MS VS NET ортасында интернет қолданбалар құру


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Механика-математика факультеті

Информатика кафедрасы

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

MS VS . NET ортасында интернет қолданбалар құру

Орындаған 4-курс студенті Мәдібайұлы Ж.

Ғылыми жетекшісі: Мансурова М. Е.

Норма қадағалаушы: Болысханова М. Ж.

Кафедра меңгерушісінің Шмыгалева Т. А.

рұқсатымен қорғауға жіберілді:

Алматы, 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 MS VS . NET ТЕХНАЛОГИЯСЫ5

1. 1. MS VS . NET архитектурасы5

1. 2. Framework5

1. 3. ASP. NET архитектурасы8

2 MS SQL SERVER 2005. РЕЛЯЦИОНДЫҚ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ . . . 9

2. 1. Реляциялық мәліметтер қорын құру9

2. 2. MS SQL Server 200510

2. 3. Visual Studio 2005 жұмысының басы12

3 WEB ҚОЛДАНБА ҚҰРУ34

3. 1. Есептің қойылымы34

3. 2. Есептің шешімі34

3. 3 Қолданба интерфейстеріне сипаттама беру35

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 37

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі38

ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Интернет көптеген қызықтар мен толғандыратын жаңалықтарға толы. Интернет ақпарат әлемін бір арнаға байланыстырады . Бұл жүйенің басқа қызметі адамдардың бір-бірімен араласу ортасы, бүкіләлемдік мәлімет таратушы және бизнесті уақыттық немесе кеңістіктік шектеулерсіз жүргізуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Қазіргі уақттағы маман өзінің білім деңгейін дамытпай отыра алмайды. Білімді дамытудың әр түрлі жолдары бар, бірақ соның ішінде ең тиімдісін таңдау керек. Сонымен қатар қашықтықтан оқытудың да мүмкіндіктерін ескеруді ұмытпаған жөн. басқа салаларға қарағанда, табыс түсіру үшін Интернеттің мүмкіншіліктері кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде Интернетті пайдаланатын адамдар саны да арту үстінде.

Қазақстанда соңғы жирма жыл ішінде білім беру жүйелеры қүрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім беру технологиясы экономикамыздың өркендеуін дамытудің тиімді жолына айналып отыр. Осы ретте қазіргы замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзы бойынша қашықтықтан білім беру жүйесін дамытудің басты мақсаттарының бірі -оқушылардың кезкелген мектептер, колледждер мен университтердегі оқу бағдарламалары бойнша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ.

Бұл дипломдық жұмысымда “қашықтықтан білім беру” сайтына арналған Интернет желісінің мүмкіншіліктері мен өмірлік тәжірибені талдап кеңейтуге тырыстым. Нәтижесінде талдаудың қорытындысы бойынша “қашықтықтан білім беру сайты” деген web-қолданбасын құруға негізделдім. Ақпараттандыру дамыған елдердің қарым-қатынасы жүйесінің ең негізгі сипаттамаларының бірі болып табылады. Адамзат өркениетінің дамуы барысында біз қазіргі кезде мәлімет, білім адамдардың жұмыс істейтін барлық аймақтарындағы маңызды рөл атқаратын кезеңге келдік. Осыған орай мәлімет экономикалық дамудың бірден бір көзі ретінде қарастырылады. әл-ауқатын қамтамасыздандыратын негізгі фактор ғана емес, оның тұрақты даму үрдісінің қажетті шарты болып табылатынын түсіну керек. Бұл жағдайда басты назар ақпараттық технологияларға бөлінуі керек, себебі ерекше катализаторлық қасиеттеріне байланысты, олар елдің ақпарат әлемінде ғана емес, басқа да көптеген қажет және маңызды бағыттарында да технологиялық жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Қазіргі ақпараттық ортада мәліметтің өнім, тауар ретінде құны өсуде. Бұл ақпараттық қажеттіліктің артуы мен ақпараттық қызметтер саласының дамуы салдарларынан туындап тұр. Оған мысал ретінде ұлттық байлықты құруда ақпараттық бөлімнің үлесінің артуын атап айтуға болады. негізінде ақпараттың жоғарғы дәрежелі мәні бар экономикалық ресурсқа ауысуы, ол экономикалық өсімге, еңбек өнімділігінің көптеген есе артуына, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешуге, жаңа түрдегі экономикалық қатынастардың құрылуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ақпараттандыру нарықтық инфрақұрылымда қарыштап дамуда: тауарларды, құнды қағаздарды, валютаны сату-сатып алу барысындағы делдалдық қызметтерді көрсету, сондай-ақ жарнамалық-өкілдік, аудиторлық қызметтер көрсетуші мекемелер негізінен жаңа қазіргі заманауи ақпараттық технологиялармен жабдықталған.

Қоғамның ақпараттануындағы кезекті революциялық кезең глобальді компьютерлік желілердің ерекше қарқынмен дамуына байланысты болып отыр.

бүкіләлемдік Интернет компьютерлік желісі өте тез қарқынмен өсіп келеді, әр жыл сайын оны пайдаланушылардың саны мен ақпараттық ресурстар көлемі еселеп өсуде. Интернеттің қазіргі заманға тигізетін ықпалын тарихи түрде сипаттау мүмкін емес. Телеграф, радио мен компьютерлердің ойлап табылуы осы құрылғылардың бәрін ақпаратты гипермедиялық жүйеге біріктірді. Бұл жүйенің басқа қызметі адамдардың бір-бірімен араласу ортасы, бүкіләлемдік мәлімет таратушы және бизнесті уақыттық немесе кеңістіктік шектеулерсіз жүргізуге мүмкіндік беретін құрал болып табылады. Соның ішінде “ізеуші сайты” да тыс қала алмады. Бұл салада, басқа салаларға қарағанда, табыс түсіру үшін Интернеттің мүмкіншіліктері кеңінен қолданылады. Қазіргі кезде Интернетті пайдаланатын адамдар саны да арту үстінде.

Біздің республикамыздың геополитикалық орналасуы қазіргі кезде Қазақстанда “қашықтықтан білім беру” сайтын дамыту үшін Интернет желісін қолдану мәселесі өте өзекті болып тұр. Қазіргі ақпараттық ортада мәліметтің өнім, тауар ретінде құны өсуде. Бұл ақпараттық қажеттіліктің артуы мен ақпараттық қызметтер саласының дамуы салдарларынан туындап тұр. Оған мысал ретінде ұлттық байлықты құруда ақпараттық бөлімнің үлесінің артуын атап айтуға болады.

Интернет жүйелерді PHP-де құруға кететін уақыт және қаржы көлемі C#-та жазылған жүйедегі шығыннан бірнеше есе артық. Жүйені қолдау мен масштабтау бағасы да қымбатқа шағады.

Одан басқа альтернативті технолгия ретінде JAVA технологиясын алуға болады. Бірақ JAVA технологиясының басты кемшілігі - JAVA тілін әлемдегі программалаушылардың 10% ғана қолданады.

1 MS VS . NET ТЕХНОЛОГИЯСЫ

1. 1 MS VS . NET архитектурасы

Web қолданба ерекше типтегі "клиент-сервер" архитектурасының құрылуын көрсетеді. Оның ерекшелігі Web-қолданбаның серверде өңделіп, сол жерде болатындығында, ал клиент тек қана жауабын көреді. Қолданбаның жұмысы қолданушыдан сұраныс алу және оны өңдеп нәтижесін көрсету. Сұраныс және нәтиженің өңделуі Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Сұраныс нәтижесінің, сонымен қатар мәліметтің клиенттен қабылдануы және серверге сұраныстың жіберілуі, арнайы қолданба арқылы жүзеге асырлады. Ол қолданбаны браузер (Internet Expolrer, Mozilla, Opera ) - деп атаймыз. Браузердің бірден-бір функциясы ол - мәліметті көрсету болып саналады.

Сервер бөлігінде Web - қолданба арнайы программалық қамтамасыздандыру арқылы орындалады. Сервер клиенттен алған сұраныстарды өңдеп, нәтижесін HTML тілінде клиентке жібереді. Microsoft компаниясының сондай Web-серверлерінің біреуі Internet Information Services (IIS) болып саналады. ASP. NET технологиясымен құрылған Web-қолданбаларды орындайтын жалғыз сервер ол осы Web-сервер.

Қолданушы сұранысының жауабының өңделу барысында Web-қолданба сервер бөлігіндегі программалық код арқылы өңдейді. Оның ішіне Web-формалар, HTML бетттер, графикалық файлдар да кіреді. Демек, Web - қолданба орындалатын код арқылы нәтижені динамикалық түрде көрсетеді. Web-қолданбалармен орындалатын ең негізгі операциялар:

  • Қолданушыдан мәліметтерді қабылдап және оны сервер бөлігінде сақтау;
  • Қолданушының сұранысы бойынша әртүрлі әрекеттердің орындалуы. Олар: мәліметтер қорынан мәліметті алу, қосу, өшіру, мәліметтер қорын өзгерту және де күрделі есептеулер.
  • Берілген қолданушыға байланысты жүйенің интерфейсін көрсету.
  • Жүйелік ақпараттың өзгертулерінің көрсетілуі.

1. 2 Framework

Web-қолданбалармен Web-сервистерді жасайтын, IIS басқармасымен жұмыс істейтін платформа ол - ASP. NET. Web-қолданбаларды құратын бүгінгі таңда басқа да технологиялар бар. Солардың ішіне PHP және PERL тілдері кіреді. Ескі және көп қолданылатыны CGI технологиясы. Бірақ, ASP. NET технологиясы басқаларынан Microsoft құралының жоғарғы сатыдағы серверлік өнімділігімен және мәліметке қол жеткізу, қорғаныстың мықтылығымен ерекшеленеді. Сонымен қатар ASP. NET технологиясы Web- және Windows - қолданбаларын қолдануын қамтамасыз етеді. ASP. NET-те Web- қолданбасының құрудың базалық программалау тілі толығымен обьектіге бағыттылған. Соның нәтижесінде қызмет көрсетілуі, модификациялануы және қайта қолданылуы басқа технологияларға қарағанда оңай болып келеді. ASP. NET-те Web- қолданбаны құрудың көптеген артықшылықтары бар.

ASP. NET архитектурасының маңызды түсінігі - . NET Framework инфрақұрылымының бөлігі болып табылады.

. NET Framework архитектурасы. Microsof корпорациясының айтуы бойынша 80%-на дейінгі шығыны жаңа зертеулерге бағытталған . NET платформасына және сонымен байланысты технологияларға жұмсалады. Осындай саясаттың нәтижесінде бүгінгі күніміз таңқаларлықтай көрінеді. . NET платформасы өте үлкен аумақты қамтиды. Ал, платформа негізгі төрт программалық топ өнімдерінен тұрады: Тілдер жинағы, оның ішіне С# және Visual Basic . NET; Visual Studio . NET өңдеу құрал жинағы; Интернетте және Windows - та жұмыс істейтін Web- қолданбаларды құратын үлкен аумақтағы класстар кітапханасы; CLR (Common Language Runtime - ортақ тілдер орындалатын орта) программалық ортада жұмыс істейтін платформада құрылған обьектілер; . NET Enterprise Servers серверлер жинағы олардың бұрынғы аттары SQL Server 2000, Exchange 2000, BizTalk 2000 - деп, аталған. Олардың қызметі: реляционды мәліметтер қорымен, электронды почталармен және т. с. с. жұмыс істеуі.

Microsoft . NET тілдік тәуелсіздікті ғана емес және тілдік интеграциялауды да қолдайды. Бұл дегеніміз өңдеуші класстардан мұрагерлік жасайды. Бір уақытта көптеген тілдермен жұмыс істегенде қателерді және полиморфизмдік артықшылығын өңдей алады.

CTS-та анықталған барлық берілгендер типтерін программалау тілі . NET-те қолдау қажет емес. Спецификация CLS(Common Language Specification - жалпы тілдегі спецификация) барлық тілдердегі заңдарды анықтайтын негізгі ережелерді орнатады. Олар: кілттік сөздер, типтер, әдістердің жүктелуі т. с. с. . NET платформасының тілінде және CLS спецификациясы минималды талапты анықтайды. Бір-бірімен әрекеттесуге қабілетті, осы спецификацияны қанағаттандыратын обьектілерді бере алады. FCL-(Framework Class Library-класс платформалар кітапханасы) CLS талабына сәйкес кез-келген тілде барлық мүмкіндікті қолданады. CLS спецификациясы программалық жабдықтаманы өңдеуші және құрылуға берілгендер типтері және компиляторлар тілдері үшін ережелер жиынтығын шегінен шықпауын қадағалайды. Платформа . NET Framework -ол жүйенің қондырмасы болып келеді, ол платформа ретінде Windows бағдарламаның жобасы болуы мүмкін.

Бүгінгі таңда . NET Framework платформасы өзіне қосады:

  • Төрт нақты тіл: C#, VB. NET, Managed C++ және Jscript. NET;
  • CLR (Common Language Runtime) обьектіге бағытталған орта;
  • Өзара ортақ тіл - FCL(Framework Class Library) арқылы байланысқан класстар кітапханасы.

Программалар орындалатын . NET Framework платформасының ең негізгі кбөлігі CLR (Common Language Runtime - ортақ тілдер орындалатын орта) ортасы болып табылады. Оның ең негізгі қызметі -. NET тиртерін жүктеу. Ол дегеніміз алынған командалар арқылы басқарулар жасайды. CLR-дің құрамында виртуалды машина бар. Жоғарғы деңгейдегі орта обьектілерді тез қызметке асырады және қауіпсіздікті тексереді, обьектілерді жадыға ауыстырады және оны орындайды сонымен қатар қоқыс жинағышты іске қосады.

CLR-дің жоғарғы деңгейінде класстар қоры жиынтығының платформасы орналасқан, ал одан жоғарғы деңгейде XML және берілген класстар қатары орналасқан. Сонымен қатар Web-службаларды, Web және Windows-қолданбаларды (Web Forms және Windows Forms) құру класстар қатары бар. Бұл класстар ортақ FCL-(Framework Class Library) атпен әйгілі. Программалау тарихындағы ең үлкен кітапханалардың бірі. Жүйелік функцияларға қол жеткізе алады, яғни API Windows арқылы қол жеткізе алатынға қазіргі кезде FCL арқылы оңай қол жеткізе аламыз, сонымен қатар, Web - өңдеуші қолданбаны функцияларға (ASP. NET), мәліметтерге қол жеткізу (ADO. NET), қауіпсіздікті қамтамасыздандырады. Оның құрамында төрт мыңнан астам класстары бар. FCL клиент - серверлі және де басқа қолданбаларды тез орындай алады.

Класстар қоры платформасының жиынтығы - FCL-дің төмеңгі деңгейі. Ол деңгейде төмен деңгейлі операциялар олар, яғни файлдың енгізу/шығару құрылғысы, графикті өңдеу құрылғысы ғана емес, сонымен қатар қазіргі кезде қлданылатын үлкен көлемдегі службаларды қолдайды.

Осы деңгейдің жоңарғы деңгейінде класстар деңгейі орналасқан олар, берілгендерді басқару және XML-ді қамтамасыз ету мақсатымен класстар қорын кеңейтеді. Серверлік деректер қорында сақталған ақпаратты басқаруын класстар қоры іске асырады. Осы класстардың қатарына SQL(Structured Qery Language-структуралық сұраныс тілі), кіреді. Бұл SQL класстары программистке SQL интерфейсі арқылы ұзақ уақыттық мәліметтер қорымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар класстар жиыны, ADO. NET мәліметтер қорымен байланысты қамтамасыз етеді.

Класстар қоры, берілгендер класы және XML-класстары арқылы кеңйтіледі, яғни үш әртүрлі технологиялар негізінде құрылған қолданбалар олар: Web Services (Web-службалар), Web Forms (Web-формалар) және Windows Forms (Windows-формалары) .

Web службалар өзіне класстар қатарын қосады. Web службаларды протоколдар қоры ретінде қолданады. Олардың ішінде HTTP және SOAP протоколы киберкеңістікте “Plug & Play” әдісін қолдайды. Web Forms және Windows Forms құрылыс-сайманы RAD(Rapid Application Development - тез қолданба құру) техникасын қодануға мүмкіндік береді, яғни Web және Windows - қолданбаларын құру кезінде. Бұл техника басқару элементтерін құрал-саймандар көмегімен формаға сүйреп апаруға болады. Екі рет элементке басу арқылы кодты жазу бетіне өтуге болады.

1. 3 ASP. NET архитектурасы

Әрбір ASP. NET негізінде жасалған Web-қосымша кодтан және құрамы туралы мәліметтерден тұрады.

Ақпараттық бөлік беттің статикалық және динамикалық элементінен тұрады сонымен қатар Web-форма түрінде бейнеленеді. Статикалық элементтер кәдімгі HTML элементтері сияқты, динамикалық элементтер қосымшаның орындалу кезінде программалық кодпен бейнеленеді.

Программалық код қолданушының сұранысына қосымшаның әсерін анықтайтын логиканы білдіреді. Программалық код сервермен орындалады және ақпараттық бөліктің динамикалық элементтерімен әсерлеседі.

Құрамы туралы мәліметтер - сервердегі қосымшаның орындалуын қамтамасыз ететін параметрлер, қауіпсіздік параметрінен тұратын файлдар болып табылады.

Web-қосымшаның негізгі элементі Web-форма, ал бір жағынан Windows-формаға ұқсайды, өйткені қолданушының іс-әрекетіне қабілетін және мәліметтерді көрсететін өзінің ішінде элементтері бар болуы мүмкін. Екінші жағынан - HTML-бетті білдіреді, өйткені оның барлық атрибуттарына ие. Осы басқару элементтері HTML-бетінде тэг ретінде көрсетілген. Қосымшаны іске қосқан кезде берілген бет браузер терезесінде көрсетіледі. Өз кезегінде программалық код батырмамен байланысты, ол батырманы асқан кезде іске қосылады. Бұл код бөлек файлда орналасады.

Шын мәнінде, ASP. NET негізінде құрылған Web-қолданбаның Web-форманы құрудың екі нұсқасы бар.

Бірінші жағдайда, ақпарттық бөліктің барлық коды және программалық бөлік бір кеңейтілумен . aspx файлында сақталады.

Программалық код сценарий блогында орналасады. Осыдан қазіргі заманғы программалаудың барлық мәселелерін қолдануға болады. Мысалға, басқару элементтеріндегі жағдайларға әсері, программа асты және т. с. с. Бұл модельді жәй Web-қосымшаларды құрған кезде қолданған дұрыс, өйткені осы жағдайдың барлығын бір бумада сақтаймыз.

Екінші жағдайда әрбір Web-бет екі бөліктен тұрады: программалық коды бар Web-форма және файл. Сөйтіп, бірінші жағдайдағы сияқты, форма кеңейтілген . aspx файлында сақталынады, ал программалық код . cs кеңейтілген файлында сақталынады. Осындай модель программалық логикадан алынған қолданушы интерфейсінің арқасында Web-қосымша элементтерінің жақсы бөлімдерін қамтамасыз етеді.

ASP. NET- те басқарудың дұрыстығын тексеріп отыратын бірнеше элемент бар. Олар автоматты түрде клиентті және серверлік дұрыстықты тексеріп отырады. Егер енгізілген мәліметтерден қате тапса, ASP. NET ол туралы хабарлап, қатені жойғанша жұмысқа кіріспейді.

2 MS SQL SERVER 2005. РЕЛЯЦИОНДЫҚ ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

2. 1 Реляциялық мәліметтер қорын құру

SQL тілі реляциялық мәліметтер қорында мәліметтермен қүрделі әрекеттер орындауға, мәліметтер қорының құрылымын анықтауға және көпшілік қолданатын ортадағы мәліметтерге кіру құқығымен басқаруға арналған.

Сондықтан, SQL тіліне құрамдық бөлімі ретінде: мәліметтермен күрделі әрекеттер тілі (Data Manipulation Language, DML) ; мәліметтерді анықтау тілі (Data Definition Language, DDL) ; мәліметтерді басқару тілі (Data Control Language, DCL) қарастырылған. Бұл жеке тілдер емес, бір тілдің әртүрлі бұйрықтары. Осындай бөлу осы бұйрықтардың әртүрлі қызметтік тағайындалуы үшін жасалынған. Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілі DML мәліметтер қорында мәліметтермен қүрделі әрекеттер орындауға қолданылады. Ол төрт негізгі бұйрықтардан тұрады:

SELECT (таңдау)

INSERT (енгізу)

UPDATE (жанарту)

DELETE (жою) .

Мәліметтерді анықтау тілі DDL мәліметтер қорының құрылымы мен оның құрылымдық бөлімдерін - кестелер, индекстерін, триггерлерді және сақталынатын процедураларды құру және өзгерту үшін қолданылады.

Мәліметтерді басқару тілі DCL көпқолданушы ортадағы мәліметтерге кіру құқығымен басқаруға қолданылады. Ол 2 негізгі бұйрықтардан тұрады:

GRANT (құқық беру)

REVOKE (құқықты қайтарып алу)

Қолданушы интерфейстің көрінісінен SQL бұйрықтарының екі түрі бар: интерактивті SQL, кіріктірілген SQL. Интерактивті SQL арнайы утилиттерде қолданылады, олар арқылы интерактивті режимінде SQL бұйырықтарын қолданып сұранымдар енгізіледі, орындалу үшін олар серверге жіберіледі және нәтижесі қажетті терезеде алынады. Кіріктірілген SQL қолданбалы пакеттерде қолданылады, олар арқылы серверге сұранымдар жіберіледі және алынған ңәтижелер өнделінеді. Реляциялық операциялар - мәліметтермен күрделі әрекеттер тілінің бұйрықтары. Мәліметтермен күрделі әрекеттер тілінің ең маңызды бұйрығы ол SELECT бұйрығы.

Реляциялық мәліметтер қорының негізгі операцияларынан бастайық. Олар:

таңдау (Restriction)

проекция (Projection)

жалғау (Join)

біріктіру(Union) .

Таңдау операциясы арқылы бір кестенің барлық жазбаларды немесе жазбалардың бөлігін алуға мүмкіндік береді . Тәжірибеде көбінесе кестенің жолдар мен бағандар ішкі жиындарын алу керек болады, яғни Restriction және Projection қиыстыруын орындау керек болады. Ол үшін кестенің бағандарының тізімін беру керек және жолдарына шартттар қою керек.

Біріктіру операция бір нәтижелік кестеге бірнеше кестеден жеке сұранымдардың нәтижесін біріктіруіне мүмкіндік береді. Сонымен, UNION сөйлемі жолдар мен бағандардың бір жиынына екі немесе оданда көп SQL -сұранымдардың шығуын біріктіреді.

Мәлеметтер қорын жобалау. Мәліметтер қорын кұру үшін, алдымен оның жобасын ойластырған жөн. Жобасыз құрылған мәліметтер қорында жиі қателіктер туып, оларды қалпына келтіру үшін қор обьектілеріне үнемі өзгерістер енгізіп отыруға тура келеді.

Жобалаудың жеті кезеңі. Мәліметтер қорындағы кесте немесе қорытынды есеп сияқты объектілерді кұрмай тұрып, оларды алдын-ала ойластыру керек. Жобаның сапасы неғұрлым жоғары болса, оның орындалуы жеңілдене түседі. Жобаны тереңірек ойластырған сайын, кәделік жүйені оңай жүзеге асыруға болады. Жобалау - үлкен көлемді құжаттар кұру емес, оның негізгі мақсаты- қажетті қосымшаны іске асырудың айқын жолын анықтау.

1-кезең: Концепциядан бастап іске асуға дейінгі жалпы жобалау.

Программалаушылар мен қолданушылар арасында ұқсас мәселелер кездесуі мүмкін. Мәселелердің алғашқы тобы соңғы қолданушының талаптарына қатысты. Құру әрекеттерін бастамай тұрып, жүйеге қойылған жалпы талаптарын айқын анықтап алу керек.

Жобалау әрекеттері итеративтік процесс: әр кезең біткеннен соң, анықталған жобадан ауытқып кетпеу үшін алдыңғы қадамдарды мұқият тексеріп, қарап шығу қажет.

Қосымшаның барлық іске асырылатын компоненттерін анықтағаннан кейін, қорытынды есепті жобалау кезеңіне өтуге болады.

2-кезең. Қорытынды есепті жобалау: өрістерді орналастыру

Қосымшаның жобасы әбден тәптіштеліп талданылуы қажет. Әр кезеңі жалпы жобалау мақсаттары көзқарасынан басталу керек.

Қорытынды есептің кұрылымын әлде қорытынды есепке кіретін деректердің элементтері мен мәтіндерінің қайсысын алдымен анықтаған жөн деген сұрақ туады. Шындығында, екеуі де бірге кұрылады. Көрсетілген жобалау концепциясында, өрістердің орналастырылуы қорытынды есепке айтарлықтай әсер етпейді. Кейде болашақ қорытынды есептің бетіне тор салып, әр өрістің орнын дәлме-дәл анықтап шығуға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пайдаланушылардың басқаруы және пайдаланушылар тобы
Құрылғы пішін факторлары
Бағдарламау бағыттарын топтастыру және олардың ерекшеліктері
Қолданушылар компьютерлері арасындағы ақпаратты алмасуды автоматизациялау
Граф тиімділік есептерін шешу әдістерінің алгоритмдері мен программалары
Java туралы жалпы түсiнiк
Интранет-портал
Қызметкерді жұмыстан шығару
Деректер базасын құру
Астана және Щучинск аумақтарына, компьютерлік желінің құрылу принципі мен эволюциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz