Қазақстан Республикасындағы мұнай нарығының дамуының қазіргі жағдайын талдау мен бағалау


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 3

1 ТАРАУ. Мұнай нарығының қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1. Әлемдік мұнай нарығының дамуының ерекшеліктері . . .

1. 2. Ұлттық мұнай нарығының институционалдық жүйесі . . .

2 ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы мұнай нарығының дамуының қазіргі жағдайын талдау мен бағалау

2. 1. ҚР-да мұнай саласының дамуының қазіргі жағдайы . . .

2. 2. Қазақстан Республикасының мұнай құбырлар жүйесінің жағдайы мен перспективалары . . .

2. 3. Мұнай компаниялары өнімдерін экспорттау . . .

3 ТАРАУ. Қазақстан Республикасындағы мұнай нарығының дамуының артықшылықтары мен перспективасы

3. 1. Қазақстан мұнай компанияларының болашағы . . .

3. 2. Мұнай нарығын дамытудағы мемлекеттік стратегия . . .

3. 3. Жер қойнауын пайдалануды сенімді басқару: контрактілер, келісімдер, салықтар

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .

КІРІСПЕ

Нарыққа көшу жағдайында еліміздегі мұнай саласы экономика дамуында приоритетті бағытты иеленді. Таяу 30 жылда Қазақстанның мұнай секторы еліміздің әлемдік шаруашылықтық жүйеге кіргізетін маңызды сферасы, экономикалық өте перспективті саласы ретінде қарастырылады. Мұндай әдіс негізінде - сұйық отынның ірі қоры және әлемдік мұнай нарығында күтілетін перспективті қолайлы конънктура, соның ішінде салыстырмалы түрде өте жоғары шығынмен мұнайды өндіретін елдер және Қазақстан үшін де.

Мұнай өнеркәсібінде туындаған көптеген мәселелер көмірсутегі ресурстарын пайдаланудың альтернативті бағыттарын көрсетуге бағытталған арнайы шаралар жүйесін өңдеу бойынша жасауды талап етеді. Қазір қалыптасқан жағдай, оларды жақын және алыс шет елдерге экспорттау, мемлекеттік бюджетке түсетін табыстың басты статьясы болып отыр. Сондықтан копвекторлылықты қолдану осындай мұнай сияқты тамаша және жаңартуға келмейтін табиғи ресурстардың өте өткір мәселесін туғызып отыр.

Жер қойнауын қолдану сферасында мұнайгаз секторының экономикалық потенциалын жетілдіру республика бойынша жалпы мұнай өндіру динамикасын өсірумен, инфрақұрылымды өндірістің торапты желісін құрумен, мамандықтың жаңа салаларын қалыптастырумен байланысты. Сонымен, мұнай, газ, конденсаты бар жаңа ірі кен орнын жасауда енгізуге ғана емес, сонымен қатар әлемдік нарыққа көмірсутегі ресурстарын жеткізуді қамтамасыз етуді ұсынатын басқа сапалы даму кезеңдеріне жасалынған құрылымға көшуге ерекше көңіл бөлінеді.

Соңғы уақыттарда көптеген елдердің экономикасын қалыптастыруда мұнай мен мұнай өнімдері нарығының ролі едәуір өсті. Қазақстанның күші бар кен орындарында көмірсутегі шикізаттарының ірі қорын иелене отырып, республикамыздың құрылық бөлігінде және Каспий теңізінің ше льф аймағында перспективті құрылым есебінен мұнай мен газ көлемін біртіндеп өсіруде. Бұл мұнай тасымалында тартымды маршрутқа жан-жақты өлшенген

талдауды жүзеге асыру сол немесе басқа экспорттық бағыттың экономикалық тиімділігін анықтау қажеттігін анықтайды.

Қазақстанда мұнай саласын дамытуды, мұнайды зерттеу, өндіру, өңдеу және тасымалдау, сондай-ақ жаңа техника, технологиялар, ноу-хау үшін қазіргі басқару тәжірибесінің жетіспеушілігі үшін қажетті жеке инвестициялардың жоқ болуы кідіртуде. Шетел компаниялары басқа салалар алдында приоритет бере отырып, мұнай саласына инвестиция құюға мүдделерінің өте жоғары дәрежесін көрсетуде. Сонымен қатар, мұнай өндіру мен геологиялық барлау облыстарда қол қойылған көп келісімдерге қарамастан, кешегіге дейін бұл шетел капиталының қажетті санының құйылуына және өнеркәсіп қорларының ашылуына әкелген жоқ және мұнайды өндіру мен өңдеуді көбейту ұсынылған дәрежеге жеткен жоқ. Қазақстанда мұнай өнеркәсібін дамыту мен шетел капиаталының құйылуын ұстап тұратын бірден-бір маңызды фактор - бұл елден мұнайды шығару үшін күштің жетіспеушілігі. Қазір әзірге жеткілікті транспорт магистралімен қамтамасыз етілмеген. Бұл қазақстандық жобалар пайдасына шешілетін түпкілікті потенциалды инвесторларының таңдау процесін кідіртеді. Труба жүргізу құрылысы туралы шешімді жүзеге асыру әлемдік мұнай нарығында күшін орналастырып қоюды едәуір өзгертуі әбден мүмкін. Экспортты мұнай жолдарын таңдау көбіне Қазақстанның сыртқы саяси және сыртқы экономикалық стратегиясын анықтайды. Экспорттық маршрутты қалыптастырудағы ортақ әдіс - елдің геосаяси жағдайы мен оның әлеуметтік-экономикалық даму мүддесінен шығатын, әлемдік нарыққа мұнайды тасымалдаудың көп нұсқалылығы.

Қазақстанның экономикалық өсімінде өзінің жеке инвестициялық мүмкіндігі өсуде. Ұлттық мүдделерге сәйкес, шетелдік серіктестерінің мүддесіне қиянат жасамай-ақ, отандық инвесторлар өздерінің капиталдарын мұнай бизнесіне құюға дайын.

Мұнай кешенін дамыту және сұйық отын экспортын көбейту Қазақстан экономикасының шикізатқа бағытталуын тереңдету қаупін туғызып отыр. Ол сондай жағдайдағы барлық теріс зардаптары мен өндірістік дамыған елдердің шикізат қорына айналуы мүмкін. Мұндай жағдайдың алдын-алу үшін ел экономикасын және оның экспортын диверсификациялау қажет. Өсімді тек мұнай кешенінде ғана емес, экономикамыздың басқа салаларынан да табуымыз қажет.

Көмірсутегі экспортына жоғары тәуелділік Қазақстанның экономикасын әлсіз етіп отыр. Оның ұлттық мүдделерін тиімді қорғау мұнай кешенін дамыту стратегиясын жасауды талап етіп отыр. Ең алдымен, ол еліміздің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталуы және әлемдік нарықта оның позициясын нығайтуға жағдай жасауы тиіс. Жоғарыда айтылғанның барлығы дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігін анықтайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты ҚР-да мұнай нарығын дамытумен байланысты мәселелерді кешенді қарастыру және оның даму перспективасын кешенді анықтау болып табылады. Қойылған мақсатқа сәйкес мына міндеттерді шешу қажет:

  • әлемдік мұнай нарығын зерттеу, оның дамуының негізгі факторларын анықтау;
  • мұнай нарығында баға белгілеудің негізгі әдістерін талдау, баға белгілеудің қазіргі формаларын қарастыру;
  • Қазақстанның қазіргі мұнай кешенін және оның экспорттық құраушыларын дамытудың негізгі жолдарын талдау;
  • Республткада мұнай нарығын дамытудың приоритеттерін анықтау.

Зерттеу пәні - Қазақстанның мұнай нарығының дамуы мен әлемдік сұйық отын нарығында оның бәсекелестік позициясын нығайту үшін қолайлы жағдай жасау.

Зерттеу объектісі болып мұнай нарығы, оның негізгі субъектілері, Қазақстанның мұнай кешені табылады.

Дипломдық жұмысты орындау барысында отандық және ресейлік ғалымдардың және мұнай өнеркәсібі экономикасының мәселелері бойынша экономиканы қалыптастыру мен шетел инвестицияларын тарту бойынша мамандардық ғылыми еңбектері қолданылды.

Жұмыста ақпарат көзі ретінде мұнай бизнесін реттеу бойынша заң актілері, сол сияқты Қазақстанда мұнай кешені қызметін сипаттайтын статистикалық мәліметтер қолданылды.

Талдауда экономикалық талдаудың факторлық және салыстырмалы әдістері, монографиялық пен сызбалық иллюстрация, экономико-математикалық әдістер қолданылды.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады. Машинкаға басылған жұмыс бетте орындалған, кесте мен суреттермен мазмұндалған.

1. Мұнай нарығының қалыптасуының теориялық негіздері

1. 1. Әлемдік мұнай нарығының дамуының ерекшеліктері

Мұнай нарығы бірінші энергия тасымалдаудың ең үлкен және қалыптасқан түрі болып табылады. Мұнайдың ең бастьы керекшелігі болып трансполрттық тасымалдаудың, тұтынушымен байланыстың жеңілдетілген түрі болып саналады. Аймақаралық мұнай ағымына және оныі өндірілу көлеміне елеулі түрде әскери және саяси факторлар әсер етеді.

Әлемдік ірі мұнай компанияларымен басұарушылық күшке қарсы 1960 жылы Мұнай экспорттаушы елдердің әлемдік ұйымы құрылды. Ең басында оған бес мемлекет: Иран, Ирак, Кувейт, Сауд Арабиясы және Венесуэла. 1969-1970ж. ж тағы сегіз ел енді: Катар, Индонезия, Біріккен Араб Әмірлігі,

Алжир, Нигерия, Эквадор және Габон. 1992 ж ОПЕК құрамынан Эквадор, 1995 ж Габон шығарыылды.

ОПЕКтің негізгі міндеті болып келесі табылады:

  • Сұйық мұнай нарығына ірі компаниялардың әсерін азайту.
  • Мұнай сатуда ұйымға мүше елдердің үлесін азайту.
  • Өз мемлекетіңнің өз территорияңда таралуын азайту.
  • Халықаралық мұнайдың биржалық саудасында үш негізгі маркерлік сорттары таралған:Брент(Еуропа), Дубай(Азия) және Батыс техасстық қоспа. Брент дегеніміз Лондондық биржаның маркерлік сорты, Батыс техасстық Нью Йорк үшін және Дубай Сингапур үшін.

Брент пен Дубай экспортқа бағытталған сорт болып табылады, оның сатылымы споттық нарықта елу алпыс пайызы бір сатылымнан құрайды. Батыс техасстық мұнай негізінен АҚШ тың ішкі нарығында ұзақ мерзімді келісімшарт негізінде сатылады, бір жолғы сатылым мөлшері төрт пайыз мөлшерінде.

Үш географиялық сауда центрлерінің болуы күшті техника дамуымен байланысты: Телекоммуникация, компьютеризация және информационды технологиялар нақты өмірдегі мұнайды функциялауға әкелді.

Бәсекелік нарыққа өту мұнайды сатудың жаңа түрлерін, сатылу түрлерін туғызды. Тұрақты келісімшарттардың негізінде бір жолғы келісімшарт бойынша 40-50% нарықта сатылымға түсті. Бәсекені горизонтальдыдан вертикаль түрге ауысуы Тұрақты және интегралды емес тенденциялардың артуы жағдайында сұраныс пен ұсыныстың артуына әкелді.

Қазіргі таңда, әлемдік мұнай нарығындағы елеулі өзгерістер болды. Нарықтың трансформациясы тауаралмасушы келісімдерді кеңейтуге орайластырылып жүргізілді. Нарықтың сегменттелуі барысында мұнай сатылымы алдымен споттық, форвардтық, кейіннен фьючерстік келісімдермен жасалатын болды. Әлемдік мұнай нарығы біртіндеп физикалық түрден қаржылық түрге ауысты. Биржада жасалатын іскерлік операцялардың 1-2% пайызы енеді. Қалған бөлігі хеджирлік операцияларға және кеңінен таралған сұйық отынмен спекулятивті сату трін жүргізу.

Әлемдік нарықта ОПЕК елдері негізгі активтерге ие болу барысында негізгі мемлекеттік ойыншы болады. Тік көлденең мұнай өндіруші халықаралық компаниялар, ОПЕК елдерінде орналасқан елдермен тасымалдау және шығару өндіру саласындағы компаниялар арасында бәсеке пайда болған.

Соңғы жылдары әлемдік мұнай нарығында диверсификация мен глобализация процесстері белсенді жүрді. Нәтижесінде көптеген компаниялардың географиялық немесе технологиялық жобалармен бірігуі пайда болды. Нақты шекаралар бәсекенің тік және көлденең түрде тез дамуы барысында тез тенденция алып жаңа биіктен көріне бастады. Сол себепті қазіргі таңда мұнай нарығында күшейтулер болып жатыр.

Негізгі бәсеке көбінесе мемлеккеттік және халықаралық компаниялар арасында кеңінен тпралған. Әлемде мұнайды өндіру мен табу мемлекеттік тұрғыдағы ірі бизнес болғандықтан (Upstream) мемлекеттік мұнай компаниялары доминант болып табылады.

1 кесте

Әлемдегі мұнай өндіру мен табу.

Компаниялар
Қорлар
Өндіру
Компаниялар:
Қорлар: Мұнай
Өндіру: Газ
Мұнай
Газ
Компаниялар: Мем. м. к.
Қорлар: 93
Өндіру: 93
72
70
Компаниялар: Жеке м. к.
Қорлар: 7
Өндіру: 7
28
20

Мұнайды қайта өндіру (Downstream) жеке компаниялармен бақыланады, себебі олар өздерін шикізатпен кең мөлшерде қамтамасыз ете алмайды әрі кейіннен олар шикізатты сатып алушы нетто сатыпалушыға айналады. Мұнайды өндіретін он екі ірі әлемдік компаниялармен олардың мөлшері өндіретін мөлшерінен 1. 7 есеге артты. Ол олардың өндіруге тиісті күшінен 3. 1 есе артқанын байқатады. Соған байланысты олардың сату үлесі артық мөлшерде. Ұлттық мұнай компаниялары көмірсуға деген бақылау пакеті акциясына ие, ол өз кезегінде нарыққа шығу мүмкіндігін кеңейтеді. Оларға тұрақты сатушылармен келісім жасаған оңтайлы болып саналады.

Қазіргі таңда сенімді жеткізілу шарты ретінде баға қалыптасудың тазалығы мен ашықтығы, яғни компаниялармен өзінің бюджетін анықтау мүмкіндігінің молдығы анықталады.

Бүкіл әлемдік мұнай нарығы жоғарғы дәрежелі концентрациялы және монополизациялы болып саналады. 24 аса үлкен мұнай компаниялардың ішіне (12 аса үлкен өндіруші және 12 аса үлкен өңдеуші) компаниялар кіреді, ХХІ ғасырдың басында 60 пайыз мұнай өндіру және 45 пайыз мұнай өңдеуі осындай қатынаспен жасалды.

Қазіргі кезде ОПЕК-ке 11 дамушы ел кіреді, олардың пайдасы және дамуы мұнай экспорты мен әлемдегі мұнай бағасына тура тәуелді. Экспортқа шығарылған мұнай пайдасы, ол ОПЕК-ке кіретін елдердің гүлденуі, оған қоса, олардың негізгі мақсаты - мұнай нарығында бір қалыпты болуы, осындай бір қалыпты дәрежеге жету үшін мұнай сұраныс пен тұтыну көлемін анықтау мақсат.

Жылына екі рет егер керек болса одан да көп кездесулер жүргізіледі. Сол кездесулерде мұнай және энергетика министрлері әлемдік мұнай жағдайын талқылайды.

ОПЕК-ке кіретін елдердің мұнай өндіру және өңдеу саясаты әртүрлі келеді. Себебі географиялық және экономикалық жағдайдың әртүрлілігінен, сондай-ақ мұнай қорының бірдей еместігі, ішкі нарықтағы сұраныстың бірдей болмауы деген сияқты факторлар болып келеді. Осыған орай, Алжир, Иран және Ливия елдері баға көтеруін қалайды және квотаға қарсы шығады. Ал, Кувейт, Сауд аравиясы және Біріккен Сауд Әміршілігі бағаның төмендету жағдайын қарастырып, квоталардың болуын және олардың ары қарай өсуін қалайды. Ол дегеніңіз, ішкі нарықты қанағаттандыра, қор жинауды көздейді.

Индонезия, Нигерия және Венесуэла елдерін екі топтың біреуіне де жатқызуға болмайды, өйткені олардың позициялары әлемдік мұнай нарығына тікелей байланысты. Экспорттық квоталарды бөлу сонымен қатар картельдің мүше - елдердің ресурстық әлеуетіне де байланысты (2 кесте) .

Негізгі әлемдік нарық индикаторы болып ОПЕК белгілейтін баға болып саналады. Және де Лондон әлемдік мұнай биржасы (Brent) және Нью-Йорк тауар биржасы (WTI) өз баға құруына әсер етеді. ОПЕК-ке мұнайдың негізгі сорттары, ОПЕК елдерінде өндіретін және Мексикада.

2 кесте

2005 жылдағы ОПЕК-ке мүше-елдеріндегі мұнайды табудың квоталары

Ел: Ел
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): Квотаның мөлшері (күніне мың баррель)
Ел: Алжир
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 878
Ел: Индонезия
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 1425
Ел: Иран
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 4037
Ел: Кувейт
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 2207
Ел: Ливия
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 1473
Ел: Нигерия
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 2264
Ел: Катар
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 713
Ел: Сауд Аравиясы
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 8937
Ел: БАӘ
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 2400
Ел: Венесуэла
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): 3165
Ел: Ирак
Квотаның мөлшері (күніне мың баррель): Квота режиміне кірмейді

ОПЕК-тің бағасы күн сайын және әр апта Карательдің секретариаты зерттейді. оның мақсаты- орташа нарықтық бағаны анықтау. 1980 жылғы ОПЕК-тің жәшігі баға тағайындаудың негізі болды. Басында оның бағасы бір баррельге 18 доллар болған, кейінірек 21 долларға жетті. 1999 жылдың наурыз айында ОПЕК баға тағайындау жаңа механизмін қолданды, осы механизмге автоматтық мұнай экспорттының күніне 500 мың баррельге дейін ұлғайту, егер ОПЕК жәшігінің бағасы 20 күннен астам күніне 22-28 доллар кем болмағанда. Және автоматтық кеміту механизмі қосылады (күніне 500 мың баррель) егер 10 күн ішінде 22-28 доллардан кем болғанда. Осыдан басқа методтардан сұраныс пен ұсыныс дәрежесі анықталады және біркелкі жағдай үшін квоталардан алынады.

Әлем нарығында біркелкі жағдайды бұзушы Ирак болады.

Тамыз айының 1990 жылдан Иракқа ООН-ның санкциялары бар, оның Кувейтке деген қарсылығы үшін. Бірақ та желтоқсан айының 1996 жылдың Ирак мұнай экспортын жаңартты ООН бағдарламасы бойынша (Мұнай азық-түлік үшін), мұнайдан келген ақшаны, азық-түлік және дәрі-дәрмек үшін. Ирак мұнай инфраструтурасын тез арада дұрыстап алды, оған дәлел, 1999 жылда мұнай өндіру көлемі күніне 3 млн. баррель болды, ал 2000 жылдың аяғында күніне 3, 5 млн. баррельге жетті. Ирак мұнайының экспорты ООН бағдарламасы бойынша көлеміне емес, оның сатқаннан пайдасынан. Демек, бағаның төмендеп кеткен уақытта Ирак жетерлік мұнайды экспорттай алмады. Оған орай ООН (бағдарламасы бойынша) көрсеткен ақшаны 6 ай ішінде жинай алмады.

ООН бағаны 1999 жылдан бастап 6 ай ішінде 5, 3 млрд. доллардан 8, 3 млрд. долларға дейін ұлғайту керек деп есептеді. Ирак бүкіл әлемдегі мұнай өндіруші елдерді таң қалдырды, ол 1991 жылдан бастап күніне 1 млн. баррельден, соғыстан кейін (перс заливіндегі) , 1999 жылдың аяғында күніне 3 млн. баррель мұнай өндірді. Ол Ирак үшін үлкен жетістік себебі сол уақытта өте көп кедергілер және мұнай инфраструктурасының керек дәрежеде болмауы.

Қазіргі кезде Ирак айналасындағы қақтығыстар басылмай жатыр. 2001 жылдың жазында БҰҰ мен Ирак «Өзара түсінушілік туралы меморандумының» жұмыс істеу уақытын ресми түрде ұзартты. Осы меморандум «Мұнайға азық-түлік айырбастау» бағдарламасының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Ал 2001 жылдың шілдесінде Ирак өзінің экспорттық сатуларын қайта жандандырды, ол мұнай бағасының күрт түсуіне және нарықтағы наразылыққа алып соқты. Бұдан бұрын (04. 06. 2001) Ирак мұнайды экспорттауды тоқтаған еді, оның басты себебі: АҚШ пен Ұлыбритания осы елдің сыртқы сауда операцияларына бақылауды күшейтетін жаңа санкциялардың бағдарламасын енгізді. Осыған дейін экспорттық тасымалдар көлемі күн сайын 2 млн. баррель болатын. Мұнайды экспорттауды қайта жандандыру мұнай бағасының динамикасын анықтауда маңызды фактор болып табылады, ол өз кезегінде әлемдік тауар нарықтарында мұнай бағасын өзгертеді. Бірақ ОПЕК мамандары Ирак өз мұнай экспортын тоқтатса да, мұнай бағасының деңгейін керекті деңгейде ұстап тұра алады деген сенімде.

ОПЕК қазіргі кезде мұнай бағасына елеулі әсер етеді. Мұнай картеліне кіретін елдер әлемнің зерттелген мұнай қорының ¾ бөлігіне ие. Әлемдік мұнай өндірісінің 40% ОПЕК иелігінде. ЕІА сараптамасы нәтижесінде ОПЕК елдері елеулі инвестициялық қаржысыз қысқа период ішінде мұнай өндірісінің көлемін 35 млн. баррель/тәулік деңгейіне дейін жеткізе алатыны дәлелденген. Сондай-ақ өндірістік қуатты 1 барр/тәулікке өсіру картель үшін тек 2, 8 АҚШ долларына соғады. Оның үстiне олардың қоршаған ортаны қорғау талаптарына да жүрдiм-бардым қарағаны қарын аштырмай қоймайды. Әлбетте, осындай заң бұзушылықтың салдары жұтып отырған ауа мен iшiп отырған суымыздың ластануына әкеп соғатыны тағы анық. Бұл шартты бұзушылық бұдан өзге мемлекетке қаншама қыруар шығын әкелiп, жақын арадағы жоспарда бар мектеп пен ауруханалардың салынбай қалуы ықтималдығына және экономикалық, инфрақұрылымдық жобалардың дер кезiнде iске аспауына әкелуi мүмкiн екен.

Баға белгілеуде басты фактор ұсыныс пен сұраныс деңгейі болып табылады. Әлемдік нарықтағы мұнай бағасы сұраныс пен ұсыныстың өзгеруіне байланысы әрдайым жоғары-төмен қозғалыста болады. Олардың арасындағы айырмашылық неғұрлым көп болса соғұрлым нарықтағы қалыптасқан баға өзінің шынайы бағасынан алшақтай береді. Тауарлық дефецит жағдайында («сатушы нарығы») баға көтеріледі және керісінше, тауар жеткілікті болса («тұтынушы нарығы») - осы тауар бағасы төмен жылжиды.

Қазір бірнеше аумақтық мұнай нарықтары қалыптасқан. Және олардағы мұнай бағасы бір баррель үшін 1 доллардан 5 долларға дейін ауытқып отырады. Ең төмен баға Таяу шығыс аумақтық нарығында, Кариб бассейні (Венесуэла) бір долларға жоғары.

Мұнай өнімдері Солтүстік Европада, оның мәні шығыстағы нарықтан 4-5 долларға артық.

Шығыстық мұнайды бағасының басым бөлігін тау рентасы құрайды, өйткені мұнда үлкен кен орныдары орналасқан, олардың рентабельділігі өте жоғары. Осылай орташа жылдық мұнай скважиналарының дебеті Шығыста 680 мың т жылына, Сауд Арабиясында 273 мың т. Қазу ұстанымдары 25 есе кем Солтүстік мұхит және Аляскамен салыстырғанда. Жеңіл және ұсақ ұнтақты түрлерінде бағада жасау деігейінің рентасы орны табады, өйткені мұнайдың бүл түрлерін өңдегенде жоғары дәрежеде табыс ашық фракциаларда(бензин, авиакеросин, және т. б. ) болады. Осыны ескере отырып көліктік құбырлардың дамуы және мұнай өнімдерін дамыту технологиясы мұнай түрлерінің арасындағы айырмашылыққа әкеп соқты.

Аз шығысты қажет ететін кен орныдары әлемдік мұнай бағасын анықтайтын болды. Дәстүрлі түрде индикатор ретінде солтүстік теңіздік Brent халықаралық мұнай биржасында Лондонда танылады. Оның ұстанымдары ең жоғары болып саналады.

Мұнай бағаларының әрі қарай қозғалысы 2007 жылы факторлардың екі тобының үйлесуімен анықталатын болады: фундаменталдық және алыпсатарлық (спекулятивтік) .

АҚШ-тағы мұнай қорының артуы, американдық және әлемдік экономиканың өсу қарқының төмендеуі және аналитиктердің хабарлауы бойынша, 2009 жылы мұнайдың әрі қарай өсуі экономикалық құлдырауға алып келеді, көптеген хеджерлік қорлар мен алыпсатар инвесторларды орта мерзімдік перспективада мұнай құнының арту тенденциясы өз мәнін жоғалтады деген қорытындыға келді. Мұнай құнының төмендеуі нәтижесінде олар өздерінің ұстанымдарын жауып және мұнай нарығынан өздерінің ақшаларын басқа активтерге аудара бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МҰНАЙ НАРЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК ТӘСІЛДЕРІ
Мұнай компанияларының экономикалық қауіпсіздікке әсерін бағалау («ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ-ның материалдары негізінде)
Ақша-несие саясаты жайлы мәлімет
Қазақстан Республикасының өмірді сақтандыру компаниялары
Валюталық реттеудің мақсаттары мен міндеттер
Қазақстан Республикасындағы төлем қабілетсіздік мәселелерін талдау
Мемлекеттің ақша несие саясаты. ҚР бюджет-салық саясаты
Инвестициялық жобаны бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz