Жарғылық капитал аудитінің есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе

I. Бөлім. Жарғылық капитал аудитінің мәні, мазмұны, жүргізу әдістері және оны жетілдіру жолдары

1. 1. Аудиттің мәні, мазмұны

1. 2. Аудитті жүргізу әдістері, жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің еңбегіне шолу

II. Негізгі бөлім

«Каризма» ЖШС-нің нарықтағы ролі мен орны

2. 1. «Каризма» ЖШС-нің экономикалық ұйымдастырылу жағдайы

2. 2. «Каризма» ЖШС-нің бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы

III. Бөлім

Жарғылық капитал аудитінің есебі

3. 1. Жарғылық капитал есебінің аудиті

3. 2. Резервтік, қосымша төленген және төленбеген капиталдың есебінің аудиті

3. 3. Бөлінбеген табыстың аудиті

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

« Аудит дегеніміз - дербес, тәуелсіз аудит мамандарының кәсіпкер ретінде келісім-шарт бойынша тапсырушылардың шаруашылық-табыстылық есебін, бухгалтерлік есеп көрсеткіщтерінтексеру арқылы анықтап, экономикалық талдау жасап, қажет болған жағдайда сараптау жүргізіп, аудиторлық қорытынды жасау және әртүрлі түсініктеме қызметін көрсету» - деп ойлаймыз. Себебі, аудит жұмысының көлемі - объектісі, шаруашылық субъектінің қалауында толық немесе бір бөлімін аудиттік тексеруді тапсыру тапсырушының еркінде. Екіншіден, қандай есебі болмасын оның мәлеметтерінің дұрыстығы, қатесіздігі тек қана бухгалтерлік есеп көрсеткіштері арқылы анықталады. Үшіншіден, аудиттің негізгі мақсаты - аудиторлық қорытынды жасау. Тапсырушының өз тарапынан төлем жасап, аудит жасатудағы дірден-бір мақсаты - аудит қорытындысын алу. Себібі, тек аудит қорытындысын алған шаруашылық субъектілерінің есебі басылымға шығады. Яғни, ол шаруашылық жүргізуіне кепілдік алады деген сөз. Барлық сыбайластарымен кедергісіз қарым-қатынаста болады.

Аудиттің мазмұнын анықтамалар арқылы қарастырғаннан кейін оның негізгі түсінікті болған сияқты. Сонымен қатар, аудиттің мазмұнын одан әрі терендеу қарастыру мақсатымен бізмына үш бұрыш үлгіссімен беруді ойластырдық .

1. аудитор-кәсіпкер, табыс табу үшін кәсіпорындарға қызмет көрсету.

2. Шаруашылық субъектісі-кәсіпорын, оған аудитор қорытындысы керек

Ол кезінде басылымға шығуына кепілдік береді.

3. мемлеке, кәсіпорындардың жақсы жұмыс жүргізіп табысты болғанын қалайды, себебі олар салық төлейді, аудит жұмысына құштар болу себебі аудитор тексеру барысында табыстылық есебін тексеріп кәсіпорының қанша табыс тақанын, қанша салық төлейтінін анықтайды анықтайды. Ал қажет болған жағдайда аудитор тікелей мемлекет салық инспекциясына мәлімет бере алады. Яғни, аудит жүргізілген кәсіпорындарда табыс сомасын жасырып қалу, салық төлемеу үшін қылмысқа немесе басқалай әр түрлі жалтарушылыққа жол берілмейді.

Осы үшбұрыштың өзара байланысын қарастыратын болсақ, аудит “осы үшбұрыштың төбесін” қосып қана қоймай ерекше қызмет атқаратынын айту қажет. Біріншіден, «аудит қорытындысы» арқылы шаруашылық субъектілері бір қалыпты шаруашылығын жүргізуге қандай денгейде болса да даму процесін қамтамасыз етуге кепілдік алады. Яғни, бір регионды немесе бір ел көлемінде шаруашылық субъектілері даму жолында болған жағдайда ол елде өзінің экономикалық инфраструктурасы қалыптасады да, оның әсерінен сол елде нарықты қатынас экономикалық зандылықтары күшейіп, нағыз нарықты қатынасқа көшу арқылы ол елде тауар бағалары тұрақты деңгейге көшіп нарықты қатынас заңдылығын іс жүзінде қалыптастырады.

Екіншіден, «аудит жұмысы» үлкен мемлекеттік қызмет

  1. Бөлім. Жарғылық капитал аудиттің мәні, мазмұны, жүргізу әдістері және оны жетілдіру жолдарыЖарғылық капитал аудитінің мәні және мазмұны

Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем-есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Қаржылық есеп беру аудитінің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдында тұтынушы мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру компаниялары, көлік және коммерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар көрсетулерді орындау, коммерциялық операцияларды ақша қаражаттары мен инвестициялардың займын жүргізу бойынша сан алуан келісім-шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Жеке және ұжымдық меншік иелері - акционерлер, жарнашылар, сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика, қаржыландыру, несие беру, инвестициялау және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведмостволар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

  • Экономикалық субъектілердің(фирмалар, акционерлік қоғамдар) ;
  • Салық қызметі тұлғасындағы мемлектеттің;
  • Қаржылық есеп берді әр түрлі пайдаланушылардың;
  • Аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету мақсатында.

Ішкі пайдаланушыларға(кәсіпорынның өзінің акционерлеріне, директорлар кеңесіне, қызметкерлеріне) басқару шешімдерін дұрыс қабылдау үшін қателер мен бұрмалаушылықтар жоқ объективті қаржылық ақпарат қажет. Сыртқы пайдаланушылар да ұйымның қаржылық жағдайына қызығушылық білдіреді

Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар:
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар: Ішкі пайдаланушылар
Сыртқы пайдаланушылар
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар:
Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар:

Әкімшілік

Менеджерлер

Меншік иелері

Бөлімше басшылары

персонал

Тікелей қаржылық мүдделері бар пайдаланушылар:

  • Инвесторлар
  • Банктер
  • Жабдықтаушылар
  • Сатып алушылар мен клиенттер

Жанама қаржылық мүдделері бар пайдаланушылар:

  • Мемлекеттік органдар
  • Қоғам

Аудитке деген қажеттілік меншік құқығы мен кәсіпорынды басқару бөлінген кезде пайда болады. Бірақ осындай аудитті жүргізуге деген заң талаптары жоқ кезде де қаржылық есеп беру аудитіне тән белгілі басымдылықтар болады.

Меншік иелену құқығына негізгі өзгерістер енгізу процессі, егер бұрынғы есеп берулер екі жеке серіктес шаруашылықты жүргізудің жаңа объектісін құру үшін өз бизнесін біріктірген кездегідей деген ескерту болмаған аудиторлық қортындыны сақтаса ғана қамтамасыз етілуі мүмкін. Үшінші жаққа бағытталған қаржыландыруды беру туралы өтініш тексерілген берулермен дәлелделінуі мүмкін

Аудитке кәсіпорын қызметін жан-жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді. Фирма қызметкерлерінің жан-тәнімен жұмыс истеуі үшін аудит күшті моральдық ынталандыру болып табылады. Барлық жазбалар мен есеп берулер тәуелсіз адамдармен талдалынады деп түсіну қызметкерлерді есепті мұқият және анық жүргізуге, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептемені құруға мәжбүр етеді.

Тексеруді жүзеге асыра отырып тәуелсіз аудиторлар екі негізгі қызметті орындайды:

  1. Қаржылық есеп берудің толықтығы мен дұрыстығын дәлелдеулерге арналған дәлелдемелерді жинау және бағалау.
  2. Қаржылық есеп беру мәліметтерін есептің жалпы қабылданған стандарттарына сәйкес тексеру.

Аудиторлық қызметтің негізгі міндеті экономикалық субъектінің қаржы-шаруашылық қызметін реттейтін заңның сақталуын, бухгалтерлік есептің жүргізілуін, қорытынды есепті құруды және пайдаланушыларды қаржылық жағдай туралы ақпаратпен жабдықтауды сапалы тексеруді қамтамасыз етуде болып табылады. Іскерлік ортада қорытынды есеп беру мәліметтері аудиторлық кәсіпкерлерге сенім аз болады. Сенімге ие болу үшін экономикалық қатынастардың тұрақтылығын дәлелдейтін ұзақ серіктік қатынастар қажет болады.

Сапалы тексеруді қамтамасыз ету үшін аудиторлық фирмаларға бухгалтерлік, заңдық және жалпы экономикалық мәселелер бойынша бағдарламалық қамтамасыз ету, анықтамалық әдебиет түріндегі толық ақпараттық база қажет.

Аудиторлық фирмалардың маңызды міндеттерінің бірі өз қызметімен қатар кез келген экономикалық субъект қызметінің рентабелъділігін қамтамасыз ету болып табылады. Аудиторлық жұмыс жоғары біліктілікті, аса көңіл бөлу мен кәсіпқойлықты талап етеді. Әрине, оған осы кәсіп мәртебесіне сай жоғары ақы төленуі керек. Сонымен қатар үлкен табыс пен қызметі көрсетілген тұтынушылардың көп санына ұмтылу кезінде аудиторлар клиенттерді таңдамай ала алмайды. Бұл жерде болашақта аудиторлық фирма беделін түсірмес үшін клиенттерді дұрыс таңдау қажет.

Сонымен қатар аудиторлық қызмет көрсетуді кеңейту саласында маркетингтік зеттеулерді жүйелі жүргізу де аудиторлық фирманың міндеті болып табылады. Қазір Қазақстандағы, әсіресе, үлкен қалалардағы аудиторлық фирмалар саны күрт өсуде. Бұл нарық жағдайында бәсеке өсуіне әкелетін дұрыс құбылыс. Аудиторлық қызмет көрсетудің сан алуандығы аудиторлардың қызметтің белгілі бір саласында мамандануына әеледі. Қазақстанда акционерлік қоғамдардың аудиті, сақтандыру компанияларының аудиті, банктік аудит бөліп көріне бастады.

1. 2. Жарғылық капитал аудитін жүргізу әдістері, жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің еңбегіне шолу.

Көптеген авторлар «шаруашылық-табыстылық көрсеткіштері» деген сөз құрамын қою келтірген. Біздің ойымызша бұлтүсініктеме орынды айтылған деуге болады. Себебі, объектісі келісім-шарт негізінде мазмұн-талабына сәйкес анықталады. Кәсіпорын шаруашылығына толық немесе бір бөліміне жүргізілсе де оған жасаған аудиторлық қорытындыда, кәсіпорынның «шаруашылық-табыстылық көрсеткішімен» байланыстылығы көрсетілмесе, ондай жағдайда аудиттің негізгі мақсаты орындалмағаны. Нақты, әр елдердегі аудит туралы анықтама берген авторалды қарастыратын болсақ, Англия ғалымы Рой Додж өзінің “Краткое руководство по по стандартам и нормами аудита” кітабында “аудит - тәуелсіз, дербес тексеру және табыстылық ақпарат туралы өз пікірін айту”, - деп анықтама берген. Басқа бір англиядағы белгілі бухгалтерлік есеп, аудит маманы Роджер Адамс “Аудит негізінде кәсіпкерлік ретінде қызмет көрсету, қоғам үшін өте қажет мәліметтурдің дүрыстығын анықтаумен, кәсіпорынның табыстылық ақпаратын тексеріп, басылымға шыққан міліметтердің шындығын анықтау” - деп анықтама берген.

Америкалық профессор Джек Робертсон өзінің монографиясынды “Аудит - ол кәсіпорын ақпаратындағы мәліметтердің, пайдаланушылар үшін табыстылық ақпарат көрсеткіштеріндегі мәліметтік күдікті барынша азайту” - деп анықтама береді. Осы аты аталған үш автордын ойын корытындылайтын болсақ, англиялық аудит және есеп маманы Роджер Адамс өз анықтамасында аудиттің мағынасына қоғамдық тұрғыдан қарайтынын көосетеді. Бұл ойдың мемлекеттер үшін, әр елдің экономикасының дамуына аудит жұмысының атқаратын рөлін өте жоғарыдеп бағалау. Себебі, аудит кәсіпорын шаруашылығының тиянақты дамуына кепілдік беретіні анық. Яғни, кәсіпорындардың тиянақты дамуы қамтамасыз етілген жағдайда ол елдің экономикасы даму жолында болады деген сөз.

Белгілі, АҚШ-тың аудит теорияасын және аудит жұмысының даму жолына көп еңбек сіңірген профессор Джек Робертсон екі анықтама береді. Оның біреуінде жоғарыда айтылған “мәліметтік күдік” - деген түсініктің мазмұнын бухгалтерлік есеп, аудит түрғысынан қарастыратын болсақ, ол бухгалтерлік есеп жасауда жіберілген қателердің салдарынан кәсіпкелігіне зиян келтіру әсерін айтады. Яғни, аудитордың міндеті сол “Мәліметтік күдікті” бар мүмкіншілігінше азайтып, кәсіпкерлердің сенімділігін арттыру. Барлық саладағы кәсіпкерлер өздерінің экономикалық мәселелерін шешу барысында басылымға шыққан мәліметтерді күдіксіз падалануына аудит кепілдік беруі қажет. Осы өзінің ойын қорытындылай келе профессор Джек Робертсон аудиттің ең негізгі міндетінің бірі осы деп атап көрсеткен.

Осындай ойын одан әрі жалғастыра отырып профессор “кәсіпкерлік күдік” - деген түсінік қосады. Бұл түсінікті кәсіпкершілік шаруашылығандағы күдіктенушілік, сенімсіздік немесе кәсіпкерлердің экономикалық даму жолындағы кауіпптілігі деп түсенугі болады. Оған себеп: инфляцияның күшеюі, салық төлемінің толқымалығы немесе көбеюі, сату процесіндегі бәсекелестіктің күшеюі, жұмысшылардың ереуіл жасауы мен тағы басқа көптеген себептерден болады. Осы аталған себептерден туындайтын “ кәсіпкерлік күдіктің” мөлшерін немесе зияндылығын кәсіпкер есептеп шығарып, өз шаруашылығын жүргезу үшін тиімді шешім қабылдай алады. “Кәсіпкерлік күдік” аудит жұмысына ешқандай әсерін тигізбейді.

АҚШ-тың аудит мамандары Э:А. Аренс және Дж. К. Лобск өздерінің жазған оқулықтарында мынадай анықтама береді: “Аудит ол процесс, арнайы мамандар арқылы дербес тәуелсіздіқ жолымен кәсіпорын шаруашылық операцияларының дұрыстығына тексеру жүргізіп, сол мәліметтер белгіленген нормативтік үлгіге сай екенін анықтап, өзінің аудиторлық қорытындысын беру”. Шетел мамандарының аудит мазмұнына берген анықтамаларын қорытындылайтын болсақ, осы сонғы анықтама басқаларына карағанда біздің ойымызша аудитті толық қарастырған сияқты

К. Ш. Дюсембаев аудит мазмұны туралы мынадай анықтама береді: “аудит - дербес сараптау және қаржы есебімен қоса шаруашылық субъектілерінің барлық жағын қамтитын мәліметтерге экономикалық талдау жасайды, ішкі бақылау жұмысын тексеріп, бухгалтерлік есептің заңдылығын және нормативтік құжаттар талабына сәйкестігін анықтап, тапсырушылар талабына жауап ретінде түсініктеме қызметін атқару ” - деген. Автордың ойынша осы анықтамада аудит эволюциясы ескерілген, екіншіден - тәуелсіз дербестігі көрсетілген, үшіншіден - аудит процесіндегі талдаудың алатын орны ерекше делінген. Себебі, талдау арқылы кәсіпорынның қатшылық жағдайы анықталып, даму жолына сәйкес ұсыныстар берледі, төртіншіден - аудиттің консалтингтік қызмет көрсету жағы айтылған.

  1. Бөлім. «Каризма» ЖШС-нің нарықтағы ролі мен орны«Каризма» ЖШС-нің экономикалық ұйымдастырылу жағдайы. «Каризма» ЖШС заңды тұлға болады және ҚР заңдарының негізі

бойынша шағын кәсіпкерлік субъектісі болып саналады.

Серіктестік қатысушылар құрамының өзгеруіне байланысты қайта тіркеледі.

Серіктестіктің атауы:

Мемлекеттік тілде - «Каризма» ЖШС

Орыс тілінде - Товарищество с органиченной ответственностью «Каризма».

1. 2. серіктестіктің тұрған жері: 09, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Деповская көшесі, 5 үй.

1. 3. Қызмет ету мерзімі шектелмеген.

Серіктестік қызметінің негізгі мақсаттары және пәні

  1. Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс табу болады.
  2. Серіктестік қызметінің пәні болады:
  • Коммерциялық қызметі;
  • Делдалдық қызмет;
  • Дүкендерді және әртүрлі нысандағы сауда орындарын ашумен сауда-саттық қызмет;
  • Көтерме, бөлшек және комиссиялық сауда;
  • Жабдықтау-сатып өткізу қызметі;
  • Халық тұтынатын тауарларды өндіру және сату;
  • Азық-түлік тауарларды өндіру және сату;
  • Сыртқы экономикалық қызмет;
  • Құрылыс өндіріс ұйымдастыру;
  • Басқа да Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызмет түрлері. Серіктестік Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған кез келген қызмет түрлерін атқара алады.

Тізімі заң актілерімен белгіленген кейбір қызмет түрлерімен серіктестік лицензиясы негізінде шұғылдана алады.

  1. Серіктестік есірткі заттарының, психотроптық заттардың және преурсорлардың айналымымен байланысты қызметті; акцизделетін өнімді және көтерме сатуды; астық қабылдау пунктерінде астық сақтау жөніндегі қызметті өткізуді; аудиторлық қызметті; бағалы қағаздар нарығындағы кәсіптік қызметті шұғылдануға құқықсыз.

Серіктестіктің таза табысын бөлу

3. 1. серіктестіктің бір жылдық нәтижелерінен алынған таза табыс серіктестік қатысушыларының қаржылық есеп беруді бектіуге арналған кезекті жалпы жиналысының шешімімен бөлінеді.

3. 2. серіктестікті болуы мүмкін шығындар резервтік қор арқылы, егер ол серіктестікте құрылса, жабылады. Резервтік қордың қаражаты жетпесе немесе резервтік қор құрылмаса, шығындарды жабатын кіріс көздері туралы шешім қатысушылардың жалпы жиналысымен қабылданады.

3. 3. серіктестік қай -бір қатысушысын таза табысты бөлуде қатысудан шеттетін келісімдер жарамсыз болады.

Серіктестіктің қызметін тоқтату.

4. 1. серіктестіктің қызметін тоқтату, оны тарату немесе қайта құру арқылы жалпы жиналыстың немесе соттың шешімі бойынша атқарылады.

4. 2. серіктестік өзінің қызметін келесі негіздемелер бойынша тоқтатады:

1) егер жарғылық капиталды кемуі нәтижесінде оның мөлшері ең төменгі көрсеткіштен азайса;

2) банкрот болып қалса;

3) серіктестіктің құрылуы кезінде заңдарды өңделе алынбайтын бұзушылықтар орын алып, оның тіркелуі дұрыс емес деп танылса;

4) иісті рұқсатсыз немесе заң актілерімен тыйым салынған немесе заңдарды бірнеше рет немесе өрескел түрде бұзумен қызмет атқарылса.

4. 3. серіктестікті қайта құру заңдармен көзделген тәртіп бойынша атқарылады.

4. 4. тарату өткізілді, серіктестік өз қызметін тоқтатты деп бұл туралы жазбаны заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізгеннен бастап саналады.

Құрылтайшылар құрамы

Серіктестіктің құрылтайшылары болады:

  1. Агыбаева Нурзия Жумадиловна - серіктестік мүлігіндегі үлесі 20% құрайды. Жеке куәлігі №006481196 14. 07. 97 ж. ҚР IIМ берілген.

Тұратын жері: 09, ҚР, БҚО, Орал қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 3 үй, 26 пәтер.

  1. Агыбаев Айбек Жумадилович - серіктестік мүлігіндегі үлесі 25% құрайды. Жеке куәлігі №014832902 22. 08. 2003ж. ҚРIIМ берліген.

Тұратын жері: 09, ҚР, БҚО, Орал қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 3 үй, 27 пәтер.

  1. Демирал Озгур - серіктестіктің мүлкіндегі үлесі 25% құрайды. Төлқұжат ТR-Т №330667 17. 10. 2006 ж. Алматы қаласындағы Түркия Елшілігімен берілген.

Шетел азаматының қоныстану ықтиярхаты № 023127524 27. 05. 2009ж. ҚР IIM берілген. Тұратын жері: 09, ҚР, БҚО, Орал қаласы, Әлия Молдағұлова көшесі, 3үй, 26 пәтер.

  1. Дограичи Чалгар - серіктестік мүлігіндегі үлесі 20 %құрайды.

Төлқұжат TR-T № 353909 06. 03. 2007 ж. Стамбул қаласының Әкіматімен берілген. Тұратын жері: Түркия Республикасы, Стамбул қаласы, Бакырой, Атакой, 5.

  1. Джанибеков Валерий Аскарович - серіктестік мүлігіндегі үлесі 10% құрайды. Жеке куәлік №02204126 07. 03. 2008 ж. ҚР ӘМ берілген.

Тұратын жері:09000, ҚР, БҚО, Орал қаласы, Есенжанов көшесі, 122 үй.

2. 1. «Каризма» ЖШС-нің бухгалтерлік сесбінің ұйымдастырылуы

1-кесте. Кәсіпорынның көлемі.

көресткіштері
2008ж
2009ж
Өсу қарқыны
көресткіштері: 1. негізгі құрал
2008ж: 12518740
2009ж: 234200751
Өсу қарқыны: 1871
көресткіштері:

2. Материалдық емес активтер

2008ж: 33435
2009ж: 52451
Өсу қарқыны: 157
көресткіштері:
  1. Жұмысшылар саны
2008ж: 41
2009ж: 37
Өсу қарқыны: 90
көресткіштері:
  1. Таза табыс
2008ж: 3431566
2009ж: 7069331
Өсу қарқыны: 206

1-ші кестеде «Каризма» ЖШС-нің кәсіпорын көлемінің көрсетікштері берілген. Негізгі құралдар 2008жылы 12518740 болған. Ал 2009 жылы 234200751 болған. Өсу қарқынының көрсетікші 10 есеге өскенін көремиз.

Материалдық емес активтер 2008 жылы 33435 болған. Ал 2009 жылы 52451 болған. Өсу қарқыны 57% өскен.

Жұмысшылар саны 2008 жылы 41 жұмысшы болған. Ал 2009 жылы дағдарыстың әсер етуіне байланысты 4 адамға азайып 37 адам болған. Өсу қарқыны 10% төмендеген.

Таза табыстың көлемі 2007 жылы 3431566 болған. Ал 2009 жылы 7069331 болған. Өсу қарқыны 2 есеге артқан.

Бұл кестеден «Каризма» ЖШС-нің қызметінің алға басып келе жатқанын көруімізге болады.

2-кесте.

Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің көлемі мен

құрылымы.

көрсеткіште
2008ж
2009ж
Өсу қарқыны
көрсеткіште:
  1. Жер
2008ж: 7594950
2009ж: 7594950
Өсу қарқыны: 100
көрсеткіште:
  1. Ғимарат
2008ж: 205235075
2009ж: 205235075
Өсу қарқыны: 100
көрсеткіште:
  1. транспорт
2008ж: 4445217
2009ж: 7585217
Өсу қарқыны: 170

2-ші кестеде Кәсіпорынның материалдық емес активтерінің көлемі мен құрылымының 2 жылдық көрсеткіші берілген.

Жер және ғимараттың өсу қарқыны 100 пайыздық көрсеткішті беріп отыр. Ал транспорттың өсу қарқыны 70 пайызға артқан. Бұл кестеден шығатын нәтиже «Каризма» ЖШС-нің жылда жаңа техниканы пайдалана отырып, үлкен нәтижелерге қол жеткізіп келе жатқанын көреміз. Кәсіпорынның қызмет саласында өз өнімдерінің бәсекеқабілеттілігін арттыруға қол жетікзу үшін, үнемі жоғары нәтижегег ұмтылып келе жатқанын көреміз.

3-кесте.

Кәсіпорындағы жұмысшылардың саны, құрамы

көрсеткіштер
2008ж
2009ж
Өсу қарқыны
көрсеткіштер:
  1. әкімшілік жұмысшылар
2008ж: 14
2009ж: 11
Өсу қарқыны: 78
көрсеткіштер:
  1. мамандар
2008ж: 28
2009ж: 35
Өсу қарқыны: 125
көрсеткіштер:
  1. басшылар
2008ж: 11
2009ж: 18
Өсу қарқыны: 163

Кәсіпорынның жұмысшылар санына анализ жасасақ, 2008ж әкімшілік жұмысшылар саны 14 болған. Ал 2009 жылы 3 адамға азайып 11 болған. Өсу қарқыны 22 пайызға төмендеген. Мамандар керісінше 25 пайызға артқан. Басшылар 63 пайызға өскен. бұдан шығатын қорытынды кәсіпорынның жылдан жылға дамып, өсіп келе жатқанын көруге болады. Жалпы кадр саясатының ауқымының кеңейгенін көруге болады.

5-кесте.

Кәсіпорынның қаржылық нәтижесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның капитал және резервтер есебі
Мемлекеттік орган қызметінің тиімділігін бағалау
Меншік капиталының аудиті туралы
Ұйымының капитал және резервтер есебі
Резервтік капитал аудиті
Меншікті капиталының есебі
Қосымша капитал және резервтік капиталдың есебі
Мекеменің меншікті капиталы мен міндеттемесінің есебі
«TASTOBE RESOURCES» ЖШС
Аудиттің фирмаішілік стандарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz