Аудиторлық есеп беру түсінігі



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І БӨЛІМ АУДИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
ІІ БӨЛІМ АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ТҮСІНІГІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Аудиттің ақпараттық негізі бухгалтерлік есеп болып табылатындықтан ұйымдарды тексеретін аудиторлар бухгалтерлік есептеме нақтылығымен олардың аудиторлық дәлелдерін және өндірісті жетілдіру мақсатындағы шығындарды, қаржыларды жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды, жобаларды бизнес жоспарлармен жоспарларды жасау үшін дәйекті ақпараттар алу және қызмет процессін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында басқа іс-шараларлы іске асыруүшін тексерудің арнаулы әдістері мен тәсілдерін қолдана білу керек.
Қазақстан Республикасының бүкіл халық шаруашылығының нарықтық экономикаға өтуі, кәсіпкерліктің жедел дамуы, ұйымдардың жаңа ұйымдастыру-құқықтық нысандары мен меншіктің сан қырлы нысандарының пайда болуы экономикалық бақылау жүйелері механизмдеріне түбегейлі әсер етті.
Аудиторлық қызмет негізгі қағидаларын сақтау негізінде жүргізіледі. Аудиттің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы және қаржылық жағдайының өзгеруі туралы бақылау жүргізу.
Аудиттің мазмұнын қарастыру барысында оның нақты құрамы туралы айту қажет. Олар мыналар: шаруашылықтағы субъект мәлімет аудитордың мамандығы фактілерді жинау және бақылау аудит стандарты аудитор ақпараты, есебі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Елдің микроэкономикасын басқару құралына аса қажетті аудиторлық есеп беруосы курстық жұмыста кеңінен және түбегейлі қарастырылады. Негізінен экономика саласы болсын не басқада салаларда атқарылып болған істің нәтижесі болады. Сол сияқты қаржы саласында аудит жүргізіледі және оның шаруашылық субъектіге өзіндік үлесін қосады. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастың дамуы, шаруашылық әдістерін және фирмаларын қайта өзгертудің обьективті қажеттілігін тудырады. Аудит соңғы жылдары елімізде жедел қарқындап, барынша дамып келе жатқан сала. Сол себепті аудитор қазіргі нарықтық жағдайда шаруашылық субъектіге тәуелсіз тексеру жүргізу арқылы қорытынды жасайды. Яғни, аудиторлық есеп беру экономика саласына ауадай қажет екендігін дәлелдеді деуге толық негіз бар.
Курстық жұмыстың мақсаты: елдің ішкі және сыртқы экономикалық байланысы сауда-саттық қарым - қатынасы болып табылатыны мәлім. Яғни, курстық жұмыстың мақсаты еліміздегі шаруашылықпен немесе кәсіпкерлікпен айналысатын заңды және жеке тұлғаларға аудиторлық есеп беруді қалай және қайтіп жүргізетіндігі туралы мәлімет беру.
Курстық жұмыстың мәні: Аудит-бухгалтерлік есептің сапасын, тиімділігін арттырып, оны халықаралық өлшемдер мен стандарттарға негізделіп жүргізуге жетелейді. Тәуелсіздік алып егеменді ел болған қазіргі таңда аудиторлық қызметке сұраныс күннен-күнге арта түсуде.
Осы курстық жұмыста аудиторлық есеп беру түсінігі ашылып, оның мақсаты, маңызы мен міндеттері анықталды. Сонымен бірге, Қазақстан аудитінің нормативтік базасы берілді. Кәсіпорынның аудиторлық есеп берудің аудитін жоспарлау және жүзеге асыру әдістемесі келтірілді.
Жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І БӨЛІМ АУДИТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Аудиттің мәні мен мақсаты

Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы комитеті бухгалтерлік есептің негізгі тұжырымдамасы бойынша (ААА) аудитке мынадай анықтама берді: Аудит - бұл экономикалық іс-эрекеттер мен оқиғалар туралы объективті деректердің бағалауын, оның деңгейінің белгілі бір өлшемге (критерийге) сәйкестігін алудың және мүдделі пайдаланушылардың нәтижелерін ұсынатын процесі.
Классикалық ұғымда аудит - кәсіпорында жұмыс істемейтін маманданған тәуелсіз аудитор жүзеге асыратын ешкімге тәуелсіз сырттай қаржылық бақылау.
Мұндай кәсіби бақылау аудитке деген қажеттілік көптеген жағдайларға байланысты артып отыр:
1) Кәсіпкерліктің дамуы мен капитал өсуінің әсері;
2) Өзін-өзі реттеуге ұмтылатын ұйымдар санының арта түсуі;
3) Экономикалық тұрақтылықты, меншік иеленушілерге және кредиторларға олардың салған ақшаларының сақталуына кепілдік беруді қамтамасыз ететін жағдай тудырудың қажеттілігі;
4) Компаниялардың операциясы көп әрі күрделі болуы мүмкін, пайдаланушылар ол туралы ақпаратты дербес алуға мүмкіндігі болмағандықтан аудиторлардың қызметіне мұқтаж;
5) Қаржылық ақпаратты пайдаланушылар компанияның есептік жазбаларына әдетте қолдары жете бермейді және олардың тиісті тәжірибелері жиі бола бермейді;
6) Пайдаланушылар қабылдайтын шешімнің салдары өздері үшін өте маңызды болуы мүмкін, сондықтан да аудитор арқылы алатын ақпараттың толық болуы мен анықтығы оларға ауадай қажет.
Аудит - бұл біздің еліміздегі акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің және басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін экономикалық талдаудың және қаржылық бақылаудың салыстырмалы түрдегі жаңа бағыты. Бұрын бақылау мен тексеру қызметі жүзеге асырылмаған деп, айтуға болмайды. Алайда көптеген операциялық мазмұны жағынан бір-біріне жақын болса да, ревизия мен аудит екеуі бір ұғымды білдірмейді. Аудит бақылаудың шығармашылық (творчестволық) дамуын білдіреді. Ол экономикалық бақылаудың формалары мен түрлерін кемітпей, керісінше толықтырады.
Аудиторлық іс экономикалық талдау, кешенді құжаттық тексеру, балансты немесе сот-бухгалтерлік сараптаманы есеппен тексеру туралы біздің ұғымымыздан бөлек болса да аудитор өзінің міндетін жүзеге асыру барысында аты аталғандардың және есептік, бақылаушы-талдамалы тәжірибе салаларының рәсімдерін (процедураларын) пайдаланады. Белгілі ғалым Я.В. Соколовтың айтуынша, тексерудің мақсаты - кемшіліктерді құрту және жамандықты жою, ал аудиттің мақсаты - кемшіліктерді кеміту және қастықты шектеу.
Әкімшіліктік құқы бар және сатылас байланысты ұстанатын тексерушіні клиент өз қалауымен таңдамайды. Бұған керісінше, аудиторды клиент өз қалауымен таңдайды және олардың арасындағы қарым-қатынас деңгейлес байланысқа жол ашатын азаматтық құқықпен реттеледі.
Тексеру және бақылау түсініктеріне қарағанда, аудит ұғымының аясы кең, өйткені бұл ұғым қаржылық көрсеткіштердің шындыққа жанасымдылығын тексеруді ғана білдірмей ғылыми негізде шығындарды ұтымды ету мен табысты оңтайландыру үшін шаруашылық қызметін жақсарту бойынша ұсыныстарды да әзірлеу ісін қамтиды. Аудитке келісімшарт негізінде жүзеге асырылатын, оның ішінде, бухгалтерлік есеп, ішкі бақылау және қаржылық есеп берулердің жағдайын тексеретін, сондай-ақ артық шығындарды болдырмау, ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыру және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табысын өсіру мақсатында кеңес беретін бизнес сараптамасының өзінше бір түрі ретінде анықтама беруге болады.
Бизнес аудитін жүргізу үшін белгілі бір салалар мен компаниялар іс-әрекеттің жағдайы туралы шындыққа жанасымды ақпарат алудың кең ауқымды мәселелерін жан-жақты зерделеу қажет.
Мемлекеттің, аймақтың экономикалық жағдайы белгілі бір салалар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер іс-әрекетінің жағдайы туралы мәліметтерді алу бойынша бірқатар әдістемелік тәсілдемелер мен нұсқамслар 310 Бизнесті білу атты аудиттің халықаралық стандартында ашып көрсетілген. Алайда бұл стандарт қаржылық есеп берулердің аудитін ұйымдастыруда қолданылады, ал аудиттің басқа түрлері әдетте экономиканың әр түрлі салаларында болатын оқиғаларды, процестерді және құбылыстарды бағалауда өзіндік ерекшелігі бар тәсілдемелерге, әдістерге және өлшемдерге ие. Осы арада бизнес аудитінің озық түрін ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты теориялық және іс-тәжірибе сипаттарындағы бірқатар мәселелер пайда болады.
Жалпы экономикалық жағдайдың тұрақтылығына қол жеткізбейінше, инфляция деңгейін төмендетпейінше, өндірісті ұйымдастыру мен қуаттылықты пайдалануды жақсартпайынша, шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өткізушілік және қаржылық қызметтерін жетілдірмейінше бизнесті оңтайлы жасау мүмкін емес.
Нарықтық экономика жағдайындағы бизнестің кәсіби аудитін дамыту мәселесінің көп қырлы болуы мына аспектілерді зерделеу үшін бөліп көрсетуге мүмкіндік тудырады:
1) Теориялық : кәсіби аудиттің мәнін, мазмұнын және мағынасын, оның бақылаушы-талдамалы қызметінің басқа да шектес ғылымдары және түрлерімен және типтерін ғылыми жіктеу, аудиттің даму тенденциясын, тетіктерін, мәселелерін зерттеу; бизнес аудиті мен талдауының принциптері мен компоненттерін, постулаттарын нақтылай түсу, тұжырымдамасын әзірлеу;
2) Әдіснамалық: аудиттің жалпы және жеке әдістемелерін анықтау, бизнес жағдайының талдау көрсеткіштер жүйесін, өлшемдерін, әдістерін таңдау, экономикалық әлеуетті (потенциалды) пайдалану тиімділігіне әсер ететін факторларды анықтау және шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін жақсарту бойынша әзірлеу;
3) Ұйымдастырушылық: бизнес аудитін жүргізу мен жоспарлау механизмдерінің, құқықтық-нормативтік және ақпаратық базалардың мағынасын ашу; аудиторлық бақылаушы-талдамалы қызметтердің технологиясы мен нақты рәсімін (процедурасын) жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу.
Бизнестің кәсіби аудит мәселесін зерттеу аспектілерінің жалпы шарттарына жататындар:
- бизнесті басқарумен байланысты шаруашылық операциялары мен процестерінің аудитін жүргізу үшін алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу;
- шаруашылық қызмет нәтижелерін бақылаудың, талдаудың және есептің озық әдістерін анықтау;
- қаржылық-экономикалық талдау мен аудиттің озық түрлерін қолданатын салаларды ұлғайту әрі оған енгізу;
- бақылаушы-талдамалы жұмыстарды жақсарту бойынша халықаралық озық іс-тәжірибелерді жалпылау;
- бизнестің кәсіби аудитін жүргізудің техникасы мен технологиясын, ұйымдық құрылымын жетілдіру;
- бастапқы мәліметтерді алу мен өңдеуде ЭВМ-ді және экономикалық-математикалық әдістерді қолдану, шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқару жүйесін оңтайландыру.
Кәсіби аудиттің даму проблемаларымен осы аспектілерді өзара тығыз байланыстырып мұқият зерделеу ұлттық экономиканың нақты секторындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтаушылық, өндірістік, қаржылық және өткізушілік қызметтерінде болатын оқиғалар мен процестердің ерекшеліктерін ескеру арқылы оның ұйымдастырылуын жетілдіру бойынша, ұсыныстарды жасау мен әзірлеуді терендетіп зерттеудің әдістемелік негізіне қызмет етеді.

1.2 Аудит теориясының негізгі элементтерінің ерекшелігі

Аудит теориясының негізгі элементтерінің ерекшелігі. Аудит теориясы мына негізгі элементтерден тұрады: компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалар.
Аудит компоненттері. Бірінші компонент - бұл экономикалық объект. Аудиторлық қызметті жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, айталық, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондай-ақ экономикалық объект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізуші субъектілердің параметрлерімен анықталады.
Екінші компонент - өндірістік жағдай мен ақпарат. Аудиттің көптеген түрі шаруашылық жүргізуші субъектілердің басшылығымен дайындалған ақпаратты бағалайды. Аудитор ақпараттың дұрыстығын талдайды. Оның міндетіне есеп берулерге тек түсінік беру ғана емес, сондай-ақ тікелей олардың өзі жаңа ақпарат алуында.
Үшінші компонент - бұл аудитті жүзеге асырушы тұлғаның біліктілігі. Аудитор ең алдымен өз ісінің құзыретті маманы болуы, яғни тиісті фактілерді жинай білуі керек және осы фактілерді бағалайтын өлшемдерді жете ұғуы қажет. Одан тәртіптің (мінез-құлықтың) белгілі бір нормаларын, атап айтқанда, өз ісінің тәуелсіздігін сақтап, қысым көрсетушілікке қарсы тұра білу керек.
Аудиттің төртінші компонентіне техникалық тұрғыда аудиторлық қызметтің негізгі мазмұны болып табылатын фактілерді алу мен бағалау жатады. Фактісіз қандай да бір аудиторлық есеп беру ұтымды жүргізілген зерттеудің нәтижесі ретінде қабылданбайды.
Бесінші компонент ретінде аудит мазмұны туралы ақпаратқа немесе функциялауға қатысты жиналған фактілер негізінде белгіленген критерийлер (өлшемдер) алдыға шығады. Бұл фактілерді белгіленген стандартқа немесе жалпы қабылданған критерийлерге сәйкес бағалау қажет.
Аудиттің алтыншы компоненті - аудиторлық есеп беруді жасау. Аудитор осы арқылы тексеру барысында ашылған жағдайлар туралы, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін оңтайландыру бойынша ұсынған шаралары мен айтқан ескертпелері туралы хабарлайды.
Аудит принциптері. Аудитор өзінің кәсіби қызметінде мына принциптерді басшылыққа алу керек: адалдық, объективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетіндік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ақ ниеттілік, ғылымилық, нақтылық, жариялылық, демократияшылдық және т.б.
Аудит концепциялары. Концепциялар (тұжырымдамалар) аудит теориясының бағытын белгілеп береді. Негізгі бес тұжырымдаманы қарастырайық.
1. Мінез-құлық (тәртіп) этикасы жалпыға бірдей этика нормаларын белгілеп қана қоймай, аудитор тәртібінің арнайы ережесін де белгілейді (мысалы, Кәсіби бухгалтерлер (аудиторлар) этикасының халықаралық кодексі).
2. Тәуелсіздік ең алдымен пікірдің объективтілігін және шынайы болуын қамтамасыз етеді. Әрбір аудитор өз пікірін дербес қалыптастыруы керек және оған ешқандай сыртқы факторлар (қысым, күш көрсету) әсер етпеуі қажет.
3. Кәсібилік. Аудиторлар құзыретті, білікті және зерделі болуы қажет.
4. Дәлелділігі. Аудиторлар қисынға негізделген шешім қабылдау үшін жеткілікті дәрежеде құзырлы мағлұматтар мөлшерін жинап бағалау керек.
5. Ұсынудың дәлдігі. Ақпаратты ашу мен ұсыну бара-барлығы әдетте бір мәнді ережелердің толық жинағы ретінде қарастырылатын жалпы қабыданған аудиторлық стандарттарға қызмет етеді.
Аудиттің жалпы постулаттары. Аудиттің көкейтесті мәселелерінің бірі - оның постулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынасындағы постулат-бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер. Әр түрлі ғалымдар мен маман-практиктердің көзқарастарын жан-жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделеген постулаттар болып мыналар саналады:
1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.
2. Мүдделердің қайшы келіп қалу ықтималдығы.
3. Верификацияның (қайда да бір нәрсенің дұрыстығын тексеру) мүмкіндігі.
4. Есептеме дұрыс жасалмаған.
5. Егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттігімен реттемеленеді.
6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.
7. Аудитордың пікірін оның мүдделеріне тәуелді.
8. Есеп беру мәліметтерінің объективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды.
9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады.
10. Аудитордың әрдайым пайымдауы белгілі бір деңгейде иландырады.
11. Бұрынғы (алдыңғы) ақпараттың құндылығы.
12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.

1.3 Аудиттің көптеген түрлері мен нұсқаларын жіктеу

Аудиторлық кеңес беру қызметінің әлемдік нарығы үлкен өзгерістерге ұшырауы әбден ықтимал. Көптеген елдерде Үлкен төрттік қызметінің ауқымы кеңейгеніне және күштеуіне наразылық аңғарылады. Батыстық іскер топтарының пікірінше, аса ірі халықаралық фирмалардың қызметін шоғырландыру, олардың одан ары біріктіру немесе бөлу арқылы аудиторлық қызметтің сапасы төмендемесе, артпайды екен. Аудит саласындағы оқиғаларды дамытатын басқа нұсқалардың ішінен әлемдік ауқымда аудиторлық және консалтингтік бизнестің бөлінуі, растаушы аудиттің, сәйкестікке орай аудит пен қаржылық есеп берулер аудиті көлемдерінің кемуі ықтимал екенін айта кету керек.
Экономикалық әдебиеттерде аудиттің түрлері мен нұсқаларын жіктеудің әр түрлі тәсілдемелері бар. Мынадай негізгі белгілер бойынша аудит түрлерін жіктеу әлдеқайда орнықты болады:
а) аудитті дамытудың эволюциялық кезеңдерімен: растаушы, жүйелі-бағдарлы және тәуекелге негізделген;
ә) ұқықтық негізде: міндетті, бастамашыл (ерікті), келісуші (мақұлдаушы), реттемеленген және келісімшарттық;
б) қолданылу салаларымен: жалпы, банктік, сақтандырушы, қаржылық, өндірістік, маркетингтік;
в) толықтығы: кешенді (жалпы, толық), тақырыптық (локальды, жеке), функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы;
г) әдістемелік тәсілдемемен: есепшіліктік (счетоводческий), тестілік, объекті және циклдік бойынша;
ғ) жүргізу кезендерімен: бастапқы, қайталанатын, ескертпелі, перманентті (ағымдық), ретроспективтік (тізбекті) және стратегиялық (перспективалық, яғни келешегі бар);
д) қызмет түрлерімен: экономикалық, техникалық, технологиялық, ресурстық, сыртқы экономикалық;
е) қатысушылар санымен, процестермен және техникалық құралдарды қолданумен: бір мазмұнды, көп мазмұнды, дәстүрлі, компьютерлік, жеке және комиссиялық;
ж) аудит жүргізілетін субъектілермен: сыртқы, ішкі, мемлекеттік, ведомствалық, қоғамдық;
з) тексерулердің мақсаттарымен, міндеттерімен және мазмұнымен: операциондық аудит, қаржылық есептеме аудиті, талапқа сәйкестік аудиті, басқарушылық аудит, маркетингтік аудит, кеңес беру және басқадай ілеспелі аудиторлық қызметтер.
Аудиторлық қызметтің ең озық түрлерінің біріне операциондық аудит жатады. Мұндай аудит кәсіби қызмет көрсетудің ең күрделі түрлерінің бірі әрі ұйымдастырылуы мен әдістерінде, кезендерінде оның өзіндік ерекшелігі болады.
Операциондық аудитті жүргізудің тәртіптерін ашып көрсету оның түрлері мен нұсқаларын жіктеуге ықпал етеді, экономикалық әдебиеттерде операциондық аудиттің оннан көп түрі бөліп көрсетілген: функционалдық, ұйымдастырушылық, арнайы, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, технологиялық, жүйелі, кешенді, тақырыптық, локальді, процестік, ресурстік, аймақтық, сыртқы экономикалық және т.б.
Операциондық аудиттің ұйымдастыру барысында еңбекте аталып кеткен үш фазаның орнына оның бес негізгі кезеңдерін бөліп қолдану мақсатқа лайықты болады. Олар:
1) жоспарлау
2) мәліметтерді алу
3) фактілерді талдау және бағалау
4) ұсыныстарды әзірлеп, негіздеу
5) есеп беруді жасау.
Фактілерді талдау және бағалау, Ұсыныстарды әзірлеу фазаларының дербестігінің ерекше мәні бар әрі операциондық аудиттің міндеттерін шешуін және мақсаттарына жетуіне ықпалдарын тигізеді.
Бұл арада операциондық аудит пен қаржылық есептеме аудиттің арасындағы мынадай өзіндік ерекшелігі бар айырмашылықты ескеру керек:
1) операциондық аудиттегі тексерулердің шектен тыс көп қырлы болуы нақты мақсаттарды, бағалау өлшемдерін және оны жүргізудің процедураларын анықтауда жиі қиындықтар тудырады
2) операциондық тексерулердің ауқымы зерттеу нәтижелерінің анық болмауынан және алға қойылған мақсаттар мен объектілердің жағдайларына қарай бірден күрт өзгеруі ықтимал
3) операциондық аудиттің жүзеге асыру ісін атқара алатын персоналды дұрыс таңдап алу өте қиын, өйткені оның зерттеу объектілері әр қилы болады. Нақтырақ айтқанда бизнес және басқа қызмет түрлерінің аспектілері мен слаларының әр түрі болуы және т.б.
4) операциондық аудит барысында көптеген жағдайларда әкімшілікпен, кәсіпорын қызметкерімен, осы іске қатысуға шақырылған сарапшылармен және басқа да мүдделілік танытқан тараптармен өзара әрекетті мұқият үйлестіру қажет екені дәлелденген
5) операциондық аудиттің процедуралары, әдістері мен бағалау өлшемдері жалпы аудитте, қаржылық есептеме аудитінде және аудиторлық бақылаудың басқа түрлерінде қолданылып жүгендерден мүлдем өзгеше болуы жиі кездесетін жағдаят.
Қаржылық аудитті жоспарлау мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:
1) ішкі бақылаудың тиімдігі, есептемелер мен бухгалтерлік есептің жағдайлары туралы қажетті, ақпараттарды алуды
2) орындалуы тиіс бақылау процедурасының көлемі мен өткікізу уақытын, мазмұнын анықтауды.
Қаржылық аудитті жоспарлауға аудиттің жалпы жоспарларын жасау және аудиторлық бағдарламаларды әзірлеу кіреді.

ІІ БӨЛІМ АУДИТОРЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ТҮСІНІГІ
0.1 Аудиторлық есеп беру түсінігі мен оны дайындау тәртібі

Аудиторлық қызмет туралы заңның 15 - бабында атап көрсетілгендей, жүргізілген аудиттің нәтижелері бойынша аудит стандарттарына сәйкес болуға тиісті аудиторлық есеп беру есеп жасалынады.
Аудиторлық есеп беру - бұл барлық заңды және жеке тұлғалар, мемлекеттік органдар, жергілікті атқарушы органдар және сот органдары үшін құқықтық статусы бар құжат. Аудиторлық ұйымдардың (аудитордың) есеп беруі Қазақстан Республикасының процессуалды заңнамасына сәйкес тағайындалған әкспертизаға теңестіріледі.
Аудиторлық есеп беру- тағайындалған аудиторлардың компания немесе басқа ұйымның есептілігін тексеру туралы есеп беруі. Аудиторлық есеп берулер аудиторларды кім және қандай мақсатта тағайындағанына байланысты әртүрлі рәсімделе алады. Басқалары заңның түрлі талаптарын орындау үшін тағайындалса, кейбір аудиторлар ішкі аудитпен айналысады.
Аудиторлық ұйым аудиторлық есеп беруді тек шаруашылық субъектіге келісілген данада және мерзімде табыс етуге міндетті.
Аудиторлық есеп беру 3 бөлімнен тұрады:
oo Кіріспе;
oo Талдау;
oo Қорытынды.
Кіріспеде - аудиторлық кәсіпорын үшін оның мекен-жайы, телефон нөмірі, оны берген органнын атауы, күні;Лицензияны қолдану мерзімі; Есеп айырысу шоттың нөмірі тексеріске қатысқан аудиторлардың аты-жөні;Өз бетімен қызмет көрсететін аудитор үшін аты-жөні аудитор болып істеген стажы, аудиторлық куәлігін берген органның аты, оның уақыты, куәлігінің қолдану мерзімі, тіркеу куәлігінің нөмірі, есеп айырысу шотының нөмірі.
Талдау бөлімінде - экономикалық субъектініңаты және қандай мерзімде тексеріс өткізіледі.
oo Қаржылық есепті ұйымдастыруының сараптамасының нәтижесі, керек есеп беруді толтыру және ішкі бақылау жағдайы;
oo Бухгалтерлік есепті жүргізгенде және қаржылық есеп беруді толтырғанда болған тәртіп бұзушылықтарды олардың аудиторлық тексерісті өткізгенде анықталғандығы;
Қорытынды бөлімде - экономикалық кәсіпорынның қаржылық есеп берудің нақтылығы беріледі.
Аудиторлық есеп беруге шаруашылық субектісінің бухгалтерлік
есептілігі қосымша ретінде болуы қажет.
Тексеріс кезінде анықталған тәртіп бұзушылықтар кәсіпорынмен жойылмаса, қорытынды бөлімінде қаржылық есеп берудің нақтылығына баға берілмеу туралы көрсетіледі.
Сондықтан білдірілген пікірлердің сипатына байланысты аудиторлық қорытындының төмендегі нысандарын ажыратып көрсетуге болады:
Ескертусіз (шартсыз) аудиторлық есеп беру;
Ескертулері бар (шартты) аудиторлық қорытынды;
Аудиторлық есеп беруден бас тарту;
Теріс аудиторлық есеп беру.
Аудиторлық есеп берудің әр парағына аудитордың қолы қойылады және жеке мөрімен расталады.
Есеп беруге (актіге) аудит жасаушылар, басшысы және бас бухгалтер қол қояды.Басқарма мәжілісінде аудит кезінде анықталған кемшіліктерді жоюға, материалдық зиянды орнына келтіруге және кінәлі адамдарды жауапқа тартуға байланысты кең көлемде қаулы қабылданады. Осы актінің негізінде аудиторлық есеп беру толтырылады.
Қазақстан Республикасында аудиторлық қорытынды есепті құруға негіз болатын нормативтік құжаттар : Каржылық қорытынды есеп бойынша аудиторлық қорытынды есеп , Салыстырмалы көрсеткіштер Арнайы мақсаттарға аудитті өткізуге келісімдер бойынша аудиторлық қорытынды есеп деп аталатын Халықаралық аудит стандарттары.
Аудиттің Жалпы қолданыстағы қаржылық есептіліктің толық кешені бойынша тəуелсіз аудит есебі Халықаралық стандартының мақсаты - жалпы қолданыстағы қаржылық есептіліктің толық түрі аудитінің нəтижесіндегі тəуелсіз аудиторға нұсқау беру жəне стандарттарды бекіту болып табылады. Ол қаржылық есептіліктің тұжырымдама негізінде дайындалған, сондай-ақ аудитордың осы қаржылық есептілік жөніндегі пікірін қалыптастыруда қолданылады.
Аудиторлық есепте қаржылық есептілік бойынша нақты аудиторлық пікір болуы керек.
200 ХАС -қа сəйкес қаржылық есептілік аудитінің мақсаты - аудиторға қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негізінің барлық маңызды аспектілеріне сəйкес дайындалғанына пікір білдіру.
Қаржылық есептіліктің бекітілген тұжырымдамалық негізіне сəйкес барлық маңызды аспектілерде нанымды жəне сенімді берілгендігінің көрінісі пікірді қалыптастыруға қажет. Аудитор аудит үрдісі барысында субъект пен оның саласы туралы біле отырып басшылық жасаған барлық түзетулерден кейін қаржылық есептілікті қайта қарастырады. Аудитор сондай-ақ қаржылық есептіліктің жалпы түсінігін, құрылымы мен мазмұнын зерттейді. Аудитор негізгі операциялар мен жағдайларды, олардағы анықтаулар мен ескертулерді ескере отырып, сенімді көрсетуді немесе қаржылық есептіліктің тұжырымдамалық негізі мəнмəтініндегі қаржылық ақпараттың барлық маңызды аспектілерде нанымды берілуін қарастырады. Аудиттің соңындағы талдау шаралары аудит барысында қалыптасқан пікірді растауға жəне қаржылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық тәуекелділік
Аудиторлық тәуекелділік туралы
Маңыздылық пен тәуекелділіктің байланасы
Аудит даму кезеңдері
Аудиттің мазмұнына анықтама
СНГ авторларының аудитке берген анықтамалары
Аудиторлық тәуекел және оның компоненттері
Ішкі аудит маңызы мен түсінігі. Оның ролі мен ұйымды басқару жүйесіндегі жалпы маңызы
Аудит
Аудиторлық қызмет ұғымының мәнi
Пәндер