Біржан сал және оның ақындық айналасы


КІРІСПЕ . . . . . . ……. 3-6
- БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ………. . . . …7-26
- БІРЖАН САЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ АҚЫНДЫҚ
АЙНАЛАСЫ……… . . . 27-56
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57-59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 60-62
КІРІСПЕ
ХІХ ғасыр - қазақ поэзиясының жанрлық жағынан байып, тақырыптық ауқымы тарамдалып, мың сан әуезбен түрлене түскен, көтерілген мәселелерінің көбейген кезі. Бұл кезде қазақ поэзиясының іргелі де, ауқымды тармағын сал-серілер шығармашылығы құрайды. Осы уақытта айрықша тыныс алған ақындық өнер жеке тұлғаларының көптігімен, әрі өнер майданында бір-бірімен ұқсамайтын алуан түрлілігімен көзге түсті.
Сал-серілер ақын-жыраулардың өнегесін, озық қасиеттерін жалғастырушы, жаңа жағдайда қалыптасқан өнер иелері, көшпелі тұрмыстың сәнін кіргізген, салтанатына айналған сал-серілік кейінірек бірте-бірте ұмытылып, халық жадына тек Ақан сері, Сегіз сері, Біржан сал, Дәурен сал секілді ел қадыр тұтқан талантты өнерпаздарының есіміне қатысты ғана сақталып отыр. Бір кезде сал-серілік жеке адамдар үшін өмірлік идеал ғана емес, ұзақ уақыттар бойы көшпелі қазақ қоғамы үшін мәдени, этикалық және эстетикалық мәні бар құбылыс болып келеді.
Сал-серілердің еркше қасиеті өлеңнің сөзін де, әнін де өздері шығарған, өздері орындаған да, демек олар бір жағынан ақын, екінші жағынан композитор, оның үстіне әнші болған, сөйтіп үш бірдей өнерді тең ұстау арқылы күллі қазақ мәдениетін дамытуға зор үлес қосты.
Сал-серілер туралы Қазан төңкерісінен бұрын-ақ көптеген зерттеушілердің байқаған, жазып кеткен еңбектері бар. Бірақ олар негізінен қолжазбалық, сипаттама түрінде болып келеді.
Сал-серілік біздің халқымызда көнеден келе жатқан рухани-эстетикалық ұғым. Ол жезтаңдай әншіліктің, ақиық ақындықтың, жан бесігін әлдилер сазгерліктің, сұлулық пен сымбаттылықтың, парасаттылықтың жеке дара жиынтық тұлғасы.
Біржан - бұрынғы-соңғы қазақтың сал, сері ақындарының ағасы, ұстазы, жаңашыл өнерпазы. Өйткені сал, сері ақындардың поэзия мен музыканы, халықтың ойын-сауық өнерлерін ұштастыра біліп, жаңа көркемдік мазмұнмен дамытуға жол ашқан жаңашылдық сипаты да, қалың бұқараның азатшыл, әділетшіл арман-күйлерін жырлаған өршіл сарындары да Біржанның шығармашылық дүниесінен толық табылады.
Біржан салдың еліне сіңірген еңбегі орасан зор. Оны кезінде көзі көрген замандастары айтып та, жазып та кеткен. Біржан орысша оқыған, білімдар, сауатты кісі болған. Орыс империясының отарлау саясатына өз әлінше қарсы шыққан, ұлт намысын бір адамдай-ақ қорғай білген халық перзенті.
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген жез таңдай жыршы, суырып салма әнші-ақындары мен күйші, композиторларының бірі - Біржан сал Қожағұлұлы (1825-1897) екендігі баршаға мағлұм.
Біржан сері жай ғана суырып салма ақын емес, ол ірі айтыс ақыны, өз тұсында қазақ ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының дамуына зор үлес қосқан саңлақ жырау. Өз заманында қазақ әндеріне жаңа түр енгізген Салғара, Сегіз сері, Нияз серілерден кейінгі қазақтың сал-серілік дәстүрін, әнші-ақындық, күйшілік өнерін ілгері дамытушы, аспандағы аққуға үнін қосқан аса күшті композитор әрі тамаша әнші.
Орыстың Г. Потанин сияқты қазақ халқының әдет-ғұрыптарын көп зерттеген адамы: “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай”, - деп жазды өткен ғасырда. Ол шындықты айтты.
Міне, сол қазақ даласын әнге бөлеген ардагер ұлының бірі - Біржан. Оның ел аузында “Біржан сал” атанып қалуының өзі де тегін емес. Көптің қамын жеп, тағдырына ортақ болып, топтан озып шыққан өнер иесіне құрметті атақ беріп отыратын үкіметі жоқ кезде халқының өзі ең құрметті атағын берген. Міне, сол қазақ даласын әнге бөлеген ардагер ұлының бірі - Біржан. Оның ел аузында “Біржан сал” атанып қалуының өзі де тегін емес. Көптің қамын жеп, тағдырына ортақ болып, топтан озып шыққан өнер иесіне құрметті атақ беріп отыратын үкіметі жоқ кезде халқының өзі ең құрметті атағын берген.
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген жез таңдай жыршы, суырып салма әнші-ақындары мен күйші, композиторларының бірі - Біржан сал Қожағұлұлы (1825-1897) екендігі баршаға мағлұм.
Ең алғаш баспа жүзінде Біржанның атақты сал ақын, әнші ретінде есімі С. Мұқановтың, А. Затаевичтің, С. Сейфуллиннің еңбектерінде аталады. Біржанның өмірі туралы тұңғыш деректі жазған - С. Мұқанов. Онан кейін Қ. Жұмалиевтің, А. Жұбановтың, М. Әуезовтың, М. Ғабдулиннің, Е. Ысмайыловтың кітаптарында Біржанның өмірі мен шығармашылығы сөз болады. Біржан туралы бұрын-соңғы деректерді жинап, қорыта отырып, оның поэзиялық шығармалары жөнінде нақты талдау жасаған - Ғ. Әбетов. Біржанның ақындығы, айтыстағы өнері туралы пікірлер басқа әдебиетшілердің еңбектерінде кездеседі. Біржанның өмірі мен ата-тегі туралы және бұрын белгісіз өлеңдерін, әндерін жинауда көп еңбек етіп келе жатқан Б. Г. Ерзакович, Е. Байболов. Қ. Қаңтарбаев, М. Майшекин т. б.
Өмірін өнер жолына сарп еткен, өктемдікпен, керітартпа жүгенсіздікпен күресіп өткен, сол күресін соңғы демі біткенше әні арқылы үзбеген азамат ақын, әнші, сазгер Біржан салдың аты халқымен мәңгі-бақи бірге жасаса бермек.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу жұмысымызда Біржан сал Қожағұлұлының еңбектерін талдай отырып, оларды тақырыптық жағынан саралауға ұмтылдық және оның айналасындағы ақындар шығармашылығына үңіліп, оларды ақын шығармашылығымен салыстырып қарастырдық.
Уақыт ілгері өткен сайын қазақ өміріне зер салып, оның өнері ме мәдениетіне қатысы бар деректерді жинаушылар көбейе түседі. Солардың ішінде кейбір тарихшы, саяхатшы, әскери адамдар мен музыканттардың қалдырған дерек, жазбалары әл күнге дейін өздерінің бағасын жоғалтпай келеді. Олар П. И. Пашино, А. Добромыслов, Ә. Диваев, француз ғалымдары Капю, Бонвало, т. б. Бұлар өз еңбектерінде сал-серілердің мінез-құлқы, киім-киісі, салдық құру дәстүріне жан-жақты тоқталады.
Сал-серілердің өмірбаяндық деректерін жинау, олардың өлеңдерін жазып алу, нотаға түсіру, оларды тасқа басып шығару ісі Қазан төңкерісінен кейін ғана жолға қойылды. Жиырмасыншы жылдардан бері сал-серілер жайында зерттеулер көріне бастады. Сал-серілер шығармашылығын зерттеу саласында А. Затаевич, С. Мұқанов, Ш. Хұсайынов, Ы. Дүйсенбаев, Ә. Марғұлан, Е. Ысмаилов, Е. Тұрсынов, т. б. үлкен еңбек сіңірді. Жұмысымыздың екінші бөлімінде бұларға тоқталамыз.
Біржан салдың әлеуметтік мәні зор, терең қиялдан шыққан көркем де өктем әндері қазақтың классикалық музыка қазынасына алтын қор болып қосылады.
Біз бұл уақытқа дейін Біржан салды әнші, композитор, ақын ретінде ауыз әдебиетінің өкілі деп қана біліп келдік. Артында қалған бай мұрасын үзіп-жұлып зерттегеніміз болмаса, ғылыми тұрғыдан кесімді бағасын бере алмадық.
Қазақ даласын әнге бөлеген ардагер ұлының бірі - Біржан. Оның ел аузында “Біржан сал” атанып қалуының өзі де тегін емес. Көптің қамын жеп, тағдырына ортақ болып, топтан озып шыққан өнер иесіне құрметті атақ беріп отыратын үкіметі жоқ кезде халқының өзі ең құрметті атағын берген.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыс барысында Е. Ысмайылов, А. Жұбанов, Е. Тұрсынов т. б. ғалымдардың еңбектері теориялық тұрғыдан басшылыққа алынды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың басты мақсаты қазақтың біртуар азаматы, қазақтың сал-серілік поэзиясының көрнекті өкілі Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен әдеби мұрасын зерттеу, тану. Сонымен қатар қазақтың сал-серілік поэзиясының қазақ әдебиетіндегі алатын орнын анықтап, белгілеу.
Осыған байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:
Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты деректерді анықтау;
Қазақтың сал-серілік поэзиясының қазақ әдебиетіне тигізген ықпалын бағалау;
Біржан сал және оның ақындық айналасымен танысу, оның олардан өзіндік ерекшелігін ажырату.
Ақынның өмірі мен шығармашылығының әдеби сында бағалануын анықтау.
Зерттеу нысаны. Қазақтың сал-серілік поэзиясы өкілдерінің туындылары. . Сондай-ақ, Біржан сал шығармаларының идеялық және әдеби көркемдік құндылықтары зерттеу нысаны болып саналады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығын тұтас қамтып, қазіргі көзқарас тұрғысынан талданған еңбек болып табылады. Ақынның шығармаларының идеялық мәні, көркемдік құндылығы айқындалып, олардың өзіндік ерекшеліктері сараланды. Сал-серілік поэзия мен Біржан сал дәстүрлік жалғастығын бір арнаға сайдыра жазылған ғылыми еңбектердің басын біріктіре талдап жазылған жұмыс.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу үшін негізгі дереккөздерді жинау барысында баяндау, түсіндіру, сұрыптау, жүйелеу, талдау т. б. әдістер пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімі «Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығының зерттелуі» деп аталады. Мұнда Біржанның өмірі мен шығармашылық жолының зерттелуі жайында сөз болады. Сонымен қатар ақынның өмір жолы баяндалып, өскен қоғамдық, әлеуметтік ортасы қаралады.
«Біржан сал және оның ақындық айналасы» деген екінші бөлімде Біржан салдың шығармашылығына барар жол ретінде қазақтың сал-серілік поэзиясының жанрлық өзгешеліктермен бірге сал-серілердің орындаушылық өнеріне байланысты мәселе сөз болады. Біржан сал дың ақындық айналасы жайлы әңгіме қозғалды. Қорытындыда бітіру жұмысындағы айтылған ой жинақталып, тиянақталып, қорытылады. Сілтемелер көрсетілген, пайдаланылған әдебиеттер мен мысалдар алынған көркем шығармалар тізімі берілген.
I. БІРЖАН САЛ ҚОЖАҒҰЛҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақтың музыка өнерінің үш бұтағын - сазгерлік, ақындық, орындаушылық - осы күні үш адам қосылып әрең шығаратын ән комплексін, ұясын, әулетін жалғыз өздері жасаған, сөйтіп Сарыарқаны - қазақ әнінің астанасы еткен Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, Сегіз сері, Жаяу Мұса, Әсет, Балуан Шолақ, Ғазиз, Майра, Басығараның Қанапиясы - осынау алтын шашақты, сәукелелі топтың басында Біржан сал тұр.
Ғафу Қайырбеков Біржанға тән үш сипатты атап көрсетеді: “Біржан бәрінің ағасы, ұстазы, мектебі. Ол - оның жасының үлкендігі немесе бәрінен бұрын бастағанынан емес, ол бүкіл сол тұстағы өзіне дейін аман жеткен халық әндерінің әуелі басын қосқан, өзі шырқаған, содан соң бүкіл қазақ әніне жаңа да асқақ, өршіл, жеңімпаз күш әперген, оны әлеуметтік, қоғамдық, елдік, биіктік пен кеңістікке не жасаған поэзиядағы Абай секілді. Қазақ әніне тұтас бір жаңа құдірет, жаңа леп әкелген, төңкеріс жасаған адам. Екіншіден - оның аруағы басым, азаматтығы биік. Біржан келді дегенде алдына барып мың жан жығылған, қазақ шаңырағын алтыбақан әнмен көтерген, ал дауыс диапазоны, ауқымы ешкімде көрмеген ғажайып құбылыс еді. Оның дауысы - кең даласына кең еркін жеткен бүкіл қазақтың дауысы еді, халықтың дауысы еді. Сондықтан та оны ел аңызға айналдырған. Мысалы:
Аққумен аспандағы ән қосатын,
немесе:
Әнімді он екі взвод жіберейін,
Есіңнен өле-өлгенше қалмайтұғын.
немесе:
Біржанның төңкерілген дауысынан
Ешкі өлмес ел жиылды бауырына
немесе:
Сараның - Әніңнің адам жетпес бұрмасына - дегені секілді ардақтау бағалар толып жатыр. Бүкіл халық бұлай бағалаған ақын, әнші, композитор жоқ.
Үшіншіден - Біржан қазақ таланттарының осы күнге дейін басынан арылмаған таяқ, қуғын-сүргін, өсек-аяң, қорлық-қысым, бағаламау, бақытсыздыққа ұшырату секілді барлық әнім, төре, тас көз, көк ми билеушілердің сұрқай көзқарасы мен суық ызғарына ұшырағандардың ең басында тұр” [1. 15] .
Атақты халық композиторы, асқан әнші, дарқан ақын Біржан салдың қазақ поэзиясы мен өнерінің тарихында алатын орны ерекше.
Біржан сал Қожағұлұлы бір өзі ғана бірнеше өнерді жинаған феномен. Ол ақын, әнші, композитор, музыкалық аспапта ойнаған, балуан (халық арасында балуандығын дәлелдейтін эпизодты әңгіме бар), жанглер (басындағы тақиясын билеткен, қызған кезде жорға үстінде билеп кеткен), ат үстіне мінудің шебері (Балуан Шолақ, Шашубай содан үйреніп, біздің заманымызға жеткізген), киімді өз үлгісінде тіктіріп киетін артист, сері-сал. Өлеңде суырып-салма (импровизация), табан астында (экспромт) қолма-қол шығарып айтқан, өнерлері де эмоцияның өр үстінде туындаған. Өзімен бірге өнердің түр-түрінен нөкер, шәкірт ерітіп жүрген. Олар келген ауыл бірнеше күн бойына ойынға, сауық-кешке бөленіп, оларды сол төңірек жиналып тамашалаған. Бір ауылдың беделді, сүйгіш азаматы келіп, өнер көрсетіп жатқан иесінен салдар тобын қалап алып кетіп отырған. Сөйтіп олар бүкіл жайлау-жаз бой ел қыдырумен (гастрольде) жүрген.
Біржан мектебі (академик Қ. Жұбановтың анықтамасы) құлашын кеңге жайып, оның ізбасарлары, шәкірттері халық композиторлары көп болған. Ақан сері, Балун Шолақ, Үкілі Ыбырай, Құлтума, Төлебай сал және басқа өнер иелері Біржанды, оның өнерін үлгі тұтқан.
Арқада негізінен өнер ретінде әннің өрбуі басым, ауқымы кең. Оған қоса Арқа әндері асқақ, қайырмалары құйқылжыған мәнерлі, сазды, әуенді келеді. Тіпті термелерінің өзі асқақтап аспанға бір шығып алады да содан төмен сорғалағанда ойнақыланып, жалтылдап, құйқылжып, барып қайырылады. Міне, осындай асқақ әннің басында Біржан сал Қожағұлұлы тұр. Оның шығармашылығы Қараөткел өңіріне тікелей қатысты. Біріншіден, ол көп уақытын Саққұлақ шешеннің жанында яғни Ереймен төңірегінде, Мәті-Дәулен маңында (Жолымбет руднигінің теріскейі), Қараөткелдің базарында болып, көп әндерін шығарған. Оған мысал, «Мәті-Дәулен», «Аққошқар», «Келдің бе аман-есен», «Жүкен сәулем» (Сібірге айдалған сапарынан оралғандағы айтқаны) т. б. өлең-әндері.
Біржан - бұрынғы-соңғы қазақтың сал, сері ақындарының ағасы, ұстазы, жаңашыл өнерпазы. Өйткені сал, сері ақындардың поэзия мен музыканы, халықтың ойын-сауық өнерлерін ұштастыра біліп, жаңа көркемдік мазмұнмен дамытуға жол ашқан жаңашылдық сипаты да, қалың бұқараның азатшыл, әділетшіл арман-күйлерін жырлаған өршіл сарындары да Біржанның шығармашылық дүниесінен толық табылады [1; 91] .
Біз бұл уақытқа дейін Біржан салды әнші, композитор, ақын ретінде ауыз әдебиетінің өкілі деп қана біліп келдік. Артында қалған бай мұрасын үзіп-жұлып зерттегеніміз болмаса, ғылыми тұрғыдан кесімді бағасын бере алмадық.
Біржан салдың еліне сіңірген еңбегі орасан зор. Оны кезінде көзі көрген замандастары айтып та, жазып та кеткен. Біржан орысша оқыған, білімдар, сауатты кісі болған. Орыс империясының отарлау саясатына өз әлінше қарсы шыққан, ұлт намысын бір адамдай-ақ қорғай білген халық перзенті.
Қазақ халқының ХІХ ғасырда өмір сүрген жез таңдай жыршы, суырып салма әнші-ақындары мен күйші, композиторларының бірі - Біржан сал Қожағұлұлы (1825-1897) екендігі баршаға мағлұм.
Біржан сері жай ғана суырып салма ақын емес, ол ірі айтыс ақыны, өз тұсында қазақ ауыз әдебиетіндегі айтыс жанрының дамуына зор үлес қосқан саңлақ жырау. Өз заманында қазақ әндеріне жаңа түр енгізген Салғара, Сегіз сері, Нияз серілерден кейінгі қазақтың сал-серілік дәстүрін, әнші-ақындық, күйшілік өнерін ілгері дамытушы, аспандағы аққуға үнін қосқан аса күшті композитор әрі тамаша әнші.
Орыстың Г. Потанин сияқты қазақ халқының әдет-ғұрыптарын көп зерттеген адамы: “Маған бүкіл қазақ даласы ән салып тұрғандай”, - деп жазды өткен ғасырда. Ол шындықты айтты.
Міне, сол қазақ даласын әнге бөлеген ардагер ұлының бірі - Біржан. Оның ел аузында “Біржан сал” атанып қалуының өзі де тегін емес. Көптің қамын жеп, тағдырына ортақ болып, топтан озып шыққан өнер иесіне құрметті атақ беріп отыратын үкіметі жоқ кезде халқының өзі ең құрметті атағын берген.
Біржан салдың әлеуметтік мәні зор, терең қиялдан шыққан көркем де өктем әндері қазақтың классикалық музыка қазынасына алтын қор болып қосылады.
Өмірін өнер жолына сарп еткен, өктемдікпен, керітартпа жүгенсіздікпен күресіп өткен, сол күресін соңғы демі біткенше әні арқылы үзбеген азамат ақын, әнші, сазгер Біржан салдың аты халқымен мәңгі-бақи бірге жасаса бермек.
Біржанның кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған ән творчествосы, өлең-жырлары қашан да бұқарашыл, ілгерішіл әуенде келеді. Әндеріне тән бір ерекшелік - өзінің әншілік-орындаушылық, композиторлық өнерімен адам жанының нәзік сезім күйлерін лирикалық әсем мелодия сазына бөлей білуінде. “Ақтентек”, “Біржан сал”, “Ғашығым”, “Алтын балдақ”, “Мәті-Дәулен”, “Айтбай”, “Бірлән”, “Көкек” сияқты әндері - Біржанның шығармашылығындағы шоқтығы биік, өзгеше сыршыл лирикалық туындылар. Бұл сипаттас әндерінде композитор жалын атқан жастық шақ, мөлдір махаббат, шұғылалы сезім күйлерін шертеді.
Биік талғамға, өзгеше өнерпаздыққа ұмтылған Біржан - патриархалды-феодалдық заманның озбырлығына асқақ әнімен қарсы тұрған суреткер. Оған халық арасында кеңінен тараған “Жанбота”, “Адасқақ” сияқты туындыларын жатқызуға болады. Өз заманына деген осындай наразылық өмірге деген өкініш үні жастық шағын еске түсірген “Жамбас сипардан” да, “Теміртас” атты трагедиялық үндегі әнінен де айқын естіледі.
Жаяу Мұса, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Үкілі Ыбырай т. б. атақты ақын-әншілер Біржанның мектебінен өрістеп, өнер қанатын жаяды. Осы сынды өнерпаздар арқылы біздің заманға Біржанның 40-қа жуық әндері жетті.
Ең алғаш баспа жүзінде Біржанның атақты сал ақын, әнші ретінде есімі С. Мұқановтың, А. Затаевичтің, С. Сейфуллиннің еңбектерінде аталады. Біржанның өмірі туралы тұңғыш деректі жазған - С. Мұқанов. Онан кейін Қ. Жұмалиевтің, А. Жұбановтың, М. Әуезовтың, М. Ғабдулиннің, Е. Ысмайыловтың кітаптарында Біржанның өмірі мен шығармашылығы сөз болады. Біржан туралы бұрын-соңғы деректерді жинап, қорыта отырып, оның поэзиялық шығармалары жөнінде нақты талдау жасаған - Ғ. Әбетов. Біржанның ақындығы, айтыстағы өнері туралы пікірлер басқа әдебиетшілердің еңбектерінде кездеседі. Біржанның өмірі мен ата-тегі туралы және бұрын белгісіз өлеңдерін, әндерін жинауда көп еңбек етіп келе жатқан Б. Г. Ерзакович, Е. Байболов. Қ. Қаңтарбаев, М. Майшекин т. б.
Біржанға өлмес ескерткіш жасағандардың бірі қазақтың талантты композиторы Мұқан Төлебаев болды. Ол өзінің “Біржан-Сара” операсында әншінің шығармаларын толығымен пайдаланды. Либреттосын жазған белгілі ғалым Қажым Жұмалиев. Бұл туралы Ғафу Қайырбековтің “Біржан туралы ой” деген мақаласында Ғабит Мүсіреповтың ойы келтіріледі: “Біржан - Сара” операсы да жақсы ғой, бірақ ең бастысы ол емес еді, Біржанның трагедиясын жазу керек еді”, - дегенін естіп едім. Ол “Ақан сері - Ақтоқтыда” Ақан аузына “Барлық ақын қуғын көре туыпты” деген сөзді неге салды дейсіз. Ол бар өнерпаз, таланттың басындағы тағдыр қырсығын айтқан еді” [1, 54] . Бұдан жазушының Біржан басындағы қасіретті көргендігін байқауға болады.
Біржанның әнін бізге жеткізіп бергендер: Қали Байжанов, Ғаббас Айтбаев, Әміре Қашаубаев, Қосымжан Бабақов, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Мәжит Шалқаров, Естай Беркімбаев, Рамазан Елебаев және т. б.
Біржан сал Қожағұлұлының әндік туындылары Қазақстан композиторларының ірілі-уақты шығармалары - операда, симфониялық, эстрадалық, басқа да күрделі музыкалық жанрларда пайдалануда. Ақын, әнші-композитор, Біржан салдың бейнесі драмалық пьесаға, операға түсіп, романдарда суреттеле бастады. Ол туралы мақалалар мен очерктер жазылып, радио толқыны арқылы да әндері жан-жақты тарап жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz