Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері


Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті

«Экономика және бизнес» факультеті

«Менеджмент» кафедрасы

Баяндама

Пәні: Мемлекет және бизнес

Орындаған: Шакерова А. С.

Тексерген: аға оқытушы Батай М.

Астана 2011ж.

Мазмұны

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

  1. Шағын кәсіпкерліктің даму кезеңдері
  2. Дамыған елдерде бизнесті қолдануды салыстыру
  3. Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды реттеу
  4. Экономикалық өсу мәселелерін шешудегі мемлекеттің рөлі

III Қорытынды

IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

СОӨЖ № 1

Шағын кәсіпкерліктің дамуы

Қазақстанда шағын кәсіпорындардың даму тенденциясы мынадай:
• шағын кәсіпорындардың және онда жұмыс істейтіндердің санының тұрақты өсуі;
• өнеркәсібі дамыған аудандардағы шағын кәсіпорындардың шоғырландыруы;
• шағын кәсіпкерліктің сауда мен қызмет көрсетудегі үлесінің көптігі;
• осы уақытқа дейін шағын кәсіпорындардың салық салу, несиелендіру, мемлекеттік органдармен арадағы мәселенің шешілмей келе жатқандығы шағын кәсіпорындардың маңыздылығын мемлекетіміз ғана емес нарықты экономикасы бар елдердің барлығы мойындап отыр. Оны экономикадағы үлес салмағынан көруге болады.
Шағын кәсіпкерлік-бәсекелестік ортаны қалыптастыратын, нарықты отандық тауарлармен толтыратын, халықты жұмыспен қамтитын, ірі және орта бизнестің «ауқаттану» ортасы, орта топты қалыптастыратын қоғамның тұрақтылық негізі.
Осыған байланысты. Шағын бизнесті қолдауға Қазақстан Республикасы жыл сайын 159, 2 млрд. тг. бөлінеді. Ел басы өзінің жолдауында биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. тг. бөлінетіндігін, сонымен бірге, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыру жүзеге асыруды қолға алу керектігін ескертті. Мұнын өзі қомақты мемлакеттік қолдау болмақ.
Шағын кәсіпкерлікке қойылатын екі критерийді бөліп қарастыруға болады сандық және сапалық. Сандық көрсеткіштерге кәсіпорындағы жүмысшылардың орта саны, капиталдың айналым мөлшері, активтердің мөлшері, табыс көлемі және тағы басқа көрсеткіштер жатады. Бірақ ресми шетелдік статистика шағын кәсіпорындарға тек жүмыспен қамтылғандардың санын көрсетеді. Дәл осы көрсеткіш барлық елдердің мүдцелеріне сай келеді. Қалған көрсеткіштер тек ғылыми әдебиеттерден іскерлік баспалардан, банктер мен салық органдары жүргізген анкеталардан және шағын кәсіпорындардың инфрақүрлымын қамтамасыз ететін мамандандырылған үйымдардан көруге болады.
Сапалық көрсеткіштеріне кәсіпорын иесінің меншік қүқығы мен кәсіпорынды басқаруға және жүмысшылармен байланысының деңгейінен көруге болады. Келесі мәселе кәсіпорынның нәтижесіне оның жетекшісі тікелей міндетті, жанүялық іс жүргізу, қаржыландырудағы сипат. Маңызды критерилер болып құқықтық тәуелсіздік жатады. Сонымен бірге сапалық көрсеткіштерге мыналарды да өткізетін товар мен нарығының кішкене болуын қосуға болады. Осы критерилердің барлығының жиынтығы шағын кәсіпорындарға экономикалық категорйя ретінде шегін анықтауға көмектеседі.
Шағын кәсіпорын мемлекеттер соңғы 30 жылда көптеген жетістіктерге жеткен.
Көптеген шағын кәсіпорындар 38 1994-95 жылдары қүрылды. Бүл жағдайда инфляция төмендеп және шағын жекешелендірулер жүзеге асырылып, макроэкономикалық тұрақтылық тенденциясы байқала бастады. Оның үстіне республикадағы жүмыссыздық деңгейін төмендеткен халықты жүмыспен қамту мәселесі шешіле бастады.

СОӨЖ № 2

Шағын бизнесі дамытудағы шетелдік тәжірибе

Кейінгі онжылдықтарда экономикалы дамыған Батыс елдеріндегі бәсекенін дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті. Мұның басты себебі-экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән артықшылықтар.
Дамығын елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл атқарады: сауда, автосервиз құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір шағын кәсіпорында жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы, энергетика, электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызымет, информатика, микроэлектроника, телекомуникация слалаларына әртараптаңдырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындарын ірі кәсіпорындарымен қатар қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ -та өз ісімен айналысушы азаматтар, яғни кәсіпкерліктер үлкен құрметке ие. Нарықты экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ - тағы шағын бизнесті дамыту тәжірибесі үлкен маңызы бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін - жылдық табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады. . АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасалады.
АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
- Бюджеттен тікелей дотациялау;
- Мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын кәсіп орындарда орналастыру;
- Шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді қолдану;
- Шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар- ол университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармадлар жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты - жаңа кәсіпкерлерге жан -жақты көмек көрсету болып табылады. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:
Инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу.
- жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
- жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та шағын кәсіпорындар экономикада жетекші рөл атқарады. Жапониялық шағын және орта бизнес. Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжерибеге ие болып отыр.
Жапонияға шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі, шағын бизнесті дамыту арқылы жапония соғыстан қираған әлден жоғары технологиялық дамыған елге айналады. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі корпорация өз жанында бірнеше шағын кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.
Жапонияның шағын бизнесті мемлекеттік қолданудың басты ерекшелігі - басымды бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды алуда да көмектеседі. Жапонияда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен қаржыландырады. Әрбір министрлік, ведомство өз шығындар бюджетіне шағын бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорынға жеңілдетілген салық мөлшермесі қолданылады. Жапонияда шағын және орта кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр.
Ресей Федерациясындағы шағын және орта бизнес. Экономиканы құрылымдық қайта құру үшін шағын бизнесті дамыту маңызды мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылады.
1995 жылы Ресей Федерациясында « Шағын бизнесті мемлекеттік қолдау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар екі жылға дейін табыс салынған төлеуден босатылады. Шағын бизнесті қолдаудың Федералдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға Федералдық меншіктегі кәсіпорындарды жекешелендіруден түсетін қаржының 5%-зы келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру жүйесі екі қағидаға негізделген:
- Федералдық Қордан жұмсалатын әрбір рубльге аймақтардан да бір рубль жұмсалуы керек;
- Қаржыландыру өкілетті банктер арқылы жүзеге асырады.
Қор банкке өз резервтік қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан
аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады. 1994-1995 жылдары «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік программасы» жүзеге асырылды. Бұл бағдарламаны іске асырғаннан кейін, Ресей Федерациясында шағын кәсіпкерлікті қолдауды біркелкі жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей Федерациясының шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлар мен орталықтар кіреді.

СОӨЖ № 3

Мемлекет пен бизнес арасындағы қатынастарды реттеу

Мемлекеттің меншік иелерімен нарықтық қатынастарын реттеу проблемасы осы уақытқа дейін жүйелі зерделенген жоқ. Меншік иелері мен мемлекет арасындағы кұқықтық қатынастар зандармен реттеледі, олар нарықтық қайта құру жағдайында өзгерді. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы заңдары нарықтық қатынастардың тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін құқықтық негіз құрайды. Алайда олар жетілмеген.

Кредиттік өзара қарым-қатынас бұл кәсіпорындар мен коммерциялық банкілер арасындағы қатынас екендігі көпшілікке белгілі. Басқаша айтқанда, банкілер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы экономикалық өзара қарым-қатынастарды реттеуші. Ол арқылы кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігінің артуына бақылау жүзеге асырылады. Мемлекет пен кәсіпорындар арасында жаңа нарықтық қатынастарды қалыптастыруда басты тұрақтандырушы фактор болып табылатын салық жүйесі маңызды рөл атқарады. 2001 жылғы 1 шілдеден бастап салық жүйесіне, алымдар мен міндетті төлемдерге негізделген салық кодексін енгізумен шаруашылық жүргізуші субъектілердің мемлекетпен өзара қарым-қатынасы айтарлықтай тәртіпке келтірілді. Салық экономикалық категория-сы, нарық қатынастарының бір бөлігі ретінде жалпы ішкі өнімді бөлу және қайта бөлумен байланысты үдерістерде пайда болады және қызмет етеді. Салық түсімдерін жоспарлаумен ҚР қаржы министрлігінің тиісті бөлімдері мен басқармалары шұғылданады. Мемлекеттік салық инспекциясы салық төлеушілермен тікелей жұмыс істейді, салықтар жөніндегі оперативті есеп беруді қабылдайды, салық төлейтін контингент бойынша деректер базасына иелік етеді.

Мемлекеттік қазына салық төлемдерінің жинақталмау салдарынан жыл сайын салық алымының түсімінің 10%-на жуығын жоғалтады, сондықтан салықтық қатынастар нарықтық қатынастар жүйесінің жеке элементтерінің дамуын әрі жылдамдатады әрі тежей де алады. Қазіргі жағдайдың нарықтық қатынастарында лизинг басты орынды алады. Инвестициялық қатынастар республикадағы кәсіпорындардың нарықтық қатынастарын реттеудің қажетті тетігі қызметін атқарады. Бұл әрі ақшалай әрі нақты капиталды жұмсау. Инвестициялар ақшалай қаражат, банк салымдары, үлестік жарналар, акциялар мен басқа бағалы қағаздар, жылжитын және жылжымайтын мүлікке, зияткерлік меншік және басқа құндылықтарға жұмсалым түрінде жүзеге асырылады. Әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу мәселелері бойынша ҚР Үкіметі, Қазақстан Кәсіподақтар федерациясы мен Республикалық жұмыс берушілер бірлестігі өкілдерінен үш жақты комиссия жұмыс істейді. 2002-2005 жылдарға арналған ҚР Үкіметі мен Кәсіподақтар федерациясы арасында бас келісім, бір қатар салалық және ұжымдық келісімшарт пен келісімдер жасалды. 1992 жылдан бастап жаңа еңбек қатынастарын қалыптастыру үшін алғышарттар жасалды. Қазіргі кезде еңбек қатынастарын реттейтін негізгі құжаттар болып 1995 ж. қабылданған ҚР Конституциясы мен ҚР Еңбек кодексі (1997 ж. ) есептеледі. Бұл қүжаттар азаматтардың еңбек құқықтарының кепілдігі мен қызметкерлердің мұқтажы мен мүдделерін белгілеп, мемлекеттік саясаттың еңбек қатынастары саласына негіз болды.

Республикадағы бюджетаралық қатынастардың қазіргі жүйесі тиімсіз және реформалауды қажет етеді. Жергілікті бюджеттерді қалыптастырған кезде бюджет тиімділігінің принципі ескерілмейді, демек, жергілікті бюджеттер берекесіз қалыптастырылады. жергілікті бюджетке қаражатты жұмылдырудың төменгі деңгейінің негізгі себептері болып мыналар анықталды:

- өндіріс көлемдерінің азаюы;

  • жалақы бойынша берешектің болуы;

-бюджеттік есеп айырысудың жоғары деңгейі. Нарықтың сұраныс, ұсыныс, бәсеке, баға және басқа фак торлары жер қатынастарының қалыптастыру үдерісіне басқаша қарауды мәжбүр етеді.

№4 СОӨЖ

Экономикалық өсу мәселелерін шешудегі мемлекеттің рөлі

Өндірістік үрдістің құрылымында сұраныс тарапынан оны бейнелеу негізінде келесідей макроэкономикалық көрсеткіштердің блоктарын бөліп көрсетуге болады: өндіріс факторлары немесе өндірістік ресурстар өндірістік қызмет нәтижесінің көрсеткіштері, өндірістік ресурстар динамикасының көрсеткіштері. Осы көрсеткіштердің өзара байланысы келесідей қоғамдық өндіріс фазаларымен түсіндіріледі:өндіріс, бөлу, тұтыну, ресурстар динамикасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТ, ОНЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
Қазақстанда кәсіпкерліктің дамуы туралы ақпарат
Кәсіпкерліктің дамуы, формалары және бағыттары
Кәсіпкершілік - шаруашылық әдіс ретінде және оның негізгі түрлері
Кәсіпкерлік экономикалық категория ретінде
Франчайзинг жүйесін әзірлеу кезеңдері
Қазақстан Республикасында кәсіпкерік жүргізу
Кәсіпкерлердің конституциялық құқықтары мен кепілдіктері
КӘСІПКЕРЛІК ӘЛЕУМЕТТАНУЫ ПӘНІНІҢ ОҚУ- ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz