Мемлекеттік қаржылық бақылаудың проблемалары


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
«Еуразия» академиясы
«Есеп және менеджмент» мамандығының деканаты
Р Е Ф Е Р А Т Тақырыбы: «Мемлекеттік қаржылық бақылаудың проблемалары»Орындаған: Саташева А. Б
221 топ «Есеп және аудит»
мамандығының сырттай
оқу бөлімінің студенті
Тексерген: Муратова К. Б.
оқытушы
« » 2013ж.
Орал - 2013 ж.
Қаржылық бақылау жалпы қоғамдық өнімнің ақшалай қорлар бойынша және оның белгілі бір мақсаттарға сәйкес пайдаланылуын бақылауды айтамыз.
Қаржылық бақылау - бұл заңдылықты және атқарушы билік органдарының барлық деңгейінің және арнайы құрылған мекемелердің экономикалық субъектлердің қаржылық қызметіне бақылау жүргізуі.
Бақылаушылық функцияның нәтижесінде қаржылық ресурстарды қалыптастыру, бөлістіру және пайдалану бойынша кемшіліктер анықталады.
Осыған сәйкес қаржылық бақылаудың ерекшелігіне -оның ақша нысанында жүзеге асырылуы жатады. Осыған сәйкес тексеру нысанына- кәсіпорындағы пайда, кірістер, рентабельділік, өзіндік құн, айналыс шығындары жатады. .
Бақылаушылық функцияның міндеттеріне келесілер жатады:
- ақшалай қорлардың қалыптасуы, бөлістірілуі мен пайдаланылуына негізделген арақатынастың сақталуы;
- мемлекет тарапынан өндіріс, айналыс және материалдық игіліктерді тұтыну үрдістеріне әсер ету мүмкіндіктерін қалыптастыру.
Қаржылық бақылау келесі міндеттерді атқарады:
1. Қаржылық міндеттемелердің орындалуын тексеру
2. Ақшалай қаржаттардың дұрыс пайдаланылуын тексеру
3. Қаржылық операциялардың және ақшалай қаражаттарды сақтаудың дұрыс жүзеге асырылуын тексеру
4. Өндірістің ішкі резервтерінің - еңбек өнімділігін, айналым қаржаттарының айналымдылығының жеделдігін, ақшалай және материалдық қаражаттарды тиімді пайдлану жолдарын анықтау.
5. Қаржылық тәртіптің бұзылуын ескерту мен жою.
Қаржылық бақылаудың негізгі қағидаларына келесілер жатады:
- реттілік, жаппай қамтушылық, әмбебаптығы;
- алдын ала ескертушілік сипаты;
- әрекеттілік, нақтылық, жариялылық;
- бақылауда алаламаушылық (бөлмеушілік) сипаты;
- бақылау органдары қызметкерлерінің тәуелсіздігі.
Қаржылық бақылаудың жіктелуі субъектлердегі айырмашылықтарға, бақылау іс- қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне негізделген. Осы белгілеріне қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша: түрлері, нысандары оны жүзеге асырудың әдістері бойынша жүзеге асырылады.
Бақылауды жүзеге асыратын субъектілерге қарай бақылаулар келесі түрлерге бөлінеді:
-жалпы мемлекеттік (мемлекеттік, ведомствалық, ішкі шаруашылықтық, парламенттік) ;
-қоғамдық (профсоюздік, партиялық және массалық қозғалыстар және т. б. )
Жалпы мемлекеттік бақылау кез-келген объектіге қатысты оның ведомстволық және меншіктік нысанына байланыссыз жүргізілетін бақылау. Оны мемлекеттік билік пен басқару органдары жүзеге асырады. Жалпы мемлекеттік бақылаудың келесідей түрлерін атап көрсетуге болады: салықтық, бюджеттік, валюталық және кедендік бақылау.
Ведомстволық қаржылық бақылау жеке министрліктің, ведоствоның өкілдіктері шегінде олардың жүйесіне кіретін шаруашылық жүргізуші субъектлердің қаржы-шаруашылық қызметіне жүргізіледі. Оның негізгі міндетіне мыналар жатады: жоспарлы тапсырмалардың орындалуын, материалдық және қаржы ресурстарын тиімді, үнемді пайдаланылуын, меншіктің сақталымдығын, бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуін, бақылау -тексеріс жұмысының мән-жайын бақылау, заң бұзушылықтарды айқындау.
Ішкі шаруашылық бақылау кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметтеріне экономикалық және қаржылық ұйымдарға жүргізіледі. Мұндай бақылаудың объектісіне шаруашылық және қаржылық қызмет жатады. Қоғамдық бақылау түрлі қоғамдық ұйымдар жүзеге асыратын бақылау түрі. Бұл бақылаудың объектісі олардың алдында тұрған міндеттерге байланысты.
Тәуелсіз бақылау арнайы мамандандырылған органдар арқылы - аудиторлық ұйымдар мен фирмалар арқылы жүргізіледі.
Қаржылық бақылау жүргізілу уақытына сәйкес келесі түрлерге бөлінеді:
- Алдын -ала бақылау
- Кейінгі бақылау
Алдын -ала қаржылық бақылау қаржылық операциялар жүрзілер алдында жүзеге асырылады. Ол қаржылық болжау мен бағдарламаларды және барлық деңгейдегі бюджеттік жоспарларды құру үрдісіне негізделген нақты бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Кейінгі қаржылық бақылау есептік кезең соңындағы қаржылық және бухгалтерлік тексеріс пен талдау негізінде жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі шаруашылық қызметтің нәтижелерін бағалау үшін және қаржылық стратегияның тиімді жүзеге асырылуын бағалау үшін қолданылады
Қаржылық бақылау жүргізілу әдістері бойынша келесілерге бөлінеді:
Тексеру
Зерттеу
Экономикалық талдау
Тексеріс
Қадағалау
Тексеру қаржылық -шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру.
Зерттеу - кәсіпорынның қызметінің негізгі, жеке тұстарын қамтиды. Осыған сәйкес орындалған жұмыстарды, материалдық шығындарды, отынды, энергияны есептеу жүргізіледі.
Қадағалау қаржылық қызметтің белгілі бір түрі үшін: сақтандырушылық, инвестициялық, банктік және т. б. қызметтер үшін лицензия алған бақылау органдар арқылы жүзеге асырылады. Ол бекітілген нормативтердің жүзеге асырылуын қадағалайды.
Экономикалық талдау бұл объектінің шаруашылық, қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын анықтау.
Тексеріс (ревизия) қаржылық бақылаудың кең тараған түріне жатады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне белгілі нақты және құжаттық бақылау әдістері мен тәсілдері арқылы бақылау жүргізу.
Субъектінің шаруашылық қызметін қамтуына байланысты тексерістің келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:
§ Толық
§ Іріктемелі
§ Тақырыптық
§ Нақтылы
Толық тексеріс бақылау объектісінің шаруашылық қызметінің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріске субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметінің бір бөлігі ғана тексерілуі жатады.
Тақырыптық тексеріс бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде, қаржы -шаруашылық қызметтің жеке мәселелеріне сәйкес жүргізіледі.
Нақтылы тексеріс тек құжаттарды ғана емес сонымен қатар кәсіпорынның қаражаттарын, материалдық, еңбектік құндылықтарына да бақылау жүргізеді. Қаржылық және шаруашылық операцияларды қамту деңгейіне байланысты тексерістің келесідей түрлерін бөліп көрсетуге болады:
Ø Жалпылай
Ø Іріктеулі
Ø Кешенді
Жалпы тексеріс қарастырылып отырған кезеңде белгілі бір объектінің барлық операцияларын тексеруді айтады.
Іріктеулі тексеріс белгілі бір уақыт аралығында бастапқы құжаттардың белгілі бір таңдаулы бөлігін тексеруді айтады. Мысалы, бір кварталдағы бір айды тексеру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz