Биржа ісін талдау



Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

I. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1.1 Биржа және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Биржаның қызметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ. Биржа ісін талдау
2.1 Биржаны құрушылар мен мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Биржалық мәмілелер мен операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері
және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЕСЕП КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қор биржасы

Студент: Жангазиева А.

Тексерген: Нурымбетова Б.И.

Алматы, 2011 ж
Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. .3
I. Қор биржасының мәні мен міндеттері
1.1 Биржа және оның пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Биржаның қызметтер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ. Биржа ісін талдау
2.1 Биржаны құрушылар мен мүшелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Биржалық мәмілелер мен операциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
2.3 Қазақстан Республикасы биржасының негізгі мәселелері
және оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..22

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға
өтуі қоғамдық өндірістің сипатын, атап айтқанда, меншік қатынастарын;
шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін;
олардың өзара қаржылық байланыстарының формаларын; қоғамның барлық
топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделік дәрежесін өзгертуде. Сонымен
қатар, 90-шы жылдардың орта тұсында пайда болған Қазақстан бағалы қағаздар
нарығы (қор нарығы) қазіргі кезде де қалыптасып даму шағында. Қазіргі
заманғы қор биржалары әрине, өздерінің түп тамырынан мүлде өзгеше, бірақ
бұған қарамастан осы уақыттың ішінде биржалық сауданың негізгі қағидасы
өзгерген жоқ. Биржа дегеніміз бұл – ұйымдастырылған, дәйекті жұмыс істейтін
нарық, онда  сұраныс пен ұсыныстың негізінде ресми түрде белгіленетін
бағалар бойынша бағалы қағаздар саудасы (қор саудасы), стандарттар мен
үлгілер бойынша көтерме сауда (тауар саудасы) немесе валюта саудасы
(валюта) іске асырылады. Мен осы курстық жұмысымда қор биржасының
қалыптасуы, биржа ісі, дамуы жөнінде мәселелерді қарастырдым. Өз жұмысымның
мақсаты деп, жалпы қор биржасы туралы, елімізде оның қажеттілігі,
маңыздылығы, дамуы немесе даму кезінде пайда болған мәселелерді ашып,
оларға түсінік беру. Курстық жұмысымның өзектілігі қор биржасындағы қызмет
әлеуметтік-экономикалық жағдайға, республиканың даму темпіне тікелей әсер
етеді. Қор нарығы нарықтық экономикада ерекше бөлінеді, ал қор нарығының ең
маңызды бөлігі қор биржасы, сондықтан да қор биржасына ерекше көңіл бөлу
керек. Бұл нарықтың сату-сатып алуының объектісі арнайы тауар - бағалы
қағаздар.Курстық жұмысымның бірінші бөлімінде, жалпы биржаның пайда болып
қалыптасуы, түрлері, соның ішінде қор биржасының мәні, міндеттері туралы
айтылып кеткен; екінші бөлімінде биржа ісіне талдау жасалынған, яғни оның
операциялары, мәмілелері, шарттары, қазіргі кездегі еліміздің биржалық
саясаты, жағдайы жайында; үшінші, соңғы бөлімде Қазақстан Республикасының
қор биржасының басқа елдермен салыстырғандағы пайда болған проблемалар және
оларды шешу туралы үкіметтің жарғылары, шешімдері туралы айтылып кеткен.
Еліміздің қор биржасының жоғары деңгейде дамуы, Қазақстан қор
биржасының (KASE)1993 жылы 17 қарашада Қазақ банкаралық валюта биржасы
деген атпен құрылғанынан басталды. KASE – коммерциялық ұйым, ол акционерлік
қоғамның ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында жұмыс істейді. KASE-нің 69
акционері бар (01.11.08 жылғы дерек бойынша) – Алматы қаласының аймақтық
қаржы орталығы АҚ (ең ірі акционер), банктер, брокерлік-дилерлік
ұйымдар, активтерді басқару жөніндегі компаниялар, ҮЕЗҚ және басқа да
қаржылық ұйымдар Қазіргі кезде Қазақстан экономикасын жақсартып, бекіту
үшін қор нарығын дамыту керек және де қор нарығы әр түрлі меншік
нысандарының және кәсіпкерліктің еркін қызметін қамту керек.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде бағалы қағаздар нарығы үлкен
орын алады, ол капиталдың қозғалысын реттеп және оның өзін өзі реттеу
жағдайларын жасай отырып, олар сонымен қатар портфельді инвестициялар ағымы
арқылы дамуына ықпал етеді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы -ақша
массасының өсуін шектейтін, несие-ақшалай институтарының баланстарының
заңдылығын қолдайтын және мемлекет бюджетінің дефицитін қаржыландыратын
қайнар көзі.
Қазақстанның қор нарығы өзін инвестициялық механизм ретінде әлі де
көрсете алған жоқ. Республиканың елбасы Н.Ә. Назарбаев қаржы секторы
реформасын аяқтап және бағалы қағаздар нарығын шығаруға шақырады және де
оны реттеуде мемлекеттің үлкен ролін айтады. Мемлекет мұнда екі түрлі
қатысады: берілген қызметтің заңдылығын қанағаттандыратын гарант рөлінде
және дербес қатысушы-комитет ретінде. Қазақстандық қор нарығының аз
мерзімдік болашағы бүгінгі таңда жеткілікті түрде тұманды болып көрінеді.
Үлестік құралдармен бірге жоғары емес айналымдар қазақстандық бағалы
қағаздарға деген сұраныстың жоқтығын куәландырады, дегенмен нарық үшін оң
сәттер де бар.

І Қор биржасының мәні мен міндеттері

1.1 Биржа және оның пайда болуы

Қазақстан Заңында Биржа қызметтер көрсетуден алған табыстары оның
шығындарын өтеуге, биржа мен биржалық инфрақұрылымды ақпараттық техникалық
және әлеуметтік дамуға пайдаланатын субъект деп жазылған [7;1].
Әлемде алғашқы тауар биржалары XVI ғасырда Еуропаның сауда
орталықтарында: 1531- Анвертпен(Нидерландыда), 1549 жылы-Лион, Тулуза
(Францияда), 1556жылы-Лондон пайда болды. Ресейде алғашқы биржа І Петрдің
басшылығымен Санкт Петербургте 1703-1705 жылдары құрылды. АҚШта (Чикагода)
1848 жылы пайда болды. Әдетте көп мөлшердегі тауарларды сату арнайы
орындарда, мысалы, базарда, жәрмеңкеде, дүкенде өткізіледі.Таоихи осындай
жерлердің бірі биржа деп аталды. Осыдан биржа ұғымының негізіне сауда
жүргізілетін жіне тауарды сатушы мен сатып алушы кездесетін орын жатты
Міне осы белгілер биржа деген ұғымды басқа да сауда жүргізетін ұйымдармен
біріктіреді.
Биржа деген термин ежелгі грек сөзі - "бурзэ", яғни әмиян деген
мағынаны аңғартады. Биржа ұғымы оның мәнін, яғни сауда жүргізетін алаң
екенін білдіреді. Бірақ кез келген сауда жүргізетін орын биржа днп
аталмайды. Биржа – заң жүзінде ұйымдастырылған көтерме сауда нарығы. Биржа
ұғымының элементтерін 1.1 суретпен өрнектеуге болады.
Алғашқыда тауар биржасы саудаға нақты тауар түсетін орын ретінде, яғни
онда тауарлар сатылатын және сатып алынатын биржа ретінде пайда болды.
Алайда экономиканың қарқынды дамуы және сауда көлемінің жедел өсуіне
байланысты бүкіл тауарлар қозғалысын биржа арқылы ұйымдастыру мүмкін емес
еді. Нәтиесінде ХХ ғасырда нақты тауарлар саудасы биржадан тыс айналымға
ауысты. Дегенмен тауар биржасы біржола жойылған жоқ. Әрі қарай ол екі
жолмен дами бастады. Еуропаның көптеген тауар биржалары тауар нарықтарының
конъюктурасын айқындайтын, кеңес беретін және т.б. шаралар жүргізетін
орталықтарға айналды. Бірсыпырасы фьючерстік тауар нарығын меңгеріп, яғни
фьючерстік шарт жасасу негізінде тауарларды сатып алу сатуды ұйымдастырды.
Фьючерстік биржалық сауданың механизмі әмбебап болғандықтан оны қор
биржалары да, валюта биржалары да меңгереді. Нәтижесінде бір жағынан
әртүрлі биржаның арасындағы көптеген өзгешеліктер жойылса, екінші жағынан
барлық биржалар әмбебап биржалар ретінде қызмет етуде. Тауар биржасы
қазіргі биржалардың алғашқы нұсқасы. Оларда сатылған активтер түріне
(тауар, бағалы қағаз, валюта) байланысты кейін қор биржасы және валюта
биржасы бөлініп шықты.Биржа дамуының болашағын айтатын болсақ, қазіргі
кезде ғылыми техникалық прогресті пайдалану электрондық биржаны тарихи
аренаға шығарды, яғни биржалық сауданың бүкіл процесі компьютерленді. Осы
бағытта биржалық және биржадан тыс нарықтардың айырмашылығы жойылып,
нарықтық активтердің барлық түрін сататын, басқаратын, ұйымдастыратын
бірегей электрондық нарық пайда болды. Сөйтіп, XVI ғасырда пайда болған
ежелгі биржа атауы жаңа типтегі бірегей электрондық нарық компаниясына
өтуі мүмкін. Сонда биржа ұғымының мәні қазіргіден басқашатүсіндірілетін
болады.Aйтылғандарды 1.2 суретпен өрнектелік.
Әрбір биржаның жұмыс істеу ерекшеліктерін, құрылымын, басқару
органдарының құрамын білу үшін оның жіктелу нышандарын білу керек.
Әлемде әрбір биржалар бірсыпыра белгілерге байланысты жіктеледі:
Біріншіден, биржалық тауар түріне байланысты әлемдік практикада:
- Тауар биржасы;
- Қор биржасы;
- Валюта биржасы болып үшке бөлінеді.
Қазақстанда 1995 жылы қабылданған Тауар биржасы туралы заңда тауар
биржасы көтерме сауда орны деп аталған, Ол кезде елімізде акционерлік
қоғамдардың құрылып, олардың акциясын ұзақ мерзімді инвестициялауға және
мемлекеттік бағдарламаны қаржыландыруға жұмсау бағалы қағаздар нарығын
қалыптастыруға себепші болды. Бағалы қағаздар нарығының дамуын, бағалы
қағаздардың айналысын, тауарлар қозғалысын реттеу және қадағалау мақсатында
арнайы орган Қазақстан қор биржасы құрылды. Айта кететін жәйт, Қазақстан
қор биржасына тек бағалы қағаздар ғана саудаға түседі. Ал Ресейде, басқа
елдерден ерекшелігі, бағалы қағаздармен саудаеы тауар биржасы да, валюта
биржасы да жүргізеді.
Екіншіден, биржаны ұйымдастыру негізіне, яғни биржаны құрудағы
мемлекеттің роліне қарай әлемде биржа үш түрге бөлінеді:
- Ашық құқықтық, яғни мемлекеттік биржа. Ондай биржалар биржа туралы заң
негізінде құрылып, мемлекет бақылауында болады. Ол биржалардың мүшелігіне
белгілі бір мөлшерде айналымы бар және сауда тізіміне енгізілген сол
аймақтағы кез келген кәсіпкер кіре алады. Биржаға мүше емес жақтар да
кезекті күту билетін сатып алып бір рет мәміліге қатысады. Мұндай
биржалар Францияда, Белгияда, Голландияда кеңінен тараған.
- Жеке құқықтық, яғни жеке биржалар Англия, АҚШ елдеріне тән. Бұл
биржаларға мүше болып тек биржалық корпорацияларға енген жақтар ғана кіре
алады. Ол биржалардың мүшелері аз, шектеулі ғана болады. Биржаның бұл
түрі әдетте мүшелік жарна төлейтін қоғам.
- Аралас биржалар олар контитентальды Еуропаға тән. Олар қор биржасында кең
өріс алған. Мысалы, Веналық қор биржасы. Егер биржа акционерлік қоғам
формасында құралса, онда мемлекеттің қарауында акцияларының біразы
болады. Ол жағдай атқарушы үкімет өкілдерінің биржаның басқару
органдарына енуіне және оның ісін бақылауға құқық береді.
Үшіншіден, биржаның құқықтық жағдайы, яғни биржаның статусы бойынша
биржалар негізінен акционерлік қоғамдар немесе жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктер ретінде тіркеледі.
Төртіншіден, биржалық саудаға қатысушалар тұрғысынан ашық және жабық
биржалар болып құрылуы мүмкін. Жабық биржа саудасына делдалдар ретінде
биржа мүшелері ретінде биржа мүшелері ғана қатысады. Сатып алушылар мен
сатушыларға биржа жабық болады. Шетелдердегі қазіргі биржалар негізінен
жабық биржа түрінде ұйымдасқан, себебі биржалық сауда жоғары қауіпті және
де олар жоғары мамандықты талап етеді.
Ал ашық биржа саудасына биржа мүшелерінен және делдалдардан басқа
қатысқысы келгендерде кіруіне болады.
Бесіншіден, тауардың құрамы, яғни номенклатурасы бойынша биржалар
әмбебап және маманданған болып та жіктеледі. Биржаларды мұндай жіктеу тауар
биржаларына тән.
Әмбебап биржаларды әртүрлі тауардың мол тобы саудаға түседі, ал
маманданған биржалар не бір тауар түрін сатуға, не болмаса әртүрлі тауарлар
тобын сатуға маманданған.
Алтыншыдан, әлемдік саудадағы биржаның орны және роліне байланысты
халықаралық және ұлттық биржалар деп те бөлінеді.
Халықаралық биржа- сатып алу, сату мәмілелерімен тұрақты сауда
жүргізумен бірсыпыра мемлекеттерді қамтмтын көтерме нарықтың ерекше түрі.
Халықаралық биржалар әлемдік нақты тауар және қор нарықтарына қызмет
етеді. Мұндай биржалардың жұмысына әр түрлі мемлекеттердің іскер адамдары
қатыса алады. Халықаралық биржалар орналасқан мемлекеттер биржалардың
қызметін қамтамасыз ететін валюта, сауда және салық режимдерін орындауы
тиіс. Халықаралық биржа өз кезегінде тауар, қор, валюта биржалары болып та
бөлінеді.Халықаралық қор биржаларына Нью Йорк, Лондон, Токио қор биржалары
жатады.
Қор биржасы- бұл құнды қағаздар қалыпты айналысына қажетті
жағдай жасау, бұлардың нарықтық бағасын анықтау және олар жөнінде
ақпараттар тарату өз қызметінің ерекше тақырыбы болып табылатын ұйым.
Алғашқы қор биржасы XVI ғ. Голландияда бағалы қағазды (облигация, содан
кейін акция) шығару және сату үшін пайда болған. Ал XVII ғ. биржалар тауар
жөне қор биржасы болып бөліне бастады. Қор биржаларының ең кең түрде
дамыған кезі капитализмнің монополизм сатысына өту кезі, яғни XX ғ. бас
кезі. Ол уақытта қор биржаларының негізгі операциялары өндіріс
көсіпорындарының акцияларын шығару және сату болды. Биржа өнеркәсіп циклын
және жалпы елдің экономикасы мен саясатындағы өзгерістерді қадағалап
отыратын барометр сияқты. Сондықтан қор биржасы өнеркөсіптің өрістеу
фазасында экономиканын өсуін ал дағдарыс фазасында оның баяулауына себепті
болады.
Қор биржасының мақсаты- бағалы қағаздар мен сауда жасау үшін
көпшілікке жағдай жасау, бағалы қағаздарға ұзақ мерзімге ақша қаражатын
салушы жеке институционалдық инвесторларды тарту, инвесторлардың,
клиенттердің және биржа мүшелерінің мүддесін қорғау.
Қор биржасы құнды қағаздардың екінші нарығын ұйымдастырады. Биржадан
тыс нарық әлбетте құнды қағаздардың шығарылымын қамтиды. Онда несие - қаржы
институттары ұжымдық салушы ретінде іс - әрекет жасайды. Биржадан тыс
нарыққа көбінесе облигациялардың үлкен бөлігін орналастырады. Биржада
керісінше құнды қағаздардың бұрынғы шығарылымдары, негізінен акционерлік
қоғам акциясының бағасы белгіленеді.
Қор биржасы жабық акционерлік қоғам формасында құрылады және кемінде
үш мүшесі болуы тиіс. Тек қор биржасынығ акционері ғана оның мүшелері бола
алады. Ол коммерциялық емес ұйым, оның мақсаты пайда табу емес, өзін - өзі
өтеуге негізделген және өз қызметінен өзінің мүшелеріне табыс төлемейді.
Қор биржасы инвестиция институты қызметімен шұғылданбайды, бірақ биржаға
құқық беретін өз акцияларынан шығарып, сата алады. Қор биржасы кәсіпорындар
туралы заңға сәйкес тіркеліп, Қаржы министрлігінде құнды қағаздармен биржа
жұмысын жүргізуге лицензия алады.
Қор биржасы мен басқа биржалардың қор бөлімдері заң тәртібімен
бекітілген ереже, биржа жарғысы, құнды қағаздармен жасалатын мәмілелердің
ішкі ережесі негізінде жұмыс істейді.

1.2 Биржаның қызметтері

Биржаның қызметіне тек биржаның өзі ғана айналысатын, басқа
бірде бір сауда ұйымдары жүргізбейтін істер жатады. Оны 1.3 суретпен
өрнектеуге болады. Қор биржасы кәсіпорындар туралы заңға сәйкес тіркеліп,
Қаржы министрлігінде құнды қағаздармен биржа жұмысын жүргізуге лицензия
алады.Құнды қағаздар операцияларын тауар және биржалардың қор бөлімдерінде
де лицензиясы бар болса, жүргізе алады.
Қор биржасы мен басқа биржалардың қор бөлімінде заң тәртібімен
бекітілген ереже, биржа жарғысы, құнды қағаздармен жасалынатын мәмілелердің
ішкі ережесі негізінде жұмыс істейді.
Қор биржасының қаржы қызметі мыналардың есебінен жүзеге асырылуы
мүмкін:
- қор биржасының оған мүшелікке енуге құқығын беретін акцияларын сату;
- қор биржасы мүшелерінен мүшелік жарналары;
- биржада жасалынған әрбір мәміледен алынатын биржа алымы;
- биржа қызметіне түсетін басқа табыстар;
Биржаның табыстары оның қызмет ауқымын ұлғайту мен жетілдіруіне
байланысты шығындарды жабуға жұмсалады. Қор биржасы қаржы министрлігімен
келісе отырып құнды қағазды саудаға жіберу — листинг, сондай-ақ оларды
шығару делистинг ережелерін белгілейді

ІІ Биржа ісін талдау

2.1. Биржаны құрушылар мен оның мүшелері. Басқару органы.

Биржа оның құрушыларының (құрылтайшы) еркімен және қызмет ету
мерзімінің шектеусіз құралады. Сондықтан биржаның құрылтайшылары деп өзара
құрылтай шартын жасасқан ерікті топ мүшелерін есептейді.
Құрылтайшы көп болса, соғұрлым биржаның қаржылық материалдық
жағдайы мықты болады деп саналады. Құрылтайшының құрамы биржаның түріне
байланысты болады. Биржаны құрушылардың оны ұйымдастырушысы ретіндегі
міндеттері:
- Биржаның ішкі нормативтік құжаттарын дайындау;
- Биржалық сауданы ұйымдастыру үшін қажетті мүліктерді қалыптастыру;
- Биржаның ұйымдық құқықтық формасына сәйкес көлемде жарғылық капитал
жинақтау;
- Биржа мүшелерін даңдап алу;
- Белгіленген тәртіп бойынша биржаны тіркеуден өткізу;
- Биржалық сауданың ұйымдастырушы құқығын беретін лицензиясын алу;
- Биржа мүшелерінің жалпы жиналысын өткізу.
Биржаның жарғысына сай оның мүшесі болып жарғылық капиталын
қалыптастыруға не мүшелік жарна, не жабдықтарына мақсатты жарна төлеген
жақтар саналады. Жеке тұлға да, заңды тұлға да биржа мүшесі болуы мүмкін.
Қор биржасын құрушы тек бағалы қағаздар нарығына кңсіби қатысушылар
ғана, ал валюта биржасын валютамен операциялар жүргізуге құқық беретін
лицензиясы бар коммерциялық банктер немесе қаржылық ұйымдар.
Қор биржасы бағалы қағаздар нарығында сауданы ұйымдастырады, ол
коммерциялық ұйым емес. Бағалы қағаз нарығына кәсіби қатысушылар ғана оның
тең құқықты мүшелері болып есептеледі. Қазақстанда бағалы қағаздар
нарығының кәсіби қатысушысына коммерциялық банктерді де жатқызады,
сондықтан олар биржа мүшесі болуы мүмкін.
Қазақстан қор биржасының мүшесі, әдетте, заңды тұлға болады.
Шетел тәжірибесінде, мысал, АҚШ-та жеке тұлғалар, кейбір мемлекеттерде
(Жапония, Канада) заңды тұлғалар биржа мүшесі болады. Ал үшінші
мемлекеттерде (олар көпшілік) жеке немесе заңды тұлға днп бөлмейді. Лондон
қор биржасының мүше-фирмалары үш категорияға бөлінеді:
- Аса маңыздысы деп есептелінеді, оған я дилер, я брокер, я бір уақытта
әрі дилер, әрі брокер бола алатындар кіреді. Егер биржа мүшесі
дилерлік қызметпен шұғыплданса, ол биржада маркет –мейкер ретінде,
яғни нарықты ұйымдастырушы ретінде тіркеледі. Әдетте, бұндай функцияны
өзіне тек ірі фирмалар ғана алады. Одардың қызметі-міндетті баға
белгілеу кезі деп аталатын белгіленген кезде белсенді түрде бағалы
қағаздарды сатып алумен (сатумен) шұғылдану. Ол кезде нарықты
ұйымдастырушылар мәмілеге келгісі келген бағаны ұсынады.
Ұйымдастырушылардың көптігі және олардың өзара бәсекелтігі бағалы
қағаздарға дәлелді баға қалыптастыруға тірейді. Нарықты
ұйымдастырушылар баға белгіленгенде екі бағамды көрсетуі тиіс: сатып
алушының сұраған бағасы және сатушының ұсынған бағасы. Мысалы, 143 –
6. 10x10 түріндегі баға белгілеу деген нарықты қалыптастырушы 10000
дана акцияға дейін 143 пенс бағамен сатып алуға дайын және 10000 дана
акцияға дейін 146 пенс бағамен сатуға дайын екенін білдіреді. Сонда
бағамдар арасындағы айырма  (146-143=3пенс) спрэд немесе
бағамдық пайда болады.
- Дилераралық брокерлер, яғни бірімен – бірі жасырын (аноним) түрде
өзара қатынас жасағысы келген нарықты ұйымдастырушыларға делдалдық
көрсететін фирмалар. Нарықты ұйымдастырушылардың дилераралық
брокерлерді пайдалануы бәсекелестерінен бағалы қағаздар бойынша өзінің
ағымдағы позициясын жасырып қалуына мүмкіндік береді.
- Ақшалы брокерлер.Олардың атқаратын негізгі қызметі – нарықты
ұйымдастырушылар үшін бағалы қағаздарды шеттен алып пайдалану.
Биржа мүшелері мемлекеттік заңнамалардың және биржалардың өздерінің
талаптарын орындайды. Әдетте, заңдар биржаның мүшелігіне жалпы талаптар, ал
биржаның ішкі нормативтік-құжаттары қосымша талаптар қояды. Мысалы, биржа
өз жарғысында мүшелікке өткізгісі келген ұйымдардың тізімін анықтау
қажеттілігін көрсетуі мүмкін; сондай-ақ жеке жақтардың мамандық
аттестациясы міндетті түрде болуы қажет.
Биржа мүшелерінің құқығы мыналар:
- Биржаның жалпы жиналысына қатысу және оның ісін басқару;
- Басқару және бақылау органдарын сайлау және оларға сайлану;
- Биржаның мүлкін, ақпаратын және көрсететін барлық қызметін пайдалану;
- Биржа залында өз атынан және өз есебінен (дилер қызметін орындау),
сондай-ақ клиент атынан және клиент есебінен (брокер қызметін орындау)
сауда жүргізу;
- Биржа жабылғаннан кейін оның қалған мүлкін алуға қатысу.
Биржа мүшелерінің міндеттері:
- Биржаның жарғысын және басқа да ішкі нормативтік құжаттарын орындау;
- Жарғыда және нормативтік құжаттарда көрсетілген мөлшерде және тәртіпке
жарна төлеу;
- Биржаның мақсатын, міндеттерін орындауға және дамуын қамтамасыз етуге
атсалысу.
Биржа мүшелерінің саны шектеулі, ол жарғылық қордың көлеміне
және бір акцияның көрсетілген құнына (номиналына), сондай-ақ жарғы бойынша
биржаның бір мүшесі қанша акция иеленуге құқығы барлығына байланысты
болады. Акция биржа мүшесінің өз құқығын пайдалануға мүмкіндік береді.
Әдетте, биржа мүшесі өз міндеттері мен құқығына биржаға кіру жарнасын және
акциялар құнын төлегеннен кейін ғана ие болады. Биржа мүшесінің құқығы
биржадағы орынның құнын білдіреді, ал орын-ол биржа мүшесінің меншігі.
Егер биржа мүшесі оның құрамынан шыққысы келсе, орын сатылуы, жалға берілуі
мүмкін. Орынның құнын Биржалық комитет анықтайды. Ол сұранысты пен ұсынысқа
байланысты өзгеріп отырады. Биржаға жаңа мүшелерді алу жарғыда
қарастырылады.

2.2. Биржалық мәмілелер мен операциялар

Биржалық мәмілелер деген биржалық саудада оған қатысушылардың
тауарды сатып алу және сату барысында биржалық тауарларға құқығы мен
міндеттерін біріне-бірі беру туралы жасасқан келісім шарты. Шарт бекітілген
тәртіп бойынша биржадан тіркеуден өткізіледі.
Мәміліге келгенде оның төрт жағын ескеру керек:
- Ұйымдастыру жағы-ол мәміліге қажет құжаттар мен оны пайдаланудың
тәртібін көрсетеді;
- Экономикалық жағы-ол мәміле жасасқанда ескеретін оның мәнін, нәтижесін
және тәуекелін көрсетеді;
- Құқықтық жағы-ол мәміле бойынша екі жақтың құқығы мен міндетін және
мүліктік жауапкершілігін көрсетеді;
- Этикалық жағы-ол мәмілелерге қоғамды көзқарасты көрсетеді. Осы
тұрғыдан алғанда мәміле жасасқанда белгілі бір нормалардың болуы және
олардың сақталуы қажет. Мәміленің этикалық жағы биржалық тауарларға
сенімі мен жеке инвестордың өз жинағын соған салуға деген ынтасын
көрсетеді.
Мәміленің мазмұнын бағалы қағаздармен жасалған мәміле мысалында қарап
өтелік. Ол үшін міндетті түрде мына мәліметтер болуы шарт:
Біріншіден, мәміленің объектісі, яғни сатып алынатын және сатылатын
бағалы қағаздар;
Екіншіден, мәміленің көлемі, яғни сату үшін ұсынылған немесе сатып
алуға қажетті бағалы қағаздардың саны;
Үшіншіден, мәмілеге келген баға, яғни келісілген баға болуы керек;
Төртіншіден, мәмілені орындау мерзімі, яғни сатушы әкелетін, ал сатып
алушы бағалы қағаздарды қабылдап алу уақыты көрсетілуі керек;
Бесіншіден, мәміле бойынша есеп айырысу, яғни сатып алушы сатып алған
бағалы қағаздарға төлем жүргізілуі керек. Кез келген мәміле 2.1 суретте
өрнектелген қозғалыс циклін қамтиды.
Мәміле жасау тәсіліне қарай бағалы қағаздармен мәміле бекітілген және
бекітілмеген болып бөлінеді. Бекітілген мәмілеге қағазға жазылған мәмілелер
мен компьютерлік (электрондық) мәмілер жатады. Ал бекітілмеген мәмілеге
ауызша немесе телефон арқылы келісілген мәмілелер жатады. Мәміленің
қозғалысындағы бекіту циклі сатушы мен сатып алушы арасында тікелей немесе
делдал арқылы бекіту блып екіге бөлінеді. Егер биржалық тауар мәмілесі
сатып алушы мен сатушы арасында жасалса, ол мәміле тікелей бекітуге жатады,
ал екі жақтың арасында брокер жүрсе, ол мәміле делдал арқылы бекітуге
болады. Мәмілені тікелей бекіту көшедегі нарықта, биржадан тыс
компьютерлік саудада болуы мүмкін. Делдал арқылы жасалатын мәміледе
брокердің қызметін банк немесе ірә қаржылық компания орындауы мүмкін. Өз
қызметін олар сатушыға да, сондай-ақ сатып алушыға да көрсетеді.
Алайда,мәмілені мәмілеге келуші екі жақ орындай алады, брокер тек екі жақты
– сатушыны сатып алушы үшін, керісінше, сатып алушыны сатушы үшін тауып,
оларды бір-біріне кездестіруші ғана. Бұндай мәміле биржадан тыс нарыққа
тән. Биржада екі брокер болуы тиіс, біреуі сатушының мүддесін қорғаса,
екіншісі сатып алушының мүддесін қорғайды (2.2 сурет). Биржалық және
биржадан тыс нарықтарда саткшы мен сатып алушы дилер арқылы байланыста
болуы мүмкін, онда олар өзара тікелей байланыста болмайды(2.3 сурет).
Қор биржасына жеке корпорациялардың, мемлекеттік органдардың немесе
шетелдердің бағалы қағаздары (әдетте, тек акциялар мен облигациялар)
айналысқа түседі. Айналымдағы шетелдік қағаздардың құрылымы мемлекеттер
бойынша ажыратылады. Мысалы, қай мемлекеттен қанша бағалы қағаз айналымға
түсетіні алдын ала анықталады. Францияға қарағанда АҚШ–тың, ГФР–дың мәне
Жапонияның биржалық операцияларында мемлекеттік бағалы қағаздар мөлшері өте
көп емес. Биржа комитетінің шешімі бойынша биржа айналымына, әлбетте, ірі
корпорациялардың бағалы қағаздары түседі. Мысалы, АҚШ–та егер корпорацияның
биржадан түсетін таза пайдасының төменгі шегі $1 млн кем бомаса, сонда ғана
ол корпорацияның бағалы қағаздары биржаға жіберіледі. Ол үшін алдын ала
биржа басқармасы кеңесінен келісім алып, оны бағалы қағаздар операциясы
комиссиясында тіркеуден өткізу керек. 2011 жылдың 1-ші тоқсанындағы
мемлекеттік емес бағалы қағаздармен (МБҚ) жүргізілген жұмыстың қорытындысы
мәмілелердің көлемдерін келтіре отырып, 2.4-ші суретте көрсетілген.
Қор биржасында операциялар (2.5 сурет): кассалық және мерзімдік болып
екіге бөлінеді. Кассалық мәміле дереу орындалады. Мысалы, биржа залында
дереу орындалса Т+0 немесе бекіткен соң 3 күннен кейін орындалса Т+3
формуласыиен өрнектеледі, бұнда Т мәмілені бекіткен уақыт. Мерзімдік
мәміле бойынша сатушы бағалы қағаздарды белгіленген уағытта жеткізіп
береді, ал сатып алушы мәміле арты бойынша ақша төлеуге және бағалы қағазды
қабылдап алуға міндеттенеді.
Бағалы қағаздардың курсы әр түрлі болуы мүмкін. Онда кассалық
бағасы, мерзімдік мәмілеге түсетін қағаздардың бағасынан өзгеше болады. Шын
мәнінде мерзімдік мәміленің айырмашылығы да қағаздың бағамында. Сондықтан
мерзімдік мәмілені алыпсатарлық мәміле деп те атайды. Алыпсатардың
мақсаты–биржадағы құндылықтардың, яғни бағалы қағаздардың сатып алу–сату
бағасы арасындағы айырмасынан пайда табу.
Мерзімдік мәміленің көптеген түрі болады. Мәміле бойынша
есептесу бағасына байланысты екіге бөлінеді: мәмілені бекіту кезіндегі
нарықтық баға немесе орындалу кезіндегі баға. Олар: мәміле бойынша есептесу
мерзіміне байланысты да бөлінеді: мәмілені орындау мерзіміне сай келетін
белгілі бір күннен кейін (егер орындау мерзімі бір ай деп белгіленсе, онда
1 наурызда бекітілген мәміле 1 сәуірде орындалуы тиіс және т.с.с.),
сондай–ақ мәміле белгілі бір нақты айда бекітілуі мүмкін, онда оның
орындалу мерзімі я айдың ортасы, я соңы болуы керек (мысалы наурыздың кез
келген жұлдызындағы мәміле сәуірде бекітілуі мүмкін, ал орындалу мерзімі я
сәуірдің 15, я сәуірдің соңғы жұлдызы). Олар тек кейбір іс–әрекеттер
вариантымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының қор биржалары
Қор биржасы және биржалық сауданы ұйымдастыру
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары
Биржалық қызмет бағдарлары және Қазақстандағы қор биржалары
Қор нарығының қазіргі замандағы жай-күйі және халықтың жинақтарын инвестицияларға айналдырудың негізгі механизмдері
Қор биржалары
Тауар биржасының қызметі
Валюталық биржа
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Қор биржасында атқарылатын биржалық операциялар
Пәндер