Ақша айналысы және ақша жүйесі
Жоспар
Кіріспе
1. Ақшаның мәні және қызметтері
1.1 Ақшаның шығу тегі
1.2 Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
1.3 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
2.1 Несие ақшалар
2.2 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша қаражаттарының құрылымы
3. 2006 жылғы ақша жүйесіндегі ерекшеліктері мен өзгерістер
Қолданылған әдебиет
Қорытынды

2.3 Ақшаның номиналдық теориясы және айналыстағы ақша
қаражаттарының құрылымы

Қазақстан Ұлттық банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық банкі шығарған
банкноттар мен тиындарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің ақша бірілгін айырбастау
құқығы бар. Ақша бірлігінің қолданылуы тәртібін, мерзімін және шарттарын
белгілеу құқығы Қазақстан Республикасының Президентінде болады.
Қазақстан Ұлттық банкі банкноттар мен тиындардың бұрын қолданыста
болғандарының төлемділігін анықтау және оларды айырбастау тәртібін
белгілейді әрі бұл жөнінде баспасөзге жарияланады.
Егер банкнот бетінің жартысынан көбі сақталған болса, Қазақстан
Ұлттық банкі тозған және бүлінген банкноттарды шектеусіз айырбастайды.
Жоғалған немесе жойылған банкноттар мен тиындарға өтем жасауға міндетті
емемс.
Қазақстан Ұлттық банкі тозған және бүлінген банкноттарды өзі
белгіленген ережеге сәйкес айырбастайды.
Банкноттар мен тиыцндарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ
қолдағы ақша қаражатының санкциясын эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар
қолданып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық және мүлікітік жауаптылыққа
тартылады.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (Ұлттық валютасы) Қазақстан
ттеңгесі болып табылады. Қазақстан теңгесі жүз тиынан тұрады. Қазақстан
Республикасының айналыстағы ақша белгілері банкноттар мен тиындардан
тұрады.
Банкноттар мен тиындардың көрсетілген құнының құрылымын Қазақстанның
Ұлттық банкі белгілейді. Қазақстан Республикасында бірден –бір заңды төлем
құралы Қазақстан теңгесі болып табылады.
Қазақстан Республикасының аумағында қолдағы ақша қаражатты шығаруды,
олардың айналысын ұйымдастыруды және айналыстан алу бірде – бір Қазақстан
Ұлттық банкі банкноттар мен тиындарды аудару баламасын ала отырып,
банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
Қазақстан Ұлттық банкінің банкноттары мен тиындары Қазақстан Ұлттық
банкінің сөзсіз міндеттемелері болып табылады және оның барлығы
активтерімен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Ұлттық банкі алтын – валюта резервінің көлемі туралы
бұхаралық ақпарат құралдарында ұдайы хабар жариялап тұрады.
Қазақстан Ұлттық банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен тиындары
олардың белгіленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында
төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ шоттарға, салымдарға,
аккредитивтерге енгізу және ақша аудару үшін қабылдауға міндетті, олар
Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсталынады және
айырбасталады.
1. Ақшаның мәні және қызметтері
1. Ақшаның шығу тегі
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы
бірден-бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе
айырбастау үшін жасыланған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны
өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып, тауар формасын
қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті
алғышарттарды құрайды. Бірақ кез-келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты
еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам
тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны;
мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы.
Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып,
өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбасқұны ретінде көрінеді. “Айырбас
құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өзбетінше өмір
сүретін тауар, ол ақша”.
Әрбір ерекше таар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны
жасырын түрде болады және тек қана ақшаға теңестіру жолымен табылады.
Тауалар және ақшалар бір және осы тауар формасының нақты қарама-қарсы
жақтары бола отырып, айырбас процесінде бірін-бірі табады және өзара бір-
біріне ауысады.
Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір тауардың басқа бір тауарға
кездейсоқ айырбасталынуы барысында, айырбас құнның жай немесе кездейсоқ
формалары қолданылды (1 балта=5 құмыра, 1 қап бидай және т.б.).
Тауар өндірісінің дамуы барысында кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар
массасының ішінен барынша жиі айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен
құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға,
жүнге және т.б. айырбастауға мүмкін болды.
Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар –
барлық басқа тауарлардың бір-бірімен өзара айырбасталу құралы бола бастады.
Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық
формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның ролі бір тауарға нық
бекітілмеген еді. Біртіндеп жалпы құндық эквивалент ролін белгілі бір
тауарлар көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның
жалпы құндық формасы ақша формасына айналды.
Тауар айналысының тарихи эволюциялық даму процесінде жалпы құндық
эквивалент немесе ресімделінбеген ақша формасын, әр түрлі тауарлар
қабылдады. әрбір тауарлы-шаруашылық уклад өз эквивалентін алға тартады. Бір
халықтың өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде
әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші ірі еңбек бөлінісінің
нәтижесінде мал бағушылардың бөлініп шығуымен мал (ірі қара) айырбас
құралына айналды. Олардың белгілі түрлері табиғи-климаттық жағдайларға
байланысты нақты сол ортада айырбас құралы болды. Шалғынды аудандарда –
жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт аудандарда – түйе; тундрада – бұғы
жалпы құндық эквивалент қызметін атқарады. Малды жалпы эквивалент ретінде
падаланылғаны туралы нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба
жұмыстарының нәтижелерінде табылған заттарда, поэзияларда кездеседі.
Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде
пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда металдан жасалынған ақшаларда
“өгіз” деген атау ойып өрнектелініп жазылып жүрді. Латының сөзі “пекуния”
(ақша) “пекус” (“мал”) сөзінен шыққан. “Рупа” (“мал”) сөзі үнділердің ақша
бірлігінің атауы “”рупия” негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл
ақшаларға ауысқаннан кейін де “мал” деген атауға ие болды. Ярослав Мудрый
1018 ж. былай деген “біздің жинаған малдарымыз: ерлерден 4 кун,
старостылардан 10 гривен және боярлардан 18 гривенен тұрады”. Ол кездегі
қазынашы “малшы”, қазына, қазына жинау орны – “мал ұстайтын орын” деп
аталынды.
“Капитал” сөзінің шығуы да малменен байланысты, өйткені ескі герман
тілінде бұл сөз мал басы санының көптігін білдіре отырып, меншік иесінің
байлығын көрсетті.
Солтүстік халықтапры ең бірінші тауар ретінде айырбас үшін жүнді
пайдаланды. Ежелгі скандинавтар көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу
барысында құстардың, аңдардың жүндерін пайдаланды (үкі, түлкі, және т.б.).
Құс жүндері Солтүстік Сібір халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка
халықтарында жалпы құндық эквивалент ретінде қолданылады. Жүн ақшалар
Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлмде таралды. Ежелгі
Русьтардың арабтармен, хазарлармен, Византиямен сауда-саттық жасауы
барысында жүн ең басты құралдардың бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша
жүйесінің бүгіні болып саналды. 1610 жылы жаулап алып орыстардың әскери
кассасында 5450 руб. күміс пен 7000 рубль жүн табылды.
Жылы теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар айналыс құралы ретінде
бақалшақ (раковинді) ақшаларды пайдаланды. Тарихта бақалшақ алқалардың
келесі атаулардың сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және
т.б. Көлемі түймедей ақшыл-қызғылт бақалшақ Кари көптеп таралды.
Безендірулер түрінде жіпке тізілгендері Ежелгі үнді елінде, Қытайда,
Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин
аралдарына алғашқы ақшалардыңқызметін атқарды. Американдық үнділердің
белдіктерінде бақалшақ ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет-кескінін
көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды
Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларында, Полинезияда, Каролин және
Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.
Бақалшақ ақшалар тауар ақшалардың ең бір тұрақты формасы болып табылады.
Біздің бүгінгі күндерімізгі дейін өмір сүре отырып, олар ешқандай өзгеріске
ұшыраған жоқ. XX ғасырдың 70-жылдардың басында Соломон аралдарының кейбір
тұрғылықты тұрғындарының ақша айналысы ретінде бақалшақтардың үш түрі: ең
арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат – қызыл түсті
(ронго) пайдаланылады.
Әлемде әр түрлі “экзотикалық” ақшалар болған. Каролин аралдары тобына
кіретін Ява аралында осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.
Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске
түсіреді. Мұндай “монеталардың” диаметрі бірнеше метрге, ал массасы тоннаға
дейін жетеді. Сауда мәселесі орындалғаннан кейін сатушы феяға бұрынғы
иесінің белгісін өшіріп, өзінің белгісін соғады.
Юлий Цезарь патшалығының тұсында ақша ретінде құлдарды пайдаланды.
Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.
Өнер мен жер игерушіліердің бөлінуімен эквиваленттің жетілуі жалғасты.
Бөлінушілік, бірігушілік, біркелкілік мінездемелері бар эквиваленттер пайда
болды. Бұл аз бұзылатын өсімдік өнімдері – зәйтүн майы, күріш, кофе, какао,
құйма түріндегі тұздар, т.б.
Жалпы эквивалент ретінде металдар да пайдалана бастады. Ежелгі Спартта,
Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі
ақшалар пайдаланылады. Рим императоры Дионисий Сиракуз және ортағасырдағы
ағылшын корольдары мырыш ақшаларды құйды. Қытайда және Ежелгі Римде мыс
ақша ретінде пайдаланылады. XYII ғасыр Солтүстік Америкада (Массчусетс
штатында) ұсақ төлемдерге қорғасын дөңгелекшелер қолданылды.
Металл ақшаларының артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады,
және т.б. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық
жүйесінақтылана түсті.
Кейін келе металдардың арасында басты роль алтын мен күміске өте
бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса қажетті сапаға ие.
Әрине, металдар бұған дейінгі ақша формаларын бірден ығыстырып шығарып
тастаған жоқ. Ұзақ уақыт бойы металл ақшалар тауар формасын сақтап келді.
Темір ақшалар күрек, таға, шеге, шынжыр және т.б. формаларда ұзақ уақыт
бойына сақталынды. Грек ақшасының атауы “драхма” “бір уыс шеге” деген
мағынаны білдіреді. Мыс ақшалар қазандық, құмыра, қалқан түрлерінде
айналыста болды. Күміс және алтын ақшалар жүзік, сырға, білезік түрінде
пайдаланылды.
Бірақ б.э. дейін XIII ғасырда салмағы көрсетілген құймалар пайда бола
бастаған. Осындай себепке байланысты көптеген ақша бірліктері фунт
стерлинг, ливр (жарты фунт), марка (жарты фунт) салмақ бірліктері атауымен
аталады. Алғашқыдағы белгілі массасы бар формасыз металл ақшаларды кейін
келе әр түрлі массадағы біркелкі формасы бар металл ақшалар ауыстыра
бастады.
Монеталардың пайда болуы ақшаның құрылуындағы соңғы кезең болып
табылады.
2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні
Ақшаның өмір сүруіндегі обхективті қажеттілік ол тауар өндірісі және
тауар айналысының болуына негізделеді. Кез-келген тауар айналысында ақша
айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір-бірінен бөлінбейді.
Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Бірақ XVI ғасырдың басында (1546ж.) утопиялық социализмнің негізін
қалаушы Томас Моор өзінің “Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік
құрылымы туралы алтын кітап” деген еңбегінде: “Алдау, ұрлау, тонау... кісі
өлтіру зағ тәртібімен қатағ жазаланатын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде
алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен ақша құрымай, олар да
жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың
алаңдаушылығы, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмтылар еді.
Егер ақша адам өмірінен алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігінен
туған кедейліктің өзі де жойылар еді”.
Ол аздай Т. Моор тағы былай деді: “Қай жерде болсын барлық нәрсені ақша
өлшемімен өлшейтін болса, онда ол жерде мемелекеттік істердің табысты және
дұрыс ағысының болуы мүмкін емес”.
XIX ғ. Социал утопистері – Прудон, Оуэн, Грей және басқалар ақшаға теріс
көзқараста болды. Прудон тауар өндірісін сақтай отырып, ақшаны жоюдың
жобасын ұсынды және оны дәлелдемек болды.
Мұндай ойлар Ресейде де айтылды. Қазан революциясынан (1917ж) кейін,
азамат соғысы жылдарында ақшаның құнсыздануы байқала бастаған кезде ақшаны
жою сәті келеді, яғни тарихтың өзі осыған алып келді деген тұжырымдар пайда
бола бастады. Керек десеңіз ауыл шаруашылық өнеркәсіп өнімдеріне тікелей
айырбастауды ұйымдастыруға тырысты. Шындығында, оның бәрі сәтсіз аяқталды.
С.Г. Струмилин ақшаның орнына еңбек бірліктері треадаларды, ал ағылшын
экономисі Смит Фальтнер энергетикалық бірліктерді – энедаларды пайдалануды
ұсынды.
Осыған байланысты К.Маркс былай дейді: ақшаларды жоя отырып, біз
қоғамдық дамудың ең жоғары сатысында (комунизмде) боуымыз мүмкін немесе ең
төменгі сатыға (алғашқы қауымдық құрылысқа) қайта оралар едік. Қанша
дегенмен де коммунизм – ол қиял, сондықтан да ақша болған, олар бар және
бола береді.
Ақша тауардан дами отырып, тауа болып қала береді, бірақ тауар ерекше
жалпылама экивалент.
Ақша – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың
құны бейнеленеді және оның делдал ретінде қалыптасуымен тауар өндірушілер
арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.
Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бекітілген. Алтынның
басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қасиеті емес.
К. Маркс айтқандай: “Табиғат ақшаны жаратпайды. Алтынға бұл қасиет
қоғаммен берілген”.
Алтын жалпыға бірдей эквивалент ролін орындау үшін ең бір лайық тауар
болып қалып отыр. Біріншіден, ол ерекше табиғи сапаға ие: бөлінуі оңай,
әдемі, бұзылмайды, тот баспайды, тек қана “патша арағында” (23 тұзды және
13 азот қышқылында) ериді. Екіншіден, ең бастысы алтын жоғары құнға ие.
Қанша дегенмен оның қорының аз болуы, алтынды өндіруге кететін еңбек
шығындарының өте жоғары боуына әкеліп соқтырады. Алтынды тұтыну жылдан-
жылға өсуде. Ол әр түрлі салаларда пайдаланылады – электроникадан бастап
зергерлік істерге дейін, бірде өте жұқа қалыңдықпен, бірде балқытылған
құймалар түрінде кездеседі. Тек қана циферблаты 6 м диаметрдегі Кремль
курантына алтын жалату үшін 26 кг алтын жұмсалады, мұндағы алтын жалату
қалыңдығы 3 мк. жуық 4000 жылдардан бастап б.ғ. және 1985 жылға дейін
әлемдегі барлық өндірілген алтын 90 мың тоннаны құрады. ХХ ғасырда 60 мың
тоннадан астамы өндірілді, соның ішінде 30 мың тоннаға жуығы – екінші
дүниежүзілік соғыстан кейін өндірілген.
Ресей ХІХ ғасырдың 20-жылдарында алтын өндіруден бірінші орында
болды. Өткен ғасырдың 40-жылдарында оның дүниежүзілік алтын өндірісіндегі
үлесі 40% құрады.¹
Алтын өндіру қиын және капиталды көп қажет етеді. Сонымен, 1 кг алтын
алу үшін 3000 м орта тереңдіктегі тау қыртыстарының 100 тоннасын қайта
өңдеуі қажет.
Алтынды ең көп өндіретін Оңтүстік Африка Республикасында (ОАР) алтын
өндірушілердің еңбек ету жағдайы құлдардың өмірі сияқты: олар 40ºС-ден
жоғары температурада терең жер астыларында жұмыс істейді. Мұнан бұрын, ОАР
–да әлемдік алтын өндірісінің 23 –і өндірілсе, ал қазір 13-і ғана
өндіріледі.
Алтынды өндіру дүниежүзінде апатты жағдайда құлдырауда.
Қазақстанда 160 алтын кен орындары бар. Соның ішінде 60-сы жұмыс
істеп тұр және олардың жылдық өнімі 1994 жылы 25 тонна алтынды құрады.
Алтын тек қана алтын валюта резервтерді ғана құрамайды, сонымен
бірге электронды-есептеуіш және компьютерлік техникаларды, түнгі
механикалық аспаптарды, синтетикалық талшықтарды жасау үшін де қолданылады.
Жасанды алтынды ойлап табу сұрақтары әр кез адамзатты толғандырды.
Бұнымен ежелгі уақыттарда ал-химиктер еңбектенді. Ежелгі Египетте жалған
алтын құймалары табылған. Біздің ғалымдар ұзақ уақыт іздену мен сынақтар
жүргізулері нәтижесінде нағыз алтынды мынадай құрамда алды: палладий -65%,
индий-35%. Электр кедергісі алтынның техникалық құймасына жақын. Жаңа құйма
қаттылығы алтыннан алты есе асып түседі.
Құрамын өзгерте отырып (палладий-55%, индий-45%) червондық алтын¹
алынды, бірақ мұндай алтынды жасанды жасау бұл процестің тиімділігін
көрсетпеді. Қазіргі ядерлік физика атомдардан күкірт және сынаптан алтын
атомдарын алуға мүмкіндік берді. Бірақ жасанды алтынды жасау мүмкіндігі
бұл процесті тиімді етпейді. Мұндай алтынның өзіндік құны өте жоғары және
бұл жолмен алынған металл табиғи алтынменен өзінің бағасының төмен болуына
байланысты нарықта бәсекеге түсе алмайды. Сонымен қатар, жасанды алтын
өнеркәсіпте, тіс салуда және зергерлік бұйымдарды жасауда пайдаланылады,
бірақ еш уақытта ол жалпыға бірдей эквивалент ретінде бола алмайды. Ақша
-зат емес, ол- қоғамдық қатынас.
Олар шындығында қоғамдық қатынастарды тудырушылар болып келеді. Бұл
дегеніміз, қоғамнан бөлінген адамдар үшін ақша керек еместігін білдіреді.
Робинзон Крузоға олар керек болмаған. Батып бара жатқан кемеден құтқарылып
алынған заттар оған адам аяғы баспайтын аралда қажет болған, ал ақшалар
болса өзінің барлық құндылығын жоғалтты.
Ақша- өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір
экономикалыққарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі
экономикалық категория болып табылады. Экономикалық категория ретінде
ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрініс табады.
- жалпыға тікелей айырбасталу;
- айырбас құнының дербес формасы;
- еңбектің сыртқы заттық өлшемі;
Жалпыға тікелей айырбасталу формасында ақшаны пайдалану, кез келген
материалдық құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің бар екндігін
көрсетеді. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік
қоғамдық жиынтық өнімді пайдалану және бөлумен ғана шектелді. Кәсіпорындар,
жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі
кезде жекешелендіру процестерінің жүруімен байланысты, жалпыға тікелей
айырбастау формасында ақшаны пайдаланудың көлемі едәуір кеңіді.
Ақшаның айырбас құнының дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды
тікелей өткізуменен байланысты емес. Ақшаны бұл формада қолдану жағдайлары
олар несие беру, бюджеттің кірістерін қалыптастыру, өндірістік және
өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік
ресурстарды басқа банктерге сатуы және т. б.
Еңбектің сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің,
олардың ақша көмегімен өлшенуі мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.
Ғалым- экономистердің арасында алтынның ақшалай тауар ретіндегі ролі
туралы әр түрлі көзқарас бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы
аяқталып, ол жалпыға бірдей эквивалент және ақша қызметтерін атқару ролін
орындауды толығымен тоқтатты дейді. Құнның ақшалай формасынан жалпылама
немесе жайылыңқы формасына қайтып келді. Несие ақшалар жалпыға бірдей
эквивалент ретінде жүрді. Алтын, ақшаның классикалық қызметтерін атқаруды
жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер, алтынның
жартылай демонетизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент
ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерін сақтап қалды
дейді.
3. Ақша қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын,
тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік –
экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бестүрлі қызмет
атқарады:
- Құн өлшемі;
- Айналыс құралы;
- Төлем құралы;
- Қор және қазына жинау құралы;
- Дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісіжағдайында
туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі
қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің
жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып
өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни,
бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі- ол жұмыс
уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни
тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен
құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын
белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі
еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен
өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық
құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз
бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның
орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып
алу қасиетімен ерекшеленеді.
Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген
қатынасын көрсетеді. Бірақ тауардың бағасын анықтау үшін баға масштабы
қажет. Металл ақша айналасында (алтын, күміс, мыс) мемлекет заңды түрде
баға масштабын тұрақты етіп ұстады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне
бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың
салмақтық құрамына сай келді. Мысалы, фунт стерлинг алғашында күмістің
фунты есебінде пайда болды. Тарихи даму барысында баға масштабы ақшаның
салмақтық мазмұнынан ерекшелене түсті.
Құн өлшемі және баға масштабы ретіндегі ақша қызметтерінің арасында
едәуір айырмашылық бар. Құн өлшемі- мемлекетке тәуелді емес ақшаның
экономикалық қызметі болып табылады. Ол заңыменен анықталады. Баға
масштабы заңды сипатқа ие бола отырып, мемлекет билігіне тәуелді және құнды
емес тауар бағасын көрсету үшін қызмет етеді.
Алғашында баға масштабы АҚШ қазынашылығымен алтынның тройск унциясына
(31,1 г) 35 доллар есебінде анықталып бекітілді. Ол 1971 және 1973
жылдардағы доллардың девальвациялануына дейін сақталды және 1980 жылдың
қаңтарында 850 долларға дейін жетті.
Арнайы баға масштабы алтын құны мен оның мемлекеттік тұрақты бағасының
арасы алшақ болып кетуіне байланысты өзінің экономикалық мағынасын
жоғалтты.
Ямайка валюта реформасының (1976-1978 жж.) нәтижесінде арнайы алтын
бағасы және алтын паритеті жойылды. Құн өлшеу қызметі нарықтық баға
масштабы негізінде орындалады.
Қазіргі уақытта алтын тауарға тікелей айырбасталмайды және бағалар
алтынменен көрсетілмейді. Алтынды айналыстан қазынаға қарай ығыстырып
тастау жағдайында ақшалы тауар (алтын) тікелей массасына емес, алтын
нарығындағы несие ақшалармен операциялар жүргізуге қарсы тұрады. Осыдан
алтын қағаз және несие ақшалардың тауардың құнын өлшемейді, өлшенген құнды
көрсетеді, өйткені өзінің құны жоқ.
Сонымен алтын белгілерінің, яғни толық құнды емес және қағаз ақшалардың
пайда болуы, ақша формаларының олардың алтындық мазмұнынан ажырауына алып
келді.
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды
өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын
тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі
сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай
келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр
уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып
алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі
өзара сай келмеушілік жойылды.
Өзінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға
қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып
отырады және сату-сатып алу процесіне қызмет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралы қызметін негізінен мемлекеттік,
оперативтік, коммерциялық саудада тұрғындардың тауарларды сатып алуы
кезінде орындайды. Шет елдерде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен
корпорациялардың және т. б. Қолма-қол ақшамен есептесуіне тыйым
салынбаған.
Айналыс құралы ретінде ақша қызметтерінің ерекшеліктері мыналар:
- тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы;
- оны идеалдыақшалар емес, нақты (қолма-қол) ақшалар орындайды;
- ақшаның бұл қызметінде тауарларды айырбастау өте тез орындалатын
болғандықтан, оны нағыз ақшалар емес (алтын), оны ауыстырушылар – ақша
белгілері орындайды.
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты
емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардың алтын нарығында жасырын
айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызметін атқаратын болғандықтан, айналыс
қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлар бағасының соммасымен
анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мәмілелеріне
қызмет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша көп болса, айналыс үшін
олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл
олардың құнсыздануына, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен бір уақытта
тоғысуы тиіс емес. Ақша құнының еркін формасында көрінеді. Олар өткізу
процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе
кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем
ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда
ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.
Ақшалар төлем құралы ретінде тек қана тауар айналысына ғана емес,
сонымен бірге қаржы- несие қатынастарына да қызмет етеді. Барлық ақшалай
төлемдерді төмендегідей етіп топтауға болады:
- тауарларды және қызметтерді төлеуге байланысты міндеттемелер;
- еңбек ақы төлеуге байланысты міндеттемелер;
- мемлекетке қатысты қаржылық міндеттемелер;
- банктік қарыз, мемлекеттік және тұтыну несие бойынша борыштық
міндеттеме;
- сақтандыру міндеттемелері;
- әкімшілік –сот сипатындағы міндеттемелер және басқалары.
Ақша төлем құралы ретінде айналыс құралынан өзара айырмашылықтары бар.
Бұл қызметте ақшалар делдал болып табылмайды, ол тек қана сату-сатып алуды
аяқтайды. Нәтижесінде тауарларға қатынасты ақшаның өз бетінше еркін
қозғалысы байқалады. Тауарды несиеге сатып ала отырып, сатып алушы сатушыға
ақшаны берудің орнына, борыштық міндеттемені жазып ұсынады. Бұл борыш
өтелген кезде, ақша төлем құралы ретінде қызмет атқарады.
Төлем құралы қызметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе
несие ), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызметі оның бұдан бұрын қарастырылған
қызметтерінен айырмашылығы болғанымен ол олармен берік байланыста екені
анық. Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуі барысында көрінуі мүмкін.
Ақшаның төлем құралы ретінде қызмет етуінің дамуы резервтік қор құрудың,
яғни ақшаның қор және қазына жинау қызметтерінің туындауының қажет екенін
көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы
өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда
қолма-қол ақша қажет емес. Бұл айналыстың қолма-қол ақшаға деген
қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу
үшін ақшаның санын азайтады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық
міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен
бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады (қарыз бойынша мерзімі өткен
берешек, бюджеттік төлемдер, жалақы бойынша және т. б.)
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде . Ақшаның төлем және
айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның
қорлануының қажеттігі Т – А – Т айналымының екі актілерге
Т – А және А – Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты таза
қазына формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді.
Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын
мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл
қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға
(өнеркәсіптік немесе сауда ) айналады. Қазына жинау қызметінің қажеттігі
тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну
заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жылпы
байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар (алтын) материалданған құнның
формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау
құралы қызметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін.
Қазыналарды қорландыру - алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау
түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын
реттеуші ролін атқарған болатын. Өндірістің және тауар айналысының кеңеюі
барысында металл ақшалар қазынадан айналысқа шығып отырды немесе керісінше.
Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын
реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттің сақтандыру қоры
ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуелділіктің
болуына кепілдеме береді. 1998 ж. 1 қаңтарда Қазақстан Республикасы Ұлттық
банкісіндегі монетарлық алтынның қалдығы 41781,1 миллион теңгені құрады.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралы қызметін атқара
алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде
олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Ақша айналыс саласынан уақытша шығып қалғаннан кейін олар қорлана
бастайды. Қорлану қызметінде ақша өзінің құнын сол формада сақтай отырып,
олар кез келген уақытта айналысқа төлем немесе айналым құралы ретінде түсе
алады. Шынында да бұл елдегі ақша айналысының тұрақтылығы жағдайында, яғни
инфляцияның болмауына байланысты ғана мүмкін.
Тауар өндіріс жағдайында қорлану екі формада жүреді:
- кәсіпорын мен ұйымдардың есеп айырысу және депозиттік шоттарындағы
ақшалай қаражат қалдығы түрінде ұжымдық қорлану;
- банктердегі салымдар, мемлекеттік облигациялар;
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары
банктен берілетін қарыздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі.
Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта
бөлу процесіне дәнекер болады.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық
байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы
дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік
ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу
құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз
ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік
ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Егер де елдің ішінде ақша ұлттық ақша бірліктері формасында қызмет
етіп жүрер болса, ал одан тысқары жерде К. Маркстың айтуынша: ақшалар
өзінің ұлттық киімдерін шешіп, бастапқы қымбат бағалы металл формасын киеді
¹, яғни жалпыға бірдей эквивалент формасына өтеді.
Бірақ алтын айналысы тұсында да ағымдық халықаралық есп айырысуларға
алдыңғы елдердің ұлттық валюталары қызмет етті. 1913 жылы халықаралық есеп
айырысулардың 80% - зы ағылшын фунт стерлингінде бейнеленген аударым
вексельдер көмегімен жүзеге асырылды, ал алтын халықаралық есеп
айырысулардың қалдығын жабуға ғана қызмет етті.
Бреттон – Вудстағы (1944жылы) мемлекетаралық келісімге келу, доллар мен
фунт стерлингке резервтік валюталар мәртебесін берді. Кейіннен дүниежүзілік
ақшалардың жаңа формалары: СДР – арнайы қарыз алу құқығы; ЭКЮ – еуропалық
есепке алу бірлігі пайда болды. Ал, 1999 жылы 1 қаңтарыннан бастап Еуропаға
ынтымақтастық елдердің ортақ ақша бірлігі еуро айналысқа шықты.
2. Ақша айналысы және ақша жүйесі
2.1 Несиелік ақшалар
Қайта құру кезеңіне дейін ақша айналымы мен ақша айналысы ұғымдары
арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның
қозғалысы танылды. Ал, ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол
қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда
қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының
бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін
қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етеді. Қолма-қол рубль
тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма-қолсыз
рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз
етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында
ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында
қанша ақша , қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны
белгілі болған. КСРО – ның таратылуына, бағаның босатылуына, меншіктің
мемлекет иелігінен алынуына және тағы басқа байланысты жүзеге асыру мүмкін
емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы
процесіндегі қолма-қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде
қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы- несие мекемелерінің
арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы
болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы , яғни тауардың ақшаға және
ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста,
яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс
бір-бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін,
айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі төлем құралы функцияларын атқарады.
Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. Өз
кезегінде, қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы
мүмкін.
Жалпы ақша айналысының көлемі тауар бағаларының соммасынан әрдайым артық
болады. Ақшаның қызмет көрестуі тек сату, сатып алумен шектелмейді. Ақша
еңбекақы, зейнетқаы, стипендия төлеу үшін, бюджетке төлемдер аудару үшін,
банктен қарыз алу үшін және тағы басқа мақсаттар үшін қолданылады.
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма-қол ақшаның қолдану
аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпоындар
арасындағы есеп айырысуларда қолма-қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп
айырысу чектерін өндіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің
меншікті қуатын енгізуі, Қазақстандағы қолма-қол ақшамен байланысты
жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992-1993 ж.ж қолма-қол
ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген директивті саясатың орнына
республикамызда қолма-қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқаррудың
экономикалық әдістерінің алғышарттары жасалынды.
Дамыған елдерге тбұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма-қолсыз
ақша айналысы өріс алып жатыр. АҚШ-та халықтың есеп айырысулардың 25-27%-зы
ғана қолма-қол ақшамен, ал қалғаны чек, несиелік карточкалар, тағы басқалар
көмегімен жүргізіледі.
Өмірлік тәжірибе көрсеткеніндей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге
болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде
шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймайды.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес.
Ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма –қолсыз ақшаға (және керісінше)
өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен
соң оның есеп айырысу шотында қолма-қолсыз ақша қаражаттарына айналады да,
ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар болып
бөлінеді. Сондай-ақ :
- өнімді өндіру және сату процесін, яғни тауарлы сипаттағы есеп
айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- тауарлы емес сипаттағы есеп айырысулармен байланысты ақша айналымы;
- ақша айналысы бірнеше тарихи кезеңдерден өтті және металл, қағаз,
несие ақшалар көмегімен жүзеге асырылды.
Ақша жүйесі . Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша
айналысын ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады. Әрбір мемлекеттің өзінің
ұлттық ақша жүйесі бар.
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 1995 жылы 30 наурыздағы Қазақстан
Республикасы Ұлттық банк туралы Қазақстан Республикасы Президентінің заң
күші бар жарлығына сәйкес ұйымдастырылған. Жарғы ақша айналысын ұйымдастыру
негізін және формаларын белгілейді, онда ресми ақша бірлігі, ақша
белгілерінің эмиссиясы, сонымен қатар монеталарды жасау тәртібі, ақша
айналысын ұйымидастыру және реттеу тәртіптері қамтылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. Қазақстан Республикасының ақша бірлігі ретінде
100 тиыннан құралған 1 теңге болып табылады.
Ақша белгілеррінің түрлері. Егер 1991 жылы 1 қаңтарына дейін айналыста
қазыналық билеттер болса, онда қазіргі кезде Қазақстан Республикасының ақша
белгілері болып олардың өсу құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне
қабылданатын банкноттар мен монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің
міндеттемесі болып табылады және барлық ьактивтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын
ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша
эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге
асырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралы болып табылатын: қағаз және несие
ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты
бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесенің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін
атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын
банкнотамен айналысатын ығыстырылып шығарылды және қазынаға айналды.
Металдық айналысқа қатысты аталып өткен екі ақша жүйесі – биметализм
және монометаллизм тән.
Биметаллизм – бұл ақша жүйесінде жалпы құндық эквивалент ролін заңды
түрде екі металл атқарады.Алтын және күміс монеталар кең көлемде соғылып,
еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болады:
Параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар арасындағы қатынас
металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы түрде бекітілді;
Қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады; ақсақ валюта
жүйесі, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz