«TSC Group» корпорациясының даму тарихы және бүгіні



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3.7

І ТАРАУ. PR.дың маңызы, қызметі,әдістемесі және қазіргі PR.менеджерлердің рөлі.
1.1. PR. менеджмент қоғам мен ұйымды біріктіру құралы ретінде ... ..8.15
1.2. Ұйым құрылымындағы PR.бөлімі. PR. менеджердің қызметі мен жұмыс істеу тәсілдері ... 16.31

ІІ ТАРАУ. «TSC Group» корпорациясының даму тарихы және бүгіні
2.1. «TSC Group» корпорациясының даму тарихы және қызметі ... ...32.42
2.2 «TSC Group» корпорациясының PR.бөлімі мен қызметі ... ... ... ...43.44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...45.47
СІЛТЕМЕЛЕР
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 -7

І ТАРАУ. PR-дың маңызы, қызметі,әдістемесі және қазіргі
PR-менеджерлердің рөлі.

1.1. PR- менеджмент қоғам мен ұйымды біріктіру құралы ретінде ... ..8-15

1.2. Ұйым құрылымындағы PR-бөлімі. PR- менеджердің қызметі
мен жұмыс істеу
тәсілдері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...16-31

ІІ ТАРАУ. TSC Group корпорациясының даму тарихы және бүгіні

2.1. TSC Group корпорациясының даму тарихы және қызметі ... ...32-42

2.2 TSC Group корпорациясының PR-бөлімі мен қызметі ... ... ... ...43-44

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 45-47

СІЛТЕМЕЛЕР

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Индустриялық дәуірге өткен қазіргі ақпараттық қоғамда жоғары
технологиялардың шапшаң өсуі мен коммуникациялық байланыс желілерінің
санының күрт көбеюі қоғамда жаңа салалардың, жаңа қызмет түрлерінің пайда
болуына әкелді. Соның бірі - жаңа заманға тән PR мамандығы.
PR аббревиатурасы, көбінесе, менеджер қызметін білдіреді десек те,
осы ұғымға әлі ешкім нақты, әрі айқын анықтама бере алмай келеді. Бізге
батыстан келген сәнді менеджер сөзін көбісі дұрыс түсіне бермейді. Шет
елдерде менеджер ( басқарушы қызметінің бірі. Оған талаптанамын деген адам
тек мамандық дағдысын игеріп қана қоймай, арнайы оқыған, жан-жақты білімді
болуы керек.
Менеджмент саласынан хабардар адамдар көзқарасы тұрғысынан айтсақ,
оның қызметтері, басқару жүйелері, нарықтық экономиканың қазіргі
талаптарына жауап беретін көптеген құбылыстарды атап өтуге болады. Олар
ұйымның жүйесі мен ішкі сипатына қатысты, яғни басқару шешімдерін және
стратегиясын қабылдау жүйесіне араласу, ұйымның жалпы іс-әрекетін
үйлестіру.
Менеджмент ( басқару өнері ретінде қоғамның дамуымен қатар өркендеді,
мұнда тепе-тең, өзара екі жақты біртіндеп даму эволюциясы байқалады.
Нарықтық экономиканың дамуынан бастап, жекелей алғанда біздің елімізде
менеджер және менеджмент атаулары шапшаң әрі нық, берік біздің
өмірімізге, біздің сөздік тезаурус қорымызға мынадай атаулардың бизнес
саласында ертерек қолданылған, басқару, басқару іс-әрекеті, төраға,
басшы, т.б. орнына енді.
Жоғарыда аталған сөздер синоним сөздер болғанымен, басқару атауы
бұдан да кең мағынаға ие. Тұтас алғанда, басқару ( басқару субъектісі
жүйесінің басқару объектісі жүйесіне, басқару объектісінен талап етілетін
жағдайға ауысу мақсатымен әсер ету. Ереже бойынша бұл жерде субъект (
менеджердің өзі. Менеджмент атауының өзі ( американың management (
басқару сөзінен шыққан.
Менеджмент ( нарықтық экономиканың қазіргі талаптарына жауап беретін
басқарудың түрі (. Егер менеджмент атауының анықтамасын кең ашсақ, онда
осы саланың келесі құрамын көруге болады:
- Нарықты (сұраныс, тұтыну), яғни маркетинг бөлімі құрылымын басқару
және өнімді тұтыну деңгейінен хабардар етілуін зерттеу;
- өнім өндірісіне шығынның төмен және өнімді жоғары бағамен өткізуді
бақылау;
- қызметкерлерді басқару, бұл өз кезегінде, менеджерде әлеуметтану
психология білімінен хабардар, түскен хабарларды сараптау және алдына
қойған мақсатына жету бағдарламасын жасау ептілігі болуы шарт.
Менеджменттің негізгі қызметі ( ұйымды басқару саласындағы қойылған
мақсатқа жету ұстанымы. Көп жағдайларда бұл қызметті ұсақ ұйымдарда
төрағаның өзі атқарады, ірі ұйымдарда, PR-бөлімі бар жерде ( бұл қызметті
менеджер атқарады. Ұйым төрағасы басқару жүйесінің көп деңгейлігіне
байланысты және көп жағдайда ұйымның төменгі сатысында тапсырмалардың
орындалуын қадағалау мүмкіндігі болмайды, оның онсыз да келелі мәселелер
мен жауапты міндеттері жетерлік. Сондықтан да кәсіби PR-менеджер, көбінесе,
көптеген сұрақтарды басшылардан тиімдірек шеше алады. Сонымен, ұйымда өзін
маңызды тұлға етіп көрсетеді.
Алайда, біздің зерттеулеріміз PR- менеджер қызметін басшы етіп, Паблик
Рилейшнз (ары қарай PR) міндеттері және менеджер қызметі ауқымын бір салаға
жүйелеу. PR-дың міндеті қажетті ракурсқа қажетті уақытта керек хабарды
үйлестіру. PR қатынастың барысында бақыланатын элементтердің санын
көбейтеді. Тек PR ұйым саласының басқару әдістерін қоғам саласына
ауыстыруға мүмкіндік береді.
Тауардың қарапайым сипаты, өндіріске қызықты, оның психологиялық
сипатына, тұтынушыға маңызды болуының шешуші элементі болып табылады.
Мысалы, PR-дың алғашқы қалыптасу жылдары Америкадағы PR мамандарының іс-
әрекеті теміржол компаниялары жұмысымен байланысты болды.Теміржол қатынасы
пайда болғанда, ол туралы ақпарат жеткіліксіз болғандықтан, адамдар
теміржол апатынан қорқатын болған. Мамандар қоғамдық пікірмен жұмыс істеу
арқылы басқа транспорттық жағдайларға қарағанда, бұл жерде зардап шегудің
көп емес екенін дәлелдеп берді. Олар PR- дың негізін қалай отырып, апат
болған жағдайда атқарылатын жұмыстардың әдістерін ұсынды.
Батыстағы PR-менеджердің өте белсенді жұмысы үкіметтік PR, қаржылық
PR, дағдарыстық PR іс-әрекетімен байланысты. ТМД-да жетекші орындардың бірі
- саяси (сайлау) технология. Бақылаушылардың айтуынша, 1996 ж. Ресей
Президентінің сайлауы 300-400 млн. доллар тұрған, ал саяси кеңесшілер айына
2(( мың жалақы алады екен. Қай жерде қаржы ресурстары көп бөлінсе, сол
жерде қоғамдық пікірмен жұмыс өте белсенді жүретіні дәлелденді.
Оқымысты С. П. Паркинсон PR назарының щеңберін өте жақсы сызып берді:
Өндірісте байланыс неліктен маңызды? Өйткені, вакуум деген түсінік бар.
Егер біз өз абыройымызды өзіміз ойламасақ, оны біз үшін біреу істейді және
де міндетті түрде біздің кемшілік жақтарымызды ашып көрсетеді. Қазіргі
әлемде ақпараттар ағыны аса көп. Адамдарды дәйектер, ойтұжырымдар және
ұсыныстар жазбаша, ауызша түрде қамшылап жатады. Бүгіндері бірде-бір
өндіріс топтары тордың артына тығылып немесе басын жоғары ұстап үндемей
отыра алмайды. Атап айтқанда, диапазоны өте кең тарайтын әртүрлі дағпыртқа
жол ашатын үндеместік. Ол жағынан біз тек өзімізді кінәлауымыз керек. Сол
батпақ езіндіні, өзіне сорып алуға жарамайтын вакуумды жасаған өзіміз(,
23.
PR саласындағы менеджер құрылымдар мен ұйымдардың кызмет етуіне және
жайлы дамуына, стратегияны іске асыру жөнінде көптеген міндеттерге көп
көңіл бөледі. Өркениетте негізгі назарда болатын- ақпарат, басқа болуы еш
мүмкін емес. PR кез-келген құрылымның қатынастық толқынын саралағандықтан,
ол қатынастық аудит атанды және ұйым жұмысын саралаудың алғашқы кезеңінің
көрінісі болып табылады. Кей уақытта бұл жұмыстың мақсаты бұқарамен ұйымның
арасындағы қатынаста оң өзгерістер орнату, бұл екі құрылым қатынастық
ағымға негізделген. Кез келген құрылым өзінің табысты қызметі үшін өзінің
жеке қызметтестерінің (еңбек өнімділігі адамдардың жұмысына қанағаттануымен
тікелей байланысты) көңіл-күйі мен пікірін есепке алуы тиіс, өйткені ол
көптеген кіріптарлық тәуелділік түрлерімен байланысты.
PR-менеджер, сондай- ақ, қатынастық сипаттың және ұйымның, тұтас
қоғамның міндеттерін шешеді. Кез-келген құрылым, тіпті өте жабайы сипатта
болса да, өзіне бәсекелес басқа құрылымдардай анық бөлектену үшін өз
идеологиясын, қоғамдық санасын құруға мәжбүр. Мысалы: ел деңгейіндегі
қоғамдық сана және деңгейдегі идеология немесе қайсібір жеке өндіріс
деңгейіндегі қоғамдық сана (идеология). Ал бұл, әсіресе, коммерциялық
ұйымдар үшін өте маңызды екені мәлім. Міне, сол үшін де PR бұл арнада өзіне
тиісті бағасын алғаны орынды десе де болады.
ЗЕРТТЕУ МАҚСАТЫ:
Диплом жұмысы, TSC Group корпорациясының Қоғаммен байланыс бөлімінің
қызметі мен жұмыс істеу әдістерін зерттеуді негізгі мақсаты етіп алды.
Осыған байланысты бірқатар зерттеу міндеттерін алға қойды:
- менеджмент және PR саласының дамуының тарихи тамырын анықтау;
- Бизнес саласындағы PR-дың қазіргі жағдайын және осы саладағы PR-
менеджерінің мәнін зерттеу;
- PR-менеджерінің шешуші міндеттерін анықтау;
- Бизнес саласында PR-менеджер қызметінің ерекшелігін оқып-үйрену;
- TSC Group корпорациясының үлгісінде PR-менеджер жұмысының әр түрлі
әдістерін сараптау;
- TSC Group корпорациясында PR-менеджментін жүзеге асыру үрдісіндегі
қолданылған әдістердің тиімділігін дәлелдеу;
- Жаңа жүзжылдықтағы PR-менеджерлердің іс-қимыл үрдісіне жаңа
тенденциясына мінездеме беру және анықтау.
ЗЕРТТЕУ ОБЪЕКТІСІ:
TSC Group корпорациясының құрылу үрдісінде жасалған іс-әрекеттер
және қолданылған құжаттар, буклеттер, интернет-сайттар, слайдтар және
басқалар. Жұмыста, жоспарлау үрдісінде қолданылған материалдар, сондай-ақ
TSC Group корпорациясы жайлы жазылған еңбек.
ҒЫЛЫМИ ЖАҢАЛЫЛЫҒЫ:
Қазақстан Республикасының PR тәжірибесінде бірінші рет бизнес
саласындағы PR-менеджер жұмысының әдістері мен қызметіне саралау мен оқып-
үйренуге талпыныс бар. Диплом жұмысында TSC Group корпорациясындағы PR-
менеджер жұмысының әдістері мен міндеттерін жүзеге асыру үрдісінің
бағыттары және негізгі өлшемдері көрсетілген.
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ:
Зерттеу барысында бизнес саласындағы PR-менеджердің рөлі және қызметін
жан-жақты көрсететін әдістер кешені пайдаланылды. Зерттеу әдістерінің
ішінен деректік құжаттарды зерттеу, салыстырмалы талдау, мәлімет
деректеріне аналитикалық өңдеу жүргізу сияқты тұстарын атап өткен жөн.
Зерттеудің негізгі бағыты экономикалық және әлеуметтік болып табылады.
ТАҚЫРЫПТЫҢ ӨҢДЕЛГЕНДІК ДЕҢГЕЙІ:
PR-менеджердің бизнес саласындағы қызметі мен негізгі әдістері жайлы
толық суреттейтін ғылыми-практикалық зерттеулер республикада осы кезге
дейін жүргізілген жоқ. Диплом жұмысын жазу барысында, жинақталған тәжірибе
және факт материалдары пайдаланылды: TSC Group корпорациясының құжаттары,
дипломдық жұмысқа жанасатын Қазақстандық, Ресейлік, Батысеуропалық және
Америка ғалымдарының еңбектері.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗІН PR-дың
Қазақстандағы қазіргі жағдайы және тарихы жөніндегі мағлұматтар, шетелдегі
ҚБ теориясы мен PR менеджменті теориясы мен практикасы, сондай-ақ Д.
Ньюсом, Джуди В.С. Тъёрк, Д. Крукеберг, Ф. Джефкинс, С. Блэк және көптеген
басқа шетел және отандық көрнекті ғалымдар мен зерттеушілердің әдебиеттері
құрайды.
ТӘЖІРИБЕЛІК МАҢЫЗЫ:
Зерттеу барысында алынған нәтижелерді ҚР PR-бөлімдері мен
факультеттерінде қолдануға болады:
- ҚБ теориясы мен тәжірибесі бойынша арнайы курстар және жалпы курсты
дайындау барысында;
- PR менеджментін зерттеуде;
- PR менеджменті теориясы мен тәжірибесін зерттеуде;
- ҚБ теориясы және тәжірибесі, қоғамдық пікірді зерттеу
технологиясы, PR менеджмент және т.б. жалпы курстарын зерттеуде;
- PR мамандары үшін.

БІТІРУ ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, сілтемелер мен
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде негіздеменің өзектілігі, ғылыми мәнділігі, зерттеу объектісі
мен тақырыбы анықталады, оның мақсаты мен міндеттері құрылады, жұмыстың
ғылыми жаңашылдығы ашылады, тәжірибелік маңыздылығы келтіріліп, қорғауға
шығарылатын жағдайлар анықталады.
Бірінші тарауда PR және PR-дағы менеджменттің құрылуы мен пайда
болуының негізгі кезеңдері анықталды. Зерттеу барысында PR-менеджер
қызметінің негізгі теориялық тұжырымдамасы айқындалды. Бизнес саласындағы
PR-менеджер әдістемесіне ғалымдардың түрлі ұстанымдары көрсетіледі.
Екінші тарауда TSC Group корпорациясының құрылымы үрдісінде іске
асырылатын PR-менеджер жұмысының тәжірибелік әдістемесі айқындалады.
Қорытындыда тақырыпты зерттеудің одан арғы бағыты белгіленіп,
ұсыныстар беріледі және қорытынды баяндалады.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде диплом жұмысын жазу барысында
пайдаланылған кітаптар, мақалалар және басқа да деректер атап көрсетілген.

I ТАРАУ

PR-дың маңызы, қызметі, әдістемесі және қазіргі

PR- менеджерлердің рөлі.

1. PR-менеджмент қоғам мен ұйымды біріктіру құралы ретінде

PR-бөлімдері мен мамандары қоғамдық өмір айдынында ұйымдарда басқарушы
рөлін атқарады және атқаруға тиіс. PR саласындағы көптеген теоретиктер,
оның ішінде Дж. Уайт және Л. Мазур PR рөлінің маңыздылығын атап көрсетеді
және PR-ды төмендегідей құрылымдарды астына біріктіретін кәдімгі қолшатыр
ретінде қарастырады:
1. корпоративті қатынастар;
2. келелі мәселелер менеджменті;
3. азық-түлік паблиситиі;
4. инвесторлармен қарым-қатынас;
5. қаржылық қатынас;
6. қоғамдық қатынас;
7. масс-медиамен қатынас;
8. үй-жай мәселелері;
9. дағдарыс менеджменті;
10. оқиға менеджменті;
11. демеушілік;
12. барлық осыған сиятын қызметтер аясы 3, 65-б.
Осы қарастырулар PR анықтамасының адамдар тобының бір-біріне
қатынасындағы тәртібіне әсер ету үндесуінде мамандығының алғашқыларының
бірі теоретик Эдвард Бернейс PR-ды бір-біріне кіріптар тұлғалар, топтар,
идеялар, қоғамның басқа бірліктері арасында өзара әрекетпен айналысатын
қызметтер аумағы ретінде анықтайды4, 96-б. PR-кеңесші ( бұқарамен
қатынас жөнінде кеңес беретін сарапшы. Ол өзінің жобасы немесе тұтынушының
әлеуметтік сағыналы мінездемесін айқындауға тырысады. Ол зерттеу арқылы өз
тұтынушысының тәртібі және бұқарадағы күтілетін кіріптарлық арасындағы
сәйкестік не сәйкессіздікті жабуға талпынады. Ол тұтынушысына белгіленген
мақсаттарға жету үшін өз тұрғысынан тәртібін, көзқарасын қоғам талабына сай
өзгеруіне кеңес береді. Тұтынушы өз көзқарасын өзгерткен жағдайда, ол өз
тұтынушысы туралы қоғамда ең жақсы пікір қалыптастыруға атсалысады. Біз
жарысып өмір сүріп отырған қоғамда PR-менеджер қоғамды тұтынушы немесе оның
өнімі туралы көзқарасты қабылдауды иландыруға тырысады. PR адамның,
ұйымның, бұқаралық идеялардың өзара қарым-қатынастарын қамтиды,- деп
жазған. Эдвард Бернейстің айтуынша: PR-дың іргетасы қоғамдық ғылымдар
болып табылады, өйткені іс-әрекетке әсер ету үшін барлық қоғамдық ғылым
спектріне арқа сүйеуіміз керек4, 104-б .
Белгілі теоретик Бернейс айтқандай, егер адам джунглияда өмір сүрсе,
онда ол үнемі басқа адамдарға тәуелді болады екен. Ендеше кез-келген идея,
кез-келген объект, кез-келген корпорация, дін немесе ел әрдайым көпшілікке
кіріптар, тәуелді4, 84-б
Эдвард Бернейстің тұжырымдауында PR-да мамандандыру қажеттілігі
идеясының маңызды екені сөзсіз. Сонымен қатар Эдвард Бернейс
мамандандырылған PR-да имидж сөзін қолдануға қарсы шығады, оның ойынша ол
нақты айқын емес. Ол имидж сөзі оқушылар мен тыңдаушыларды PR ым және
қиялмен істес дегенге сендіреді. Іс-әрекет, ұстаным және іс-қимылға нақты
дәйектері бар, қоғамдық пікір және тұтынушы мен жалдаушыға кеңес беруге
мүмкіншілік қабілетті қажет етпейтін, бұқаралық иландыру, ақпараттандыру
және танылған әлеуметтік мақсаттарға жету үшін өзгеру. Эдвард Бернейстің,
көбінесе, гуманитарлық бағыттағы барлық ғылымдардың біріккен күшімен
сомдалған әлемінен PR-ды шығарып алуға тырысатынын байқауға болады. Осы
тенденцияны дұрыс, бірақ жүзеге аспайтынын мойындауымызға тура келеді.
Рәміз, имидж деген түрлі субъективтік түсініктерден құтылғымыз келсе де, PR
әруақытта осы ауқымда жұмыс істейді, кері жағдайда ұлттық ту таза
физикалық немесе биологиялық болып, мәдени - әлеуметтік мағынасыз, таяққа
жапсырылған қарапайым матаның бір бөлігі болып қала бермек. Бұл
объектілерде рәміз күшейеді. Питирим Сорокин: Таяққа матаның бір бөлігі
ғана жапсыра салынған ұлттық ту, үнемі қолданудың нәтижесінде ұлттың
тәуелсіздігі, билігі, абыройы, ұлттың ары және атағының белгісі болып
табылады. Ол таяққа жапсырылған матаның бір бөлігі деп қарастырылмай,
табыну құралына айналады 4, 146- б.
PR жайлы өзге көзқарастарды қарастырайық. Фрэнк Джефкинс: PR
жоспарланған қатынастың барлық қызметінен, ішкі және сыртқы, ұйым мен
қоғамның арасындағы өзара түсінушілік жетістігіне бағытталған мамандырылған
мақсаттарды жүзеге асырудан тұрады 5, 95-б( десе, PR ассоцациясының
бүкіл әлемдік ассамблеясы (Мексика 1978): PR-тәжірибе ( қоғамдық, ұйымдық
талаптарға қызмет ететін жоспарланған іс-қимыл бағдарламасын жүргізу және
ұйымның көшбасшысына кеңес беру, соларды болжау, бағыттарды саралау
жөніндегі әлеуметтік ғылым және өнер ( деп атап өтеді.
Скотт Катлип жазған PR жөніндегі американдық мамандардың Библиясында
( Effective public relations Englewood Cliffs, 1994, былай деген: PR-
ұйым мен бұқара арасындағы өзаратиімді қатынасты орнату және қолдау
арқасында табыс пен сәтсіздікке тікелей әсер ететін менеджмент қызметі
болып табылады6, 78-б. С. Катлип осыны мәлімдей отырып, бұл мамандық
ауқымының коммуникативтік сипатын жіберіп алған сияқты, осы кемшіліктен
Рublic Relations - бұқарамен байланыс атауының кең тараған аудармасы да
мәнін жоғалтқан, тек стратегиялық коммуникация, қоғамдық комуникация,
әлеуметтік коммуникация ұғымдарында бар.
Аллен Сентор және Патрик Джексон: PR атауы бірқалыпты емес, өйткені
айқын қолданылмайды. Дұрыс қолдануда PR: техника, стратегия, құрылым және
тактика, тәжірибе үрдісімен түсіндіріледі 7,45-б,-деген.
Ресейлік тәжірибешілер PR-ды кәсіп ретінде қарастырып, белгілі бір
деңгейде ғылыми қатынастың бөтен дәрежелерін жоққа шығарды.
Әлемдегі кең танымал, авторы Катлип, Effective public
relations(жоғарыда аталған) кейбір мамандардың PR библиясы деп атап
отырған оқулық PR-дың келесі қызметтерінің әртүрлі анықтамасын бір арнаға
тоғыстырады:
1. Менеджементтің бөлігі ретінде жоспарланған және тұрақты жұмыс
жүргізеді;
2. Ұйым мен қоғам арасындағы өзара қатынасқа тікелей қатысады;
3. Ұйымның ішкі және сыртқы мінез-құлқына, қарым-қатынасқа, пікіріне,
санасына мониторинг жүргізеді;
4. Қоғамға іс-әрекеттің, процедураның, саясаттың әсерін талдайды;
5. Ұйым өмірі және қоғамның қызығушылығымен жанжалға түседі де, іс-
әрекет, саясат элементтерін түрлендіреді, өзгертеді;
6. Өзаракіріптар қоғам мен ұйымның іс-әрекетіне, саясатына жаңа
тәсілдер енгізуге тырысады;
7. Қоғам мен ұйым арасындағы екі жақты қатынасты қолдайды және
орнатады;
8. Ұйымның ішкі және сыртқы мінез-құлқына, қарым-қатынасына және
пікіріне арнайы өзгерістер енгізеді;
9. Қоғам мен ұйым арасында бұрын болған және жаңадан болатын
қатынастарға әсер етеді.6, 172-б.
PR-дың американдық қоғамды PR іспеттес болатын ұйымдар тізбегін
анықтайды: бизнес субъектісі, кәсіподақ, ауруханалар, мектептер,
колледждер, діни мекемелер. Бұл ұйымдар қоғамнан біршама тәуелді, өздерінің
өмір сүру жағдайына бұқараның қолайлы қатынасын қажет етеді, өзінің дұрыс
қызмет етуіне қор жинаумен айналысады.
PR саласының ірі теоретигі ( Г. Г. Почепцов: Адамзат өзінің дамуында
коммуникативтік әсер етудің түрлі тәсілдерін үнемі пайда болдырады және
өңдейді. Қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін әртүрлі дәйектерді не саналы
түрде, не санасыз түрде оңтайлы пайдаланады4, 158-б., ( деп мәлімдеген.
(((( жылы Нью-Йоргте танымалдықты басқару жөніндегі фирма ашқан Эдвард
Бернейс тәжірибесі белгілі. Оның өзі жазғандай, ол кезде не оқыту курстары,
не кітап, не сәйкестендірілген ассоцация да болған емес. Тіпті ол кезде
Паблик Рилейшнз деген сөз де болған емес, ол қоғамдық пікір атауын Уолтер
Липпманның атақты кітабының негізінде (((( жылы өзінің бірінші кітабында
ғана қолданады. Бернейстің шешесі Зигмунд Фрейдтің әпкесі болды, ал
әкесінің әпкесі Фрейдтің жұбайы болды. Оның ол кезде тек американдық
президенттер ғана жұмысқа шақырып қойған жоқ, Франко мен Гитлер де шақырды,
соңғы екеуінен ол бас тартты. Ал, Энрико Карузодан бас тартпады. Оның бұл
кітабы Геббельстің үстелінде жатқаны белгілі.
Алдымен қызметімізді атақты басқару деп атадық, ( деп жазды Эдвард
Бернейс. ( Біз тұтынушыларға олардың қоғамға танымал болуы үшін, іс-
әрекетті қалай бағыттау керектігіне кеңес бердік. Бірақ жыл бойына біз өз
қызметімізді өзгерттік және оны Паблик Рилейшнз бойынша кеңес деп атадық.
Біз тұтынушылардың барлық әс-әрекеттері кеңесті қажет ететінін түсіндік.
Тұтынушының бұқаралық маңызды іс-әрекетін, қоғам мүддесі емес, өзгесі
бүлдіруі мүмкін. Біз кеңес деген сөзді юриспруденциядан алдық. Паблик
Рилейшнз сөзін кейіннен таптық, ал (((( ол жылдарда қоғамдық игілік үшін іс-
әрекетті білдіруде қолданылды. Кейіннен олар назардан тыс қалды. Бұл екі
сөз қайтадан жиырмасыншы жүзжылдықтың басында бір-біріне жауласқан
шағыстырушылар арасында жауласқандар өздерін ақтау үшін газет жұмысшыларын
жалдап, коммуналдық ұйымдардың кәсіподақтық баспасөздерінде қолданылды.
Бірақ бұл екі сөз ешқашан көпшілік бұқараға тараған емес.4, 269-б.
Бұл көптеген көзқарастың бірі ғана. Олардың ішінде бірінші орында
журналист Айви Лидің пікірі, ол PR жұмысын көмір өндірісінде, кейін
пенсильвандық темір жол үшін жүргізген. Ал, (((( жылы Джон Рокфеллердің
кеңесшісі болған.
Ол баспасөз бен кәсіпкер арасындағы жақсы қарым-қатынас орнатуды
өзінің басты міндеті санады, ол темір жолдағы және көмір өндірісіндегі апат
жағдайларымен нақты айналысты. Айви Ли көпшілік коммуникацияны тиімді
пайдаланудың арқасында Рокфеллер тұқымының дәрежесін ақтап қалды.
((( ғ. аяғы мен (( ғ. басында қоғамдық пікірді басқаруға байланысты іс-
әрекеттің мамандырылған жаңа түрі пайда болды. Кеңес Одағы (((жылдардың
басында-ақ тәжірибенің бұл түріне ие болған. Тоталитарлық тәртіпті сақтай
отырып, ол көбінесе өзінің де, шетелдегі бұқараның көз алдында жеткілікті
озық көріне білді. PR-мамандарының жұмысы айдан анық болды. КСРО-да бұл
мамандардың міндеттері ақпараттың балама деректері жоқтығынан жеңіл болды,
бірақ бәрібір көлемі жағынан бұл жұмыс орасан зор болды. Кейбіреулері қазір
өздерін әлі де сол бұрынғы жүйедегідей сезініп, уақтылы өткенді сағынады.

Ғасырлар тереңіне көз жүгіртсек, Френк Джефкинс PR элементтерін
қасиетті кітаптардан да көрген: әлем дініндегі қасиетті кітаптардың өзі (
Паблик Рилейшнз түрі, өйткені ертедегі жазатындар өзінің діни сенім
түсінігін тартуға ынталы болған. Коммуникацияның бұл түрі ерте қастерлерден
бұрынғы, Колизейдегі оқиға жайындағы хабардан немесе құлдарды сатуға
байланысты табылған грек немесе рим жарнамалары түрінен әлдеқайда ежелге
жатады.5, 312-б Осы тектес алғашқы құрылымдар деп Британияда Френк
Джефкинс баспасөз хатшыларын есептесе, олардың қызметі Британ
казначейлігімен 1854 жылы бекітілді. Британ үкіметі алғаш 1912 жылы осы
саламен айналысса, Ллойд Джорж үкіметтің зейнетақымен қамтамасыз етуінің
жаңа жолын түсіндірудегі дәріскерлер тобын ұйымдастырған.
Американдық зерттеушілер өз елінде PR саласы Британияда үкіметтік
деңгейде 200 жыл бұрын пайда болса, онда Британиядағы PR бойынша кеңес беру
Америкадан кеш пайда болды дейді. Ол екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі
жарнамада тұтыну туралы ештеңе болмағандығы, өнім жетіспеуіне байланысты
болды. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жарнама бойынша көптеген мамандар
министрліктер мен ведомстваларда кеңес бере бастады.
Американдықтар 1945 жылдан 1965 жылға дейін созылған PR серпілісін
жақсы есте сақтаған. Онда тәжірибешілер саны 100 мыңнан асқан. Осы
колледждерде басталып, уақыт аяғында PR бойынша 14 жоғарғы оқу орындарында
бакалавр дәрежелері берілді. PR бойынша өнеркәсіпте, сауда ассоциациясында,
үкіметтік кеңселерде бағдарлама ұдайы дамып отырды. Кеңес беруші фирмалар
саны өсті. Олар бір-бірінен қайталаса да PR бойынша жаппай кітап шығару
жолға қойылды. Ал, 1955 жылы PR бойынша Халықаралық ассоциация құрылды.
1930-1945 ж.ж. аралығы нәтижесі идеяларды табу жылдары болды. Бірінші рет
саяси кампаниялар бойынша мамандар пайда болды. Ерлі-зайыпты Кием Витейкер
мен Лиана Бакстер алғаш рет 1930 жылы осындай фирма құрды, олар 1935 жылдан
1958 жылға дейін 80 кампания өткізсе, соның ішінен 6 ғана жеңіліс тапты.
Отызыншы жылдары Джорж Гэллаптың бастауымен қоғамдық пікірді жаппай зерттеу
басталды. 1956-1957 ж.ж. бастау алған, соңғы кезең 1965ж. бастап осы күнге
дейінгі уақыт ақпараттық қоғам дәуіріне жатады. 1957 ж. кеңестік спутник
коммуникацияның жаңа түріне бастау салса, 1956 ж. Америка тарихында бірінші
рет жай жұмысшыларға қарағанда ақ жағалылар көбейді.
Егер ежелгі Египет тарихына жүгінсек, онда ол кезеңнің зор
консервативтік болғаны, бүгінгідей болашаққа бағытталған емес, керісінше,
өткенге бағытталғанын байқауға болады. Сол уақыттың түсінігі бойынша
алдымен құдайлар адамдарды бағындырса, кейіннен олардың тікелей мұрагерлері
( фараондар басқарған. Соған қарағанда фараон билігі қасиетті. Сонымен
Египеттіктердің бүгінгі тілмен айтқанда саяси рәмізі фараондарды құдайдың
ісін жалғастырушы деп дәлелдесе, Г. Почепцовтың пайымдауынша бұл рәміздер
бүгін де жалғасуда, оны Ленин ісін адал жалғастырушылар немесе Клинтон-
Кеннеди, Мейджор-Тэтчер сияқты байланыстардын байқауға болады8, 412-б..
Адамдар өткен бағытпен иландыра отырып, Ра құдайы кезіндегі заттар тәртібін
бұрынғыдай сақталуын ең жақсы үлгі деп сендірген. Ондайды бүгінде
кездестіруге болады: Рейганның ұраны: Американы тағы да ұлы етеміз немесе
Жириновский: Мен Ресейді аяғынан тұрғызамын. Нұсқа параметрі бойынша
ескілікке оралу, жақсылыққа бару деген сөз. Бұл мүмкіндігінше әрқайсымызға
белгілі орнатылған заңдылық, өйткені өткен уақыт әрдайым ұнамды бағаланады,
себебі жадымыздан ескі нәрсенін жағымсыз жақтары бірінші кезекте ұмытылып
қалады.
Енді, тікелей PR-менеджмент және PR-бөлімі қызметіне тоқталайық.
Алғашқы толғандыратын сұрақ, ұйымда немесе фирманың құрамында PR бөлімі
болғаны керек пе, әлде кеңес беруші еңбегін пайдаланған дұрыс па? Барлық
теоретиктер дерлік өзіңде өзіндік бөлім болуын жақсы деп табады. Бұл жерде
жарнамалар жағдайында жиі байқалатындай, сыртқы жарнамалық агенттіктерге
жарнамалық қызметті арта салу заңдылығы жайында сөз болмау керек. Мысалы,
Френк Джефкинс жазған: PR маманы барлығымен дерлік айналысады, ол өзі
коммуникатор, өзі кеңесші, өзі кампанияны жоспарлайды да. Егер өнім немесе
қызмет әйтеуір бір агенттікке жарнама жасау үшін берілсе, PR-менеджері үшін
ақпарат көзі шығармашылыққа тепе-тең, өндіріс пен компанияны қатар алып
жүреді. Ол неғұрлым оның атынан жақсы сөйлей алады5, 128-б.. Бірақ басқа
да көзқарастар баршылық. Оның үстіне Ұлыбританияның өзінде 1000-нан аса
(Френк Джефкинс бойынша - 1200) кеңес беруші фирмалар бар екенін есепке
алсақ, олардың ішіндегі ең ірілерінің жылдық табысы төмендегідей: 23 млн.
400 мың ф.ст. (бұл 385 адамы бар ұйым үшін, жылына 452 тапсырыс берушілерге
қызмет еткен), табыс деңгейі бойынша агенстволар ішінде 100-ші орында,
жылына 435 мың ф.ст. (14 қызметкер, 18 тапсырыс беруші) жылына алған. Бұл
1992 жылғы деректер. PR саласының тәжірибешісі ( С. Н. Паркинсон
басшылардың кеңес берушілерге жүгінуінің екі себебі бар: Біріншіден,
белгіленген немесе қайта ұйымдастыруды өткізу үшін ақыл, кеңес сұрау,
екіншіден өздеріне тиімсіз ұйымдастыруды қайта жүргізу үшін кеңес береді
деген үмітпен.2, 165-б
Батыстың PR тәжірибесі бізге қаншалықты тиімді деген сұрақ жиі туындау
мүмкін. Ол сұраққа жауап берерде есте ұстау керек нәрсе: базалық атаулар,
барлық әдістер мен қабылдаулар сол қалпында қалады. PR адамға әсер ететін
ерік нүктелерін дөп ашады. Ал Анатомия атласы сол бұрынғыдай5, 46-б..
Біздің елдің аясында және құндылықтар жүйесінде көптеген дәйектер
келтіре аламыз, бірақ жұмыстың бастысы сол бұрынғыдай және оның бағыты
батыстікіне өте ұқсас. Алайда, Батыс тәжірибесінің маңызды сипаты бар, ол
бізге әлі алыс; бұл әсер ету жүйесін (PR аясында, жарнама аясында, үгіт
және қарсы үгіт) объективтік және жүйелік рельске тұтастай ауыстыру.
Мысалы, PR компаниялар дәйектерді сапырластырудан қашып, өмірге жоспар
енгізуден бұрын бәрін анықтап, кез-келген өзіне ертерек тапсырылған
жоспардың өлшем бойынша бағалау элементтерін кіріктіреді. Ендеше осы
көзқараспен біз үшін осы тәжірибе маңызды. Бірақ өз аудиториямызбен жұмыс
кезінде мамандырылған сипаттарды анықтай білу қажет.
Басымдылықтар мен бағаның сәйкес келмеуі коммерциялық табысқа зиян
келтіреді. Мысалы: Комсомольская правда(1998ж. 13-мамыр) америкалық
фильмнің Негізгі түстер Ресейдегі қойылымын табыссыз деп болжамдады,
өйткені мұнда көркем түрде Б. Клинтонның махаббат жүрістері жайлы хабар
отанында жеңіс әкелсе, Ресейде керісінше мұндай хабарламалар қарсыласына
дөп келетін еді.
Бүгін біз бір-бірімен күресуші екі беталыс мүмкіндігінің ортасында
қалдық: дәстүрлі және жаңа батыстық. Бұл өз кезегінде қоғамда әлеуметтік
ақпарат деген атаумен екіге жарылуды құрады.
Теоретик Карен Хорни өзара қарым-қатынастың грамматикалық нұсқасының жаңа
түрін төмендегідей сипаттайды:
Қазіргі заманғы мәдениет экономикалық негізде жеке бақталастық
принциптерінде құрылады. Жекелеген адамдар тобымен күресетін болса, онда
кейде шетке қарай ығыстырып тастап, одан жоғарылау керек. Біреудің
артықшылығы басқаның сәтсіздігін білдіреді. Мұндай жағдайдың психологиялық
нәтижесі адамдар арасындағы күнгірттік жауыздықтың шиеленісуіне әкеліп
соғады. Әрқайсысы бір-біріне потенциалды немесе нақтылы қарсылас
болады9,86-б.
Осының бәрі PR ерекшелігінде, бірінші кезекте үкіметтікте көрініс
тапты. Тұрғындардың билікке талаптарының арасында екінші кезекте қылмыстық
қауіпсіздіктің болмауынан көңіл мен қамқорлықтың жетіспеуі тұрды. Алдымен
озатын материалдық қиыншылықтар, үшінші орында қалды. Адамдардың әлеуметтік
алынбаған сұрауы бойынша, әлеуметтік күш-қуаттың өсуі бойынша мұны
психологтар да мойындайды. Теоретик В. Леви: Қазіргі биліктің ең үлкен
қателігі сонда, адамдарды қамқорлық пен қорғау сезімдерімен қамтамасыз
етпеу, олардың іштей жалғызсырап, әрі жетімсіреуіне соқты. Олар (
панасыздар. Кеңес адамдары өздеріне қатал қарағанға, қамқор болғанға,
жазалағанға үйреніп қалған10.
Осылайша, қазіргі әлемде PR-дың мәні мен маңызы орасан зор. Нақ PR
нығаюшы қоғамның экономика, саяси, мәдени, жаңашыл (шығармашыл) және басқа
дәйектердің біздің тұрмысымызға енудің байланыс бөлігі табылады. PR тарихы
бір мыңжылдықта қалыптаспаған, өзіндік PR-дың эволюциялық жолындағы өзінше
табалдырық болуы, коммуникацияның әртүрлі түрінің: антикалық риторика,
соттық тіл, үкіметтік тіл, діни коммуникация, көпшілік коммуникация, әдеби
коммуникацияның дамуы куә болады.
Қазіргі заманғы PR-дың даму деңгейі туралы нақтылай айтар болсақ, оның
статусы және агенттік жұмысының нәтижесіне, бүгінгі күнгі Қазақстан
нарығындағы жіңішке орын PR-қызметін келесі басымдылықтардан көруге
болады:
1. Мамандандырылған PR-мамандарының жетіспеуі;
2. Қара PR озбырлығы;
3. PR жөнінде отандық әдебиеттің жетіспеуі;
4. PR-агенттіктерінің өз қызметінің сапасына төмен деңгейдегі
жауапкершілігі.
Францияның жетекші PR-маманы Филип Буари ТМД-да, оның ішінде Ресейдегі
PR жағдайының нақты жағдайын айтқанда: Қазір Ресейде Public Relations
атауымен жасалып жатқанның барлығы ( не болса ол болсын, бірақ PR емес деп
ойлаймын. Ресейлік PR агенттіктерінің жұмысында рейтингтен орын алу және
тапсырыс мақалаларын сатып алу маңызды. Францияда PR маманы біреудің
мақаласын сатып алса, журналист шығарғаны үшін ақша алса, онда олар
мамандықтан бірден шығарылады. Ерте ме, кеш пе бәрібір белгілі болады. Орыс
мамандары халықаралық стандарт аясында жұмыс істеу керек11,- деп атап
өтеді.
Ал, Қазақстандағы PR рыногының дамуы ең алдымен қоғам өмірінің саяси
және экономикалық дамуына байланысты. Қазақстанда қазіргі күндері PR
басымдылық көрсетіп келе жатқан арналарға бірінші орында саяси, қарқынмен
дамып келе жатқан қаржылық, үкіметтік және дағдарыстық жатқызуға болады.
Мұнда саяси PR президент және үкімет сайлауымен байланысты жүргізіледі. PR
( демократиялық жүйенің элементі, өйткені сайлау өткізу құралы ретінде
пайдаланылады. Біздің елімізде 1999 жылғы қаңтарда өткен ҚР ПРезидентінің
сайлауы кезінде PR технологиялар кеңінен пайдаланылды. Коммерциялық PR
1990 жылдардың басында жарнамамен қатар қарастырылғанмен, әзіргі күндері
бұл жеке қызмет ретінде танылды, әрі коммерциялық мақсаттарда кеңінен
пайдаланылуда.Ұйымдардағы әрбір мұндай бөлім жаңа қаржылық мүмкіншіліктерді
тартумен жаңаша ақыл-ой өрісі күшін айналымға қосады. Үкіметтік органдарда
он баспасөзө хатшысы ретінде танылады. Біздегі алғашқы баспасөз хатшысы С.
Матаев. Ол баспасөз хатшысы қандай қызметтер атқару керек екендігін өз
ісінде көрсете білді.

1.2. Ұйым құрылымындағы PR бөлімі. PR - менеджердің жұмыс әдістері мен
қызметі

Жағымды имидж жасау, атақ- дәрежені басқару, компания өнімін жылжыту,
БАҚ-пен жұмыс істеу және ішкі корпоративтік ортаны қалыптастыру сынды
жұмыстар PR маманының қызмет аясына кіреді. Ендеше, осындай мәселелер
туындаған кезде белгілі бір ұйым қандай PR қызметті таңдағаны абзал:
жеке маманданған PR-кеңесшілерді ме, әлде өз ұйымында құрылған PR бөлімді
ме? Осы тұста екі қызметтің ерекшелігін атап өткен жөн сияқты:
Кеңесші PR- агенствоның қызметін таңдаудағы артықшылықтар: -
атқарылған жұмыс көлеміне қарай төлем, әрі оның бақыланатындығы;
- мол тәжірибелілігі;
- келісімді кез-келген уақытта үзуге болады;
- сырт көзқарас қашанда кемшіліктерді тез байқағыш келеді. Әр оны
ретке келтіруде жылдамдық көрсетеді.
Бірқатар кемшілік тұстарына мыналарды жатқызуға болады:
- істің мән- жайын түсінуге уақыттың шығындалуы;
-ұйымның құпия жұмыстарын жариялау;
- тұрақсыздығы, жауапкершілігі аз;
- атқарылатын іс-шаралар туралы басшылықпен келісуге уақыттың кетуі.
Ұйымдағы PR бөлімінің артықшылықтары:
- өз қызметкерлері қашанда ұйым алдында жауапкершілікті сезінеді;
- өз беттерімен БАҚ-пен жұмыс істейді;
- оларға ұйымның ішкі маркетингісімен айналысу оңайға түседі.

Американдық PR мамандары өзіндік PR бөлімін құрудағы

мынадай 4 жетістігін атайды:
1. Командамен жұмыс
2. Ұйымды білу
3. Үнемдеу
4. Жұмысшыларға қолайлы
Бірақ, оларға қатысты теріс жағы да бар: басшының қысымымен жұмыс,
мән мен талаптың нақсыздығы, әділдіктің кейбір шығыны.
Командадағы жұмысты басшымен өзара байланыс деп түсіну керек. Мысалы:
Кодак фирмасында күн PR сұрақтары бойынша әңгімеден басталса, Батыста
басшылардың 60% PR мәселесін апта сайын талқылайды
Қазіргі заманда PR бөліміне және оның құрылымына қандай талаптар
қойылуы мүмкін? Бұл сұрақта көптеген теоретиктер мен практиктер бір ойда.
PR бөлімі тек сонда ғана нәтижелі құрылуы мүмкін, егер оның басшысы
фирманың немесе компанияның бірінші басшысына тікелей бағынатын ең жоғарғы
деңгейдегі менеджмент болса ғана. Теоретик, әрі практик Питер Грин осы
жөніндегі таласты былай дәлелдейді: Егер PR бағыт іште ең жоғарғы деңгейде
көрсетілмесе, онда сыртта да ешқандай табыс таппайды. Сонымен, егер сіздер
PR құрылымын құратын болсаңыздар, онда өз келелі мәселелеріңізді арзанмен
шешуге, мұны немқұрайлы жасамағандарың жөн 12, 78-б.
Басшының қызметі мен бөлімін қалай атауға болады? 30% жағдайда жұмыстың бұл
саласын Паблик Рилейшнз, 20% - да корпоративтік қатынас немесе жай
қатынас, 10% - да қоғамдық іс, 10% - да жарнамалар Паблик Рилейшнз
біріккен атауымен аталады. Қалған нұсқалардағы атаулар, корпоративтік
қарым-қатынас, қоғамдық хабарлар және т.б. тұжырымдамалармен атала
береді.
Басшы лауазымы: PR – менеджер, PR – директор болып белгіленуі мүмкін.
Бұл басшының қызметін Френк Джефкинс ұсынуы бойынша төмендегідей көруге
болады:
1. Ұйымның дұрыс бейнесін, оның саясатын, өнімін, қызметі мен
қызметкерлерін қолдау;
2. Қоғамдық пікірді бақылап отыру және оны басшыға жеткізу;
3.Басшыға қатынас жайында көмек ұсыну;
4. Бұқараны саясат, қызмет, өнім, іс-әрекет және қызметкерлер
жайында хабардар етіп отыру, ол үшін аудиторияны дұрыс түсіну және ең
жоғары білімге жету керек.5, 241-бет
Ереже бойынша, PR бөлімі құрылымы тік және иерархиялық баспалдақпен
жоғары, төмен көзқараспен айқындалады. Жалпыға белгілі, PR бөлімі басшысы
басқарудың жоғарғы командасында қорғасындай қатты болу керек. Теоретик
Питер Грин тұжырымдамауынша бұл былай: PR бөлімі құрылымының көлеміне
немесе ұйымның көлеміне тәуелсіз, PR шағын ғана міндеттің бөлігі болса да,
ең жоғарғы басшылықта PR басшысы қажет тиімділік үшін, PR-дан басшыға түзу
байланыс қажет 12, 89-б.
Осыған байланысты, Френк Джефкинс иерархияның PR- менеджер бір жағынан
басшымен тікелей байланыста болу, екінші жағынан компанияның барлық
функциялық бөлімшелеріне қызмет ету құрылымын ұсынады:

PR бөлімі иерархиясының құрылымы

Ф.Джефкинс болжамы бойынша

Басшы

Бөлімнің өзінің құрылымын ол келесі бейнеде көреді:
PR – менеджер

Біз көріп отырғандай, бұл құрылымда хатшылық қызмет санының соншалықты
болуы, PR- дың механикалық жұмысының таза, әрі көптігінен. Мысалы: Питер
Грин оның көлемін былай көреді:

1. материалдарды тарату үшін пресса тізімін құрастыру;
2. пресса мониторингін іске асыру;
3. ақпараттық файлдар құру және толтыру;
4. ақпараттық каналдар, маңызды байланыстар, қызығушылық топтары бойынша
толық анықтамалық кітапхана теру;
5. оқиғаны ұйымдастыру, шақыралатындар тізімін құру т.б.
6. рұқсатнамадан бастап есепке дейінгі кез-келген материалдарды басып
шығару және таратуға дайындау;
7. PR мақсаты үшін, пресс-релиз және барлық акцияларды дайындау
үшін ішкі қатынас каналдарын орнату;
8. жоспарланған шығындар сәйкестігі мен бюджет шығысын бақылау.

Американдық PR-мамандарының Библиясы ұқсас ұйымдастыру бейнесін
ұсынады : 3,149-б

PR-бөлімі иерархиясы (Дж.Уайт және Л.Мазур)

Төраға

Дж.Уайт және Л.Мазур PR-бөлімінің кәдімгі құрылымының келесі түрлерін
көреді:

- PR басшысы немесе корпоративтік қатынас директоры тікелей төрағаға
бағынатын басшы болу керек;
- өнім паблиситиі нақты мамандандырылған компанияның қолына
берілуі мүмкін;
-сондай-ақ онда қоғамдық қатынастың (байланыстық) басшысы болуы
мүмкін 3,150-б.
Американдықтардың санағы бойынша, оларда PR- агенттіктер мен фирмалар
саны 200-ден аса (Ресейде 20-дан аса, бізде Қазақстанда олардың саны нақты
аталмайды). Олардың мамандандырылу спектрі өте кең. Вашингтонда ол юристік
сұрақтар, үкіметпен өзара қатынас. Мысалы: АҚШ-ты Иракпен соғысуға
мәжбүрлеген Азаматтар еркін Кувейт үшін бағдарламасы 6 млн.доллар тұрды.
Басқа мамандықтардың арасынан келесілерін атауға болады: ауыл шаруашылығы,
қаржы, медицина, жоғары технология, спорт, туризм. Бұдан келіп (PR бойынша
мамандар) АҚШ-та осы саладағы жұмыспен қамту деңгейі шығады:
1950 ж – 19000
1960 ж – 31000
1970 ж - 76000
1980 ж -126000
1990 ж - 162000
2000 ж - 197000
Аталған мамандар келесі салада қамтылған:
- корпорацияларда 52%
- PR –фирма, жарнамалық агенттік 20%
- Ассоцация, қорлар, білім 10%
- Медицина 8%
- Мемлекеттік қызмет 5%
- Қайырымдылық, діни ұйымдар 5 %

Кейбір ірі корпорацияларда коммуникация бойынша бөлімнің қарапайым
қызметін ірі корпорация Фиаттың үлгісінен көруге болады. Фиатта 200 адам
саналады. Ішкі коммуникация басшысы төрағаға бағынады:
1. Еуропалық одақпен, үкіметпен, институттармен қатынас;
2. Халықаралық және ішкі пресс-қызмет;
3. Корпоративтік жарнама және келбеті;
4. Ішкі жарияланулар (басылымдар);
5. Римдік офис-астанадағы өкілдік;
6. Паблик-рилейшнз – негізінен хаттамалық міндеттемелер;
мәдени іс-шаралар;
Басқаша мысал: Гиннес – 13 адам, Қоғамдық байланыс директоры төрағаға
бағынады:
1. Паблик Рилейшнз оқиғаны, демеушілікті, басылымды, фотографияларды,
бюджетті қосқанда және басылымдық қолдау;
1. Қоғамдық қатынастар, Уайтхоялмен және Вестминстермен байланысты;
2. Еуропалық Одақпен қатынас (Брюссельдегі офис); басылымдармен
байланыс;
Біріншіден өзіңді байсалды сезінсең, қорқынышты болмайды.
Екіншіден, кез-келген PR –ды күлкі ететін жарнамашылар тобы өмір
сүреді, себебі олар басшысына тәуелді. Адамдар әрқашан өзін асыраған қолды
тістеп алады. Мен 25 жыл жарнамадағы жұмысым үшін таяқ жедім, ал жарнама
дегеніміз бүкіл телевидениені төлеуші. Енді мен Паблик Рилейшнз үшін таяқ
жедім, 5 жылымды жоғалттым, ал олар бізді тек пайдаланды6,89-бет, –деп
жазған американдық Катлип Скотт.
Американдық PR мамандарының Библиясы қызмет ақысының деңгейін АҚШ
долларымен 34-тен 70 мыңға дейін анықтайды. Бұлайша тәжірибелі
практиктердің жұмысы жылына 100-200 мыңға бағаланады. Американың әйелдер
рөлінің арту дәйегіне үлкен мағына беретінін ескерсек, әйелдер мен еркектер
арасындағы айырмашылық 12-14 мың долларға жетеді.
Ірі ресейлік агенттіктің бірі төмендегідей құрылымы бар 5 бөлімнен
тұрады:
Қаржылық институттармен жұмыс бойынша бөлім;
1. Халықаралық бағдарлама бөлімі;
2. Дағдарысты сезіну бөлімі;
3. Тұтынушымен жұмыс бөлімі;
4. Аналитикалық-ақпараттандыру бөлімі.
ТМД елдерінде басқаша келбет, мұнда PR бастапқы даму деңгейінде. PR
әлемінде көшбасшылар мен аутсайдерлер бар. ИПРА (Будапешт, 1996) соңғы
конгресінде жасалған баяндамада Ұлыбритания АҚШ-тан 5 жыл артта қалды деп
атап көрсетілді. Біз туралы не айтуға болады? Бірақ, бізді қуантатыны қазір
біз осы жолға түстік.
PR бөлімі қызметінің өнімділігін қарамас бұрын менеджментпен
ұқсастығын қарап өткен жөн. Әрбір ұйымның өзінің қызмет ету жүйесі бар.
Көптеген жағдайда ол төмендегідей кейіпте болады:

Ұйымның қызмет етуінің жалпы қалыптасқан жүйесі:

Менеджменттің өзінің әдістері мен басқару қызметі болады. Егер
теоретикалық әдебиеттерге жүгінсек, онда Дж. К. Лафттың басқару қызметінің
келесі анықтамасына тап боламыз: Басқару қызметі дегенде басқарушы еңбек
бөлінісі процесінде ерекшеленетін мамандандырылған басқарушы іс-әрекеттің
ерекше түрін түсінеміз.13 Басқару қызметі басқарудағы объект және
субъектінің белсенді өзара іс-әрекетімен сипатталады (субъектінің объектіге
әсер ету артықшылығы.)
Бүгінгі күндері менеджментте қызмет қатары, ұйымның ішкі және сыртқы
істерін сапалы жүргізуге ықпал ететіні анықталды. PR және менеджмент
саласында теоректиктермен зерттелген, практиктермен тексерілген барлық
қызметтер тәжірибеде қызметтің келесі түрлері бөлінеді және қолданылады:
- басқару қызметі (өз кезегінде олар әр-түрлі);
- координация қызметі;
- ұйымдастыру қызметі;
- активтендірушілік қызметі;
1. Басқару қызметі: өз кезегінде, өзіндік топтастыруы бар, мысалы,
теоретик А.Файольдің айтуына байланысты басқарудың 5 бастапқы қызметі бар:

А. Файоль бойынша басқару қызметі

1. Алдын ала болжау
2. Ұйым
3. Бөлісу
4. Координациялық бағыт беру
5. Бақылау

Менеджмент қызметі жүйелік жақындасуға байланысты: жалпы

қызметтер, технологиялық және әлеуметтік-психологиялық болып бөлінеді.
Жалпы қызметтің кіріспесіне:
- мақсат қалыптастыру;
- жоспарлау;
- ұйым;
- бақылау;
Әлеуметтік-психологиялыққа:
- делегат жіберу;
- ұсынысын енгізу;
Технологиялыққа:
- коммуникация;
- шешім қабылдау;
Басқару қызметі дәйектеріне байланысты әр түрлі болып келеді:
1.Басқарудың мағыналық-құрылымдық аспектісіне байланысты: алдын-ала болжау,
ұйым, белсенділену, бақылау, координация, реттеу, зерттеу;
2.Басқару іс-әрекетінің бағытына байланысты: интрафункция (ішкі ортаға);
3.Басқарудағы объектінің даму саласына байланысты: экономикалық барысы
қаржы, инвестициялар, және т.б.; ұйымдастыру барысы ұйымдағы өзгерістер,
міндеттерді қайта бөлісу және т.б.; технологиялық барысы техниканы, жаңа
технологияны пайдалану;
4.Өндіріс барысының кезеңдеріне байланысты: дайындық, өндіріс, қамтамасыз
ету, жинастыру, іске асыру.
5.Өндірістік саясаттың өлшемі бойынша: жалпы өндірістік қызмет,
бөлімшелердің ұйымдастыру қызметі, өндірістік саясат.
6.Өндірістің барысындағы негізгі дәйектерге байланысты: өнім қызметші
ақпарат өндірістің барысы
7.Уақыт кеңістігіне байланысты: стратегиялық, әдепті, шапшаң.
8.Басқару барысының деңгейлеріне байланысты: мақсатты болжау, жағдайды
анықтау, мәселені анықтау, баламаны таңдау.
2. Координация қызметі. Бұл басқару барысының орталық қызметі:
а) тоқтаусыз және үздіксіз;
б) барлық басқару қызметінің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
Координацияның басты міндеті: басқарудың барлық топтарындағы жұмыста
рационалдық байланыс орнату жолымен келісімге жету және олардың арасында
ақпарат алмасу. Егер координация міндетін жалпы жоспарда елестетсек, онда
бұл төмендегідей болмақ:

Басқару жүйесіндегі координация қызметінің міндеттері:

Координация

3. Ұйымдастыру қызметі.Оның міндетіне ұйымның іс-әрекетінің
координация тәсілі кіреді. Бұл орнатудың үздіксіз барысы немесе барлық
ұйымның даму мақсатын пысықтау және нақтылау және оның бөлімшелерінің
құрылымы, жетістіктерінің құралын, уақытын, және жүйелі іске асыруын,
басқару ресурстарын таратуын анықтау. Жоспарлау қызметі өзіне:
а) барысы
б) координация тәсілі қосады.
Барысы аясына кіретін: мақсатты иелену, болашақтық болжау, ресурстарды табу
және пайдалану, орындау уақытын анықтау;
Координация тәсілі аясына кіргізілгені: ұйым, бақылау, ақпаратпен
қамтамасыз ету.
Ұйымдастыру қызметін – бұл қызметті екі ағымда қарастыруға болады:
А) бұл басқару жүйесі құрылуының барысы;
Б) оның жетілдіру барысында және басқару жүйесінің қысқаруы.
Ұйым қызметі деген жалпы ұғымға еңбек бөлінісінің түрін анықтау,
қатысушылар мен бөлімшелер арасындағы іс-әрекетті бөлісу; басқару деңгейі
құрылымын өңдеу; басқару қызметін тәртіпке келтіру; басқару орындарының
құқықтары мен міндеттерін анықтау; мамандарды іріктеу және орналастыру
кіреді.
Осының бәрі 3 құрылымға тіреледі: басқару жүйесін құру барысы,
біркелкілеу барысы, басқару жүйесін қысқарту барысы.
4. Активтендіргіш қызметі: маңызды қызметтердің бірі, ол өзіне,
жұмысшыларға жағдай жасау процедурасын, жағдай жасау механизмін,
дәлелдемені, оятуды, билікке қатынасты, иерархияға қатынасты, басқаруға
қатысуды, қатысуға өзара іс-әрекетті, дәлелдемені өлшеуді, дәлелдемені
мүшелеуді, мәдениетті ұйымдастыру мәнін енгізеді. Осы қызметтің бәрі
өндіріс барысында белсенділендіруді, механизмге жағдай жасау, ресурстарды
бөлу, пайданы бөлуді өз мақсаты етіп қояды. Бұдан басқа, бұл қызмет 4
әсерде: қауіпсіздік, қатысу, шындық, жеке дамуда негізделеді.
Сонымен, қазіргі әлем талабында, PR бөліміне танылған және соған
біріктірілген PR-бөлім сонда ғана қызмет атқарады, егер оның басшысы
компания немесе фирманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Операциялық жүйе (ОЖ)
Java - бағдарламалау тілі туралы
КІТАП ТАРАТУ ПРОБЛЕМАСЫНЫҢ ҚАЗАҚ БАСЫЛЫМДАРЫНДА ЖАЗЫЛУЫ
Бизнес аңыздары (әлемнің бай адамдары) - Карлос Слим Элу
Қазақстандағы жоғары білім беруді ізгілендіру және беталыстары
Әлем журналистикасының тарихы
Кәсіпорынның негізгі құралдарын пайдалану тиімділігінің теориялық негіздері
Әлемдегі ең бай адамдар
Әлемдегі ең бай адамдар. Уоррен Баффетжәне Билл Гейтс
Қазақстан қаржы нарығындағы корпорацияның рөлі
Пәндер