Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   

Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі

Жоспары:

1. 1 Кіріспе.

1. 2 Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі.

1. 3 Дайын өнімді есептеу және оның қозғалысын ұйымдастыру.

1. 4 Дайын өнім аудиті.

1. 5 Қорытынды.

1. 1 Кіріспе

Бұл шығармашылық жұмыста бухгалтерлік есептің негізгіқұрауыштардың бірі -дайын өнімнің мәні, есептелуі, ұйымдастылуы және аудиті қарастырылған. Жұмыстың негізгі мақсаты - дайын өнім мен оны есептеу, түгендеу тәсілдері туралы мәлімет беру.

Шығармашылық жұмыс үш бөліктен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік пен дайын өнімді құраушы элементтер, өндірудегі талаптар мен міндеттер талқыға салынған.

Екінші бөлімінде дайын өнім есебі мен қозғалысын ұйымдастыру үшін қажетті шарттар мен кеңестер беріледі.

Тақырыптың соңғы және ең күрделі бөлімінде дайын өнімнің аудиті, оның басты міндеттері, түрлері, ерекшеліктері, кезеңдері жөнінде айтылады, сонымен қатар дайын өнім аудитін жүзеге асыру бағдарламасының кестесі келтірілген. Бұл бөлімдегі аса маңызды мәлімет - аудитордың міндеттері, тексеру мен қорытынды жасау үшін қажетті мағлұмат жиыны.

1. 2 Дайын өнімнің мәні және негізгі түсінігі

Дайын өнімнің бухгалтерлік есебінің және оны сатудың негізгі міндеті болып табылады: өніммен болатын барлық операцияларды есепте көрсету және уақытында құжаттау, өнімді өндіру, сақтау, жылжу жоспарының орындалуын бақылау; босатылған тауарларды есептеу және босатылған тауарларды сатып алушылармен уақытында есептесуі; сату мақсатында дайын өнімдердің нормативтен жоғары қорын анықтау және басқалары.

Тауар өнімінің құрамына кіреді:

а) дайын бұйым (өнім), толық өңделген, бекітілген техникалық жағдайлар мен стандарттарға сәйкес, кәсіпорынның техникалық бақылауымен қабылданып, қоймаға тапсырылған немесе осы өнімге белгіленген қабылдау тәртібіне сай тапсырыс берушімен қабылданған;

ә) жартылай фабрикаттар, сатуға арналған және сатылған;

б) өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс, шетте жасалған.

Өнеркәсіптік кәсіпорындарда және өндірістік бірлестіктерде (комбинаттарда) жасалатын өндірістік процестің маңызды материалдық нәтижесі - өнім болып табылады. Оның көлемінің, технико-экономикалық сипатының және тұтынушылық қасиетін артуы экономиканың әріқарай дамуын және халық тұрмысының көтерілуін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның негізгі цехтарымен шығарылған және басқа сатып алушыларға, сонымен қатар өзінің өнеркәсіптік шаруашылығына және меншіктік капиталдық құрылысына сатуға арналған дайын бұйымдар өнеркәсіптік өнім құрамының басты элементі болып табылады.

Технологияық процестердің барлық кезеңдерінен өткен бұйымдар дайын өнім болып саналады. Олар барлық тиісті құрал саймандар және бөлшектермен жабдықталған, уәкілетті техникалық бақылау бөлімшесімен тексерілген және қабылданған, бекітілген стандарттарға сай екендігін куәләндыратын сертификат немесе басқа да құжаттармен жабдықталған.

Әдетте, дайын өнім құрамына көрсетілген талаптарға сай болатын бұйымдар кіргізілуі мүмкін, егер оларға жүкқұжат (накладной) толтырып сату бөлімінің қоймасына тапсырылса. Жүкқұжатта: өнімнің аты, өлшем бірлігі, өнімнің саны, бағасы, соммасы жазылады. Бірақта ережеден тыс жағдайлар да болады.

Кейбір химиялық өнімдерді олардың өндірісі аяқталғасын цехтан тыс жекелеген қоймаларға апармағай, оларды сатып алушыларға босатқанға дейін цех қоймаларында сақтаған дұрыс. Өнімнің басқа да ерекшеліктері болады, осы ерекшеліктеріне байланысты оларды жеке қоймаларға босату мүмкін емес болады. Осындай жағдайларда бұйымдар дайын өнімнің құрамына техникалық бақылау бөлімі және сату бөлімі қабылдаған кезден жазылады.

Екінші жағынан, бұйымдарды қоймаға өткізгеннен кейін бұйымдарды әр қашан дайын деп есептей бермейді. Мысалы, егер стандарттар немесе техникалық жағдайлар бұйымдарды қорапта болу керек деп есептсе, онда олар қорапта болғаннан кейін ғана дайын болып есептеледі, тіпті қораптау цехта емес қоймада болсада.

Дайын бұйымдарды өнім құрамына қосу үшін оларды цехтан қоймаға босату уақытыда маңызды. Есепті айда дайын өнім құрамына тек осы айдың соңғы күнінде сағат 24 дейін босатылған бұйымдар ғана жатады. Егер екінші (немесе үшінші) смена графикка сай жұмысын сағат 24 кейін аяқтаса, онда бұйым дайын өнімнің қатарына қосылады оларды келесі күннің таңғы сағат 8 дейін қоймаға тапсырса.

Бұр мерзімдер басқа жағадайларға да қатысты, көрсетілген мерзімдерде бұйымдарды қораптаса немесе сатып алушыларға босатқанда дайын өнім құрамына жатқызылады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының екінші элементі жартылай фабрикаттар

және сатып алушыларға, өзіндік өнеркәсіптік шаруашылығына немесе меншіктік капиталдық құрылыс үшін босатылған өнеркәсіптік типтегі көмекші және қосалқы цехтардың (өндіріс) өнімдері болып табылады. Олар дайын өнім қатарына босатылған сәттен уақытына қарамастан қосыа береді.

Өнеркәсіптің кейбір салаларында дайын өнімнің құрамына осы кәсіпорынның басқа негізгі цехтарында әрі қарай өнделуіне (қайта өнделуіне) арналған өзіндік өндірістің жартылай фабрикаттары да жатады. Тоқыма өнеркәсібіндегі кәсіпорындарында жуылған жүн осы болып табылады, ол кейіннен жіп өндіруге қолданады, осы жіптен ақырғы өнім болып табылатын дайын мата жасалады.

Өнеркәсіптік өнім құрамының үшінші элементі - бұл өнеркәсіптік сипаттағы жұмыс.

Өнім есебі және оны сату өнімді өндіру және өткізуді басқару үшін қажет мәліметтерді уақытылы алуды қамтамасыз ететін мақсатты процесс.

Бұл есептің мақсаты сатып алушыларына қатысты кәсіпорын өзінің келісім-шарт міндеттемелерін және өнім өндірудің өндірістік бағдарламасын орындауды бақылау болып табылады. Сонымен қатар, есептің көмегімен кәсіпорынның қоймасындағы өнімдердің қолда бары, оның қабылданған қор нормасына сәйкестігі (құралдардың айналымын жеделдету үшін қажет), сату бөліміндегі тауарлардың көлемінің жеткіліктілігі, қомадағы және сатып алушыға жөнелтілген тауарлардың сақталуы бақыланады. Босатылу және сатылу операцияларының есебі сатып алушылар төлемдерінің уақытылы түсуін және сату барысында шығындар пайда болатын өткізу сферасындағы үнемдеу тәртібін қадағалау мақсатын көздейді.

Өнімді өндіру, босату және сату бойынша дұрыс басқару шешімін қабылдау үшін кәсіпорынның басқару органдары қажетті ақпаратты уақытылы алып отыру қажет. Мысалы, өнім өндіру жөніндегі күнделікті хабар тәуіліктік тапсырманың және айлық өндірістік бағдарламаның орындалғаның тұрақты түрде бақылап отыруына және жоспардан ауытқып

кеткен жағдайда қажетті шара қолдануға мүмкіндік береді. Қоймадағы өнімнің қалдығы туралы мәлімет кәсіпорынның күнделікті потенциалды мүмкіндігі туралы талдау жасауға мүмкіндік береді. Босатылған өнімнің қалдығы туралы мәлімет өнімнің сатылуын болжау үшін, кәсіпорынның пайдасына оның әсерін болжау үшін, және де осы маңызды көрсеткіштер бойынша жоспардың орындалу жолын болжау үшін қажет.

Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін қалыптастыру көзі ретінде де есеп ақпараты өте маңызды.

Есеп ақпаратын алуды ұйымдастырушы және оның қалыптасу тәртібін орындаушы кәсіпорын бухгалтериясы болып табылады. Оның өнімді шығару, босату және сатуды бақылау бойынша негізгі міндеттері келесілер:

Өнім қозғалысын уақытылы құжатты толтыруын қамтамасыз ету - оның қоймаға түсуі (өндірістен шығуы) және сатып алушыларға жөнелтуі;

Материалды-жауапты тұлғамен өнімді толық және уақытылы қабылдануын және оның сақталуын, сонымен қатар бекітілген нормативтерге оның запастарының сай болуын бақылау;

Келісім-шарттарды орындаудың нақты тәртібін, сатып алушыларға өнімді жөнелтудің, өнімнің сапасы мен ассортименті, оның босатылу мерзімін ұйымдастыру. (Осы оперативті есепті жүргізуді негізінен сату бөліміне жүктейді) ;

Өнімді сатып алушылардан төлемнің уақытында түсуін бақылау және төлем құжаттарын толтыру;

Ағымдағы есеп тіркемелерінде және бухгалтерлік шот жүйелерінде өнімді өндіру, босату және сату операцияларын жазу;

Өнімді сатумен байланысты өндірістік шығындарды белгілеу және олардың шамасы мен құрамын бақылау;

Өнімді сату жоспарын орындауды бақылау;

Кәсіпорынның сыртқы есеп беру көрсеткіштерін дайындау немесе оларды есептеу ақпараттары;

Осы міндеттерді толық орындау үшін есеп дұрыс жүргізілу қажет.

1. 3 Дайын өнімді есептеу мен оның қозғалысын рационалды ұйымдастырудың алғышарттары

Дайын өнім қозғалысын есептеудің алғышарттары үшін нормативті-анықтамалық ақпарат қажет.

Дайын өнім запасының жағдайын жан-жақты бақылау, оның өндіру және жеткізу жоспарын орындау, әрбір бұйымның атауын, көлемін, сортының қозғалысын қадағалауын қажет тұтады. Есептеуді осылай детальдап қарау дайын өнімді есептеу мен оның қозғалысын ұйымдастырудың міндетті алғышарты болып табылатын номенклатураны жобалау жолымен жасалады.

Номенклатура деп кәсіпорынмен немесе біртекті кәсіпорындар тобымен өндірілетін өнім түрінің қолданыстағы белгілеу жүйесіне сай өлшем бірлігі бар жүйелендірілген тізімі аталады. Номенклатураның әр позициясына номенклатуралық номер беріледі, ол оның коды болып табылады. Кодтағы белгілер саны минимальды болу қажет, бірақ өндірілетін өнімнің барлық тізіміндегі белгілерді қамту үшін жеткілікті болу қажет.

Өнімнің осындай түрде жасалған номенклатуралық тізімі әрбір номенклатуралық позицияның коды мен сөзбен жазылған түсініктемесінің арасындағы байланысты орнататын ақпараты бар анықтамалық материал болып табылады.

Есепті жеңілдету мақсатында бір номенклатуралық номерге бағасы бірдей немесе бір-біріне жақын бірнеше өнімдердің размерін, сорттарын немесе түрлерін бекітеді, осылайша номенклатураны бекітеді. Бірақта есеп мәліметтерінің ақпараттылығын көтеруін және бақылауын жақсарту мақсатында номенклатураның жайылған түрі тартымдырақ болады.

Көптеген бухгалтериялар есептеу бағасы ретінде кәсіпорынның көтерме бағасын қолдануды қалайды (айналымнан салықсыз) немесе бөлшектеу бағасын қолданады, егер соңғысы болса. Есептеу бағасы үшін өнімнің орташа жылдық жоспарлы өндірістік өзіндік құнын қабылдайтын бухгалтерия бар кәсіпорындарда аз емес.

Нығайтылған топтық ассортименті бойынша кәсіпорынның бухгалтериясы жүргізетін өнімнің талдамалық есебі болған жағдайда есептік баға осы топ үшін орташа болып есептеледі және бағалау шамасының нормативті-анықтамалық массиві бойынша жеке дара позиция болады. Дайын өнім есебін ұйымдастырудың алғышарттары нормативті-анықтамалық ақпараттың бар болуы ғана емес, сонымен қатар осыған барлық қызығушылығы бар тұлғалардың қол жетуін қамтамасыз етуі екенін ескеру қажет. Көптеген көздер бойынша бөлінген бұл ақпаратты рационалды ұйымдастыру қажет, олардың әрбірі белгілі пайдаланушыға қажетті нақты мәліметтерді массивте біріктіреді.

Материалды-жауапты тұлғалар номенклатуралық парақ ұстау қажет, онда барлық өнімнің түрі, өнімнің позициялық коды, өлшеу бірлігі және есептеу бағасы болады. Нақты осы деректемелерді материалды-жауапты тұлғалар өнімнің қозғалысын көрсететін басқы құжаттарды толтырғанда белгілеу міндетті.

Жедел жұмыс жасау үшін өткізу бөлімінің қызметкерлері дәл осындай номенклатуралық парақты қажетсінеді, бірақ онда сату бағасы көрсетіледі және де сол бағалар прейскуранттың позициясы мен номеріне сілтейді, олар сатып алушыларға берген шоттарда белгіленеді. Сонымен қатар, оларға сатып алушылардың, келісім-шарттардың коды бойынша дифференциалды өнімдердің жеткізуі бойынша кәсіпорынның міндеттері мен жоспарлық тапсырмалары туралы анықтамалық құжаттың мәліметтері керек.

Пайдаланушылардың мүдделеріне сай нормативті-анықтамалық ақпаратты ұйымдастырудың рационалды әдістері арнайы әдебиеттерде экономикалық ақпаратты механикалық өндеуді жобалау және басқаруды автоматизацилау жүйесімен байланыста қарастырады. Бірақ бұл әдістердің негізгі идеяларын өнім және оның қозғалысы туралы жоспарлық және есептік ақпараттар компьютерлендірілмесе де қолдануға болады.

Дайын өнім туралы ақпаратты компьютерлік өндеу жағдайында алғышарттары техникалық тасымалдаушыларға нормативті-анықтамалық мәліметтерді салу болып табылады, оларды ыңғайлы тәртіппен ұйымдастыру және өзгерістер және толықтырулар қажет болған жағдайларда уақытылы жаңартып отыру жүйесін жасау.

1. 4 Дайын өнім аудиті

Дайын өнім аудитінің басты міндеті - оларды есептеудің дұрыс жүргізілуі, олардың сақталу орындарындағы бар болуы мен қозғалысы туралы нақты мәліметтер алу, сақталуын қамтамасыз ету және қабылданған нормативтерге сай болуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жүргізу толықтығына қарай аудит кешенді, функцоналды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, әкономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады.

Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және қаржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі нақты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болыптабылады.

Тауарлы-материалдық қорларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалдыаудитін қаржылықесеп берудіңмәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші субъектілерді сатып алу, өндіріс және дайын өнімді өткізу циклдерінің функционалды аудитінің маңызды кезеңдері мыналар:

Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.

Қалыптасқан тауарлык-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.

Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.

Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.

Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.

Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зертгеу.

Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.

Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30%-не жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық кұндылықтарға деген кажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

Арнайы әдебиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдыққорлары есебі мен ішкі бақылау жағдайының функционалды аудитібағдарламасы ұсынылады.

Дайын өнімді аудиторлық тексеру бағдарламасы

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарлық-материалдық

қорларының құрамдас бөліктерінің бірі - дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі - субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады.

Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Құжаттық мәліметтері ескерілмеген өнімді шығару мен өткізуді анықтау мақсатымен тексере келіп, қайсыбір жалғыз құжатпен шектелуге болмайды. Мұндай фактілер жөніндегі аудиттің қорытындысы оның тұжырымдарын толығымен негіздейтін құжаттық мәліметтердің жиынтығына сүйенуі тиіс. Дәл солайша, тек кәсіпорын қоймасында өзіндік (меншікті) өндірістің дайын өнімінің артық болуы туралы мәліметтер де жеткіліксіз. Дегенмен бұл барлық өнімнің ескерілмегенін айғақтай алады.

Тексеру материалдарында ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы мен өткізілуін дәлелдейтін, соның ішінде, материалдық құндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері; автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т. б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық құжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген енімді шығару мен еткізу жағдайлары бар екендігі немесе жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Шығындар туралы мәліметтердің функционалды аудиті үшін, мысалы тұтас кәсіпорынға қанша материал жүмсалғанын білу жеткіліксіз. Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет. Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі тапдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азайту резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды ресімдеу дұрыстығы.

Өнімді тиеуге арнапған кұжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

Тиелген өнімнің бағасын ресімдеудің дұрыстығы.

Банкке тиелген өнім үшін төлем талап-тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.

Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы.

Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.

Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.

Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» және 6010 «өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоттары бойынша сәйкестігі.

Өнімді шетелдік валютамен төлеу үшін экспорттық операцияларды

өткізудің өз ерекшеліктері бар. Валюта бағамының құбылуы бағамдық айырма сомасы пайда болуына әкеледі. Ақшалай қаражаттың түскен уақыты мен ұлттық валютамен өткізу уақытындағы мәмілелік құн баламасы арасында әкспорттық операциялар бойынша бағамдық айырма пайда болады. Осылайша, бағамдық айырмалар не сатып алушылардың борышын арттырады, не болмаса кәсіпорынның кірістері мен шығыстарына тиісінше ықпал етіп, оны азайтады.

Ұтымды бағамдық айырмада мынадай жазу жазылады:

Д-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты К-т 6250 «Бағам айырмасынан түсетін табыс».

Теріс бағамдық айырмада:

Д-т 7410 «Бағам айырмасы бойынша шығыстар» шотына К-т 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шотына.

Ақпарат функционалды аудит өткенге дейін қасақана бұрмалануы және елеулі ауытқулар болуы мүмкін. Ағымдағы активтердің қозғалысы туралы ақпараттың анықтығына қарама-қарсы тексеру, ішкі бақылау жүйесін, бастапкы құжаттарды, синтетикалық және аналитикалык есеп, қаржылық, статистикалық және жедел есептіліктің тіркелімдерін бағалауды өткізу қажет.

ТМҚ түгендеу мен оның қорытындысын талдау заттарды сатып алу, өнімді өндіру мен өткізу циклдері функционалды аудит кезінде жеке шара болып табылады. Түгендеуді өткізу үшін құрамын кәсіпорын басшысының бұйрығымен бекітілетін түгендеу жұмыс комиссиясы құрылады. Түгендеу басталмас бұрын қойма меңгерушісінен бухгалтерияға материалдық құндылықтардың кірісі мен шығысына арналған барлык құжаттар тапсырылғаны туралы қолхат алынады. Бір материалдарға жауапты адамның қорларды әр түрлі оқшауланған бөлмелерде сақтағанында олар сақталу орындары бойынша дәйектілікпен түгенделеді. Қорлардың бар-жоғы тексерілген соң бөлмеге кіру пломбыланады және комиссия басқа бөлмеге жұмыс істеу үшін көшеді.

Қоймадағы материалдық құндылықтардың нақты бар болуын оларды міндетті түрде қайта есептеу, қайта таразылау және өлшеу жолымен тексереді. Тауарлық-материалдық қорларды түгендеу нәтижелерін, түгендеу тізімдемесіне (актісіне) жеке әрбір атау бойынша кіргізеді. Тізімдеме бір дана болып жасалады. Есепте ескерілмеген материалдық құндылықтар айқындалғанда, комиссия оларды тізімдемеге кіргізуге тиіс. Түгендеу біткен соң тізімдеме салыстырмалы ведомость (тізімдеме) жасалуы үшін бухгалтерияға беріледі. Түгендеу қорытындылары шешім шығаратын түгендеу комиссиясы мәжілісінде қаралады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дайын өнімді өткізудің негізгі жүйелері
Тауар қозғалысының аудиті
Тауарлардың мәні және негізгі түсінігі
Дайын өнімнің аудиті
Материалдың өндірісте ұтымды пайдаланылуын бақылау
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттар айналысын басқарудың теориялық негіздері
Тауарлы - материалдық қорлар ұғымын түсіндіру, теориялық анықтауларды жүйелеп, топтастыру
Дайын өнімді есепке алу және оны өткізу
Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру
Кәсіпорынның ұйымның қаржы қызметтері жұмыстарымен танысу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz