«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы


Рашид-ад-дин қазақтың негізін құраған түркі тайпаларының (ІХ-ХІІІ ғғ. ) тарихы туралы

КІРІСПЕ . . . 3.

1-тарау. Рашид-ад-диннің «Жәми ат-тауарих» еңбегі және ондағы түрі тайпалары туралы мәлімет . . . 10.

  1. Рашид-ад-диннің «Жәми ат-тауарих» еңбегінің қазақ тарихының дерегі ретіндегі маңыздылығы . . . 10.
  2. Дулат, үйсін, қаңлы және жалайыр тайпалары

туралы мәліметтер . . . 18.

2-тарау. «Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы . . . 28.

2. 1. Рашид-ад-дин еңбегіндегі арғын, қыпшақ, найман, қоңырат тайпаларының тарихы . . . 29.

2. 2. «Жәми ат-тауарих» дерегіндегі керейт, алшын, оғыз, ұйғыр және басқа да түркі тайпалары туралы мәліметтер . . . 40.

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 50.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53.


КІРІСПЕ

Мәселенің өзектілігі. Қазақ халқының негізін құраған түркі тайпалары туралы жазбаша және археологиялық дерек көздері қазіргі уақытқа дейін терең де жан-жақты зерттеліп келді. Көптеген қытай, парсы, түркі, латын тілдерінде жазылған деректерде қазақтың құрамына кірген тайпалар, халықтар, мемлекеттер мен тайпалық бірлестіктер туралы зор тарихи мәліметтер кездеседі. Осындай маңызды деректердің бірі Рашид-ад-дин Фазуллах ибн Абулхайр Али Хамаданидің «Жәмиғ ат-тауарих» еңбегі болып табылады. Бұл еңбекте қазақ халқының құрамына кірген көптеген түркі тайпаларының тарихы суреттеледі. Олардың ішінде үйсін, қаңлы, қыпшақ, жалайыр, найман, керейт, қоңырат және басқа да көптеген ру-тайпалар мен халықтардың этнонимі аталады. Сондықтан да аталмыш шығарма дерек ретінде өте маңызды.

Осыған орай Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағы» шығармасын зерттеу өздігінен маңызды болып саналары сөзсіз. Ал енді ондағы қазақ халқының құрамына кірген түркі тайпалары мен этникалық бірлестіктерінің тарихын тікелей Рашид-ад-диннің еңбегі арқылы қарастыру қазіргі уақытқа дейін жүргізілген жоқ. Әрине қазақ негізін құраған тайпалар туралы зерттеулер өте көп, оларды әр түрлі жікке байланысты бірнеше түрге бөлуге болады. Бірақ мұндай зерттеулер негізінен бір тайпаның немесе бірнеше дерек көзінің көмегі арқылы жүргізілген. Негізінен қазақ халқының ежелгі тарихын зерттеу және оған кеңестік кезеңдегіге қарағанда шынайы баға беру, төл тарихты байытуға бағытталған қадам болып табылатынында дау жоқ.

Жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Қазақстан тарихы, қазақ халқының құрамына енген түркі тайпаларының тарихы туралы деректер, әсіресе жазба деректер қазіргі уақытта біршама сыни талдаудан өтіп, кеңінен қолданылып жүр. Солардың ішінде Рашид-ад-диннің «Жылнамалар жинағы» шығармасының алатын орны ерекше. Шығармада қазақтың негізін құраған тайпалар тарихы ислам тарихнамасына тән ерекшелікпен берілген. Сонымен қатар «Жылнамалар жинағында» басқа деректерде кездеспейтін мәліметтер де беріледі. Диплом жұмысының басты мақсаты ортағасырлық дерек көзі Рашид-ад-диннің “Жәми ат-тауарих” шығармасындағы қазақ халқының негізін құраған ру-тайпалар тарихын көрсету болып табылады. Осы мақсатқа жету жолында мынадай міндеттерді де орындау қажет. Оның бірі Рашид-ад-диннің өмірі мен «Жами ат-тауарих» шығармасының жазылу тарихын көрсету және ондағы қазақ халқының құрамына кірген түркі тайпалары туралы берілген мәліметтерді саралау болып табылады. Қазақ халқының құрамына кірген түркі тайпалары екі бөліктен, яғни жергілікті, автохтонды тайпалар мен мемлекеттік бірлестіктерден және Саян-Алтай, Моңғолиядан келген ежелгі түркі тайпаларынан тұрады. Міне өзіміздің зерттеуімізде біз Рашид-ад-диннің қазақтарды құраған түркі тайпаларының әр бөлігі туралы пікірі мен тұжырымдарын ашып көрсетуді де міндеттер қатарына жатқыздық.

«Жәмиғ ат-тауарихта» келтірілген материалдардың Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын анықтау да еңбегіміздің басты міндеттерінің қатарына жатқызылды. Жұмыс авторы негізінен қазақ халқының құрамына кірген Қаңлы, Үйсін, Жалайыр және басқа да тайпалардың тарихы туралы Рашид-ад-диннің қандай мәлімет бергенін анықтауға тырысады. Осыған орай жұмыста Рашид-ад-дин еңбегі қандай уақытта, қандай тарихи тұлғалардың, саяси топтардың мүддесін көздеп жазылғанын анықтауды міндет етіп отыр. Міндеттер қатарында Рашид-ад-диннің дүниетанымдық, саяси, әлеуметтік ұстанымдарын, бізге қажетті түркі тайпаларының тарихына, жалпы түркілерге деген көзқарасын, берілген мәліметтердің шынтуайттылығын анықтауды қосуға болады.

Зерттеу әдістері мен әдіснамасы. Қазақ халқының негізін құраған түркі тайпалары туралы зерттеу жұмысын жүргізген уақытта автор негізінен диалектикалық әдіснаманы қолданды. Диалектикалық-материалистік әдіснама қоғам дамуының заңдылықтарына және оны зерттеудің әдістері жүйесіне негізделеді. Бітіруші жұмыс барысында анализ, синтез, салыстырмалы-тарихи зерттеу әдістерін қолданды. Талдау әдісі зерттеліп отырған мәселе туралы мәлімет беретін тарихи деректермен жұмыс кезінде де, тікелей жұмыс барысында да қолданылды. Әсіресе Қазақстанның ІХ-ХІІІ ғасырлардағы, яғни қазақ құрамына енген рутайпалардың Қазақстан территориясындағы мемлекеттерді құру кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени жағдайын анықтау, деректермен жұмыс істеу кезінде берілген мәліметтерге сыни талдау жасау арқылы деректік мәліметтің шынтуайттылығын анықтау мүмкіндігі туды.

Сонымен қатар талдау әдісін біз монографиялық еңбектердегі берілген тарихи ақпаратты ғылыми тұрғыдан зерттеген кезеңде де қолдандық. Талдаудан кейін біз синтез әдісін қолдандық. Синтездеу негізгі бөлімнің параграфтарын жазған уақытта алынған деректік материалдар мен тарихшы ғалымдардың ойларын топтастырып, өз ойымызбен толықтыру үшін пайдаландық. Топтастыру және салытырмалы әдісті қолдану арқылы бітіру жұмысының авторы Рашид-ад-дин өмірі мен шығармашылығы туралы тарихи мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, мәселенің хронологиялық шеңберін анықтадық. Салыстырмалы әдісті автор Рашид-ад-диннің берген материалдары мен мәліметтерін басқа дерек көздерімен тексерген кезде қолданды.

Рашид-ад-диннің “Жәми ат-тауарих” тарихи шығармасы қазақ тарихының ортағасырлық кезеңін суреттейтін ғылыми тұрғыда жазылған зерттеулердің бірі болып табылады. Осы еңбекті біз ғылыми зерттеу деуге толық құқығымыз бар. Өйткені еңбекті жазу барысында Рашид-ад-дин үлкен деректік материал қарастырып, оларды әр түрлі зерттеу әдістерінің көмегімен топтастырды және тарихи-салыстырмалы әдіс арқылы олардың шынтуайттылығына жетуге тырысты. Сонымен қатар Рашид-ад-дин өз еңбегінде деректерге тарихи сын тұрғысынан қарастырып, көптеген материалдардың астарында ешқандай тарихи факт жоқ екендігін анықтады. Ал егер мұндай фактілер анықталмаса “Жылнамалар жинағының” авторы: “Мұны Алла жақсы біледі”, - деп айтады. Міне осы мәселені қарастыру барысында бітіруші талдау немесе анализ әдісін кеңінен қолдануға мәжбүр болды.

Бітіру жұмысын жазу барысында осылармен қоса біз тарихи объективтілік принципин ұстандық. Тарихи объективтілік принципіне сәйкес тарихи фактіні анықтау үстінде біз ешқандай идеологиялық және саяси мақсат көздеген жоқпыз. Сондықтанда тарихи оқиға туралы тек дектер мен тарихи зерттеулерде көрсетілген мәліметтер арқылы жазып, ол туралы тек объективті қорытынды шығаруға тырыстық. Объективтілік принципіне сәйкес біз тарихи оқиға туралы берген материалдарымызда тарихи факт туралы тек белгілі, анықталған және сыни анализден өткен ақпаратты қолдандық.

Қолданылған деректер. Қазақ негізін құраған этностар тарихы туралы деректер саны жағынан да, сапасы жағынан да алуан түрлі. Кез келген тарихи оқиға туралы біз деректерден мәлімет аламыз. Бұл деректердің шынтуайтылығы мен тарихилығы мәселесін анықтауға итермелейді. Бізге белгілі деректер өз ішінде материалдық және жазбаша болып екі үлкен топқа жіктеледі. Біздің қарастырып отырған мәселемізге байланысты әрине материалдық деректер де бар екені даусыз, бірақ олар біздің зерттеуімізде пайдаланылған жоқ. Бітіруші негізінен жазба деректерді пайдаланды. Олардың өзі өз тарапынан әдеби және құжаттық деректер болып екіге бөлінеді. Кейбір мәселелерде, әсіресе Қазақстанның ІХ-ХІІІ ғасырлардағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын анықтаған кезде пайдаланғанды айтпасақ, құжаттық деректерді де біз зерттеу аясынан тысқары қалдырдық. Біздің негізге қолданғанымыз әдеби деректер. Олардың қатарында Рашид-ад-диннің орыс ілінде жазылған 3 томдық “Жәми ат-тауарих” шығармасы бар. Жұмыс барысында “Жылнамалар жинағы” деп те аталатын шығарма ХІІІ ғасырдың басында жазылған. Оның авторы Ортағасырлық Шығыс тарихнамасында ХІІІ-ХІҮ ғасырлар аралығы Рашид-ад-диннің парсы тіліндегі «Жылнамалар жинағының» шығуымен ерекшеленді. Бұл еңбек орыс тарихшыларының пікірінше, Иран, Азербайжан, Орта Азия халықтарының тарихы үшін ғана маңызды. Алайда аталмыш шығарма сонымен қатар Қазақстан тарихы үшін де ерекше маңызға ие болып отыр. Бұл еңбекке байланысты қазақ тілінде жазылған іргелі археографиялық, тарихи, тарихи лингвистикалық, тарихи-филологиялық зерттеулер жоқ. Рашид-ад-диннің шығармасымен біз парсы немесе араб тілінде таныспадық, ол бізге орысшаға аударылған күйінде жетті. Осыған қармастан «Жәми ат-тауарих» төл тарих үшін маңыздылығын жоғалтпайды.

Келесі бір дере көзі Мұхамед Хайдар Дулатидің “Тарих-и-Рашиди” шығармасы. Моғолста мен Қазақстан тарихы туралы кең ккөлемді мәлімет беретін бұл шығарма ортағасырлық Қазақстан тарихы үшін маңызы зор. Біз Дулати еңбегінен негізінен дулат тайпасының тарихына байланысты мәлімет алдық. Дулатидің еңбегі туралы қазақ тарихнамасында жан-жақты сыи пікірлер айтылып, деректің құндылығы айқыдалған болатын. Содықтан да біз “Тарихи Рашиди” шығармасына байланысты пікірді Т. Омарбеков пен Ш. Омарбековтің “Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас” атты зерттеуіне жұмсамақпыз.

Ежелгі және ортағасырлық Қазақстан тарихы туралы алғашқы рет орыс тіліне шығыс тілдеріндегі деректерді аударуға қомақты үлес қосқан профессор Бичурин болды. Оның “Собрание сведений о народах обитавших в Средней Азии в древние времена” атты жинағында Рашид-ад-диннің және басқа да еңбетердің үзіділері аударма ретінде берілген. Бичурин еңбегі қазақ жерін мекендеген ғұн, қаңлы, үйсін, қыпшақ, түркі, түргеш және басқа да өптеген ру-тайпалар туралы бай мәліметтер береді. Оның еңбегінің маңыздылығы дау тудырмайды. Бичуринен негізінен Рашид-ад-диннің “Жәми ат-тауарих” еңбегіндегі елтірілген мәліметтерді тексеру мақсатында және қаңлы, үйсін тайпаларының тарихы туралы мәліметтер алынды.

Келесі бір маңызды дерек көздері Көпейұлы Мәшһүр Жүсіп. “Қазақ шежіресі”, І. Сариевтің “Үш жүздің шежіресі”, Х. Мадановтың “Кіші жүздің шежіресі”, Жалайыр Қадырғалидің “Шежірелер жинағы” сияқты қазақ халқының құрамындағы рулар туралы ауызша тарих - шежіренің жинақтары. Мұнан біз қазақ халқының құрамындағы үш жүзге қандай ру-тайпалар кіргенін, қазақтардың өздері өзінің шыққан тегі туралы ойларын алдық. Шежірелер алуан түрлі және біршама зерттелгенімен тікелей қазақ шежіресі ғылыми сараптамадан өткен, лингвистикалық және тарихи талдауды қолдану арқылы әлі толық зерттелген жоқ.

“Орхон ескерткіштерінің тексті” мен Бан Гу. “Батыс өңірі және үйсін мемлекеті” атты дерек көздері Қазақстан тарихнамасында еңесті езеңнен қолданылып келеді. Оларда берілген материалдар Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлық тарихы туралы, сол дәуірлерде өмір сүрген түркі тайпалары туралы бай материалдар береді. Біз өз еңбегімізде аталмыш деректерді Рашид-ад-дин шығармасында елтірілген мәліметтерді толықтыру үшін қолдандық. Мәселен, Рашид-ад-дин мәлімет берген оғыз, қарлық, ішінара үйсін туралы материалдарды Орхон ескертіштеріндегі “Күлтегін жазуынан” және Бан Гу шығармасынан алынған тарихи ақпаратпен толықтырдық.

“История Казахстана: хрестоматия”. //Сост. М. К. Козыбаев, И. М. Козыбаев. - Алматы: Интерпринт, 2004. - 253 с. “Прошлое казахстана в источниках и материалах. Сборник 1 (Ү в. до н. э. - ХҮІІ в. н. э. ) ”// Под ред. С. А. Асфендиарова, П. А. Кунте. - Алматы: Казахстан, 1997 - 380 с. . -Путешествия в восточные страны Плано Карпини и Рубрука. - М., 1957. Книга Марко Поло. - М., 1956. жинақтары мен еңбетеріндегі материалдар да біздің зертеуімізде ең өлемде болмаса да пайдаланылды.

Мәселенің тарихнамасы. Рашид-ад-диннің “Жәми ат-тауирх” шығармасы туралы тарихи, лингвистикалық, филоолгиялық, салыстырмалы-тарихи зерттеулер Ресей тарихнамасында да, Қазақстан тарихнамасында да жоқ. Бұл біздің ойымызша болашақтың ісі. Бірақ Рашид-ад-дин шығармасы ортағасырлық Қазақстан мен Орталық Азия, Иран, Әзірбайжан тарихы туралы тарихи еңбетерде еңінен қолданылады. Бұл еңбектерде ортағасырлық парсы шығармасындағы зерттеушіге қажетті жерлері алынып, алынған мәлімет қана талдаудан өткізіліп, сын айтылады. Рашид-ад-дин берген мәліметтер комплексті түрде зерттелмеген. Сондықтан біз қолданған тарихнамалық әдебиет негізінен бізге Рашид-ад-дин туралы ойды аз береді. Ондай еңбектер арасында тек академик И. П. Петрушевскийдің 1951 жылы “Вопросы истории” журналында жарияланған мақаласы ерекше орын алады. Алайда бұл еңбекте тек Рашид-ад-диннің жазған хаттарыа сүйене отырып, оның ильхандар мемлекетіндегі мүліктері мен жер иеліктерін келтірген.

Тікелей Рашид-ад-диннің “Жәми ат-тауарих” еңбегі туралы зерттеулер жоқ болғандықтан біз пайдаланған әдебиеттер негізінен қазақ халқының құрамына кірген ру-тайпалардың тарихы туралы ой айтылған зерттеулерге тарихнамалық талдау жасамай шолумен және еңбектерді атап шығумен шектелмекпіз. Олай істемесек пайдаланған зерттеулер туралы бір сөйлем жазудың өзі жұмысымыздың кіріспесін негізгі бөліме де көп етіп жібереді. Қазақстан тарихының ежелгі және ортағасырлық кезеңі туралы ғылыми зерттеулер сан-алуан және жан-жақты. Олардың арасында археологиялық, лингвистикалық, тарихи, этнологиялық және этографиялық зерттеулер бар. Алайда біздің диплом жұмысымыыздың хронологиялық аясы ІХ-ХІІІ ғасырлармен шетелгендіктен біз осы кезең тарихы туралы жазылған еңбетерді ғана пайдалануға тырыстық. Мұндай еңбетер арасында: Аманжолов С. Қазақ жерінде болған елдер, халықтар. // Қазақ тарихынан. //Құраст Е. Аққошқаров - Алматы: Жалын, 1997. - 100-108 бб. Асфендиаров С. А. История Казахстана: (с древнейших времен) . - Алматы: Санат, 1998. - 302 с. Ахинжанов С. М. Кыпчаки в истории средневекового Казахстана. - Алматы: Гылым, 1999 - 294 с. Барманкулов М. Хрустальные мечты тюрков о квадронации - Алматы: ОФ «БИС», 1999 - 416 с. Бартольд. В. В. Очерк истории Семиречья. - Фрунзе, 1941. Бартольд В. В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов. - М. : Восточная литература, 2002. - 757 б. Гумилев Л. Н. Древние тюрки. - М., 1993 - 513 б. Жұматаев Р. С. Керейт тайпасының Қазақстан жеріне келуі және ХІХ-ХХ ғ. ғ. басындағықоныстануы. //«Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №3 (6), 2006. - 29-39 бб. Исмагулов О. И. Население Казахстана от эпохи бронзы до современности. - Алма-Ата, 1982. История Казахстана с древнейших времен до наших дней (очерк) . - Алматы: Дәуір, 1993. - 416 с. Кадырбаев А. Ш. Казахстан в эпоху Чингиз-хана и его приемников. ХІІ-ХІҮ века. - Алматы, 1992 - 38 с. Кәрібаев Б. ХҮ-ХҮІ ғ. ғ. Дешті Қыпшақ тайпалары. //«Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №2 (2), 2005. - 30-39 бб. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан - летопись трех тысячилетий. - Алматы, 1992. Кузембайулы А. История Республики Казахстан: учеб. пособ. - Астана: Фолиант, 2002 - 358 с. Қожабекұлы Б. Албани. Тарихи таным: ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. - Алматы: Ататек, 1994. - 400 б. Қартаева Т. Дулат тайпасының қоныстануы мен көшу бағыттары (ХІХ-ХХ ғ. бас кезі) . // «Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №1 (4), 2006. - 23-35 бб. Кюнер Н. В. Китайские известия о народах Южной Сибири, Центральной Азии и Дальнего Востока. - М., 1961 - 105 с. Муканов М. С. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. - Алма-Ата, 1974. Муканов М. С. Из исторического прошлого: (родословная племен керей и уак) . - Алматы: Казахстан, 1998 - 159 с. Мұсабаев Ғ. Үйсін туралы пікірлер. // Қазақ тарихынан. - Алматы: Жалын, 1997. - 69-99 бб. Мұхатова О. Х. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы жалайырлар тарихына қатысты деректер мен зерттеулер. //«Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №3 (3), 2006. - 105-115 бб. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. - Алматы: Жалын, 1994. - 401 б. Омарбеков Т., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас. - Алматы: Қазақ университеті, 2004. - 388 б. Омарбеков Т., Ғабжалилов Х. Қазақтың арғы тарихы - ру-тайпалық құрылымдар баяны. //«Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №2, 2005. 21-29 бб. Омарбеков Т. Қазақты құраған түркі тайпаларының этно-саяси мәселелері. //Халықаралық Бекмаханов оқуларының материалдары. 25-26 мамыр, 2006. - Алматы: Қазақ университеті, 2006. - 8-13 бб. Омарбеков Т. Табын тайпасының шығу тегі туралы болжамдар. // «Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №3, 2006. 49-60 бб. Омарбеков Т. О. Қазақты құраған түркі тайпаларының қалыптасу мәселелері (ҮІ-ХІІІ ғғ. ) . //«ХХІ ғ. әлем тарихы және Қазақстан» атты Республикалық ғылыми-теориялық конференцияның материалдары. - Алматы: Қазақ университеті, 2007 б. - 304 с. (24-29 бб. ), Пищулина К. А. Территория. // //Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттаріне арналған оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 47-65 бб., Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы: Роман-эссе. - Алматы: Жалын, 1992. - 304 б., Смағұлов О. Ата баба (тек) . //Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттаріне арналған оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 6-31 бб., Тарақты А. Ауызша тарихнама. //Қазақ. Жоғары оқу орындары студенттаріне арналған оқу құралы. - Алматы: Білім, 1996. - 31-47 бб., Трепавлов В. В. История Ногайской Орды. - М. : Всот. литер. РАН, 2002. - 752 б., Тортаев С. Ә. «Алаш», «Алаша», «Алшын» этнонимдері туралы аңыздар// «Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №1 (1), 2005. - 103-112 бб., Тортаев С. Ә. Кіші жүздегі керейттің шыққан тегі. // «Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №1, 2006. - 53-70 бб., Тынышпаев М. История казахского народа. - Алма-Ата: Қазақ университеті, 1993. - 224 б., Хабижанова Г. Б. Теле и Телеу: этноисторические гипотезы. // «Алаш». Тарихи-этнологиялық ғылыми журнал. - Алматы, №1(4), 2006. - 92-105 бб., Хара-Даван Э. Чингис-хан как полководец и его наследие. Культурно-исторический очерк Монгольской империи ХІІ-ХІҮ веков. - Алма-Ата: «КРАМДС-Ахмед Яссауи», 1992. - 270 с., Хасенов Ә. Үйсін. «Он оқ бодын. Түргеш». // Қазақ тарихынан. //Құраст Е. Аққошқаров - Алматы: Жалын, 1997. - 109-121 бб., Қинаятұлы З. Моңғол үстіртін мекендеген соңғы түркі тайпалары: ІХ-ХІІ ғасыр. - Астана: Елорда, 2001., Шабани Риза. Иран тарихы. //Қазақшаға аударған Ислам Жеменей. - Алматы: «Зерде», 2002. - 288 б. сияқты еңбектер бар. Бұл зерттеулер, мақалалар жәе монографиялар біздің жұмысымызда үлен қолғабыс болды.

Жұмыстың құрылымы және хронологиялық шеңбері. Жұмысымыз кіріспеден, “Рашид-ад-диннің «Жәми ат-тауарих» еңбегі және ондағы түрі тайпалары туралы мәлімет” және

“«Жәми ат-тауарих» шығармасындағы Орта және Кіші жүз негізін құраған ХІ-ХІІІ ғғ. түркі тайпаларының тарихы” атты 2 тараудан жәе қорытындыдан тұрады.

Бірінші тарау “Рашид-ад-диннің «Жәми ат-тауарих» еңбегінің қазақ тарихының дерегі ретіндегі маңыздылығы” және “Дулат, үйсін, қаңлы және жалайыр тайпалары туралы мәліметтер” тақараптарындағы екі параграфтан құралады. Екінші тарау да “Рашид-ад-дин еңбегіндегі арғын, қыпшақ, найман, қоңырат тайпаларының тарихы” және “«Жәми ат-тауарих» дерегіндегі керейт, алшын, оғыз, ұйғыр және басқа да түркі тайпалары туралы мәліметтер” деген параграфтардан тұрады.

Жұмысымыз ІХ-ХІІІ ғасырлар аралығындағы қазақ халқының құрамына кірген тайпалар тарихын көрсетуге және оны Рашид-ад-диннің “Жәми ат-тауарих” шығармасындағы мәліметтер арқылы талдауға арналған. Диплом жұмысымыздың хронологиялық аясы ІХ-ХІІІ ғасырларды қамтығанымен біз бұл кезеңдермен шектеліп қоймадық. Рашид-ад-дин мәлімет берген түркі тайпаларының тарихын сонау Түркі қағанаты кезеңіндегі жағдайын (оғыз, қаңлы) және қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалардың ХҮ-ХҮІ ғасырлардағы жағдайын қысқаша болса да анықтауға тырыстық.


1-тарау. Рашид-ад-диннің «Жәми ат-тауарих» еңбегі және ондағы түркі тайпалары туралы мәлімет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ескі қазақ жазба үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер ( ХV-ХVІІ ғғ )
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ
Ескі қазақ жазба тілі үлгілеріндегі лексика-семантикалық және сөзжасамдық ерекшеліктер
Ескі қазақ жазба ескерткіштеріндегі сөзжасам
Қазақ этнонимінің синонимі
Ежелгі Қазақстан. Қазақстан тас дәуірінде
Түркі және монғол көшпелі қоғамы: саяси – әлеуметтік және этникалық байланыстар мәселесі (VI-XIII ғғ.)
Қыпшақ хандығының құрылуы мәселесін қарастыру
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz