Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы



Жоспар:
1. Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік.құқықтық нысанының сипаттамасы
2. Шаруашылқты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі . мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
3. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігінің мемлекеттің қатысуымен байланысты мәселелі сұрақтары
4. Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты
5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысандары
6. Мемлекеттік бақылау
7. Кәсіпкерлік қызметті қорғау
8. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
9. Коммерциялық құпия түсінігі
10. Негізгі әдебиеттер тізімі:

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы
2. Шаруашылқты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі - мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде
3. Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігінің мемлекеттің қатысуымен байланысты мәселелі сұрақтары
4. Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты
5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысандары
6. Мемлекеттік бақылау
7. Кәсіпкерлік қызметті қорғау
8. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары
9. Коммерциялық құпия түсінігі
10. Негізгі әдебиеттер тізімі:

Кәсіпкерлік қызметтің мемлекеттік-құқықтық нысанының сипаттамасы. Мемлекеттік реттеу органдарымен өзара ықпалдасудың нысандары.
Жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік әкімшілік етудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына қауіпсіздігін, олардың мүлкін қорғауды, қоршаған ортаға қауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алдау практикасының алдын алу, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
Мемлекеттік әкімшілік етудің түрлері:
1) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерлік өнімдеріне,процестеріне талаптар белгілеу;
2) Сәйкестікті, тексеру, калиблеу және сынақ зертханаларын (отралықтарын) растау жөніндегі органдарды аккредиттеу;
3) өнімнің жекелеген түрлерінің Қазақстан Республиксын заңнамасының талаптарына сәйкестігін міндетті растау;
4) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау;
5) жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау;
6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъек-тілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру;
7) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жауаптылығын белгілеу.

Шаруашылқты жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі - мемлекеттік кәсіпкерліктің нысаны ретінде.

Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын өз мiндеттемелерi бойынша өзiне тиесiлi барлық мүлкiмен жауап бередi. Шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорын мемлекеттiң мiндеттемелерi бойынша жауапты болмайды. Азаматтық кодексте және өзге де заң актiлерiнде көзделген реттердi қоспағанда, мемлекет шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген кәсiпорынның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Мемлекеттiк кәсiпорындарға:
1) шаруашылық жүргiзу құқығына негiзделген;
2) оралымды басқару құқығына негiзделген (қазыналық кәсiпорын) кәсiп-орындар жатады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның мүлкi бөлiнбейдi және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның iшiнде кәсiпорын қызметкерлерiнiң арасында бөлуге болмайды.
Мемлекеттiк кәсiпорындардың фирмалық атауында оның мүлкiн меншiктенушi көрсетiлуге тиiс.
Мемлекеттiк кәсiпорын уәкiлеттi мемлекеттiк органның шешiмi бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның органы уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк орган тағайындайтын және оған есеп беретiн басшы болып табылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның құқылық ережесi ҚР АК және өзге заң құжаттарында белгiленедi.

Заңды тұлғалардың кәсіпкерлігінің мемлекеттің қатысуымен байланысты мәселелі сұрақтары.
Мемлекеттің экономикаға араласуы белгілі бір жағдай мен себептерден болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады. Жағдайларды қолайсыз және қолайлы деп екіге бөлуге болады.
1. Қолайсыз жағдайлар. Мемлекеттің экономикаға араласуы мына жағдайларда: мемлекеттік қауіпсіздікті талап ету, қоғамдағы әлеуметтік шиеленіс, экономикадағы қолайсыз жағдай: өндірістің төмендеуі, инфляция, жоғары дәрежедегі жұмыссыздық, құрылымдық баласнтың бұзылуы, бюджеттің жетіспеуі, инвестицияның төмендеуі т.б. қоршаған ортаның нашарлауы.
Мемлекеттің байыпты міндеттері - уақытында қолайсыз жағдайлардың алдын-ала себептерін анықтау және оны болдырмау.
2. Қолайлы жағдайлар. Бұл әкономикаға, кәсіпкерлік іске қолайлы ықпал жасайтын адамдардың барлық іс сферасындағы жағымды құбылыстарды уақытында мемлекет қолдауы керек. Қолайсыз жағдайларды бағалау үшін мемлекет оны бағалайтын критериелерін білуі керек. Мысалы, қолайсыз жағдайлар: инфляция, жұмыссыздық сонан салдарынан өндірістің төмендеуі. Мемлекет бұл жағдайларға араласуы үшін олардың критериеларын білуі керек.
Жұмыссыздық - бұл нарықтық экономикаға тән элемент. 4-6 % жұмыссыздық бұл табиғи жұмыссыздық, табиғи деңгейге жатады. Мемлекеттің араласуы табиғи деңгейдегі жұмыссыздық асқан жағдайда басталады, яғни циклдық жұмыссыздық өндірістің төмендеуімен байланысты.
Сонымен жұмыссыздықпен күресу үшін оның критериі табиғи жұмыссыздық деңгейіне келтіру.
Инфляция - тауарға, ақылы қызметтерге жалпы баға деңгейінің өсуі. Бұл экономикалық құбылыс жұмыссыздыққа қарағанда әлде қайда шытырман қиын процесс. Инфляция бүкіл дүниежүзілік проблема, себебі тауар мен қызметке баға ешуақытта тұрақты болмайды. Сондықтан бағаның болымсыз өсуі өте қауіпті емес, ал бірақ инфляцияның жоғары деңгейі экономика үшін, қоғам үшін өте қауіпті. Мысалы, Қазқстанда 1990-2001 жылдар аралығында тауар мен қызметтердің бағасының өсуі 65 мыңнан астам болдв. Мемлекет инфляцияны тежей алмады, әсіресе 1991-1994 жылдар өте жоғары деңгейде болды. Мемлекеттің шаралары инфляцияның деңгейіне байланысты . Инфляцияның үш түрі бар: 1) біркелкі, егер жыл ішінде баға 10% -тен аспаса; 2) шоқырақтау жыл ішінде бағаның 10%-тен 200%-ке дейінгісі, ал 3) гиперинфляция, инфляция онан да тез өседі.
Инфляцияға қарсы мемлекет шаралары тек қана инфляцияның деңгейіне байланысты емес. Сонымен бірге оның туындау себептерін анықтау керек.
Осыған байланысты инфляцияның екі типі бар: сұраныс инфляциясы және ұсыныс. Әрбір типтің өзіндік ерекшеліктері бар және оны емдеудің өзіндік дәрісі бар.

Мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаты.
Қазақстан Республикасы толық нарықтық қатынасқа, макроэкономикалық реттеуге өтуде тек қана бірінші қадам басты. Новелл сыйлығының лауреаты В. Леонтьевтің айтуы бойынша экономиканың қызмет істеуін желқайыққа ұқсатады. Іс жақсы жүру үшін жел керек - ол мүдде. Руль - мемлекеттік реттеу. Шведцияның тиімдіэкономика моделінің авторы Клас Эклундтің пікірі бойынша реттелмейтін экономика болмайды және өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында экономиканы мемлекеттік реттеу объективтік қажеттілік -дейді. Қазір экономикалық теорияның классикалық, неоклассикалық мектептерінің уәкілдері нарықты реттеуге араласу керек емес, нарық өзі автоматты реттеледі деген пікірде.
Осы проблема жөнінде жан-жақты дәлелді теориялық қортынды берген атақты ағылшщын экономисі Дж М. Кейнс (1883-1946 жж). Оның теориялық қорытындылары 1929-1939 жылдардағы дүние жүзілік экономикалық дағдарыстан шығуда практикалық қолдау алды. Ол әлеуметтік-экономикалық процессті реттеуді мемлекеттік реттеудің керек екендігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеді. Дж М. Кейнс теориясы бойынша : тұтастай сұраныста ындаландыру және барлық ресурстарды түгел қамту, жинақты және инвестициялық ресурстарды тиімді іске асрыу басты мақста деген пікірге келген.
Кейнс теориясы практикалық тілге айналдырғанда: жұмыссыздық жойылса халықта табыс көбейеді, табыстың көбеюі сұранысты арттырады. Сұраныс ұсынысты, яғни өндірістің дамуын өрістетеді, өндіріс инвестицияны көп талп етеді, ұсыныс пен сұраныстың өрлеуі салықтың массасын өсіреді. Ал салық массасы бюджетке түседі, қортындысында мемлекет бойынша өндірілетін жалпы ұлттық өнім фискалдық саясат арқылы оның 40-45 % қайта бөлініп елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартады.
Жоғарыдағы көрсетілген ойлардан шығатын қортынды: мемлекет экономиканы реттеуге батыл араласуы керек. Бұл қағиданың дұрыстығы бүкіл жеьілген Батыс елдерінің Жапония, Оңтүстік Кореяның жетістіктері үлгі бола алады. Бұл елдердің тәжірибесінің алынатын сабақ: 1) экономикалық ресурстарды түгел және тиімді пайдалану арқылы елдің өндірістік өндіргіш күштердің дамытып өндірістік потенциалын арттыру, яғни елдің байлығын арттыру.
Сонымен нарықтық экономика барлық әлеуметтік экономикалық процесстерді бүкіл қоғам үшін және оның әрбәр азаматы үшін автоматты реттей алмайды. Нарықтық экономика елдің табысын әділ бөлмейді, еңбек ету құқығына кепілдік бермейді, қоршаған ортаны сақтауға көңіл бөлмейді және тұрғындардың қоғансыз бұқара топтарын қолдай алмайды. Жеке бизнес жоғары дәрежелі пайда бермейтін халық шаруашылық салаларына капиталын салмайды, ол мемлекет үшін, қоғам үшін өте қажет болса да. Нарықтық экономика көптеген әлеуметтік экономикалық мәні бар актуальді проблемаларды шешпейді. Ол мәселелер тек қана мемлекеттік іс болады. Қорытып айтқанда, кез келген елдің экономикасы бірқалыпты даму үшін мемлекет қолынан келетін жағдайлардың бәрін жасауы керек. Қазіргі созылып кеткен экономикалық дағдарыс өндірістің өрескел төмендегенін инфляция, қоғамдағы әлеуметтік наразылық т.б. қолайсыз жағдайлар мемлекеттің экономиканы реттеуді жете білмеушілігінен, өзіне жүктелген функцияларды атқара алмайтындығын көрсетеді.

5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің әдістері мен нысандары.

Мемлекетке мынадай функциялар жүктеледі:
1. Құқықтық негізді жасақтау. Мемлекет меншік құқын анықтайтын, кәсіпкерлік істі реттейтін, өнімнің сапасын қамтамасыз ететін т.б. заңдар жасақтап қабылдайды. Мемлекет құқықтық негіздер көмегімен кәсіпкерлік іс субъектілерінің қарым-қатынастарын реттейді.
2. Елде қажетті құқықтық тәртіпті және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет әрбір азаматтың, барлық қоғамның нарықтық экономикасы субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Егер мемлекет бұл функцияны орындай алмаса, ол жағдайда елде қылмыстық іс-әрекеттер өріс алады: қылмыстық істер, мафия, коррупция, парақорлық т.б. жағымсыз құбылыстар уәсіпкерлік іске, жалпы елдің экономикасына апатты әсер етеді.
3. Экономиканы тұрақтандыру, яғни экономиканы тұрақты дамыту, ол үшін макроэкономикалық оптималды көрсеткіштерге жету: жалпы ұлттық өнім, ішкі ұлттық өнім, таза ұлттық өнім, ұлттық табыс, инфляция деңгейі және жұмыссыздық, бюджеттің жетіспеушілігі т.б. ол үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтар мен әдістемелерді фискалдық, финанс-кредит, ғылым-техникалық және инвестициялық саясат арқылы іске асыруы керек.
Егер мемлекет экономиканы тұрақтандыруға көңіл аудармаса, ол кәсіпкерлік іске жағдай туғызбайды, әлеуметтік жағдай нашарлайды. Мысалы, егер мемлекет инфляциямен күрес жүргізбесе, инфляция елдің экономикасын берекетсіздендіреді.
- ұлттық тауарлар импорт тауарларымен бәсекелес бола алмайды, ол төлем балансының жетіспеушілігіне әкеледі, отандық өндіріс төмендейді, жұмыссыздық өседі;
- валютаны алып-сатушылық басталады;
- елден валютаның шығуы, ол импорт тауарларының қымбаттауына және жалпы бағаның өсуіне әкеледі;
- тұрғындардың жинақтарының құнсыздануына;
- инвестицияның қысқаруна т.б. қолайсыз жағдайларға әкеледі.
4. Әлеуметтік қорғауды және әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.
Мемлекет әлеуметтік саясатты белсенді түрде жүргізуге міндетті. Оның мәні мынада: барлық жұмыс істейтіндерге минималды еңбек ақымен, кәрілік және мүгедектік зейнетақылармен, жұмыссыздарға жәрдемақымен қамтамасыз етуге кепілдік; тұрмыс жағдайы өте нашар жандарға көмек көрсету; инфляциямен байланысты белгіленген табыс алатындардың табысын индексациялау т.б.
Мемлекет бұлсаясатты жүргізу нәтижесінде барлық азаматтарға минималды күнкөріс деңгейін қамтамасыз етеді, ол халық наразылығын бәсеңдетеді.
5. Бәсекелестікті қорғау. Нарықтық экономика жағдайында бәсекелестік - негізгі реттеу инструменті. Бәсекелестік - барлық экономика сферасында прогрестің негізі, ол тауар өндірушілерді ғылым жетістіктерін өндіріске еңгізіп, өнім сапасын арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге ынталандырады. Сондықтан мемлекет бәсекелестікті қорғауы тиіс. Бәсекелес жағдайда тұтынушы - қожа, нарық - агент, ал кәсіпорын - оның құлы. Ал монополия жағдайында тұтынушы қожалықтан, құлдыққа ауысады.
Бірақ бәсекелестік ақырында монополиялық жағдайға әкеледі. Бұл жағдайды диалектмканың бірінші заңы - әлемнің бірлігі және қарама-қарсылық күресі деуге болады.

Мемлекеттік бақылау.
Рынок субъектілері мен олардың бірлестіктерін құруды, қайта ұйымдастыруды, таратуды мемлекеттік бақылау. Рынок субъектілері үстем (монополиялық) жағдайын қиянат жасап пайдалану мүмкіндігін болғызбау мақсатында монополияға қарсы орган: тиісті тауар рыногында үлесі отыз бес проценттен асатын рынок субъектілерін құруға; тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін қайта ұымдастыруға; заңды күшіне еңгізілген сот шешімі бойынша тарату жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағнда, тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін таратуға мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады. Азаматтық кодекстің 17-бабы 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар рынок субъектілерін қайта ұымдастыру, тарату кезінде монполияға қарсы органға, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тіркеуші органға табыс ететін құжаттарға қоса, тиісті тауар рыногында үлесі отыз бес проценттен асатын рынок субъектілерін құруға , тиісті тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілерін қайта ұйымдастыруға, таратуға келісім берутуралы өтініш, тиісті тауар рыноктарындағы қызметтің негізгі түрлері менөндіретін және өткізетін тауарлар (жұмыстар, қызметтер көрсету) көлемі туралы мәліметтер еңгізеді. Құжаттар тізбесін, оларды табыс ету мен қарау тәртібін монополияға қарсы саясат саласындағы орталық сатқарушы орган айқындайды. Монополияға қарсы орган қажет құжаттарды алған күннен бастап кейін 30 күннен кешіктірмей, өтініш иесіне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық пәнінен дәрістер кешені
Ауылшаруашылықтық (аграрлық) құқық негіздері (Дәрістер жинағы)
Сақтандыру шарты жайлы мәлімет
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Қазақстан Республикасында шағын кәсіпорындардың орны мен маңызы
Лизинг қатынастарының пайда болуы мен дамуы
Кәсіпорын экономикасы жайында
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес алынған инвестициондық табыстары
Казакстан Республикасында мынадай кедендік баждар мен міндетті төлемдер
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Пәндер