Қазақстан Республикасындағы салық салу жүйесін талдау


Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   

I ТАРАУ. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА САЛЫҚТЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ

1. 1 Салықтар: ұғымы, типтері және эволюциясы

Салық, алым, баж және басқа төлемдер деп заң актілерімен белгіленген тәртіп пен шарттарға сәйкес, төлеушілердің бюджетке, немесе, бюджеттік емес қорларға міндетті түрде жасайтын жарнамалары аталады. Ұлттық табысты қайта бөлу факторы бола отырып, салықтар мына жағдайларды жүзеге асырады: бөлу жүйесінде пайда болатын қателіктерді жоюға мүмкіндік туғызады, адамдардың осы немесе басқа әрекеттердің дамуын ынталандырады.

Салық төлеуші, салық міндеттемесін орындау барысында, салық салынатын объектісін, салық базасын, салық мөлшерлемесін, салық кезеңін білуге міндетті болады. Бұл кезде: салық салынатын объектісі және салық салумен байланысты объектілері: мүлік және әрекеті болып табылады, егер де олар бар болса, онда салық төлеушінің міндеттемесі де пайда болады.

Мемлекетке түсетін салықтардың, алымдардың, баждардың және басқа төлемдердің жиынтығы және олардың құрылуының формалары мен әдістерінің жиынтығы салық жүйесін құрайды.

Салық жүйесі мемлекеттің сәйкес заңдылық актілеріне негізделеді. Оның арқасында салықтың құрылуының және жиналуының нақты әдістері, яғни салықтың элементтері белгіленеді:

• салықтың субъектісі, немесе, салық төлеуші - арқылы салық төлеу міндеті артылған адам. Бірақ, салықтың ауыртпашылығы бағалар механизмі арқылы, басқа тұлғаға жүктелуі мүмкін, сондықтан арнайы салық төлеу қызметін атқарушы - салықты ақиқат төлейтін тұлға белгіленеді;

• салықтың объектісі - салық есептелетін табыс немесе мүлік (жалақы, пайда, құнды қағаздар, жылжымайтын мүліктер т. б. )

• табыстың көзі - есебінен салық төленетін табыс;

• салық ставкасы - салық салыну бірлігіне келетін салықтың көлемі (табыстардың ақша түріндегі бірлігі, тауардың өлшем бірлігі және т. б. ) .

Тұрақты, пропорционалдық, прогрессивтік, регрессивтік салық ставкалары болады.

Тұрақты ставкалар - табыстар көлемінің мөлшеріне байланысты емес, салым бірлігіне абсолюттік сомада белгіленеді.

Пропорционалдықтар - салық объектісіне, оның жіктелуіне байланысты болмай, біркелкі проценттік қатынаста салынады.

Прогрессивттік ставкалар - табыстың өсіп отыруына байланысты прогрессивтік салықтың орташа ставкасы өсіп отырады. Салық салудың прогрессивтік ставкасы бойынша, салық төлеуші табыстың үлкен абсолюттік көлемін төлеп қоймайды, ол оның үлкен үлесін төлейді. Прогрессивтік салықтардың зардабын үлкен табысы бар адамдар тартады.

Регрессивттік ставкалар - табыстың өсіп отыруына сәйкес регрессивтік салықтың орташа ставкасы төмендейді. Регрессивтік салықтар үлкен табыстары барларға пайдалы, ал табыстары көп емес физикалық және заңды тұлғалар үшін өте ауыр келеді.

Төлем жасау қабілеттілігіне байланысты салықтар тікелей және данамаға бөлінеді.

Тікелей салықтарды салық субъектілері тікелей төлейді. Олар заңды және физикалық тұлғалардан алынады. Тікелей салықтар төлем қабілеттілігіне тікелей пропорционалды болады. Осыған жататындар:

• азаматтарға салынатын табыс салығы және корпорациялардың (фирмалардың) пайдасына салынатын салық;

• мүлік салығы, осының ішінде меншікке (жерге, қозғалмайтын мүлікке), әлеуметтік сақтандыруға, жалақы қорына және жұмысшы күшіне (әлеуметтік салықтар және әлеуметтік жарналар деп аталатындар) салынатын салықтар; пайданы шетелге аударған үшін салынатын салықтар.

Жанама салықтар - бұл белгілі тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Жанама салықтар бағаға үстеме жасалып алынады. Бұлар жарым-жартылай, немесе, толық тауар, немесе, қызметтер бағасына аударылады. Жанама салықтардың негізгі түрлері:

• үстеме құнға салынатын салық, акциздер (тауар немесе қызметтердің бағасына қосылатын салықтар) ;

• мұрагерлік салық;

• жылжымайтын мүліктермен және құнды қағаздармен жасалатын

келісімдерге салынатын салық және басқалар.

Дамыған елдердегі салық салу тәжірибесіне жүгінсек, салықтардың жетекші екі түрі болады. Мұның негізін табыс салығы - азаматтар және заңды тұлғалар табыстарының барлық көздерінен түскен жиынтық түсімдерге прогрессивтік салық салу және үстеме құнға салынатын салық құрайды.

Табысқа салынатын салықтар физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы және заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы деп ажыратылады.

Индивидуалдық табыс салығы - бұл жеке табыстар салығы, салық төлеуші физикалық тұлғаның табыстарынан (әдетте жылдық) алынатын алым болып табылады. Төлемдер жыл бойы жасалынады, бірақ түпкі есеп жыл аяғында жасалады. Салықтың бұл түрі тікелей прогресивтік салыққа жатады. Әр елдердің салық жүйелерінің ортақ ұқсастықтары болады, бірақ солардың әрқайсысында өздерінің ерекше салық ставкалары мен салық салуға жатпайтын, салық несиелері мен төлем даталары болады. Осымен қатар, салық жүйелерінің көбінде серіктестіктер салық салудың жеке объектісі деп саналмайды. Олар арқылы пайда серіктестіктің мүшелеріне салынады.

Соңғы жылдары табыс салығының ставкасын төмендеу тенденциясы байқалып отыр. Көп экономистердің тұжырымдауы бойынша, «әділетті» салық жүйесі үшін табыс салығының ашық бейнеленген прогрессивтік ставкалары қажет, яғни байлар кедейлермен салыстырғанда үлкен салық төлеу керек.

Заңды тұлғаларға табыс салығы - корпорациялардың пайдасына салынатын салық. Көп елдерде бұл тікелей прогрессивтік салық болып табылады. Осы салық корпорация заңды тұлға болса ғана алынады.

Корпоративтік салық фирмалардың салық төлемдердің басым көбін құрайды. Салық фирманың таза пайдасына (жалпы түскен түсімнен барлық шығындар мен зияндары алып тастағанда қалғандар) салынады. Дивиденд түрінде акйионерлер арасында бөлінуге тиісті таза пайданың бөлігіне салық салу әр елде әр түрде жүреді. Алынған дивидендтер физикалық тұлғаларға салынатын табыс салығы объектісіне жатады. Мұның нәтижесінде бір сомаға екі рет салық салынады - бастапқыда, фирманың пайдасының бөлігі деп осыдан кейін, салық салу жүйесінің көзқарасы бойынша, акционерлердің табысына айналан, бөлінетін пайда деп, оған жеке табыс салығы салынады.

Салықтың дамыған елдердің көбінде қолданылатын маңызы жағынан екінші түрі - қосылған құнға салынатын салық. Еңбек процесінде өздерінің қарамағына келіп түскен еңбек заттарына құн қосқан салық төлеушілеріне, олардың қосқан құнына салық салынады. Бірақ салық төлеушілердің әрқайсысы осы соманы түпкі тұтынушыға жылжып отыратын өзінің тауарының бағасына қосады. Қосымша құн салығы тауарлар мен қызметтер сататын фирмаларға сатылатын тауар құнының 5-тен 38% көлеміне салынады және осы салық көп қолданылатын тауарлар мен қызметтерге салынады.

Дамыған елдердің салық салу жүйесі салықтарды кәсіпкерлікті қолдап ынталандыру үшін пайдаланады. Осы мақсатпен белгілі жеңілдіктер қолданылады. Олардың маңыздысына инвестициялық салық несиесі, тездетілген амортизация, жер қойнауының әлсіреуіне жеңілдік беру жатады. Мән жағынан инвестициялық несие жеке бизнесті мемлекеттің капиталдық салыммен қаржыландыруы болып табылады. Мазмұны жағынан инвестициялық салық несиесі салықтың жеңілдікке жатады. Ол ескірген жабдықтарды айырбастау және жаңа техника енгізуді талап етеді.

Жанама салықтың қатарында кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі бері өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезенде, әсіресе шет елдер тауарлардан алынатын кеден салығының маңызы зор.

1. 2 Салық салудың принциптері мен түрлері

Салық салу жүйесінің басты буыны - бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизация, табиғи кендердің азаюы, қайырымдылық қоры төлемдері және т. б. шығындар. Көптеген елдерде корпорация пайдаларына салық

салу ставка пропорциялары арқылы жүреді.

Жанама салықтың қатарына кеден, баж алымдары жатады. Олар тауарларды мемлекеттік шекарадан әрі-бері алып өткенде төленетін салықтар. Қазіргі кезеңде, әсіресе шет елдер тауарларынан алынатын кеден салығының маңызы зор. Кеден салығының механизмі арқылы мемлекет белгілі тауарлардың шеттен әкелінуін тежеп, өзінің ішкі рыногын шетелдік бәсекеден қорғайды. Қазіргі мемлекеттердің финанс жүйесінде маңызды рөлді орталық үкіметтің салықтарымен қатар жетгілікті жерлердің салықтары да атқарады. Олардың ішіндегі ең бастылары: меншік салықтары, әр түрлі жанама салықтар.

Салық салу арқылы реттеу әдістері салалардың бәсекелестігін ынталандыруға, капиталдың қорлануына қолайлы жағдай жасауға, корпорациялардың әлеуметтік қызметін қолдауға кеңінен пайдаланылады. Осы мақсатта салықты корпорация қызметтерінің түрлеріне қарай пайдалану жөнінде түрлі жеңілдіктер беріледі. Мұндай шараларға мысалы, өндіруші компанияларды (әсіресе мұнай мен газ өнеркәсібінде олардың табиғи қорларының азаюына байланысты) салық арқылы ынталандыру жүйесі жатады. Бұл ережеге сәйкес өндіруші компаниялар пайдалы қазбалар көзінің азаюына және өндіріс жағдайларының қиындауына байланысты салық төлемейді. Салықтық жеңілдіктер беру арқылы мемлекет өндіргіш күштерді аймақтық орналастыруға, инфрақұрылым объектілерін салуға және т. б. айтарлықтай әсер ете алады. Салықты реттеуде мемлекет тек жекелеген шаралар жүргізіп қоймай, сонымен қатар барлық шаруашылық конъюннктураға ықпал етеді. Экономикалық тоқыраудан шығу үшін мемлекет салық салудағы жеңілдіктер беру жолымен күрделі қаржыны ынталандырып, тұтыну мен инвестицияны қолдап, тауарларға жиынтық қоғамдық сұраныстың болуы үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Бүкіл экономикалық конъюктураны ынталандырудың ірі шараларына мысалы, 80-жылдарда АҚШ үкіметінің басына келген Рейген әкімшілігінің салықтарды едәуір қысқартуы жатады. Бұл бағдарламаның теориялық негізі ретінде американ экономисі А. Лаффердің есебі алынған. Олсалықты азайтудың нәтижесінде мемлекеттің экономикалық өсуі мен табыстың көбеюін дәлелдеді. Лаффердің ойынша корпорациялар табысына шектен тыс салық ставкасын көтеру олардың күрделі қаржыға деген ынтасын жояды, ғылыми-техникалық прогресті тежейді, экономикалық өсуді баяулатады, сөйтіп мемлекеттік бюджеттің түсімдеріне кері әсер етеді.

Басқаша айтқанда болашақта шектен тыс салықты азайту қор жинауды, инвестицияны, жұмыспен қамтуды арттырып жиынтық табыстың көлемін ұлғайтады. Нәтижесінде салықтық түсімдердің нәтижелілігі өседі, тапшылық азаяды, инфляция бәсеңдейді. Әрине Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Бұл теорияға сын тұрғысынан терең талдау жасамай, мынаны ғана атап өтуге болады. Лаффердің қисық сызығының тиімділігі тек еркін рынок механизмінің қалыпты жағдайында ғана мүмкін болады. Жалпы рыноктық экономика жағдайында инвестицияға салық ставкасынан басқа да факторлар ықпал етеді. Бұлардың ішіндегі ең бастылары циклдық ерекшеліктер және компания тауарларына сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы, олардың пайдаларының өсуі.

1. 3 Салық салу жүйесі және салық салу саясаты.

Мемлекеттік «салық салу саясаты» - салық саласындағы шаралар жүйесін

қоғамның оның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік- экономикалық мақсаттар мен

міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізеді.

Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру.

«Салық жүйесі» - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель.

Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай : қаржы қатынастары және осы қатынасты анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық қызметі органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі принциптері және т. б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсыда, тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор.

Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.

Салық салу элементтері. Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық ставкасы, салық өлшем бірлігі салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеушінің және салық қызметі органдарының құқы мен міндеттері, - салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.

* Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.

* Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т. б.

* Салық көзі - салық салынатын табыс.

* Салық ставкасы немесе бәсі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.

* Ставкалар тұрақты немесе процентпен белгіленеді.

* Тұрақты ставкалар салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты соммамен тағайындалады.

Салық қызметінің негізгі міндеттері мыналар:

- салық заңдарының орындалуын қамтамасыз ету, оның тиімділігін зерделеу;

- заңдардың, салық салу мәселелері жөнінде басқа мемлекеттермен жасалатын шарттардың жобаларын әзірлеуге қатысу;

- салық төлеушілерге олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, салық заңдары мен салық салу жөніндегі нормативті актілердегі өзгерістер туралы салық төлеушілерге уақтылы хабарлап отыру.

Салық төлеушілер өз тарапынан мынадай міндеттерді атқарулары тиіс:

  • уақытылы салық инспекциясына тіркеліп, тіркеу нөмірін алуға;
  • мемлекеттік салық комитетінің актілеріне сәйкес есеп құжаттамаларды жүргізуге, осы есеп құжаттамаларды бес жыл бойы сақтауға;
  • белгіленген мерзімде салық декларациясын тапсыру;
  • атқарылған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін төлемді жүзеге асыратын
  • салық, төлеуші салық қызметінің талабы бойынша атқарушыға төленген
  • соммалар туралы ақпарат беруге;
  • салық заңдарын, салық төлеу тәртібін, салық төлеу мерзімін қатаң сақтауға;

II. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ САЛУ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ

2. 1 Қазақстан Республикасындағы салық салу жүйесінің ерекшеліктерін талдау

Салық салудың әлеуметтік салдарлары оның шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың әлеуметтік жағдайларына оң немесе керісінше теріс әсер ететіндігін көрсететін бірден бір көрсеткіш және салық жүйесін үнемі жетілдіріп отыруға негіз болатын маңызды фактор болып табылады. Салық салу жүйесінің көмегімен мемлекет субъектлерге шаруашылық жүргізудің және қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешудің жағымды жағдайын жасауы немесе оны тежеуі мүмкін. Осы тұрғыдан қарағанда, салық салу процессінен түрлі жағымды немесе жағымсыз, оң немесе теріс салдарлардың туындайтыныдығын байқауға болады.

Басқа салықтарға қарағанда (мүлік, жер және көлік құралдарына салынатын салық) жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен жанама салықтардың «кері әлеуметтік салдары» басым болып келеді, өйткені, кәсіпорындардан гөрі кез келген адам қалай да өздерінің табыстарын әлеуметтік қажеттіліктерге жұмсауға тырысады. Сонымен қатар, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы, шын мәнінде негізгі мүшесі қоғамның болашағы және негізгі құндылығы болып келетін отбасынан алынады, олардың материалдық және әлеуметтік жағдайынаәсер етеді. Ол механизмді төмендегі сызба түрінде келтіруге болады:

Кесте 2. 1 - Салық жүйесінің отбасының әлеуметтік жағдайына әсер ету механизмі

Егер, салық жүйесі жеткілікті түрде жетілдірілген болса, онда кәсіпорынның қызмет етуіне дұрыс мүмкіндік жасалады. Салықтың мұндай қызметін ынталандырушы, сондай-ақ, ұдайы өндірістік мақсаттағы функция деп атауға болады. Фискалды артықшылығы бар салық саясаты арқылы бюджеттік ресурстар өндірістік емес саланы дамытуға, ғылыми, мәдени және басқа қоғамдық-әлеуметтік аяның қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмсалады. Нарықтық экономика жағдайында мемлекет шаруашылық және әлеуметтік салалардағы әкімшілік қызметімен айналыспайды. Бұл процесстерді басқару көбінесе реттеу функциясы арқылы жүзеге асырылады. Салық жүйесінің реттеуші функциясы коммерциялық ұйымдардың қызметінде маңызды рөл атқарады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызмет етуінің тиімділігі ондағы жұмыс істейтін қызметкерлердің жалақысының жоғарылауына мүмкіндік береді, ол сәйкесінше орта топ өкілдерінің қалыптасуына әкеледі, ұлттық экономиканың дамуына оң әсер береді (Кесте 2. 2) .

Кесте 2. 2 - Салық салу жүйесінің әлеуметтік және экономикалық процесске тигізетін әсері

Жетілдірілген салық салу жүйесі қызмет еткен кезде шаруашылық субъектілерінде инвестицияны қаржыландыратын қосымша қаржы көзі пайда болады. Салық жүйесін жетілдіру бюджетке түсетін түсімнің көлемін салық ауыртпалығын жоғарылатпай-ақ көбейтуге бағытталуы қажет. Осы орайда соңғы жылдары мемлекет тарапынан көптеген шаралар қолға алынып келеді. Салық мөлшерлемелері жеке табыс салығы, әлеуметтік салық, қосылған құнға салынатын және меншікке салынатын салықтар бойынша төмендетілген. 2006 жылы салық заңнамасына салық ауыртпалығын төмендетуге байланысты өзгертулер енгізілді, атап айтқанда ҚҚС бойынша салық мөлшерлемесі 15% -дан 14% төмендетілді, арнаулы салық режимі бойынша оңайлатылған декларация негізінде қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалардың табысына салық салу 3% дейін төмендетілді және т. б. 2008 жылдын бастап әлеуметтік салықтың мөлшерлемесі 30%-ға төмендейді. Бірақ, салық мөлшерлемесінің төмендеуі бюджеттің кіріс бөлігіне өзінің кері әсерін тигізе қойған жоқ. 2005 жылдың қорытындысы басқа жылдармен салыстырғанда ерекше, яғни, салықтық түсімдердің өсу қарқыны алдыңғы жылмен салыстырғанда 168% көтерілген. Ал, 2006 жылы сәйкесінше өткен кезеңнен 110% көтерілген.

Мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайға әсер ету кезінде өз функцияларын қалай жүзеге асыратыны бюджеттің түсім жағынан орындалуына тікелей байланысты. Осы орайда жекелеген салықтардың атқаратын рөлі ерекше (Кесте 2. 3) .

Кесте 2. 3 2000-2006 жылдар аралығындағы Мемлекеттік бюджет кірісіндегі салықтық түсімдердің өсу серпіні

(млрд. тг)

Түсімнің түрлері
2000ж
2001ж
2002ж
2003ж
2004ж
2005ж
2006ж
Түсімнің түрлері: Кірістер, оның ішінде
2000ж: 587, 7
2001ж: 730, 5
2002ж: 807, 8
2003ж: 1004, 5
2004ж: 1286, 7
2005ж: 2098, 5
2006ж: 2337, 0
Түсімнің түрлері: Салықтық түсімдер
2000ж: 524, 0
2001ж: 635, 7
2002ж: 750, 7
2003ж: 947, 2
2004ж: 1186, 1
2005ж: 1998, 3
2006ж: 2209, 1
Түсімнің түрлері: КТС
2000ж: 163, 5
2001ж: 169, 0
2002ж: 207, 3
2003ж: 272, 6
2004ж: 382, 8
2005ж: 834, 3
2006ж: 776, 6
Түсімнің түрлері: ЖТС
2000ж: 51, 0
2001ж: 68, 5
2002ж: 77, 3
2003ж: 93, 2
2004ж: 98, 5
2005ж: 122, 9
2006ж: 165, 0
Түсімнің түрлері: Әлеум. салық
2000ж: 99, 0
2001ж: 124, 2
2002ж: 133, 8
2003ж: 157, 6
2004ж: 167, 9
2005ж: 197, 3
2006ж: 236, 5
Түсімнің түрлері: ҚҚС
2000ж: 115, 1
2001ж: 159, 9
2002ж: 175, 8
2003ж: 231, 3
2004ж: 242, 9
2005ж: 343, 9
2006ж: 489, 5
Түсімнің түрлері: Акциздер
2000ж: 19, 2
2001ж: 21, 8
2002ж: 25, 4
2003ж: 26, 9
2004ж: 29, 9
2005ж: 33, 4
2006ж: 47, 4
Түсімнің түрлері: Мүлік салығы
2000ж: 14, 7
2001ж: 20, 9
2002ж: 24, 4
2003ж: 27, 1
2004ж: 31, 5
2005ж: 37, 2
2006ж: 48, 3
Түсімнің түрлері: Жер салығы
2000ж: 5, 5
2001ж: 5, 4
2002ж: 5, 3
2003ж: 5, 4
2004ж: 5, 9
2005ж: 6, 9
2006ж: 7, 9
Түсімнің түрлері: Көлік құралары салығы
2000ж:

5, 9

2001ж:

6, 3

2002ж:

5, 0

2003ж:

5, 1

2004ж:

5, 9

2005ж:

7, 0

2006ж:

8, 4

Түсімнің түрлері: Табиғи ресурстарды пайд-ны үшін түсімдер
2000ж:

22, 0

2001ж:

27, 2

2002ж:

48, 7

2003ж:

73, 6

2004ж:

157, 8

2005ж:

335, 6

2006ж:

301, 0

Түсімнің түрлері: Халықаралық сауда және сыртқы опер-ға салық
2000ж:

18, 4

2001ж:

25, 9

2002ж:

38, 6

2003ж:

42, 4

2004ж:

50, 3

2005ж:

62, 2

2006ж:

109, 8

Түсімнің түрлері: Басқа да салықтар мен алымдар
2000ж: 8, 6
2001ж: 5, 4
2002ж: 3, 2
2003ж: 3, 4
2004ж: 4, 9
2005ж: 4, 7
2006ж: 6, 0
Түсімнің түрлері: Салыққа жатпайтын түсімдер
2000ж:

38, 6

2001ж: 70, 5
2002ж:

47, 5

2003ж:

44, 8

2004ж:

81, 5

2005ж: 66, 0
2006ж: 53, 7
Түсімнің түрлері: *ҚР ҚМ статистикалық бюллетені, 2000-2006. №12.

Бюджетке түсетін салықтық түсімдердің 60-70 пайызын корпорациялық табыс салығы, жеке табыс салығы, әлеуметтік салық және қосылған құн салығы құрайды.

Кестедегі мәліметтерден, аталған салықтардың әлеуметтік салдарларының қай жағынан болса да басқа салықтарға қарағанда басым екендігін байқауға болады, ал, оны бағалау үшін салықтардың әлеуметтік салдарларын анықтаудың критерийлері қажет.

Жалпы, салықтан туындайтын салдарды анықтаудың, біздіңше, екі түрлі бағытын таңдауға мүмкіндік бар. Біріншісі, әлеуметтік салдарды сандық (тікелей) көрсеткіштер арқылы анықтау, бұл көрсеткішті әлеуметтік салдарларға баға беруші және өлшеуші ретінде қарастыруға болады. Ал, екінші бағыт, әлеуметтік саланың басымдықтарына байланысты сапалық (жанама) көрсеткіш. Сөйтіп, салықтың әлеуметтік салдарларын тікелей және жанама түрлерге бөліп қарастырудағы біздің мақсатымыз қандай бағытты жетілдіргенде халықтың, ол арқылы жалпы халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға мүмкіндік туындайтындығын анықтау.

Салық салу жүйесінің негізгі әлеуметтік-экономикалық мақсаты фискалды саясаттың жүзеге асырылуы болып табылады. Аталған саясатты өз деңгейінде орындай алмайтын кез келген салық механизмінің мейлі әлеуметтік тұрғыдан, мейлі экономикалық тұрғыдан ұтымды деп саналуы неғайбыл.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық жүйесінің атқаратын қызметтері
Корпоративтік табыс салығының есебі
Қазақстан Республикасының салық жүйесі: реформалар және жағдайын талдау
Қазақстан Республикасы салық жүйесіндегі салық реформалары
Салық мекемесіндегі іс-тәжірибе есебі
Салық жүйесінің экономикалық мәні
Салық төлеушілерді тіркеу есебі
Халықаралық салық салудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының салық салудың принциптері
Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғалардың табысына салық салу мен өндіріп алу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz