Басқару маңызы мен түсінігі



Жоспар


1.Кіріспе
а)Басқару мақсаты
б)Басқару міндеті
2.Негізгі бөлім
2.1.Менеджмент тарихы
2.2.Басқару ұғымы, түрлері, принциптері, обьектісі мен субьектісі
2.3.Басқарудың жапондық типінің түрлері
2.4.Мейрамханалардағы басқару ерекшеліктері
2.4.Басқаруда туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастыру
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1.Кіріспе
а)Басқару мақсаты
б)Басқару міндеті
2.Негізгі бөлім
2.1.Менеджмент тарихы
2.2.Басқару ұғымы, түрлері, принциптері, обьектісі мен субьектісі
2.3.Басқарудың жапондық типінің түрлері
2.4.Мейрамханалардағы басқару ерекшеліктері
2.4.Басқаруда туындайтын мәселелер және оларды шешу жолдарын қарастыру
3.Қорытынды
4.Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Қазақстан Республикасының дамуының қазіргі сатысы экономика мен
қоғамды өзгертуде өте күрделі мәселелер пайда болуымен сипатталады. Елде
нарық қатынастарын дамытуға бейімдейтін стратегиялық бағыт басқару жүйесін,
ең алдымен ұйымды басқару жүйесін жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде ұйым
қатарына қоғамға, оның мүшелеріне, тұтынушыларға қажетті өнім өндіретін,
белгілі жұмыс және қызмет көрсететін ұйымдар жатады. Басқару жүйесі екі,
бір-бірімен тығыз байланысты - басқарушы және басқарылатын - бөліктен
тұрады. Оларды зерттеуде, біздің ойымызша, белгілі тепе-теңдік керек.
Қазақстанда басқару теориясы мен практикасын игеру қиыншылығы осы уақытқа
дейін нарық қатынастары толық қалыптаспағанына байланысты болып отыр.
Осыған байланысты нарықты экономика өркендеген елдердің бай тәжірибесін
игеру менеджер кадрларын дайындауда зор маңызы бар. Бұл экономиканы
өзгертудің, көптеген басшылар, мамандар және қатардағы қызметкерлердің
рыноктық көзқарасын қалыптастыру және дамытудың тиімді жолы.
Шетел ғалымдары кәсіпорынды басқару мәселелерін арнайы пәнге шығарып,
Менеджмент деп атады. Менеджер – басқарушы, менеждмент – басқару.
Бұрын біз инженерлік негізгі білімін жақсы үйретіп, экономикамен басқару
білімдеріне көп көңіл бөлмейтін. Осы пәндерден инженер жұмыс уақытында
қателесіп, сүрініп білім алатын.
Енді міне нарықтық экономика дамуының барысында қазір біздерге топ-
менеджер, менеджмент деген сөздер таңсық емес, олар бұрынғы басшы,
басқару қызметі, басқару деген сөздерге жаңа мән беріп отыр. Бірақ бұл
сөздер синонимдер болса да басқару термині кең мағыналы. Басқару дегеніміз
басқарылатын жүйеге әсер етіп оны талапқа сай қалыпқа келтіруді білдіреді.
Атап айтқанда басқару субъекті ретінде менеджер бой көрсетеді.
Қазақстан экономикасында соңғы он жылда өткізілген нарықтық реформалар
өндіріс пен басқару үдеріміне қатысушылардың арасындағы, мемлекеттік
органдар мен шаруашылық субьектілердің және іскерлік серіктестіктердің
арасындағы өзара қатынастың мәні мен түрлерінде елеулі өзгерістерді
туғызды. Кәсіпкерлік іс-қызметпен айналысатын субьектілердің жұмысын
бағалау өлшемімен бірге, осы субьектілердің өздері үшін іс-қимылдардың
негізгі болып табылатын мақсаттарын да өзгертті. Бұның бәрі өндіріс
үдерімін жұмыскерлер ұжымын басқару ісін ұйымдастыруға қатысты көзқарастың
өзгеруіне әкелді. Басқарудың және жұмыскерлер құрамын еңбектің өнімділігіне
ынталандырудың жаңа нысаны мен түрлері пайда болды. Басқару сферасымен
айналысқан қызметкерлерге енді кәсіпорындардың жұмысының нәтижесіне ықпалын
тікелей немесе жанама түрде тигізетін жаңа сыртқа және сыртқы факторлардың
пайда болғанын ескеріп қана қоймай есепке алып отырулары керек.
Басқару  ғылымының  эволюциясы  мен  оның  әрі  қарай  дамуы  және 
бұл орайдағы  отандық  шетелдік  зерттеулердің   жетістіктері, менед жмент-
тің  оқу  пәні  ретінде  жеке  бөлініп  шығуы  табиғи  қажеттілік 
екені  байқалады. Бұл орайда айта кететін жағдай, басым түрде
орталықтанған жоспарлауға негізделген басқарудың отандық тәжірибесін
стихиялы қалыптасып жатқан нарық жағдайында толық қолдану мүмкін емес,
бірақ кәсіпорындарды басқарудың теориясы мен практикасының жекелеген
қағидаларын бүгінгі жағдайда пайдалануға болады. Мұнымен бірге шет елдерде
қалыптасқан менеджмент жүйесі ұйымдастырудың мақсатына жету ептілікті қажет
етсе де, адамдардың жүріс-тұрысының ынта-ықыласын, интелектілігін, еңбегін
жұмылдыра алатын болса да, біздің елдің экономикасында ойламай, бірден оның
көшірмесін пайдалануға және ұлттық менталитетті ескермей, бұл жүйені тиімді
түрде жүзеге асыруға болмайды. Сондықтан, менеджментті басқарудың
тәжірибесі ретінде өмірдің барлық жағдайына жарамды дайын шешімдер
жиынтығы түрінде қарастыруға болмайды.
Менеджмент іс-тәжірибенің негізінде қалыптасқан прициптер, ережелер
арқылы мақсаттар мен міндеттерді дұрыс қою мен оларды оңтайлы шешуге
үйретеді. Бұл орайда шығармашылық істің ыңғайы болмаса, бүгінгі таңдағы
менеджменттің барлық жаңалықтары тосқан нәтижені оңай бере алмайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа шарттары өндірісті ұйымдастыруда және ұжымды
басқаруда менеджердің атқаратын рөлін күшейте түседі және оның жеке кәсіби
қабілетіне қойылатын талаптарды қатаңдатады. Басқарудың тиімді жүйесін құру
үшін, менеджер кәсіпкерлік білімнің жиынтығын толық түрде біле отырып,
практикалық іс-қызметте оны қолдануға қажетті тәжірибені меңгеруі керек.
Сонымен қатар ұжыммен бірге және жеке адамдармен қалай жұмыс істей
алатындығын да білуі қажет.
Менеджмент басқарудың мақсатына адамдардың еңбек белсенділігін ынта-
ықыласына арқылы көтеріп, олардың тиімді жұмысының негізінде жетуді
ұйғарады. Ғылымның бұл түрін білу барысында басқарудың мақсаттарын қою мен
дәлелдеу үшін нақты білім және тәжірибелік дағды алуға болады, осы
мақсаттарға жету жолында персоналдың күш-қуатын жинауға, ғылыми дәлелденген
шешімдерді қабылдауға, кадрлар жұмысын жүйелеуге, кәсіпорындарды біртұтас
жүйе түрінде басқаруға мүмкіндік береді.
Әртүрлі ғылымдар секілді менеджменттің де теориясы болады, онда осы
пәнге тән қасиеттер, міндеттер, категориялар, заңдылықтар, принциптер,
әдістер, функциялар және өзінің ізденіс жолы қамтылады.
Басқару адамдардың парасаттылық нысаналы іс-қызметінің көмегімен
қоршаған әлемді бағындыру және тәртіпке келтіру жұмысынан тұратындығы
бұрыннан белгілі. Менеджмент стратегиялық және тактикалық мақсаттарға
оңтайлы жетуде әрбір кәсіпорындардың және олардың персоналдарын
нысаналы және келісімді жұмысымен қамтамасыз ететін басқару іс-
қызметінің ерекше түрінен тұрады. Ал басқару үрдісі белгілі мақсатқа
жетуге бағытталған дәйекті түрдегі істің жиынтығының көрінісі.
Қазіргі таңда басқарудың негізгі міндеті адам ресурстары арасында
басқаруды тиімді жүргізу және қол астындағы адамдарды ұйымдастыра ала білу
болып табылады.

Жаңашылдық:
Басқарудың барлық құрылымы бір жүйеде қарастырылатындай, бір орталықтан
басқару. Сонымен қатар шетелдің басқару жүйелеріне қарай бекіну керек.
Менің ойымша Қазақстанда білімі мен ұйымдастыру қабілеті жоғары
менеджер кадрларды көптеп дайындап шығаратын болса, онда экономикамыз өрге
басады деп ойлаймын. Сондықтан да осы тақырыпқа мен көп көңіл қойдым.

Жұмыстың негізгі мақсаты:
Басқару жүйесінің маңыздылығын айқындап, оны ұйымдастырудың тиімді
жолдарын іздеу.

Атқарылатын міндеттер:
- Басқару тарихы мен ұғымын қарастыру;
- Басқару қызметтеріне тоқталу;
- Басқару обьектісі мен субьектісін ажырату;
- Басқарудың тиімді жолдарын қарастыру.

Менеджменттің тарихы.

Менеджмент латын тілінен аударғанда басқару деген мағынаны береді.
Оның шығу тарихы ХІХ ғасырдан басталады. ХІХ ғасырдың соңғы он жылдығында
ағылшын инфрақұрылым ресурстарының көптеп жиналуымен сипатталған.
Кәсіпорындарда электр энергиясының кең қолданылып, жұмыс күшінің артуы
өнім көлемінің кең ауқымына алып келді. Ал мұның барлығы өз кезегінде
дұрыс басқару жүйесін талап етті. Осы тұрғыда ғылыми менеджменттің негізін
салушы тұлғалар Ф. Тейлор, Ф. Гилбрет,
Г. Эмерсон өз үлестерін қосты.Тейлор басқару жүйесін үш бөлімде қарастырды:
-оқыту;
-бекітілген нормаларды орындауға арналған жұмыс уақыты;
-істелген жұмыс үшін ақысын төлеу.
Осы кездегі менеджменттің негізгі тапсырмасы: белгілі бір жұмысшының өз
жұмысын бар ынтасымен орындайтын жұмыс орнын табу болып табылды.
Менеджментің даму тарихы басқарудың 2 бағдарымен тікелей байланысты:
1)өндірісті басқару;
2)еңбек ұжымдарын басқару.
Сөйтіп, менеджменттің ғылым ретінде айналысатын пәні басқару үрдісіндегі
адамдардың арасындағы қалыптасатын қатынастар.Менеджментті кәсіпкерлік іс-
қызметтің түрі деп қарастыруға да болады. Осы көзқарасқа қарай
менеджментті алдын-ала белгіленген экономикалық нәтижеге жету үшін
адамдардың күш-қуатын нысаналы түрде шоғырландыруды ұйғаратын іс қызметтің
бір түрі деп түсінген дұрыс.
Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында басқарудың төрт мектебі
қалыптасып дами бастады. Олар мыналар: ғылыми жолмен басқару мектебі,
әкімшілік жолмен басқару немесе басқарудың классикалық мектебі,
психологиялық әдіспен және адамгершілік қатынастар арқылы басқару
мектебі, басқару ғылыми мектебі немесе сандық тәсіл.
Зерттеушілердің әрқайсысы өзінің талдау жүргізген кезеніңде ұйымның
тиімді жұмыс істей алатын кілтін таптық деп санайды. Әйтсе де
кейінгі зерттеу қорытындыларын алатын болсақ, олардың әрқайсысы
басқарудың барлық мәселесін шеше алмағанын және кейбір мәселелерді
ғана дұрыс айтқанын байқаймыз. Әйтсе де аталған мектептердің
әрқайсысы басқару ғылымына елеулі үлес қосты. Сондықтан олардың
әрқайсысына жеке қарап талдаған жөн.

Ғылыми басқару мектебі (1885-1920ж)

Ғылыми жолмен басқару мектебі У.Тейлер, Френка, И.Лили, Гилберт және
Генри Гангтың еңбектерімен тығыз байланыста болды. Американ инженері
Ф.Тейлор 1885 жылы еңбек процесін жүйелі түрде талдауға
кірісті. Ол ғылыми менеджменттің алғашқы авторларының бірі болды.
Басқарудың ғылыми мектебін құрушылар байқау, өлшеу, ойлау және
талдау арқылы көптеген қол еңбегін жеңілдетіп, оны жетілдіруге ,
еңбек процесін неғұрлым тиімді орындауға болатынын дәлелдеді.
Гилберт еңбек процесін өлшейтін аспап (микрохронометр) ойлап тапты.
Бұған қоса кинокамераны да пайдаланды. Соның көмегімен еңбек
қозғалысын әр жұмыскердің қимылын бақылап, оны өлшеп отырды.
Ғылыми мектеп өкілдерінің қосқан келесі үлесі өндіріс көлемін
ұлғайтып, еңбек өнімділігін арттыру үшін жұмыскерлерге ынталандыру
жүйесін қолдануды ұсынғандығы еді. Бұл жүйе жұмыскерлерге қажетті
үзіліс және демалу уақытың беруді көздеген, сонда қалған жұмыс
уақытында нақты тапсырманы орындауға болатын. Мұның өзі басшыларға
өндірістік норма белгілеуге мүмкіндік берді, кімде-кім норманы артық
орындаса сыйлық беру тағайындалды. Бұл тәсілдің артықшылығы кім
өнімді көп өндірсе, оған сәйкес ақыны да көп алатындығында. Ғылыми
түрде өндірісті, еңбекті басқарудың авторлары жұмыскерлерді іріктеп,
тапсырманы орындай алатын ең күштілерін алудың маңызы зор екенің
атады, және жұмысшыларды оқытуға да көңіл бөлу қажеттігін көрсетті.
Тейлор және оның қазіргі кездегі жақтаушылары басқару
саласындағы жұмысты нақты мамандық деп, түсінді және бұдан түгіл
ұйым жеке коллектив бір мақсатқа жұмылуы нәтижесінде ұтатының,
жұмыс нәтижелі болатының тұжырымдады. Сөйтіп, бұл концепция өндірісті
ғылыми жолмен басқарудың жана кезенің ашты. Басқару ғылыми
зерттеудің жеке саласына айналды.

Басқарудың классикалық немесе әкімшілік мектебі(1920-1950ж)

Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды
басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл
мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы
деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар.
Мәселен, Анри Файоль – осы мектептің негізің қалаған, оны
менеджменттің атасы деп те атаған. Ол кезінде Франциядағы көмір
өндіретің ірі бірлестікті басқарған. Линдалл Урвик Англияда басқару
мәселесі жөніңдегі консультант болса, Джеймс Д “Дженерал Моторс”
бірлестігі жұмыс істеген. Олар ұйымды жетілдіруге аса көп көңіл
бөліп, тиімділікті арттырудың жолдарын табуға ұмтылып, ұйымның жалпы
сипатын, оның зандылықтарын анықтады. Классикалық мектептің мақсаты
басқарудың универсальді принциптерін жасау болды. Өйткені, олар
ұйымды нәтижелі жұмыс істеуге жеткізетініне сенімді болған еді.
А.Файольдың басқару теориясына қосқан үлесі мыналар. Ол басқаруды
өзара тығыз байлыныста болатын бірнеше элементтерден тұратың
универсальды процесс деп түсінді. Ол элементтер: жоспарлау
ұйымдастыру, басқару, координациялау және басқару жүргізу.
Анри Файоль 1916 жылғы “жалпы және өнеркәсіпті басқару” атты өз
еңбегінде басқарудың 12 принципін жан- жақты дәлелдеп берді. Енді
сол басқару принциптерін жеке- жеке қарастырайық:
Еңбек бөлінісі-еңбектің бір іске мамандандырылуы нәтижеге жету үшін
қажет. Еңбек бөлінісінің мақсаты - сол бұрынғы жұмсалған шығынмен
өнім өндіруді арттыру және өнім сапасын жақсарту.
Билік жүргіу – өз қол астындағы адамдарға жарлық беру құқы. Билік
жүргізу сөзсіз жауапкершілікті туғызады. Жауапкершілікті сезіну
әсіресе бастықтар үшін аса қажетті принцип.
Тәртіп – кез –келген ұжымды ұстай білу, кәсіпорын мен оның
қызметкерлерігің арасында арқашанда келісім жасаушылықта еңбек
нәтижесіне елеулі әсер етеді. Тәртіп тыңдауды, жасалған келісімді
сыйлау білуді талап етеді.
Дара басшылық принципі – жұмыскер өзінің тікелей бастығынан ғана
жарлық алып, соны орындауға тиіс. Іс бірлігі – Әр адамның ісі
белгілі бір бағытқа жұмылдырылуы қажет. Әр топ, ұйым бір мақсатты
орындау жолында бірігіп, бір жоспармен жұмыс атқаруы керек.
Қызметшілерге ақы төлеу – Атқарылған жұмысқа ақы төлеу әділетті
болуға тиіс және бар мүмкіндігінше ол қызметкерді кәсіпорынды,
жалдап алушыны және жалданушыны да қанағаттандыруға тиіс.
Қызметкерлерге ақы төлеу олардың әрқайсысының қосқан еңбек үлесіне
сәйкес келуі шарт.
Бір орталыққа бағындыру – Бұл жалпы табиғи қажеттілік. Әрбір
элементтік ұйым бір орталыққа бағынып жарлықпен кәсіпорынның әр
құрылымы жұмыс істеуге тиісті. Бір орталыққа бағыну принципі жалпы
еңбек өнімділігін арттыруға бағытталған.
Қызмет иерархиясы – Бұл ең төменгі деңгейден бастап, ең жоғарғы
деңгейге дейін басқару қызметінің орны. Мұның негізгі принципі
төменгі қызметтегі бастықтар өзінен жоғарғы бастықтарға бағынуы
керек. Оның жарлығымен жұмыс істейді.
Ретке келтіру (реттеп ұстау) – Әр адам өз орнында болуы
керек.Белгілі бір орын әр адамға белгіленеді. Әр адамды реттеп
ұстау, бәрінің де өз орнында ретте болуы деген сөз.
Әділеттік – Шынындығын айту, әділетті болуы, зандылыққа сүйену
басшыларға тән принциптердің бірі. Бұл рақымшылықтың және
адамгершіліктің жиынтығы деп деп айтуға да болады.
Қызметшілердің тұрақты жұмыс істеуі – Бұл ұйым жұмысының тиімділігіне
әсер ететін фактор. Сондықтан да бастықтар жұмыс күшінің
тұрақсыздығымен күресе білуі керек. Ол үшін әр адамның жұмыс
орнына, еңбек етуіне, өмір сүруіне мүмкіндігінше жағдай жасап, оның
қажетін қанағаттандыру басты міндет болып табылады.
Инициативалық - әдетте бұл ұғымды жоспар жасап, оны жүзеге асыра
білуді айтамыз.
Бірлесу – қызметкерлердің бірлесіп атқарған ісі әрқашанда жемісті
болады. Бір одаққа бірігу – бұл үлкен күш. Сондықтан да бірлесу
принципінің маңызы аса зор.

Адамгершілік қатынас мектебі

Басқарудың адамгершілік қатынас мектебінің белгілі өкілдері Мери
Паркер және Элтон Мэйо. Олар өндірісті ғылыми жолмен басқару
мектебінің өкілдері ұсынған жақсы еңбек ақы, әрбір жұмыс
операциясын нормалау, әрдайым еңбек өнімділігін арттыра бермейтінің
сезді. Жұмыскерлерге бастықтың қалауы мен материалдық ынталандыру
жүйесіне қарағанда топтағы өз әріптестерінің қысымы күшті әсер ете
алатындығы анықталды. Абрахольм – Маслоу және басқа психологтар
жүргізген зерттеу нәтижесі бұл құбылыстың болу себебін түсінуге
көмектеседі. Адамдардың бұндай әрекеттерінің болу себебің Маслоу
экономикалық ынталандыру кетіктерінен деген жоқ, оның әртүрлі адам
қажеттілігінен болатының тапты. Автор өзінің “Дәлелдеу және жеке
адам” (1954ж) атты еңбегінде индивид мақсатың оның аса
маңыздылығына қарай классификация жасауды ұсынд. Ол қажеттілікті бес
түрге бөлді: физиологиялық қажеттілік, қажеттіліктің қауіпсіздігі ,
әлеуметтік топқа жататындығы, өзін-өзі қадірлеу білуі, және өзіне
сенімділік.

Басқарудың төртінші мектебі – басқару ғылымы немесе сандық тәсіл
(1950 жылдан осы кезге дейінгі мерзімді қамтиды).

Бұл мектептің мәні екі жағдаймен анықталады:
1)Үлгілерді пайдалану арқылы басқарудың күрделі проблемасың түсінуді
терендету;
2)Бастықтар күрделі ситуация жағдайында шешім қабылдағанда көмек
болатың сандық тәсілді дамыту.

Басқару ұғымы, түрлері, принциптері, обьектісі мен субьектісі
Басқару іс- әрекеті негізі. Басқару психологиясы әлеуметтік функцияның
қазіргі кездегі негізі тарауларының бірі, ол әртүрлі әлеуметтік құрылымдағы
адамдардың бір- бірімен қарым- қатынасы мәселесін зерттейді.Басқару
мәселесін құрумен ғылымның әртүрлі салалары айналысады: информатика,
юриспруденция, психология, педагогика, эргономика, социология т. б. Жалпы
басқару теориясы кибернетика мен теория жүйесінде құрастырылады.
Кибернетика Kibernetike- ( грек тілінде) басқару өнері. Manedgement - (
латын. Manus- қол )- ағылшын термині басқару терминінің синонимі.
Басқару-адамдардың кәсiптiк қызметi. Бұл қызметтiң мәні –мазмұнын
айқындау үшiн оның анықтамасын берейiк. Басқару –бұл ұжымдағы адамдарға
және жекелеген адамдарға, олардың бiрлескен жұмыс процесiнде мақсатты
жүйелi ықпал ету.
Осы анықтамадан бiрқатар қорытынды жасауға болады. Басқару ең алдымен,
ықпал ету, демек мұның өзi сол әрекетке билiк ету қажеттiгiн көрсетедi.
Мақсаттылық анықтамасы басқару мiндетiн-ұжымның алдына қойған мақсатына
жетуiн қамтамасыз етудi көздейдi. Оның үстiне мақсат қою да басқару
мiндетi.
Жүйелiк анықтамасы дүркiн-дүркiн емес жүйелi, үздіксiз жүзеге асыру
қажеттiгiн көрсетедi.
Әрекеттiң осындай мiндетті бiрiздiлiгiн басқару процеci деп атайды. Әр
түрлi деңгейде басқару процестерінiң күрделiлiгiне және алуан түрлiлiгiне
қарамастан, Д.Н.Бобрышев осы категорияға басқару процесiне біршама
жалпылама анықтама бередi. Басқару процесi- бұл шешiмдi шығаруды,
қабылдауды қабылдаған шешiмнiң орындалуы жөнiндегi жұмыс барысын
үйлеструдi, қабылдаған шешімнiң орындалу барысын бақылауды бірiздiлiкпен
жүзеге асыру. Бұл анықтама басқару әрекетiнiң мазмұнын да aшады.
Басқару процестерiн басқарудың көптеген жүйелерi мен салаларында жүзеге
асырады. Кәсiпорындармен мекемелерде, кәсiпорындарды тасымалдау
орындарында, т.б. Яғни, адамдар еңбек ететін ұжымның барлығында белгiлi бiр
мақсатқа жету үшiн басқaру қызметi бірiншi кезектегi мiндетi болып
саналады. Басқару процесi мемлекеттiк деңгейде де, шаруашылық ұйымында да
бiрдей жүргiзiледi. Стратегиялық және жедел проблемаларды шешкен кезде ол
бiр мақсатты көздейдi, әрине мұндай жағдайда көбiнесе Стратегиялык
басқару, ”жедел басқару” секiлдi терминдердi пайдаланады. Бiрақ мұнда
басқару мазмұны өзгермейдi.
Басқару циклi процесс ретiнде қарастырылады, ол басқару қызмет
деп аталатын басқару жұмысының нақты түрiнен тұрады. Басқару қызметi-
басқару жұмысынын нақты түрi, оны жүзеге асыру үшiн арнайы амалдар мен
әдiстер, сондай-ақ тиiстi ұйымдық жұмыстар қолданылады.
Әрбiр басқару қызметi процесс болып саналады, өйткенi, бұлар да өзара
байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару қызметi барлық қызметтiң
жалпы жиынтығы. Басқару қызметiне ғылымның көптеген салаларында ғалымдар
зор көңiл бөледi. Кезiнде А.Файоль былайша тұжырымдаған болатын: Басқару
дегенiмiз болжамдау және жоспарлау, ұйымдастыру, жарлық беру, үйлестiру
және бақылау. Бұл қызмет басқарудын теориялық категориясы ретiнде
әдебиеттерде кеңiнен пайдаланылады, бiрақ бiр жақты емес.
Функция - көп мәндi термин. Философияда бұл екi объектiнiң карым- қатынасы,
онда біреуінiң өзгеруi екiншiсiнің өзгеруiне түрткi болады, социологияда-
белгiлi бiр әлеуметтік институт немесе жеке әлеуметтік процесс жоғары
денгейдегі қоғамдық жүйенiң қажетiн орындайды.
Функция- бұл сонымен қоса әрекет, мiндет жұмыс. Бұл мағынада функция ұғымы
басқару кызметiнiң категориясын анықтаған кезде басқару теориясында, сондай-
ақ олардың ұйымдастыру жүйесiндегi басқа қызметтерiнде - өндiрiстiк,
әлеуметтiк т.б. өзгешелiгiн көрсету үшiн пайдаланылады .
Басқару кызметiнiн өзiндiк өзгешелігi, ерекше мазмұны болады әрi дербес
жүзеге асырылуы мумкiн. Оларды кез-келген басқару саласындағы адамдар
қызметiне тендестiруге болады. Шындығында, кез келген салада басқару үшiн
шешiмдi әзiрлеу және қабылдау, оның орындалуын ұйымдастыру, оның орындау
барысын үйлестiру, орындалу нәтижесiн бақылау және де осы деректердiң
негiзiнде келесi шешімдi шығару және қабылдау қажет.
Басқарудын барлық қызметi бiр-бiрiне тығыз байланысты, сонымен қоса, олар
бiр-бірiмен сiңiсіп кетедi. Жоғарыда атап көрсетiлгендей баскару қызметiне
деген көз қарас және олардын жiктелуі алуан түрлі. Менеджмент негiздері
кiтабының авторлары(М.Х.Мескон,М. Альбет,Ф.Хедоури)баскару қызметiнiң
елеулi түрлерiн шағын категорияларға бөледi. Мұның өзiн қазiргi барлық
ұйымдарга қолдануға болады(11). Авторлардың пiкiрiнше басқару процесi
олардың өзара байланысты қызметтерiнен: жоспарлаудан, ұйымдастырудан,
мативация және бақылаудан тұрады.

1 –сурет.

Бiзге басқару процесiнiн төрт қызметi белгiлi: Жоспарлау, ұйымдастыру,
мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешiм қабылдау процестерiмен
байланысып бiріккен. Олардың негiзгi мазмұнын қарастырайық.
Жоспарлау барлық басқару қызметiнiн iшiндегi ең елеулiсi болып саналады.
Жоспарлау кәсiпорын мен бөлiмшенiң мақсатын тандап алудан турады, сондай-ақ
осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.
Жоспарлау қызметi мынадай үш сұраққа жауап бередi:
А) Бiз қазiр қандай жағдайда тұрмыз? Басшылар ұйымының каржы, маркетинг,
өндiріс, ғылыми зерттеу және iздестіру, еңбек ресурстары секiлдi маңызды
салалардың күшті және әлсiз жақтарын бағалай бiлуі тиiс. Мұның барлығы
ұйымның қандай мүмкiндiктерi барын анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
Б) Бiз қайда бет алуымыз керек? Басеке, клиенттер, заңдар, саяси факторлар,
экономикалык жағдайлар, технология, жабдықтау, әлеуметтiк және мәдени
өзгерiстер секiлдi сырткы ұйымдардың мүмкіндіктер мен қауiп-қатерiн сезiне
отырып басшы ұйымдастырудың мақсаты қандай болуы керектiгiн және осы
мақсатқа жетуде ұйымга не бөгет жасайтындығын анықтайды.
В) Бiз мұны калай iстеуiмiз керек?
Басшылар жалпылама жане нақты жағдайда ұйым мақсатын орындау тиiс.
Ұйымдағы жоспарлау екi себептiң әсерiнен туындайтын жеке бiр жолғы құбылыс
емес. Бiрiншіден, кейбiр ұйымдар мақсатқа жеткеннен кейiн өмiр сүруiн
токтатады, өйткенi олар бастапкы сол көздеген мақсаты үшiн құрылады.
Алайда, көпшiлк ұйымдар өмiр сүруiн мүмкiндiгiнше ұзарта түседi. Сондықтан
олар алғашқы мақсатын толық орындаған жағдайда өз мақсаттарын жаңадан
айқындайды немесе өзгертедi.
Екiншi себеп, мұнда жоспарлау үздiксiз жүзеге асырылуы тиiс- бул
болашақтағы тұрақты белгiсiздiк. Қоршаған ортадағы өзгерiстiң немесе
тұжырымдаудағы кателiктiн әсерінен, жоспарды жасаған кезде оқиға басшы
ойлағандай болмауы мүмкүн. Сондықтан жоспардың ақиқаттығына көз жеткізу
үшiн оны келсе отырып қайтадан карап, пысықтап шығады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру-демек нендей бiр құрылым құру. Ұйым өзiнiң
жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жетуi үшiн конструкцияға қажеттi
көптеген элементтерi болады.
Ұйымда жұмысты адамдар iстейтiн болғандықтан ұйымдастырудың маңызды
жағдайларының бiр - ұйым iшіндегi толып жатқан мiндеттерді, соның iшнде
басқару жұмысын кiмдердiң орындау керектігiн анықтап алу.
Басшы адамды нақты жұмыстарға бөледi жекелеген адамдарга тапсырмалар мен
билiктер немесе ұйым ресурстарын пайдалану правасы берiледi. Мұның өзi
олардың өз мiндеттерiн тиянақтап орындауына деген жауапкершiлiк жүктейдi.
Мотивация. Егер кiмде кiм ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тiптен
ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетiлдiрiлген құрылымның
ешкандай мәнi болмайды. Сондықтанда мотивацияның мiндет сол, ұйым мүшелерi
өздеріне бекiтiлген мiндеттердi жоспарға сәйкес орындау.
Басшылар әркашанда, өз жұмыскерлерiнiң тапсырылган iстi орындауын талап
етедi, көп жағдайда орындатады. Көне уақыттарда бұл үшiн дүре мен жазаны,
кейбіреулеріне сыйлықтар қолдады. 18-ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың соңына
дейiн қалыптаскан сенiм бойынша, егер адамдардың еңбек ақы табуға
мүмкіндігi болса, онда олар жан аямай жұмыс iстейді. Сондықтанда мотивация-
акшалай тиiстi акы төлеу арқылы жұмыс iстеу деген ұғым бередi. Ғылыми
басқару мектебi де мотивацияны осы тұрғыдан негіздейдi.
Мiнез-құлық ғылыми саласындағы зерттеулер таза экономикалық ыкпалдын
жеткiлiксiз екендігiн дәлелдедi. Басшылар мотивацияны, яғни iштей
талаптанудын iске асуы үшiн үнемi өзгерiп тұратын күрделi жиынтық
қажеттiлiктiң нәтижесi деп түсiнедi. Өз жұмыскерлерiнiң тиiмдi жұмыс iстеу
үшiн басшы бұларға ненiң қажет екендiгiн анықтауы, ар осы қажеттiлігiн
жақсы жұмыс арқылы қанағаттыруы тиiс.
Бақылау. Күтпеген жағдайда байланысты өзiнiң бастапқы, басшы белгiлеген
бағытын өзгертуi мүмкін. Сондықтан да басшының мiндетi, ұйымға елеулi зияны
келмей тұрганда алғашқы белгiленген жоспардың өзгеруi себебiн тауып анықтау
болуы тиiс.
Мақсатты анықтау процесi.
Басқарудың бастапқы пунктi-басқаруды қалыптастыру және мақсатты тандау
болып саналады. Мақсаткерлiк- басқару жүйесiнiң бастапқы қасиетiнiң бiр.
Басқару мақсаты- басқару жүйесi тапсырмасының еңбек әрекетi нәтижесiнде
орындалуы оған қол жеткiзу үшiн басқару обьектiсiнiң жұмыс iстеу. Баскару
шешімдерiн ойластыруда қолда бар ресурстармен қоғамдық қажеттiлiкке
негiзделген максат ерекше манызды рөл аткарады.
Мақсаты айқын тұжырымдаудың психалогиялык мәнiде бар, өйткенi мұның өз
ұжымның өз iсіне сенімдiлiгiн артырады, өз жетiстiктерiн салыстыруга
мүмкіндiк бередi, әр кейбiр мақсаттың орындалуынан қанағат алады.Мақсат
неғұрлым биiк мартебелi мақсатқа жетуге ыкпал етедi. Жануарлар
организмiндегi барлық рефлекстердi қарастыра келiп И.П.Павлов былай деп
жазады: мақсат рефлексiнiң маңызы ерекше зор, өйткенi ол әрқайсымыздың
өмiрлiк энергияның негiзгi нышаны.
Ұйымда әр түрлi максаты болуы мүмкін мұның әсiресе әр түрлi типтегi
ұйымдарға қатысы бар. Мәселен, кәсіпорынның басты мiндетi-белгiлi бiр
мөлшерде тауар шығыру немесе қызмет көрсету. Басты мақсат, оның орындалуын
камтамасыз ететiн бiрнеше мақсатқа бөлiнедi. Бұлар: өндiрiстi дамыту жане
тиiмдiлiгiн артыру, оны жан-жақты интенсивтендiру, ғылыми техникалык
прогрестi жетiлдiру, енбек өнiмділiгiн артыру, ресурсты үнемдеу, табысты
көбейту, ұжымның әлеуметтiк дамуы, әлеуметтiк саланың қазіргi материалдық
базасын қалыптастыру, жоғары енбек өнiмдiлiгi үшiн қолайлы мүмкіндiктер
жасау, әлеуметтiк әділеттiлiк, адамдарды қоршаган ортаны қорғау және
жаксарту. Кәсіпорынды басқару. Мiне осындай басты максатқа жетуге
бағытталуы тиiс.
Мақсатты графикалык схема түрiнде де бейнелеуге болады, мұнда басты мақсат
бағана, ал оған жету мүмкіндiктер бұтақша түрiнде көрсетiледі. Мақсат пен
амал ұйымдары өзара байланысты, бұлар қойылган мақсатқа жетудiң құралы бола
отырып, өздерiде жүйенiң төменгi денгейiндегi мақсатқа айналады. Мәселен,
бiрiншi денгейдегi мақсат тармағы мақсат ретiнде, ал оған жетудiң
мүмкіндiгі- екiншi денгейдегi мақсат тармағы ретiнде қарастырылуы мүмкін.
Мақсат байтерегi адістемесiн пайдалана отырып, мақсатқа жетуге байланысты
шараларды жүйелi жүзеге асырудың бiрегей схемасын жасауға болады. Мұндайға
басты мақсат (нөлдiк денгей)-бұл негiзгi бағана, бiріншi деңгей-бағана
тармақтары, осы тармақшадан тарайтын екiншi бутақшалар және ең төмендегi
деңгей-байтеректiң жапырақтары немесе жемiстерi. Деңгей саны алуан түрлi
болуы мүмкін. Мақсат бiрнеше сипаттамаға ие болады. Бiрiншiден мақсат
нақтылы және өлшемдi болуы тиiс. Өз мақсатын накты өлшемдерде нышандарда
белгiлей отырып, басшы келесi шешімге нақты таза жасайды және жұмыс барысын
бағалайды.
Тиiмдi мақсатының екiншi сипаттамасы болжалдаудын нақты гаризонты бoлып
саналады,бұл нәтиже қашан болатындығын айкындайды.Мақсат ұзақ немесе қысқа
уакыт аралықтарында белгiленедi.Ұзақ мерзiмдi мақсаттың шамамен бес
жылдай,ал техналогиясы озық фирмаларда-кейде одан да көп жоспарлау
гаризонты болады. Қысқа мерзiмдiк қысқа көпшiлiк жағдайда ұйым жоспарын
біреуiн ғана қарастырады. Оны бiр жылда аяктау көзделген. Орташа мерзiмдiк
мақсаттық жоспарлау гаризонты бiр жылдан бес жылға дейiн.
Ұйымның тимдiлiгiн артыру үшін мақсат айқын болуы тиiс. Не ресурстардың
жеткiлiксiздiгiнен не сыртқы факторлардан баянсыз мақсатқа ұшыратуы мүмкін.
Қол жетпеген мақсат жұмыскерлердiң ынта-ықласын кемітедi.
Ұйымдағы толып жатқан мақсатта тиiмдi болуы үшiн бiріне -бiрi ыкпал етуi-
бiр мақсатқа жетуге кажеттi әрекетпен шешiм, басқа мақсаттың жетiстiгiне
бөгет жасамауға тиiс.
Басқару процесiнiн типтерi.
Кәсіпорын кызметi мақсатының бағыт-бағдарын бiлу мiндеттi түрде қажетi
болып саналады.Сонымен қоса осы бағыт бағдарын сипаты алуан түрлi болуы
мүмкін, осыған байланысты басқару процесi үш типте өтуi мүмкін.
Бiрiншi тип-мақсатты басқару. Барлық өндiрiстiк және басқадай басқару
мiндеттерiн барлық денгейде шешкен кезде мақсатты баскару шешушi рөл
атқарады басқарудың мақсаттылығы -кәсіпорынның жалпы мақсаттық, дербес
бөлiмшелерiн ұйымдастыру үшiн жiктеу. Бұл принциптi пайдаланған кезде
бөлiмшелердiң және ондағы жұмыскерлердiң мақсаты айкындалады, әрбiр
басқарушы қызметкерi көне койылған талап туралы нақтылы түсiнiк алады,
дербес шешiм қабылдау мүмкіндігi ұлғаяды және жұмыста табысқа жетудi
ынталандырады. Мақсатты басқару аса iрi бiр жолғы шараларды мәселен
кәсiпорынды қайталап конструкциялау және қайтадан жарақтандыру, жаңа өнiмдi
шығаруға көшу, жалгерлiктi немесе кооперацияны енгiзу т.б.шараларды орындау
үшiн колданылады.
Баскару процесiн өтуiн екiншi типi- бағдармалық басқару. Мұнда нақты
тапсырманы мұкият ойластыру, бөлiмшелердiң жедел әрекетiн және бұл
әрекеттердiң бiр-бiрмен байланысын анықтау көзделедi. Осындай тапсырма
жиынтығы басқару бағдарламасы болып саналады. Басқару процессiне мұндай
типi әдетте өндірстiң курдел мiндеттерiн шешкенде колданылады .
Кәдімгi жоспардан бағдарламаның өзгешелiгi-тапсырманы орындауды басқаруды
Кiдiртпестен қолға алуға, Осал тұстарын анықтауға, ресурстарды қайта
бөлуге мүмкiндiк бередi. Бағдарламалық басқару күрделi құрылыста, көп
бөлшектi бұйымдар шығаруда, жоспардан тыс және жедел жұмыстарда
колдалынады.
Басқару процесiн үшiншi типi-жағдайға карай басқару. Бұл мақсатты
айкындалған әрi сирек өзгеретiн,тұрактанған, толық меңгерiлген өндiрiсте
колданылады. Мұндағы басты мiндет-туындаған қолайсыз жағдайдан, өндіріс
процесіндегі іркілістен шығудың ең қолайлы жолдарын iздестру. Ол үшiн пайда
болган ауыкуларда тез, әрi аз шығынмен жоюға мүмкiндік беретіндей шешiм
қабылданады.
Атап көрсететiн жайт, практикада баскарудың жоғарыда аталған типтер сол
қалпында қолдана бермейдi. Басқару деңгейi алуан түрлi болып келетiн кез
келген касiп орында турлi ондiрiстiк мiндет жерде шешкен кезде баскарудын
үш тип дербес колдануы да әр түрлi үйлесiмдi қолданылуы да мумкiн .
Мұндай үйлесiмдiлiкке, сонғы жылдары кеңiнен етек алған бағдарламалық,
мақсатты басқару – мақсатты жиындық бағдарламаны жасау және жүзеге асыру
нақты дәлел болады. Мұнда мақсатты басқарудың да, сондай–ак бағдарламалық
–мақсатты басқарудың да элементтерi бар. Бағдарламалық- мақсатты басқару
кәсiпорының түбегейлi, негiзгi мiндеттерiн шешу үшiн колдалынылады
Сыртқы ортаны бағалау және талдау.
Басшы мақсатты айкындағаннан кейiн стратегиялық жоспарлау процесінiң
диагностикалық кезеңiн бастайды әуелi сыртқы ортаны үш параметрi (өлшемi)
бойынша зерттейдi.
1) Ағымдагы стратегиясының әр түрлi аспектілеріне ықпал ететін өзгерістерді
бағалау.
2)Фирманың ағымдағы стратегиясына қандай факторлар қауіп төндiретiндiгiн
анықтау.
3) Жоспарды түзету арқылы жалпы фирмалық мақсатқа жетуi үшiн қандай
факторлардың көбiрек мүмкiндiк беретiндiгiн анықтау.
Сыртқы ортаны талдау процесс болып саналады,сол арқылы стратегиялық
жоспарды жасаушылар ұйым тарапынан тысқары факторларды бақылап, фирмаға
төнетiн қауiп-қатер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Тәуелсіз Қазақстанның Жаңарған қоғамдық-экономикалық құрылысы
Муниципалдық құқық
Басқару әдістемелері мен нысандары
Әкімшілік құқық түсінігі, пәні, қайнар көздері және әкімшілік құқық бұзушылық, оның құрамы
Экология құқығының дәрістері
Саяси жүйе жайлы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Қылмыстық құқық
Экологиялық құқық пәнінен дәрістер
Пәндер