Дайын өнімнің есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе . . . 1

II. Негізгі бөлім

  1. Шығындардың жіктелуі және тәртібі . . . 3
  1. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі . . . 9
  2. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі . . . 11

2. Дайын өнімнің есебі . . . 13

2. 1 Дайын өнімнің өзіндік құнын бағалаудың және пайданы анықтаудың өндірістік шығын есебі . . . 14

2. 2 Өндірістік шығын есебінің әдістері және өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау . . . 16

  1. Ақау, ысырап және тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі . . . 21
  2. Басқарушылық шешімді және бақылау негіздеу шығындары туралы ақпарат . . . 25
  3. Шығынды бюджеттеу, бақылау . . . 26

Қорытынды . . . 29

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 30

Кіріспе

Мен өз курстық жұмысымда өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу туралы қарастырдым. Курстық жұмыстың мақсаты - өндірістен алынған дайын өнім шығымын бағалау және есептеу тәсілдерін зертеп, толығырақ мәлімет беру. Курстық жұмыстың міндеті - қаржылық есеп пәні бойынша біліктілігімді арттыру, дайын өнім есебін толық анықтау.

Бұл курстық жұмыс 2 бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде дайын өнім туралы түсінік, дайын өнімді өндіруге кететін шығындар түрлері, өнімнің өзіндік құнын есептеу туралы мәлімет беріледі. Екінші бөлімінде дайын өнімнің есебі, дайын өнімді өндіруге кететін тауарлы-материалдық қор қалдықтарының есебі туралы жазылған.

Дайын өнім дегеніміз - кәсіпорында жасалып шыққан (өңдеудің барлық сатыларынан өткен) және өндірістік немесе жеке бастың тұтынуы үшін жарамды өнімдер; өнеркәсіпте - бұдан әрі өңдеуге немесе құрастыруға жатпайтын және сыртқа (басқа кәсіпорындарға, ұйымдарға, халыққа) босатуға арналған өнімдер; құрылыста - іске қосылған негізгі қорлар; ауыл шаруашылығында - егіншіліктің өсіріліп, жиналған өнімдері, өсірілген түлік, т. б. Өнеркәсіптегі дайын өнім өндірістік тұтынуға да жататын (машина, жабдық, басқа да еңбек құралдары), бейөндірістік тұтынуға да жататын (халық тұтынатын заттар) түпкілікті өнімдерге, сондай-ақ басқа кәсіпорындарда өңделуге тиіс және халық шаруашылығы тұрғысынан дүмбілзаттар болып табылатын өнімдерге (мыс., қақтама, мақта) бөлінеді

Дайын өнімді есептеу үшін 1320 «дайын өнім» деп аталатын активті инвентарлық шот пайдаланылады. Дайын өнім кәсіпорынның айналым қаражатының құрамына кіреді және ол қаржылық есеп беруде нақты өзіндік құны бойынша көрініс табады.

Дайын өнімнің нақты өзіндік құны есептік кезең (ай) аяқталғаннан кейін ғана анықталады. Ағымдағы есептік кезеңде өнім тұрақты түрде қозғалыста (шығару, босату, жөнелту, сату) болады, сондықтан өнім ағымдағы есеп үшін есептік бағасы бойынша шартты түрде бағаланады, ол үшін (есептік бағасы үшін) дайын өнімнің өткен айдағы нақты өзіндік құны, тіркелген бағасы пайдаланылуы мүмкін. Есептік кезеңнің соңында ауытқудың пайызы мен сомасын есептеу жолымен шығарылып, оның есептік бағасын нақты өзіндік құнына дейін жеткізеді.

Дайын өнімді қабылдау-тапсыру накладной бойынша немесе өнімді шығару жиынтығы бойынша өндірістен қоймаға кірістеледі.

Қабылдау-тапсыру құжаты цехта екі дана етіп жазылады. Дайын өнімді қоймаға тапсырғаннан кейін, накладнойдың бір данасы қоймада, екіншісі цехта қалады. Экономиканың әр түрлі салаларында қабылдау-тапсыру құжатының арнайы бланкілері қолданылуы мүмкін.

  1. Шығындардың жіктелуі және тәртібі

Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты.

Шығындар - активтердің келуі немесе пайда болған өндіріс шығындарымен байланысты міндеттердің артуы.

Ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.

Өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген жіктелімі аса қажет. Бухгалтерлік есептің №7 «Тауарлы-материалдық қор есебі» стандартына сәйкес шығын мыналарға жіктеледі:

  1. пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше. Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса қажет;
  2. өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша - оның өзіндік құндарын есептеу керек;
  3. шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі бойынша - экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау баптарымен.

Сонымен бірге:

а) экономикалық элемент бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын кеткенін көрсетеді. 1БЕС 7-ге сәйкес мына экономикалық элементтер анықталады:

  • материалдық шығындар;
  • еңбекақы шығындары;
  • аударым;
  • құралдың тозуы;
  • басқадай шығындар;

ә) калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын есептеу үшін пайдаланылады.

БЕС 7-ге оған жататындар:

  • материалдар;
  • еңбекақы;
  • аударым;
  • үстеме шығандар.

Элементтер бойынша және калькуляция баптары бойынша шығындарды топтастыру

Экономикалық элементтер
Сома
Калькуляция баптары
Сома
Экономикалық элементтер: 1. Материалдық шығындар
Сома: 7800
Калькуляция баптары: 1. Материалдар
Сома: 25200
Экономикалық элементтер: 2. Еңбекақыға кететін шығындар
Сома: 17000
Калькуляция баптары: 2. Сатып алынатын жартылай өнімдер, жиынтықтаушы бұйым және т. б.
Сома: 41000
Экономикалық элементтер: 3. Аударым
Сома: 3980
Калькуляция баптары: 3. Қайтарылатын қалдықтар (ұсталым)
Сома: (2400)
Экономикалық элементтер: 4. Құралдың тозуы
Сома: 6300
Калькуляция баптары: 4. Технологиялық мақсатқа арналған отын және энергия
Сома: 9100
Экономикалық элементтер: 5. Басқадай шығындар
Сома: 11720
Калькуляция баптары: 5. Еңбекақы
Сома: 1
Экономикалық элементтер: Барлығы:
Сома: 117000
Калькуляция баптары: 6. Аударым
Сома: 2340
Экономикалық элементтер: Өндірістік емес шотқа есептен шығарылады (-) (қайтарылған қалдықтар құны, ақауға кінәліден шығынның орны толтырылды)
Сома: (3600)
Калькуляция баптары: 7. Әзірлік және өндірісті игеру шығындары
Сома: 4060
Экономикалық элементтер: Аяқталмаған өндіріс қалдығының өзгеруі (+)
Сома: 600
Калькуляция баптары:

8. Үстеме шығындар

9. Басқадай шығындар

Сома:

17500

7200

Экономикалық элементтер: Барлығы:
Сома: 114000
Калькуляция баптары: Барлығы:
Сома: 114000

Экономикалық шығындар бойынша шығын (117000 теңге) және калькуляция баптары бойынша шығын (11400 теңге) өндірістік емес шотқа есептен шығару бөлігінде корректив элементі бойынша қорытындыға салғанға дейін аяқталған өндіріс қалдығының өзгеруі сан жағынан бірдей емес. Шығындардағы айырмашылық, сонымен қатар, ұқсас атауда элемент және калькуляция бабы бойынша бар. Мысалы, «Еңбекақыға кететін шығын» экономикалық элемент бойынша 17000 теңге, ал «2Еңбекақы» калькуляция бабы бойынша 1 теңге көрініс тапты. Айырмашылық құрал-сайманды күтумен құғылданатын қызметкерлердің еңбекақысына кететін шығындарда, яғни үстеме шығындарында ескеріледі.

Алайда, экономикалық элемент және бап бойынша шығынды есепте топтастыру өзара байланысты, өйткені олар құрамы және мақсатты тағайындауы (калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипаттайтынын айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялау баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп, элементтік қимада қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс есептелуіне және кәсіпорын шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.

Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу, өндірістік шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру кәсіпорын шығынының талдамалық есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге мүмкіндік тудырады.

Өндіріске арналған шығындар басқа белгілердің қатары бойынша жіктелуі мүмкін.

№ р/с
Жіктеу тобы
Шығындар
№ р/с: 1
Жіктеу тобы: Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша
Шығындар:
  • негізгі
  • үстеме
№ р/с: 2
Жіктеу тобы: Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша
Шығындар:
  • тікелей
  • жанама
№ р/с: 3
Жіктеу тобы: Құрамы бойынша (біртектілік)
Шығындар:
  • бір элементі
  • кешенді
№ р/с: 4
Жіктеу тобы: Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша
Шығындар:
  • өзгермелі
  • тұрақты
№ р/с: 5
Жіктеу тобы: Пайда болу кезеңі бойынша
Шығындар:
  • ағымдық
  • біруақыттық
№ р/с: 6
Жіктеу тобы: Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару қызметі бойынша)
Шығындар:
  • өндірістік
  • әкімшіліктік
  • коммерциялық
№ р/с: 7
Жіктеу тобы: Тиімділігі бойынша
Шығындар:
  • өндірілетін
  • өндірілмейтін
№ р/с: 8
Жіктеу тобы: Бақылау мүмкіндігі бойынша
Шығындар:
  • реттелетін
  • реттелмейтін
№ р/с: 9
Жіктеу тобы: Орташалау деңгейі бойынша
Шығындар:
  • жалпы
  • орташа
№ р/с: 10
Жіктеу тобы: Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды рет-ретімен көшіру
Шығындар:
  • өнімге
  • кезеңге

Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты шикізат және материалдар, қосалқы материалдар мен басқа шығындар.

Үстеме - өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады.

Бір элементті - бір элементтен тұрады (еңбекақы, материалдар, аударым) .

Кешенді - бірнеше элементтен тұрады (құрамына қызметкердің еңбекақысы кіретін цех шығындары, аударым, материал, амортизация және басқа да бір элементті шығындар) .

Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндіретін өндіріспен байлынысты және оның өзіндік құнына тікелей салынуы мүмкін (шикізат, негізгі материалдар, аударым) . Жекелеген бөлімшелерге кететін шығын бөлімше шығындары деп аталады.

Жанама - өнімнің жеке түрлерінің өзіндік құнына тікелей салынбауы мүмкін жеке шығын жанама (шартты) бөлінеді. Жекелеген бөлімшелерге салынбаған шығын жанама деп аталады (жарнамаға жұмсалатын шығын - бұл субъект бөлімшелерінің жанама шығыны болып табылады) .

Шығындар бір бөлімшеде тікелей, екінші бір бөлімшеде жанама болуы мүмкін (зауыт менеджерінің еңбекақысы - бұл жеке бөлімшелердің жанама шығыны, тұтас зауыттың тікелей шығыны болып табылады) .

Шығындардың тікелей және жанама болып бөлінуі салалық ерекшеліктерге, өндірістің ұйымдастырылуына, өнімнің өзіндік құнын калькуляциялаудың қабылданған әдісіне байланысты (көмір өнеркәсібінде, энергия қуатын өндіруде - барлық шығындар тікелей болып табылады) .

Өзгермелі - оның көлемінің өзгеруі өндіріс көлемінің өзгеруіне тікелей үйлесімді болады (өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы, технологиялық энергия, отын және т. б. ) және бұл кезеңдегі өнім шығарылымын үйлесімді бөледі. Мысалы, егер өндіріс көлемі 10%-ке артатын болса, онда жалпы өзгермелі шығын да 10%-ке өседі.

Өзгермелі шығын сомасы, теңгемен

3000

2000

1000

100 200 300 400 Өндіріс көлемі, бірлікте

1-сурет. Өндіріс көлемі мен өзгермелі шығын сомасының арасындағы байланыс

1-суретте көріп отырғанымыздай, жалпы өзгермелі шығын өндіріс көлеміне үйлесімді өседі. Өндіріс көлемі 100-ден 200-ге дейінгі бірлікке артқанда, жалпы өгермелі шығын 1000-нан 2000 теңгеге дейін өсті. Алайда өзгермелі шығын өнім бірлігіндегі есеп айырысуда көлем өзгерсе де, мейлі бұл қандай бірлік болса да - бірінші ме, екінші ме, үшінші ме, оған қарамай тұрақты боп қалады. Сондықтан өзгермелі және тұрақты шығындарды шартты-өзгермелі немесе шартты-тұрақты деп атау әдетке айналған, өйткені олар әр түрлі нүктелерден екі түрлі рөл ойнайды.

Көлем, бірлікте
Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын
Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен
Көлем, бірлікте: 100
Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын: 10
Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен: 1000
Көлем, бірлікте: 200
Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын: 10
Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен: 2000
Көлем, бірлікте: 300
Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын: 10
Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен: 3000
Көлем, бірлікте: 400
Бірлікке шаққандағы өзгермелі шығын: 10
Бірлікке шаққандағы жалпы өзгермелі шығындар, теңгемен: 4000

Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес (жылу, өндіріс ғимаратын жарықтандыру, амортизация, жал, жарнама шығыны және т. б. ) .

Егер көлем 10%-ке артса немесе кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады, бірақ бір бірлікке ұдайы кеміп отырады.

Тұрақты шығынның жалпы сомасы, теңгемен

300

200

100

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 Өндіріс көлемі, бірлікте

2-сурет. Тұрақты шығынның жалпы сомасы мен өндіріс көлемінің арақатынасы

2-ші суреттен көріп отырғанымыздай, өндіріс көлемі өзгерсе де тұрақты шығын өзгеріссіз қалған. Егер өндіріс көлемі 10%-ке кемісе, онда жалпы тұрақты шығын өзгеріссіз қалады. Егер өндіріс көлемі бір бірлікке тең болса, онда тұрақты шығын 300 теңгеге тең болады, бірақ тұрақты шығын өндіріс көлемінің артуы кезінде бір бірлікке ұдайы кеміп отырады. Осыған орай өнімнің өзіндік құны кемиді.

Көлем, бірлікте
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен
Көлем, бірлікте: 1
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен: 300
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен: 300
Көлем, бірлікте: 2
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен: 150
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен: 300
Көлем, бірлікте: 5
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен: 60
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен: 300
Көлем, бірлікте: 15
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен: 20
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен: 300
Көлем, бірлікте: 20
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен: 15
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен: 300
Көлем, бірлікте: 25
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен: 12
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен: 300
Көлем, бірлікте: 30
Бірлікке кететін тұрақты шығын, теңгемен: 10
Бірлікке кететін жалпы тұрақты шығын, теңгемен: 300

Ағымдағы - жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар шығыны) .

Бір жолғы - демалыс төлемі, жөндеу жүргізу және т. б. Ол сметаның бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек қосылады.

Өндірістік - тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны; тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім) .

Әкімшілік - жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы шаруашылық, әкімшілік тағайындаудағы шығындар.

Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен байланысты шығын.

Өндірушілік (жоспарланған) - ұтымды технология мен өндірісті ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын.

Өндірушілік емес (жоспарланбаған) - технологияның жетіспеушілігінен және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын (жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы) .

Реттелетін - атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех бақылаушысы реттейді) .

Реттелмейтін - қызметкер оның деңгейіне елеулі ықпал ете алмайтын шығын (дайындау учаскесінің мастері конструкторлық бөлім қызметкерлерінің еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды) .

Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығынды білдіреді.

Орташа - есепте бір өнім бірлігіне кететін шығын.

Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын) .

Кезеңге - кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары, тауарды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар) .

Калькуляциялау туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді бағалау, экономикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу мына шығын жіктеулерінің көмегімен болады:

1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды топтастыру:

  • негізгі - өндірістен технологиялық процесімен тікелей байланысты;
  • үстеме - өндірісті ұйымдастыруда пайда болады;
  • тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей қосылады;
  • жанама - жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес, жанама (шартты) бөлінеді;
  • кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның қолда бар болуы) ;
  • біткен (шығынға кеткен материалдар) .
  1. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
  • өзгермелі - оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді өзгереді;
  • тұрақты - өнім өндіру көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
  • қайтарылмайтын - өткен кезеңнің шығыны мен табысы;
  • міндеттік - ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
  • айыптық (өсетін) - қандай да бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлықақы үшін төлеу) ;
  • маржиналдық (шектеулі) - қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне келеді;
  • релеванттық - тапсырыстардың сақталуы мен орындалуына байланысты.
  1. Шығындарды басқару мақсатына бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру үшін шығындарды топтастыру:
  • реттелетін;
  • реттелмейтін;
  • тиімді (өндірмелі) ;
  • тиімсіз (өндірілмейтін) ;
  • бақыланатын;
  • бақыланбайтын. «Директ-костинг» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі

Жүйенің мәні: тікелей (өзгермелі) шығындар дайын өнім түрлері бойынша қорытындылайды, ал жанама (тұрақты) шығындар жеке шоттарда жинайды және ол қай есептік кезеңде пайда болды, сол есептік кезеңдегі жалпы қаржылық нәтижеге есептен шығарады.

«Директ-костинг» жүйесі бойынша өзіндік құнды калькуляциялау кез келген өндіріс көлеміндегі тұрақты шығындардың өзгермейтін шамасын қарастырады, сондықтан басқарушылық есептің негізгі назары тұрақты шығындарға бөлінеді.

«Директ-костинг» жүйесін айрықшалап көрсететін бірнеше ерекшеліктері бар:

  1. Өдірістік шығындарды өзгермеліге және тұрақтыға бөледі.
  2. Шектеулі шығындар бойынша өнімнің өзіндік құнын калькуляциялайды.
  3. Есеп беруді жасау көп сатылы болады.

Есеп процесі екі кезеңде болады:

Өзіндік құнның 1-ші есеп айырысуы:

  • сатудан түскен табыс - ХХХ
  • өзгермелі шығын - ХХХ
  • маржиналданған табыс - ХХХ

Нәтижедегі 2-ші есеп айырысу:

  • тұрақты шығын - Х;
  • өндірістің пайдалылығы - Х.

«Директ-костинг» жүйесінің артықшылығы - баға белгілеудің тиімді саясатын жүргізуге, сондай-ақ шығын мен нәтижелерді есептеу, жоспарлау, нормалау, бақылау процесін оңайлатуға болады.

Бұл жүйе өндірісті өткізуге бағдарланған. Өткізу мөлшері неғұрлым мол болса, субъект соғұрлым табыс табады. Дайын өнімдер мен аяқталған өндірістер тек өзгермелі (тікелей) шығындар бойынша бағаланады. Мұндай жүйе кәсіпорынды соңғы мақсатқа - таза табыс алуға қол жеткізуге үшін сату мүмкіндіктерін ұлғайту жолдарын қарастыруға итермелейді.

Нормативті әдіс Өнім өндіруге кететін материалды айдың басында цех шығын етпеген қалған материалды қоса ескеретін өндіріс көлемі мен әрекеттегі озық мөлшер негізінде белгіленген лимит шегінде қатаң тәртіппен беріледі.

Ауытқу есебі (+ -) жабдықтың, шикізаттың, материалдың технологиялық ерекшеліктеріне, оларды нормалауға және өндірістің технологиялық процесіне қарай ұйымдастырылады.

Нормадан ауытқуға мыналар себепші болады: материалдың ауыстырылуы, оларды пайдалану сапасы (пішу сапасы), толыққанды немесе толық құнды материалды қалдықтармен бірге пайдалану және т. б.

Материал шығыны бойынша нормадан ауытқу мына әдістермен анықталады:

  • құжаттау әдісі -материалды ауыстыру салдарынан болатын ауытқуларды анықтауда қолданылады. Даналық материалдардың нормадан тыс шығыны арнайы құжаттармен ресімделеді;
  • топтамалық пішу әдісі -өндіріске босатылған аса қымбат материалдардың (тері, тоқыма және т. б. ) әрбір партиясы нормадан ауытқуды анықтауда қолданылады. Ауытқуды нормативті шығынымен партия бойынша өнім шығарылымын және материалдардың нақты шығынын салыстыру арқылы анықтайды.
  • түгендеу әдісі -осы әдіспен ауысым, бес күндік, он күндік, бір айлық үшін ауытқуды материалдардың нақты шығынын белгілеген норма бойынша шығындарды салыстыру арқылы анықтайды.

Бухгалтерия кезең сайын ауытқулар туралы, оның себептері мен оған кінәлілерге сілтеме жасай отырып рапорт дайындап отыруы керек.

Ауытқуларды анықтау тауарлық өнімнің өзіндік құнына және аяқталмаған өндіріс қалдығына қатысты, өндіріске кететін шығын тізімдемесінде көрсетілген индекстердің көмегімен оларға бөледі. Индекстер проценттік қатынаспен норманың өзгеру сомасын және калькуляция баптарының қимасындағы норма бойынша сомаға нормадан ауытқуды анықтайды.

Өнімнің бір бірлігінің нақты құны шығын баптары бойынша нормативтегі нормативті калькуляциядан жазылатын өнім бірлігінің өзіндік құнының есеп айырысу тізімдемесінде есептеледі, ал норманың өзгеру сомасы мен нормадан ауытқу өндіріс есебінің тізімдемесінде көрсетілген индекстердің негізінде анықталады.

Өнімнің нақты өзіндік құны нормативті өзіндік құнға үстемелеу жолымен немесе одан есептік кезеңде анықталған нормадан ауытқулар мен норманың өзгеруін шегерумен есептеледі.

  1. «Стандарт-кост» жүйесі бойынша шығын есебінің әдісі

«Стандарт» - өндіріске аса қажетті машина және еңбек шығынындағы өнім бірліктерінің саны немесе өнім (жұмыс, қызмет) бірлігінің өндірісіне бұрын есептелген машина және еңбек шығыны.

«Кост» - бұл өнімнің бір бірлігін әзірлеуге кететін өндірістік шығынның ақшадай көрінісі.

Америкалық әдебиеттерде «стандарт-кост» ұғымы өндірістің тікелей бұйымдарын реттеуге бағытталған бақылау аспабы ретінде баяндалады.

«Стандарт-кост» жүйесінің артықшылығы - өндіріс пен бұйымды өткізудің болжалды шығын туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, өнім бірлігінің өзіндік құнын бұрын есептеу негізінде бағаны белгілейді, нормативтен ауытқуларды және оның әрбір басқару деңгейіндегі пайда болу себептерін бөліп көрсету арқылы кіріс пен шығыс туралы есеп беруді жасайды.

Ауытқу - нақты және нормативті (жоспарлы) шығындардың арасындағы айырмашылық. Болжалды шығындар форманың ішінде есептелген стандарттар (нормалар және нормативтер) негізінде анықталады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс шығындарының есебі және өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы
Қоймаға дайын өнім
Тауарлар және дайын өнім есебі
Дайын өнім есебі
Кәсіпорындағы дайын өнімнің есебі
Дайын өнім есебі туралы
Аяқталмаған өндірістің есебі туралы
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Калькуляциялау принципі
Сомасы ағаш шығыны опилка шығыны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz