Бауыржан Момышұлының өмIрI мен шығармашылық жолы



МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

НЕГIЗГI БӨЛIМ
1 БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМIРI МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
1.1 Бауыржан Момышұлының шығармашылық өмiрбаяны ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Бауыржан Момышұлы шығармашылығының жанрлық құрамы ... ... ... .. 7

2 СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МЕН АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДIК ТАНЫМЫ
2.1 “Москва үшiн шайқас” романдағы соғыс шындығы ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қаһарман бейнесiн жасаудағы жалпы сипат пен жалқы ерекшелiктер ... ...22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың, көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес, сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі, жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы, батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз кезiнде:
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,”
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды.
Қазақ әдебиетінде осынау азаматтық тұлға туралы аз жазылмағандығымен Бауыржан Момышұлының образын толыққанды танытатын көркем шығармалар жеткілікті деп айта алмаймыз. Бұл жерде біз халқымыздың жадында сақталған бейнесін жасаған, аңыз-әңгiмелерден тұратын естелiктердi айтып отырғанымыз жоқ. Әрине, олар молынан кездеседi. Әңгiме Баукеңнiң әдеби көркем бейнесiн жасаған таза жазба әдеби шығармалар туралы болып отыр. Бiраз жазылғаны рас. Бiрақ бiзге аздау көрiнедi. Әрi олардан Бауыржан Момышұлын бiржақты танитын секiлдiмiз.
Қалай дегенде де, Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі көркем бейнесі және ел ұғымындағы толымды да тұтас бейнесі бір жақты көзқарас тұрғысынан жасалған секiлдi. Ол тек соғыс қаһарманы ғана емес, сонымен бірге жарқын да жалқы, бiр туар азаматтың толымды бейнесі болуға тиiс едi. Оған жазушы Бауыржан Момышұлының рухани ұлылығын қосыңыз, сонда алуан қырлы алып тұлғаның өзі, оның қайталанбас болмысы танылары талассыз. Бұған деген талпыныс та, iзденiс те бар. Бiрақ нәтиже қандай? Бiздiң назар аудармағымыз да осы мәселе.

Тарих қойнауындағы қиян - кескі шайқастар мен соғыстардан тысқары қалмаған біздің кешегі қоғам, сол қанды шайқастардың ортасында туатын ерліктің талай ғасырлық ізіне куә бола отырып, ерліктің мадақталуы тек Ұлы Отан соғысы жылдары ғана ойға оралған тың тақырып еместігіне дәлел бола алады. Отанын, туған елі мен жерін сырт жаудан қорғауда табандылық танытып, ерліктерімен ерекшеленетін батырларын дәріптеу қай ұлттың әдебиетінде болсын ерлiктi асқақтатқан, рухты биiктеткен ұлы дәстүрмен, ғасырлар қойнауынан жинақтаған тәжірибемен ұласады.
Ұлы Отан соғысы – бүкiл кеңес халқымен бiрге қазақ ұлтының қаһармандық күресiнiң отты шежіресі. Қазақ деген ұлттың ақыл-ойының, ар-намысының, сенім-нанымының жәдiгерi. Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының шежірелі ерлiгi қаншама жыр тудырып қаһарман ұл-қыздарының қолымен жасалған, адам сенгiсiз батырлықтары жырланып келеді, жырлана бермек. Бiрақ ол жеңiл өлең, орта қол дүниеге азық болмақ емес. Ол – өте күрделi дүние.
Бауыржан Момышұлының ерлік даңқы елімізге аңыз болып таралды. Майданда ерлік көрсеткен қазақтар, әрине, көп. Дегенмен олардың бірде-бірінің атақ-даңқы Бауыржан Момышұлындай биiкке көтерiлген жоқ. Соғыс кезінде, одан кейін де, бүгіндері де жаңа туған нәрестеге Бауыржан деп ат қою салтқа айналды. Ата-ана баласына Бауыржан деген атты Бауыржан атасындай болсын деп, өз ұлдарына “ел тірегі - ер” дегендей, ырыммен қояды. “Замандастар арасында Баукеңдей ұлттын құлай сүйген, ұлты үшін отқа күйіп, намысын қорғаған адам кемде-кем. Өз басым Баукеңдей ұлт жандыларды сирек кездестірдім. Ерекше риза болатыным, Баукең халқымызды сүйгенде, халқымыздың ар-намысын қорғағанда әлде кімдердей бір пайда түссін, не атым шықсын деген емес. Ондай ой қаперінде жоқ. Қайта ұлтына қызмет ету менің міндетім, перзенттік борышым дей білді” [8, 11б.].
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1 Момышұлы Б. Ерлігіміз - ұрпаққа өнеге //Қазақстан коммунисі. – 1968. - №7 – 20 -21 бб.
2 Қабдолов З. Сөз өнері. – Алматы: Мектеп, 1976. – 374 б.
3 Қаратаев М. Шеберлік шынына. – Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1963. – 419 б.
4 Әдібаев Х. Көкжиек. – Алматы: Жазушы, 1978. – 296 б.
5 Мырзахметов М. Бауыржан батыр. – Алматы: Жалын, 1991. –350 б.
6 Дадебаев Ж. Қазіргі қазақ әдебиеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 311 б.
7 Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002. – 344 б.
8 Қалдыбаев М. Аруағына сиынам (Ақын Т.Абдрахманов шерткен сыр) // «Қазақ батырлары» №8 2000 ж. Тамыз
9 Бекхожин Х. Ауыр шақтың айбынды лирикасы.//Қазақ әдебиетi. 1961.1 қаңтар.
10 Дәдебаев Ж. Атыңнан айналайын. Тараз тарихы туралы толғаныстар. – Алматы: Нұрлы әлем, 2002. – 248 б.
11 Момышұлы Б. Екі томдық шығармалар жинағы: Т.2. Москва үшiн шайқас – Алматы: Жазушы, 2000. –381 б.
12 Момышұлы Б. Баукеңнің бұйрыққа қойған талабы.//Қазақ Батырлары 1991. – 21 шiлде
13 Қаратаев М. Ақын жанды адам. //Қазақ әдебиетi. №8. 1961. 17 ақпан.
14 Әлімжан Е. Жанартау // Егеменді Қазақстан. – 2000. – 27 қыркүйек.
15 Қирабаев. С. Кеңес дәуiрiндегi қазақ әдебиетi. – Алматы: Бiлiм, 1998 –224 б.
16 Бек А. Арпалыс. – Алматы: Жалын, 1985. – 664 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

НЕГIЗГI БӨЛIМ
1 БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМIРI МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖОЛЫ
1.1 Бауыржан Момышұлының шығармашылық өмiрбаяны ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Бауыржан Момышұлы шығармашылығының жанрлық құрамы ... ... ... .. 7

2 СОҒЫС ШЫНДЫҒЫ МЕН АДАМ ТАҒДЫРЫНЫҢ КӨРКЕМДIК ТАНЫМЫ
2.1 “Москва үшiн шайқас” романдағы соғыс шындығы ... ... ... ... ... ... ... 18
2.2 Қаһарман бейнесiн жасаудағы жалпы сипат пен жалқы ерекшелiктер ... ...22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ...26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

Адамзат тарихынан өзiндiк орнын алып, кейiнгi ұрпағының жадында мәңгі қалар
тұлғалар аз емес. Осынау ел ардағына айналған азаматтар жайлы халық аузында
аңыздар айтылады, хикая - дастандар туады, өлең - жырлар жазылады. Олардың
бiр парасы ел қамын ойлаған ерлер, Отанын, жерін қорғаған батырлар, жауға
қарсы жорық жасаған қаһарман қолбасшылар, т.б. болып келедi. Бұлардың
қайсар жүрегі, қайыспас қайрат-жiгер, адами парасаты, ұлттық сезімі – өз
кезеңiнде де, кейiн де әдеби шығармаларда көрiнiс тауып, өлең-жырдың,
көркем шығарманың кейiпкерлерiне айналып жатады. Осындай тұғырлы тұлғаның
бiрi және бiрегейi – даңқты батыр Бауыржан Момышұлы.
Халық көкірегін ұланына деген ыстық сезім толғандырмай тұрмақ емес,
сондықтан ел аузында айтылатын әңгiмелердегi Бауыржан Момышұлының бейнесі,
жауға көрсеткен қайраты, қара қылды қақ жарған әділдігі, шыншылдығы,
батырлық қасиеттері ұлт әдебиетінен де өз орнын алмауы мүмкiн емес едi. Өз
кезiнде:
“Мен де адаммын жаралған сүйек, еттен,”
Менде де жан бар, менде де ар бар жан тебіренткен,
Халқымның қарапайым бір ұлымын,
Жанымды арым үшін құрбан еткен”.[1, 3б.], - деген жолдар арқылы Бауыржан
Момышұлы өзiнiң адами, азаматтық болмысын бiрауыз өлең жолымен танытқанды.
Қазақ әдебиетінде осынау азаматтық тұлға туралы аз жазылмағандығымен
Бауыржан Момышұлының образын толыққанды танытатын көркем шығармалар
жеткілікті деп айта алмаймыз. Бұл жерде біз халқымыздың жадында сақталған
бейнесін жасаған, аңыз-әңгiмелерден тұратын естелiктердi айтып отырғанымыз
жоқ. Әрине, олар молынан кездеседi. Әңгiме Баукеңнiң әдеби көркем бейнесiн
жасаған таза жазба әдеби шығармалар туралы болып отыр. Бiраз жазылғаны
рас. Бiрақ бiзге аздау көрiнедi. Әрi олардан Бауыржан Момышұлын бiржақты
танитын секiлдiмiз.
Қалай дегенде де, Бауыржан Момышұлының қазақ әдебиетіндегі көркем
бейнесі және ел ұғымындағы толымды да тұтас бейнесі бір жақты көзқарас
тұрғысынан жасалған секiлдi. Ол тек соғыс қаһарманы ғана емес, сонымен
бірге жарқын да жалқы, бiр туар азаматтың толымды бейнесі болуға тиiс едi.
Оған жазушы Бауыржан Момышұлының рухани ұлылығын қосыңыз, сонда алуан қырлы
алып тұлғаның өзі, оның қайталанбас болмысы танылары талассыз. Бұған деген
талпыныс та, iзденiс те бар. Бiрақ нәтиже қандай? Бiздiң назар аудармағымыз
да осы мәселе.
Тарих қойнауындағы қиян - кескі шайқастар мен соғыстардан тысқары
қалмаған біздің кешегі қоғам, сол қанды шайқастардың ортасында туатын
ерліктің талай ғасырлық ізіне куә бола отырып, ерліктің мадақталуы тек Ұлы
Отан соғысы жылдары ғана ойға оралған тың тақырып еместігіне дәлел бола
алады. Отанын, туған елі мен жерін сырт жаудан қорғауда табандылық танытып,
ерліктерімен ерекшеленетін батырларын дәріптеу қай ұлттың әдебиетінде
болсын ерлiктi асқақтатқан, рухты биiктеткен ұлы дәстүрмен, ғасырлар
қойнауынан жинақтаған тәжірибемен ұласады.
Ұлы Отан соғысы – бүкiл кеңес халқымен бiрге қазақ ұлтының қаһармандық
күресiнiң отты шежіресі. Қазақ деген ұлттың ақыл-ойының, ар-намысының,
сенім-нанымының жәдiгерi. Ұлы Отан соғысындағы қазақ халқының шежірелі
ерлiгi қаншама жыр тудырып қаһарман ұл-қыздарының қолымен жасалған, адам
сенгiсiз батырлықтары жырланып келеді, жырлана бермек. Бiрақ ол жеңiл
өлең, орта қол дүниеге азық болмақ емес. Ол – өте күрделi дүние.
Бауыржан Момышұлының ерлік даңқы елімізге аңыз болып таралды. Майданда
ерлік көрсеткен қазақтар, әрине, көп. Дегенмен олардың бірде-бірінің атақ-
даңқы Бауыржан Момышұлындай биiкке көтерiлген жоқ. Соғыс кезінде, одан
кейін де, бүгіндері де жаңа туған нәрестеге Бауыржан деп ат қою салтқа
айналды. Ата-ана баласына Бауыржан деген атты Бауыржан атасындай болсын
деп, өз ұлдарына “ел тірегі - ер” дегендей, ырыммен қояды. “Замандастар
арасында Баукеңдей ұлттын құлай сүйген, ұлты үшін отқа күйіп, намысын
қорғаған адам кемде-кем. Өз басым Баукеңдей ұлт жандыларды сирек
кездестірдім. Ерекше риза болатыным, Баукең халқымызды сүйгенде,
халқымыздың ар-намысын қорғағанда әлде кімдердей бір пайда түссін, не атым
шықсын деген емес. Ондай ой қаперінде жоқ. Қайта ұлтына қызмет ету менің
міндетім, перзенттік борышым дей білді” [8, 11б.].
Сан қырлы саңлақ Бауыржан Момышұлының шығармашылық талабы ақындықтан
басталған екен. Қазақта “Екiнiң бiрi – ақын, екi өлең жазған – iрi ақын”
деген сөз бар. Осының жаны бар. Ол қазақ ұлтының ақынжандылығын танытады.
Бiрақ Баукең ақынжанды жалғана емес, iрi ақын. Осы күнге дейiн батыр ағаның
ақындық өнерi әдебиет зерттеуiнде кеңiнен сөз бола қоймапты. Бiз Бауыржан
Момышұлы туралы зерттеуiмiздiң “биссмилясын” осыдан бастасақ деп отырмыз.
Белгілі ғалым, әдебиеттанушы Мекемтас Мырзахметов Бауыржан Момышұлының
алғашқы ақындық талабы жайлы “Бауыржан батыр” деген кітабының алғы сөзінде:
“Баукеңнің бойындағы ақындық қуаттың бүршігі ерте белгі бергендігін мектеп
ұстазы Тәңірберген Отарбаев та байқаған. Шәкіртіне шығарма жаздырып,
қабілеттерін байқау үстінде бала Бауыржанға сенен ақындықтың иісі шығады”
дептi [5, 5б.],-деген дерек бередi.
Бауыржан Момышұлының бойындағы шыншылдық пен әділдік, пікірдегі батылдық
жас кезiнде жазған тырнақалды өлеңдерінің өзінен айқын аңғарылып тұрады. 20-
22 жастағы жас жігіттің “Біреулерге”, “Омарбекке” деген өлеңдерінде 1930
жылғы асыра сілтеу мен ашаршылықтың себепкері болған ұр да жық надан
белсенділердің сотқарлық қылығы айқын көрiнiс табады. Жас талаптың:
“Қалды ма айыр тұяқ елде малдан,
Жалғыз сиыр қалмады “ет планнан”.
Ет етсіз, бала сүтсіз қалып кетті,
Барып ең уәкіл боп сен ауданнан”,
- деген өлең жолдарында қазақ жұртын қайғылы қасіретке ұрындырған қара
бұлттың қоюланып келе жатқан қалпы дөп көрiнiп, дәл суреттелген. Ақын мұнда
зорлыққа деген өзінің іштей қарсылық рухын да лирикалық кейіпкер қатысы
арқылы жеткізе алған. Белгiлi ақын Сырбай Мауленов Баукеңнiң ақындығы
жайында: “Бауыржан өлең соңына түспегенмен әр кезде өзінің көңіл күйін
дәптер бетіне жазып отырған. Оның толық бір кітаптық өлең-жырлары бар.
Әрине, оның бәрі алтын емес. Қызу майдан үстінде, қараңғы окоп ішінде
асығыс ат үсті, ұйқас, ырғағы шала-шарпы жасалған жырлар да ұшырайды. Бірақ
Бауыржанның қай өлеңін оқысаң да майдан ақиқаты, солдат өмірі кең көсіліп
жатады. Сонау өткен сұрапыл соғыс өзінің қатал шындығымен қарсы алдыңнан
өтеді.

Соғыстан кейінгі жылдары қазақ прозасындағы соғыс тақырыбы талай
жазушыларымыздың шығармашылық iзденiсiне жол ашты. Туындыгерлердiң осы
тақырыпқа жазған туындылары әдебиетіміздің сапалық тұрғыдан баюына аз үлес
қосқан жоқ. Отан сүйгiштiк, патриоттық сезiмдер бұл шығармалардың негiзгi
желiсiне айналды. Совет армиясын, советтiк құрылысты орынды-орынсыз
мадақтау пафосы кей шығармалардың көркемдiк iзденiстерiне нұқсан
келтiргенмен, соғыс тақырыбы кемшiлiктi жамап-жасқап жiбергендей әсер
қалдырады. Әрине, ол кезде кеңес дәуірінің де аяқталар күнi жетерiн ешкім
сезіп, болжай алмағанды, ал жазушылардың қиялы қанша биікке шарықтасадағы
ондай ойға ерiк бермегендi. Сол заманда қоғамдық әлеуметтік орта қалай өмір
сүріп, әрекет етсе, көркем проза да дәл солай өмір сүрді. Осы тұста
қаламгерлер қандай көкейкесті тақырыптарды, өмірдің нендей өзекті
құбылыстарын бейнелеуді негізгі нысаны етті дегенде, сөз жоқ, жеңістің
оңайшылықпен келмегенін айта отырып, майдандағы сұрапыл соғысты қилы-қилы
қырынан көрсетіп, тереңірек таныту мәселесіне, жауынгерлердің әр алуан
жақтарын шынайы суреттеуге көңіл бөлді деуге болады.
Соғыс тақырыбындағы шығармалардағы солдат жанын түсінуге, сезінуге
бастап барар жазушылық шеберлік, стильдік қолтаңба осыған жетелесе керек.
Бұл орайда, солдат психологиясын дөп басып, дәл жеткізуге оңтайлы жол
ретінде жазушылар таңдаған бiр әдiс шығарма оқиғасын бірінші жақтан
баяндатып, лирикалық кейіпкердің аузымен айтқызып, соның ойымен өрбітетін
iзденiс өрнегi болып табылады.
Сондықтан да соғыс тақырыбына барған әрбiр автор шама-шарқынша өз
қаһармандарының жан-дүниесiне үңіле білді. Соның бiрi, әрi бiрегейi жазушы
Бауыржан Момышұлы. Оның шығармашылығына тән басты ерекшелік -
кейіпкерлерінің ішкі әлеміне бойлай ену, сол әлемдегі сан-қилы сезімдердің
шарпысуын, солардың қайғы-қасіретін, қуаныштарын қаhармандарының сезiм
түйсiгi арқылы дәл көрсете білу.
Бауыржан Момышұлының "Москва үшiн шайқас" романы бірінші кітап, екінші
кітап, үшінші кітап, төртінші кітап деген төрт бөлімнен құралған. Әр бөлім
тарауларға жіктелген. Бірін-бірі қайталамайтын қысқа-қысқа жазылған әр
тарау өз алдына бір оқиға болғандықтан, оқушысын жалықтырмай, өзіне
қызықтырып, тартып отырады. Ықшам түйілген шығарманың композициялық
құрылымы жүйелi, қиыннан қиыстырар суреткер шеберлігін танытады. Романдағы
оқиға дамуының логикалық байланысы берік сақталған. Сол кездегi роман
жайында Х. Бекхожин: "Міне, біз Бауыржанның Москва үшін шайқас деген
көлемді хикаясын оқып отырмыз. Жауынгер оқушыны алапат соғыстың алғашқы
ауыр шағына еріксіз тартады. Тұла бойың тітіркенерлік соғыс әлеметі көз
алдына жанды қалпында елес қағады. Неміс фашистерінің қанды қалың табырлары
астанамыз Москваға құтырған аңдай анталаған кездердегі біздің әскери
күштеріміздің жауынгерлік әлпетін, майдан әрекетін, қатерлі қорғаныстағы
ерлер айбатын сол сұрапылды өзі басынан кешкен батыл жазушы аса нанымды,
әскерді суреттеген." [9, 3б.]. -деп келтiрген.
Қарап отырсақ, көркем шығармада суреттелетін оқиғаларға қатысы бар
адамдар есімдері өзгертілмей жанды кейіпкер ретінде көрінген. Бұл образдар,
олар қатысатын оқиғалардың шынайылығы мен сенімділігін артырып және
жазушының өз шығармасына қажеттi тіректі өмір шындығынан алғандығының
нақтылығын арттыра түседi.
Төрт кітаптан тұратын – “Москва үшін шайқас” атты туындысының бірінші
бөлімі, жау қоршауынан сытылып шыққан Бауыржан Момышұлы батальонының
негізгі күшке қосылмаққа бара жатқан бағытынан басталады. Сол сәттегi
батальонның жазушы суреттеуiндегi көңіл-күйін ғалым Ж. Дәдебаев былайша
көрсетеді: “Жау қоршауын бұзып шығып, өз тобына келіп қосылған батальонның
еңсесі биік, шаршап-шалдыққанына қарамастан, сергек, салтанатты шерумен
келеді. Жауынгерлер мен командирлер бір-бірін жете біліп, бір-біріне берік
сеніп қарайды” [10, 106б.].
Шығармадағы қаһармандық бейненің майдандағы тағдыры, соғыстың сұмдық
қасiретi жағдайында көрсетіле отырып, сол қиындықтарға мойын ұсынбай жеңіп
шығуға ұмтылған адамның ерлiк рухын алға шығарады. Тағдыр мен адам
арпаласында, соғыс пен адам тайталасында рухы биiк қаһарман ақыр жеңiске
жетедi. Бұл соғысты жеңу емес, өзiн-өзi жеңу едi. Өз бойындағы адами
қорқынышты, үрейдi жеңу – соғыс жеңiсiнiң басты күәсi.
“Москва үшін шайқас” романындағы Петр Угрюмовтың әдеттен тыс тағдырын
оқырман жақсы бiледi. Роман сюжетінің дамуымен бірге оның тұлғасы да
күрделене түседi. Кейіпкер соғыс өртiнiң iшiнде жүрiп өзіндік өзгеше бір
дүниеге енiп, сонымен бірге саған да өте жақын, таныс адамға айналады.
Угрюмов – мейлінше талантты жан. Ол шын мәнісінде кісіні таңқалдырарлық
қабілетке ие, өзгеріп отыратын жағдайға қарсы тез шешім қабылдай білетін
адам. Оны жағдайға беиiмшiл еткен, әрине, соғыс. Жан дүниесiне өзгерiс
әкелген осынау тағдырды ол қайыспай қарсы алады. Сондықтан да ол – ержүрек,
батыл. Басшылық қызметтен шеттетілу тұсында командирлiктен кету оның
ұнжырғасын түсiрмейдi. Ол өзінің ержүректілік қалпын сақтап қалып,
жауынгерлерді дұшпанға қарай жақсырақ, ақылдырақ шайқасуға үндеп отырады.
Угрюмов қажет болғанда әрдайым жауынгерлердің арасынан табылады. Ол
майданда “Ұрыстың шешуші учаскесіндегі командирдің жеке басының үлгісі,
қашанда жеңіске жеткізеді” деген қағидаға шексіз сенеді. Сондықтан да Ол
әрқашанда шайқастың тағдыры шешілетін жерде жүреді. Ол байқампаз,
парасатты, жанкешті, батыл, қарапайым әрі сүйкімді. Сонымен қатар дұшпанға
қарсы асқан батырлықпен соғысады.
Жазушы оның тұлғасын бір жерде: “Олардың алдында баяғы өзіміз білетін
лейтенант Петр Угрюмов. Ол жан-жағына жалтақтамай қолын құлаштап, ешқандай
бұрылмай сілтеп басып барады” [11, 104б.], - деп суреттейді. Көз алдымызға
ертедегi нағыз ерлер елестегендей. Еш нәрседен қорқу, қаймығу дегендi
бiлмей Қайтпас-қайсар командир сондай болса керек. Осындай ержүрек жанның
бұйрықты орындап барып ерлiкпен қаза табуы оқырманға қатты батады.
Өмірде адам көп нәрсені өзі таңдайтыны анық, бірақ майданда мүлдем
басқаша болады. Онда әрбiр жауынгер командир берген бұйрықты бұлжытпай
орындауға тиіс. Баукеңнің өз сөзімен келтірсек: “Команда немесе бұйрық
дегеніміз командирдің ерік-жігерінің көрінісі, оның жасаған шешімінің
қорытындысы” [12, 6б.]. Соғыста шабуылдың сипаты мен мерзімін басқа адам,
яғни командир анықтайды. Ұрыс кезінде оның қайда болу керектігі де алдын-
ала жоспарланады. Ал солдат командир бұйрығын орындаушы. бiрақ ол жансыз,
ақыл-ойсыз робот емес, ол әрбiр сәттегi қимыл-әрекеттi өз идiруi арқылы
жүзеге асыратын тiрi адам. Ендеше солдаттың өзiндiк жан-дүние әлемi,
рухани дүниесi бар. Жазушы мiндетi соны ашу.
Соғыстағы жағдай адамнан өзінің сенім-нанымының басты тiрегiн бөліп
алуды және соған сүйенуді талап етеді. Сөйтіп ол өз күшін бойына жинап,
қорқынышты жеңу үшін алға ұмтылады. Қиын жағдайлар кезiнде адамның санасы
сан қилы ойға бөлінуі, оның бойын күдік билеуі оған пайда бермейді.
Ерлікпен қорқақтық ауылдас бола алмайды, қашанда қорқақ өзінің қорқақтығын
“ақтағысы” келеді. Әскери прозадағы мінез-құлық күрделілігі қаһармандық іс-
әрекеттің мәнiн ашуға қызмет етедi.
Біздің әдебиетімізде, әсiресе, соғыстан кейінгі онжылдықта кейіпкерді
даңғыл жолға түскен жолаушы сияқты бiр бағытта суреттеулер басым болды.
Өйткені, бізде партия белгілеген белгiлi бiр идеологиялық сара жол бар еді.
Бұл жолдан ауытқымау басты нысана болды.
Ал ендi соңғы он жылда жарық көрген таңдаулы кітаптардың көпшілігінде,
адамның iшкi жан-дүниесiне үңiлу, рухани мұраттарды игерудегi мақсат-
мiндеттердiң негiзiнде адамның iшкi әлемiмен астасуына назар аудару басым.
Соңғы жылдардағы әскери прозада трагедиялық таңдау проблемасының күрделене
түсуіне байланысты трагикалық кінә сипатына көңіл аударылып отыр. Мұнда
қаһарманға байланысты емес жағдайлардың тоғысуы салдары болып табылатын
трагикалық кінә, трагикалық қарама-қайшылықтарға, адасқан құрбандықтың
өліміне емес, қаһармандық жолды табуға алып барады.
Әскери прозадағы күрделi мәселелердiң бiрi қаһармандық трагедияның
ұжымдық тәртiп, адамдық идеямен байланысы. Майданда адамдар бір-бірін қажет
етеді, бұл қажеттілік ұжымдық сезім арқылы жүзеге асады. Соғыс
жылдарындағы ұжымның өмiрлiк қажеттілігi біздің қоғамымыздың адамгершілік
заңына сәйкес келетін еді. Майдан даласында жалғыздық үлкен қасірет. Әрине,
жалғыз дара жүріп батырлық жасауға да болады, ол – интуиция арқылы жүзеге
асатын iс-әрекет. Онда кеңеспен шешiлген шешiм жоқ, кенеттен болған, жарқ
етпе ерлiк бар.
Бiрақ батырлықты жалғыздыққа қарсы да қоюға болмайды. Жалғыз да батырлық
жасауға болады. Бiрақ ол көбiне жекелiктiң көрсеткiшi болып қалады.
Қаһармандық трагедиясының тұжырымдамасы ерлiктi қарақан басын қиындықтан
құтқару үшін емес, жалпы жеңiстiң игілігі үшін жасауға үйретеді.
Жалпы жеңiске жету мүмкіндігінен көңілі қалған жалқылық қасірет, бүгiнде
жалпы тағдыр, жалпы адамгершілік ұстанымдары біріктірілген адам тағдырының
ынтымақтастығы дәріптеле бастады. Ал оның бастау көзi соғыс жайлы
әдебиетте, әсiресе, Бауыржан Момышұлының шығармаларында жатыр.
Жеке адамның мүддесі топтың мүддесіне қайшы келмейді. Рухы күшті ұжым
жеке адамның қаһармандық сезімін (эмоциясын) оятады, ал жеке адамның
қаһармандық күш-жігері ұжымға ықпал етеді. “Москва үшiн шайқаста” жазушы
осыны көркемдiк iзденiстер арқылы жеткiзе бiлуге ұмтылды. Оған қол жеткiздi
де.
Кейде біздiң соғыс туралы әдебиетімізде оның материалы-төгілген қан мен
қайғы-қасірет, апат келсе, ол қызғылықты деген пайым кездесiп қалады.
Алайда, соғыс туралы шығарманың кереметтiгi бұл айтылғанда емес, басқа да.
Майданда кеңес адамдарының керемет ұжымдық қасиеттері пайда болған. Мұнда
өз өмірін досының өмірінен, ұжым өмірінен, бүкіл ел өмірінен бөліп қарау
атымен болмаған. Ендеше соғыс жайлы әдебиеттiң оқырманды қызықтырар басты
сипаты төгiлген қан, егiлген көз жас, қираған қала емес, адам тағдыры,
адамдар арасындағы қарым-қатынастық сезiмiнiң; достық, адамгершiлiк,
адалдық, батылдық сияқты қасиеттердiң көркемдiкпен көрiнiс табуы.
Әрбір адамның пенде ретіндегі, тұлға ретіндегі қайталанбастығы – ұжымның
бағы, ішкі күші, бұл күш қаһармандық істе көрінеді, түптің түбінде онда
жеке адамның дербестігі, бірегейлігі ашылады. Сонымен сайып келгенде,
адамның істеген ісін бағалау, оның өзіне қоятын адамгершілік талабы.
Жауынгер-жазушы Бауыржан Момышұлы қаһармандарының мінездері кесек,
жүздері жарқын, ақкөңіл, ашық болып келеді. Соғысқа дейінгі әдебиетте айқын
көрініс тапқан, ымыраға келмейтін ішкі шиеленіс, көңілдің жартыкештілігі,
жан-дүниенің құлазуы оларға тән емес. Сондықтан да жазушы кітаптарын
парақтағанда, біздің көз алдымызға қандай күрестен болса да тайынбайтын
өршіл мінезді, берік сенімді, айқын мақсатты, болаттай мықты тұтас бір
ұрпақ келеді. Тегінде, Бауыржан Момышұлының қаһармандарын рухы күшті
адамдар деп сеніммен айтуға болады. Олар қандай ауыр жағдайлардың өзінде
адам деген ардақты атын жоғары ұстап, өздерінің жан-дүниесі мен
көзқарастарына терең ұялаған адами қасиеттерге адал болып, қиын-қыстау
кезеңдердің тұсында сағы сынып, жасымайды, қайта абыроймен жеңіп шығады.
“...Тағы бір рет қарсы шабуылға шығып, дұшпанды тойтарып бара жатырмыз.
Жау шегініп, біздің жігіттер өкшелей қуып барады. Менің алдымда жүгіріп
бара жатқан жауынгердің сол қолын жеңінің шыға берісінен минаның жаңқасы
отап кетті. Бір елі теріге ілінген алақаны мен саусақтары қанға боялып
салбырап барады. Оны денесі қызған жауынгер байқар емес. Ол әлі де жүгіріп
барады. Астапыралла, бұл кім?.. Ол кілт тұра қалды. Енді ғана аңғарды. Бір
елі теріге ілініп тұрған қолын ызаланып жұлды да, лақтырып тастады. Өз
денесін қар үстіне қарай атты. Мен тітіркеніп кеттім. Ол сау қолымен
пистолетін серт ұстап, алға кезеніп, жоғары көтерді де, ашынған даусымен
“атаңның аузы...” деп жау соңынан тап бере жүгіре жөнелді.
Мен оны таныдым. Ол бұдан екі жеті бұрын Соколово селосында жаудың 3
танкімен жекпе-жекке шығып, қарсыласып тұрып алған батарея старшинасы
Бүркіт Әлішеров... “Алатаудың сұңқары, атаңа тартқан екенсің!” - дедім мен
ішімнен...” [11, 241б.]. Мiне, әлгi бiз айтқан жеке тұлғаның бiр сәттiк
шешiмi жазушы шығармашылығында осылай көрiнiс табады. Кейiпкердiң сол сәтте
ойлануға мұршасы жоқ. Оны ерлiкке бастап тұрған санадан толғанып шыққан
шешiм емес, бүкiл болмыстың бiр тұтас болып түйiлiп қалған жан айқайлық
қуаты.
Бауыржан Момышұлының “Москва үшін шайқас” туындысы ержүрек, батыл
кейіпкерлерге аз емес. Біз бір полктың, бір батальонның адамдарының ерлiгiн
көреміз. Бұларды жазушы жекелеген адамдар мінездерінің механикалық жай
біріге салуы ретінде емес, жеке адамдардың ортақ мүдделері қиысқан өзіндік
бір бірлігі ретінде қарастырады. Образдар жүйесі схема бойынша қолдан
жасалған дүние емес, өмірде шын болатын табиғи қалпында құралған. Онда
жасанды, ойдан шығарылған соғыс көрiнiстерi емес, шындыққа суарылған, бас
кейiпкердiң көз алдынан өткен, сол арқылы бiздiң санамызға сурет болып
басылған нақтылық бар. Академик М. Қаратаев сөзімен келтірсек: “Москва
үшін шайқас” – нағыз оптимистік және патриоттық кітап. Бұл көп ұлтты совет
жауынгерлерінің Ұлы Отан соғысындағы ең бір қиын кезеңде, қатігез жау
сүйікті астанамызға төніп тұрған қатерлі кезде көрсеткен айрықша ерлігін,
мойымас рухы мен қажымас қайратын, сол тұстағы олардың толғанған ойы мен
сезімін көзге елестеткен көрнекті кітап.
Өрелі патетика, гуманизм, өмірден алынып, жүректе қорытылған шынайы
шыншылдық, публицистикалық өткірлік, әңгімесінің нақтылығы, дәлдігі –
кітаптың негізгі сипаты” [3, 345б.].
Шығармадағы қаһармандардың есте сақталуы әр тараудағы оқиға мазмұнына
қойылған тақырыптардың ұтымдылығына байланысты. Осының бәрі де жазушының
соғыс тақырыбына баруы үшін, ең алдымен, қалай жазу керектігін ойластырып
алғанын байқатады. Шығармадағы қызықтыратын шеберлік осындай
ерекшеліктерден көрінеді. Мәселен, “Бұйрық” деп аталатын тарауын о баста
бұрын, автор шығармасының алдыңғы тарауындағы алдын-ала қабылданған
жоспардың қаншалықты ауыр екендігін оқушы қауымға мәлім етедi. Берілген
бұйрықты орындау қажет. Уақиға желісінің өрбуі алдында жазушы оқырман
қауымды оқиғаға қызықтырып, ынтықтырып қояды. “Командирлер мен солдаттардың
барлығы ауыр ой үстінде, іштерінен тынып жатыр. Үндемеу – атам заманнан
бергі сөйлесудің бір саласы. Бәріміздің ойымызды бір түйін зілдей басып
барады. Бәріміз де бір мезгілді күтіп отырмыз. Ол мезгіл әлі жақындар емес.
Сағыздай созылған уақыт, қылды қамырдан суырғандай қинап, өте шабан келеді.
Бір сағат бір жылдай көрінеді. Күте-күте күтуден көтерем болып
отырғандаймыз...
– Аяусыз қатал бұйрық болды-ау, - деді маналы берлі тіс жармай отырған
Мадияр.
– Ия, мен де соны ойлап отыр едім, - дедім мен оған ойымның үстінен
шыққан соң. Екеумізде тағы үн жоқ... Тым-тырыс отырмыз...” [11, 271 б.].
Бұл үлкен қимылдың, қызықты оқиғаның бастауына оқушыны дайындау едi. Ол
дайындық кейiнгi қабылдауды жеңiлдетедi. Алдына қойған бұйрық орындалады,
бірақ әрі қарай жалғасқан уақиға желісі ақырғы тарауға жеткенге дейін
біріне-бірі сабақтасып, оқиғадан оқиға ұласып жатады. Осыған орай, оқырман
жеңістің қуанышына шомып кеткенін де байқамай қалады. Бұл жазушының –
өзiндiк шеберлігін танытады. Оқушыны дайындап алып барып, оқиғалар
тiзбегiне сүңгiтiп жiберiп, аяғына дейiн бiр темпте ұстап отыру шынында да
шеберлiк.
Жазушы шығармаларынан басты немесе жанама персонаждарды бөліп алу тіпті
де мүмкін емес. Автор үшін мінез-құлқы маңызды каһарманның өзі де шығарма
сюжетін дамытуда елеулі маңызға ие болмайды, өйткені олардың ешқайсысы да
өз-өзінен фабула қозғалысын анықтап бере алмайды, тіпті басты қаһармандарды
бір жерге жинақтағанның өзінде повестердің негізгі сюжеті бола алады деп
айту қиын. Жазушы прозасының бұл ерекшелігі мына жағдаймен байланысты болса
керек: оны жеке адамнан гөрі – күллі полктың немесе батальонның тағдыры
алаңдатады әрі толғандырады. Нақ осы батальонның не взводтың өмірі оның
туындыларының басты өзегіне айналады.
Кейіпкер өзінің ой-толғаныстары арқылы басқа адамдарға мінездеме беру
шеберлігін де мол аңғартады. Шығармада әртүрлі характер, әралуан
кейіпкерлер бар. Жазушы солардың барлығын бас-басына арнайы суреттеп
жатпайды, бас кейіпкердің көзқарасымен береді. Кейіпкердің тікелей сезім
толқындарын көрсету арқылы, оның адамдар жайлы көзқарасын, олармен қарым-
қатынасын нанымды жеткізеді. Романдағы батальон командирі Бауыржан
Момышұлының өз тарапынан айтылған ойлары осы пікірді дәлелдей түседі. Бас
қаһарманның жан тазалығы – албырт қиялшылдығы, қайтпас сенім жалыны, ішкі
сезiмдер ағымы арқылы жете танылады.
Осы мәселенi ғалым Ж.Дәдебаев: “Бауыржан Момышұлы өз шығармаларының
бетінен соғыстың қиын ауыртпалығын, Отан қорғаушылар өмірінің қаһармандық
әрі трагедиялық суреттерін көрсетеді. Автор қатардағы жауынгерлер мен
әскери қолбасылардың ел мен жер, Отан алдындағы парызына, қасиетті парызына
адалдығын тебірене отырып баяндайды”, [6, 153б.] – деп, нақтылай түседі.
Оқиға өз бетімен сюжет тудыра алмайтынын, ол қашанда характер арқылы
ғана көркем шығарма желісіне айналатынын ескерсек, шығармадағы сюжеттік
желі характер табиғатынан туындап таралып жатады. Шығармадағы орнын тапқан
характер өз ырқымен табиғатына лайық әрекет етеді, сюжетті өрістетеді.
Қаламгер шығарманың бар сюжеттік желісін бас қаһарманның өзіне тартқыза
келіп, ең бір оңтайлы шақтарда кейіпкерлердің характерлерін де ашып тастап
отырады. Жалпы, Бауыржан Момышұлы шығарма сюжетін қаһармандар
характерлерінің қақтығысы арқылы өрбітеді. “Жазушы тек көзсiз ерлiктi ғана
жалаң баяндамай, сол ерлiктерге барған адамдардың характер тарихын ашатын
психологиялық детальдар тауып, сюжет тартымдылығын өсiре түседi.
Кейiпкерлер жағымды, жағымсыз сапаларымен қатар алынып, нағыз белсендi
әрекет үстiнде шын сипатын, қоғамдық-әлеуметтiк мәнi мол құнды қасиеттерiн
танытады” [7, 192б.]-деген ғалым Б. Майтановтың ойын келтiрсек болады.
Тамаша құрылған сюжет пен композиция қаламгердің айтайын деген
идеясына, образдың жан-жақты көрініп, өсу логикасына қызмет етеді. Ондаған
кейіпкерлерге, сан түрлі оқиғалар мен неше алуан суреттеу құралдарына
тиісті орын тауып, өмірлік жағынан нанымды етіп шығаруы, сөз зергерінің шын
мәніндегі шеберлігін танытады.
Сонымен қатар, шығарма көркемдігінің сыры кейіпкерлердің мінезін олардың
іс-әрекеттері арқылы ашатындай жағдайларға қойып, сол жағдайлар тезiне
салып көрсетуінде деп айтуымызға болады. Шығарма құрылымында кейіпкер
табиғаты мен характерін айқындайтын жағдайлардың көрсетілуі - жазушыдан
үлкен шығармашылық ізденісті, еңбекті қажет етеді. Сондықтан да бейнеленіп
отырған құбылыстың мәні мен кейіпкер мінезін айқындайтын жағдайларды,
оқиғаларды таңдап алу - қаламгердің шығармашылық еңбегінің маңызды бөлігі
болып саналады.
“Адам тағдыры – жазушы үшін шығарма арқауы ғана емес, өмірді танудың
өзгеше тәсілі де: өмірде көрген тірі адамдар туралы тебірене, толғана
ойланудан көбіне суреткердің сол адамдар өмір сүрген қоғам туралы көзқарасы
қалыптасады, нәтижесінде сол қоғамдық шындықты көркем жинақтау мақсатындағы
творчестволық әрекеті басталып кетеді” [6, 86б.], – деген Ж.Дәдебаевтың
пiкiрi өте орынды.
Романда автор жауынгерлердің рухани байлығын, Отанын жанындай сүйетіні,
патриотизмiн ел мүддесі үшін қандай қиыншылық жағдай кездессе де табандылық
жасап, ерлік көрсеткенін, өзара жауынгерлік мызғымас достығы мен ынтымағын
шебер суреттеген.
Генерал Панфиловтың батальонды қарсы алуы өзгеше бір қуаныш:
“–терезеге қарап тұрсам, әскерлер келе жатыр. Мұншама сап тартқан қол
қайдан келе жатыр деп таңданып біраз тұрдым. Колона басынан сізді көріп
тани кеттім, - деп, ол қолымды босатып солға қарай қолтықтап ерте жүріп,
сөзін сабақтай: - Шынымды айтсам, ә дегенде сенер-сенбесімді білмедім.
Шеңберді жарып өтіп, жау сыртынан келіп, өз тобымызға қосылғандарыңды
көріп, қуанышым қойныма симай кетті. Жақсы келіпсіздер, жақсы келіпсіздер...
- дей беріп, тебіренген генерал кілт тоқтап маған шешінуді ұсынды”, - деп
жазады автор [11, 10-11бб.] Осында қаншама сезiм, қаншама мiнез құбылысы
жинақталған. Жәй ғана қарапайым әңгiмеден сезiмдер шарпысуының өзгеше бiр
тылсым сырын сезiнемiз.
Жазушы шығармасында ондаған жауынгерлердің бейнесі сомдалады. Осы
орайда, жазушы алдына күрделі мақсат қоя білгенiн атап айтуымыз керек.
Кейіпкерлер мінездерінен байқалған айқын белгілерді, іс-әрекеттерді,
мінездеменің ең жақсы иірімін типтендіріп, бұлардың жауынгер адамның басты
бейне ретінде көрінуіне өте тиiмдi пайдаланған.
Жазушы портрет жасауға да өте шебер. Мәселен ол генерал Панфиловтың
шаршаулы, күйзелісті кезеңін былайша суреттейді: “Біз көріспеген аз
уақыттың ішінде генерал арықтап, бұрынғыдан да кішірейіп еңкіштеніп,
кителінің жағасы мойынына кеңейіп қалыпты. Мықынынан балағына дейін екі
елі қызыл әдіпті генералдық белгісі бар шалбары өзіне шақ еместей олпы-
солпы болып көрінеді. Жүзі тотыққан, әжімдері бұрынғыдан көрі терең
сызаттана түскен. Қысқа бурыл шашы қылтанақтай тікірейіп тұр. Мұрны мен
иегі аздап сүйірленген. Бұрын мұқият күзеп жүретін суағарындағы бармақтың
тырнағындай төрт бұрышты қара мұрты бұрынғыдан гөрі тікірейе өсіп кетіпті.
Соғыс әуресі кейінгі күндері мұртын басуға мұршасын келтірмегені сезіледі”
[11, 12б.]. Әдемi сурет емес пе?! Бiз генералдың сыртқы түр-тұлғасын ғана
емес, алай-түлей жан дүниесiнде танығандаймыз. Оны бiз белгiлi сыншы-ғалым
Х. Әдiбаевтың мына ойымен келтiргендеймiз: “Бауыржан шығармаларында әскери
адамға тән қайсарлық, тапқырлық, табандылық ерекше көзге түседi. Жауынгер -
жазушы тiрiлткен тартымды тұлғаның шоқтығысы, сөз жоқ, – генерал Панфилов”
[4, 27б.].
Бауыржан Момышұлының лейтенант Брудныйға жасаған “қатыгездігі” генарал
Панфиловты қатты ойландырады. Ол Бауыржанды ақылға шақырып, әңгiмелеседi.
Комбат ауыр шайқаста Брудныйдың шегінгені үшін, қару-жарағынан айырып, өзін
қуып жіберетінi оқырман қауымға мәлiм. Генерал Панфилов өз қарамағындағы
командир Бауыржан Момышұлының осы уақиғаға, орынсыз қаталдығына ренiш
бiлдiргенде: “– Талап қою бар да, қаталдық бар. Талап қою – заңды нәрсе.
Қаталдық заңнан тыс”,- дейді. Бұл құрғақ ақылгөйлiк емес, өмiр
тәжiрибесiнен түйiндеген қорытынды. Халық даналығы қажет жерiнде осылай өз
орнын таба қалады. Мұның мәнiн ә, дегенде, ұқпай қалғанын, Бауыржанда
мойындайды. Жазушы өз кейiпкерiнiң тәлiмiне тәнтi екендiгiн осы бiр ауыз
сөз арқылы бiлдiредi. Соғыс өнерiнiң шыңдалған бiлгiрi қатыгездiк пен
қаталдықтың ара жiгiн жақсы бiлетiндiгiн осылай танытады.
Генерал Панфиловтың бейнесі ешкiмге ұқсамас, өзгеше бiр тұлға ретінде
сомдалған. Оны автор мейірімі түскен шуақты жан, бойында нәзік сезіммен
салиқалы солдаттың тәртiп тұтасқан әке бейнесінде алып көрсеткен. Бұл
жөнінде әдебиетші-ғалым Ж. Дәдебаев былай деп жазады: “Қанша күн, қанша
түнді қауіп-қатер үстінде өткізіп, денесі де, миы да мейлінше ширығып әрі
шаршап келген батальон командирі генералдың қуанышқа, әкелік
сүйіспеншілікке толы сөздері мен ықылас-мейірімінен кейін едәуір босаңсиды,
жүрегі елжірейді” [6, 157б.]. Және бір дерек: “Қайсар батальонның ержүрек
командирі осы тебіренулі күйінде өзінің туған әкесін, әкесімен соңғы
кездесуін еске алады. Алыс жолдан оралып, ауылына жақындай бергенде еңсесі
түсіп бүкірейген қарт әкесінің үйден кібіртіктей басып жүгіре шығып, қарсы
алып, әкелік мейірім билеп, қол-аяғы қалтырап, көкірегі сырылдап, көзі
жасаурап, ұлының қолынан ұстап аймалап сүйіп, мойнын тебіректей иіскеп,
балапандай бауырына қысып, көпке дейін құшақтап тұрғанын еске түсіреді” [6,
157б.].
Повестері мен әңгімелерінің басты кейіпкерлері көбінесе автордың өзі
болып табылады. Қаһарманның өмірбаяндық бейнесін өзіндік сомдау арқылы
оның жеке адам ретінде қалыптасу процесі туралы мәселе қойылады.
Осыған байланысты мынаны айта кеткен жөн. Басты қаһарманның мінез-құлқын
жасау кезінде өмірбаяндық шығармалар жазып жүрген жазушылар белгілі бір
қиындықтарға тап болады: өмірбаяндық кейіпкер бір жағынан қарастырғанда,
шығарманың субъектісі болып табылады, өйткені оны автордан бөліп алып
қарауға болмайды, ол оның құрамдас бөлігін құрайды. Автор өз өмірінің
фактілерін жазып, өз ойларын жайып салуға, өз сезімдері мен көңіл күйлерін,
толғаныстарын беруге тиіс, сонымен қатар ол көркем бейнелеудің объектісі,
сол себебті автор оған объекті ретінде, көркем зерттеудің нысаны ретінде
қарайды.
Өмірбаяндық кейіпкердің мінез-құлқын жасауда тағы да бір қиындық бар, ол
– автордың өзіне қалай қарайтындығына байланысты қиындық. Бұл жағдайды
өмірбаяндық туындылар жазып жүрген жазушылардың “үндемей қалуы”, яғни
өздерінің кемшіліктерін оқырмандарға жария етуге құштар болмауы арқылы
түсіндіруге болады. Бұл автобиографиялық шығармалардың көпшілігіне басты
қаһармандарын дәріптеудің, жер-көкке сиғызбай мадақтаудың себебі болып жүр.
Мұндай шығармалардан Бауыржан Момышұлы шығармаларының ерекшелігі мынада:
батальон командирі Бауыржан Момышұлының бейнесін сомдау тұжырымының
негізіне жазушы объектілікті алған. Академик М. Қаратаевтың ойымен
келтiрсек: "Сондықтан бұл шығарамалардың айырықша ерекшелiгi – авторы мен
кейiпкерiнiң бiр жерден шығуы. Бұл жазушыға қиындық туғызады, жауапкершiлiк
жүктейдi. Ол жазушының өзiн кейiпкер ролiнде белгiлi шек пен шеңберде
ұстауына байланысты. Мiне бұл ретте Бауыржан өз рөлiн шындық мөлшерiнен
асырмай, тасытпай дұрыс көрсете алған. Тiптi көп реттерде автор кейiпкер
өзiнiң қателерiн де, ағат, жаңсақ кеткен өкiнiштерiн де тайсақтамай батыл
мойындап отырады. Автор майдан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бауыржан Момышұлының жеке қорына сипаттама
Бауыржан Момышұлының шығармашылық қызметі
Бауыржан Момышұлының шығармашылық жолы
Бауыржан Момышұлының балалар әдебиетіндегі алатын орны
Б.МОМЫШҰЛЫНЫҢ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫ –ЖАСТАРҒА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ
Бауыржан Момышұлы (24 желтоқсан 1910 - 10 маусым 1982)
Бауыржан Момышұлының соғыс кезіндегі тапқырлығын
Бауыржан Момышұлының соғыс өнері
Бауыржан Момышұлы шығармаларындағы ерлік пен елдік
Бауыржан момышұлының өмір жолы
Пәндер