Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

І. Кіріспе . . . 1

ІІ. Негізгі бөлім

1. Лизинг туралы жалпы түсінік

1. 1. Лизингтің шығу тегі . . . 2

1. 2. Лизингтің операциялардың негізгі түрлері . . . 3

2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі

2. 1. Лизингтік операциялар есебі . . . 6

2. 2. Лизингтік келісімшарт . . . 14

3. Қазақстан Республикасындағы лизингтің сыртқы жағдайы

3. 1. Қазақстан Республикасындағы лизингтің даму жолдары . . . 15

3. 2. Лизингтік қызметтер нарығының сегменттері . . . 15

3. 3. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері . . . 20

ІІІ. Қорытынды . . . 21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 22

І. Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Лизингтік операциялар есебі». Лизинг, экономика өмірінің ең қиын кезеңдеріне қатысады, сатып алу және сату қатынастарын, аренда және займдарды қарастырады. Сондықтан да лизинг түсінігі нақты белгілі бір анықтамада болмайды.

80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебімен, несиелік қаржыландыру элементтері, қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды. Лизингтік операция бүгінгі күні қазақстандық экономикаға өте қажетті банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласы болып табылады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.

Лизинг түсінігі үш негізгі аспектілерді қамтиды:

1. Лизинг - маркетингтің белсенді бөлігі ретінде қызмет атқарады:

а) машина-техникалық өндіріс ретінде ұйымдастырылады;

б) материалдық-техникалық өндірісті қамтамасыз етеді.

2. Лизинг - ішкі нарыққа капитал салу және инвестициялық форманы ұйымдастырады:

а) банктік қызметтің жаңа формасы ретінде көрінеді;

б) лизинг - лизингтік компанияларды несиесіз қаржыландыру көздері.

3. Лизинг - экономикалық жоспардың ұйымдастыру формасы:

а) ұлттық экономикада сыртқы нарықтық бәсекелестікті көтеру;

б) мемлекеттің сыртқы қарыздарының көбеюіне жол бермеу.

Бірінші тарауда, лизингтің қалай пайда болғаны, яғни оның шығу тегі және оның түрлері, яғни шұғыл лизинг, ақша лизингі және тікелей-қаржылық лизингі және олардың атқаратын қызметтері туралы жеке-жеке тоқталамыз.

Екінші тарауда, лизингтік операцияның қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының экономикасына өте қажетті әрі маңызы зор, яғни іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция ретінде қарастырамыз.

Үшінші тарауда, Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі, оны дамыту жолдары және сыртқы елдермен байланысты мәселелері қарастырылады. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері және лизингтік келісімшарт туралы мәселелер қарастырылады.

ІІ. Негізгі бөлім

1. Лизинг туралы жалпы түсінік

1. 1. Лизингтің шығу тегі

Лизинг сөзі “to lease” ағылшын етістігінен аударғанда “жалға беру” дегенді білдіреді. Лизингтің жалға беруден (аренда) айырмашылығы - жалға беруде екі тарап қатысса: жалға беруші және алушы болса, ал лизингте үш қатысушысы: лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтаушы болады.

Лизинг - бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Банктердің лизингтік операциялары несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Тарихта лизингке ұқсас операцияның б. э. 2000 жылдай бұрын ертедегі Вавилонда жасалғандығы белгілі болғанмен, шетелдік зерттеушілер лизинг операциясының жасалғандығы туралы нақты зерттеулер ретінде 1877 жылы «Белл Телефон Компани» деген американдық компанияның телефондарды сатудың орнына жалға бергендігін тілге тиек етеді. «Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн» атты алғашқы лизингтік компания 1952 жылы Сан-Францискода (АҚШ) құрылған. Еуропада 1962 жылы «Дойче лизинг ГМ6Х» деген бірінші лизингтік компания Дюссельдорфта (Германия) пайда болған. 1972 жылдан бері Еуропада лизинг нарығы дамып келеді.

60-шы жылдың ортасында бұл елдегі лизингілік операциялар 1 млрд долларды құраса, 80-ші жылдың аяғында 110 млрд доллардан асты, яғни, ғасыр ширегінде 100 еседен көп артты. Жалдау бойынша операциялардың шапшаң өсуіне лизингілік мәміле бойынша серіктестер алатын белгілі бір артықшылықтар себеп болды.

Бүгінгі таңда нарықтық экономикасы дамыған елдердегі шаруашылық жүргізуші субъектілерге арналған лизингілік операция өндірісті техникалық жағынан қайта жарақтандыруда артықшылыққа ие операция болып саналады.

Ал, Италияда алғашқы лизингілік компания 1963 жылы құрылды, алайда жалгерлік бойынша операциялардың ең шапшаң өсімі кейінірек - 70-80-ші жылдары байқалды, Италия жалгерлік мекемелердің көп болуымен ерекшеленеді.

80-ші жылдың екінші жартысында бұл елде жуық шамамен екі мыңдай лизингілік компания болды, олардың көбісі шағын және орта компаниялар. Олардың ішінде аса ірі лизингілік компаниялардың саны - 50. Бұл ірі компаниялар - «Ассима» ұлттық ассоциацияның мүшелері. Бұл кезеңде ондаған аса ірі итальяндық лизингілік компанияның үлесіне барлық операция мөлшерінің 80 %-і тиесілі болды.

1. 2. Лизингтік операциялардың негізгі түрлері

Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін сипаттайды.

2. Қаржы лизингі - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Осы лизингтердің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын мынадай түрлері бар:

Ішкі лизинг - бұл, оның қатысушыларының бір елден болып келуімен байланысты сипатталады.

Халықаралық лизинг - бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды.

Сыртқы лизинг - экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг беруші болып табылады.

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол ссуда алады. Мұндай операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.

Банктердің лизингтік операциясы несиелік операциялармен ұқсас болып келеді. Алайда лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісімшартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейін де лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Қаржылық лизинг - бұл мүліктің толық құнын төлеп алатын мүліктің түрін жалға беру, онда уақытша пайдалануға берілген мүліктің мерзімі шамамен мүліктің амортизацияланатын және пайдаланатын мерзіміне жақын болады. Лизингтік мәміленің тараптары:

- лизинг беруші (жалға беруші) ;

- лизинг алушылар (жалға алушылар) болып табылады.

Басқаша сөзбен айтқанда, қаржылық лизинг - бұл инвестициялық қызметтің бір түрі; онда:

- лизинг беруші сатып алушыдан лизинг бұйымын лизинг келісімшарты бойынша өз меншігіне алуды, сосын оны лизинг алушыға белгілі бір ақыға, белгілі бір мерзімге, белгілі бір уақытта иелік ету жағдайына және кәсіпкерлік мақсаты үшін пайдалануына беруді міндетіне алады. Бұл кезде лизинг бұйымы лизинг алушыға берілгенде, оның мерзімі амортизацияланатын мерзіммен шамалас немесе оның 80 % бөлігіне сәйкес келуі тиіс;

- лизинг алушы келісімшартқа сәйкес төленуге жататын төлемдерді кезеңімен тиянақты түрде төлеп тұруды өз міндетіне алады. Келісімшарттың мерзімі өткен соң, лизинг бұйымы лизинг алушының меншігіне өтуі мүмкін, егер бұндай жағдай шартта қарастырылған болса.

Лизинг бұйымдарына: ғимараттар, қондырғылар, машиналар, құрал-жабдықтар, транспорт құралдары, жер телімі т. б. мүліктер жатады. Лизинг бұйымына бағалы қағаздар, табиғи ресурстар жатпайды.

Лизинг - лизингтік мәмілеге қатысушылардың қарастырған жағдайына байланысты әртүрлі болып бөлінеді:

- қайтарылатын лизинг - лизингтің бір түрі, онда сатушы осы бұйымды кері қайтарып ала алатын болса ғана, лизинг алушыға лизинг ретінде сатады;

- банк лизингі - лизингтің бір түрі, онда лизингті беруші рөлін банк атқарады;

- толық лизинг - лизингтің бір түрі, онда лизинг беруші ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады;

- таза лизинг - лизингтің бір түрі, онда лизинг алушы ағымдағы жөндеу және оның лизинг бұйымына техникалық қызмет көрсету жұмысын атқарады.

Лизинг өз нысаны бойынша ішкі және халықаралық болып бөлінуі мүмкін. Ішкі лизингте лизинг беруші де, лизинг алушы да және сатушы да Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Халықаралық лизингті, негізінен Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалары жүзеге асырады. Лизинг берушінің де, лизинг алушының да және сатушының да жауапкершілігі лизинг келісімшартымен, сатып алу-сату келісімшартымен және Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгіленеді. Лизинг келісімшарты мынадай міндетті мәнді жағдайлардан тұруы тиіс, онсыз ол келісілген деп саналмайды, келісімшарт жасалатын нәрсесі; лизинг нәрсесін сатушының аты-жөні және сатушыны таңдауды кім жүзеге асырғаны көрсетіледі; лизинг нәрсесін лизингті алушыға берудің мерзімі мен жағдайы; лизинг төлемінің мерзімділігі мен мөлшері; лизинг нәрсесінің құны; келісімшарттың әрекет мерзімі; лизинг нәрсесінің лизинг алушының меншігіне өту жағдайы; лизинг ету нәрсесін суреттеу; лизинг нәрсесін ұстау және жөндеу тәртібі; сақтандыру; лизинг берушінің атына лизинг нәрсесін мемлекеттік тіркеуден өткізуін екі жақтың біріне жүктеу; лизинг келісімшарты бойынша лизинг алушының міндеттемесін орындауын бақылау үшін лизинг берушінің жүзеге асыратын шаралары; тараптардың жауапкершілігі. Қозғалмайтын мүліктер бойынша жасалатын келісімшарттар міндетті түрде, заң актілерімен анықталған тәртіпте мемлекеттік тіркеуден өтеді. Қозғалыстағы мүліктер қойылған кепілдік ретінде міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге жатады. Лизинг нәрсесін сатушы тікелей лизинг алушының алдында сатып алу-сату келісімшарты бойынша жауапты болады. Егер де сатушы лизинг алушының қойған талабымен келіссе, онда лизинг алушыға берілетін лизинг нәрсесінің шартын өзгерту үшін, міндетті түрде лизинг берушімен келісуі тиіс. Лизинг алушының да, лизинг берушінің де сатушымен қарым-қатынасы ынтымақтасқан кредиторлар ретінде жүреді.

Лизинг бойынша марапаттау өз кезегінде екі әдісте пайдаланады: не өсіп отыратын пайыздық мөлшерлемесін, немесе алдын-ала қарастырылған пайыздық мөлшерлемесін.

Бухгалтерлік есепте қаржылық лизинг бойынша жасалатын операциялар онда қарастырылған келісімшарттың жағдайына байланысты көрініс табады.

Бұл мысалдың шарты бойынша негізгі құрал лизинг алушының балансына берілген:

Қатар

Шаруашылық операцияларының мазмұны

Сомасы,

теңге

Шоттар корреспонденциясы
Қатар№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Дебет
Сомасы,теңге: Кредит
Қатар№:
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Лизинг берушідегі операциялардың көрінісі
Қатар№: 1
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Негізгі құрал лизингіге берілді:

- құрал-жабдықтың баланстық құнына

- берілген лизинг мүлігінің келісімшарттық құнына

-ҚҚС-ның сомасына (16 %)

Сомасы,теңге:

7

9

144000

Шоттар корреспонденциясы:

842

334, 301

334, 301

121-125

722

633

Қатар№: 2
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Лизингіге берілген негізгі құралдың құнымен жалпы

лизингтік төлем сомасы арасындағы айырмасы болашақ кезеңнің табысы

ретінде көрсетілген

Сомасы,теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 301, 334
611
Қатар№: 3
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Лизигтік қызметтен марапаттау мөлшерінде алынған табыс ағымдағы

кезеңге жатқызылып көрсетіледі

Сомасы,теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 611
705
Қатар№: 4
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Лизинг алушының лизинг бойынша алған міндеттемесі төленді
Сомасы,теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 611
301, 334
Қатар№:
Қатар№: 5
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Лизинг ретінде алынған негізгі құрал кірістелді:

- алынған мүліктің келісімшарттағы құны бойынша

- ҚҚС сомасына(16%)

Сомасы,теңге:

9

144000

Шоттар корреспонденциясы:

121-125

331

683

683

Қатар№: 6
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Лизинг ретінде алынған мүлік үшін марапаттау

есептелінді

Сомасы,теңге: 3
Шоттар корреспонденциясы: 831
684
Қатар№: 7
Шаруашылық операцияларының мазмұны:

Лизинг берушіге берген

міндеттемесі төленді

Сомасы,теңге: 1344000
Шоттар корреспонденциясы: 683, 684
441, 451
Қатар№: 8
Шаруашылық операцияларының мазмұны: Лизинг ретінде қабылданған негізгі құралдар бойынша амортизация есептелінді
Сомасы,теңге: 108000
Шоттар корреспонденциясы:

935, 946, 811,

821

131-134

2. Қазақстан Республикасындағы лизинг бизнесі

2. 1. Лизингтік операциялар есебі

Бухгалтерлік есепте лизинг беруші банктің алынған мүлікті қаржылық лизингке ұсынумен байланысты операцияларын көрсету тәртібі банктің ішкі құжаттарында қарастырылуы және есептік саясатта белгіленуі тиіс.

Лизинг келісімі жасалып, мүлік мемлекеттік тіркеуден өткен соң, сатушыдан лизинг беруші меншігіне алынып, кәсіпкерлік мақсатына уақытша пайдалануға және ұстауға лизинг алушыға жалданатын мүліктік есепте келесі түрде көрсетіледі.

Лизинг берушінің лизинг затын сатушыдан алу және лизинг келісімінің шартына сәйкес жолдау:

- Негізгі құралды алу:

Дт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар»

Кт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар».

- Алынған негізгі құралдар үшін төлем:

Дт 2856 «Күрделі қаржы салымы бойынша кредиторлар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Лизинг затын лизинг келісімшарттарына сәйкес, лизинг алушыға уақытша

ұстауға және кәсіпкерлік мақсатта қолдануға беру:

Дт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»

Кт 1656 «Жалға беруге арналған негізгі құрал-жабдықтар».

Ай сайын айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей лизинг беруші лизинг бойынша сыйақыларды есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

Кт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер».

Егер лизинг алушы өз қаржысы есебінен және лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг затына зиян келтірмейтін жақсарту жүргізсе, лизинг беруші лизинг алушы алдындағы бұл жақсартудың құнын өтеу бойынша лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда өз міндеттемелерін мойындайды.

Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 5922 «Банктік емес қызметтен өзге шығыстар»

Кт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар».

Лизинг келісімімен қаралған төлемдерді мерзімінде алғанда лизинг беруші келесі бухгалтерлік өткізбелерді жүзеге асырады:

а) лизинг бойынша қосылған сыйақыны өтеу бойынша:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

ә) лизинг затын алу, жеткізу және оны лизинг келісімін жасау кезіндегі баға бойынша лизинг келісіміне сәйкес мақсатында қолдану үшін жұмыс жағдайында келген шығындар мен басқа да кез келген шығындарды қапына келтіру бойынша:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

Лизинг алушы сыйақы бойынша төлемдерді, сондай - ақ қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасы кешіктірілгенде, келесі бухгалтерлік өткізбе құрылады:

а) Есептелген сыйақы сомасына:

Дт 1731 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша мерзімі өткен сыйақы»

Кт 1730 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер»

1740 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша есептелген кірістер».

ә) Негізгі борыш сомасына:

Дт 1306 «Банктің қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

б) Негізгі борыш сомасы бойынша Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілеріне сәйкес құрылатын мәжбүрлі шығын сомасына:

Дт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

Кт 1339 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »

1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) ».

Бірмезгілде, есептелген сыйақы мен негізгі борыш өз уақтылы төленбесе (егер бұл лизинг келісімінде көрсетілмесе) лизинг беруші айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасын есептейді. Бұл кезде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»

Кт 4900 «Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) ».

Лизинг алушыдан мерзімі ұзартылған төлемдер қайтарылғанда, келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

а) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1860 «Банк қызметі бойынша өзге дебиторлар»;

ә) Мерзімі ұзартылған сыйақы сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»;

б) Негізгі борыш сомасына:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары»

Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»;

в) Алдын ала құрылған мәжбүрлі шығындар сомасына:

Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »

1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »

Кт 5452 «Басқа банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу»

5455 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтерге (мәжбүрлі шығындарға) ақша бөлу».

Лизинг келісімінің әрекет ету мерзімі аяқталған соң лизинг заты лизинг шартының келісіміне сәйкес лизинг алушыдан лизинг берушіге қайтарылады:

а) Егер лизинг заты толық амортизацияланса, онда лизинг беруші аталған лизинг затын қабылдау-өткізу акті бойынша қабылдайды және қажет болса оны одан әрі қолдану бойынша жүйеден тыс есепке кірістейді;

ә) Егер лизинг заты толық амортизацияланбаса, қалдық құн сомасына лизинг берушіде келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 1652 «Жер, үйлер мен ғимараттар»

1653 «Компьютерлік қондырғылар»

1654 «Басқа да негізгі құралдар»

1655 «Қаржылық лизингке алынған негізгі құрал-жабдықтар»

1658 «Көліктік құралдар»

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі».

Егер лизинг келісімінің шарты бойынша лизинг заты қайтарылмаса және аталған лизинг заты тоық амортизацияланбаса, онда лизинг алушы мен лизинг берушіге қалдық құнды қалпына келтіруі лизинг келісімшартымен реттеледі.

Лизинг алушының меншікті қаржысы есебінен жүргізген жақсарту құнын қалпына келтіру кезінде, лизинг берушімен келесі бухгалтерлік жазба жасалады:

Дт 2860 «Банктік қызмет бойынша өзге кредиторлар»

Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары».

Жаңадан құрылған мәжбүрлі шығындар есебінен қаржылық лизинг бойынша негізгі борыш сомасын лизинг алушы өтеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:

а) Негізгі борыш сомасына:

Дт 1339 «Басқа банктерге банктерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »

1439 «Клиенттерге берілген қарыздар және қаржы лизингі бойынша арнайы резервтер (мәжбүрлі шығындар) »

Кт 1306 «Банк қарыздары бойынша басқа банктердің мерзімі өткен берешегі»

1424 «Банк қарыздары бойынша клиенттердің мерзімі өткен берешегі»;

Кт 1305 «Басқа банктерге қаржы лизингі»

1420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі»;

Бірмезгілде кіріс 7130 «Шығынға шығарылған борыштар».

ә) Мерзімі өтіп кеткен сыйақы сомасына:

Дт 4305 «Басқа банктерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

4420 «Клиенттерге берілген қаржы лизингі бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер»

Кт 1731 «Басқа банктердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар»

1741 «Клиенттердің ұсынған қарыздары мен қаржылық лизингтері бойынша мерзімі өткен сыйақылар», бірмезгілде кіріс

б) Айып, өсімақы және тұрақсыздық сомасына:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы лизингі жалға алушының төлемдері негізінде жалға алынатын мүліктің толық амортизациялануын қарастыратын келісім
Лизингтің теориялық негіздері. Қазақстандағы лизинг бизнесі
Қазақстан Республикасының лизинг бизнесі
«Банк ісі» лекциялық курсы
Лизинг бизнесі
Қазақстандағы лизингтік қызмет жағдайын талдау және бағалау
Лизингтік қатынастар туралы
Лизингтік операциялар есебі
Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры
Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz