Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік
Жоспар.
Кіріспе.
1. Шығындар мен қарыздар теориясы. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 5
1.1 Шығындар мен қарыздар туралы негізгі концепциялар . . . . . . . . . . . . . . . . 7
1.2 Шығындар мен қарыздар түрлері. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 9
1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 16
2. Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік. . . . . . . . . . . . 21
2.1 Сыртқы әсерлер және Рональд Коуз теориясы . . . . . . . . . . . . . 23
2.2 Сыртқы шығындар және экономикаға әсері. . . . . . . . . . . . . . 25
2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы . . . . . . . . . . . . . 26
3. Өндіріс шығындарын негізгі төмендету жолдары. . . . . . . . . . . . . .28
Қорытынды. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 30
Пайдаланылған әдебйеттер тізімі. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 31

Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім Министрлігі
Астана қаласындағы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ
Экономикалық Университеті
Экономика және Қаржы Институты
Экономика кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Ішкі және сыртқы шығындар
Орындаған: Даулетбекова А.Е.
1-курс 106 топ студенті.
Тексерген: _________________
Алматы 2011 жыл.
Жоспар.
Кіріспе.
1. Шығындар мен қарыздар теориясы_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ _ _ 5
1.1 Шығындар мен қарыздар туралы негізгі концепциялар _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ _ _ _ _ 7
1.2 Шығындар мен қарыздар түрлері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 9
1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ 16
2. Ішкі және сыртқы шығындар туралы жалпы түсінік_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
21
2.1 Сыртқы әсерлер және Рональд Коуз теориясы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ 23
2.2 Сыртқы шығындар және экономикаға әсері_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
25
2.3 Ішкі және сыртқы шығындардың байланысы _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
26
3. Өндіріс шығындарын негізгі төмендету жолдары_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_28
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ _ 30
Пайдаланылған әдебйеттер тізімі_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
_ _ 31
Кіріспе.
Әрбір экономикалық жүйеде экономиканың басты үш мәселесі шаруашылық
жүргізу процесінде түрліше шешіледі. Шаруашылық жүргізу шығындар мен
нәтижелер мөлшерінің сәйкес болуын көздейді.
Экономикалық өмірдегі шығындар мен нәтижелер әр түрлі. Тиімділіктің
мынадай түрлері ажыратылып жүр:
а) ресурстық (факторлық) тиімділік, бұнда нәтиже өндіріс факторларының
бірімен: еңбек, капитал, материалдармен (еңбектің өнімділігі, қор қайтымы,
материал қайтымы) қатынасады (соотношения);
ә) жалпы тиімділік, бұнда нәтиже жалпы ағымдағы шығындармен қатынасады
(рентабельность).
Сонымен қатар, экономикалық жүйені жұмыс істеудің шығыны (издержки) да
ажыратылып жүр. Кез келген экономикалық процесс мәмілелері (сделки)
сериясы болып табылады, олардың жүзеге асырылуы трансакциялық шығынмен
байланысты.
Трансакциялық шығындар – айырбас саласындағы, спецификациясымен және
меншік құқығының қорғалуымен байланысты шығындар. Экономикалық жүйе
неғұрлым жақсы ұйымдастырылса, трансакциялық шығындар көлемі соғұрлым кіші
болады. Экономикалық жүйе элементтерінің экономикалық ықпал етуі
институттар көмегімен жүзеге асырылады.
Институттар – экономикалық жүйелер аясындағы адамдар арасындағы өзара
әрекеттесуді реттеп отыратын формаланған ережелер мен формаланбаған
нормалар. Институттарды таңдаудағы басты мақсат – трансакциялық шығындарды
минимумға жеткізу болып табылады.
Институттар жасалуында мемлекеттің рөлі зор. Рыноктық экономикадағы
мемлекеттің басты міндеті – бизнес жүргізу және бәсекелестік үшін жағымды
шаруашылық жағдайлар тудыру. Институционалдық деген ұғым отандық
ғылыми айналымда салыстырмалы түрде аз пайдаланылады. Өкінішке орай,
халықтың экономикалық ой-толғамдарында одан да төмен қабылданып жүр.
Ықтималды ұзақ уақыт тұратын құбылыспен байланысты әрекеттер институт
ұғымын тудырады. Американдық экономист У.Гамильтонның айтуы бойынша,
институттар – қоғамдық әдет-ғұрыптар тобын дұрыс сипаттаудың ауызша
символы, олар белгілі бір әлеуметтік топ үшін дағдыға немесе әрекетті және
тұрақты әдісті білдіреді.
Институционалдық емес халық – нарықтық емес құрылымдарға бағдарланбаған,
еңбекке қабілетті халықтың бөлігі.
Институционалдық халық – нарықтық емес құрылымдарға, яғни әскерге,
полицияға, мемлекеттік аппаратқа бағдарланған, еңбекке қабілетті халықтың
бөлігі.
Институционализм – экономикалық ой-пікірлердің неоклассикалық бағытына
балама ретінде ХХ ғ. 20-30 жж. Қалыптасқан, осы замандағы экономикалық ой
пікірлердің біреуі, бұның басты ерекшелігі: әлеуметтік-экономикалық
факторлардың (институттардың) барлық жинақтарын осылар бір-бірімен өзара
байланысты және өзара шарттасты деген негізде және тарихи контексте
жүргізеді, сонымен қатар экономикаға қоғам әлеуметтік бақылау жүргізуі
керек деген идея тұжырымдайды.
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А. Смит
абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы
шығындар теориясының авторы. Шығындар деген терминді олар, бірлікке
жұмсалған орташа қоғамдық шығындар деп түсінген, немесе, өнімнің жеке
бірлігі орташа кәсіпорын үшін не тұрады, немесе, саладағы кәсіпорындардың
барлығына бірдей орташа шығындар көлемі қандай шамада болады. Классиктер
шығындарды ренталық төлемдермен есептескендегі өндіріс бағасы деп те
дәлелдеді.
1. Шығындар теориясы.
Шығындардың институционалистік теориясының көрнекті өкілдері Дж. К.
Кларк және Джон А. Гобсон. Кларк қосымша шығындар (overhead costs)
мәселелерімен айналысқан және шығындардың әр қилы типтерін индивидуалдық,
қоғамдық, абсалюттік, үстеме, қаржылық, өндірістік, ұзақ мерзімді және
қысқа мерзімді жан-жақты зерттеген. Гобсон адамға жасалатын шығындар деген
ұғым енгізді.Нарық теориясында нарықтық қатынастар әрекет ететін шекараны
белгілеудің маңызы зор. Бұл мәселеде айырбас сферасында шығындардың
қалыптасуы шешуші шарт болып табылады. Нарық жағдайында тауарларды өткізу
мен тұтынуға байланысты шығындарды К.Маркс таза шығындар деп атаған. Батыс
экономикалық әдебиетінде айырбас сферасындағы шығындар трансакциондық
шығындар деп аталады. Бұл түсінікті американдық экономист Д.Коуз еңгізген.
Д.Норт трансакциондық шығындардың негізгі типтерін бөліп көрсеткен:
- нарық туралы информация іздеумен және сол нарықтағы тауарлар мен
қызметтер қозғалысының қалыптасу шарттарымен байланысты шығындар;
- келісімдердің шартын белгілеумен және оларды жасаумен байланысты
шығындар;
- тауарлардың сапасын анықтауға, стандарттаржүйесін жасауға, фирманың
белгісін қорғауда жұмсалған шығындар;
- заң жүйесінің көмегімен құқықтық тәртіпті қорғауға жұмсалған шығындар;
- нарықта ойланбай (опортунистік) жасалған әрекеттерден болған
шығындар.
Шығындардың осы формасын пайдалану өте көп тараған. Шекті пайдалылық
теориясының өкілдері трансакциондық шығындардың енгізілуінен көп бұрын,
бәсеке мен нарықтық баға белгілену процестеріне көңіл аз бөлінді
деушілікке суйене отырып, зерттеу процесін айналым сферасына аударған.
Қазіргі замандағы экономикада, бухгалтерлік өндіріс шығындары
қолданылады. Бұған тікелей шығындардан басқа, сауда және әкімшілік
шығындары жатады. Бухгалтерлік шығындар мен әдеттегі кәсіпкерлік пайда
бірігіп толық бәсекелік пайданы құрайды.
Айналыс сферасындағы шығындарды теория жағынан дәлелдеу, өндіріс
заңдары мен бөлу заңдарының арақатыстық мәселелерін шешу болып табылады
– олар, немесе, бір-бірінен дербес, немесе, біріншілер екіншілерге
тәуелді болады. Егер өндіріс процесі бөлу процесінен тәуелді емес десек,
онда трансакциондық шығындар нөлге тең болу керек. Бірақ, нақты өмірде
трансакциондық шығындар қашанда нөлге тең болмайды. Сондықтан, өндіріс
процесіне бөлу нарықтық механизм арқылы тікелей әсер етеді.
Осы әсердің дәрежесін білу үшін А.Смит пен Р.Коуздың теоремаларымен
танысайық.
А.Смит теоремасы, немесе, айырбас теоремасы бойынша, еркін айырбас
екі жаққа да пайда әкеледі. Осы теорема арқылы нарық, еңбек бөлінісі және
өндірістің тиімділігінің араларында байланыстар белгіленеді. Нарық
қатынастарының дамуы және айырбас арқылы қол жеткен пайда, еңбек
бөлінісіне негізделген маманданудың нәтижесінде туған рационалдық
кәсіпкерлік іс-қимыл арқылы қамтамасыз етіледі. Осы арқылы өндіріс көлемі
және айырбастың масштабы өседі. Таурларды өткізу (айырбастау) сферасының
кеңейуі трансакциондық шығындардың өсуімен қатар жүреді. Бұл арада
қайшылық процесс туады. Бір жақтан , маманданудың арқасында шығындар
жалпы төмендейді, басқа жақтан , нарықтық қатынастардың территориялық
деңгейінің кеңейуінің арқасында трансакциондық шығындар өседі. Осының
нәтижесінде еңбек бөлінісінің пайдалылығы, трансакциондық шығындардың
өсуінің салдарынан жоққа айналуы мүмкін. Бұдан мынадай тұжырым туады:
еңбек бөлінісінің пайдасы мен трансакциондық шығындар салыстырылып
отырылатын, нарықтық қатынастар шекарасы, осы нарықтық қатынастар
субъектерінің шекарасы болып табылады.
1.1 Шығындар туралы негізгі концепциялар.
Шығындарды зерттеумен саяси экономия классиктері де айналысқан. А.
Смит абсолюттік шығындар деген түсінік енгізген, ал Д.Рикардо салыстырмалы
шығындар теориясының авторы. шығындар деген терминді олар, бірлікке

дәлелденеді. Марксистік концепция бойынша өндіріс шығындары капиталистке
тауардың не тұратынын көрсетеді: өндіріс құралдары мен жұмысшы күшіне
(тұрақты және өзгермелі капитал) жұмсалған шығындардың сомасы болады. К.
Маркс ерекше капиталистік шығындардан, тауардың құнын құрайтын еңбек
шығындарын – ақиқат өндіріс шығындарын – ажыратып зерттейді. XI ғасыр
соңында бірнеше жаңа концепциялар пайда болды. Маржиналистер (Менгер,
Визер) бойынша, шығындар шекті пайдалылыққа негізделген психологиялық
құбылыс болып табылады. Олардың шекті пайдалылығымен (сатушы көзқарасы
бойынша) белгіленетін, өндіріс факторлары үшін фирмалар төлейтін соманың
шамасы белгіленеді. Маржиналистік экономикалық теорияда шығындар түсінігі
тек жеке кәсіпорынға тән жағдай деп есептелінеді. Осы кәсіпорынның табысы
мен шығындары өндіріс масштабының функциясы деп түсініледі. Австриялық
теоретик Ф. Визер балама мүмкіндіктер шығындарының субъективтік теориясының
авторы. Осы тауардың нақты өндіріс шығындары, өндіріс ресурстарын басқаша
пайдаланғанда өндірілген өнімдерден қоғамға түсетін барынша жоғары
пайдалылыққа тең болады. Австриялық мектептің өкілдерінің маржиналистік
көзқарастарын математикалық негізге көшірумен байланысты, шығындарды
барынша төмендету (минимизация) теориялары пайда болды. Бұған еңбек
амалының сапасы мен сипаты, оның қабілеттілігі және қоғамдағы еңбек
бөлінісінің тиімділігі жатады. Өндіріс шығындарының неоклассикалық
концепциясы, оны өндіріс факторларына жұмсалатын шығындар (тұрақты және
өзгермелі) сомасы дейді. Соңғы жылдары неоинститутционалистік
трансакциондық шғындар теориясы пайда болды. Бұған көбінесе айналыс
шығындары жатады – тауарды өткізу шығындары (жарнамаға, нарықтық
жағдайды ұстап тұру үшін т.б.) Трансакциондық шығындар деген түсінікті
американдық экономист Р. Коуз енгізді. К.Эрроу бойынша экономикадағы
трансакциондық шығындар физикадағы үйкеліспен ұқсас дейді.
Неоинститутционалистер нарықтың функциясы трансакциондық шығындарды
үнемдеу болып табылады дейді. Ал оның артықшылығына айырбас мүшелерінің
әрқайсысының информация алуға жұмсалатын шығындардың барынша төмендеу
тенденциясы жатады дейді.
Д. Норт трансакциялық шығындардың келесідей негізгі типтерін бөліп
көрсетеді:
1) ақпаратты іздеу шығындары – қажетті контрагентті табу мен белгілі бір
бағаларды күтуді қалыптастыратын бағалар туралы ақпараттарды табуға
жұмсалатын уақыт пен ресурстар шығындары;
2) айырбас шарты, келісім-шарт пен мәмілені толтыруды анықтау үшін
келісімдер жүргізу шығындары;
3) сапаның қатеден болатын шығынын, стандарттар жүйесін дайындау мен
оларды бақылау шығынын, фирмалық белгілер мен сауда маркаларын қорғау
шығынын өлшеу мен анықтау шығындары;
4) меншік құқығын анық анықтау мен қорғау шығындары, қоғамда әрекет етуші
меншік құқығын бөлудің әділдігіне қатысты бәтуаластық (консенсустық)
идеологияны қолдау мен заңдық жүйе көмегімен құқықтық режимді тікелей
қорғау шығындары;
5) аппортунистік мінез-құлықтан болатын ысыраптар.
Рынок қызметі трансакциялық шығындарды үнемдеуде болып табылады.
Трансакциялық шығындар теориясы тұрғысынан рыноктың басты басымдылығы
ретінде оның ақпаратқа айырбастауда әр қатысушының шығындарын төмендету
тенденциясы жүреді.
1.2 Шығындар және оның түрлері.
Шығындар деп тек жабайы шығындар емес, нарықта құн формасын алған
ресурстар шығындары аталады. Шығындар деген, нәтижесінде өнім өндіріп
өткізілетін (сатылатын) өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай
көрінісі. Құрал-саймандардың кіруіне байланысты шығындар сыртқы және ішкі
шығындарға бөлінеді (айқын және айқын емес).
Сыртқы шығындар – фирманың шикізат, құрал-жабдық, транспорт, энергияны
басқа жақтан, яғни кәсіпорын құрамына кірмейтін жабдықтаушылардан сатып
алуға кеткен ақшалай шығындары.
Ішкі шығындар - өзі өндірген және дербес қолданылатын ресурсына
төленбейтін шығындар. Мысалы, өсірген бидайдың бір бөлігін фирма өзінің
егіс алқаптарына себуге пайдаланады. Бұл бидайды фирма өзінің ішкі
мұқтаждықтарына жұмсайды және төлемейді. Фирма шығаруға мүмкіндігі бар
өнімнің максималдығын анықтау мақсатында шекті шығындар есептеледі.
Өндіріс шығындарын жіктеп бөлудің бірнеше жолдары болады.
Біріншіден, әлеуметтік – экономикалық бағыттан қарағанда, шығындар
қоғамдық және кәсіпорын шығындары болып бөлінеді. Қоғам бағытынан
шығындарға дайын өнімнің құнына көшкен жанды еңбек және зат түрін алған
еңбек шығындары жатады.Өндіріс шығындары ұдайы өндіріс процесінің
нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның өндірісте тұтынылған құрал-
жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.
Екіншіден, өндіріс шығындары экономикалық және бухгалтерлік болып
бөлінеді.
Бухгалтерлікке - өнімнің белгілі мөлшерін өндіруге нқты жұмсалған
өндіріс факторларының шығындары жатады. Бұл жағдайда факторлар сатып
алынған бағамен бағаланады. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және
статистикалық есеп беруде өнімнің өзіндік құны түрін алады. өндіріс
шығындарының экономикалық түсінігі ресурстардың сиректігіне және оларды
балама пайдалану мүмкіндігіне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған
ресурстардың (қандайы болмасын) эконмикалық шығындары, оларды өте
қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын (ақшалай)
немесе айқын емес (имплициттік) шығындарға бөлінеді.
Айқын шығындар (explicit costs) деп өндіріс факторлары мен
жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрін алатын балама
шығындар аталады. Бұлардың болуы ресурстарды тыстан алумен байланысты.
Мысалы, жұмысшыларға, менеджерлерге жалақы төлеу, көлік шығындарын өтеу
т.б.
Айқын емес шығындар (implicit costs) деп өндірісте пайдаланылған
фирманың өз иелігіндегі (сырттан сатып алынбаған) ресурстардың құнын
(шығынын) атайды. Мысалы, ғимараттарды жалға бермегендіктен түспеген
пайда. Бухгалтерлік статистикада айқын емес шығындар көрсетілмейді.
Өндіріс шығындарын түр-түрге бөлудің көп классификациялық белгілері
болады (1.1 кесте).
Өндіріс шығындарының классификациясы
Классификациялау белгілері Шығындардың бөлімшелері
Экономикалық элементтер Шығындардың экономикалық
Элементтері
Өзіндік құнның баптары Калькуляцияның өзіндік
құнның
Баптары
Технологиялық процеске Негізгілер, үстемелер
Қатынасы
Құрамы Бір
элементтік, кешендік тікелей,
Жанама
Өнімнің өзіндік құнына Тікелей, жанама
жатқызу тәсілі
Өндіріс процесіндегі рөлі Өндірістік, өндірістен
тыс
Шығын жасаудың мақсатқа
сай келетіндігі Өнімділік,
өнімділік емес
Жоспарға енгізу мүмкіндігі Жоспарланған,
жоспарланбаған
Өндіріс көлеміне қатынасы тұрақты, өзгермелі
Пайда болуының дүркінділігі Ағымды, біржолғылық
Дайын өнімге қатынасы Аяқталмаған өндіріс
шығындары,
Дайын
өнім шығындары
Практикада көбінесе шығындарда тұрақтыға және өзгермеліге бөледі. Тұрақты
шығындарға (fixed costs FC) – осы мерзімдеөндіріс пен өткізудің көлемі
мен құрамына байланысты емес шығындар. Тұрақты шығындардың графикалық
бейнесін абсцисса бөлігіне параллельді түзу сызық көрсетеді. Әдетте
тұрақтыға жататын шығындар: облигациялық заем міндеттемелеріне сәйкес
төлемдер, ренталық төлемдер, ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық
төлемінің бір бөлшегі, сақтандыру жарналары, фирманың жоғары дәрежелі
басқарушылары мен болашақта еңбек ететін мамандарының еңбек ақысы.
Тұрақты шығындарды бастапқы (старттық) және қалдық (қалған) шығындар деп
екі топқа бөлуге болады. Қалдық шығындарға өндіріс пен өткізу белгілі бір
уақытқа толық тоқтатылғанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорынның тұрақты
шығындарының бір бөлшегі жатады. Старттық шығындарға өндіріс пен өткізудің
қайта басталуымен байланысты жұмсалатын, тұрақты шығындардың бір бөлшегі
жатады.
Өзгермелі шығындарға (veriable costs –VC ) осы берілген мерзімде өнімді
өндіру мен өткізу мөлшерімен жалпы көлемі тікелей байланысты шығындар
жатады: жалақыға, шикізатқа, отынға, қуатқа, көлік қызметтеріне жұмсалатын
шығындар. Өнім тіпті өндірілмесе де тұрақты шығындар өтелуі қажет. Ал
өзгермелі шығындарды кәсіпкер өндіріс мөлшерін өзгерте отырып болжап,
басқара алады.
Өндіріс пен сату (өткізу) өзгергендегі өзгермелі шығындар динамикасымен
танысайық. Бұнда үш жағдай болуы мүмкүн:
1.Өзгермелі шығындар пропорционалды болады, егер олардың салыстырмалы
өзгеруі, өндірістің көлемі мен жүктемесінің салыстырмалы өзгеруіне тең
болса.
2. Егер шығындардың салыстырмалы өсуі, өндіріс көлемінің салыстырмалы
көбеюінен аз болса, онда дегрессивтік өзгермелі шығындардың болғаны.
3. Шығындар прогрессивтік өзгермелі болады, егер өзгермелі шығындардың
өсуі, өндірістің көлемінен артық болса.
Кәсіпорынның жалпы шығындары деп (total costs) ТС – оның тұрақты және
өзгермелі шығындарының сомасы түсініледі.
TC=FC+VC
Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың
сомасындай шамаға өсіп отыр. Өндіріс көлемі өзгергенде жиынтық шығындардың
шамасын белгілейтін шығындардың түрлері көп болады, мысалы, шикізатқа,
негізгі және көмекші материалдарға шығындар, көлік шығындары, қуатқа,
табыстың жекелеген түрлеріне шығындар, т.с.с.
Өзгермелі шығыстардың жауап ретінде коэффициенті өндіріс көлемін өсіру
немесе төмендету шешімдерін белгілейтін болғандықтан, осындай шығыстарды
Батыстың есеп жүйесінде шешуші шығыстар деп атайды. Шығыстардың басқа
түрлері өндіріс көлеміне тәуелді болмайды, мысалы, кәсіпорнының
әкімшілігінің және қорғаушыларының жалақысы, арендаға алынған негізгі
құралдар үшін төлемдер және т.б. өйткені бұлар өндірісті қандай көлемде
жүргізу туралы шешімдерге әсер етпейді, олар кәсіпорнының тек қызмет
ету шарты болып табылады. Бұларды шешім қабылдауды белгілейтін шығыстар
деп атайды. Әдетте уақыт мерзімі қысқа және ұзақ мерзім болып бөлінеді.
Ұзақ мерзімде шығындардың барлығы өзгермелі болады. Мысалы, егер
жұмыстан босату мерзімі жұмыскерлер үшін бір апта болса, онда жалақыға
жұмсалатын шығындар жұмсалатын шығындар жұмыскерлер үшін бір апта
бойы тұрақты болады. Қызметкерлер үшін бұл мерзім 6 жұма, 3 ай және одан
артық. Егер уақыт мерзімін бір жыл деп алсақ, онда еңбек үшін төлем
шығындарының барлығы өзгермелі болады.
Тұрақты шығындар шарттық қарым-қатынастар (мысалы, лизинг шарты, жолдау
шарты, арендалық шарт және т.б.) нәтижесінде пайда болады. Шығындарды мән
жағынан тұрақты және өзгермелі деп бөлуден пайда жоқ. Шығындардың
Батыстағы классификациясында олардың тәртібінің (тұрақты немесе
өзгермелі) сипаты шешім қабылданған ситуациядан тәуелді деп тұжырымдалады.
Кәсіпкер үшін өнімнің бірлігін шығаруға үшін жұмсалған шығындар, яғни
орташа шығындар туралы информация, өте маңызды. Орташа шығындар АТС – бұл
шығарылған өнімнің бірлігіне жұмсалатын жалпы шығындар:
ATC=TCQ
Осыған сәйкес орташа тұрақты және орташа өзгермелі шығындар есептеледі.
Ауқымның теріс нәтижесін шығарылатын өнімнің көлемінің өсуіне байланысты
ұзақ мерзімдік орташа шығындар өскен жағдайда өндірісті ұйымдастыру
мәселелері құрады. Бұның басты себебі – фирманың әр түрлі бүындарының
қызметін реттеуге бақылау жүргізудің бәсеңдеп кетуі. Басқарушы аппарат
өсіп кетеді, жоғары дәрежелі басқарушылар өндірістік проценттен
алшақтанады. Бұл басқарудың жеделдігінің айқындығын төмендетеді,
өндірістің тікелей және үстеме шығыстарын өсіреді. Дағдарыс кезеңінде,
бәсекелік сайыста ірі фирмалардың өміршеңдігінің мүмкіндігі жоғары
болады.
Шекті шығындар МС – бұл өнімнің қосымша бірлігін өндіру үшін қажет
қосымша шығындар.
MC=TCQ
Егер өнімнің қосымша бірлігі оның сату бағасынан арзан түссе, онда
шекті шығындар өнімнің бағасымен теңдескенше, фирма өндірісті кеңейте
береді. Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисық сызығы – U тәрізді форма
алады, бұл қысқармалы табыстылық заңымен байланысты – еселеп өсіп
отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларына
қолданылады. Егер қалыптасқан нарықтық бағаны P фирма берілген деп және
соған өзінің өндірісін бейімдеді деп есептесек, онда ол өнімді Qont,
оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіре беруге талаптанады.
Фирманың ұсынысының қисық сызығы SS ортша шығындардың ең төмен
дәрежесінен жоғары орналасатын шекті шығындар сызығымен үйлесімді
беттеседі. Кәсіпорынның шығаратын тауарларының мөлшерін рынокқа ұсынуы,
оны өндіруге кететін шығындарына және сол тауарлардың рынокта сатылатын
бағаларына тікелей байланысты болады. Бұдан шығатын қорытынды,
тауарларды өндіру және оны сатуға кететін шығындарды білу кәсіпорынның
шаруашылық жүргізудегі тиімділігінің басты жағының бірі болып саналады.
Шығындар – бұл кәсіпорын өзінің өндіретін және коммерциялық қызметін
іске асыру үшін өндіріс факторларының ақшалай түріндегі шығындары. Өндіріс
процесіндегі айқын шек қоятын шығындар және олардың маңызы мен
практикалық қызметіндегі анықтайтын межесі болып табылады. Кәсіпорын
шығындары өндірістік белгісіне қарай 3 түрге бөлінеді:
- өзіндік құн құрайтын өнімдерді өндіру және сатуға кететін
шығындар. Бұл капиталдың ауыспалы айналымы арқылы сатудан түскен
ақшалай түсімді жабатын ағымдағы шығындар;
- өндірісті ұлғайтуға және жаңартуға кететін шығындар. Әдеттегідей,
бұл жаңа немесе жаңғыратын өнімге жұмсалатын бір жолғы ірі
күрделі қаржы шығындары;
- өндірістің әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй, тұрмыстық қызмет көрсету
және осыған ұқсас басқа да мұқтаждарға кететін шығындар. Олар
негізінде пайданың есебінен бөлінетін арнаулы қорлардан
қаржыландырылады. Практикалық маңызы болатын ең тұрақты және ауыспалы
шығындарға бөлу. Тұрақты шығындар осы кезеңдегі уақыт ішіндегі
сомасы өнімді өндіру және оны сатудың мөлшеріне, құрылымына тікелей
тәуелді болмайды. Тұрақты шығындарға жататындар: міндетті заемдық
ақылар, есепті төлемдер, ғимараттар және жабдықтардың амортизациясы,
сақтандыру жарналары және т.б.
Ауыспалы шығындар – бұл осы кездегі уақытта өнімді өндірудің
мөлшеріне және сатылуына тәуелді болмайтын шығындар. Мысалы,
еңбекақы шығындары, шикізаттар, отын, энергия, көлік қызметі және
т.б. Тұрақты және ауыспалы шығындар арасындағы айырмашылықтың елеулі
маңызы бар. Тұрақты шығындар керек десе, жалпы алғанда,
өндірілмеген өнімге де төленуге тиісті, ал ауыспалы шығындармен
кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерту жолымен басқаруы мүмкін. Шығындар
экономикалық және бухгалтерлік болып ажыратылады. Экономикалық
шығындар деп кәсіпорынның ресурстарды пайдаланғаны үшін
жеткізушілерге төлейтін төлемдердің барлық түрлерін айтады. Олар екі
түрден тұрады: сыртқы (анық немесе ақшалық) және ішкі (күңгірттік
немесе өзінен - өзі түсінікті). Сыртқы шығындар – бұл ресурстарды
жеткізушілерге ақшалай түріндегі төлемдері; шикізаттар төлемдері,
материалдар, отын, еңбекақы, тозуды есептеу және т.б. Бұл топтағы
шығындар бухгалтерлік шығындарға жатады. Кәсіпорынның ішкі шығындары
күңгірт, өзінен өзі түсінікті сипаттамада болады. Олар кәсіпорын
қарамағындағы ресурстарды өндірісте пайдаланғанын нақтылап көрсетеді:
жерді, ғимараттарды, олардың жеке еңбектері және т.б. үшін
кәсіпорын ресми төлемейді.
Жиынтық шығындар – осы уақыт мерзімінде ЖҰӨ алу үшін экономикалық
қатынастар субьектерінің шығындарының сомасы.
Альтернативтік шығындар – ресурстарды пайдаланудың мүмкін альтернативті
әдістерінің ең тиімдісін қолданғанда алуға болатын ақша сомасы.
1.3 Шығындар және еңбек өнімділігі.
Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен
өндіріс құрал-жабдықтарының шығындарынан тұрады. Ал соңғыларда, өз
уақытында, соларды жасауға жұмсалған еңбек шығындары болып табылған.
Сондықтан экономикалық теорияда өнімнің қандайына болмасын жанды
(нақты) және зат түріндегі еңбек жұмсалады деп тұжырымдалады. Өткен
(зат түріндегі) еңбек білім, информация т.с.с. түрде жинақталады.
Фирма өндіретін өнім белгілі бір түрде – зат немесе құн түрінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz