Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 Аймақтық басқару . жалпы басқару саласы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Аймақтық басқару мәні мен маңызы, міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері ... ... ... ... ... 6
2 Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1 Маңғыстау облысының даму бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.2 Маңғыстау облысының әлеуметтік.экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
2.3Маңғыстау облысы аймақтық саясатының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .. 16
3 ҚР аймақтық саясатының тиімділігін арттыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ...19
3.1Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2 Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру және басқа да аймақтармен теңестіру саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 Аймақтық басқару - жалпы басқару саласы ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 5
1.1 Аймақтық басқару мәні мен маңызы, міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .5

2 Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында) ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.1 Маңғыстау облысының даму бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
2.2 Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..11
2.3Маңғыстау облысы аймақтық саясатының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... 16

3.1Аймақтардың кешенді дамуын жеке аймақтық мақсаттармен ұштастыру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
3.2 Дағдарыстық аймақтарды құрылымдық қайта құру және басқа да аймақтармен теңестіру саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ұзақ мерзімге арналған стратегиясы табиғи, әлеуметтік-экономикалық және т.б. аумақтық факторлары толықтай ескеріп, оларды мемелекеттік саясаттың барлық бағыттарында нақтылағанда ғана ғылми тұрғыдан негізделген және жүзеге асу мүмкіндігі жоғары болады.
Қазіргі уақытта ресрублика кеңістігіндегі әлеуметтік-экономикалық даму жағдайларының біркелкі болмауы мемелект тарапынан жүргізілетін аймақтық саясат ерекшеліктерін анықтайды. Соған орай мемелекеттің аймақтық саясатының мақсаттары мен міндеттері, оларды жүзеге асыру механизімдері анықталады.
Аймақтың экономикалық және әлеуметтік даму аспектілерін зерттеу Ресейде ХІХ ғасырда, ал Қазақстанда ХХ ғасырдың аяғында ғылыми негізде дами бастады. Батыста аймақтық экономика "аймақтық ғылым" деп анықталады. Экономист ғалым Н.Н.Некрасовтың анықтамасында "аймақ" дегеніміз біртекті табиғат шарттарын және өндірістік қатынастардың маңыздылығына бағытталған бір елдің ірі территориясы.
Аймақтық экономикаға теориялық - әдістемелік зерттеулер жасаған ғалымдар Альфред Вебер, Аугуст Леш, Вильгелм Кристаллер, Иоганн Тюнен, Энтони Куклинский, орыс ғалымдары Н.Барановский, Н.Комосовский және тағы да басқа АҚШ , Германия, Франция ғалымдары үлес қосқан.
Мемелекет нарықтық қатынастардың дамуы барысында кәсіпорындарға толықтай дербестік бере отырып, олардың шаруашылық қызыметіне тікелей араласпағанымен де, жанама түрде (салықтар, экологиялық, монополияға қарсы шектеулер т.б,) арласады. Бұл нарық жағдайында кәсіпорындардың тимді қызымет етуінің бір шарты деуге болады. Ал егер мемелекет аймақтармен дұрыс өзара қарым-қатынас орнатпаған болса, немесе халықтың өмір сүруін қамтамасыз ететін ортасы болып табылатын мемелекеттің барлық аумақтарының дамуы үшін жауапкершіліктен бас тартатын болса, онда жүргізіліп жатқан реформалардың оң нәтижеге жеткізбейтіндігі анық. Демек, аймақтардың дамуын мемелекеттік реттеу олардың дамуының қажетті шарты.
Экономиканы мемелекеттік реттеудің ерекше бағытты ретінде қарастырылатын аймақтық саясаттың қазіргі ерекшеліктерін қарастыру оның тимді жүзеге асуына ықпалын тигізетін негізгі мәселердің бірі болып табылады. Сондықтан да аймақтар дамуындағы қазіргі қалыптасып отырған жағдайды саралау және соған орай аймақтық саясаттың бағыттарын айқындау өзекті мәселеге айналды.
Республиканың қазіргі экономикалық кеңістігі әлеуметтік, экономикалық, экологиялық ерекше мәселелермен сипатталатын әр түрлі аумақтарды қамтиды. Аймақтық экономика -- экономика ғылымының өндіріс салалары мен кәсіпорындарды ел аумағының жекелеген өңірлеріне ұтымды орналастыруды, өнімді өткізу аймақтарын қалыптастыруды көздейтін бөлімі. Ол материалдық және еңбек ресурстарын тиімді пайдалануды, экономиканы басқаруды одан әрі жетілдіруді, шаруашылықты дамытуды, салааралық мамандандырылған шаруашылық түрлерін өрістетуге жағдай жасауды, аймақтағы өндірістік салаларды жетілдіруді зерттейді.
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді дамыту мен орналастырудың кең ауқымды мәселелерін қарастырады, ірі өндірістік комплекстерді құруға жол ашады. Ол үшін аймақтың энергетикалық, минералды-шикізат, материалдық-техникалық базасы зерттеледі, өндіргіш күштердің дамуына табиғи ортаның, экологияның бұзылмауы негізге алынады. Қазақстан аймақтарындағы мол табиғи ресурстарды ұтымды игеру, өнеркәсіптік шикізат пен отын базасын дұрыс орналастыру еліміздің экономикалық қуатын арттырады. Халық шаруашылығының шикізат және отын ресурстарын пайдаланудың арта түсуі шикізат базасының үлкен торабын жасауды талап етеді. Минералдық шикізат ресурстары экономикалық құрылымдық тұрғыдан қайта құруға қажетті қаржыны жинауға мүмкіндік береді. Аймақтық стратегиялық маңызы бар табиғат ресурстарын пайдалануда оған жеңілдіктер беріледі. Аймақтағы халықтың көші-қон проблемалары зерттеледі. Ол үшін аймақаралық және аймақтық бағдарламалар жасалады. Тұтас алғанда, Аймақтық экономика елдің өндіргіш күштерінің дамуына нақты жағдай жасауы және оған сүйенуі керек. Аймақтандырудың жалпы әлемдiк процесi, басқаруды орталықтандырудың төмендеуi және аймақтардың құқықтары мен өкiлеттiгiнiң кеңеюi тенденцияларын ескере отырып аймақтық экономика жөнiнде iргелi және қолданбалы ғылыми-зерттеулер жүргiзуі керек;
Республика аймақтары мен таяу және алыс шет елдер бойынша жаңа технологияларды, техникаларды және басқа жаңалықтарды енгiзу жөнiндегi ақпараттық жұмысты күшейтудiң орынды екендiгi туындайды.
Курстық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші бөлімде жалпы республика бойынша аймақтық саясат маңызы мен теориялық негіздері қарастырылады. Екінші бөлім нақты бір Қазақстан аймағы бойынша(Маңғыстау облысы) аймақтық саясаттың жүргізілу бағыттарын сипаттайды. Үшінші бөлімде аймақтық саясаттың тиімділігін арттыру жолдары қарастырылған.
1 Аймақтық басқару - жалпы басқару саласы ретінде
1.1Аймақтық басқару мәні мен маңызы, міндеттері
Нарықтық қатынастарының дамуы мен қалыптасуы жағдайында радикалды экономикалық реформалардың ғылыми негізделуіне - аймақтық экономика маңызды роль атқарады. Аймақтық экономика - аймақтардағы өндіргіш күштердің орналасу факторларын және аймақ дамуды зерттейтін ғылым. Академик Н.Н.Некрасовтың анықтамасы бойынша "экономикалық ғылымның саласы ретінде аймақтық экономика елдің экономикалық жүйесінде және әрбір аймақта өндіргіш күштердің дамуы мен әлеуметтік процестердің қалыптасуын анықтайтын экономикалық әлеуметтік факторлар мен жағдайларын жиынтығын зерттейді".
Аймақтық экономика өндіргіш күштерді аймақтық дамуының стратегиялық позицияларын өңдейді. Аймақтық өндіргіш күштердің орналасуы аймақтық экономиканың негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Аймақтық экономика экономикалық географиямен тығыз байланысты, бірақ оған қарағанда қолданбалы практикалық нәтижелерге бағытталған. Аймақтық экономика географиямен жақындығына қарамастан экономиканың құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, экономикалық теория мен макроэкономикалық болжаумен, салалық экономикамен, статистикамен тағы да басқа әлеуметтік - экономикалық ғылымдармен тығыз байланысты. Аймақтық экономика экономикалық мәселелермен бірге экологияны әлеуметтік мәселелерді, демографияны, географияны, этнографияны тағы да басқа ғылымдарды қарастырады. Аймақтық басқарудың методтары аймақтың өндірісітік және өндірістік емес сфералар жиынтығы мен кәсіпорындар мен ұйымдарға шаруашылық әрекеттің пайда болуын қамтамасыз етуі тиіс. Соның ішінде:
oo республикалық стратегиялық тұжырымдардың әлеуметтік - экономикалық даму жағдайына біртұтас мақсатты бағыттанушылық;
жергілікті өзін - өзі басқару органдарының саяси және әкімшілік қызметтерінің біртұтастығын сақтау;
oo әлеуметтік - экономикалық , құрылыс - инвестициялық және табиғатты қорғау саясатының жылдық жоспарын жан-жақты және біртұтас мамандануын қадағалау;
oo аймақтық басқару мен жоспарлаудың тікелей және керсінше иерархиялық жүйе бөліміне біртұтас бюджеттік және қаржы - несиелік негізіне территориялық әкімшілік білім беру.
Аймақтық басқару органдарының экономикалық компетенциясын кеңейту барлық сұрақ территорияның әлеуметтк - экономикалық дамуымен байланысты болса, аймақтық органдар кәсіпорын коллективімен бірлесе отырып шешімін табуы қажет, өйткені жергілікті әкімшілік құқығы нақты экономикалық мүмкіндіктермен сәйкестенуі тиіс.
Аймақтық саясат механизмдерін жүзеге асыру, соның ішінде әлеуметтік - экономикалық ұдайы өндірістің қоршаған ортамен тепе теңдігінің бұзыуына байланысты, экологиялық қауіпті аймақтарға арнайы мемлекеттік бағдарламалар жасап нақты аймақтардың дамуының өзекті проблемалары шешімін табуы қажет.
Мемлекеттегі әрбір аймақ өзімен- өзі жеке дами алмайды, өйткені басқа аймақтардың дамуына зиянын тигізбес үшін оның ерекшеліктері де ескерілуі керек. Сондықтан да экономиканы мемлекеттік реттеу жүйесіндегі аймақтық саясаттың маңызы ерекше. Мемлекет әрбір аймақ үшін бағдарлама дайындап, сол бойынша әрбір аймақ өзінің даму бағытын жүзеге асырады. Мемлекет аймақтық саясатты қалыптастыру үшін еліміздің территориясы бойынша себептерді көрсету қажет. Оларға төмендегілерді жатқызуға болады:
еліміз аймақтарының табиғи - климаттық жағдайының айырмашылығы;
аймақтың өнімділігін анықтайтын табиғи ресурстарды пайдалану бағыты, саласы және ауқымы. Бұл тек ауылшаруашылық, пайдалы қазбаларды игеру ғана емес, өнеркәсіпті орналастыру жағдайын жағдайына және халықтың өмір сүру жағдайын ұйымдастыруға да әсер етеді;
аймақтың орналасуының күрделі жағдайы, соның әсерінен шығындар артып, бағаның өсіуі байқалады. Бұл аймақтың көлік және байланс қызметтерінің дұрыс дамымауына, оның экономикалық дамуына ықпал етеді;
инновация енгізу жағынан артта қалуы, өндірістің ескі құрылымы;
елдің экономикалық даму тенденциясы;
тауар өндірісіне әсер ететін технологиялық даму сатысы;
институционалдық факторлар: жалпы және аймақтық саясаттың нысандары, саяси жағдайды, аймақтың даму тарихы т.б. ;
орналастырудың физикалық факторлары: аэропорт, көлік жүйесі, өндірістік алаңдардың бар болуы немесе жоқ болуы, байланыс жүйелерімен қамтамасыз етілуі, өндірістік инфроқұрылым;
әлеуметтік мәдени факторлар. Урбанизация деңгейі, халықтың білім деңгейі, ғылыми орталықтардың бар болуы және т.б.;
орталықпен жүргізілетін макроэкономикалық саясатта аймақтық ерекшеліктердің есепке алынбауы;
орталық пен аймақтар арасындағы өкілеттіліктер мен міндеттерді жіктеу үрдісінің толықтай аяқталмауы.
1.2 Қазақстандағы аймақтық жоспарлаудың теориялық негіздері
Қазақстан аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық даму деңгейлерiнiң айырмашылығы шынайы болып табылады, ол әлемнiң кез келген елiне тән. Алайда нарыққа көшу кезiнде аймақтық шаруашылықты ұйымдастыру тепе-теңдiгiнiң терең бұзылуына, сондай-ақ қалыптасқан шаруашылық байланыстарының үзiлуiне орай бұл айырмашылықтар бұрынғыдан да күшейе түстi. Бастапқы мүмкiндiктердi ескере отырып нарыққа көшу процесiн басқару тетiгiнiң жетiлмегендiгi мен жекелеген аймақтар тобының оған дайындығының дәрежесi бүтiндей алғанда республиканың экономикасын реформалауды айтарлықтай баяулатты. Қалыпсыздық пен нарықтық реформаларды мемлекеттiк және аймақтық басқару құрылымдарында тiгiнен және көлденеңiнен келiспеушiлiк реформалардың бiрыңғай мемлекеттiк саясатын мақсатты бағытта жүзеге асыруға мүмкiндiк бермейдi. Жоспарлау мен басқарудың аймақтық мәселелері республикадағы
экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша іс-шаралар жүйесінде маңызды орын алады. Мемлекеттің дамуында аймақтар мен олардың билік органдарының ролін арттыру әлемдік тенденцияға жатады. Аймақтық басқаруға қойылатын негізігі міндеттерге:
- Республика мен ТМД елдерінде кәсіпорындардың дамуы мен жұмыс істеуінде қорықтық қатынастар мен тауар - ақша, жоспардың арақатынасы;
- өзін-өзі басқару механизміндегі экономикалық және ұйымдастырушылық - әкімшілік әдістері мен экономикалық арақатынасы;
- аймақтық басқару процесіндегі орталықтанған және орталықтан-дырылмаған басқару шешімдерінің арақатынасы.
Басқарудың экономикалық механизмінің маңызды элементіне ақша айналымын үздіксіз нығайту кезінде жоспарды қаржымен қамтамассыз ету жатады. Сондықтан да жергілікті шаруашылықтың аймақтық жүйесінің дамуы мен қызмет етуіне кешенді әлеуметтік - экономикалық дамуға қызмет ететін механизм қажет, ол механизм мыналарды қарастыруға тиіс:
- аймақтық экономикалық мүмкіндігінің материалдық өндірістік саласының тиімді қызмет етуіне байланысты болуы;
- аймақтық жүйенің барлық тармақтарының тепе - тең болуы;
- аймақтық әлеуметтік - экономикалық дамуының кешенді жоспарын қаржылай және материалды - техникалық қамтамасыз ету;
- әлеуметтік саланың дамуының нәтижелілігі мен аймақтың шаруашылық қызметінің тиімділігін есепке ала отырып бюджеттік жоспарлауды қайта құру;
- әрбір өндірушінің жағдайының жақсаруы әлеуметтік мәселелерді шешуге байланысты болады.
Қазақстан Республикасының болашақтағы әлеуметтік-экономикалық өсуі, оның аймақтарының дамуымен байланысты. Сондықтан экономикалық механизм келесілермен қалыптасу керек:
* аймақ - мемлекет экономикасын тікелей және жанама ресурстары, ғылыми- техникалық, қаржы- несиелік, несие және әлеуметтік байланысы дамыған біртұтас бөлігі болуы тиіс;
* бұл жерде ұдайы өндіріс пен еңбек ресурстары, қаржылай айналыммен ұлттық байлықтың жартысы, үйлестіру, айырбастау, тұтынушылар өндірісі іске асады ;
* басқару органдарының біріккен әрекеті, территориялық өндірістің дамуына орындаушы органдардың бірігуіне әкеледі ;
* аймақтың табиғи құзіретіне жоспарлау , қаржыландыру , несиелеу, ақшалай айналыммен еңбек ресурстарын жетілдіру жатады .
Экономикалық механизмге деген қажеттілік ұдайы өндіріс циклінде әлеуметтік- экономикалық аспектісінің біртұтастығын сақтауын қажет етеді. Сондықтан , экономиканы дамыту саласында қандай да бір басқарудың шешіміне практикалық қызметі халықтың материалды және мәдени тұрмысын қамтамассыз етуімен бағалануы тиіс. Әлеуметтік даму көрсеткіші тұрғын үй проблемасын шешумен халықтың рухани қажеттілігін қамтамассыз ету арқылы еңбек етуіне әсер етеді. Сондықтан, экономикалық- әлеуметтік шаруашылық салаларының тепе - теңдігін ұстау маңызды болады. Ол мемлекет пен демографиялық ұдайы өндіріс арасындағы кәсіпорынмен жергілікті өзін - өзі басқару органдарының экономикалық жүктеулерді тарату арқылы әлеуметтік әділеттілікті тудыруы қажет. Дәл осы кезде өндіріс шығынымен байланысты шыѓындардың толық көрсетілуі қажет . Бұл республиканың демаграфиялық жағдайына еңбек ресурстарын тиімді пайдалануға демеу жасайды және көп еңбек етуді төмендетіп, ғылыми - техникалық прогресстің дамуына жол ашады. Сонымен бірге әлеуметтік бағдарламалар екі маңызды қаржылық ресурстарды қамтиды. Олар: қаржы - несие жүйесі және жергілікті бюджет.
Әлеуметтік тұрмыс инфрақұрылымның дамуына кәсіпорын мен бірлестіктердің еңбек ресурстарының төлем ролін күшейтуге тырысады. Эквивалентті байланыстардың барлық экономикалық жүйе түйіндерімен қамтамассыз етуі, нарықтық жүйенің экономикалық механизмде талап етуі болады. Экономикалық жүйелерді зерттеуді аймақтық басқару мен жоспарлау келесідей жағдайларда жүргізіледі:
* кәсіпорын - аймақтың басты экономикалық көзі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметтің заңнамасына сәйкес жүргізіледі. Осыдан келіп территориялық басқарудың міндетті шаруашылық және өндіріс-технологиялық даму шартына араласпауы аймақтық кәсіпорындардың әлеуметтік- экономикалық кешенді дамуын ынталандырады.
* облыс, қала, аудандардағы шаруашылық субъектілердің есеп принціпі мен экономикалық есептертің эквивалентті негізін басқару органдары мен жалпы қатынас.
* жергілікті бюджеттің қалыптасуы кәсіпорын мен ұйымдардың жұмысының тиімділігіне байланысты .
Ұйымдық құрылым - шаруашылықтың өзін -өзі басқаруы жаңа әдістеріне, ғылыми- техникалық прогресске сәйкес жүргізілуі керек.
Аймақтық жоспар алдындағы зерттеулерді жүргізудің басты мақсаты әлеуметтік - экономикалық дамудың комплексті жоспарының ғылыми деңгейін арттыру жатады.
2 Нарық жағдайында аймақтық даму бағдарламасының қажеттілігі (Маңғыстау облысы мысалында)
2.1 Маңғыстау облысының даму бағдарламасы
Маңғыстау облысы аймақтық даму бағдарламасының негізгі мақсаты - ауыл аумақтарындағы тұрғындардың экономиикалық қызметінің дамуын және табысының өсуін ынталандыру үшін бірінші кезектегі шараларды жасақтау және іске асыру, ауылдық елді мекендерде қалыптасқан ахуал мен жіктелуді талдау негізінде әлеуметтік объектілер мен инженерлік инфрақұрылым құрылыстарын әлеуметтік-экономикалық даму келешегіне қарай инвестрлендіру және қалпына келтіру. Бағдарлама мақсатына жету үшін мынадай міндеттерді шешу қарастырылады:
1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері бойынша ауылдық елді мекендерді паспорттауды жүргізу және бар ахуалға талдау жасау.
2. АЕМ жіктеу және әлеуметтік - экономикалық келешегінің өлшемі бойынша мониторинг өткізу.
3. Әлеуметтік объектілер мен инженерлік инфрақұрылым құрылыстарын, жөндеу мен қайта жаңартуды инвестрлендіру бойынша бірінші кезектегі шараларды жасақтау.
4. Келешегі бар ауыл аумақтары тұрғындарының экономикалық қызметінің дамуы мен табысының өсуін ынталандыру шараларын жасақтау және іске асыру.
Маңғыстау облысының ауылдық елді мекендерінің әлеуетін анықтау ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған әдіс пен өлшемге сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму мен оларды бағалауға әсер ететін көптеген факторларды зерттеумен негізделді.
Жүргізілген талдау деректері көрсеткендей, Маңғыстау облысының барлық АЕМ орта әлеуетті дамудағы АЕМ санатына жатады (экология есебімен жиынтық баллы - 41-ден 66-ға дейін), бұл заңға сиымды, дамудың табиғи - географиялық және әлеуметтік - экономикалық жағдайында олардың біртектілігі мен біртиптілігін ескерілді.
Маңғыстау облысының АЕМ экономикалық әлеуеті көрсеткіштерінің жиынтық баллы 15-тен (Аққұдық селосы, өткізу базарынан қашықтығы-120 км) 29-ға дейінгі шегінде ауытқиды. Бұл көрсеткіштердің төменгі шамасы алдымен топырақтың төмен сапалы сипатымен және табиғи су көздерінің болмауымен түсіндіріледі, бұл ауылда экономикалық қызмет аясын айтарлықтай тарылтады.
Маңғыстау облысының АЕМ жиынтық баллында көп үлес, сомарлық мәні 15-30 балл шегінде ауытқитын, инженерлік инфрақұрылымдардың даму деңгейінің көрсеткіштерінде бар. Облыстық көпшілік АЕМ электр энергиясымен, байланыспен және төселген жол типтерімен қамтамасыз етілу дәрежесі бойынша маңызы өте жоғары.
Маңғыстау облысының АЕМ белгіленген нормаларға сәйкес әлеуметтік инфрақұрылым объектілерімен қамтамасыз етілуінің басымдықты жоғары деңгейімен сипатталады. Бірақ, осыған қарамастан, әлеуметтік даму деңгейінде толықтай жағымсыз әсерлер, ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуы мен табысының төмен деңгейін көрсетеді. Бұл әлеуметтік дамудың сомарлық балында көрініс тапты, яғни орташа мәні жобамен 10 мүмкіндіктен 6-7 балл құрады.
2012 жылғы 1 тоқсандағы рейтинг нәтижесі бойынша, бірінші орында - Бейнеу ауданы, екінші орында - Мұнайлы ауданы тұр, одан әрі Түпқараған ауданы, Қарақия ауданы және Ақтау қаласы жалғасады. Мейлінше төмен орындарға Маңғыстау ауданы мен Жаңаөзен қаласы орналасқан.
Бейнеу ауданы (1 орын) бойынша жоғары орындарға бөлшек тауар айналымы (2011 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 2 есе), негізгі капиталға инвестиция (2,9 есе) көлемінің, шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының (103,7%), халық санының (6,5%-ға), жоғары өсу қарқыны, өлім деңгейінің айтарлықтай төмендеуі (37,2%) есебінен қол жеткізілді.
Мұнайлы ауданының жоғары даму динамикасына (2 орын): бюджеттің жеке табыс көлемі (154,7%), шағын бизнестің белсенді кәсіпорындарының саны (106,3%), халық саны (11,6%-ға), мектепке дейінгі білім берумен және тәрбиелеумен қамтылған балалардың саны (1,7 есе) сияқты көрсеткіштер ықпал етті.
Түпқараған ауданы 2012 жылғы 1 тоқсанның қорытындысы бойынша 3 орында (2011 жылғы 4 тоқсанның қорытындысы бойынша - 5 орын). Мына көрсеткіштер: мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер көлемі (облыста орташа 79,4% болғанда - 173,3%), негізгі капиталға инвестиция көлемі (117,6%) жақсарды. Ауданда туу деңгейінің ең жоғары өсуі (37,6%), туберкулезбен ауыру деңгейінің (27,1%-ға) және қылмыстылық деңгейінің (26-ға%) едәуір төмендеуі байқалуда.
Қарақия ауданында (4 орын) құрылыс жұмыстары көлемінің (114,3%), мемлекеттік бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдер көлемінің (115,7%), дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтар санының (2,1 есе) өсуі байқалуда.
Ақтау қаласы бойынша (5 орын) ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру (179,3%), құрылыс жұмыстары (2,5 есе) көлемінің өскені көрінеді.
Маңғыстау ауданының (6 орын) төменгі даму қарқынына құрылыс жұмыстарының (43,7%), негізгі капиталға инвестицияның (44,5%), туу деңгейі (5,4-ке) сияқты көрсеткіштердің төмендеуі, сондай-ақ туберкулезбен ауыру (3,4 есе) мен қылмыстылық деңгейінің (21,3%) өсуі ықпал етті.
Жаңаөзен қаласы (7 орын) бойынша өнеркәсіптік өнімнің (79%), құрылыс жұмыстарының (35,5%), негізгі капиталға инвестицияның (50,3%), нақты көлемінің төменгі индекстері, шағын бизнестің белсенді кәсіпорындары санының (19,7%-ға) төмендеуі, қылмыстылық деңгейінің өсуі (43,3%) байқалуда.
2.2 Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің жоспары
Мемлекет басшысының Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында қойылған тапсырмаларға, сондай-ақ басым мемлекеттік және стратегиялық бағдарламаларына сәйкес құралды. Маңғыстау облысын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жалғасуда.
Тұтастай алғанда, қабылданған барлық шаралар экономиканы сапалық тұрғыдан өсіруді қамтамасыз етуге, индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын одан әрі іске асыруға, халықтың әл-ауқат деңгейі мен өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.
1. Өнеркәсіп. Есепті кезеңде қолданыстағы бағада 1268,7 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Өнеркәсіптік өнімнің нақты көлем индексі 97,5% құрады.
Облыстағы өнеркәсіптік өнімінің жалпы көлемінде үлесі 93,9% құрайтын тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде 1192,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі - 97,2% құрады.
2012 жылғы қаңтар-шілдесінде мұнай өндіру 2011 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2,3%-ға төмендеп, 10,2 млн.тонна құрады, табиғи газ өндіру - 17,5%-ға (1342,2 млн. текше метр) төмендеді. Мұнай мен газ өндірудің, тиісінше өнеркәсіп көлемінің төмендеуін негізгі себебі - облыста игеріліп жатқан көмірсутегі кен орындарының табиғи түгесілуі.
Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіру көлемі 2011 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 10%-ға (40,6 млрд. теңге) дейін азайды. Тапсырыстың жоқтығынан (Бейнеу ауданындағы Ақ-Бидай терминалы) ұн тарту өнеркәсібінің өнімдерін өндіру қысқаруына байланысты азық-түлік өндірісі 27,2%-ға төмендеді, тоқыма өнімдері өндірісі ағымдағы жылы сұраныстың төмендеуіне байланысты 27,9%-ға төмендеді (жеңіл өнеркәсіп саласында 2 орташа кәсіпорын бар - Жамал-ай АҚ және Жанарыс ЖШС.
Өңіріміздегі негізгі машина жасау кәсіпорындары - Каспий өңірлік машина жасау кешені ЖШС (КМК ЖШС), Каскор-Машзавод, GMMOS Қазақстан ЖШС толық қуаттылыққа жүктелмеуіне байланысты машина жасау 29%-ға төмендеді. Каспий өңірлік машина жасау кешені ЖШС кәсіпорнында тұрақсыз жағдай орын алды, КМК ЖШС және ҚазМұнайГазБӨ АҚ арасындағы 2012 жылғы №226-16 келісілген келісім акционерлік қоғам тарапынан себепсіз түетілгендіктен келісімнің жалпы соммасының 25-30%-ның төмендеуіне алып келді.
Қазіргі кезде өндірісті қайта құрудың және қайта жаңғыртудың 2-кезеңіне дайындық жүріп жатқандықтан, химиялық өнімдер өндіру өнеркәсібінің өнімі 6,2%-азайды. Өзге де металдық емес минералды өнімдер өндірісі тапсырыс берушілердің сұранысының төмендеуіне байланысты 5,2%-ға төмендеді.
Резеңке мен пластмассадан жасалған бұйымдар өндірісінде (1,8 есе), тері және теріден жасалатын өнімдер өндірісінде (1,4 есе) өсім байқалады.
Елдің Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 625 млрд. теңге болатын және жаңадан шамамен 44705 жұмыс орны құрылатын (салу кезеңінде - 13208 жұмыс орны, пайдалануға беру кезеңінде - 31947 жұмыс орны) 34 жоба енгізілді.
Оның ішінде, өңірлік Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 231,07 млрд. теңге болатын және жаңадан 10272 жұмыс орны құрылатын 31 жоба, республикалық Индустрияландыру картасына жалпы сметалық құны 394,1 млрд. теңге болатын және жаңадан 21225 жұмыс орны құрылатын 3 жоба енгізілді.
2010-2011 жылдары жалпы сметалық құны 120,5 млрд.теңге болатын 17 жоба аяқталып, жаңадан 3874 жұмыс орны құрылды. 2010 жылы іске қосылған объектілердің 5-еуі қуаттылығы 100% жүктемеге ие (Корпорация АПК-Инвест ЖШС-нің диірмен кешенінен, құрама жем зауытынан тұратын элеватор кешені, Баутин кентіндегі Маңғыстау облысының кеме жөндеу зауыты ЖШС-нің кеме жөндеу зауыты, ГММОС Қазақстакн ЖШС-нің мұнай-газ құрал-жабдықтарын шығару бойынша зауыты (2 кезең), Ақтау қаласы әуежайының халықаралық жолаушылар терминалының құрылысы және ұшыру-қондыру жолағын қайта құрылымдау АТМ Групп ЖШС, қабырғалық қуыс жабынды плиталар өндірісі Еврострой-А ЖШС, 1 жоба - 60%-ға жүктелген (теңіз операцияларын қолдау базасы Балықшы ЖШС), және 2 жоба бойынша қуаттылық жүктелмеген, оның ішінде:
- жылына қуаттылығы 84 мың тонна бұрғылау ерітінділер өндірісі Эм-Ай Дриллинг Флюидз Интернэшнл, Б.В.. Бұл Солтүстік Каспий жобасына бағытталған. Кәсіпорын Аджип ККО-ның тендеріне қатысты. Жоба алдын ала мақұлданды. Өнім жеткізуге арналған шартқа қол қою бойынша дайындық рәсімдері жүргізілуде. Келісімшарт оорташа мерзімді (4 жыл) болмақ;
- Теңіз Сервис ЖШС-нің металл конструкциялары зауытының өндірістік алаңы. Қазіргі кезде алаңша нақты өндіріске дайындалған, алайда Қашағанның екінші фазасын іске асыруды бастау мерзімі айқындалмауына байланысты зауыт құрылысыбасталған жоқ. Экологиялық әсер ету базасын орналастыру бойынша ұсыныс қаралуда, сондай-ақ Технип француз компаниясымен металл конструкциялары зауытын құру бойынша келіссөздер жүргізілуде.
2011 жылдың 9 жобасының ішінен - Қазақстан темір жолының Өзен - Түрікменстанмен мемлекеттік шекара жаңа темір жол желісінің құрылысы жобасы бойынша қазақстандық бөлік 100% аяқталды. Екі жоба бойынша өнім шығару басталған жоқ. Қалған 6 жоба бойынша орташа жүктеме - 60%.
2012 жылы жалпы сметалық құны 64,522 млн. теңге болатын және жаңадан 3624 жаңа жұмыс орны құрылатын 11 жобаны, оның ішінде өңірлік Картаның 9 жобасын, республикалық Картаның 2 жобасын аяқтау жоспарланған, олар:
- Ақтау пластикалық масса зауытында жол битумдарын өндіру Caspi Bitum бірлескен кәсіпорны;
- Сұйық дәрілік формалар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар шығару бойынша фармацевтикалық кешен Медикал Фарм Ча-Кур ЖШС;
- Мұнайдан тұратын қалдықтар мен мұнайды қайта өңдеу бойынша шағын зауыт ХаКоОйл ЖШС;
- Тауарлық-бекіре фермасының құрылысы Осетр-Аралды САС;
- Жел электр станциясының құрылысы DMK-Ko ЖШС;
- Бетоннан жасалатын бұйымдар өндірісі Рауан и Ко ЖШС;
- Резеңке ұнтағынан жабын өндірісін ұйымдастыру ИК-Дара ЖШС;
- Аммиак, азот қышқылы және аммиак селитра өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту жобасы ҚазАзот ЖШС;
- UHT өңделген сүт және балмұздақ өндірісі бойынша жаңа қуаттылықты іске қосу. Ашыған сүт өнімдерін шығару бойынша қуаттылықты кеңейту Гурман ЖШС;
- Газ және суға арналған полиэтилен құбырларын өндіру бойынша зауыт Арлан Group- Aktau ЖШС.
Облыстың бәсекеге қабілетті артықшылықтарын есепке ала отырып, облыс экономикасын өсірудің мынадай резервтері анықталды: мұнай-газ өндіру секторын одан әрі дамыту (өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және қосымша барлау, сервистік-қызмет көрсету өндірісін дамыту), өңдеу салаларын дамыту (оның ішінде Ақтау теңіз порты АЭА аумағында), облыстың транзиттік әлеуетін (көлік логистикасын, шекара бойындағы аумақтарды) дамыту; құрылыс индустриясын дамыту; туризмді дамыту (Кендірлі халықаралық курортты демалыс аймағының құрылысы), агроөнеркәсіптік кешенді (жайылымдық, асыл тұқымды мал шаруашылығын, балық аулауды және тауарлық балық өсіруді) дамыту.
Өнеркәсіп салаларындағы және облыстың жүйе құраушы кәсіпорындарындағы мынадай өсу резервтері бар:
Тау-кен өндіру өндірісі. Өзенмұнайгаз ӨФ-да мұнайдың бастапқы қорының 70%-дан астамы өндірілді, бұл ретте өңірдегі көмірсутегі шикізатын дайындау қарқыны әлі де болса өндіру динамикасынан артта қалуда. Бұл мұнай-газ компанияларының, оның ішінде Өзенмұнайгаз ӨФ мен Қаражанбасмұнай АҚ сияқты мейлінше ірі компаниялардың перспективалық дамуын тежейді.
Республикалық бюджет есебінен өңірдің минералды-шикізаттық кешенін іздестіру, барлау және қайта барлау бойынша іс-шаралар өткізу қажет. Бұдан басқа, мұнай және газ министрлігі, ҚазМұнайГаз ҰК АҚ Өзенмұнайгаз ӨФ және Қаражанбасмұнай АҚ компанияларының перспективалық даму жоспарларын, оның ішінде көрсетілген компаниялардың қосымша барлау және жаңа кен орындарын игеру перспективаларын бекітуі қажет.
Ақтау теңіз порты АЭА аумағын жоғары технологиялық экспортқа бағдарланған өндірістермен толықтыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінге 5 жоба іске асырылып, 46 жоба іске асыруға өтінім берілді. Оларды жандандыру үшін Ақтау теңіз порты АЭА аумағын инженерлік және көліктік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету қажет.
2011 жылы № 3 кіші аймақты жайластыру бойынша 3 млрд. теңге сомасында жұмыстар жүргізіліп, № 1 кіші аймақ бойынша жұмыстар басталды. Бұл мақсатқа 2012 жылға №1 кіші аймақ бойынша жұмыстарды жалғастыруға 1032 млрд. теңге бөлінді.
Өңірдің экспорттық әлуетін және инвестициялық тартымдылығын дамыту мақсатында облыс әкімдігі Ақтау теңіз порты АЭА аумағын жаңа өнеркәсіптерді құру үшін қосымша кіші аймақтармен кеңейту ұсыныс берді.
Көліктік инфрақұрылымды дамыту тұрғысында Жезқазған - Бейнеу темір жол желісінің құрылысы басталуда. Азия даму банкінің қарыз қаражатын тарту арқылы Ақтау-Бейнеу-Атырау автожолын Манашы-Шетпе учаскесінде (ұзындығы - 200 км, жобаның сомасы - 283 млн. доллар) қайта құрылымдау басталды. Республикалық бюджет қаражаты есебінен Жыңғылды-Шайыр және Қияқты-Тұщықұдық автожолының құрылысы, Ақтау - Форт-Шевченко және Таушық-Шетпе автожолдарын күрделі жөндеу жүргізілуде.
Кендірлі курортты демалыс аймағын дамыту жобасын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Кендірлі курортты аймағы мен халықаралық әуежайының сыртқы инженерлік инфрақұрылымының құрылысына техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді. 420,5 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz