Әлеуметтік - демографиялық статистика жүргізу әдістемелерін талдау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚР СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ: ТАРИХЫ, ЕРЕЖЕСІ, МІНДЕТІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... 5
1.1 Қазақстан Республикасы статистикасының қалыптасуы мен даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 ҚР Статистика агенттігі Мемлекеттік мекеме сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .7
1.3 ҚР Статистика агенттігінің құрамы және құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... .10

2. ӘЛЕУМЕТТІК.ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ..13
2.1 Халық санын болжау әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Санақаралық кезеңдегі халықтың жынысы мен жасы бойынша құрамын қайта есептеу әдістемесі ... ... ... ... ... ..16
2.3 Өмір сүру кезеңін есептеу әдістемесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...22

3. ҚР СТАТИСТИТКА АГЕНТТІГІНІҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОСПАРЫ ... ... ... ... ... ... ... 25
3.1 ҚР Статиститка агенттігінің статистикалық қызметін жетілдіру жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1. ҚР СТАТИСТИКА АГЕНТТІГІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ: ТАРИХЫ,
ЕРЕЖЕСІ, МІНДЕТІ, ҚҰРЫЛЫМЫ ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Қазақстан Республикасы статистикасының қалыптасуы мен даму
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 ҚР Статистика агенттігі Мемлекеттік мекеме
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .7
1.3 ҚР Статистика агенттігінің құрамы және
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2. ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .13
2.1 Халық санын болжау
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..13
2.2 Санақаралық кезеңдегі халықтың жынысы мен жасы бойынша құрамын қайта
есептеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .16
2.3 Өмір сүру кезеңін есептеу
әдістемесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 2

3. ҚР СТАТИСТИТКА АГЕНТТІГІНІҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ
ЖОСПАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .25
3.1 ҚР Статиститка агенттігінің статистикалық қызметін жетілдіру
жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 31

ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .32

КІРІСПЕ

Әр мемлекеттің дамуы, экономиканың дамуы мен адам әлеуеті дамуының
арасындағы саналы баланстаумен анықталады. Адам әлеуетінің индексі үш
құрамдас бөліктен тұрады: біріншіден, алдағы орта өмір ұзақтығының
көрсеткіші; екіншіден, білім деңгейінің көрсеткіші, үшіншіден, жан басына
шаққандағы ЖІӨ-нің көрсеткіші. Елбасымыздың 2010 жылғы Жаңа онжылдық- жаңа
экономикалық өрлеу- Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Қазақстан халқына
Жолдауында: Алда тұрған онжылдықтың аса маңызды міндеті- Қазақстанның
барлық азаматтарының өмір сапасы мен деңгейін жақсарту, әлеуметтік
тұрақтылық пен қорғалуды нығайту,- деген еді. Демек, бұл айтылған ойдың
маңыздылығын жетілдірудің, осынау басты мақсатқа қол жеткізудің мәні зор.

Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің 2009 жылғы 25
ақпандағы жағдай бойынша жүргізілген Ұлттық санақтың нәтижелері бойынша,
Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын халықтың саны 16 009
597 адамды құрады. Санақаралық кезеңде республика халқының саны 1 028 316
адамға көбейді. Халықтың алдыңғы санақпен (1999 ж.) салыстырғандағы санының
өсуі 6,9%-ды құрады. Бұл көрсеткіштер еліміздегі жылдар бойы жүргізіліп
жатқан демографиялық саясат нәтижесі болып табылатынын ескеруіміз қажет.
ҚР демографиялық саясатты қысқаша сипаттап өтетін болсақ, оның мақсаты
- демографиялық процестердегі жағымсыз тенденцияларды жою, құлдырап азаюды
болдырмау, ел дамуының ұзақ мерзімді стратегиясына сәйкес халықтың сандық
және сапалық өсуін қамтамасыз ету.
Демографиялық саясатты іске асыру кезінде мемлекепік өкімет
органдарының алдында мынадай міндетгер тұр:
• өсіп-өнуді қоса алғанда, халықтың денсаулық жағдайын жақсарту;
• өлімді азайту және соның көрінісі ретінде өмірдің үзақтығын ұлғайту;
• тууды тұрақтандыру және оны болашақта ұрнақтарды толық алмастыруды
және халықты ұдайы көбейтудің кеңейтілген режимін қамтамасыз ететін
деңгейге дейін арттыру;
• отбасының тыныс-тіршілігі жағдайын жақсарту, отбасы-неке қатынастарын
нығайту;
• көші-қон процестерін реттеу;
• коғам және жеке адам деңгейінде халықтың денсаулығы үшін
жауапкершіпікті арттыру;
• экологиялық зілзаланың жағымсыз зардаптарын жеңу.
Мемлекеттік демографиялық саясат мына қағидаттарға негізделеді:
• нәсіліне, ұлттына, дініне қарамастан елдін барлык, азаматтарының
тендігі;
• осіп-өнуді және өтбасын жоспарлауауды еркін таңдау;
• аса маңызды әлеуметтік функция ретінде аналықты, БҰҰ-ның "Баланың
құрықтары туралы" және "Әйелдеріс катысты кемеітушіліктердің барлық
нысындарын жою туралы" Халықаралық Конвенцияларына сәйкес басының
нелері ретінде балалардың мүдделерін сақтау кезінде өз балаларын
тәрбиелеуде ата-ананың тең міндеттерін тану;
• тууға, өлімге, өмірдің ұзақтығы меи демографиялық және коші-қондык
процестердегі жаңа тенденцияларды ескере отырып, коші-қонға ықпал
етудің түрлі шараларын қамтитын кешенді көзқарас;
• демографиялық саясатты іске асыруда бірыңғай негізін қалайтын
нормалардың негізінде орталық жәме аймақтық органдардың тиімді өзара
іс-қимыльн қамтамасыз ететін аймақтық ерекшеліктерді есепке алу;
• халықтың экологиялық қауіпсіздігі, биологиялық әралуандықты сақтау
және табиғатты үтымды пайдалануды ұйымдастыру.
Демографиялық саясат Қазақстанның мемлекеттік саясатының құрамдас
бөлігі болып табылады. Ел Президентінің "Қазакстан-2030" жолдауында күшті
демографиялық саясат елдің ұлттық қауіпсіздігінің жетекші басымдықтары
қатарына шығарылды.

1. ҚР СТАТИСТИКА ДЕПАРТАМЕНТІ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ:
ТАРИХЫ, ЕРЕЖЕСІ, МІНДЕТІ, ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Қазақстан Республикасы статистикасының қалыптасуы мен дамуы тарихы

Қазақстан статистикасының тамыры өткен ұзақ уақыттарға кетеді. Бірінші
Қазақ мемлекеті - Қазақ Хандығы туралы оны растайтын статистикалық тарихи
мәліметтер бар: оның алғашқы пайда болу кезінде (1459 жыл) Шу және Талас
өзендерінің бойында (бүгінгі Жамбыл облысы аумағында) халықтың саны 200 мың
адам, ал XV ғасырдың соңында олар 1 млн. болды.
Бірақ, бүгінгі Қазақстан аумағында азды-көпті болса да жүйелі және
орталықтандырылған статистикалық қызметтің өмірге келуі XVІІІ-ғасырдың
екінші жартысына, былайша айтқанда Қазақстанның Ресей империясының құрамына
кіру кезеңіне жатады. Оның аумағындағы бірінші жалпы халық санағы, Орыс
патшалығының барлық жеріндегідей, 1897 жылдың 9- ақпанындағы (28-
қаңтардағы) жағдай бойынша өткізілді.
Қазақстан аумағында құрылған бірінші мемлекеттік ресми статистикалық
орган болып, Түркістан губерналық статистикалық комитет (құрылған күні -
1868 жылдың 22-қаңтары) пен оған бағынышты Сырдария және Жетісу
облыстарындағы статбюролар саналады. XІX ғасырдың 70-жылдарының ортасында
Орал облыстық статкомитет, 1877 жылы Семей және Ақмола (Омск қаласында)
және 1895 жылы Торғай облыстарының статкомитеттері ұйымдастырылды. Бірақ,
1920 жылға дейін Қазақстанда аталған және басқа да жергілікті статистикалық
қызметті біріктіретін бірыңғай статистикалық орган болған жоқ.
Ресей Кеңестік Федерациялық Социалистік Республикасы құрамында Қазақ
Автономиялы Социалистік Республикасы құрылуына (1920 ж. 26- тамыз)
байланысты Қазақ АКСР-ның Үкіметі өзінің 1920 жылғы 8-қарашадағы қаулысымен
"Қазақ АКСР-ы мемлекеттік статистикасы туралы Ережені" бекітті және Қазақ
АКСР-ның статистика басқармасы құрылды. Сонымен, Қазақстанның
орталықтандырылған бірыңғай статистика органының құрылған күні 1920 жылдың
8-қарашасы болып қабылданды.
1925 жылы қаңтарда Орынбор қаласында (сол кездегі Қазақ АКСР-ның
астанасы) бірінші, ал 1927 жылы сәуірде Қызылорда қаласында (Қазақ АКСР-ның
екінші астанасы) екінші Республикалық статистика конференциялары болып
өтті, олардың шешімдері мен ұсынымдары статоргандардың ұйымдастырылып
нығаюына және методологиялық жабдықталуында үлкен роль атқарды.
1930-1948 жылдарда Республикадағы статистика қызметінің жалпы жұмысына
және оның жоспарлы жүруіне басшылықты Қазақ АКСР - ның (1936 жылдан бастап
Қазақ КСР) Мемлекеттік жоспарлау органы жүргізді. 1948 жылдан бастап
статистика жүйесін дербес мемлекеттік орган Республика Министрлер Кеңесі
жанындағы статистикалық басқарма басқарды, ал 1960 жылдан бастап Орталық
Статистика басқармасы (ОСБ), 1987 жылдан бастап Статистика жөніндегі
Мемлекеттік комитет (Мемстатком) басқарды.
Стат органдардағы барлық жедел және статистикалық есеп берулердің 1957-
1958 жылдардан бастап орталықтандырылуына байланысты, олар кейінгі
жылдардың барлығында да (КСРО-ның 1991 жылы ыдырауына дейін) шын мәнінде
басшылық, жоспарлау және басқа да барлық деңгейдегі басқару органдарын,
еліміздегі экономиканың және мәдениеттің жағдайы туралы және халық
шаруашылығы жоспарының және көптеген шаруашылық жұмыстарының барысы мен
орындалу қорытындылары туралы, жедел және жалпы жинақталған ақпаратпен
жабдықтайтын жалғыз-ақ жүйе болды.
Қазақстанның статоргандары, бұрынғы КСРО-ның барлық статистикалық
жүйесі сияқты Бүкілодақтық барлық сегіз халық санағын ұйымдастырып,
өткізіп, жиынтығын қорытындылады; үнемі статистикалық жылнамалықты және
көптеген кезеңдік, салалық және тематикалық жинақтар мен анықтамалықтарды
бастырып шығарды.
Қазақ КСР-ның Мемлекеттік статистикасы, 1990 жылы Қазақ КСР-ның
статистикасы мен есеп жүргізуі бойынша бірінші заңның жобасын жасауға
кірісті. 1992 жылы қаңтарда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VІІ
сессиясы "Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік статистика туралы"
Қазақстан Республикасының бірінші Заңын қабылдады. 

1- кесте. Қазақстан статистикасының негізгі тарихи кезеңдері

 1897ж.  Бірінші жалпы халық санағы
 1920 ж. 8  Қырғыз (Қазақ) АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесі Қырғыз
қарашада (Қазақ) АКСР-ындағы Мемлекеттік статистика туралы Ережені
бекітті. Қазақ АКСР-ның Статистика басқармасы құрылды.
 1948 ж.  Қазақ КСР-ның Министрлер Кеңесі жанынан Статистика
басқармасы құрылды.
 1960 ж.  Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы Статистика
басқармасы, Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі жанындағы
Орталық Статистика Басқармасы (Қазақ КСР-ның ОСБ) болып
қайта құрылды.
1987 ж. 19   Қазақ КСР-ның ОСБ-ы, Қазақ КСР-ның Статистика жөніндегі
тамызда Мемлекеттік Комитеті (Қазақ КСР-ның Мемстаткомы) болып
қайта құрылды.
 1991 ж. 1  Қазақ КСР-ның Мемстаткомы, Қазақстан Республикасының
наурызда статистика және талдау жөніндегі Мемлекеттік Комитеті
болып қайта құрылды.
 1991 ж.  Экономиканың барлық секторында бағаның деңгейі мен
серпінін (тарифін) реттеп бақылауды іске асыратын, бағаны
тіркеудің арнаулы мемлекеттік қызметі құрылды.
 1992 ж.  Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің VII- сессиясында
қаңтарда “Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік статистика
туралы“ Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
 1992 ж.  Ұлттық шоттар жүйесін (ҰШЖ) ендіруге негізі болып қызмет
желтоқсанда атқарған 1992 - 1995 жылдардағы алғашқы және бухгалтерлік
есеп, статистиканы қайта құру жөніндегі мемлекеттік
бағдарлама болып қабылданды.
 1993 ж.  Қазақстан Республикасының бірінші Төлем балансы жасалды.
1996 ж. 1996 - 1998 жылдары Қазақстан Республикасындағы
қазанда мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы
қабылданды.
1997 ж. 7 “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының
мамырда жаңа Заңы қабылданды.
1998 ж. 1999 - 2005 жылдары Қазақстан Республикасындағы
қарашада мемлекеттік статистиканы жетілдірудің Бағдарламасы
қабылданды.
1999 ж. 22 “Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы“
қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес,
Ұлттық статистикалық агенттік Қазақстан Республикасының
Статистика жөніндегі агенттігі болып қайта құрылды.
1999 ж. 25- Қазақстан Республикасының Бірінші Ұлттық халық санағы
ақпан - 4 жүргізілді.
наурыз
аралығында
 2009ж. Жалпы халық санағы
2010 ж. 19 “Мемлекеттік статистика туралы“ Қазақстан Республикасының
наурызда жаңа Заңы қабылданды.
ҚР Статистика агенттігі мұрағатының мәліметтері бойынш

1.2 ҚР Статистика агенттігі Мемлекеттік мекеме сипаттамасы

Қазақстан Республикасының заңнамалық базасына сәйкес әрбір мемлекеттік
мекемелерге қатысты жалпы ережелері мен заңдары бар, соған сәйкес ҚР
Статистика агенттігі Мемлекеттік мекеме туралы ережесі:
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі (бұдан әрі - Агенттік)
статистикалық қызмет саласындағы мемлекеттік реттеуді, сондай-ақ заңнамада
көзделген шекте мемлекеттік статистика аясында салааралық үйлестіруді
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады.
      Агенттіктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында заңды тұлғалар
болып табылатын аумақтық органдары бар.
      Агенттіктің тізбесін Үкімет бекітетін ведомстволық бағынысты ұйымдары
бар.
2. Агенттік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына,
Қазақстан Республикасы заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің,
Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ
осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Агенттік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды
тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің қазынашылық органдарында ашылатын
шоттары, өз атауы мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған бланкілері,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген және
өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі болады.
4. Агенттік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Агенттік, егер ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
уәкілетті болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы
болуға құқығы бар.
6. Агенттік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша белгіленген тәртіппен
Агенттік төрағасының не оны алмастырушы адамның бұйрығымен ресімделген
шешімдер қабылдайды.
7. Агенттіктің, оның аумақтық органдарын қоса алғанда, штат санының
лимитін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
8. Агенттіктің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Сол
жағалау, Орынбор көшесі, 8, Министрліктер үйі..
9. Толық атауы - "Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі"
мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже Агенттіктің құрылтай құжаты болып табылады.
11. Агенттіктің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге
асырылады.
12. Агенттікке Агенттіктің функциялары болып табылатын міндеттерді
орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастар жасауға
тыйым салынады.
Егер Агенттікке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен
кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай
қызметтен алынған кірістер белгіленген тәртіппен мемлекеттік бюджеттің
кірісіне жіберіледі.
2 Агенттіктің негізгі. міндеттері, функциялары мен құқықтары
13. Агенттіктің өз қызметі саласындағы негізгі міндеттері мыналар болып
табылады:
1) статистикалык әдіснаманы қалыптастыру;
2) мемлекеттік статистика қағидаттарын сақтай отырып, статистикалық
қызметті жүзеге асыру;
3) қоғамның, мемлекет пен халықаралық қоғамдастықтың ресми
статистикалық ақпаратқа қажеттілігін қанағаттандыру.
14. Агенттік қолданыстағы заңнамаға және өзіне жүктелген міндеттерге
сәйкес мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлейді
және іске асырады;
2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік статистика саласындағы нормативтік
құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
3) халықаралық статистикалық стандарттарға сәйкес статистикалық
әдіснаманы қалыптастырады;
4) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық
әдіснаманы бекітеді;
5) статистикалық жұмыс жоспарына сәйкес жалпымемлекеттік статистикалық
байқауларды ұйымдастырады және жүргізеді;
      6) ұлттық санақтардың бағдарламаларын әзірлейді және олардың іске
асырылуын қамтамасыз етеді;
7) жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық байқаулар жүргізу
үшін статистикалық нысандарды, оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықты, сондай-
ақ оларды бекіту тәртібін бекітеді;
      8) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді беру тәртібін
әзірлейді және бекітеді;
9) респонденттер алғашқы статистикалық деректерді берген кезде
статистикалық нысандармен және оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтармен
оларды қамтамасыз етеді;     
10) әкімшілік деректерді статистикалық ақпаратты тузу және
статистикалық тіркелімдерді өзекті ету үшін ғана пайдаланады;
      11) мемлекеттік статистика органдарын статистикалық жіктеуіштерді
уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастыру арқылы олармен
қамтамасыз етеді;
12) республиканың және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы
туралы ақпараттық статистикалық дерекқорды жинақтауды, жүргізуді және
оларды өзекті етуді қамтамасыз етеді;
13) мемлекеттік статистика саласындағы ғылыми-зерттеу әзірлемелерін
ұйымдастырады;
      14) статистикалық ақпараттың сапасын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік
статистика органдарының статистикалық қызметінің уәкілетті орган бекіткен
ведомстволық статистикалық байқаулар жөніндегі статистикалық әдіснамаға
сәйкестігіне сараптама жүргізеді және сараптама жүргізуге қажетті
құжаттарды (ақпаратты) сұратады;
15) уәкілетті органның құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша
түсініктер береді;
16) мемлекеттік статистиканы жетілдіру мақсатында консультациялық-
кеңесші органдарды құрады, олар туралы ережені уәкілетті органның
басшысыбекітеді;
      17) тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласындағы
Қазақстан Республикасы заңдарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі
қаулыларының талаптарын сақтау мәніне мемлекеттік статистика саласында,
оның ішінде респонденттер ұсынатын статистикалық деректердің және
шаруашылық бойынша есепке алу деректерінің дұрыстығына мемлекеттік
бақылауды жүзеге асырады;
18) өз құзыреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады және
ынтымақтастық шеңберінде шарттар жасасады;
19) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан
Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
      15. Агенттік өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өзінің
функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) респонденттерден алғашқы статистикалық деректерді өтеусіз негізде
алуға;
      2) үй шаруашылықтарынан олардың табыстары мен шығыстары туралы
қажетті алғашқы статистикалық деректерді өтеулі және өтеусіз негізде алуға;
      3) статистикалық ақпаратты түзу кезінде бұрмалаушылыктар, қателер
анықталған жағдайда алғашқы статистикалық деректердің дұрыстығын растау
үшін респонденттерден қосымша ақпарат талап етуге;
      4) респонденттердің алғашқы статистикалық деректерді бұрмалағаны
анықталған кезде респонденттерден алғашқы статистикалық деректер қамтылған
статистикалық нысандарға түзетулер енгізуді талап етуге құқылы.

1.3 ҚР Статистика агенттігінің құрамы және құрылымы

Астана қаласының Статистика агенттігі елорданың мемлекеттік органдарын,
іскерлік ортасын және қоғамын статистикалық ақпаратпен қамтамасыз ету
бойынша маңызды міндетті жүзеге асырады, сондай-ақ республика аумағында
статистикалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша
қызметті атқарады; мемлекеттік статистиканың статистикалық деректерін
жинауды, статистикалық бақылаулар мен басқа да арнайы зерттеулерді
ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады; жарияланымдарды шығарады.
Өз қызметінде Агенттік Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19
наурыздағы №257-IV Мемлекеттік статистика туралы Заңын (2010 жылғы 16
сәуірде қолданысқа енген) және БҰҰ Еуропалық Экономикалық Комиссиясының 47-
сессиясымен қабылданған ресми статистиканың негізін салушы принциптерді
басшылыққа алады.
ҚР Статистика агенттігі құрамында 11 департамент, 16 аумақтық орган,
ішкі бақылау басқармасы, хатшылық , халықаралық байланыстар басқармасы және
ведомствоға қарасты мекемесі бар.
ҚР Статистика департаменттері:
1. Стратегиялық даму департаменті;
2. Ұлттық шоттар департаменті;
3. Баға статистикасы департаменті;
4. Өндіріс және қоршаған орта статистикасы департаменті;
5. Қызмет көрсету статистикасы департаменті;
6. Әлеуметтік және демографиялық статистика департаменті;
7. Еңбек және тұрмыс деңгейі статистикасы департаменті;
8. Тіркелімдер және жарияланымдар департаменті;
9. Жіктелімдер және ақпараттық технологиялар департаменті;
10. Қаржы және құжаттамалық қамтамассыз ету департаменті;
11. Құқықтық және ұйымдық департаменті;
Әрбір департамент бірнеше басқармалардан құралған. Департаменттердің
және құрамындағы басқармалардың міндеттері мен атқаратын қызметтері
Статистика Мемлекеттік мекемесінің жалпы ережесіне, НҚА-не және
стратегиялық және операциялық жоспарларына сәйкес анықталады. Жоспарлардағы
көзделген мақсатқа жету үшін көрсетілген қажетті іс-шаралары
департаменттердің құрамындағы әрбір басқармалардың құзыреттілігіне
байланысты жіктелген.
Сонымен қатар агенттіктің құрамындағы ведомствоға қарасты мекемесі -
Ақпараттық – есептеу орталығы Республикалық Мемлекеттік кәсіпорыны
(Қазақстан Республикасы статистикасы Ақпараттық – есептеу орталығы
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын) болып табылады.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ақпараттық – есептеу
орталығы (АЕО) республиканың мемлекеттік кәсіпорны болып табылады және
құрылтайшысы – Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне есеп береді.
Мемлекеттік кәсіпорын ретінде АЕО қызметі шаруашылықты жүргізу құқығын
жүзеге асырады. Бұл, статистикалық ақпараттарды ұсынатын және қажетті өңдеу
үшін барлық атқарымдар мен міндеттерді біріктіретін өндірістік бөлімше.
АЕО төмендегі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
• Статистикалық жұмыстың Жоспарымен бекітілген, шаруашылық субъектілерінен
мемлекеттік статистиканың жергілікті органдарынан және жекелеген
министрліктер мен ведомствалардан жиналған статистикалық деректер, толық
көлемде және уақтысында белгіленген бағдарлама бойынша оларды өңдеуге
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігіне және тұтынушыларға
ұсынылады;
• Санақ материалдарын жинап және өңдеуді, бір мезгілде есеп беруді және
зерттеуді олардың қорытындысын Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігіне тапсыруды;
• Барлық статистика бөлімдері бойынша статистикалық деректер банкін жүргізу
және қалыптастыру, осы деректерді бекітілген тәртіппен тұтынушыларға
тапсыруды;
• Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жұмыс істейтін
статистикалық ақпарат жүйесін құру бойынша жұмыс кешенін жүргізуді;
• Статистикалық ақпараттарды өңдеп тапсыруда барлық деңгейдегі
технологиялық жиналған статистикалық ақпараттарды компьютерлік өңдеуді,
қолданбалы технологиялық құралдарын шығаруды және енгізуді, өңдеуді;
• Статистикалық және басқа да телекоммуникациялық каналдар бойынша
ақпараттарды тапсыруды және жинауды;
• Ақпараттар алмасу сұрақтары бойынша халықаралық ұйымдар мен ТМД
мемлекеттерінің, министрліктер мен ведомствалар қызметтерінің ақпараттық –
есептеу орталығымен іс-қимылдарын қамтамасыз етуді;
• Статистикалық қызметке пайдаланатын экономикалық- техникалық және
әлеуметтік ақпарат сыныптауыштарын, сонымен қатар басқа да сыныптамаларды
Әкімшілік, Статистикалық және басқа да тіркелімдерді күн талабына сай
автоматты жүргізуді.
• Жоғарыда келтірілген жұмыстар қазіргі уақыттағы жаңа есептеу техникаларын
қолдану арқылы жүргізіледі. Сонымен қатар ең жаңа ақпараттық технологиялар
пайдаланылады, қиын технологиялық – бағдарлама құралдары енгізіледі.
Статистикалық қызметтердің даму мен жетілу процесстері, статистикалық
ақпараттарды жинап, өңдеп және тапсыру үшін пайдаланатын технологиялық
ақпараттардың даму деңгейіне елеулі түрде тәуелді. Экономиканы барлық
деңгейде тиімді басқарып, өз уақтысында керекті және қажеттілікті толық
қанағаттандыратын сенімді ақпарат-хабар алу үшін статистикалық деректердің
жеделдігін жоғары сапада қамтамасыз етіп, жоғары деңгейде ақпарат алмасу
басты нәтиже болып табылады.
Біртұтас статистикалық ақпарат ортасын құру және дамыту бойынша соңғы
жылдары АЕО-да белсенді жұмыстар жүргізілуде, бүгінде әдейілеп жаңаланған,
ғылыми негізделген жинау жүйесіне дәлденген, жинақталған, өңделген және
талданған статистикалық ақпараттар, кең көлемде қолдануға лайықты қазіргі
технологиялық ақпараттар, жаңа экономикалық әдістемелер, жаңаша байланыс,
есептеу, полиграфиялық және техникалық ұйымдастыру құралдары ұсынылады.
Статистиканың біріктірілген ақпараттық жүйесі өзінің ақпараттық жиынтық
жүйесін, технологиялық және телекоммуникациялық жүйесін ұсынады.

2. ӘЛЕУМЕТТІК-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ СТАТИСТИКА ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН ТАЛДАУ

2.1 Халық санын болжау әдістемесі

Демографиялық болжаудың қажеттілігі болжаулардың міндеттері мен жалпы
әлеуметтік - экономикалық процестерді жоспарлаумен тығыз байланысты.
Әлеуметтік және экономикалық процестерді жоспарлау үшін халықтың
келешектегі құрамы, ең алдымен, жасы және жынысы бойынша болжаудың шешуші
маңызы бар.
Демографиялық болжамның маңызы төмендегідей:
1) халықтың санын және экономикалық белсенді халықтың санын, еңбек
нарығының қалыптасуының келешегін, өңірлік бөліністе жұмыс күшінің
жетіспеушілігін (артықшылығын) анықтауға, осы процестерді, соның ішінде
көші-қонды реттеу арқылы да басқаруға мүмкіндік береді;
2) әлеуметтік және экономикалық даму жоспарларын, жобаларын,
бағдарламаларын аумақтық бөліністе (республика, аймақтар, облыстар,
қалалар, ауылдық аудандар бойынша) түзетуге мүмкіндік береді;
3) ауылдық аудандардан бастап, облыстар мен республикалық маңызы бар
қалалар және бүкіл елдің демографиялық ахуалының даму болашағын бағалау
үшін ғылыми тұрғыдан растауды ұсынады;
4) демографиялық және әлеуметтік саясатты дайындау және оны іске асыру
шараларының сипатын анықтау үшін ғылыми тұрғыдан негіз береді;
5) елдер, континенттер және жер шарындағы болашақтағы әртүрлі
сипаттамасы бойынша халық саны мен оның құрылымы динамикасының мәліметтерін
анықтау үшін қайнар көз болып табылады;
6) әртүрлі сипаттамасы бойынша халықтың сапасы және оның болашақтағы
өзгеруі бағыттарынын бағалауға негіз болады.
Қазақстанда халық санын болжау үшін пайдаланатын дереккөздер болып:
1) халық санағының нәтижелері, бұлар халықтың жыныс-жас құрамы туралы
мәліметтер алуға мүмкіндік береді, сонымен бірге халықты ағымдағы есепке
алу, әрі халық санын болжау үшін бастапқы деректер болып табылады. Барлық
халықаралық ұсынымдар мен әдіснамалардың сақталуы, сондай-ақ қатаң
ұйымдастыру мен бақылаудың арқасында санақ әрбір өңір халқын, әрі тұтас
бүкіл елдің халқын толық қамтиды және демографиялық деректердің дәйекті
көзі болып табылады.
2) статистика органдары тиісті азаматтық хал актілерінің жазбасын
толтыру жолымен осы мемлекеттік тіркеу негізінде АХАЖ-дан алатын ағымдағы
есепке алу деректері. Азаматтық хал актілерінің жазбасы негізінде жиналатын
деректер халықтың табиғи қозғалысы туралы (атап айтқанда, туғандар мен
өлгендер саны туралы) деректердің толық және жоғары сапасын қамтамасыз
етеді. Туу мен өлімнің ағымдық есепке алу деректері және халық санын,
сондай-ақ құрамын ағымдық бағалау негізінде жыл сайын туу кестесі мен өмір
сүру кестесі есептелінеді.
3) сыртқы және ішкі көші - қон туралы деректер жынысы мен жасы бойынша
бөлінген көшіп-қонушылардың ағындары бойынша келгендер мен кеткендер санын
алуға мүмкіндік береді. Көші-қон туралы мәліметтер статистика органдарында
арнайы статистикалық өңдеуге арналған келулер мен кетулерді статистикалық
есептеу талондарындағы деректеріне негізделеді. Талондарды Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрлігі Тіркеу қызметінің (ТҚК) аумақтық
органдарымен халықтың тұрғылықты орнын ауыстыруын тіркегенде мекенжай
парақшаларымен бір уақытта толтырады.
Республикада барлық деңгейінде халықты есепке алу жұмыстары өте нақты
қойылған, туғандар мен өлгендер уақтылы тіркеледі, халықтың көші-қон
қозғалысы тіркеліп отырады, осылардың негізінде халықтың кезеңнің басына
(ай, жыл) саны есептеледі (бағаланады). Қазақстан Республикасы Статистика
агенттігі жыл басына халықтың жыныс-жас құрылымын әрбір аймақ бөлінісінде,
туу мен өлімнің көрсеткіштері мен басқа да демографиялық көрсеткіштер және
индикаторларды есептеп отырады. Жыл басына қайта есептелген халық санағының
нәтижелеріне халықтың жыл бойындағы табиғи және көші-қон өсімі қосылады
(бұлардың әр-қайсысы да теріс мәнді болуы мүмкін). Мұнда әкімшілік-аумақтық
қайта құрылулар, және де ауылдық елді мекендердің қалалық болып, және
керісінше, қалалықтардың – ауылдыққа қайта құрылулары - есепке алынады.
Жоғарыдағы көрсетілген дереккөздер әрбір аймақтар, әкімшілік-аумақтық
бірліктер шегінде қалалық және ауылдық елді мекендер бойынша, және де
олардың құрамына кіретін жекелеген қала мен ауыл аймақтары үшін
қалыптастырылады.
Демографиялық болжамдар болжау кезенінің ұзақтығы бойынша және
болжаудың мақсаттары бойынша жіктеледі. Демографиялық болжамдар
жіктелімдерінің бірінші критерийі (белгісі) болжау кезенінің ұзындығы
немесе болжау кезеңінің ұзақтығы болып табылады. Әдетте кысқа (5-10 жыл),
орташа (15-20 жыл), ұзақ (25-50 жыл) және өте ұзақ (50 жылдан артық)
мерзімді болжаулар болып бөлінеді. Болжау мақсаттары бойынша барлық
демографиялық болжамдар төмендегідей бөлінеді:
1) талдамалық, оның ішінде болжау-сақтандыру;
2) нормативтік (мақсаттық);
3) функционалдық
Талдамалық болжамның мақсаты - қазіргі таңдағы халықтың өсіп-өну
үрдістерін халықтың болашақтағы саны мен құрамына және жалпы әлеуметтік-
экономикалық дамуына ықтимал әсерін бағалау тұрғысынан зерттеу. Талдамалық
болжамның бір түрі болжау-сақтандыру болып табылады. Болжау-сақтандырудың
мақсаты - қалыптасқан демографиялық ахуалдың ықтимал қауіпті салдарын және
олардың өзгеру үрдістерін әдейі күшейтіп көрсету, оларды болдырмау үшін
сәйкес шараларды қабылдау қажет. Нормативтік болжамның негізгі мақсаты -
демографиялық процестердің кейбір қажетті жағдайына жету үшін нақты
ұсыныстарды дайындау. Функционалдық болжамның мақсаты - әлеуметтік,
экономикалық, саяси және мемлекеттік және әлеуметтік басқару қызметінің
т.б. салаларда орындарына қажетті шешімдер қабылдау үшін қажет халық туралы
болжамды мәліметтер алу.
Демографиялық болжамдардың негізгі әдістері қандай да бір
математикалық функцияларды қолдануға негізделген әдістер, сонымен бірге
жастарды жылжыту әдісі немесе компонеттер әдісі (когортты-компонентті)
болып табылады.
Математикалық функцияларды қолдануға негізінделген әдісте. Бұл топтағы
әдістерді қолданудың негізгі аясы кішкене аумақтардың, әсіресе сенімді
демографиялық статистикасы жоқ аумақтардың халық санын болжау болып
табылады. Халық санын жалпы ел деңгейінде болжау үшін математикалық әдістер
өте сирек қолданылады, себебі осы әдістерге тән халық санындағы
компоненттердің және жыныс-жас құрылымындағы өзгерулерін ескермеуі
болжауларда елеулі қателіктердің пайда болуына әкеледі. Өңірлік деңгейлерде
мұндай қателіктердің ықтималдығын, өңірлер халқының қосынды саны тұтас ел
үшін жасалған болжаудан айырмашылығы болмауы керек, - деп тұжырымдалған
қосымша шарттың көмегімен азаюы мүмкін. Соңғысы, осылайша, халықты өңірлік
деңгейдегі болжаудың бақылаушы параметрі ретінде жүреді. Көбінесе жиірек,
сызықтық, экспоненциалдық және логистикалық функциялар қолданылады.
Сызықтық, экспоненциалдық функциялардың негізінде жасалған болжаулар
экстраполяциялық әдіс деп, ал логистикалық және басқа да функциялардың
негізіндегілері – талдамалық әдіс деп аталады. Демография жөніндегі ең бір
беделді оқулықтардың авторы М.Шпигельманның ерекше атап өткеніндей,
математикалық әдістердің негізінде жасалған болжамдардың әлсіздігі - өткен
демографиялық үдерістердің үрдістері өзгеріссіз болашаққа көшірілуінде.
Компоненттер әдісі немесе жастарды жылжыту әдісі. Компоненттер әдісін
(когорттық-компонентті немесе жастарды жылжыту әдісі) американдық демограф
П.К. Уэлптон әзірледі. Бұл әдіс демографиялық болжамдар үшін өте тартымды,
себебі экстраполяциялық және талдамалық әдістерге қарағанда, ол халықтың
тек жалпы санын ғана емес, оның жыныс-жас құрылымын да алуға мүмкіндік
береді. Компоненттер әдісі көші-қонның (келгендер мен кеткендер) жасы
бойынша қарқыны да ескеріледі. Бұл әдіс бойынша халықтың бастапқы саны мен
оның құрылымы болашаққа жылжытылады, және де өлгендер (және көшіп
кеткендер) есебінен азайып, туғандар (және көшіп келгендер) есебінен
көбейіп отырады. Демек, болжау үшін бастапқы деректер ретінде халықтың саны
мен оның құрылымы (әдетте халық санағы бойынша) және болжау кезеңіндегі
өсіп-өну мен көші-қон тенденциялары бойынша гипотезалар (жорамалдар) болып
табылады. Жылжыту халықтың жас топтары ұзындығына тең мерзімдік қадамдар
бойынша және әрбір болжау қадамымен тірі қалған жас топтарындағы халықтың
саны келесі (үлкен ересек) жас аралығына ауысып отыратындай етіп жүзеге
асырылады. Бұл үшін бастапқы халықтың әрбір жас топтарындағы саны (болжау
мерзімінің басындағы халық), болжау мерзіміндегі өлімнің болжамды
үрдістерін (болжамдарын) сипаттайтын өлім кестелеріндегі Lx өмір сүріп
жатқандардың қатар екі тобының қатынасы болып келетін, келесі жас аралығына
дейін өмір сүру коэффициентіне көбейтіледі. Әрбір қадам үшін, өз кезегінде,
туылғандардың гипотетикалық (жорамалды) сан ы анықталып, ол кіші жас тобына
қосылады (нәрестелердің бірінші жас аралығына дейін өмір сүру ықтималдығына
түзетуімен). Болжаудың әрбір келесі қадамында есептеу рәсімі (тәртібі)
қайталанады.
Халық санын болжау демографиялық статистикадағы маңызды есептеулердің
бірі болып табылады. Демографиялық есептеулердің күрделілігі сол, олар тек
қана есептелетін кезеңдегі халықтың саны және жынысы мен жасына қарай
құрылымына ғана байланысты емес, туу, өлім-жітім және көші-қон сияқты
демографиялық үдерістер қарқынына да байланысты. Демографиялық болжамның
маңызды мақсаты еліміздің, өңірлер мен елді мекендер түрлері (қала халқы,
ауыл халқы) халқының болашақтағы саны және жынысы мен жасына қарай құрамын
бағалау болып табылады. Әлеуметтік сауалдар халықтың жынысы мен жасы
бойынша құрамы туралы болашаққа жасалған деректермен шектелмейді. Халық
туралы деректерді есепке алмай өндіріс пен тұтынудың келешегі, әлеуметтік
инфрақұрылымның, жұмысбастылық пен жұмыссыздық және т.б. дамуын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Статистикалық көрсеткіштерді талдау және қорытындылау
Статистика туралы жалпы түсінік және оның даму процестері
Алматы қаласы халқының өмір сүру сапасын аудандар бойынша бағалау
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Жұмысбастылық пен жұмыссыздықтың Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік жағдайына әсері
Экономикалық талдаудың мазмұны
Қазақстан экономикасын жобалау әдістерін жетілдіру жолдары
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жөнінде
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, күнкөріс минимумын, ең төменгі еңбекақыны талдау жайлы
Қазақстандағы және дамыған мемлекеттердегі тұтыну себетін, ең төменгі еңбекақыны талдау
Пәндер