдан алынған генофонға сүйене отырып, мынаны құрайды: 70% монголоидті (шығыс) бөлшек, 30% автохтонды еуропеидті бөлшек.
Генетикалық құрылымның полярлығын және салыстырмалы талдауды ескере отырып, қазақтар қазіргі монғолдарға қарағанда төрт балл алда, ал Орталық Азияның түбегейлі халықтарынан - бес баллға, ал шығыс славян халықтарынан - он балға алда тұр. Қазақ ұлтының қалыптасуының аяқталуы көшпелі өзбектер Мемлекетінде, немесе Алтын орданың мұрагері Ақ орда үйінділерінде пайда болған Әбілхайыр Мемлекетінде жүрді. 1470 жылдан бастап алғашқы қазақ мемлекеті Қазақ хандығының тарихы басталады, бұл Орталық Азияның алғашқы гегемоны, астанасы Ташкент, ал әскери ставкасы Түркістанда болған.
ХVІІ-ХІХ ғасырларда сыртқы және ішкі жағдайларға байланысты Қазақ мемлекетінің ыдырау кезеңі басталды. Жоңғарлармен (ойраттармен - батыс монғолдары) қатал да, қан төгісті және де қиратушы соғыс жүрді. Ішкі сипаттағы қайшылық туындады. ХІХ-ғасырда Қазақстанды толықтай Ресей отарлап алды. 1917 жылдан бастап, Қазақстан кеңес мемлекетінің құрамына кірді, алғашқы да автономия құқығында, кейіннен - одақтас республикалар мәртебесіне ие болды.
Қазақтар ұлт ретінде ұзаққа созылған тарихи этногенез процессінде пайда болды, сондай-ақ екі нәсілдің түйіскен жерінде және гендік топтардың: еуропалық және монғолоидтіктердің түйісінде деп қорытынды жасауға болады.
Енді, осы мезетте өзге ұлт өкілдері қалай Қазақстан аумағына енді деген сұрақ туындайды?
Қазақстанның Ресейге қосылуы оның аймағындағы еуропалық, басым көпшілігі шығыс - славян халықтарының жаппай көшу процесінің басталуы болды.
Орыстар (олармен бірге украиндар мен татарлар) Қазақстанда ХVІ - ғасырда казак елді-мекендерінің пайда болу нәтижесінде келген еді.
Орыс және қазақ емес халықтардың көшуінің маңызды толқыны XVIII - ғасырдың және ХІХ - ғасырдың алғашқы жартысында орын алды.
Қалалық орыс тұрғындары: әскерлер мен офицерлер, саудагерлер мен қолөнершілер, сондай-ақ орыс емес христиандар, мұсылмандар мен Ресейдің еуропалық бөлігінің еврейлері көшпелі қазақтардың жерлеріне және жер игеру аймақтарында қамалдар, форпостар, редуттер, бекеттер тұрғызды.
Сонымен, Қазақстан аумағында 4 казак әскері қалыптасты: Орал, Орынбор, Сібір және Жетісу.
1870 жылға қарай Қазақстан аймағында 2869 мың адам тұрды, (солардың ішінде 2597мың қазақ) . 1887ж - 3928 мың (солардың ішінде 3311мың қазақ), 1914 жылы - 5910 мың (оның ішінде - 3845мың қазақ) болды1.
1881-1883 жылдары Синьцзяннан (Қытай) Қазақстанға 50 мың ұйғыр мен дүнгендер көшіп келіп қоныстанды. 1897 жылы Қазақстанда орыстар - 10, 9%, украиндар - 1, 9% (қазақтар 81, 7%) құрады. 1890 жылы Ресейден және Украинадан келген шарулардың отарлауы күшейді2.
1914 жылы славяндар (орыстар, украиндар, белорустар) 26, 6% (қазақтар - 65, 1%) құрады. Славян тұрғындары Столыпин реформасын жүргізу нәтижесінде ұлғайды. Шығыс - славян тегінен шыққан мигранттар 46 жылдың ішінде (1871-1917жж) - 1, 6 млн. адамды құрады, олардың басым көпшілігі 1907-1916 жылдары келді. ХХ - ғасырдың басына қарай Қазақстанда шамамен 60 ұлттың өкілдері тұрды - түркілер: өзбектер, ұйғырлар, қырғыздар, қарақалпақтар, татарлар, башқұрттар; мигранттар (славяндардан басқа) : немістер, поляктар, мордвалар, дүнгендер, тәжіктер, еврейлер және т. б3.
1916 жылы көтерілісті қатты басып тастаудың нәтижесінде 600 мыңнан астам қазақтар Қазақстаннан көшіп кетті. Сондай-ақ Ресей империясының миграциялық саясаты өз дегенін жасады - тұрғылықты тұрғындардың саны азайды (Қосымша 1/таблица 1, 37 б. ) .
Көріп отырғанымыздай, қазақ жеріне көптеген ұлт өкілдері қоныстанып, өмір сүре бастады.
Бірақ, осыған орай мұнда Қазақстанда түрлі этностардың арасындағы қарым-қатынас қалай орнады деген сұрақ туындауы әбден мүмкін.
Қайшылықтың негізгі түйіні орыстармен өзара қарым-қатынастардан тұрады. Қайшылық 1237 жылдан басталған, бұл кезде монғол әскері Батудың басшылық жасауымен Шығыс Еуропаны жаулап алуға бет алған болатын, орыс княздіктерінің тас талқанын шығарды және оларды вассалдық тұрғыдан тәуелді етті деген пікір айтуымызға болады. Көптеген тарихи әдебиетте бұл кезең монғол - татар шапқыншылығының кезеңі деп аталады, бұл тарихи тұрғыдан дұрыс емес, өйткені Бату әскерінің басым көпшілігін (Орда - Ежен - әскердің оң жақ қанаты) түркілер құрады, олардың негізгі бөлшегі: қыпшақтар, наймандар, керейлер және т. б. болды. Яғни көне қазақ тайпаларының өкілдері. Монғол әскерлері мен орыс әскерлерінің арасында қанды майдан болғандығын білеміз. Бұл жөнінде АҚШ президенті Рузвельт «Білімнің көзі ретінде» өз кітабында былай деп өз пікірін айтқан болатын: «Орыс нақтылығын білу үшін, ғасырлар бойы үлкен түркі этнотобы оларға (орыстарға) үстемдік жүргізді». Осыдан келіп казак Ермактың (1585ж) Сібір жорығын түркі халықтарын жазалау, соларға қарсы деп айтуға болады. Тарихи құжаттарды зерттейтін болсақ, Петр І-ші үкіметі (XVIII - ғасырдың басы) Қытаймен және Жоңғар хандығымен жасырын келіссөздер жүргізе отырып, Қазақтармен қарым-қатынаста екі жақты саясатты жүргізген. Ресей дәл жанында қуатты түркі мемлекеті, яғни Қазақ хандығының болуын қаламады. Хандықтың әлсіреуімен және құлдырауымен Ресей бастапқыда қазақ жүздерін өз қарамағына алды, содан соң оларды отарлады. Қазақстанның Ресейдің құрамына өткен сәттен бастап, қазақ жерінде халық-азаттық көтерілістер толастамады, бастапқыда олар этникалық бағытта болмады, тек жергілікті және патшалық әкімшілікке бағытталды.
ХІХ - ғасырда сұлтан Кенесары Қасымұлының басшылығымен (ХІХ - ғасырдың 30-шы жылдары, ХІХ - ғасырдың 40-шы жылдарының алғашқы жартысы) көтеріліс Ресейге қарсы бағытталды, мұндағы мақсат Қазақ өлкесін біркелкі Мемлекетке біріктіру болды, бірақ этносаралық даулы сипатында болмады. Бұл көтеріліс көбінесе орыс мемлекеттік қызметінде жүрген Уәлиханға және орыс әкімшілігіне бағынған рулар мен тайпаларға қарсы болды.
Кеңес және орыс тарихы көбінесе Қазақстандағы руаралық және тайпааралық алауыздық туралы дәлелсіз пікірді алға тартады. Мұнымен келісе алмаймын. Мұрағаттық және тарихи мәліметтерді зерттеу басқаша дейді.
Қазақтардың үш жүзге бөлінуі этносаяси мәнге қарағанда тұтастай географиялық мәнге ие болды. Қазақтар әрдайым да біртұтас ұлт болды, жүзге бөліну тек XVIII - ғасырдың басында ғана тұрақты сипатқа ие болды. Осымен қоса, ру және тайпа аралық жанжалдардың туындауы - бұл орыс отарлау әкімшілігінің нәтижесі, бұл қазақ даласында болыстық басқарушылардың жүйесін таңдауға әкеліп соқтырды, бір жағынан түрлі рулар мен тайпалардың арасындағы жанжалдарды өршіте түсті, мұның мақсаты - «бөліп ал да билей бер, ал биле де - бөліп ал» ұранымен жүргізілген саясатты жүзеге асыру болды. Бұл саясатты ары қарай большевиктер де жалғастыра түсті. Маңғыстау қазақтарының көтерілісін оңтүстік қазақтардан, дүнгендерден, ұйғырлардан тұратын қазақ атты әскер полкінің басып тастауға бағытталғандығы туралы шешімі. Тағы да бағыт осыған алып келіп тіреп отыр: бөліп ал да билей бер.
Алғаш рет «Газават» ұраны (өзге діндегілерге қарсы қасиетті соғыс) орыстарға қарсы қозғалыстың ұраны ретінде Орталық Азияда тек 1868 жылы пайда болды, яғни шаруалардың отарландыру жағдайында, бұл кезде қазақтар орыс қоныстанушылары тарапынан айтарлықтай ығыстырушылықты байқай бастады.
Орыс отарлық үстемдігін құлату күресі Қазақстан дербестіктен айырылғандықтан ғана емес, орыс үстемдігінің кесірінен туындаған жаңа қайшылықтары сезіле бастағандықтан да күшейді.
1916 жылғы Оңтүстік Қазақстандағы халық-азаттық көтерілісі этносаралық дау-дамай сипатында болды. Мәліметтер бойынша 1916 жылдың ішінде Жетісу облысында көтеріліске шыққан қазақтар жергілікті әкімшіліктен 2 адамды, ал орыс әкімшілігінің қатарынан 14 адамды, орыс қоныстанушылары, казактар мен мещандардан - 2094 адамды өлтірген4.
Сырдария облыстық басқарудың №10-1912 (56 бет) ісінде генерал-губернатордың атынан қазақтардың ұжымдық өтінішін көре аламыз, мұнда: « . . . қырғыздар (қазақтар) үшін таудың ең ұшы ғана қалды, мұнда жазғы уақытта малдың жайылымы үшін жарамайды . . . » деп көрсетілген5. Мұрағат құжаты - орыс және қазақтардың этносаралық қақтығыстарының себептері туралы дәуірлердің куәсі болып табылады. Ресейден келген елді-мекендер түпкілікті тұрғындардың арасында болды, патшалық үкімет ХІХ - ғасырдың 90-шы жылдарының соңынан бастап, қазақ өлкесінде тұратын славян тұрғындарының әрқайсысын қаруландыра бастады.
Енді кеңестік кезеңдегі этносаралық жағдай қалай болды деген сұраққа көшкен дұрыс болады деген ойдамын.
Қазақстандағы 1917 жылғы төңкеріс буржуазиялық - демократиялық немесе социалистік те болмады. Ол отарлау сипатта болды. Қазақ дала өлкесіндегі төңкерісті негізінен патшалық Ресейдегі орталық аймақтарының жұмысшылары мен шаруалары жасады, ал жергілікті қазақ халқы болып жатқан оқиғаны түсіне де алмады. Олар оған қосылуға ұмтылмады, салқынқандылық немесе жаулық танытты. Мұны большевиктер дереу түсінді де, міне сондықтан 1918 жылы қазақ ұлттық атты әскер бөлігін құруға кірісті. Алдымен қазақ атты эскадроны құрылды, кейіннен атты полкке айналды, содан соң қазақ атты бригадасы құрылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz