«Өзін-өзі тану» пәні: қазіргі жағдайы мен келешегі



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1 тарау. «Өзін.өзі тану» пәні: қазіргі жағдайы мен келешегі ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.1 «Өзін.өзі тану» бағдарламасының рухани . адамгершілік тәрбие жүиесіндегі маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
1.2 «Өзін.өзі тану» мен өзін.өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1 тарау бойынша қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

2 тарау «Өзін.өзі тану» пәнін оқытудың ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.1 «Өзін.өзі тану» пәнінің басқа пәндерден ерекшелігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...17
2.2 «Өзін.өзі тану» пәнінің мақсаты мен міндеті, принциптері ... ... ... ... ... .. 20
2.3 «Өзін.өзі тану» пәнін оқытудың әдіс.тәсілдері, формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.4 Зертеу нәтижелері мен оларға талдау жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
2.5 «Мейірілімдік . асыл қасиет» үлгі сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30

Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31
Кіріспе
Қазіргі кезде өскелең ұрапақты тәрбиелеу алға қойып отырған негізгі мақсаттардың бірі – қоғамда өзіндік орны бра, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызының «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім жобасы республикамыздың білім беру мекемелерінде, балабақшаларда эксперименттік пән ретінде жүргізіліп келеді.
«Өзiн – өзi тану» - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге адамдар арқылы өзiн тану процесi.
Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда кеңiнен ашылып көрсетiледi:
- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi қабылдау құралы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты қабылдау жағдайы.
- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.
Әдебиеттер тізімі:
1. С.А. Назарбаева Адам әлемі және әлемдегі адам: өзін-өзі тану теориясы мен практикасы. (Алматы, 24 желтоқсан 2007ж) – Алматы: «Бөбек»
2. Зейгарник Б.В. Теории личности в зарубежной психологии./ Б.В. Зейгарник – М.: Изд-во Моск. Ун-та, 1982. – 179 с.
3. Немов. Р.С. Практическая психология. / Р.С. Немов. Познай себя, -М., 1999. - 378 с.
4. Кондратьева С.В. Межличностные понимание и его роль в общении: Автореферат. дис. ... докт. психол. наук. - Л., 1979. – 36 с.
5. Десен Л.Н. Некоторые социально-психические особенности школьников юнешеского возраста // Вопросы психологии. 1973. № 2. 99 - 104 с.
6. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития. / В.Г. Маралов - М.: Издательский центр «Академия», 2002. – 256 с.
7. Майерс Д. Социальная психология / Д. Майерс. -Спб: Питер, 1999. – 637
8. Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений // Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ. / Под.ред. С.М. Джакупов. –Алматы, 2002. -162 с.
9. Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними // Мир психологии, 2001. № 2.- 54-58 с.
10. Столин В.В. Познание себя и отношение к себе в структуре самосознания личности: Автореф. дис. ... / В.В. Столин. -М., 1985. – 37 с.
11. Орлов Ю.М. Самопознания и самовоспитание характера / Ю.М. Орлов. -М: Просвещение. 1987. - 101 с.
12. Психология. Учебник. / Под редакцией А.А.Крылова. -М: ПБОЮЛ, 2001. - 584 с.
13. Крогус Н.В. Взаимообусловленность познания людьми друг друга и самопознания в конфликтной деятельности // Психология межличностного познания. -М., 1981. - 66-80 с.
14. Кондратьева С.В, Галузо П.Р. Влияние понимания своих учителей на характер общения подросков / Общения и развитие психики. - М., 1988. 116-123 с.
15. Лоренц К. Агрессия: так называемое зло / К. Лоренц, - М., 1994. - 257 с
16. журнал «Жасstar», №4 (18), октябрь-декабрь 2008 ж.
17. Абульханова К.А. Психология и самосознания личности / К.А. Абульханова. –М: Московский психолого-социальный институт. 1999. -224 с.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы
сыйластық, махаббат пен мейірімділік – шапағат шуағымен ізгілік нұрына
бөленуі тиіс.Өйткені біз баланы- адал еңбек етіп, елін, халқын сүюге
тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл- қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз,
берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!

Сара
Алпысқызы

Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 тарау. Өзін-өзі тану пәні: қазіргі жағдайы мен
келешегі ... ... ... ... ... ... ... ...4
1. Өзін-өзі тану бағдарламасының рухани – адамгершілік тәрбие жүиесіндегі
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...10
2. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
1 тарау бойынша
қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 15
1. тарау Өзін-өзі тану пәнін оқытудың
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ...16
1. Өзін-өзі тану пәнінің басқа пәндерден
ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..17
2. Өзін-өзі тану пәнінің мақсаты мен міндеті,
принциптері ... ... ... ... ... .. 20
3. Өзін-өзі тану пәнін оқытудың әдіс-тәсілдері,
формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
4. Зертеу нәтижелері мен оларға талдау
жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... 24
5. Мейірілімдік – асыл қасиет үлгі сабақ жоспары
... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
Әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..30
Ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе
Қазіргі кезде өскелең ұрапақты тәрбиелеу алға қойып отырған
негізгі мақсаттардың бірі – қоғамда өзіндік орны бра, үлкенге құрмет
көрсетіп, кішіге қамқор бола білетін, мемлекетіміздің болашағы жан-жақты
дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Осы мақсатты жүзеге асыруда Бөбек қорының президенті Сара
Алпысқызының Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім жобасы
республикамыздың білім беру мекемелерінде, балабақшаларда эксперименттік
пән ретінде жүргізіліп келеді.
Өзiн – өзi тану - бұл өзiнiң потенционалды және жеке бас
қасиетiн, интеллектуалды ерекшелiгiн, мiнез-құлқын, өзiнiң қатынасын өзге
адамдар арқылы өзiн тану процесi.

Өзiн-өзi танудың ғылыми тұрғыдан қарастырғанда, психологияда
кеңiнен ашылып көрсетiледi:

- өзiн-өзi тану – психологиялық кемелдi және iшкi үйлесiмдiлiктi
қабылдау құралы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның психикалық және психологиялық денсаулықты
қабылдау жағдайы.

- өзiн-өзi тану - тұлғаның өзiндiк дамуының бiрден-бiр жолы және оның
жүзеге асырылуы. Бұл мәндер өзара тығыз байланыста болып келедi және
олар бiр-бiрiн толықтырып отырады.

1 тарау Өзін-өзі тану пәні: қазіргі жағдайы мен келешегі.
Қазіргі қоғамдық санада болып жатқан өзгерістер мен жаңартулар жас
жеткеншктерді жалпы адамзаттық құндылықтармен өмірдің қарапайым ақиқаты
тұтастығында тәрбиелеуді нысана тұтады. Жастардың бойында әлемдік
мәдениетті бағалап, ұлттық мәдениетті ұлықтай алатын асыл қасиеттердің
болуы олардың еліне, туған жеріне деген перзенттік сезімін ұлғайтып,
әлеуметтік белсенділігін дамытады. Сол себепті оқыту үрдісінде өзі келең
ұрпақтық адамгершілік құзіреттілігін қалыптастыратын құндылықты назар
аударылып, білім мазмұнында дүние танымдық және рухани – адамгершілік
сипаттары айқын мәселелерді көбірек қамту қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында білім беру
жүйесінің басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық, жалпыадамзаттық
құндылықтардың, ғылым мен практиканың жетістіктерінің негізінде
қалыптастыру, дамыту және кәсіби тұрғыдан жетілдіру, - деп көрсетілуі әр
дара тұлғаның заманауи талаптарға сай білімді де білікті азамат қалыптасын
көздейді. Білім беру жүйесіндегі жетістіктер өркениетке ұмтылып отырған
мемлекетіміздің дамыу болашағының негізі ретінде Қазақстаның әлемдегі
бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру қажеттілігін айқындай түседі.
Ақпараттандыру ғасыры деп танылып отырған бүгінгі замандағы қоғамдық
– әлеуметтік, саяси – экономикалық қатынастардың нығаюына орай адамзат
баласының мөдделігі артып, көртеген жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік
туып отыр. Алайда, қаншама материалдық игіліктергі қол жеткізгені мен,
күнделікті тұрмыс жағдайында адамдардың қарым-қатнасында көптеген
келеңсіздіктермен де кездесіп отырады. Жаһандану жағдайында туындаған
кейбір қарама-қайшылықтар мен рухани тапшылыққа тап болмауы үшін біз
алдымен адамдардың арасында ізгелікті қарым-қатнас орнатып, олардың жүрегін
адамгершілік нұрға бөлендеруді ойластырғанымсыз абзал.
Осы ретте рухани – адамгершілік құндылықтардың ұрпық дамуының өзегі
екендігн сезіне білген Қазақстан Республикасының 1 ханымы Сара Алпысқызы
балалармен жастарға рухани-адмгершілік білім беруді мұрат етті. Сөйтіп,
өмірге болашақ ұрпақты ізгілік бесігіне бөлейтін руханияттық жаңа қадам
ретінде Өзін-өзі тану авторлық жобасы келді. Сара Алпысқызының:
Рухнияттық кәусар бастауына апаратын жолды іздеу бүгінгі таңда өмір сүріп
келе жатқан адамдардың әр қайсысының және баршамыздың басты міндетіміздің
екеніне сенемін тіпті егер қаласаңыз, оны адам туралы білімгер көмбесіне
апаратын жол депте атауға болады, - деген сөзі бәрімізге үлкен жауап
кершілік жүктейді. Оның ізгілікті ісі қайырымдылық бағдарламасынан бастау
алған еді. Ол осыдан 15 жыл бұрын Бөбек балалар Қорын ұйымдастырып күні
бүгінгі күнге дейін үнемі жетім балаларға қамқорлық көрсетіп, олардың
жағдайын жақсартуға көп күш салып келеді. Алайда, Қор қоржысы есебінен
науқас балаларға арнап алынған құрал-жабдықтар, дәрі-дәрімектер материалдық
тұрғыдан көрсетілген көмектер қиындықтардың бір жағын шешуге ғана негіз
болады. Адам тағдырындағы күрмеуі күрделі мәселердің бір рет, тіпті бірнеше
дүркін берілетін көмекпен шешіле салмайтынына анық көзі жеткен Сара
Алпысқыз осындай жағдайлардың шешімін адамның ішкі мүмкіндіктерінен,
олардың рухани қажеттіліктерінен іздеді. Қазіргі кезде жасы кәмлетке
толмаған балалардың заң талаптарын бұзып жастайынан темекі шегіп
нашақорлыққа салынып, кісі өлтіруге дейін баруы қазақ халқының өмір
тарихында бұрын болып көрмеген Қарттар үйінің пайда болуы, балалар үйінің
тастанды жетімдерге толуы тәрізді әлеуметтік жағдайлардың ұрпақ тәрбиесіне
кері әсер ететіне көзі жеткен Сара Алпысқызы қайырылымдылық бағдарламасын
рухани өнегелі білім беру мен ұштасдырды. Білім мазмұнын адамды сүй
рухындағы тәрбиемен толықтырып, қордың қызметін кеңейтуге күш салып,
балаларды ақиқаттқа жетелеуден әсем де, ізгі не бар? екенжігін зерделеп
берді. Адаға мейірмді шуақ төге білгенде оның өміріндегі, ойындағы ниетті
түзетуге болатындығына сенген Сара Алпысқызы Бұлаққа апарар жол атты
кітабында: Тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап беруі үшін
жалпыадамзаттық құндылқтыры қай жандардырып; өзіміздің бастапқы қайнар
көзімізге оралу керектігіне бір сәтте күмәнданбауымыз керек, - деп ой
толғайды. Ал Өмір әдебі атты еңбегінде: Мен баланың жас кезінен – ақ
барлық уақытта сау әрі бақытты болып өсуін өмір даналығы мен адамзатқа
қызмет ету бақытына ие болып жетілуін қалаймын. Ол өзінің кім екендігін не
үшін өмір сүрып, не үшін талпынатынын пайымдай білсін. Әркім өзін ашып
көрсете білуі тиіс, - деп еліміздің болашағы, ертеңгі ел азамтарына үлкен
үміт артады.
Осындай ойлар мен тәжірбиеден туындаған Өзін-өзі тану жобасының
басты мақсаты әр адамның өзін табиғаттың бір болшегі ретінде сезінуі ықпал
етіп, адамның өзін толық іске асыруына өзін әлеуметтік рөлі мен өмірлік
мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет ету әлеуетін көтеруге және әрбір
тұлғаның өзіндік ішкі мүмкіндіктерін толық пайдалана білуге үйрету болып
табылдады. Бұл мақсат өз келең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімімен
тәрбиесінің жалпыадамзаттық, ұлттық, этно мәдени және тұлғалық
құндылықтардың үйлесімді жинақталуы мен ерекшеленеді әрі олардың
физикалық, психикалық, рухани, әлеуметтік, шығармашылық өсі тұрғысынана
ұйлесімділіке қол жеткізу қабілеттерін дамытады.
Жеке тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік беретін осы жоба
еліміздің мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін оқу
мекемелеріндегі Өзін-өзі тану пәні бойынша дайындалған рухани-
адамгершілік білім беру стандарты арқылы жүзеге асады. Аталған құжат өзін-
өзі тануды ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілеп, дара тұлғаның
рухани-адамгершілік дамуының негізгі бағыттарын анықтайды. Стандарт жеке
тұлғаның үйлесімді қалыптасу процесінде көп қырлы аспектілерді ескере
отырып, рухани-адамгершілік білім беру мақсаттарына және оқу
жетістіктерінің деңгейлері бойынша күтілетін нәтижелер түрінде белгіленген
адамгершіліктің этикалық нормаларына жету жолдарын анықтауға шығармашылық
тұрғыда мүмкіндік береді. Өзін-өзі тану пәнінің ресми-нормативтік
құжаттарын, оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерін Бөбек ұлттық ғылыми-
практикалық білім және сауықтыру орталығы құрамындағы адамның үйлесімді
даму институтының ғылыми қызметкерлері дайындайды.
Өзін-өзі тану пәнінің Қазақстан Республикасы білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты Балалардың құқықтары туралы
Конвенцияның, 2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясының,
Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңының, Қазақстан Республикасында
білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының, Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында
тәрбиелеудің 2006-2011 жылдарға арналған кешенді бағдарламасының,
Қазақстан Республикасында 12жылдық білім беруді дамвту тұжырымдамасының
ережелеріне сәйкес әзірленеді. Стандарттың мазмұнын өзін-өзі тану пәні,
сонымен қатар басқада білм салалары арқылы жүзеге асырылатын рухани-
адамгершілік білім беру, өзін-өзі таныудың базалық мазмұнына сәйкес
күтілетін нәтижелер, оқушылардың оқу жетістеріктерінің деңгейлері және
рухани-адамгершілік білім берудің варианитвті бөлігі (қолданбалы курстар,
таңдай бойынша курстар), сыныптан тыс іс-шаралардың әр түрлі нысандары
және қосымша білім беруге қойылатын талаптар құрайды.
Бұл талаптар мектепке дейінгі және жалпы орта білім беретін оқу
мекемелеріндегі Өзін-өзі тану рухани-адамгершілік білім беру пәні арқылы
жүзеге асады. Пән бойынша берілетін адамгершілік білім негіздері жаңа
ғасырда жаңаша, бақытты өмір сүруді қалайтын, қоршаған табиғи ортаны
сақтауға мүдделі, өзіндік көз қарастары мен дүниетанымы терең, айналадағы
адамдармен тіл табысуға, түсінуге ұмтылатын болашақ ұрпақтың жеке тұлғалық
қабілеттерін жетілдіруге қызмет етеді. Ол – табиғаты жағына филасофия,
психология педагогика, тарих, мәдениет тану, әдебиет, валеология, әлеумет
тану, әдеп, эстетика, ғылымдарының іштей кірігуімен ерекшелініп
жалпыадамзаттық құндылықтарды тануға бағытталады.
Өзін-өзі танупәні мәні жағына оқушылардың қабылдау, түйсіну,
білім, білік, дағдыларын іштей тұтастырып, оларды өмірде еркін қолдана
алуға үйрету мен және оның өз Менінің шегін танытуымен ерекшеленещді.
Оқушының жеке тұлға ретінде өсуі өзін-өзі жүзеге асыруы, өзін-өзі
қадағалауы, өзіндік белсенділіктің артуы оның әрекетін бағалаудың негізгі
кретерийі болып саналады. Өзін-өзі тану пәні жастардың қоршаған ортаның
мәнін түсінуге, сол ортадағы өзінің орны мен міндетін сезінуіне болашақ
өмірлік бағытын дұрыс таңдауына, жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан
өзінің айналасы туралы ой түйіп, өз көзқарасын жүйелей алуына жол
көрсетеді. Өзін-өзі тану жеке тұлғаның Өзін-өзі тану дамуының, рухани және
шығармашылық қабілеттерін жарқырата көрсетуінің, әлеветік мүмкіндіктерінің
жүзеге асырудың аса қажетті шарты болып табылады. Өзін-өзі тану нәтижесінде
ғана адам өзінің рухани өсу қабілетін шыңдайды, өзін-өзі жетілдіре түседі
де өмірдің рахатын сезініп оның мән-маңызын түйсінеді. Адам бойындағы
өзінің Менің тануға деген қажеттік жеке тұлғаның еңбекке, қарым-қатынасқа,
белгілі бір жетістіктерге деген іргелі әлеуметтік қажеттіліктерімен барабар
болады. Өзін-өзі тануға деген қажеттік адамның өзінің ішкі сұранысы мен
айналасындағы талабына сай болу мөддесінен туындап, өз Менінің біртұтас,
толысқан бейнесін жасауға ұмтылушылығымен сипаталады. Адамның өз
Менініңбүтіндігіне деген мөдделілігі,өзін-өзі сыйлауға деген қажеттігі оның
өзін-өзі тануға деген мұқтаждығын күштейді. Мұндай қажеттіліктердің өріс
алуында Өзін-өзі тану сабақтарының мәні зор.
Өзін-өзі тану сабағы- адамның қиялына қанат бітіретін , салауатты
өмір салтына бастайтын игіліктердің жиынтығы. Тақырып аясында берілетін сан
түрлі сапа, адами ізгі қасиет, үлгі –өнеге, айналаға деген ыстық ықлас пен
өмірге деген іңкәр сезім т.б. өмірлік құндылықтарды баланың зердесіне
жеткізетін әрине, ұстаз. Олай болса, өмір оқулығындай ғажап дәрістерге толы
бұл пәнен сабақ беретін ұстазға қойылар талап та ерекше. Мұғалім өзінің
білімділігі мен жүріс – тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішінімен,
киген киімімен де оқушысына жақсы мағанада қатты әсер етеді, - деп Мәлік
Ғабдуллин айтақандай пән мұғалімінен баланың жүрегіне жол тауып, олардың
көңіліне адамгершілік рухын себе білу шеберлігі талап естіледі. Өзін-өзі
тану пәні мұғалімінің мінезі ашық-жарқын, айналасына тартымды, этика-
эстетикалық сабасы жоғары, шығармашлық, әрекеттке жұмылдыра алатын адам
болуы тиіс. Өзін-өзі тану мұғалімі әрбір оқушының ерекшілігін, даралығын
ескере отырып, балалардың қоршаған ортада өзіндік Менін жете түсуіне
көмектеседі. Бүгінгі мұғалімм оқытумен тәрбиелеу әдістерін, балалардың
психологиялық жас ерекшеліктерін ескере отырып, оқытуды дұрыс ұйымдастыра
алатын білікті маман болуы керек. Жеке тұлғаның шығармашылық әлеуметін,
қабілеттерімен мүмкіндерін ашуға көмектесетін әр түрлі дүстірлі, дүстірлі
емес түрлерін, интерактивті әдістерді шеберлікпен ұтымды қолданатын мұғалім
әрқашан жетістіке жетеді. Балаларға деген махаббат, әр баланың жеке
даралық қабілеттерін құрметтеу шыдымдылық, ізгі ақыл мен жыл жүрек өзін-
өзі тану мұғалімінің ең басты қасиеттері болуы тиіс. Өзін-өзі тану
құндылыққа бағдарланған әрекеті оқушылардың білім алуына, даналықты,
адамзаттың мәдени жетістіктерін ұғынуына өз ара түснікті және қоғамның
барлық мүшелерімен жағымды қарым-қатнас жасауды үйренуіне мүмкіндік береді.
Сол себептіді бүгінгі айталып жатқан мәселенің табу, яғни балаларды
адамгершіліке тәрбиелеуде ұстаздың орны ерекше екендігі әрине, сөзсіз.
Өзін-өзі тану пәнін оқыту өздігінен жүзеге аспайды. Осындай
ғажайып оқытқан соң, оның нәтижесін тексеретін, тәжірбиелік сипатын
көрсететін бір орта, яғни экспериментік алаңдар болуы керек Өзін-өзі
тану авторлық жобасы бойынша 2001 жылдан бастап еліміздің білім беру
ұйымдарында эксперимен жүргізіліп жатыр. Өзін-өзі тану жобасы Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министірлігі тарапынан қолдау тауып,
оның2002жылғы 21 наурыздағы 204 бұйрығына сәйкес республикадағы үздіксіз
білім беру жүйесінің 124 оқу орнында эксперимент ретінде басталса, өткен
оқу жылында білім беру мекемелерінің ұсыныстары негізінде эксперимент
алаңдарына тағы 53 оқу орны қосылып, олардың саны177-ге жетті.
Экспериментке 61 мектепке дейінгі мекеме, 75 жалпы білім беретін мектеп,10
мектеп интернат, 1 колледж, 30 жоғары оқу орындары қатысады.
Негізгі тәжірибелік алаң ретінде Самопознание гимназиясын атауға
болады.1997 жылдың 5 қарашасында Республикалық реабелитация және сауықтыру
орталығы болып ашылған Самопознание гимназиясы 2003 жылдан бері мектеп
ретінде Өзін-өзі тану оқу-әдістемелік кешені сынақтан өтетін алаңға
айналды. Гимназияда және Алматы қаласындағы басқа эксперимент алаңдарында
Өзін-өзі тану пәні барлық сыныптарда, мектепке дейінгі даярлық топтарында
аптасына 1 сағаттан енгізіліп, орыс тілінде оқытылады. Мұнда жалпы орта
білім беретін басқа пәндер де жалпы адамзаттық құндылықтармен сабақтастықта
меңгертіледі. Мысалы, әдебиет, математика, физика, география сабақтарында
мұғалімдер Өзін-өзі тану пәнін жүргізудің белгілі бір әдістемелік
тәсілдерін қолданып, пәнаралық байланысты жүзеге асырады. Эксперимент
нәтижелеріӨзін-өзі тану пәні педагогтары тарапынан кеңінен қолдау тауып,
бұл пән Қазақстан Республикасының 12жылдық білім беру мемлекеттік жалпыға
міндетті стандарты жобасының базистік оқу жоспарының тұрақты бөлігіне енді.
Мектепте өріс алған өзін-өзі тану рухани-адамгершілік идеялары жоғары оқу
орындарында жалғасын тауып, жоғары оқу орындары арасындағы ең басты
эксперимент алаңы болып Қазақстан мемлекеттік қыздар педагогикалық
институты бекітілді. Оның базасында республикалық деңгейдегі рухани-
адамгершілік білім беру зертхансы құрылып, осы бағытта жұмыс жүргізілу де,
аталған екі мекеме Бөбек ұлттық ғылыми-практикалық білім және сауықтыру
орталығының Өзін-өзі тану пәні педагогтарының біліктіліктерін арттыратын
негізгі базалық орындар ретінде қызмет жасайды. Эксперименттік жұмыстың
нәтижесі рухани-адамгершілік білім беру процесін мамандармен және
мазмұндық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етумен анықталады. Әрбір
эксперимент алаңында оқыту мен тәрбиелеуге қажетті жағдайлардың бәрі
ойластырылған. Әр алаң Бірінші ханымның кітапханасы берілді. Қор қаржысы
есебінен рухани-адамгершілік тақырыптарын қамтитын Ақиқатты таи біл
жинағының топтамалары шығарылсы, Хабар және Қазақстан телеарналары
арқылы қазақ тілінде және орыс тілінде Өзін-өзі тану телебағдарламалары
ұйымдастырылған. Осы арналар арқылы Өзін-өзі тану жобасының мәнін
түсіндіру және жинақталған тәжірибені тарату мақсатында Бөбек Қорының
бейне-фильмдері көрсетіліп тұрады .

1.1. Өзін-өзі тану бағдарламасының рухани-адамгершілік тәрбие жүйесіндегі
маңыздылығы.
Адамның әлеммен өзара қатынасы, бір жағынан, мәдениеттің
жаһандауы, интеграциясы, екіншіден – рухани жұтаңдаушылық пен азғындау,
жағдайында тұлғаның адамгершілік-рухани қалыптасуының проблемасын
өзектендіре түседі. Жаңа әлемдік дәуірдің дүниетанымының қалыптасуы
руханилықтың қайта өрлеуіне, жақсылық махаббат пен мейірімділікке бет бұру
қажеттілігімен бірлесе жүреді.
Адамның адамгершілік-рухани дамуын мақсат тұтқан Өзін-өзі тану
курсы философияның теориялық және әдіснамалық негіздеріне сүйенеді.
Ғасырлар бойы шығыстың да батыстың да ойшыларды әлеуметтік және жалпы
адамзаттық құндылықтардың ара қатнасы мәселелеріг қарастырып отырған.
Білім беру жүйесін қоғамдық қажеттіліктерге сай өзгертуге деген
ұмтылыс жаңашыл. Өзін-өзі тану бағдарламасын жасауға итермеледі. Бұл
жерде білім беру мәселелерінің алдыңғы қатарына ұлттыө және жалпыадамзаттық
құндылықтармен сусындаған тұлғаны қалыптастыру қажеттілігі көтеріледі.
Өзін-өзі тану курсын құрастырудың әдіснамалық негізіне:
адамгершілік –рухани тәрбие процесіне деген философиялық көзқарастар, тұлға
дамуының психологиялық негіздері, дәстүрі этностық және жалпы педагогика
қағидалары алынды.
Тұлғаның адамгершілік-рухани қалыптасуы білім берудің маңызды
құрамдас бөлігі болып табылады.
Руханилық, бұл – адам және адамзаттың шабытты-сезімдік жағы,
адамдардың ойлауы мен өмір әрекетінің ерекше бейнесі. Ол ең алдымен
материалдық емес құндылықтардың басымдылығына және де адамның түрлі өнер,
әдебиет, поэзия, философияны дамытудағы рөліне негізделган. Руханилық –
адам өмірінің керемет қырларының бірі бірақ адамның рухани әрекетінің
өзіндік бағыттылығы болады, ол адамгершілікпен анықталады.
Адамгершіліктік – адамның жалпы дамуының, оның үйлесімділігі мен
жетілгендігінің, ақылы мен мінезінің дамығандығының көрсеткіші.
Адамгершіліктің ақоғамындағы бүкіл құбылыстар мен процестерді жандандырып,
адами қасиеттері мен иелендіретін, қоғам өмірінің дінгегі болып табылады.
Өзін-өзі тану курсының мақсаты – өзін-өзі тану мотивтерін
қалыптастыру, тән және адамгершілік-рухани дамудың үйлесімділігіне қол
жеткізу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен байыту, өзара түсінусі
мен өзара келісімге ұмтылу, жақсылықпен адамсүйгіштік, өзін-өзі жетілдіру
және кемелдендіруді іске асыру.
Жастардык адамгершілік-рухани даму мәселесін шеше отырып,
Өзін-өзі тану курсынның мазмұны білім берудің, дүние танымдық аспектісін
өзгертугі рухани басымдылыққа негізделген құндылықтардың жаңа жүйесін
ауыстыруға қабілетті.
Өзін-өзі тану курсы білім беру үрдісін: білім берудің мазмұнына оны
оқытудың әдіснамысы мен әдістемесіне оқытушы – оқушы – ата-ана өзара қарым-
қатынасының сипатына жағымды әсер етуге бағытталған,
Өзін-өзі тану курсының мазмұнын анықтаудың әдіснамалық негізінде:
дүниетанымдық мәселелер, ғылым мен діннің ортақ тұғырлары, рух, жан
және адам тәні арасындағы қатынасты танып-түсіну, ада болмысының
тұтастылығын танып-түсінудегі жаңа стратегиялық ұстанымдары, соның ішінде,
руханилық пен тәндік құрылымы жатыр. Осылар қазіргі білім берумен тәрбие
мен сипатын: біртұтас рух, жан және тән бірлестігі, микро және
макроғарыштық үйлесімділік қағидасына негізделгенін анықтайды. Ұлы
ғалымдардың ой-пікірлері негізге алынады.
Философиялық парадигманы өзгерту міндетті түрде психология және
педогогика ғылымдарының парадигмасын, мәнділіктік тереңдік түсінділуін,
Қазақстандағы білім берудің міндеті мен мақсаттарында өзгертеді.
Өзін-өзі тану курсы Адам – Ғарыш – Әлем контекстінде пәнаралық
байланыстарды іске асырады. Бағдарлама адам туралы білімдерді және табиғи
білімділерді біріктіреді.
Курсты іске асырудың маңызды ұстанымында психология ғылымы тұр.
Өзін-өзі тану курсының жетекші психологиялық қағидасы – адам жанына
үңілу, жеке тұлқалық белсенділікті ояту қағидасы болып табылады. Адам жаны
– бастапқы құндылық, ол махаббат пен мейірімділік сәулесііне бөленген, сол
сәлені қоршаған әлемге төге отырып, агрессиялық, қанды қақтығыстар,
лаңкестікті, күш көресту, жеке көрушілікті тоқтатуға бағытытталған.

1.2. Өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеудің психологиялық мәні.
Өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу – жеке адамның өз
кемістіктерін жою мақсатында жасайтын саналы, жүйелі іс-әрекеті және
жекелігін қарастыратын, әлеуметтік талаптарға жауапкршілігін дамытатын
жағымды қасиеттерін қалыптастыру үрдісі.
Өзін-өзі тану және өзін-өзі тәрбиелеу күрделі құбылыс ретінде үнемі
философтарды, психгологтарды, физиологтарды және педагогтарды қызықтырған
және қызықтырады.
Философтар негізінен қоғамның және жеке адамның дамуындағы өзін-өзі
танудың теориялық сұрақтарын қарастырады. Психгологтарды өзін-өзі танудың
табиғаты қайнар табиғаты, қайнар көзі және үрдістері қызықтырады.
Педагогтарды тәрбиелеу мен өзін-өзі танудың өзара байланысын, өзін-өзі
тәрбиелеудің өсіп келе жатқан ұрпақты қалыптастыратын жай факторлар
жүйесіндегі рөлін анықтайды.
Сатр адам өзін кім деп есептесе сол болады, – деп тұжырымдады,
яғни материалдық, мәдени, саяси және тәрбиелеу жағдайлары – жеке адамның
қалыптасуында мағнасы бола бермейді деген ой айтады.
Осындай позицияны християндық филосовтар да осынады, олар өзін-өзі
тәрбиелеу рухтың өзін-өзі тазартуын, оның өнегелі өздігінен жетілуін
қамтатасыз етеді деп санайды.
Кезінде теоретикалық өзін-өзі тәрбиелеуді тек жеке адамның маңызды
үрдісі ретінде қарастырған. Бұл теорияны өкілдері өзін-өзі тәрбиелеуін
көзін, мақсатын, тәсілін жеке адамның өзінде көреді.
Басқаша айтақанда өзін-өзі тәрбиелеу жеке адамның оңаша өздігінен
жетілу үрдісі ретінде қарастырылған.
Шынында өзін-өзі тәрбиелеуді әлеуметпен байланыстырады және белгілі
әлеуметтік мөдделерге қызмеит етеді.
Өмір сүру үшін адам еңбек етуі керек, еңбек ету үшін, ол табиғатпен
және адамдармен түсуі міндетті. Жалпы өоғам үнемі дамып отырады, сондықтан
өмір қарқынының артынан үлгеру үшін әр кім өзін тәрбиелеуге міндеті.
Адам тек сыртқы әлеуметтік жағдайларға бейімделіп қана қоймайды және
оларға белсенді түрде ықпал етеді.
Сонымен, өзін-өзі тәрбиелеу, тәрбие сияқты жеке адамды
қалыптасырудағы қоғамдық міндетті атқарады. Тәрбие сияқты, өзін-өзі
тәрбиелеу – жеке адамның өнегелі – психгологиялық қасиеттерінің
қалыптасуының мақсатылығы, ерікті, сапалы үрдісі. Сондықтан өзін-өзі
тәрбиелеуді жеке адамның қоғамдық талаптағы және жеке даму бағдарламасына
жауап беретін қасиетерінің қалыптасуына бағыталған саналы, өзімен жасалатын
жоспарланған жұмыс ретінде сипаттауға болады.
Яғни, өзін-өзі тәрбиелеудегі қажеттілік сыртқы жағдайлармен және
тәрбиелеумен ұштасуы тиіс. Ол дамып келе жатқан жеке адамның табиғи
қажеттілігі ретінд пайда болады және ары қарай өздігінен дамыға ықпал
етеді.
Өзін-өзі тәрбиелеу динамикалық үрдіс. Көп зерттеулер бойынша
оқушының дамуымен өзін-өзі тәрбиелеудің мақсатымен тәсілдері өзгереді.
Мақсатары шындыққа сәйке және жеке басының негізгі өмірлік бағытымен
байланысты болады. Сондай-ақ өзін-өзі тәрбиелеудің тәсілдері де
қалыптасады.
Өзін-өзі тәрбиелеу адамның дамуының және іс-әрекетінің әртүрлі
сфераларын қамтуы мүмкін. Ол өнегелік немесе физикалық, эмоцияоналдық –
еріктік немесе интелектуалды және эстетикалық өзін-өзі тәрбиелеу түрінде де
болуы мүмкін. Адам өзінде, өзінің жаспарларында, негізгі өмірдік бағытына
немесе белгілі өмір кезңіне, қосылған нақты мақсатына байланысты белгілі
қасиеттерді тәрбиелейді.
Көптеген психологтар өзін-өзі тәрбиелеу жоспарын белгілегенде
негізгі мақсат етіп жан-жақты дамуды белгіледі.
Өзін-өзі тәрбиелеуді А.С. Макаренко табиғи дамуының нәтижесі деп
қарастырған. Басында жеке адамның дамуы сыртқы талаптар ықпалымен жүреді,
сосын, өзіне талап қою нәтижесінде, яғни өзін-өзі тәрбиелейді.
А. С. Макаренконың түсінуі бойынша өзін-өзі тәрбиелеу оңаша үрдіс емес,
ұжымның бірлескен іс-әрекеті.
Адам И. П. Павлов айтуынша өзін-өзі реттеуі бойыша ең жоғары жалғыз
жүйе болып табылады. Мұндай жүйе жоғары дәрежедегі өзін-өзі реттеуші, өзін-
өзі қолдаушы, қалпына келтіруші және толық жетілдірілген.
Өзін-өзі реттеу – ол барлық тірі жандарға тән қасиет. Ол тіршілік
әрекетінің қажетті үрдісі, өзін-өзі реттеу ағзаның өмірін және жеке дамуын
қамтамассыз ететінін сыртқы жағдайларға бейімдейтін үрдіс. өзін-өзі реттеу
негізінде ағза мен сыртқы орта арасында зат алмасу болады.
Өзін-өзі реттеу түрлі деңгейде және көп тәсілдермен іске асуы
мүмкін. Төменгі сатыдағы организмдерде физикалық – химиялық өзін-өзі реттеу
орын алады. Нерв жүйесінің пайда болуынан жүйкелік өзін реттеу қосылады.
Адамның психожүйкелік өзін-өзі реттеуі сананың сапалығы мен ерекшеленеді.
Психикалық өзін-өзі реттеу негізі адамның жоғары атқаруларын, оның
табиғатпен және әлеуметтік ортамен байланыстыратын, оның іс-әрекетін,
ұжымдағы қылығына қатысты болады. Бірақ психикалық өзін-өзі реттеу, өзінің
дамуында бірқатар сатыдан өтеді.
Адамда өзін-өзі тәрбиелеу және өзін-өзі реттеу үрдістері сәйкес
келеді деуге бола ма? Мүлдем олай емес. Өйткені адам ұрығында да өзін-өзі
реттеу орын алады. Тек өмірінің бірінші жылдарында сәбиде психикалық өзін-
өзі реттеудің бірінші белгілері көріне бастайды. Көргені, естігені, бейне
түрінде бекітіледі, көз, бас, қол, барлық денені іздеу қозғалыстары
белгілене бастайды. Бұл еріксіз импульсивті өзін-өзі реттеу стадиясы. Бұл
жерде өзін-өзі тәрбиелеудің қалыптасуының белгілері жоқ.
Баланың өсуімен және дамуымен шешуші рөлді сөз сигналдық сигнал
ретінде атқарады, яғни болмыс туралы қорытындыланған білімдердің сақтаушы.
Сөз адамның жоғары функцияларынреттейді. Сонымен қатар, сөз бір жағдайлар
кезінде заттың тітіркендіруші сияқты, организмде өзгерістер тудырады. Бұл
еріктік өзін-өзі дамуының стадиясы, дәл осы кезде өзін-өзі тәрбиелеу пайда
болады.
Өзін-өзі тәрбиелеуміндетті түрде өзін білуде, өткенді талдауды
өзіндей жағымды және жағымсызды бағалау, сонымен қатар өзінің болашақ
қылығын жобалау, жобаны реалды психикалық құрылымға айналдыру мақсатымен
өзімен жұмыс істеуді жоспарлауды талап етеді.
Адамның барлық әрекеттері және істеген істері, сөздерде айтылған
түсініктермен реттеледі.
Яғни, адамның жеке басының дамуның белгілі сатысында өзін-өзі реттеу
және өзін-өзі тәрбиелеу үрдістері сәйкес келмесе де өзара әрекеттестікте
болады. Оларды сөз біріктіреді. Сөз арқасында өзін-өзі тәрбиелеудің
мақсатын қоямыз және өзімізбен жұмыс істеу жоспарын белгілейміз. Сонымен
қатар сөз жоғарғы үрдістерді табиғат пен қатынастың оның әрекетін реттейді.
Сонымен белгілі кезеңді өзін-өзі реттеуін жоғарғы немесе еріктік түрі өзін-
өзі тәрбиелеудің механизмі болады.
Адам саналы жан ретінде, үнемі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Өзін-өзі тану» пәні: қазіргі жағдайы мен келешегі туралы
Ыбырай Алтынсарин мен Ахмет Байтұрсынұлының үндестігі
Тұтас педагогика ұғымы
Геометриялық құрылым мәселесі және оның физикалық теориясы
Рекреациялық қызметтің ұйымдастырылуы
Жоғары сынып оқушыларының психологиялық мінездемесі
Аудит, аудиторлар және аудиторлық қызмет түрлері
Дені саудың - жаны сау туралы
Рухани - адамгершілікке тәрбиелеудің шарттары
Ұлы ойшылдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар
Пәндер