Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты 8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі 8
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау 10
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру 27
2.1 «Дарын» жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын талдау және шешім қабылдау 38
3 Ұзақ мерзімді активтердің есебінің аудиті 44
3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті 44
3.2 Материалдық емес активтер есебінің аудиті 56
3.3 Аудиторлық қорытынды 60
Қорытынды 67
Қолданылған әдебиеттер тізімі 69

1 Ұзақ мерзімді активтер жөніндегі ұйым және бұлардың экономикалық мақсаты
8
1.1 Ұзақ мерзімді активтердің экономикалық мақсаты және атқаратын рөлі

2.1 Дарын жауапкершілігі шектелген серіктестіктің экономикалық
сипаттамасы 27
2.2 Ұзақ мерзімді активтердің қалыптасуы жөніндегі көрсеткіштерді
талдау 31
2.3 Ұзақ мерзімді активтердең жұмсалуы жөніндегі көрсеткіштерді
талдау 36
2.4 Ұзақ мерзімді активтер көрсеткіштерінің өзара байланыстылығын
талдау және шешім қабылдау 38

3.1 Негізгі құралдардың жіктелінуі мен бағалануының есебінің аудиті
44

Кіріспе
Экономикалық жүйені тиімді басқару мен шешім қабылдау процесіне
қажетті ақпараттар қалыптастырушы бухгалтерлік есеп жүйесі болып табылады.
Сапалық нұсқау ережелер және жоғарыдан түскен әдістемелер негізінде,
сондай-ақ, мемлекет тарапынан күштеп бақылау қою мақсатымен қалыптасқан
консервативтік бағыттағы бухгалтерлік есеп бұл күндері қайта құру,
реформалау және халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сай ары қарай
жетілдіру мақсатына түседі.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастар заңдылығының
экономикалық өмірге енуі мен жеке меншікті ұйымдардың көбеюі, бизнес пен
кәсіпкерліктің дамуы, басқару жүйесінің демократиялық жолдарымен реттелуіне
байланысты және бұған қосымша батыс идеологиясы мен ұсыныстары бухгалтерлік
есеп бағыттындағы консервативтік ескі жүйені жойды. Бухгалтерлік есеп,
бұдан туындайтын қаржылық қорытынды есеп нарықтық қатынастардың негізін
қалайтындығына кәсіпкер, бизнесмендер мен меншік иелерінің және ұйымдарды
басқарушылардың көзі жетті. Сонымен қатар, бухгалтерлік есеп пен аудит,
қаржы мен банк істері өрісінде іске асырылатын шаралар жиі-жиі өзгеріске
түсетін болды. Мұның барлығы да нарықтық қатынастарды ары қарай жетілдіруге
бағытталған заңдылық.
Экономикалық қатынастарының мәнімен маңызы түсіну, бизнесті жүргізу
мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға тиімді шешімдер қабылдау үлкен
мәселеге арналды. Еліміздегі бизнесті дамыту, қаржылық қатынастардың
теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды
білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді
және оңтайлы шешім қабылдау қызметіне бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі
өте зор.
Шаруашылық ұйымдардағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін,
жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың
талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген
сұраныс күннен-күнге артып келеді.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңіндегі бухгалтерлік
есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі, ауқымды болып
отыр, өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңіндегі өндіріс құрал-
жабдықтарының мемлекеттік меншіктік ұжымдық және жеке меншіктерге ауысуы
кең етек алуда. Осыған орай қазіргі кезде мемлекет, субъекті және жеке
тұлғалар арасындағы экономикалық және қоғамдық қарым-қатынастар саясаты
жаңа сипат алып отыр. Бұл бойынша еліміздің халық шаруашылығының қай
субъектілер болмасын олардың өндірістік және қаржылық іс-әрекеті өз
шығындарын өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру принциптеріне негізделуі тиіс.
Бүгінгі таңда жүзеге асырылып жатқан формалармен істеліп жатқан
жұмыстардың, кәсіпкерлік қызметінің мемлекет тарапында және экономика
өмірінде атқарылатын рөлінің ұшан-теңіз екендігі дәләлдеуге қажет етпейді.
Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы
болмасын кезінде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта отырып, айтарлықтай
экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға мәлім.
Шағын және орташа кәсіпкерлікті дамытуға мемлекеттік тұрғыдан көп
көңіл бөлінуіне байланысты, еліміздің күннен-күнге бухгалтер мен аудитор
мамандарына деген сұраныс артуда. Әрине, олардың кәсіпкерлік шаруашылығын
дамытуға қосатын үлесі мен жасайтын қызметі елеулі де әрі тиімді. Сонымен
қатар қазіргі кезде халықаралық стандартқа көшу барысында бухгалтерлік есеп
және аудит жұмысына қойылатын талап өте күрделі. Ол шетел тәжірибесін
тиімді қолдану, бухгалтерлік есепті жаңа талаптарға сай жеделдетіп бір
жүйеге келтіру болып табылады.
Нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде
бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық субъектілерінде
бухгалтерлік есеп жұмысы Бухгалтерлік есеп туралы, Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы Қазақстан Республикасының
заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандартымен қаржы шаруашылық
қызметі есебінің бас шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ принциптер мен
ережелері және Қазақстан Республикасы Қаржы және Кіріс министрліктерінің
бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулар мен ережелері, сондай-ақ
ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Қазіргі кезде еліміздің қолданып
жүрген бухгалтерлік есеп стандартына барынша жақындатылған.
Бухгалтерлік есеп және есеп беру мәліметтері шаруашылық жүргізуші
шаруашылық жүргізуші субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелердің
қызметін жедел басқару үшін, экономикалық жоспарлар жасап, оның орындалуын
бақылау үшін қолданылады.
Экономиканың тиімділігінің арттыру мемлекеттің осы заманның
экономикалық стратегияның басты міндеті болып табылады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген ұйымдар қаржы жағдайы,
оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең
қажетті объектілеріне бағыттауды көздейді. Осыдан қолда бар ұзақ мерзімді
активтердің сақталуымен тиімді пайдалануына қатаң есеп пен бақылаудың
объективті қажеттілігі туындайды.
Осы дипломдық жұмыста алға қойған мақсатым:
-ұзақ мерзімді активтердің экономикалық маңызы мен атқаратын рөлін
ашып көрсету;
- ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін және аудиті дұрыс
ұйымдастыру және олардың қалыптасуымен жұмсалуын талдау.
Кез-келген ұйымдар тиімді жұмыс жасау үшін, міндетті түрде ұзақ
мерзімді активтерді пайдаланады. Бұл тақырыптың бүгінгі күннің өзекті
мәселесін қарастыратыны сөзсіз, сондықтан бұл дипломдық жұмыстың
актуалдылығын осы мәселерге байланысты болса керек.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі ЖШС Дарын, бұл ұйымның негізгі
қызметі ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау және сату. Бұларға
қосымша, басқада сыртқы экономикалық қызметтермен айналысады.

Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде бухгалтерлік
есепке жүктелетін міндеттер қай кездегіден болмасын күрделі болып отыр.
Оның ішінде ұзақ мерзімді активтердің алатын орны үлкен.
Кәсіпорындардың экономикалық және қаржылық тұрақтылығын және әрі қарай
өсуін анықтайтын шешуші факторлардың бірі - бұл оның инвестициялық
белсенділігі. Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарға көшкелі бері
жүргізілген экономикалық бетбұрыстар халық шаруашылығының негізгі буыны
болып саналатын, кәсіпорындардың құқықтың, қаржылық-экономикалық және
әлеуметтік жағдайын, олардың шаруашылық және азаматтық жүйелердегі
дәрежесін айтарлықтай өзгерістерге ұшыратты. Жеке меншікте, аралас,
акционерлік меншікте құрылған миллиондаған кәсіпорындар пайда болды және
қазіргі таңда қызмет етуде, көбею үстінде, даму барысында. Осылардың
барлығы кәсіпорындардың инвестициялық қызметін ұйымдастыру және басқару
механизмінің өзгеруіне себеп болды. Кәсіпорындардың инвестициялық қызметі
олардың экономикалық өсуінің, ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестікке
қабілетті болуының алғы шарттарының бірі болып табылатындығы сөзсіз.
Нарықтық қатынастардың дамуымен қатар барлық ұйымдық-құқықтық
кәсіпорындардың қаржылық шаруашылық тәжірибесінде қаржылық инвестициялар да
кеңінен етек жайып келеді. Акционерлік қоғамдар жыл өткен сайын көптеп
ашылу үстінде, банктер, сақтандыру компаниялары, зейнат ақы қорлары,
кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ мемлекетте уақытша бос ақша
қаражаттарын тарту үшін қарыздық құнды қағаздарды кеңінен пайдаланатын
болды. Туынды құнды қағаздар (фьючерстер, опциондар және т.б.) нарығы да
дамып келе жатыр.
Осы айтылғандар ұйымдар тарапынан қазіргі заман талаптарына, нарықтық
экономика талаптарына сай инвестициялық саясат жүргізуді қажет етеді.
Кәсіпорындардың инвестициялық саясаты мүмкін болған инвестициялық
жобалалардың ішінен өзінің стратегиялық мақсаттарына сай нұсқаларын таңдап
ала білумен сипатталады. Сонымен қатар, инвестициялық саясат жобаларды
қаржыландырудың оңтайлы көздерін тартуды, оларды тиімді орналастырудың,
нәтижесінде инвестициялық табыс табуды немесе капитал өсімін қамтамасыз
етуі керек. Сондықтан да инвестицияларды дұрыс басқару қазіргі таңдағы
көкейтесті мәселелердің бірі болып отыр.
Материалдық емес активтер - бұл өндірісте ұзақ мерзім бойынша
пайдалану үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға,
әкімшілік мақсатқа және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи
нысаны (мәні) жоқ ақшалай емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады,
олар субъектінің күшімен бақыланады және оларды пайдаланудан субъект
болашақта экономикалық олжа табады деп күтіледі.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға
берсе, сатса, айырбастаса, болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың
тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын
болса, онда оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей
байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса, болашақ экономикалық олжаны
өсіруде материалдық емес активтердің рөлі анықталса, субъектінің осы
активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса, бүгінгі күнге пара-пар
қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге
болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер – нақты табиғи
нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің
де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны
компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ету керек, өйткені онсыз құрал-
жабдықтар қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың
бөлінбейтін бөлігі болып саналады. Осылай; компьютерлік бағдарламамен
қамтамасыз етуді ненің құрамында екенін пайымдап ақыл парасатпен анықтау
керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де
құрамында есептелуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің)
құрамында болады, атап айтсақ, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін
дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) – қағазда
болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер
болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Бұған, қарамастан, материалдық та, материалдық емес активтердіңде
есебінде көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе
ұқсастыру, өлшеу, пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты
аспектілері өте күрделі болып саналады.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке
тенестірілуі мүмкін, мысалға; патент, сауда маркісі сияқтылары, ал
басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық
емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланысты
шығарылуы мүмкін: мұндай материалдық емес активтердің қатарына гудвилл
жатады, ол клиенттердің сенім деңгейіне негізделеді
Қоғамдық өндірістің тиімділігін негізгі өндірістік қорларды жақсы
пайдалану арқылы арттыру - бүгінгі таңдағы өткір мәселелердің бірі болып
табылады. Бұл мәселелерді тек өнеркәсіптік өндіріс шеңберінде ғана емес
бүкіл халық шаруашылығы деңгейінде шешу, халықтың тұрмыс жағдайын арттыру
үшін материалдық игіліктердің ұлғаймалы ұдайы өндірісті тез қарқынымен
өткізуге мүмкіндік береді.
Жекелеген кәсіпорын немесе бірлестік жағдайында негізгі қорларды
пайдаланудың жақсаруы еңбек өнімділігінің артуын, өнім шығару қарқынын
өсіруге, олардың өзіндік құнын азайтуға, табыс көлемінің және өндірістік
рентабелінің артуын қамтамасыз етеді.
Ұйымдардағы ұзақ мерзімді активтердің есебін ұйымдастырудың жағдайын
қарастырғанда бұл есеп ұйымдарды басқару құралдарының ең маңыздыларының
бірі екенін көрсетеді. Сонымен қатар ол талдау жұмыстары үшін негізгі
ақпараттар көзі болып табылады және оның бағыттарын анықтайды.
Негізгі құралдардың есебі - ақпараттардың тұрақтылығының жоғары
деңгейімен сипатталады, ол тұрақты ақпараттар тасушыларды тиімді
пайдалануға мүмкіндік береді. Сондықтан жұмыстың бұл бөлігін автоматтандыру
қажет. Негізгі құралдар есебін ЭЕМ автоматтандыру олардың оперативті-
техникалық және бухгалтерлік есебінің ақпараттар базасын тездетуге, есеп
беру жүйесін жеңілдетуге, тозу құнын есептеудің тәсілдерін автоматты түрде
таңдауға жол береді. Бұл мұндай есептің нәтижелерінің тұтыну құндылығын
арттырудың кейбір бағыттарын болжауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар негізгі құралдардың қолда барының талдамалық есебінің
деңгейін арттыру оларды басқаруды мұнан басқа жалпы объектінің ғана емес
оның құрамды бөліктерінің сақтығына, техникалық және пайдалану жағдайына
бақылауды күшейтеді.
Активтер үш сатыдан: анықтау , тану және бағалаудан тұрады. Анықтау
сатысында шаруашылық фактілерінің негізіне қарай алынған және есеп
бақылауына түскен ұйымдар қызметінің қалыпты жағдайында қызмет атқаруына
және алдағы кезеңде экономикалық табыс келтіретін активтер жатады.
Активтерді тану деп активтерді бірегейлік өлшемге келтіріп, қаржылық
қорытынды есеп мәліметтерін пайдаланушыларды талабына қарай
қанағаттандыруды айтады.
Активтер дәстүрлі әдістермен, бастапқы құнымен бағаланады.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде активтер төрт түрлі құнымен яғни:
- бастапқы өзіндік құнымен;
- қалпына келтіру құнымен;
- жоюдағы құнымен;
- ағымдағы құнымен (немесе базарлы құнға келтіру әдістерімен) бағаланады.
1.2 Ұзақ мерзімді активтерді классификациялық топтау
Инвестициялар ұғымы және олардың жіктелуі. Кез-келген кәсіпорынның
қаржыны басқару жүйесіндегі маңызды салалардың бірі инвестициялық қызмет
болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық ресурстары ағымды шығындарды
қаржыландыруға және инвестицияларға жұмсалады. Инвестициялық қызметтің
негізгі мақсаты, түптеп келгенде, кәсіпкерлік табысқа немесе капитал
өсіміне қол жеткізу болып табылады. Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес инвестиция дегеніміз-бұл табыс табу мақсатында кәсіпкерлік қызмет
объектілеріне салынатын ақша қаражаттары, құнды қағаздар, мүліктер,
мүліктік құқықтар, басқа да құқықтар болып табылады.
Инвестициялар кәсіпорындардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді және
келесідей мәселелерді шешуге мүмкіндік береді:
- қаржылық және материалдық ресурстарды жинақтау арқылы өздерінің
кәсіпкерлік қызметін кеңейту;
- жаңа кәсіпорындарды сатып алу;
- бизнестің жаңа түрлерін меңгеру нәтижесінде өз қызметін
әртараптандыру.
Кәсіпорындар инвестициялар салымдарды әр түрлі нысандарды жүзеге асыра
алады, өйткені инвестициялау объектілері де алуан түрлі болып келеді.
Инвестициялау объектілері 1-сызбада көрсетілген.
Интеллектуалдық (ғылыми) меншік құқықтары
Жаңадан
жасалатын негізгі құралдар
Мақсатты ақша салымдары
Инвестициялық қызметінің объектілері
Ғылыми-техникалық өнімдер
Құнды қағаздар
Мүліктік құқықтар
Басқада да
меншік объектілері
1 сызба - Инвестициялық қызметтің объектілері
Инвестицияларды әр түрлі белгілері бойынша жіктеуге болады.
Инвестицияларды жіктелу белгілері 2-сызбада берілген.
Негізгі жіктеу белгісі ретінде инвестициялау объектілері
қарастырылады. Бұл белгісі бойынша инвестициялар нақты (тікелей) және
қаржылық (қоржындық) болып бөлінеді.
Нақты (тікелей) инвестициялар дегеніміз –бұл табыс алу мақсатында
тауарлар өндірумен және қызметтер көрсетумен тікелей байланысты нақты
активтерге салынған ақша қаражаттары. Бұл кәсіпорындардың негізгі қорларын
ұлғайтуға бағытталған капитал салымдары болып табылады. Нақты инвестициялар
негізгі құралдарды қайта құру, кәсіпорындағы өндірісті кеңейту, техникалық
қайта жарақтандыру немесе жаңаландыру арқылы жүзеге асады.
Инвестиция түрлері
Инвестициялау объектілері бойынша
Нақты (тікелей)
Қаржылық (қоржындық)
Инвестициялау мерзіміне қарай
Қысқа мерзімді
Ұзақ мерзімді
Кәсіпорынның инвестиция барысында қатысу сипатына қарай
Тікелей
Тікелей емес (жанама)
Инвестицияланатын капиталдың меншік нысанына қарай
Жеке
Мемлекеттік
Аралас
2 сызба -Инвестициялардың негізгі белгілері бойынша жіктелуі
Қаржылық (қоржындық) инвестициялар – бұл табыс алу мақсатында құнды
қағаздар нысанындағы қаржылық активтерді сатып алу. Бұл құнды қағаздар
қоржынын қалыптастыруға бағытталған ақша салымдары болып табылады.
Инвестицияларды жіктеудің келесі белгісі – инвестициялау мерзімі.
Аталған белгі бойынша инвестициялар қысқы мерзімді және ұзақ мерзімді болып
жіктеледі.
Қысқа мерзімді инвестициялар - бұл бір жылға дейінгі мерзімге салынған
ақша салымдары. Әдетте қаржылық инвестициялар қысқа мерзімді болып келеді.
Ұзақ мерзімді инвестициялар деп - кәсіпорынға бір жылдан артық
мерзімдер ішінде қалыпты табыс көзін қамтамасыз ететін жобаларды жүзеге
асыруға салынған ақша қаражаттарын айтады. Ұзақ мерзімді инвестициялардың
негізгі түріне кәсіпорынның негізгі құралдарын, өндіріс барысын кеңейтуге
жұмсалған капитал салымдарын жатқызуға болады.
Кәсіпорынның инвестиция барысында қатысу сипатына қарай тікелей және
тікелей емес инвестициялар болады. Тікелей инвестициялар жағдайында
инвестор-кәсіпорынның капитал салу объектілерін таңдауда тікелей қатысуын
түсінуге болады (өзге кәсіпорындардың жарғылық қорына, құнды қағаздардың
кейбір түрлеріне капитал салу). Тікелей емес инвестициялар барысында
инвестициялау объектілерін таңдау кезінде қаржылық дәнекершілер (брокерлік-
диллерлік компаниялар) немесе инвестициялар қорлар қатыса алады.
Инвестицияланатын қаражаттардың меншік белгісіне қарай жеке және
мемлекеттік инвестицияларды бөліп көрсетуге болады. Жеке инвестициялар жеке
тұлғалар мен мемлекеттік меншік нысандағы емес кәсіпорындардың капитал
салымдарын сипаттайды. Мемлекеттік инвестициялар – бұл мемлекеттік
кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттің және мемлекеттік бюджеттен
тыс қорлардың капитал салымдары болып табылады.
Инвестицияларды дұрыс басқара білу кәсіпорынның экономикалық
тиімділігіне, қаржылық тұрақтылығына, оның өз бизнес саласындағы
өміршендігіне айтарлықтай әсер ететіні сөзсіз. Сондықтан да, инвестициялық
қызметті басқару кәсіпорындағы қаржы менеджментінің маңызды да жауапты
міндеттерінің бірі болып табылады.
Инвестицияларды басқарудың құрамына келесілер кіреді:
а) инвестицияларды мемлекеттік деңгейде басқару- бұл инвестициялық
қызметті заңды түрде реттеуде, бақылауды және ынталандыруды қажет етеді;
ә) жеке инвестициялық жобаларды басқару – бұл қазіргі заман
талаптарына сай әдістер мен басқару техникасын қолдану арқылы инвестициялық
жобаны жүзеге асыру барысын жоспарлауды, ұйымдастыруды және бақылауды
қамтиды;
б) жеке кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару – бұл кәсіпорын
тарапынан инвестициялау объектілерін таңдаумен және инвестиция барысын
бақылаумен сипатталады.
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқару капитал салымдарының ең
тиімді нұсқаларын жүзеге асыруға бағытталады. Осы орайда кәсіпорындардың
инвестицияларды басқару барысында толығырақ тоқтала кетелік 3-сызбада.
Инвестицияларды басқару кезеңдері
Елдегі инвестициялық жағдайды талдау
Инвестициялық қызметтің нақты бағыттарын таңдау
Инвестициялаудың нақты объектілерін таңдау
Инвестициялардың өтімділігін бағалау
Инвестициялық ресурстардың қажетті көлемін
анықтау
Инвестициялық тәуекелдерді басқару
3 сызба - Инвестицияларды басқару барысы
Кәсіпорын деңгейінде инвестицияларды басқарудың бірінші кезеңі - бұл
елдегі инвестициялық жағдайды (климатты) талдау. Ол келесідей
көрсеткіштерді ескереді:
- жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ), ұлттық табыстың және өнеркәсіптік
тауарлардың өндіріс көлемінің динамикасы;
- ұлттық табысты бөлудің динамикасы;
- мемлекеттік инвестициялық қызметті заңды түрде реттеуі, бақылауы
және ынталандыруы;
- инвестициялық нарықтардың, бірінші кезекте несие нарығы мен құнды
қағаздар нарығының даму деңгейі.
Келесі кезең кәсіпорынның экономикалық даму стратегиясын ескере
отырып, оның инвестициялық қызметінің нақты бағыттарын анықтау. Бұл кезеңде
кәсіпорын инвестициялық қызметінің салалық бағытын, сонымен қатар өз
қызметінің жекелеген кезеңдеріндегі инвестициялаудың негізгі нысандарын
анықтайды. Бұл үшін экономиканың жекелеген салаларының инвестициялық
тартымдылығы, яғни олардың конъюнктурасы, осы салалардың өнімдеріне деген
сұраныстың динамикасы мен болашағы зерттеледі.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компъютерлік
бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар
белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық
жұмыстар және тағы басқалары. Материалдық емес активтер (МЕА) шартты түрде
4- топқа бөлінеді.
Өндіріспен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа ноухау,
ЭЕМ мен мәліметтер базасын бағдарламалық жабдықтау, интегралды
микросхемалар технологиясы, ұйымдастыру шығындары, белгілі бір формуланы
пайдалану технологиясы немесе өнімнің сыртқы бейнесі, өнеркәсіктік
үлгілері, сервитуттары және тағы басқалары жатады. Ноухау - құжаттама
өндірістік озық тәжірибесін құжатталған түрінде көрсетілген нысан және т.б.
түрінде керінетін техникалық білімдерін айқындау үшін халықаралық
қатынастарды қолданылатын термин.
Кең мағынасына ноу-хау техникалық құжаттама түрінде рәсімделген,
бірақ патентелмеген, белгілі бір өндірістің түрін ұйымдастыруға қажетті
өндірістік тәжірибесінің техникалық, коммерциялық және басқа да қыр-
сырларын көрсететін білім жиынтығы. Лицензиялық келісім-шарттарда,
техникалық ынтымақтастық туралы шарттарда, лизинге, кілті қолма-қол
тапсырылатын құрылыста және т.б. қызмет көрсетудің сан алуан түрлерінде
кеңінен қолданылады. Жаңалықтар патенті, тауар белгілері, авторлық құқықтар
мен патенттік ақпараттар субъектінің меншігі болып табылады. Кәсіпорын ноу-
хаудың құпиясын сақтап, оны пайдаланудан түскен табыстарын бақылай алған
жағдайда ғана материалдық емес активтің анықтамасына жауап бере алады.
Ноу-хау өзінің бағасы мен басты көрсеткіштерімен құнды. Өзінің
табиғаты және төлем нысаны жағынан ол лицензия бағасына ұқсас. Ноу-хау
сатып алушылардан қосымша алынған табыстың есебінен қалыптасады және ол
оның иесіне төленетін сыйақының орнықты тағайындалған сомасы түрінде
көрсетіледі. Субъект белгілі бір ақыға сатып алатын лицензиялар мен
патентерден ноу-хаудың өзгешелігі, ол әдетте, субъектінің жарғылық
капиталына құрылтайшының қосқан материалдық үлесі ретінде салынуы мүмкін.
Ноу-хаудың субъект балансына алынатын құны құрылтайшылар немесе
қатысушылардың келісім-шарттарының көмегімен анықталады.
Өндірістік ақпаратты пайдалану құқықтарын есепке алу. Оған материалдық
емес активтер қатарына белгілі бір уақыт кезеңі ішінде табыс әкелетін,
ақыға сатып алынған өндірістік ақпарат немесе субъектінің өнімін болашақ
кезеңдегі тұтынушылары туралы, шикізатпен, материалдармен және қызметтермен
жабдықтау туралы, бәсекелестері және тағысы тағылар туралы мәліметтер
жатады.
Ұйымдастыру шығындары бірлескен немесе акционерлік кәсіпорындарды құру
кезеңінде пайда болған шығындар ұйымдастыру шығындарына жатқызылады. Бұл
шығындар пайда болған кезеңнен бастап, материалдық емес активтер болып
есептелінеді. Бұған кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңдегі шығындар мен
кәсіпорынның әрбір қатысушының ұйымдастыру шығындары кірмеуге тиіс. Мұндай
шығындарға жаранамаларға кеткен шығын, кезеңшілерге төленген ақы,
кәсіпорынды тіркеу, құжаттарды дайындау, банктерде шоттарды ашу т.б.
шығындары жатады.
ЭЕМ бағдарламасымен жабдықтау – кәсіпорын иенденген, ұзақ уақыт бойы
пайда әкелуге қабілетті бағдарламаларды пайдалануға, қажетті мәліметтерді
талдау және бағдарламалық құжаттар жүйесінің жиынтығы.
Коммерциялық қызметпен байланысты материалдық емес активтер. Бұл топқа
тауар таңбалары, тауарлардың шыққан жері және т.б. жатады.
Тауар таңбалары мен қызмет көрсету таңбалары деп тауарларды тиесілі
таңбалар бойынша айыра алатын белгісін айтады. Кәсіпкерлікті жүзеге асырушы
заңды немесе жеке тұлға атына тіркелсе, тауардың таңбасы құқықтық заңдармен
қорғалады. Тіркелген тауар таңбасының иесі тауар таңбасы қалай пайдаланамын
десе де, толық құқығы бар, басқа тұлғаларға пайдалануға тыйым сала алады.
Тауар таңбасын немесе тауарды рұқсатсыз жасау, қолдану, әкелу, сатуға
ұсыныс жасау, шаруашылық айналымына өзгеріс енгізу тағы басқа осы іспеттес
әрекет жасалса, онда ол тауар иесінің құқықтарына қол сұғу болып
есептелінеді.
Таңбалар сөз түрінде, көркем сурет түрінде, көлемді немесе бәрінің
комбинациясы түрінде болмауы мүмкін, олар кез-келген түсте немесе түстер
үйлесімінде тіркеледі.
Айыру белгісі жоқ, тек бір ғана белгіден тұратын, сондай-ақ
мемлекеттік елтаңба, ту, эмблемалар, мемлекеттердің ресми аттары,
халықаралық және үкіметаралық ұйымдардың эмблемалары, толық немесе
қысқартылған аттары, ресми қабылданған бақылау, кепілдік және сапасын
(пробасын) көрсететін белгілері, мөрлер, марапаттау белгілері және басқада
айырым белгілерінен немесе соларға өте ұқсас, аралас деңгейіндегі
белгілерден тұратын тауар таңбалары рұқсат етілмейді. Тауарды, тұтынушыны
немесе жасаушыны жаңылыстыратын элементтері бар, қоғамдық мүдделлер мен
адамгершілік принциптеріне қайшы келетін тауар таңбалары да тіркелмейді.
Заңды немесе жеке тұлға тіркелген барлық тауарға немесе оның бір
бөлігіне қатысты тауар таңбасын, оның иесінің келісімі бойынша бере алады.
Бұл әрекет лицензиялық келісім бойынша белгіленген тәртіпке сай істелінеді.
Тауардың шыққан жерінің атауы-тауарды таңбалау үшін пайдаланылатын
елдің, елді мекеннің, жердің немесе басқа географиялық объектінің атын қоса
және басқа да ерекшілеліктері арқылы сипатталады.
Тауардың шыққан жерінің атауы географиялық объектінің тарихи атауы
болуы мүмкін. Ол белгіленген тәртіп бойынша тіркеледі. Тауардың шыққан
жерінің атауы паудалану деп оны тауарда, қорабында, жарнамада,
проспектілерде, банктілерде және басқа да тауарда шаруашылық айналымда
енгізуге байланысты басқа да құжаттарды пайдаланғанды санайды.
Тауар таңбасы мен тауардың шыққан жерінің атауы бәсекелестің әрекет
етуші құралы болып табылады. Мысалы, ТМД елдерінде жасалынған өнімдер
арасында шетелдік және ішкі нарықта сатылатын Белорусь (трокторлары),
Зенит (фототауарлары), Новое Заря (парфюмериясы), Лада
(автомобильдері), Рахат (конфеттері), Славо және Чайка (сағаттары)
және т.б. тауарлық белгілермен бұйымдарды шығарушылар өздерінің сенімді де
іскер екендіктерін танытып отыр. Сонымен қатар, шетелге өнім шығарушы
кәсіпорындар тауар таңбаларымен, тауарлардың шығу орындарының атын қорғауды
да, қамқорлыққа алғаны жөн, себебі, мұндай қорғаудың болмауы ұқсас немесе
дәл сондай шетелдік тауар таңбаларын пайдалану, арам пиғылды
бәсекелестіктің де нәтижесі болып табылатын, кездей-соқ қайшылықтарға
ұрындыруы мүмкін. Ал енді географиялық белгілеулерге келсек, олардың
арасының тауарлардың жасанды таңбалары өте жиі кездеседі, өйткені ол
кәсіпорынның танымал болуына септігін тигізеді және ол тауарлардың сату
мүмкіндігін кеңейтеді, сатып алушылардың санын өсіреді.
Сондықтан нарықтық экономика тауар таңбасы кәсіпорынның өте қымбат
тұратын активі болып табылады, себебі, компания оны сата алады немесе
жарғылық капиталға қосқан үлес ретінде пайдалану құқығын береді. Бірақ ол
үшін тауар таңбасын құнын білу керек. Есеп тәжірибесінде кәсіпорынның тауар
таңбасын бағалаудың бірнеше әдісі бар: өзіндік құн, сатып алу құн, нарықтық
құны бойынша бағалау. Алайда, меншікті тауар таңбаларын өзіндік құны арқылы
есепке алған дұрыс болса, сатып алынған тауар таңбасын немесе тауар
таңбасын пайдалану лицензиясын сатып алу құнымен, ал жарғылық капиталға
үлес ретінде салынған тауар таңбасын нарықтық құнымен есепке алған жөн.
Тауар таңбасын нарықтық құнын анықтау үшін арнайы есептеулер жүргізу керек.
Тауарлық таңбалар, қызмет көрсету таңбалары, тауардың шығу орындарының
атауын қорғау және қолданумен байланысты туындаған құқықтық, экономикалық
және ұйымдастыру қарым-қатынастары 1993 жылғы қаңтардың 18-і күні Қазақстан
Республикасы жоғары кеңесі қабылдаған тауарлық таңбалар, қызмет көрсету
таңбалар және тауарлар шығарылған жерлердің атауы туралы Қазақстан
Республикасы заңымен реттеледі. Қолдану (пайдалану) құқықтарымен байланысты
материалдық емес активтер. Бұл топқа жаңалық ашу құқығы, өндірістік
ақпаратты қолдану құқықтары, копирайт (көшіру құқығы), лицензиялар және
басқалар жатады.
Патенттер. Патентоның ұстаушысының патент қамтығын нәрсесін, процессін
немесе қызмет түрін және дәл сондай әрекетті басқа тұлғаның жүзеге асыруына
тиым салынады, бақылайтын, сататын, өндіретін және пайдалантын құқық болып
табылады. Патентің күші оны берген мемлекеттің аумағында ғана жүреді.
Патенттің қызмет мерзімі (15-20) ұлттық заңдармен белгіленеді. Сонымен
қатар, патент деп белгілі кәсіппен, саудамен, тауар мсатып алумен
шұғылданатын тұлғаларға берілген құжат саналады. Патент берілгенде патентік
алым (пошлина) ұсталынады . Патенті алуға көптеген ірі кәсіпорындар мүдделі
болып келеді. Себебі, патент сатып алуғада, патентелінген жаңалықтарды
өндіріске енгізуге де қаржысы болу керек.
Өнеркәсіптік үлгілері:
- өнеркәсіптік үлгілерді пайдалуға айырша құқықтық растайтын патентер
қолданылып жүрген заңдарға сәйкес беріледі.
Өндірістік үлгілері:
- модельдерімен, суреттерімен немесе екеуінің қосындысымен берілуі
мүмкін.
Егер үлгінің қоғамдық белгілері Қазақстан Республикасында немесе
шетелдерде, белгісіз болып келсе, онда ол жаңа өнеркәсіптік үлгі болып
табылада. Егер өнеркәсіптік үлгі өнеркәсіптік әдіспен бұйым ретінде
жасалынып, шаруашылық айналымы түсуге дайын болса, онда оның өнеркәсіпте
қолдануға болатындығы мойындалады. Өндірістік үлгілер авторлардың
шығармашылық еңбегі ретінде мойындалады. Егер өнеркәсіптік үлгі бірнеше
азаматтардың бірлескен еңбегінің жемісі болса, онда олардың бәрі
өнеркәсіптік үлгілердің авторы болып есептелінеді. Өнеркәсіптік үлгілерге
патент Қазақстан Республикасының мемлекеттік тізіліміне тіркелген соң
беріледі.
Лицензиялық келісім бойынша патент иесі (лицензиар) өнеркәсіптік
үлгіні пайдалану құқығын басқа тұлғаларға да (лицензиар) бере алады, ал
соңғысы лицензиарға төлемдер беріп тұруға және келісімдер қарастырылған
басқа да іс-әрекеттерді орындауға міндетті. Өнеркәсіптік үлгілердің
құқықтық, экономикалық және ұйымдастыру қатынастары Қазақстан Республикасы
заңдарымен реттеледі.
Лицензия (еркіндік, құқық деген латын сөздерден алынған)- қандай да
бір операцияларды жүзеге асыруға құзырлы, мемлекеттік органдарының берген
рұқсаты. Лицензиялар келесі белгілері бойынша бөлінеді, субъект бойынша:
-Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына берілетіндер;
- шетелдік заңды және жеке тұлғаларға, азаматтық жоқ тұлғаларға,
халықаралық ұйымдарға берілетіндер.
Қызмет ету көлемі бойынша:
- негізгі (бас) мерзімі шектеусіз, белгілі бір қызмет түрімен
шұғылданатындарға, егерде олардың қызметі біртұтас технологиялық кешенге
кіретін болса, онда бас лицензия қызметтің бірнеше түрімен
шұғылданатындарға да беріледі;
- бір жолғы (бірақ рет пайдалуға берілетіндер) белгілі бір шаруашылық
операциясын жасау үшін рұқсат етілген шегінде өнімнің көлемін, санын немесе
салығын (ақшалай немесе натуралды түрінде) алуға беріледі;
- операциондық валюта заңдылығымен анықталған, валюталық құндылықтарды
пайдаланумен байланысты белгілі бір банк қызметінің операцияларын жасау
үшін беріледі.
Мерзімдік әрекеті бойынша:
- тұрақты берілген мерзімі шектелмеген;
- уақытша белгілі бір мерзімге берілген.
Аймақтық әрекет ету сферасы (териториялық әрекет ету аясы) бойынша:
- тұтастай Қазақстан Республикасының аймағында әрекет етеді;
- Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағында ғана әрекет етеді;
- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде де таратылады.
Материалдық емес активтерді басқа да түрлеріне, активтердің бұл тобына
фирма бағасы (Гудвилл), интелектуалдық меншік және тағы басқалары
кіреді. (гудвилл құрамына кіретін материалдық емес активтер сызбаны
көрсетілген).
Гудвилл. Гудвиллді бухгалтерлік есеп тұрғысынан қарағанда, ол
компанияларды біріктіріп немесе сатып алған кезде кәсіпорынның сатып
алынған бағасын және оның дербес бірлік болып тұрған кезіндегі баланстық
қалдық құнының (міндеттемелерін қоспағанда) арасындағы айырмасын көрсетеді.
Гудвилл материалдық емес активтердің бұл түрі бүтіндей жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындардан немесе олардың құрылымдық бөлімдерінің бір тобын
сатып алғанда пайда болады.
Материалдық емес активтер
1 Кәсіпорын-
дардан бөлін-
бейтін актив
1.1 Оқыған
персоналдар
1.2 Клиенттер
1.3 Аймақ
деңгейінің имиджі
1.4 Аймақтың
орналасу артық
шылығы
1.5 Жарнама
саласындағы
жетістіктер
1.6 Бастапқы
қиыншылықтар
ды артқа тастау
2 Жеке тұлғадан
(интелектуалдық) бөлінбейтін активтер
2.1 Менеджерлердің
(иелерінің) жеке тұлға
ретінде іскерлік
қасиеті
2.2 Менеджерлердің
жеке ұждандық және
іскерлік қасиеті
2.3 Ұйымдағы жеке
тұлғаның өз персо-
алдарымен қарым-
қатынасы
2.4 Басқа да
Гудвилл
3 Кәсіпорыннан да,
жеке тұлғадан да
(индивидуалдық) бөліп қарауға болатын материалдық емес
активтер
3.1Фирмалық маркілері мен
белгілері
3.2 Лицензия мен
патентер
3.3 Сатуға, жалдауға
жасалған контрактілер
3.4 Жаңа техноло-
гияның ноу-хауы
3.5 Жерді және суды
пайдалануға берілетін
құқығы
4 сызба- Материалды емес активтер
Гудвиллдің пайда болу себептері әрқилы болып келеді. Әдетте, мұндай
кәсіпорындардың (бөлімшелердің) баланстық құнымен емес, аукционда
(конкурста), кәсіпорынның болшақтағы табыс әкелу мүмкіндігіне, оның өнім
шығару нарығындағы беделіне және басқа факторларға байланыста анықталған
бағасына сатылатыны немесе сатып алынатыны нарықтық қатынастар жағдайына
пайда болатын заңды құбылыс. Кәсіпорынның (бөлімшенің) сатылу құны оның
балансындағы активтернің асып түсуі фирма бағасын құрайды.
Демек, кәсіпорын өзінің баланстық құнынан артық бағаға сатылуы оның
біршама үстемдігі ( артықшылығы) бар болғандығынан.
Олардың ішіндегі ең айыршысы, ерекше тиымды жарнама саясаты,
бұрындары белгісіз болған табиғи ресурстарының ашылуы, жоғары несиелік
ритингі, қызметкерлерінің машықтығының жоғары болуы, географиялық
орналасуының артықшылы, жабдықтаушылықтармен тиімді және тұрақты
байланысының болуы, тағы басқа гудвилл кәсіпорынның бүкіл қызметінің
барысында жоғары келтірілген факторларға сәйкес тұрақты түрде қатысып
отырғандығын, бірақ ол есеп беруде тек кәсіпорынды сатқанда ғана көрініс
табатындығын көреміз. Дегенмен де, гудвиллдің сандық мөлшерін белгілеу,
кәсіпорынның өз табысын бағалаумен, тікелей байланысты болып келеді.
Гудвиллді анықтаудың мысалы: Тұлпар ЖШС –тігі Виста ЖШС-гін 2200
мың тенге сатып алды делік. Сатып алынғанға дейін кәсіпорынның балансының
көрсеткіштері мынадай болған.
Тұлпар ЖШС бухгалтерлік балансы
Баланс баптары Сатып алынған
кезеңдегі
мәліметі, мың теңге
Ұзақ мерзімді активтер 3 000
Ағымдағы активтер 2 000
Ақша қаражаттары 2 500
Активтердің жиыны 7 500
Меншік капиталы 4 000
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 2 000
Ағымдағы міндеттемелер 1 500
Меншік капиталы мен 7 500
міндеттемелердің
жиыны
Виста ЖШС бухгалтерлік балансы
Баланс баптары Сатып алынған
кезеңдегі
мәліметі, мың теңге
Ұзақ мерзімді активтер 2 200
Ағымдағы активтер 1 500
Ақша қаражаттары 500
Активтердің жиыны 4 200
Меншік капиталы 1 400
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 2 000
Ағымдағы міндеттемелер 800
Меншік капиталы мен 4 200
міндеттемелердің
жиыны
Тұлпар ЖШС-нің сараптаушылары ВистаЖШС-нің активтері мен
міндеттемелерін тексеріп, оның нақты нарықтық бағасын шығарды. Ол мынадай
болды:
Баланс баптары Сатып алынған
кезеңдегі
мәліметі, мың теңге
Ұзақ мерзімді активтер 5 200 (3 000+2 200)
Гудвилл 800
Ағымдағы активтер 3 500 (2 000+1 500)
Ақша қаражаттары 800 (2 500-2 200+500)
Активтердің жиыны 10 300
Меншік капиталы 4 000
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 4 000(2 000+2 000)
Ағымдағы міндеттемелер 2 300(1 500+800)
Меншік капиталы мен 10 300
міндеттемелердің
жиыны
Негізгі құралдардың жіктелуі. Жалпы негізгі құралдар - деп өндірісте
ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) пайдаланылатын, өзінің бастапқы
заттай нысанын (пішінін, түрін) сақтай отырып құнын шығарылған өнімге,
орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелінген
амортизациялық аударым мөлшерінеде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни
материалдық активтерді айтады. Шаруашалық субъектілерінде негізгі
құралдардың есебі №6 –шы Негізгі қорлар (құрал жабдықтардың) есебі - деп
аталатын бухгалтерлік есеп стандарттына сәйкес жүргізіледі.
Негізгі құралдарға- қозғалмайтын мүлік, жер учаскілері, үйлермен
ғимараттар, өткізгіш тетіктер, машиналармен жабдықтар, өлшеуіш және
реттеуіш аспаптары мен құралдары, есептеуіш машингалары мен техникалары
және олардың программалық құралдары, көлік тасымалдау құралдары аспаптар,
өндірістік және шаруашылық құрал-саймандары, өнім және жұмыс малдары, көп
жылдық көшеттер, шаруашылықтың ішкі жолы, тағы да басқалар жатады.
Көлемінің үлкенді-кішілігіне, бағасының азды-көпшілігіне (арзанды-
қымбаттылығына) қарамастан пайдалану мерзімі бір жылдан аспайтын өндіріс
негізгі құралдардың қатарына жатпайды. Сонымен қатар негізгі құралдардың
құрамына шаруашылық субъестісін қоймаларындағы дайын бұйымдар (тауарлар)
болып саналатын жабдықтармен машиналар күрделі құрылыс құрамында
есептелетін монтаждауды (құрастыруды, орнатуды) қажет ететін жабдықтар,
жасалып (салып) біткен, бірақ әлі пайдалануға берілмей тұрған машиналар мен
жабдықтар, сондай-ақ құрылыс-монтаж жұмысын өзіндік құнының құрамында
қаралған қосымша шығындардың есебінен салынған титулдық тізімге кірмеген
ғимараттар мен тетіктер, сонымен бірге жас малдар, яғни мал төлдері де
жатпайды. Барлық негізгі құралдар өздерінің өндіріске қатысуына қарай
өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдар -
деп өндірісте қызмет ететін, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланытын
негізгі құралдарды айтады. Олар: өндіріске арналған үйлер, ғимараттар,
өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әр түрлі
станоктар, двигательдер, құрал-саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы
басқалары. Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың
өндірістен басқа салаларында пайдалынылатын негізгі құралдар жатады. Оларға
тұрмыстық үй жай (коммунальдық) шаруашылығында денсаулық сақтау,
әлеументтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында
пайдаланылатын негізгі құралдар және тағы да басқа негізгі құралдар
жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметтерінің түрлеріне
қарай барлық негізгі құралдар: өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман (тоғай)
шаруашылығы тасымалдау, байланыс, құрылыс материалдар-техникалық жабдықтау
және сату өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары,
әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсетті және
тағы да басқа салалар бойынша топталады.
Негізгі құралдарды халық шаруашылығының салаларына қарай
топтастырған кезде олардың қатысумен шығарылған өнімдердің, болмаса
орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы
негізге алынады.
Егер шаруашылық субъектідегі негізгі құралдардың бәрі тек қана
субъектінің негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін (жасайтын)
болса, онда бұл субъектідегі негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол
шаруашылық субъектінің атқаратын қызметі саласындағы топқа жатады.
Мысалы: өнеркәсіптік шаруашылық субъектісіндегі өнеркәсіп өнімдерін
өндіру процессіне тікелей байланысты негізгі құралдардың барлығы халық
шаруашылығының өнеркәсіп саласына жатады.
Егер шаруашылық субъектнің балансында осы субъектінің негізгі
қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістер мен бөлімшелерімен
болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметтерінің сипатына
сәйкес келетін халық шаруашылық саласы, қызметі түріндегі топқа жатады.
Шаруашылық субъектісінің балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі
құралдары халық шаруашылығының, тұрғын үй шаруашылығы және халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатады. Негізгі құралдар алдына қойған
мақсатына және атқаратын қызметіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
а) үйлер (тұрғын үй, кеңсе үйі, қойма, тағы басқалары);
ә) ғимараттар (көпірлер, аспалы жолдар, жасанды қоймалар, эстокадаяар,
скважаяар, т.б.);
б) өткізгіш тетіктер (жұмыс машиналары, энергия бөлетін тетіктер,
құбырлар, тағы басқалары);
в) машиналар (бумен жұмыс істейтін және іштен жанатын двигательдер,
электроаппараттық трансформаторлар, экскаваторлар, грейдерлер,
бульдозерлер, бетон араластырғыш машина, көтергіш крандар жүк көтергіш
шығырлар, су өлшегіш құралдар, манометрлер, таразылар, кассалық
аппараттармен тағы басқалары);
г) тасымалдау құралдары (жолаушылар және жүк таситын көліктер, жеңіл
көліктер , көлікке тіркемелер (прицеп), тракторлар және т.б. )
ғ) құрал-саймандар жабдықтар (шкафтар, бактар, контейнерлер, тағы да
басқа негізгі құралдар);
д) шаруашылық құрал- жабдықтары (диван, креслолар, кілемдер, сейфтер,
тағы да басқалары);
з) жер (шаруашылық субъектінің сатып алған жер көлемінің құны);
и) жерді жақсартуға (өңдеуге) жұмсалған күрделі шығын;
к) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары және тағы басқалары).
Негізгі құралдар кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншіктік, шаруашылық субъектінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған
болып екіге бөлінеді. Шаруашылық субъектісі уақытша жалға алған негізгі
құралдарды баланс сыртындағы 001-Жалға алынған негізгі құралдар- деп
аталатын шотта есептейді. Қазіргі кезде пайдалану барысына қарай негізгі
құралдар жұмыс істейтін, жұмыс істемейтін және сақтауда тұрған - деп үш
топқа бөлінеді.
Жұмыс істемейтін өндіріс процессіндегі, яғни қолданыстағы негізгі
құралдар жатады.
Жұмыс істемейтін негізгі құралдардың қатарына тоқтатылған белгілі
себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған, басы артық жабдықтар
жатады. Сақтауға тұрған негізгі құралдардың қатарына келешекте, яғни алдағы
уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын
негізгі құралдардың орынына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар жатады.
Материалдық активтер сатылып алыну мақсатына қарай төмендегідей үш топқа
бөлініп есептелінеді.
а) негізгі құралдар;
ә) тауарлы –материалдық қорлар;
б) қаржылық инвестициялар.
Мысалы: субъектінің шаруашылық қызметін атқару барысында қажет болып
табылатын өзінің пайдалануы мақсатында сатып алынған көлік құралы негізгі
құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік
құралдары тауарлы материалдық қорлар құрамында есептелігнеді. Шаруашылық
субъектінің өз қызметіне пайдалануы үшін емес, ұзақ мерзімдік қаржы салымы
мақсатында алған жер учаскелері мен үйлері қаржылық инвестициялар ретінде
есептелінеді.
2 Ұзақ мерзімді активтердің бухгалтерлік есебін ұйымдастыру

сипаттамасы
Дарын жауапкершілігі шектелген серіктестік өндірістік ұйым оның
мүшелерінің мүлік және жер түріндегі үлестерін біріктіру негізінде
құрылған.
Серіктестік Қазақстан Республикасы аумағында филиалдар мен өкілдіктер
құралады. Еріктілік негізінде Қазақстан аумағында және одан басқа заңды
тұлғалармен бірлестіктерге одақтарға кіруге, басқа заңды тұлғалар қатысушы
болуға құқылы.
Серіктестіктің мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда ұйым мүшелері оның
міндеттемелері бойынша қосымша (субсидиялық) жауапкершілікке ие болады
Серіктестік қызметінің негізгі мақсаты табыс алу болып табылады.
Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін серіктестік төмендегі қызмет түрлерін
жүзеге асырады:
- ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу, сақтау, дайындау және сату;
- мал шаруашылығы;
- көкөніс өнімдерін өсіру;
- астық өнімдерін, май шығару өнімдерін өсіру;
- қоғамдық тамақтандырудан ұйымдастыру;
- құрылыс жүргізу;
- көтерме-бөлшек сауда;
- сыртқы экономикалық қызмет;
- сатып алу, делдалдық қызмет;
Қазақстан Республикасы заңдарында тиым салынбаған басқа қызмет
түрлері:
- серіктестіктің мүлкін қалыптастыру көздері;
- серіктестіктердің мүшелерінің мүліктік үлестері;
- серіктестіктің қызметінен алынған табыстар;
- Қазақстан Республикалық заңдары тиым салмайтын басқа көздер;
- серіктестік мүліктік үлесі 19889880 теңгені құрайды.
- серіктестіктің меншігінде мүлік оның мүшелерінің пайларына бөлінеді.
Пай серіктестік мүшесінің серіктестік мүлкіндегі және жер учаскесі
болып табылады. Жер пайлары серіктестікке пайдалану құқығы ретінде ғана
беріледі.
Серіктестік мүшелерінің мүліктегі үлестері пайыздық түрде
есептелінеді. Мүліктік жарналар серіктестіктің бастапқы қорын құрайды және
оны құру мен қызметін ұйымдастыру жөніндегі шығындарды жабуға арналады.
Серіктестік жаңадан қабылданған мүшелерінің жарналарының мөлшері
серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысының шешімімен айқындалады.
Серіктестік мүліктік жарна, ақша, бағалы қағаздар, заттар, мүліктік
құқықтар, оның ішінде жер пайдалану құқығы, ақыл-ой меншігіне және басқа
мүлікке құқықты болуы мүмкін.
Серіктестік жоғары органы оның мүшелерінің жалпы жиналысы болып
табылады.
Серіктестік мүшелерінің жалпы жиналысының айырықша күзіретіне:
1) Серіктестік жарғысын өзгерту.
2) Атқару, ревизия органдарын 1жыл мерзімге құру және олардың
мүшелерін мерзімінен бұрын алып тастау.
3) Серіктестіктердің қорлары мен резервтерінің түрлері мен мөлшерін
және оларды пайдалану бағыттарын белгілеу.
4) Серіктестіктердің ішкі еңбек тәртібі ережелерін серіктестіктердің
лауазымды адамдарының оның мүшелерінің және жалданған
жұмыскерлердің еңбегіне ақы төлеу туралы ережелер және серіктестік
басқа ішкі актілерін қабылдау және өзгерту.
5) Серіктестік филиалдары мен өкілдерін құру, шаруашылық серіктестерін
құру мен оларға мүше ретінде кіру.
6) Қосымша пай жарналарын енгізу туралы мәселелерін шешу.
7) Серіктестік мүшелеріне қабылдау және шығару.
8) Серіктестіктің қаржылық есебін және бухгалтерлік балансын бекіту
және таза табысты бөлу.
9) Тексеру комиссиясының есебін бекіту.
10) Серіктестікті қайта ұйымдастыру және тарату туралы шешім қабылдау.
11) Серіктестік басқармасының (төрағасының) есебін тыңдау жатады.
Басқарма өз шешімдерін үнемі өткізіліп тұратын отырыстарда қабылдайды.
Серіктестіктің әрбір мүшесі оның қызметіне жеке еңбек үлесін қосуға
міндетті. Серіктестіктің мүшесінің жеке еңбек үлесінің сипаты мен
тәртібінің жалпы жиналыста айқындайды және жалпы жиналыстың хаттамасымен
рәсімделеді.
Дарын жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қаржы шаруашылық
қызметінің нәтижесі жөніндегі қорытынды есебі.
Кесте 1- Дарын жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қорытынды есебі
(мың тенге есебімен)
№ Көрсеткіштердің аталуы табыстар шығындар
2009 2010 2009 2010
Өнімдерді (жұмыстар, қызметтер) 3060107 282860
сатудан түскен табыс
Сатылған өнімдердің (жұмыстар, 276038 242949
қызметтер) өзіндік құны
Жалпы табыс 30979 39911
Есепті кезең шығындары,барлығы 14602 20100
-Жалпы және әкімшілік 5257 7236
шығындары 9345 12864
-Сату жөніндегі шығындар - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz