«Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі іс-тәжірибе бағдарламасының жоспары:



КІРІСПЕ

1. "Оңтүстік жарық" ЖШС.нің сипаттамасы, құрылымы мен бухгалтерлік есептің ұйымдастырылу ерекшеліктері
2. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі негізгі құралдардың есебі.
3. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі меншікті капиталдың есебі.
4. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі ақша құралдарының есебі.
5. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі тауарлы.материалды қорлардың есебі.
6. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі.
7. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі инвестициялардың есебі.
8. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі еңбекақының және оның төлемінің есебі.
9. "Оңтүстік жарық" ЖШС.дегі қаржылық есеп беруі.

ҚОРЫТЫНДЫ
КІРІСПЕ

Еліміздің экономикалық дамуында энергетика саласының орны бөлекше. Бүгінгі таңдағы ғаламдану мәселесін шешу энергетика саласын жетілдіруден бастау алады. Сонымен қатар бұл саланың есебін дұрыс ұйымдастыруда қазіргі кезде маңызды болып отыр.
Нарықтық қатынас кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің рөлін арттыруды қажет етіп отыр.
Оперативті және тиімді шешім қабылдау үшін дер кезінде, нақты және талдамалық ақпарат қажет.
Қазіргі жағдайда кәсіпорын үшін өз жұмысын жақсартып, дұрыс жолға қою үшін бухгалтерлік есептің белсенді пайдаланып, бақылап, өз жұмысын жетілдіруі қажет.
Есеп – басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің бөлу мен тұтыну процестерін көрсетіп, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық жағдайын сипаттап, оның жұмысын жоспарлауға негіз бола алады. Бухгалтерлік есеп шаруашылық қызмет нәтижесін көрсетіп қана қоймай, оған әсер ете алады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бухгалтерия жұмысын сенімді және тиімді етіп ұйымдастыруда стандарттар мен заңдылыққа сүйенуі қажет.
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны басшылыққа ұсынуы керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп айтарлықтай кеңейеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен өзгеше іс-әрекет талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда, материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықты білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.
Өндірістік іс-тәжірибе бізге теориялық тұрғыдан алған білімімізді практикалық дағдымен ұштастыруымызға мүмкіндік береді.
Іс-тәжірибедегі басты мақсат мақсат "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктерімен танысу және ондағы құжат айналысымен танысу. Қаржылық есеп беру ді түзу мен ұсыну ерекшеліктерін анықтау.
Іс-тәжірибедегі басты мақсат "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктерімен танысу және ондағы құжат айналысымен танысу. Бұл мақсатта келесі тақырыптар ашып көрсетілді:
- Негізгі құралдардың есебі;
- Меншікті капиталының есебі;
- Инвестициялардың есебі;
- Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының есебі;
- Материалдық емес активтердің есебі;
- Ақша құралдарының есебі;
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі;
- Еңбек ақының және оның төлемінің есебі;
- Қаржылық есеп беру.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ЖШС-ДЕГІ ІС-ТӘЖІРИБЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ЖОСПАРЫ:

КІРІСПЕ

1. "Оңтүстік жарық" ЖШС-нің сипаттамасы, құрылымы мен бухгалтерлік есептің
ұйымдастырылу ерекшеліктері
2. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі негізгі құралдардың есебі.
3. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі меншікті капиталдың есебі.
4. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі ақша құралдарының есебі.
5. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі тауарлы-материалды қорлардың есебі.
6. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі.
7. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі инвестициялардың есебі.
8. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі еңбекақының және оның төлемінің есебі.
9. "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі қаржылық есеп беруі.

ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ

Еліміздің экономикалық дамуында энергетика саласының орны бөлекше.
Бүгінгі таңдағы ғаламдану мәселесін шешу энергетика саласын жетілдіруден
бастау алады. Сонымен қатар бұл саланың есебін дұрыс ұйымдастыруда қазіргі
кезде маңызды болып отыр.
Нарықтық қатынас кәсіпорынды басқарудағы бухгалтерлік есептің рөлін
арттыруды қажет етіп отыр.
Оперативті және тиімді шешім қабылдау үшін дер кезінде, нақты және
талдамалық ақпарат қажет.
Қазіргі жағдайда кәсіпорын үшін өз жұмысын жақсартып, дұрыс жолға қою
үшін бухгалтерлік есептің белсенді пайдаланып, бақылап, өз жұмысын
жетілдіруі қажет.
Есеп – басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің
бөлу мен тұтыну процестерін көрсетіп, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық
жағдайын сипаттап, оның жұмысын жоспарлауға негіз бола алады. Бухгалтерлік
есеп шаруашылық қызмет нәтижесін көрсетіп қана қоймай, оған әсер ете алады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін бухгалтерия жұмысын сенімді және тиімді
етіп ұйымдастыруда стандарттар мен заңдылыққа сүйенуі қажет.
Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әр түрлі
әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне
асыруды қамтамасыз ететін есеп саясатын таңдап, соны басшылыққа ұсынуы
керек, яғни оның қызметінің аясы жай есепшіліктен қаржы жағдайын талдау
ісі ажырамас бөлігі болып табылатын, қаржы менеджментіне дейін өсіп
айтарлықтай кеңейеді.
Нарықтық экономика оған қатысушылардың барлығынан ой жүйесі мен
өзгеше іс-әрекет талап етеді. Ол зауыт қоймалары мен ашық алаңдарда,
материалдар мен шикізаттың қисапсыз қорларының көгеріп, тот басып
жатуына, яғни миллиондаған теңгенің доғарылып, бекерге ысырап
болуына жол бере алмайды. Кәсіпорын мүлкіне салынған әрбір теңге
жаңа табыс әкелуі үшін осы қорларды қозғалысқа келтіреді.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың
шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір
нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз
бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және
сыртқы нарықты білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені
болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған
байланысты болады.
Өндірістік іс-тәжірибе бізге теориялық тұрғыдан алған білімімізді
практикалық дағдымен ұштастыруымызға мүмкіндік береді.
Іс-тәжірибедегі басты мақсат мақсат "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі
бухгалтерлік есепті жүргізу ерекшеліктерімен танысу және ондағы құжат
айналысымен танысу. Қаржылық есеп беру ді түзу мен ұсыну ерекшеліктерін
анықтау.
Іс-тәжірибедегі басты мақсат "Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі бухгалтерлік
есепті жүргізу ерекшеліктерімен танысу және ондағы құжат айналысымен
танысу. Бұл мақсатта келесі тақырыптар ашып көрсетілді:
- Негізгі құралдардың есебі;
- Меншікті капиталының есебі;
- Инвестициялардың есебі;
- Тауарлы-материалдық құндылықтар қорларының есебі;
- Материалдық емес активтердің есебі;
- Ақша құралдарының есебі;
- Дебиторлық және кредиторлық қарыздардың есебі;
- Еңбек ақының және оның төлемінің есебі;
- Қаржылық есеп беру.

Оңтүстік жарық ЖШС-нің сипаттамасы, құрылымы мен бухгалтерлік есептің
ұйымдастырылу ерекшеліктері

Оңтүстік жарық ЖШС-гі бұрынғы Түркістанэнерго ЖШС-гі негізінде
қайта мемлекеттік тіркеуден өтті. Ол Шымкент қаласындағы Ш.Қалдаяқов
көшесі,33 үйде орналасқан.
Оңтүстік жарық ЖШС-гі келесілей қызмет түрлерін жүзеге асыруға
құқылы:
- электр қуатын тасымалдау және тарату;
- электр қуатын қайта сату мақсатында сатып алу;
- халыққа кәсіпорын және бюджеттікұйым электро қуатын жеткізу
жұмыстарын ұйымдастыру;
- электр қуатын шығару және электрлендірі;
- электро жүйелерін жобалау;
- монтаждық технологиялық құрылғылар:электро техникалық
қондырғыларды;
- қосу жөндеу жұмыстары: электро техникалық құралдары;
- ғимараттарды және құрылысиарды жөндеу құрылыс жұмыстары, қайта
жөндеу жұмыстары;
- шағын ГЭС үшін су қоймаларын салу;
- мал шаруашылығы, халық тұтыну тауарлары және ауыл шаруашылық
өнімдерін өндіру,қайта өңдеу және сату;
- қамтамасыз ету, өткізу, сауда саттық және коммерциялық қызметі;
- қоғамдық тамақтанупункттері,дәріхана, базар, сауда үйлері,
ресторан, фирмалық дүкендердің жүйесін ашу;
- дәрігерлік және фармацевтикалық қызметі;
- жанар жағар майларды сатып алу, сату;
- делдалдық қызмет;
- сыртқы экономикалық қызмет, экспорт , импорт операциялары;
- Қазақстан Республикасы заңдарымен тиым салынбаған өзге де қызмет
түрлері.
Оңтүстік жарық ЖШС-нің басқару құрылымы мен оның бөлімшелері
қосымшада көрсетілген.
Ал енді бухгалтерия қызметіне келетін болсақ, мұнда бас бухгалтерге
бағынатын орталық бухгалтерия арқылы бухгалтерлік есеп жұмыстары жүзеге
асырылады. Бухгалтерия өз қызметін әрекет етуші заңдылықтар мен нормативтік
актілер шеңберінде ұйымдастырған, есепті бухгалтерлік есеп станларттарын
басшылыққа ала отырып жүргізеді.
Орталық бухгалтерияға әрбір аудандар бухгалтериядары есеп беріп
отырады, ал олар барлық мәліметтерді жинақтап бас бухгалтерге ұсынады.
Бас бухгалтер кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыруға және
құжат айналымын реттеп, үздіксіздігін қамтамасыз етуі қажет.

2."Оңтүстік жарық" ЖШС-дегі негізгі құралдардың есебі

Өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін Оңтүстік жарық ЖШС бухгалтерлік
есептің жеке объектіне бөлінген, негізгі құралдар деп аталатын, қажетті
еңбек құралдары болуы керек.
Еңбек құралдары, еңбек құралдарының кейбір түрлерін бухгалтерлік есеп
стандарттарын енгізгенге дейін Қазақстан Республикасындағы негізгі
құралдарға жатқызылатын 6 БЕС сай, 01.01.97 жылы енгізілген, негізгі
құралдар құнымен шектеледі және келесі нұсқамен анықталады: Негізгі
құралдар – материалдық өндірісте және өндірістік емес ортада ұзақ мерзім
уақытында (бір жылдан көп) әрекет ететін материалды активтер.
Өндіріс процесінде көп рет қолдану, ұзақ мерзімді уақытта бастапқы
түрін сақтау (табиғи – заттай түрі) негізгі құралдардың ерекшелігі болып
табылады. Өндіріс процесі және сыртқы орта әсерлерінен бірте-бірте тозады
және белгіленген нормалар бойынша амортизацияны есептеу жолымен қызметінің
нормативті мерзімі бойында бастапқы құнын өнідіріс шығындарына өткізеді.
Негізгі құралдар кәсіпорынның материалды-техникалық базасын құрай отырып,
өндірістік потенциалдың маңызды элементі болып табылады. Сондықтан
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарлатудың маңызды жағдайы
болып негізгі құралдардың сақтауын қамтамасыз ету және оларды рационалды
қолдану табылады.
Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар
өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын
объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек
құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар, т.б.) әсер ету жүзеге
асады және өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды
(ғимараттар, құрал-жабдық, өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік
құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіші – қор
қайтарымы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы
өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.
Өндірістік емес негізгі құрал-жабдықтар – тұтынуға арналған құрал-
жабдықтар. Ол ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын үй-коммуналдық,
денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге
арналған.
Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып
бөлінеді. Қарастырылып жатқан кәсіпорында негізгі құралдар жалға алынбайды
және берілмейді.
Негізгі құралдардың құрамына келесілер жатады:
Жер – субъект меншігіне сатып алынған жердің көлемі мен құны. Жерге
меншік құқығы бар болса, онда олар құқық актісімен расталуы керек.
Машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмысшы
машиналар мен жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен
лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің
бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құрпалдарды, соған тиісті
заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті
болып саналады.
Ғимараттар мен қондырғылар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ
белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға
арналған инженерлік-құрылыс объектілері және электр, жылу немесе
механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері,
трансмиссиялары, құбырлары).
Басқа да негізгі құралдар – кітапхана қорлары, спорт мүлкі және басқа
да салымдар.
Амортизацияланған құн – негізгі құралдардың бастапқы және болжанған жою
құндарының арасындағы айырмашылығы, ал ол жүйелі түрде амортизациялық
жолмен нормативтік қызметіне немесе барлық пайдалы кезеңіне субъектінің
шығысы ретінде таратылады.
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі: негізгі құралдардың келіп
түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруы және шығуын, дұрыс құжаттық
рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың
материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды
пайдаланылуын бақылайды; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен
тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация
сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, негізгі құралдардың қор қайтарымын
анықтауды, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістереінің
тиімділігін; негізгі құралдарды жһндеу бойынша шығындардың сенімді есебін;
негізгі құралдарды түгелдеуді және қайта бағалауды мезгелінде жасауын және
олардың нәтижесін есепте көрсетілуін; негізгі құралдарды сату және олардың
басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамсыз ету керек.

Негізгі құралдардың тозуын және амортизациясын есептеу
Негізгі құралдар өндіріс процесіне қатысумен, жылдар мерзімінің
әсерімен, табиғат күшінің әсер етуімен пайдалану процесінде біртіндеп
тозады. Тозудың екі түрі бар: табиғи және сапалы (моральдық) (заман
талабына сай келмеуі).
Негізгі құралдардың амортизациясының есептеудің әртүрлі әдістері бар.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сай дербес
тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны есептеудің тәсілі бойынша
жасалынады, олар:
- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептен шығару;
- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорцианлды (немесе пара-
пар) етіп есептен шығару (өндірістік тәсіл);
- жеделдетіп есептен шығару;
- қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен
шығару.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) жолмен есептеу әдісі, яғни объектінің құны, оның қызмет ету
мерзімі ішінде өндіріс шығындарына біркелкі норма бойынша жатқызылады. Бұл
әдіс негізгі құралдардың тозуына, оның қызмет ету мерзімінің ұзақтығына
байланысты болып келеді.
Негізгі құралдардың құны бойынша амортизацияны бірқалыпты (түзу
сызықты) жолмен есептеу әдісі мына формула бойынша есептелінеді:
Бастақы құн – жойылу құны
Пайдалану мерзімі
Амортизацияны (тозуды) орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды
түрде есептеу әдісі (өндірістік тәсіл) негізгі құраолдардың тозуы тек
олардың пайдалану дәрежесі болып табылады және оны есептеу процессінде
уақыт кесіндісі ешқандай рөл атқармайды.
Ол келесі формуламен есептелінеді:
Бастапқы құн – жойылу құны .
Орындалатын жұмыстың болжамды мөлшері.
Амортизацияны (тозуды) есептеудің жеделдітілген әдістері:
А) Кумулятивтік әдісі – латын тілінен аударғанда - өсу, жиналу деген
мағынаны білдіреді, яғни сандарды қосудың көмегімен тозудың сомасы
есептелінеді, демек объектінің қызмет ету мерзіміндегі жылдар санын қосу
арқылы анықталады.
Ә) Азайып отыратын қалдық әдісі – Бұл әдіс те кумулятивтік әдістің
принциптеріне негізделген. Оны екі еселенген амортизациялау нормасын
қолдану арқылы азайып отырған қалдық әдісі деп те атайды. Мысалы,
автокөлікті пайдалану мерзімі 5 жыл. Бірқалыпты үлестіру әдісінде
амортизациялау нормасы 20 пайыз болады (1005).
Екі еселенген нормасымен есептелініп, азайып отыратын қалдық әдісінде
амортизациялау нормасы 40 пайызға тең (20*2).
Іс-тәжірибе өткен кәсіпорында амортизацияны есептеудің бірқалыпты әдісі
қолданады, бас бухгалтердің орынбасарының түсіндіруі бойынша бұның бірнеше
қомақты себептері бар:
1) бұл әдіс ҚР-ның Салық кодексінің ережелеріне ең жақын
болып табылады, себебі онда амортизацияның шекті
нормалары көрсетіледі;
2) сатып алынатын негізгі құралдардың жиі жағдайда өте
қымбат болып табылады, сондықтан амортизацияны
есептеудің жеделтілген әдісін қолдану кәсіпорын үшін
қиынға түседі.
Негізгі құралдарды аудиторлық тексеру бағдарламасына қосылатын сұрақтар
шеңбері кең, бірақ олардың барлығы келесіге келтірілген бола алады: негізгі
құралдардың баланста көрсетілуінің дұрыстығын тексеру; негізгі құралдардың
болуын және сақталуын тексеру; негізгі құралдардың классификасиясының
дұрыстығын тексеру; негізгі құралдарды қабылдау, жөндеу, шығару
операциялары бойынша есепте толтырылуы және көрінуі; негізгі құралдарды
қабылдау және шығару операциялары бойынша кәсіпорынның салықтық заңдылықты
сақтау; негізгі құралдарды қолданудың тиімділігі мен техникалық жағдайының
талдауы.
Осы және басқа да мәселерді аудитор оқып біліп, оларға аудиторлық
қорытындының аналитикалық бөлімінде баға беру керек және бекітілген есеп
тәртіптерінен ауытқуларды жою бойынша ұсыныс айту керек.
Объектілер туралы мәліметтер түгендеу карточкаларынан не өткен жылғы
материалдарынан түгендеу тізімдерінен көшірме салатын жағдайлар да
кездеседі. Негізгі құралдар объектілерін түгендеу процессінде жарамсыз
болып, шығарып тасталатын, ескерілмеген және өткізілетін артық машиналар
мен құрылғыларының анықталғандығын тексеру керек. Өткізуге немесе шығарып
тастауға жататын объектілерге жеке түгендеу тізімдері толтырылады.
Түгендеудің толықтығын тексеру үшін түгендеу тізімдерін берілгендерімен,
аналитикалық есеп көрсеткіштерімен салыстырылады. Түгендеудің барлық
материалдарын зерттеу негізінде өткізілген түгендеу сапасы туралы қорытынды
мен оны жақсарту бойынша ұсыныстар беріледі.
Негізгі құралдардың нақты бары мен сақталуын тексеруге кірісер алдында
аудитор негізгі құралдардың аналитикалық есебі жүргізілетінің анықтап алу
керек, яғни әрбір объектінің қорына жеке ашылатын түгендеу карточкаларының
барын және толтыруының дұрыстығын тексеру. Олар объектінің техникалық және
экономикалық сипатын, тұратын орнын, бастапқы бағалауды және барлық
бағалауды бекітеді. Осы жерде объектң сипатының өзгерісі де көрсетіледі.
Түгендеу карточкаларындағы мәліметтер алғашқы құжаттар мәліметтерімен сай
келуі керек. Сондықтан әрқашанда тұрған жерінде нақты мәліметтің есепті
мәліметтерімен сәйкестігін және негізгі құралдардың қалпы тексеруге болады.
Оңтүстік жарық ЖШС -дегі ұйымдастырушылық формадағы есеп түрін
қабылдаса, яғни бұл деген есеп хабарларының аналитикалық және синтетикалық
есептің әртүрлі регистірлерінің үйлесімділігі, олардың байланысын және
олардағы жазулардың реттілігін өңдеудің процессі. Негізгі құралдардың
қозғалысы бойынша операциялар алғашқы есепті құжаттардың бір қатар: негізгі
құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (үлгі -1); жөнделген, жаңартылған және
модернизацияланған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі (үлгі-2); негізгі
құралдарды есептен шығару актісі (үлгі - 3); автокөлік құралдарын есептен
шығару актісі (үлгі -4); негізгі құралдарды түгендеу карточкасы (үлгі -6);
негізгі құралдарды есебін түгендеу тізімі (үлгі -10); негізгі құралдардың
қозғласының карточкасы (үлгі -12); жалға алынған негізгі құралдар есебінің
карточкасы (үлгі – 12а).

3. Оңтүстік жарық ЖШС -дегі меншікті капиталдың есебі

Оңтүстік жарық ЖШС -нің жарғылық капиталы қызметті бастауды
қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының
сомасы болып саналады.
Оңтүстік жарық ЖШС -нің жарғылық капиталына салынатын салымдары,
ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқықтық та және басқа да
мүліктер (интеллектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да алғанда)
болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда
салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе
барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы
ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың
айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз
эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серкітестіктердің жарғылық
капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады
және құжаттарын мемлекеттік тіркеудің өту үшін берген күнінде, оның мөлшері
жүз айлық есепті көрсеткішпен кем болмауы керек.
Оңтүстік жарық ЖШС -нің тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының
жалпы сомасының 25 пайыз мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол
жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы
жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктердің барлық
қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Серіктестіктердің қатысушысымен мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін
үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы
өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.
Егер де соған байланысты қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты
жарғылық капитал да азаяды, демек: 503 шоты дебеттеледі, 441, 451, 101-103,
106, 121-125, 201-206, 221, 222 шоттары кредиттеледі.
50-ші Жарғылық капитал бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның
құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сай келуі
тиісті. 50-ші Жарғылық капитал бөлімшесінің шоттары бойынша жазу жарғылық
капиталының белгіленген тәртібі бойынша жүреді, және олардың ұлғайған
немесе агзайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер
енгізеді.
Резервті капитал – акционерлерлік қоғамның және басқа да тараптардың
таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі.
Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) қызметінен алынған
зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда,
дивидендтерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны
пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады.
Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттарымен бірге
бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және олар кәсіпорынның
меншік капиталы болып табылады.
Қосымша төленген капитал дегеніміз – акционерлік қоғам өз
акцияларын олардың атаулы (номиналды) бағасынан жоғары бағаға сату
нәтижесінде түскен сомасы (эмиссиялық табысы). Мұндай капиталдың (табыстың)
есебі 531-ші Қосымша төленген капитал шотында жүргізіледі.
Өз меншігіндегі акцияларды сатқанда 531 шоты кредиттіліп, мына шоттар
дебеттеледі: 431, 432, 441, 451, 452.
Сатылған акциялар бойынша шоттарды төлеуге ұсынған кезде сатылған
акциялардың тұрақты құны 334 – шоттың дебеті мен 723-шоттың кредиті бойынша
көрсетіледі.
Қосымша төленбеген капиталдың есебі үшін 54-ші Қосымша төленбеген
капитал бөлімшесінің шоттары арналған.

4. Оңтүстік жарық ЖШС -дегі ақша құралдарының есебі

Оңтүстік жарық ЖШС де өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті
шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы
мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда ҚР ҰБ нормативтік
құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық
жүргізуші субъектінің кассасы болады.
Оңтүстік жарық ЖШС-де кассир-материалды жауапты тұлға. Ол касса
опреацияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның
материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасаланыды.
Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъект басшысының жазбаша
бұйрығы бойынша басқа да алымдар тартылатын болса, онда бұлардың
материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарт
жасалынады.
Оңтүстік жарық ЖШС-де кассадағы операциялар есебі 45- Кассадағы
қолма-қол ақша бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:
451- Кассадағы ұлттық валюта түрінде қолма-қол ақша және 452-
Кассадағы шетел валюта түрінде қолма-қол ақша шоттарында жүргізіледі.
Кассадағы ұлттық валюта түрінде қолма-қол ақшаның есебі ҚР ҰБ-нің
бекіткен кассалық операциялардың жүргізу тәртібіне сай жүргізіледі.
Оңтүстік жарық ЖШС кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері
бойынша жүзеге асырылады, оған бас бузгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға
ақша салған жеке нгемесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол
қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны
қабылдаған кезде кассир Төлем таңбаларын анықтау тәртібін басшылыққа
алуға міндетті. Кассаға қабылданған теңге соммасы жазумен жазылады, тиын
сандармен жазылады.
Оңтүстік жарық ЖШС -де кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен
немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем
тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да
құжаттармен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген
құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерне оның қол
қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша
берген кезде кассир алушының төл құжатын немесе жеке басының куәлігін
көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан
бергенін көрсетеді. Алушы касса ордеріне қол қояды және алған сомасын:
теңгені – жазумен, тиынды – сандармен көрсетеді.
Оңтүстік жарық ЖШС-де жазылған касса ордерлері немесе орнына жүретін
құжаттар шығыс және кіріс құжаттарын тіркеу журналында тіркеледі. Ол кіріс
және шығыс құжаттарына жеке ашылады. Оларда келесілер көрсетіледі: кіріс
және шығыс ордерінің толтырылған күні мен нөмірі, кассаға түскен немесе
жұмсалған ақшалардың нысаналы мақсаты көрсетіледі.
Оңтүстік жарық ЖШС –де касса ордерлері бойынша ақшаны қабылдау мен
беру тек оны рәсімдеу күнінде ғана жүзеге асырылады. Операциялар жүргізіліп
болғаннан кейін оған кассир қол қояды, ал оған тіркелген қосымша құжаттарға
штамп басылады және жазумен: күнін, айы мен жылын көрсете отырып Алынды
немесе Төленді деп белгі соғады.
Касса операцияларының есебін кассир Касса кітабында жүргізеді, ол
нөмірленуге, тігілуге және оған сүргі салынуға тиіс: ондағы парақтар санын
басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.
Банкі шоттар теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк
келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот
иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауы, оның өзіне немесе үшінші
тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын
орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады.
Оңтүстік жарық ЖШС-де есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі
441 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол шотында жүргізіледі. Субъектілер
шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет
есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге
шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып
табылады.
Оңтүстік жарық ЖШС -де есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу
үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі
шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен
салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама
сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған бақшаға банк түбіртек береді
және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Оңтүстік жарық ЖШС валюта шоттары бойынша операциялардың есебі 431 –
Ел ішіндегі валюталық шоттардағы қолма-қол ақша және 432 – Шет елдердегі
валюталық шоттағы қолма-қол ақша - шоттарында жүргізіледі.
Оңтүстік жарық ЖШС -дегі банктегі ақша қаражаттарының есебі Банк-
Клиент деп аталатын жүйе арқылы жүзеге асырылады. Бұл өте ыңғайлы
бағдарлама болып табылады. Ол арқылы олар күнделікті банктік операцияларды
жүзеге асыра алады, өздерінің бет шоттарындағы ақша қаражаттарының
қозғалысын бақылай алады, валюта бағанының өзгеруін бақылай алады.
Оңтүстік жарық ЖШС -ның ірі банктерінің басым бөлігімен қызмет атқарады,
оның ішінде: АТФ, БТА және Халық банкі негізгілері болып табылады.

5. Оңтүстік жарық ЖШС -дегі тауарлы-материалдық қорлардың есебі

Оңтүстік жарық ЖШС -дегі тауарлы-материалдық қорлар субъектінің
айналымдық қорының негізгі бөлігі болып табылады. Оның құрамына
материалдар, аяқталмаған өндіріс, тауарлар кіреді. Нарықтық экономика
жағдайында айналымдық қордың айналымдылығын жоғарлату оның маңызды және
нақты көрсеткіші болып табылады. Өнімнің өзіндік құнында материалдардың
үлес салмағы өнеркәсіптерде 70 пайыз, ал тоқыма және химиялық
өнеркәсіптерде 85 пайызға жетеді.
Өндіріс процессінде еңбек заттары өндіріс қорлары ретінде қатысып, жаңа
қалыптасқан өнімге өзінің құнын толық беріп отырады. Олар бұл процесте
толық қолданыла отырып, жаңа өнімнің материалдық негізін құрайды.
Оңтүстік жарық ЖШС -дегі тауарлы-материалдық қорлар есебінің жалпы
принциптері бухгалтерлік есептің №7 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
стандарты негізінде ұйымдастырылып, мұнда есептің негізгі бағыттары
көрсетілген.
- тауарлы-материалды қорлардың есебі;
- тауарлы-материалды қорлардың өзіндік құны және бағалануы;
- шығындардың есептелуі;
- есеп берудегі айқындама.
Тауарлы-материалды қорлар – бұл ағымдағы активтер: шикізат пен
материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, орағыш бұйымдар,
конструкциялар мен бөлшектер, отын, ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы
бөлшектер, басқа да материалдар, қайта өнделуге жіберілген материалдар,
құрылыс материалдары, және басқалдары, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан републикасының индустриалды – инновациялық дамуы
Алматы облысы Қапшағай қаласының бас жоспары
Кластерлік жүйе
Қазақстанның Оңтүстік Шығыс Азия елдерімен сауда байланысы
Аймақтық кәсіпкерлікті дамыту негіздері
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін басқару
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Жылқы шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі бір саласы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру
Ауыл шаруашылығы саласын дамыту
Пәндер