Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтер



Жоспар:
I.Кіріспе
1.1 Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.
1.2 Инвестициялардың жіктелуі.
1.3 Қазақстанның инвестициялық саясаты
1.4 Тікелей шет ел инвестициялары

II.Қорытынды
III.Қолданылған әдебиеттер

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I.Кіріспе
1.1 Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.
1.2 Инвестициялардың жіктелуі.
1.3 Қазақстанның инвестициялық саясаты
1.4 Тікелей шет ел инвестициялары

II.Қорытынды
III.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Инвестиция - пайда табу, дивиденд алу не болмаса басқандай кіріс кіргізу мақсатымен кәсіпорындарға, құрылыс жұмыстарына, ауыл шаруашылық өндірістеріне ұзақ мерзімдік күрделі қаржы, немесе құнды қағаз жұмсау.
Күрделі қаржыны жұмсау орнына байланысты инвестиция:
:: ішкі (өз елінде пайдаланатын), сыртқы (шет елге шығарылатын) болып бөлінеді. Ішкі инвестициялар нақтылы және қаржылы болып бөлінеді;
:: сыртқы инвестиция тікелей және портфельді (қаржынды) болып бөлінеді.Инвестицияны акционерлік және сақтандыру ұйымдары, сауда банктері, инвестициялық трестер және жеке кәсіпкерлер бере алады№ Негізгі капиталды (қорды) кеңейтуге не орнын толтыруға, мүлік-заттық - өндірістік қорды молайтуға жұмсалған ішкі инвестиция нақтылы деп аталса, ал құнды қағаздар (акциялар, облигациялар т.б.) сатып алуға жұмсалған ішкі инвестиция қаржылы деп аталады. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының инвестициялық саясаттағы басты мақсаты - ұлттық мүдделерін сақтай отырып шетелдік инвестициялардың келуін ынталандыру мен шетелдік және отандық инвестицияларды экономиканың басым салаларына тарту үшін қолайлы жағдай жасау. Осы мақсаттан туындайтын Қазақстандағы ең басты стратегиялық міндеттердің бірі әрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік беретін тікелей және қоржындық инвестицияларды тарту болып келді. Қазақстан шетелдік инвесторларға күрделі қаржылардың, технологиялардың, басқару мен маркетинг саласындағы тәжірибенің маңызды көзі ретінде қарай отырып, дәйексіз және бұлыңғыр саясат нәтижесінде өзінің ұлттық мүдделеріне қысым жасалуына жол бермеуге тиіс.

1.1. Инвестициялардың жалпы түсінігі және атқаратын қызметтері.
Инвестиция термині экономикалық сөздіктерде жаңа термин болып саналады. Бұрынғы экономикалық ғылымда негізгі фондтар бойынша жұмсалған біруақыттағы шығындар болып саналған капитал салымы ұғымы кең қолданыс тапқан.Инвестиция термині нарықтық экономикаға өту барысында пайда болды, алайда экономиалық әдебиеттерде бірыңғай ұғымын тапқан жоқ.Инвестициялаудың бір көзі - шетел капиталы болғандықтан, оның түсінігін ашу үшін әртүрлі авторлардың берген анықтамаларына қысқаша тоқталған жөн.
Күнделікті өмірде кез келген салымдар инвестиция ретінде түсініліп келеді. Приватизациялау және инвестициялаудың портфелі атты жинақтың авторы былай деп жазады: Инвестиция ұғымы қысқа немесе ұзақ уақытта пайда табу мақсатында қаржы ресурстарының әртүрлі активтерге салынумен байланысты құбылыстарға қолданылады. Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері болатын активтердің болмысына байланысты инвестициялардың материалды активтерге немесе реалды капитал және материалдық активтерге емес салынатын түрлері ажыратылады.Шетел авторлары да бұндай нақты емес және жалпы анықтама береді: Инвестициялар (салымдар) өте кең таралған - деп жазады Й. Ворет және П. Ревентшоу. - Тұрмыстық деңгейде инвестициялар жайлы акция немесе облигациялар сатып алған жағдайда айтылады. Ал кәсіпорындарда қаржы машиналар мен ҒТП-ке инвестицияланады.
Шетел инвестициялары жайлы отандық заңда былай делінген: Инвестициялар - бұл барлық мүліктік игіліктер мен оларға деген құқық, сонымен қатар, пайда табу мақсатында кәсіпкерлік объектілеріне инвесторлардың салатын интеллектуалды меншікке деген құқығы. Алайда, экономикалық көзқараста интеллектуалды меншікке деген құқық материалды байлықты көбейтумен тікелей байланысты емес. Бұл жерде меншікке деген заңды акт жайлы немесе меншіке құқығын беру жайлы сөз етіліп отыр.Нақтырақ анықтама Инвестициялық-қаржылық портфель кітабында берілген: Инвестициялар - капиталды қайта қалпына келтіруге (қолдауға, кеңейтуге) бағытталған қаржы көздерінің шығыны.
Кейнс инвестициялық процесті былай сипаттайды: Инвестициялар - бұл белгілі бір уақыттағы өнеркәсіптік әрекетінің нәтижесінде пайда болатын ағымдағы капитал құндылығының өсімшесі, немесе белгілі уақыттағы табыстың пайдаланылмаған бөлігі.
Фельзенбаумның айтуынша: Инвестицияларды капитал салымы ұғымына жақын реалды инвестициялар деп және қаржылық (портфельді) инвестициялар, яғни акция, облигацияларға және де басқа құнды қағаздарға салынған салымдар, деп бөлуге болады.

М.Т. Оспанова мен Т.И. Мухамбетовтардың пікірінше, инвестиция ұғымының анықтамасын белгілеуде олардың тек құрылымдық жағына ғана емес, сонымен қатар, олардың мақсаттылық бағытына назар аудару қажет. Бұл көзқарас бойынша инвестициялар жалпы ұлттық өнімді өндіруге шығындалатын табыстың маңызды бөлігін құрайды және өнеркәсіп тиімділігін жаңа заманауи технологиялар мен материалдар енгізу арқылы кеңейту мен жаңартуға кететін шығындар арқылы сипатталады.Бұндай көзқарасты В.В. Бочаров та ұстанады: Инвестицияларды статика да емес, динамикада, яғни меншік формаларының ауысып олардың берілген бір уақыттағы инвестициялық іс-әрекеттің соңғы өніміне айналу процесінде қарастырған жөн. Басқа сөзбен айтқанда, инвестициялар - бұл берілген бір уақыттағы тұтынуға қолданылмайтын табыстың бөлігі. Осындай түсінікте инвестициялар салудан табыс алғанға дейінгі ауысу тізбегін көрсетеді.
Инвестицияларға жататындар:
-Қаржы көздері, банктік салымдар, акциялар және басқа да бағалы қағаздар;
-Жылжыйтын және жылжымайтын мүлік (ғимараттар, құрал-жабдықтар, және басқа да материалды игіліктер);
-Авторлық құқықтар, жерді қолдану құқығы;
-Меншіктік құқытар, тәжірибе және басқа да интеллектуалды игіліктер;
Инвестициялаудың негізгі объектілері:
-Жаңа құрылып жатқан, реконструкторланып жатқан және кеңейтіліп жатқан негізгі фондтар және де барлық шаруашылықтағы айналым көздері;
-Бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар және т.б.);
-Қаржылық салымдар;
-ғылыми-техникалық өнім және басқа да меншік объектілері;
-меншік құқығы және интеллектуалды меншік құқығы;
Инвестициялық іс-әрекет заңды және жеке тұлғалардың, ал мемлекет көлемінде инвестицяларды жүзеге асыру және инвестициялық процестің сәтті орындалуына бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы.
Ресурстарды салу мен табыс немесе әлеуметтік эффект алу процестердің неғұрлым тиімді үйлесуі инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келуі негізінде жүзеге асуы керек.Нарықтық экономикаға дейінгі әкімшіл-әміршіл экономика кезінде инвестициялық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес болу шартын елемегендіктен, инвестициялық процестің экономикалық тиімділігінің төмендеуіне, шығындарға әкелген бітпеген құрылыс көлемінің өсуі, капитал салымдары көлемінің бекерге жұмсалуын туғызды.
Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық сұраныстың 2 түрі ажыратылады:
-потенциалды сұраныс;
-нақты сұраныс;
Потенциалды сұраныс, кей кезде оны формальді деп атайды, инвестициондық потенциал, яғни болашақ инвестициялауға ниет болып табылады. Сұраныстың бұл түрі әдетте жеке және заңды тұлғалардың берілген бір уақыт мерзімдегі табысты иелене тұрғандағы оны қорлану мен көбеюге жұмсауға қызығушылығы тумаған жағдайларда пайда болады.
Инвестициялық сұраныстың екінші түрі, нақты сұраныс инвестициялық іс-әрекеттің субъектілерінің нақты реализациясын сипаттайды. Ол инвестициялық тауарлар нарығында капитал ұсынысы формасында әрекет етеді. Инвестициялық ұсынысқа жаңа негізгі фондтарды құру, оларды реконструкциялау, кеңейту және техникалық қайта жабдықтау , айналым көздері, бағалы қағаздар және басқа да меншік түрлері жатады.
Инвестициялық іс-әрекеттің объектілері нарықта капиталға деген сұранысты бейнелесе, ал субъектілері инвестициялық сұраныс пен ұсынысты бейнелейді.
1.2. Инвестициялардың жіктелуі.
Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде мыналар қолданылады:
инвестициялардың түрлері;
ақша құралдарын салу объектілері;
инвестицияландыруға қатысу сипаты;
инвестицияландыру кезеңі;
меншік түрлері;
инвестордың қатысу түрлері;
тәуекел дәрежесі;
ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
-ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
-жылжымайтын және жылжымалы мүлік;
-авторлық құқықпен, тәжірибемен және басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік құқықтар;
-жерді, суды, ресурстарды, үйлерді падалану құқығы және басқа да мүліктік құқықтар;
-қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген "ноу-хау" емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша бөлінеді:
-нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар;
-материалды емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны, жарнамаларға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар;
-қаржылық инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктық салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
-тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық зерттеулеге, инвестицияландыру объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім өндірісіне;
-жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді орналастыратын және аккумуляцияландыратын түрлі қаржылық делдалдар арқылы (инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар инвестицияландыру объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға салынатын салымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестицияландырудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге бөледі:
-қысқа мерзімді, ұзақтығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар);
ұзақ мерзімді, бұның ұзақтығы бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
-азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың, өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары;
-мемлекеттік, ол түрлі деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты:
-қайта құрылып жатқан кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік қатынас);
-инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу;
-жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды қағаздар түрінде алу;
-табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дәрежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
-тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау ретінде қолданылады;
-тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау критерийлері мыналар болуы мүмкін:
-барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін;
-жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
-барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы мүмкін:
жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың салынуы;
-шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорныдардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту;
-шаруашылық жүргізіп жүрген кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ жоба бойынша жүзеге асыру;
-техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу.
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-жақты бағалау үшін қажет.
1.3 ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИНВЕСТИЦИЛЫҚ САЯСАТЫ
Инвестициялық саясаттың әлеуметтік-экономикалық салдарын ескере отырып, Қазақстан экономиканың қаржылық тұрақтануы сатысына ену кезеңінде қатаң әдістерді қолдана бастады, бұл әдістер төмендегі бағыттарды қамтиды:
:: үкіметтік несиелер мен кепілдемелерді шектеу (өйткені үкіметтік несие алдын-ала ақы төлеуді; кепілдемелерді ұсынуды және белгілі сомалардың процентімен қайтарылуын талап етеді). Мұндай жағдайда елге келіп жатқан шетел инвесторларын көбейтуге арналған мүмкіндіктер кеңейіп жатыр. Капиталды тартудың мұндай формасының басымдылығы әртүрлі түсіндіріледі:
:: тікелей шетел инвесторлары донордың ұзақ мерзімдік мүдделерінің жүзеге асуына мүмкіндік береді;
:: донордың өндірістік процесті басқаруға қатысу мүмкіндігі болуы тиіс;
:: елеулі көлемде қаржылық ресурстардың ағылып келуін қамтамасыз етеді, ол сыртқы қарыздардың төлену проблемасына әсер етпейді;
:: тікелей шетел инвестициялары іскерлік және шаруашылық белсенділікті қамтамасыз ете отырып, өндірістік және ғылыми-техникалық ынтымақтастықтың әр түрлі формаларының кең түрде таралуына ықпал етеді.
Мұның барллығы Үкіметтің орта мерзімдік инвестициялық бағдарламасын қабылдау және жүзеге асыру үшін бағыт-бағдар беруге мүмкіндік жасады. Объектілерді салу және сатып алумен қатар шетел капиталын салу бағыттарына мыналар жатады:
:: біріккен және төл кәсіпорындарды құру;
:: шетел компанияларының басқаруына объектілерді беру;
:: акционерлеу жолы арқылы кәсіпорындарды жекешелендіру процесіне донорлардың қатасуын кеңейту;
:: банктік мекемелерді инвестициялу.
Қолданылатын бағыттар сипатында елеулі өзгерістер болуда:
:: Біріккен кәсіпорындардың делдалдық-өткізу және сатып алу қызметі салаларында емес, өндірістік, банктік, құрылыстық қызметте, аграрлық сектордаұлғаюы. 1997 жылы қызмет етіп жатқан біріккен кәсіпорындардың жалпы саны 1388, ал шетел инвесторларының басқаруына берілген кәсіпорындар саны 100-ден астам болды. Бір кеңістіктегі серіктестердің мүдделері, өндірістік міндеттер сияқты, өнімді өткізудің белгілі бір нарығында тоғысады.
:: Қазақстан Республикасы экономикасына тартылатын айналым капиталының ұлғаюы жеке жобалар бойынша жекешелендіру процесінде көрініс тапты. Оның өрістеуі белгілі мөлшерде төлем төлемеу дағдарысы сияқты түйінді мәселені жеңілдетті, өндірістердің іскерлік белсенділігін көтеруге және озық технологияларға өту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, бірқатар жағымсыздықтар да кездеседі, олар республиканың экономикалық қауіпсіздігіне әсер ететін қатерлердің пайда болуына жағдай жасайды.
Олар мыналар:
1. Бұрынғысынша донор үшін өте тартымды болып табылатын мұнай-газ саласы, қара және түсті металлургия, ақырғы нәтижесінде олар халық шаруашылығындағы жекелеген салалардың дамуындағы алшақтықтың ұлғаюына ықпал етеді.
Шетел инвестицияларын осылайша орналастыру шетел инвесторларының (темекі, кондитерлік, маргарин өндірісі және т.б.) қызмет етуін монополиялық тұрғыда бекітілуіне ықпал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
Қаржылық инвестицияның теориялық негіздері
Шетел банктері инвестицияларының маңыздылығы
Инвестиция түсінігі, шығарудың негізігі мәні, факторлары мен себептері
Қазастандағы коммерциялық банктердің инвестициялық қызметі
Пайыз және кәсіпкерлік табыс
Мемлекеттің үдемелі-индустрияландыру саясаты аясында инвестициялық қызметті мемлекеттік қолдаудың құқықтық негіздері
Жобаға қатысу тиімділігі
Туризм саласындағы мультипликативті әсері
Шағын және орта бизнесті дамыту мен инвестициялық қолдаудың теориялық-әдістемелік негіздері
Пәндер