Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3.4
І Игіліктер нарығының теориялық негіздері
1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.7
1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .7.13
1.3. Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі ... 13.16
ІІ Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері
2.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығын алгебралық жолмен талдау ... ..17.22
2.2. Қазақстанның тауар мен қызмет нарығын талдау ... ... ... ... ... ..22.26
2.3.Аймақтық аспектідегі игіліктер нарығын талдау (Ақтөбе облысы бойынша) ... ... ... ... .27.28
ІІІ Игіліктер нарығының тиімділігін арттыру
3.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығының экономикалық саясаты ... ..29.31
3.2. Қазақстанның игіліктер нарығын дамыту перспективасы ... ... ..31.32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33.34
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .35
Қосымша

Жоспар
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 -4
І Игіліктер нарығының теориялық негіздері
1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5-7
1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... .7-13
1.3. Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі ... 13-16
ІІ Игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері
2.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығын алгебралық жолмен талдау ... ..17-22
2.2. Қазақстанның тауар мен қызмет нарығын талдау ... ... ... ... ... ..22-26
2.3.Аймақтық аспектідегі игіліктер нарығын талдау (Ақтөбе облысы
бойынша) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 27-28
ІІІ Игіліктер нарығының тиімділігін арттыру
3.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығының экономикалық саясаты ... ..29-31
3.2. Қазақстанның игіліктер нарығын дамыту перспективасы ... ... ..31-32
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3 3-34

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
Кіріспе
Нарықты жағдайларды зерттеген уақытта, сұраныстың не себепті және
қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффициентін
пайдаланады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалық коэффициент. Сондықтан,
сұраныстың икемділік коэффициенті зерттегелі отырған сұраныс функциясының
факторы 1 пайызға өзгерсе, онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін
көрсетеді.
Сатылатын тауар біртектес және тауардың әр данасы бірдей бағамен
сатылады деп жорамалдауға болады. Тауардың бағасын жеке адам ғана белгілей
алмайды, ол нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың өзара бәсекеге түсуі
нәтижесінде тағайындалады. Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін
түсіну үшін сұраныс және ұсынысқа негізгі талдау жүргізу керек. Бұл талдау
кезінде сатылатын және сатып алатын тауарлардың көлемі мен бағаларының
арасындағы байланысқа көп көңіл бөлеміз, сонымен қатар тауарлардың бағасы
мен көлеміне басқа да факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.
IS үлгісі жиынтық сұраным деп танылатын макроэкономикадағы негізгі
өзгерістердің өзара әрекетін түсінуді қамтамасыз етеді. Экономикадағы
жиынтық сұранымның дамуы экономикадағы ұсыныста артта қалушылықты реттейді.
Экономикалық ұсыныс теориясы өнім мен баға динамикасының қажетті бөлігі
болып табылады.
Игіліктер нарығының басты факторларының бірі ретінде жиынтық сұраным
мен ұсыным теориясы номиналды жалақыны да қамтып отырады.
Курстық жұмыстың мақсаты: игіліктер нарығының теориялық
жеткізілімдерін сипаттай отырып, ондағы басты факторлардың экономиканың
секторындағы қажеттілігі мен оның қызметтері туралы баяндау болып табылады.
Курстық жұмыстың міндетіне мыналар жатқызылады:
- берілген тақырыптың теориялық сипатын ашу;
- игіліктер нарығындағы ерекшеліктерді айқындау;
- Қазақстанның тауар нарығы қызметтер нарығына экономикалық шолу;
Курстық жұмыс негізінен ІІІ тараудан тұрады. І тарауда игіліктер
нарығының теориялық негіздері ашылады. Курстық жұмыстың ІІ тарауында
игіліктер нарығының экономикалық көрсеткіштері аймақтық аспекті мен
Қазақстан бойынша қарастырылған. ІІІ тарауда игіліктер нарығының
экономикалық саясаты мен даму перспективалары туралы берілген.
Курстық жұмыстың соңы қорытындыланып, пайдаланылған әдебиеттер
тізімімен және қосымшамен нақтыланған.

1.1. Игіліктер нарығы және оның қызметтері
Бәсеке жағдайында бағаның қалыптасу механизмін түсіну үшін сұраныс
және ұсынысқа негізгі талдау жүргіземіз. Бұл талдау кезінде сатылатын және
сатып алынатын тауарлардың көлемі мен бағаларының арасындағы байланысқа көп
көңіл бөлу керек, сонымен қатар тауарлардың бағасы мен көлеміне басқа да
факторлардың қалай әсер ететінін қарастырамыз.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу
қабілетені айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей
байланысты көрсетеді.
Сұраныс-бұл тұтынушының сатып алушының бір тауарды сатып алу ойымен
жасайтын жоспарын кесте түрінде көрсету. Бұндай жағдайда белгілі бір
уақытты көрсету керек, мысалы, күніне, айына, жылына және тағы басқаларға.
Сұраныс көлемі сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп
ұйғарғандағы, әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардың санын көрсетеді.
Сұраныс қисығы зерттеліп отырған таурадың сатып алынатын бағасы мен оның
сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Егер баға 500-ден 600
теңгеге дейін жоғарыласа, онда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін
төмендейді. Бағаның төмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді. Сұраныс қисығы
тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап сатып ала алатын тауарлар саны
арасындағы тәуелділікті көрсетеді. Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы
неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны
көбейеді немесе керісінше. Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза
болып табылады.
1. Сұраныс заңын табыс әсері және ауыстыру тиімділігі арқылы да
түсіндіруге де болады. Табыс қалай әсер етеді? Баға төмен болған жағдайда
тұтынушы өзіне керек тауарды керегінше алады. Басқаша айтқанда тауардың
бағасының төмендеуі ақшалай табыстың сатып алу қабілетін күшейтеді,
сондықтан тұтынушының өзіне қажетті тауарларын бұрынғыдан да көп сатып
алуға шамасы келеді. Ал жоғары деңгейдегі баға керісінше әсер етеді.
Енді ауыстыру тиімділігі деген не? Тұтынушы кейбір қымбат тауарлардың
орнына солардың орнын басатын, бірақ бағасы неғұрлым төменірек тауарлар
алуға ынталанады- бұл жағдайды ауыстыру тиімділігі дейді.
Тұтынушылар көбінесе қымбат тағамдарды олардан арзандау тағамдармен
ауыстыруға әрекет жасайды. Мысалы, сиыр етінің бағасы төмендесе, онда
тұтынушының табысының сатып алу қабілеті күшейеді және соның арқасында ол
еттің мөлшерін бұрынғыдан да көбірек ала алады (бұл табыс тиімділігі).
Бағасы төмен болғандықтан сиыр етін қой, ешкі шошқа және тауық етінің
орнына да алуға болады (бұл ауыстыру тиімділігі).
Қазіргі жағдайларда сұраным заңының әрекеті инфляцияның күшті ықпалына
тап келуде. Инфляция-бұл ақшаның құнсыздануы, ақша бірлігінің сатып алу
қабілетінің құлдырауы. Егер бірқатар себептермен тауарлардың сонша санына
бұрынғыдан екі есе көп ақша белгілері шығарылған болса, онда тауардың
бірлігіне екі ақша бірлігі бұрынғыға қарағанда жартылай сатып алу
қабілетіне не екендігін білдіреді. Нәтижесінде тауар бірлігі үшін екі ақша
бірлігін төлеуге тура келеді. Біз тауардың қалыпты бағасы ретінде әдетте
төлейтін ақша сомасын есептейтіндіктен, ақша бірліктерінің екі есе көп саны
бағаның екі есе өсуі ретінде қабылданады. Ал іс жүзінде біздің
шығындарымыздың екі есе өсуі жүреді ал тауардың өзінің бағасы болса,
өзгерген жоқ, себебі енді екі ақша бірлігі бұрыгғы бір ақша бірлігінің
орнына жүреді.
Инфляция тауардың ақшалай бағасы, өзінің көрінісін білдіретін түсінуді
бізге сұраным заңын бұзу болып көрінуді ұқтырады. Ал іс жүзінде тауар
бағасының өсуі өткен сияқты болады, ал сұраным көлемі болса бұған
төмендеуімен жалғасқан жоқ. Өйткені, жалған өсу жүреді, сұраным оған
өздігінен емес сұраным заңы бойынша жауап бермеді. Сұранымның өзгермеген
көлеміне сұранымның көлемі сәйкес келеді. Соңғысы инфляция жағдайындағы
табыс көлемінің өзгерістерін бірақ біздің тәуелділік шеңберінде баға мен
сұраным көлемі арасында бейнелей алады, инфляция сұраным заңына ықпал
етпейді. [1. 150]
в)
С
О
1.2. Игіліктер нарығының қалыптасу ерекшеліктері
Дегенменде, игректер нарығының қалыптасуында, бірқатар күрделі
мәселелер туындайды, оларды білмеу сұраным заңын талдауды қиындатуы мүмкін.
1. Инфляция ақша бірлігінің сатып алу қабілетінің құлдырауы
ретінде барлық тауарлардың барлық ақшалай бағаларының өсуін білдіреді.
Бірақ, нарықтық экономика өзінен -өзі инфляцияға тәуелсіз түрде көптеген
факторлардың ықпалымен бағалардың тұрақты қозғалысын қарастырады. Осы
жағдайда мынадай мәселе туады: аталған тауарға бағаның өсуі инфляцияның
немесе сұраным көлемі өзгерісіне соқтыруға тиісті нарықтың баға өсуі
екендігін қалай аңғартуға болады? Баға өсуінің осы екі түрінің инфляциялық
және нарықтың түрлерінің араласуы сұраным заңының әрекетін күрделендіреді.
Мұның үстіне олар қарама-қарсы бағыттарға жиі ықпал етеді-инфляция тауардың
ақшалай бағасының артуына мәжбүр етеді, ол техниканың прогресс пен нарықтың
бәсеке оның төмендеуіне әсер етеді.
2.Сатып алушы алдында бұдан да күрделі мәселе пайда болады. Оның ұтысы
тауарды алған кездегі пайда мен шығындарды ара қатынасын дұрыс бағалай
алуына байланысты. Бірақ дәл осы ара қатынас инфляция арқылы бұрмаланады.
Оның көлемін есепке алу кез-келген сатып алушы әсіресе, бүгінгі шығын
күткен пайдасынан әлденеше есе асып түсун қаламайтын инвестиция жасаушы
адам үшін міндетті қағида болып табылады.
3. Ақырында келіп іс түпкілікті шатысады, өйткені, бір жағынан
инфляция шындығында барша экономиканы шырмап алады да барлық тауарлардың
бағасы өсуіне әкеліп соқтырады. Бірақ екінші жағынан осынау бағалардың
инфляциялық өсуі біртегіс жүрмейді, яғни әртүрлі тауарларға ақшалай
табыстарының инфляциялық өсуіне де осы қасиет тән, себебі тұтынушылардың әр
алуан тобында ол да бірдей деңгейде жүрмейді.
Осылайша, сұраным көлемінің тәуелділігін нарықтың баға қозғалысынан
және бағалар мен табыстардың инфляциялық өсуінің сұраным көлемі қозғалысына
ықпалын ажырата білу қажет. Бұған жеке алғанда, инфляциялық бағалармен
табыстарды бұрынғыларға қайта есептеу, өзгермейтін бағалар деп аталатындар
бойынша есептер жүргізу арқылы жетеді. Ұсыныс деп-тауардың бағасы мен
сатушылардың белгілі бір уақыт аралығында сатқысы келетін заттарының көлемі
арасындағы байланысты айтамыз. Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды
негіздейді: тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта
түседі.
Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы
байланысты кестелік әдіспен бейнелеуге болады.
Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы
пропорционалды қатынасты көрсетеді.
Енді осы айтылғакн байланысты функция түрінде бейнелесек, онда
төмендегідей формуламен жазуға болады:
Qs=f (р)
Qs=ұсыныс көлемі (т, кг);
Р-тауардың бағасы теңге.
Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға ұсынған осы
тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине, бағадан басқа
ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар:
еңбектің (жұмыс күшінің( бағасы, таурады өндіруге қажетті материалдар мен
шикізаттардың бағасы , қолданылатын тауарлардың бағасы және нарықтағы
сатушылардың саны.

пайдаланады. Бұл абсолюттік емес салыстырмалық коэффициент. Сондықтан,

көсретеді.
Сұраныс теориясында үш түрлі икемділік коэффициенті пайдаланылады.
Олар мыналар:
1) бағалық икемділік коэффициенті
2) табыстың икемділік коэффициенті
3) қиылысқан икемділік коэффициенті
Бұл жердегі бағалық икемділік коэффициенті (Ер) заттың бағасы 1%-ке
өзгерсе, онда сол жерде затқа деген сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін
көрсетеді.
Бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауардың бағасы өзгеруіне
сезімталдығын анықтау үшін қолданылады, бірақ сұранысқа әсер ететін басқа
факторлар тұрақты деп ұйғарамыз. Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ)
шамасы теріс сан болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде таураға деген сұраныс
төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1) икемді;
2) икемсіз;
3) икемділігі бірге тең;
4) өте икемді;
5) өте икемсіз;
Егер сұраныс көлемінің осу проценті бағаның өсу пайызынан көп болса және
тауардың бағасы төмендегенде жалпы түсім көбейетін болса, онда сұраныс
икемді болады.
Сұраныстың бағалық икемділігін (СБИ) қарастырған уақытта оларды
нүктелік және доғалық икемділік деп бөлеміз. Нүктелік икемділікті есептеген
кезде бағаның және сұраныс көлеміні пайыздық өзгеруі бастапқы
көрсеткіштерінің қатынасымен есептелуі, ал доғалық орташа көрсеткіштерінің
қатынасымен есептелуі.
Сұраныстың бағалық икемділік коэффициентін (Ер(Р)) анықтағанда
төмендегідей формулаларды қолданамыз.
Ер(Р) нүктелік икемділік
Ер(О)=-доғалық немесе сызықтық икемділік
Q1, Q2-1 және 2 кезеңдегі сұраныс көлемі
Р1, Р2- 1,2 мерзімді уақыт кезеңіндегі тауардың бағасы.
Егер СБИ-дің абсолюттік мәні 1 мен (Ер аралығында болса,
онда сұраныс икемді дейміз. Ал егер осы айтылған көрсеткіштің мәні
(оЕр1) болса, онда сұраныс икемсіз деп аталады. Егер Ер= 1 болса, бұл
жағдайда сұраныс икемділігі бірге тең болады
Егер Ер(Р) мәні оң болса, онда зерттеп отырған тауар Гиффен тауары
болады.
СБИ-ді есептеуді заттың бағасы өзгеруіне байланысты тұтынушылар
шығындарының және сатушылар түсімінің өзгеруін жорамалдау үшін қолдануға
болады. [2.165]
Сұраныстың бағалық икемділігіне төмендегідей факторлар әсер етеді:
1) қарастырып отырған тауарды ауыстырушы (субститут) тауралар көп
болса, онда бұл таураларға деген сұраныс икемді болады, ал
ауыстыратын тауарлар аз болса немесе жоқ болса, онда бұл тауарларға
деген сұраныс икемсіз немесе өте икемсіз болады;
2) тұтынушылардың баға өзгеруіне бейімделуі;
3) баға өзгеруін күтуі.
Сұраныстың табыстың икемділігі (СТИ) (Еі) тұтынушы табысының көлемі 1%
ке өзгерген уақытта қарастырып отырған тауарға деген сұраныс көлемі неше
пайызға өзгеретінін көрсетеді. Сұраныс табыстың икемділік коэффициенті Еі-
оң сан, теріс сан және нольге тең болады. Егер табыс өскен уақытта затқа
деген сұраныс та өсетін болса, онда Е,0, Бұндай тауарларды кәдімгідей
тауарлар дейміз. Ал егер СТИ-дің мәні Еі0 болса, онда бұл тауарлар сапасыз
тауарлар болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған
тауарға деген сұраныс азаяды.
Сұраныстың табыстың икемділігі төмендегідей формуласымен анықталады:
Еj (О) = Еj (D) – 1 және 2 сұраныстың табыстың икемділіңк
коэффициенті. сұраныс функциясының табыс арқылы алынатын алғашқы
туындысы
j-тұтынушы табысы; а-сұраныс көлемі
Егер табыс пен сұраныс көлемі белгілі бір уақыт аралығында өзгеретін
болса, онда сұраныстың табыстылық икемділігі мына форумалмен
анықталады:
мұнда және 2 кезеңге сәйкес келетін сұраныс көлемі;
және 2 кезеңге сәйкес келетін тұтынушы табысы
Микроэкономикада тауарлар бірін-бірі ауыстыратын және толықтыратын
болғандықтан, бір тауардың бағасының өзгеруі, екінші тауардың сұраныс
көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың
қиылысқан икемділігі деген көрсеткішті енгіземіз. Бұл коэффициент у
тауарының бағасы 1%-ке өзгерген кезде х тауарына сұраныс көлемі неше
процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегідей формулалармен анықталады:
мұнда -қиылысқан икемділік коэффициенті
сұраныс функциясының Ру арқылы алынған алғашқы туындысы
Ру-у тауарының бағасы;
- х тауарына деген сұраныс көлемі
Егер у таруаныңы бағасы мен х тауарына деген сұраныс көлемі белгілі бір
уақыт аралығында өзгерсе, онда -былай анықталады:
1 және 2 кезеңдегі х тауарына деген сұраныс көлемі;
және 2 кезеңдегі у тауарының бағасы;
0, яғни оң сан болса, онда қарастырып, отырған х және у тауарлары
бірін-бірі ауыстыратын тауарлар болады, ал егер 0 яғни теріс сан
болса, онда зерттеп отырған тауарлар бірін-бірі толықтыратын тауралар
болады. =0, онда х және у тауарлары бір-біріне қатысы жоқ тауарлар
болып табылады.
Егер де қандай да болмасын қажеттілік тек қана тиісті тауарды төлеу
арқылы қанағаттандырылса, онда бұл төлеудің көлемі сатып алынатын
тауарларды таңдауға да, оларды сатып алу көлеміне де тигізеді.
1.3. Игіліктер нарығының классикалық және кейнстік түсіндірмесі
Өндіру қызметі жұмыспен қамтылу деңгейін өнім деңгейімен
байланыстырады. Өндіру қызметінде өнім еңбекке жұмсалынған табыс деңгейімен
шамалас болады.
Мұндағы шығарылған өнім деңгейі, ал еңбек шығынының немесе
жұмыспен қамтылу сомасы. коэффициенті еңбек өнімділігі деп аталады.
Еңбек өнімділігі дегеніміз өнімнің еңбек шығынына арналған коэффициенті
жұмыспен қамтылған тұстағы өнім сомасы. Мысалы, 3-ке теңб олса,
онда бір сағаттағы жұмыстан үш сағаттық жұмыстың өнімі өндіріледі.
Еңбек өнімділігі тұрақты болады. Күнделікті өмірде еңбек өнімділігі
уақыт талабына сай өзгеріп отырады. Өйткені қазіргі жұмысшылардың кәсіби
дайындықтары, білімдері мен біліктері жоғары. Еңбек өнімділігі
коньюнктуралық циклге қатысты алғанда өзгеріп отырады. Тоқырау тұсында
өнімділік азаяды да, жаңару кезінде жандана бастайды.
Неоклассикалық үлгіде өнім өскен сайын өнімділік қысқарады.
Дж. М. Кейнс классикалық үлгінің негізгі жағдайлары мен қағидаларын
жоққа шығарды және мынандай тұжырымдарды ұсынды
1. Экономикадағы нақты және ақша секторлары тығыз байланысты. Ақшаның
бейтараптвлық принципі ақшаны мәні мен мағынасы бар деген қағидамен
ауыстырылды. Бұл ақшаның нақты көрсеткіштерге әсер ететіндігін
көрсетеді. Ақша нарығы, бағалаы қағаздармен қатар қаржы нарығының бір
сегменті болып есептеледі және макроэкономикалық нарықтың бір бөлігі.
2. Тауар және еңбек нарықтары жетілмеген бәсеке жағдайында іс әрекет
жасайды.
3. Баға қатаң, белгілі бір уақыт аралығында тұрақты болады.
Кейнстік макроэкономикалық үлгіде тауар нарығында баға қатаң болады,
өйткені бұл нарықта әртүрлі нарықтық құрылымға жататын фирмалар жұмыс
жасайды. Бұл фирмалар өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтеріне өздері
баға тағайындай алады.
Кейнстік үлгі бұл үлгі экономиканы жиынтық сұраныс жағынан қарастыру.
Соынмен, жиынтық ұсынысты анықтайтын, негізгі фактор ретінде, жиынтық
сұраныс есептеледі. Қысқа мерзімдік жиынтық ұсыныс қисығының горизонтальды
қисық түрінде болады.
Өндірістің құлдырауынан үлкен шығындарды болдырмау үшін жиынтық
сұранысты реттейтін белсенді мемелкеттік саясат қажет. Сондықтан кейнстік
экономикалық теорияны көбіне жиынтық сұраныс теориясы деп атайды.
Жоспарланған шығындар үй шаруашылықтарының фирмалардың және үкімет
тауарларға және қызмет көрсетуге жұмсауға жоспарлап отырған сомасы болып
табылады. Нақты шығындар кенеттен болған өзгерістер жағдайында тауарлы-
материалдық қорларға жоспарланбаған инвестициялар жасауға мәжбүр болған
кезде ерекшеленеді.
Жоспарланған шығындар функциясы графикалық түрде жоғары қарай
көлеміне ығыстырылған тұтыну функциясы ретінде бейнеленеді.
Берілген жағдайда талдаудың қарапайымдылығына таза экспорт көлемі
жиынтық табыс тан автономды деп есептеледі. Сондықтан таза экспорт
толығымен автономды шығындар көлеміне кіреді
Автономды шығындар көлемі таза экспорт функциясын ескере
отырып, мынаған тең болады:
автономды таза экспорт
импорттаудың шекті бейімділігі
табыс
таза экспорт
Импорттаудың шекті бейімділігі
импортқа шығындардың өзгерістері
табыс өзгерістері
Жиынтық табыстың өсуімен бірге импорт көбейеді, себебі тұтынушылармен
инвесторлар отандық тауарларға сияқты импорттық тауарларға да шығындарын
өсіреді. Ал экспорт берілген елден тікелей оның жиынтық табыс Ү көлеміне
тәуелді емес, ал бұл тауарларды және қызмет көрсетілерді кіргізетін елдің
жиынтық табыс динамикасына тәуелді. Сондықтан берілген елдің жиынтық табыс
Ү динамикасы мен оның таза экспортының динамикасы арасындағы
тәуелділік теріс, бұл таза экспорт функциясында минус таңбасымен
көрсетіледі.
Жоспарланған шығын сызығы, нақты және жоспарланған шығындар теңелген
сызықты белгілі бір А нүктеде кесетіні анық (яғни, Ү=Е сызығын).
Келтірілген сызба Кейнс кресі атағын алған. Ү=Е сызығында әрқашан іс
жүзіндегі инвестициялар мен қор жинақтар теңдігі сақталады. А нүктесінде
табыс жоспарланған шығындарға тең және іс жүзіндегі инвестициялар мен қор
жинақтары теңестіріледі яғни макроэкономикалық тепе теңдік орнайды.
Егер іс жүзіндегі өнім шығару көлемі тепе теңдік көлемінен
артса, онда ол сатып алушылар таурады фирмалардың өндіргегінен аз
сатып алғандығын, яғни білдіреді. Өткізілген өнім ТМҚ формасын алады
өйткені рол өспелі түрде болады.
Қорлардың өсуі өндірісті, фирмаларды және жұмысбастылықты азайтуға мәжбүр
етеді, ал ол соңында ЖҰӨ ді азайтады. Біртіндеп дейін
төмендейді, яғни табыс пен жоспарланған шығындар теңеледі. Сәйкесінше
жиынтық сұраныс пен ұсыныстың тепе теңдігі орнайды. [3. 230]

2.1. ІS моделіндегі игіліктер нарығын алгебралық жолмен талдау
Сұраным заңының мәнін қарапайым түрде баяндауға болады: таурадың
бағасы қаншалықты төмен болса, соншалықты көп саны сатып алынатын болады.
Сызбадан қисық сызық шындығында да сұраным көлемінің баға деңгейіне
тәуелділігін бейнелейді. Бұл заңды шын мәнінде игілікті деп есепте,
мұндай кері фукнционалды тәуелділіктің математикалық көрінісін жазамыз:
демек басқа жағдайда:
деп сұраным заңы деп атауға да болады, себебі әрқашанда
бағаның кез келген төмендеуіне сергек жауап қайтарады.
Сұраным заңымен бірінші рет танысқан адамның таңдануын көзге
елестетуге болады, ол бұл дегеніміз айқындылық қой деп ойлайды.
Әйткенмен, біздің алдымызда тұрғаны шынында да нарықтық экономиканың ең
елеулі заңдарының бірі, экономикаға нарықтың сипат беретін тұтынушының аса
қуатты қорғанышы. Міне, осы себептен де бұл заңды талдауға кез келген
оқулықта жетекші орын беріледі.
Сұраным заңын түсіну үшін тәуелділіктің неден байланысты екендігінің
мұнда бағаның сұранымнан немесе сұранымның бағадан тәуелділігінің
қандайлығы бейтарап қалдырар нәрсе емес. Сұраным заңы бұл сұраным бағамен,
тек қана бағамен анықталатын экономикалық нұсқа болып табылады. Сұраным
заңы бұл сұранымның баға деңгейіне, үн қатуының тәуелділігінің заңы,
бағаның сұраным көлеміне ықпалы туралы хаң және тағы бір жағы: сұраным заңы
сұранымның көлемінен айтарлықтай асып түсетін ұсыным жағдайында ғана әрекет
ететіндіктен нарықтық заң болып табылады.[8.50]
Біз жоғарыда атап көрсеткендей төлем қабілетті сұраным бұл тауарларды
сатып алудың мүмкін көлемі ғана емес, бағалардың өзгеру мен осы
өзгерістерге сатып алу көлемі арасындағы тәуелділікте. Басқа сөзбен
айтқанда, біз сұраным дегенде аталған таурадың әрбір белгіленген бағасына,
соған сәйкестендірілген. Оны сатып алудың мүмкін көлемі, сәйкес келетін
тұрақты тәуелділіктің тұтастай қатарын айтамыз. Міне, осы өзара қарым-
қатынастағы сатып алу көлемдеріне сай келетін бағалар қатары сұранымның
өзі, сатып алудың әр көлемі- сұранымның көлемі.
Сұранымның өзі мен сұранымның көлемі арасындағы айырмашылық айқын
көрінуі үшін сызба жасап, оның тік сызығымен бағаның белгіленген тауарға
айырмашылығын, ал көлбеу сызық бойынша мүмкін болатын тауралардың санын
белгілейік.
Біз бейнеленген нақты баға тиісінше сатып алу көлеміне арасындағы
тәуелділік қаншама өзгерсе де сұранымның өзі өзгеріссіз қалады-бұл А
қисық сызығы, ондағы әр нүкте сұранымның көлемі, яғни алғанда белігленген
бағамен тіркелген сатып алу мөлшері. Сұранымның көлемі көтерілуі де
төмендеуі де мүмкін, бірақ бұл өзгерістер нақты мақсаттарды көздейді,
бағалардың әрбір деңгейіне сол сұраным шеңберінде әрқашанда да белгілі
сұраным көлемі сай келеді.
Сұраным көлемі оның деңгейін анықтайтын бағалар деңгейіне сәйкес келе
отырып жоғары-төмен қозғалып тұруға мәжбүр етілгендей көрінуі мүмкін.
Міне, осы сұраным көлемі көп жағдайда сұранымның өзінің өзгерісі ретінде
жиі қабылдайды. Бірақ бұлай болғанда тұйық шеңбер келік қабылдайды.
Сонымен сұранымның әрбір көлемі сұраным белгіленген пропорциядағы баға
өзгерісін бейнелейді.
Егер де аталған тауарды сатып алу көлемі мен арасындағы байланыс
нарықтың экономикадағы сатып алу-сатудың өзге процесетрінен оқшауланған
бірден-бір байланыс болса, онда сұраным мен ұсыным шындығында да өзгеріссіз
болар еді. Барысындағы әрбір сұраным бір-біріне ықпалын тигізетін және бәрі
бірігіп сансыз көп экономикалық экономика төңірегіндегі және экономикадағы
тысқары факторлардың әсерін сезінетін тәуелділіктердің үлкен шумақ жібінің
сансыз желілерінің бірі ғана. Белгілі жағдайларда олардың ықпалы сұранымның
өзін өзгеруге әкеліп осғуы мүмкін: ол өседі де, құлдырай алады.
Сұранымның өзінің өзгерістері туралы нелерді байқата алады? Бағалардың
өзгеруі мен сатып алу көлемінің өзгеруі арасындағы сол сұраным шеңберінде
қалыптасқан кері тәуелділік пропорциясының бұзылуы. Басқаша айтқанда
сұранмның өзгеруі туралы тек қана сұраным көлемі дербес қозғалысқа ие
болып, бағалардың өзгеруіне тәуелсіз өзгеретін, бағалардың қозғалысына үн
қатпайтын кезде ғана айтуға болады. Міне, осы сатып алу көлемінің баға
өктеміне бағыттау мерекесі сұранымның өзінің өзгеруін білдіреді.
Рыноктық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта
белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып
алушылардың яғни сұраныс деңгейі төмен болады, керісінше баға төмен болған
сайын алушылардың саны мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның
себептерін анықтау қиын емес, олар бәрінен бұрын сатып алушылардың
табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай
адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz