Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері



Жоспары
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I. Банктердің пайда болуы мен дамуы
1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы ... ... ... ... ... ...7

II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері
2.1 Банктің экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10
2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы ... ... ... ... ...13
2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы ... ... ... ... 15

III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері
3.1 Банк типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
3.2 Банк қызметіндегі тәуелділік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
3.3 Банк ісіндегі бәсекелестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ-ОРЫС ХАЛЫҚАРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономикалық кафедра

Пән аты: Ақша, Несие, Банктер
Тақырыбы: Банк жүйесі және даму эволюциясы

Орындаған: Өтебаева Г.Е. Қаржы-201
Аға оқытушы: Өтешова А. К

Жоспары

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...3
I. Банктердің пайда болуы мен дамуы

1.1 Алғашқы банктердің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... .4

1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы ... ... ... ... ... ...7

II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері

2.1 Банктің экономикадағы
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы ... ... ... ... ...13

2.3 Банк жүйесінің құрылымы және даму тарихы ... ... ... ... 15

III. Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері

3.1 Банк
типтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...21

3.2 Банк қызметіндегі
тәуелділік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ...23

3.3 Банк ісіндегі
бәсекелестік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... 32

Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 33

Кіріспе

Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму мәселелерін қарастыру
себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін
пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк жүйесінің
қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін
көрсетуді мақсат еттік.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін
ғылыми-теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай
болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы
сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк
жүйесінің дамуы болып табылады.
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі
көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне
көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер
береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық
бнактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді.
Соңғы бірнеше жылда, әсіресе 2000-жылдан бастап банк жүйесінің
динамикалық дамуы жүруде. Қазақстан банк секторының жанадануы және
конденсациялық процестер жалғасуда. Дегенмен, банк жүйесін мемлекеттік
қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік
проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде
жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс. Кез келген мемлекеттің
экономикасында ірі кәсіпорындар,шағын және орта кәсіпкерлікпен қатар
мемлекеттің дамуының негізі – банк жүйесінің қалыпты жұмыс істеуі екенін
әлемдік практика көрсетуде.
Нарық экономикасы, шаруашылық жүйесі интеграциялану кезеңінде қаражат
құрау мен оны пайдалану үрдісі әртүрлі экономикалық тұлғалар арасындағы әр-
қилы қарым-қатынастарға сәйкес дамиды.Ондай тұлғалар – халықтың өзі,одан
кейінгісі: мемлекет және банк,басқа қаржылық делдалдар. Банктің мазмұны мен
атқарылымы оның экономикадаы маңызын көрсетеді. Банктің маңызы оған
жүктелген міндеттермен айқындалады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында
нарықтық банк жүйесінде әр түрлі меншік формасындағы банктер мен несие
мекемелері қызмет істеуде. Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған
екінші денгейлі банк, оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет.
Инвестициялық банк – негізінен тікелей және порфельдік инвестиция тартумен
шұғылданатын екінші енгейлі банк.
Қазігі кезеңде нарықтық типпен дамыған едердің барлығында дерлік екі
денгейлі банк жүйесі құрылып, белсенді түрде одан әрі өрістеуде.

I. Банктердің пайда болуы мен дамуы

1.1 Алғашқы банктердің пайда болуы

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының
мануфактуралық сатысында – XIV және XV ғасырларда Италияда кредит
қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар
банктердің бұдан да ертерек – феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде
пайда болды деп есептейді. Банк сөзі үстел мағынасын беретін
италияндық banko сөзінен шыққан. Банко – үстелдер тауарлардың сауда-
саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда-саттық мемлекеттерде,
қалаларда және жекелеген қалаларда құймалардан соғылатын әр түрлі
монеталармен жүзеге асырылды. Бұл жағдайда көптеген монетаның әр түрлі
айналасынан хабары бар, айырбас бағамы бойынша кеңестер беріп, бағалай
алатын арнайы мамандар қажет болды. Бұл айырбастаушы мамандар әдетте өз
үстелдерімен базаларда отырады. X ғасырда Италия әлемдік сауданың
орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко-үстелдері бар
айыр бастаушы банкирлер әйгілі болады, әрі олар Ежелгі Грецияда
(трапезиттер деп аталған, “трапеза” – үстел), Ежелгі Вавилонда және басқа
да елдерде кеңінен тарайды.
Әр түрлі монеталарды бір-бірімен үзбей айырбастау үшін олардыңқоры
болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы- үстеодер айырбастаушы-үстелдер
айырбастаушы-үйлерге айналады. Бұл үйде құны әр түрлі монеталардың
айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды аийрбастау бойынша
операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жансақ (қате) ұқтыруға әкеп
соқтырады. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай
бастағанды ғана пайда болған тәрізді етіп көрсетеді. Әрі бұдан да ертерек –
ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезінде банктерді мүлдем болмаған
етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі IV ғасырларда
Ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу
тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және кредиттік операциялар біздің
эрамызға дейінгі IV дейінгі ғасырда Грецияда да тәжірибеде кездескен .
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жеке тұлғалармен де,
шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың
сенімді орнына айналды, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан
да үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді
ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге
асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажет
етті. Олра мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінетіндей және
сақталатындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе
алтын мен күмітер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз (ссуда) берумен де
айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып рәсімдеді әрі берілген
қарыз үшін пайыз өндіріп алды.
Сол уақытта-ақ адамдар көп мөлшерде жинақталған ақшаның айналысқа
түспесе пайда әкелмейтінін ұқты. Сондықтан да ақшаны уақытша пайдалануға
беріп, одан пайыз алудың немесе сауда және қолөнер кәсіпорнын ашудың
тиімді болатынын да ұқты.
Міне, осы уақытша кредитті жоғары пайызбен беретін өсімқорлық
(ростовщичество) пайдда болды, ссуданың негізіне тараптардың кредит беруші
қоятын өктем шартымен жасасқан жеке келісімі жатады. Сауда үйі түрінде
жеке кредит берушілердің пайда болуымен бірге бір мезгілде мемлекеттік
сауда – саттық агенттіктері де әрекет етеді. Ежелгі шығыста олар
тамкаралар деп аталаған. Олар металл құймалары түріндегі ақшаны сатумен
және сатып алумен айналысты , басқа мемлекеттермен сауда-саттық жүргізді.
Храмдар, өсімқорлар, сауда үйлері және сауда-саттық агенттіктері
жүзеге асырған барлық ақша операциялары банктердің қалыптасуына себепші
болды. Банк – бұл аса ірі кредит кәсіпорны. Осыған қарай жоғарыда аталған
кредит берушілерді банк деп ұғуға болмайды. Олар банк деп аталуы үшін
кредит істерінің даму деңгейі жоғары болуы керек әрі кредит берушінің өз
клиенттеріне қызмет көрсету бойынша орындайтын операциялардың жиынтығы
толық болуы қажет. Кредит операциялары кредит берушілердің арасында
бәсекелестік пайда болады, өйткені кредит берушілердің арасында
бәсекелестік пайда болады, өсімқор өз ссудасы үшін жоғары пайыз белгілейтін
болса, қарыз алушы одан бас тартады. Кредит мәмілелерін орындаумен қатар
кредит беруші өз клиенттерінің өкімі бойынша есеп айырысу және басқа да
операцияларды жүргізеді. Банк – кредит, ақша, есеп айырысу операцияларын
бір орталыққа шоғырландыратын ақша шаруашылығының даму деңнейі. Мұндай
мекемелер Солтүстік Италияда XVII ғасырда пайда болды.
1619 жылы Венеция қаласындағы қоғамдық серіктестік жиробанк (латынша
giro – айналым) деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз
орынбасарларына ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды.
Еуропа мемлекет құроған эконгомикалық қызметке, банктердің пайда болуына
тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің
шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда-саттық байланыстың даму процесінде
айқындалды Банк ісін жүргізуді италияндық тәжірибесі өзіндік банктерді
құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Амстердамда айырбастаушы банк құрылды, содан соң ол депозиттік банкке
және жиробанкке, ақыр аяғында ссуда банкісіне айналды. Германияда
италияндық сауда үйлерінің филиалдары негізінде неміс үйі құрылып, одан
алғашқы неміс банктері пайда болды және т.б. XVII ғасырдың ішінде банктер
Еуропаның бүкіл мемлекеттерінде пайда болып үлгерді.
Ежелгі банктердің кредит операцияларымен қатар трансферит деп
аталатын операцияның көмегімен есеп айырысу да біртіндеп дамыды, яғни
ақшалай қаражатты бір кестеден (шоттан) екіншісіне ауыстыру кезінен
қолданыла бастады. Банктер клиенттермен өзара және клиенттер арасында
келісімшарттар бекітіп, сауда мәмілесінде делдал ретінде алға шықты. Есеп
айырысуды қамтамасыз ету үшін ежелгі банктер ақшамен тең дәрежеде айналыста
жүретін (hudu – гуду) шығарды. Осылайша, кредит, ақша және есеп айырысу
операциялары бір орталыққа (банкке) шоғырлана бастады. Ақша шаруашылығының
бұл даму кезеңінде банк секілді аса ірі кредит мекемелері пайда бола
бастады.
XVII ғасырдың 40-шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық
операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған
елдің эмиссиялық банкісі деген атақ (статус, мәртебе) берілді. Оның
банкноттары төлемнің әмбебап, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген
елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамыды, ал жекеше эмиссиялық
банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана (1894 ж.) орталық
эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды.
Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда
болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды.

1.2 Банктің мәні және оның қызмет ету аясы

Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын қарастырып
көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны сақтаудың орны деп
жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк қызметтері әр түрлі. Сондықтан
да адамдардың банк туралы түсініктері әр түрлі.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер оны
экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал таы біреулері оған делдалдық
ұйым және т.б. ретінде қарайды. Банктің мұндай анықтамаларын оқытулар мен
ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң, ереже, нұсқау
секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда, банктің мәнін
терең зерделеген И. О. Лаврушин айтып кеткендей, осы заманғы банк ұғымына
қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік шындыққа толық сәйкеспейді,
әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- Банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып талдау;

- Оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас жүйесі
ретінде қарастыру;

- Банктің мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық институттардан
айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет етеді;

- Банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша
қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке қатынасы
бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған қарап оны банк
деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-120 қызмет
түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де банктің мәнін
талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп қалмау керек. Бұл
мағынада мұның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға келеді, ол нақты банк
қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде қарастыруы мүмкін. Оның
мәнін тұтас экономикаға байланыстырып, макродеңгейде қарастырғанда ғана
мақсатқа лайықты болады. Бұл жағдайда банк нақты қызмет жиынтығы болатын
мекемені емес, керісінше белгілі бір қызметі бар институтты білдіреді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлене қарамастан біріңғай болады
әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық банкке де, эмиссиялық
банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән болып табылады. Бұл аталған
банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы да және т.б. бір-бірінен өзгеше
болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің) мәні өзгеріссіз қалады және
олардың барлығына бірдей тән. Бұл ерекшеліктер біртұтас реінде банктердің
әртүрлілігін қөрсетеді.
Әдістемелі тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа
экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін анықтауды
қажет етеді. Мәселе мынада: осы заманғы банктер орындайтын көптеген
қаржылық, кеңес беру т.б. түрлерін (200-ден астам) басқа экономикалық
институттар, оның ішінде, банк институты өз клиенттеріне көрсете алады.
Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың көбісін басқа институттар да
орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін операциялардың ішінен тек банктің
өзіне ғана тән операциялар мен қызметтерды бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшеліктері бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай ғана
тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды өндіреді.
Қолма-қол ақшаны шығару-бұл банк монополиясы, оны тек банк шығара алады.
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс,
тұтыну заттары емес, кредит ұсыну жатады. Әрі-беріден соң кредит қандай да
бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түріде пайда әкелетін пайыз
түрінде капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін) ресурстарды
ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарының өз өнімінің өзінді
ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда кәсіпорынға
ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік сипатымен алға
шығады.
Кредит ісі - банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады.
Әрбірден соң, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке тұлғалардың
төлем айналымын қолма-қол ақша формасында және қолма-қол ақшасыз формада
реттейтін аса ірі кредит институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік
ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік
беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада банк
құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк ретінде
болмайды әрі дамымайды:

- банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік
ерекшеліктері бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында
артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;

- өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың қызметінен
айрықшаланатын банк қызметі;

- банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар жұмыспен
айналысатын адамдардың айрықша тобы;

- банк техникасын, үй ғимаратын байланыс және коммуникация құралын,
құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын өндірістік материалдардың
белгілі бір түрлерін қамтитын өндірісті блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк құрылымына
жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша формасындағы және қолма
қол ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын кәсіпорын
немесе ақша-кредит институты ретінде анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл оның
мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі бойынша
әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие болуы
керек;

- бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс істеуі
қажет;

- өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне өзара
әрекеттесуге икемді болуы керек;
Банк теориясының маңызда мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы
мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын әдістемелік
тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету аясы – бұл
басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне ғана тән
қызметі.

II. Банк жүйесінің мәні, белгілері, типтері;

2.1 Банктың экономикадағы ролі

Банктер несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Себебi банк мемлекетпен
кәсiпорындардың . Акционерлiк Қоғамның және шаруашылық субъектiлердiң
халықтың бос ақшасын шоғырландырып iс жәзiндегi капиталға айналдырады. Осы
айтып өткен бағытына байланысты банк төлем есептеу, несие беру, сақтандыру
және т.б. операцияны жәргiзедi.
Ежелгі ғасырлар тарихы кейінгі ұрпаққа банктердің қашан пайда болғаны
туралы ғана емес, сондай ақ олардың қандай операцияларды орындағаны туралы
да толық мәліметтер қалдырмаған.
Кейбір ғалымдардың пікірінше, алғашқы банкттер капитализмнің
мануфактура тұсында және ең бастысы Италияның жекелеген қалаларында
(Венеция, Генуе) ХIV-ХV ғасырларда пайда болған. Олардың еңбектерінде банк
тауар шаруашылығының ерекше институты ретінде тауар шаруашылығының ерте
кезеңінде, яғни тауар ақша қатынастарының дамуына байланыссыз, ақша
айналысын реттеу үшін пайда болған делінеді.
XVI-XVII ғасырларда Венецияда, Генуеде, Миланда, Амстердамда,
Гамбургте, Нюркбергте саудагер клиентте арасында қолма қол ақшасыз есеп
айырысуды жүзеге асыру үшін Жиробанктер құрылды. Жиробанктер өздерінің
клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалан ақша
бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді. Өздеінің ос ақша қаражаттарын
жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияарға ссудаға
берді.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде феодализм тұсында,
пайда болған деп атайды. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктегі
төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғанын айтады 3.
Дегенмен осы декектерге сүйене отырып, банктердің пайда болуының екі
мың жылдық тарихы бар екендігін айтуға болады.
Банк италян сөзiнен Bank – орындық мағынада “Айырбас орындағы-Айырбас
орны” дегендi бiлдiредi. Бұл айырбас орыны туарлармен сауда жасалатын
алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттермен қалалардың жекелеген тұлғалардың
әртүрлі монеталарымен жасалған. Ол уақытта монеталардың біртұтас жүйесі
болмағандықтан, олардың сауда саттық барысында әртүрлі формадағы монетаар
кедескен. Банктер пайда болар алдын ақша сауда капиталының өкілдері
саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әртүрлі елдің ақшаларын
айырбастуға маманданып отырған. Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл
салымдарды, сондай ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу
үшін пайдалана бастады. Сөйтіп айырбастаушылар біртінде, банкирлерге
айналды,
Біздің түсінігімізше банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың
айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда
болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығы
ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып,
банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты
түсіндіріледі. Тарихшылардың пікірінше, б.э.д. 2300 жыл бұрын холдейлердің
сауда компаниялары пайда болып, оар өздерінің тікелей қызметтерімен қатар,
ссудалар берген. Олар б.э.д. IV ғасырда Ежелгі Грецияда да жасалған. Бір
айта кететіні, ежелгі гректер салым қабылдай отырып, белгілі бір ақы төлеу
арқылы ақшалар айырбасын жүргізіпи отырған.
Тарихшылардың пайымдауынша алғашқы банктік операцияларды жекелеген
тұлғалар және қолында ақшалай қаражаттары бар шіркеу мекемелері жүргізген
екен.
Шіркеулер құндылықтарды сақтайтын ең сенімді орындар болған. Сол
уақыттары елгілі гректің шіркеулері (Дельфа, Дело, Само, Эфсе) ақша
сақтаумен айналысқан. Эфседегі Артемид шіркеуінде кіші Азия жағалауындағы
елдердің салымдары, ал Дельфада Аполлон шіркеуіне барлық еуропалық
Грецияның бос ақша қаражаттары шоғырланыпты.
Сөйтіп, алғашқы банктер жинақталған ақша қаражаттарын қозғалыссыз
жатуға болмайтындығын, оарды уақытша пайдалануға беріп, пайда табу
қажеттігін түсінеді.
Банктер несиелік оерациялар жүргізумен қатар, салым иелеріне
біртіндеп есеп айырысу қызметін де көрсетті. Есеп айырысулар банктегі салым
иелерінің бір шотынан басқа бір шотқа аудару арқылы жүргізіледі.
Есеп айырысуларды жеңілдету мақсатында ежелгі банктер өздерінің
банктік билеттерін шығарды. Олар толық құнды ақшалармен қатар айналыста
жүрді. Алғашы акционерлік банк Ағылшын банкі 1964 жылы құрылып, үкіметтен
банкнота шығаруға құқық алды.
Мұның өзі алғашқы бактердің капитализмнің мануфакиура жағдайында,
банкирлер үйлері ретінде пайда блғанын куәландырады. Мұндағы несие беруші
мен қарыз алушылардың болуы банктердің пайда болуының тек алғышарттарын
ғана сипаттайды.
Анықтамалық басылымдарда банк ірі несиелік мекеме ретінде
сипатталады. Несиелік істің даму денгейіне байланысты және несие
берушілердің несиелік операциялары бір жүйеге айналдыру нәтижесінде жеке
несие беруші өзінің несие беуін тоқтатады. Несие теке қана тұтыну мақсатына
ғана берілмей, шаруашылық операциялардың қажеттілігін де қанағаттандыра
бастайды. Несиелік мәмілелер жасаумен бірге несие беруші өзінің клиентінің
тапсырмалары бойынша есеп айырысу және басқа да операцияларды жзеге
асырады. Сөйтіп, банктер ақша шаруашылығының осы даму сатысына өте отырып,
барлық операцияларды бірдей көрсететін бітұтас орталыққа айналды. Демек,
алғашқы банктер капитализмнің мануфактура сатысынан да бұрын яғни
мемлекеттің құрылу кезеңінде пайда болған дегенге негіз бар. Мұндай
қатынастардың құл иеленушілік қоғамында болғандықтан тарих куә.
Ежелгі Римде нормалары болан, ол нормаларға сәйкес б.э.д. III ғ.
айырбас ісіне мамандандырылған Римдік банкирлерде кумулияр деп атады.
Оларға несиелік операцияларды жүргізуге рұқсат етілмеген. Тарихшылардың
айтуынша, Ежелгі Вавилон банктері тек қана несие беріп қана қоймай, сондай
ақ жер бөлімшелерін сатып алу сату, және басқа да операцияларды орындаған.
Жоғарыдағыларды ескере отырып біз банктердің жалпы операциялары мен
қызметтерінің банктедің дамуына тоқталдық. Енді Қазақстанда банктердің
дамуына кееті болсақ, Қазақстанда банк жүйесінің дамуы келесі кезеңдерден
тұрды:
Бірінші кезең; 1917 ж.мен 1930 жылдар араығында патшалық Ресейден
қалған банк жүйесін жаңадан қалыптастыру, бұл кезде әртүрлі меншіктегі
банктер мен несие мекемелері қатар қызмет істеді.
Екінші кезең: 1930 жылдар мен 1987 жылдар аралығы елде КСРО
Мемлекеттік банкі әмбебеп қызмет атқарады, яғни ол мемлекеттің Орталық
банкі ретінде эмиссиялау және несие беру қызметімен қоса клиенттерге де
қызмет көрсеті.
Үшінші кезең: 1988-1991 жылдар аралығында елде мемлекеттік
мамандандырылған банктердің құрылуы, яғни КСРО мемлекеттік банкі банктердің
банкісі ретінде эмиссиялық, ереже, нұсқау және тағы басқа қызметтермен
шұғылданып, ал маманданған банктер экономиканың әртүрлі салаларына қызмет
көрсетті. Сонымен бірге 1990 жылы басыда кооперативтік әне коммерциялық
банктер де құрыла бастады.

2.2 Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы

Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы
республика Президентінің Жарлығында 1995 жылғы 31 тамыздағы заң күші бар
жарлығындағы Қазақстанда екі денгейлі банк жйесі бар деліген. Ұлттық банк
–мемлекеттің орталық банкі, ол банк жүйесінің жоғарғы (бірінші
денгейіндегі) банк. Басқа банктердің барлығы банк жүйесінің төмегі (екінші)
денгейіндегі банктер делінген.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында нарықтық банк жүйесінде әр
түрлі меншік формасындағы банктер мен несие мекемелері қызмет істеуде.
Олардың ішінде:
Мемлекеттік банк – үкімет қаулысымен құрылған екінші денгейлі банк,
оның жарғылық қорының иеленушісі үкімет. Инвестициялық банк – негізінен
тікелей және порфельдік инвестиция тартумен шұғылданатын екінші енгейлі
банк. Шетелдер қатысушы банк - орналастырылған акцияларының үштен бiрiнен
астамы:
Банктiң ресми мәртебесi заңды тұлғаны әділет органдарында (тіркеуші
органдарда) (бұдан әрі - әділет органдары) банк ретiнде мемлекеттiк
тiркеумен және банк операцияларын жүргiзуге қаржы рыногы мен қаржылық
ұйымдарды реттеу және қадағалау жөнiндегi уәкілетті органның (бұдан әрi -
уәкiлеттi орган) лицензиясы болуымен белгiленедi. Банкiнiң ресми мәртебесi
жоқ бiрде-бiр заңды тұлға "банк" деп атала алмайды немесе өзiн банк
қызметiмен айналысушы ретiнде сипаттай алмайды.
Банк басқармасы тұрған жер (почта бойынша мекен-жайы) банк тұрған жер
деп танылады.
Коммерциялық банктер – кәсіорындармен ұйымдарға, ондай ақ халыққа
тікелей және жан жақты кешенді қызмет көрсеттін банктер. Бұл олардың басқа
арнаулы несие мекемелерінен айырмашылығы. Ал банктік емес несие
мекемелерінің банктерден өзгешелігі олар тек кейбір банктік операциялар
жүргізумен және кейбір қызмет түрін көрсетумен шұғылданады. Коммерциялық
банктердің негізгі мақсаты неғұрлым жоғарғы пайда табу.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік
опреациялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол
(мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе
құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады. Банктің құрылтайшылары мен
акционерлері сатып алған акцияларына тек ақша төлеуге міндетті. Жабық
акционерлік қоғам түріндегі банктің акциясын төлеуге оның несиеге алған,
кепілге алған және басқа да тартылған қаражатты қолдануға болмайды. Банктің
акциясы алғашқы нарықта барлық құрылтайыларға бірдей құнмен, яғни акцияның
көрсетілген құнымен сатылады. Жаңадан құрылған банктің оның құрылтайы
қаражаттарында жарияланған жарғылық қорының елу процентін акционерлері банк
тіркеден өткен кезге дейін, ал тіркеуден өткен кезеңнен басап бір жыл
ішінде түгел төлеуі қажет 10.
Банк өзiнiң жарғысы бар толық шаруашылық есеп және өзiн-өзi
қаржыландыру негiзiнде қызмет жасайтын заңды тұлға болып табылады.
Мемлекеттiк банк осы заң бойынша қызмет атқарып жоғарғы кеңесiне есеп
бередi. ҚР заңына сай мемлекеттiк банк деп капиталы толығынан әкiмет
иелiгiнде немесе акционерлiк капиталдың басым бөлiгi мемлекеттiк
құрылтайшылардың акциясы болғанда есептеледi. Коммерциялық банктер ол
өздерiнiң акционерлер жиналысында қабылданған жарғысы бойынша қызмет
iстейдi. Екіншіден акцияның көрсетілген құнын өсіру жолымен. Банктің жоғары
асқаушы органы акционерлердің жалпы жиналысы, оның ағымдағы қызметін
банктің басқармасы жүргізеді. Банктің басқарушы қызметкерлері болып,
қадағалау кеңесінің төрағасы және оның мүшелері, Басқарманың төрсағасы және
оның орынбасарлары, банктің бас бухгалтері және оның орынбасарлары, банк
бөлімшесінің бірінші басшысы және басбугалтері мен олардың орыбасарлары
саналады. Банктің заңға сәйкес банктің Басқармасының төрағасы және оның
орынбасарлары, банк бөлімшесінің бірінші басшысы және бас бухгалтері
қызметке Ұлттық банктің келісімімен тағайындалады. әдетте оладың банк
үйесіндегі: төраға мен бас бухгалтер үш жылдан кем емес, ал олардың
орынбасарлары екі жылдан кем емес қызмет стажы болуы шарт. Осы айтылған
қыметкерлер Ұлттық бактің келісімін үш айға дейін алмаса, өз міндеттерін
әрі қарай орындауға құқы жоқ.
Банктің Ұйымдық құрылымы әрқайсысы белгілі бір міндетер мен
талаптарды атқаратын қызмет тараулары мен бөлімшелерден тұрады.
Жалпы кез келген банктің ұйымдық құрылымы банктік оерацияларды
атқаратын міндеттерін ескеріп қалыптасады.
Банктің жарғылық қоры оның міндеттемелерін қамтамасыз етіп, банктік
опреациялар жүргізудің негізгі көзі олып саналады. Алғашқыда ол
(мемлекеттік банкті қоспағанда) акция сату есебінен, немесе
құрылтайшылардың жарнасы есебінен қалыптасады.

2.3 Банк жүйесінің құрылымы

Банк жүйесі кредит жүйесінің негзгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол кредит және қаржы
операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды
керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтаруы қажет, әдеттегіше,
бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі және т.б
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықтықұрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің кредит жүйесіне
кіреді. Ал кредит жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті
банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процессімен тығыз
байланыстырып қарау керек. Бактармен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде
бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп,
экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп,
садақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Бұл турасында
ақша, кредит банктер (жалпы редакциясын О.И лаврушин басқарған, М.: Ф және
С, 2002, 285 – 290 б.) оқулықта тиянақты баяндалған. Бұған қысқаша
тоқталамыз. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшарап көрсететін банк жүйесінің
белгілері қандай:

1. Банк жүйесінің элементтері жоғарыда айтып кеткеніміздей, алғы шебін
Орталық банк құрайтын нақты бірлікке бағына отырып өзара
әрекеттеседі. Онда кездейсоқ элементтер болмайды.
2. Банк жүйесі өзінің құрамдық элементтерімен, оларлдың өзара
әрекеттерімен әрекеттерімен анықталатын өзіндік ерекшелікке ие.
Онда елдің Орталық банкі белгілеген қосымша міндеттерді, ережені
орындайтын өзіне ғана тән тетік жұмыс істейді.
3. Банк жүйесі элементтерді өзара алмастыруға қабілетті. Оны біртұтас
ретінде және бір бүтінге бағынатын әр түрлі бөліктер ретінде
көрсетуге болады. Бұл оның жекелеген бөліктердің қажет болған
жағдайда бір-бірін алмастыра алатындай етіп байланысқанын
білдіреді. Мысалы, Жинақ ақша банкісінің депозиттік операцияларын
коммерциялық пошталық жинақ ақша жүйесіне сеніп тапсыруға болады.
Қандай да бір банк бонкротқа ұшыраса да, банк жүйесі сақталып
қалады.
4. Банк жүйесі динамикалық жүйе болып табылады. Ол ұдайы даму,
қозғалыс үстінде болады. Ол жаңа элементтермен, жаңа байланыстармен
толығуы мүмкін. Жаңа кредит түрлері мен қаржы институттары пайда
болады.
5. Банк жүйесі жабық тұрпаттағы жүйе. Олардың тек өздеріне ғана
арналған өз тәртібі, ережесі, нұсқауы бар және банктің өз құпиялары
болады. Алайда, оны толық мағынасында жабық деуге де болмайды,
өйткені ол сыртқы ортамен, басқа жүйелермен өзара әрекеттеседі.
6. Банк жүйесі өзін өзі реттейтін, өзін өзі ұйымдастыратын жүйенің
сипатына ие. Тұтастай алғанда жүйе өзінің әрекет ету саясатын
экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуалдарға қарай өзгертіп отырады.
Экономикалық дағдарыс орын алса оған өзінше саясат ұстанады,
экономиканың тұрақты даму жағдайында басқа саясатты жүргізеді.
7. Банк жүйесі – басқарылатын жүйе. Ол арнайы банк заңдарымен әрекет
етеді әрі реттеледі және орталық атқару немесе өкілетті органдарға
бағынады.

Осы аталған белгілердің барлыға Қазақстанның банк жүйесіне тән. ҚР
Банктермен банк қызметі туралы заңында (3-бап) былаша жазылған:

1. ҚР екі деңгейлі банк жүйесіне ие.
2. Ұлтық банк мемлекеттің орталық банкісі болып табылады әрі банк
жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді.
3. ҚР Заң актілерімен анықталған айрықша құқықтық мәртебесі бар
Қазақстан даму банкісін қоспағанда барлық басқа банктер банк
жүйесінің төменгі деңгейін білдіреді.
4. Шетелдік қатысушылар банкісі – екінші деңгейлі банк, меншігінде
және басқаруында акцияның үштен бір бөлігіне ие: а) ҚР резидент
еместер; ә)заңды тұлғалар – ҚР резиденттері, ҚР резидент еместердің
меншігінде және басқаруында 50 пайыздан астам акциясына ие; ҚР
резиденттері ҚР резидент еместердің қаражатына.
5. Мемлекетаралық банк – халықаралық келісімшарттың негізінде
құрылған әрі әрекет ететін банк.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық
қатынастың даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада реттелетініне
қарай банк ісін ұйымдастырудың екі типі бөліп көрсетіледі:
- Мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес мекемелер
операцяларының арасында қатаң шекара қойылады, соңғысы үшін заңға
тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
- Барлық кредит институттарына әр түрлі қаржылық-кредиттік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және Орталық Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда және басқа да
өнеркәсібі дамыған елдерде кредит институттарының арасындағы дәстүрлі
шекараның жойылуынан байқалып отырған банктерді әмбебаптандыру
тенденциясына артықшылық береді. Функционалдық тұрғыдан мамандандыруды
басқару осы заманғы банктерді өз клиенттеріне 200-ге дейінгі қызмет
түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп қызметті кредит мекемесіне айналдыруға
мүмкіндік береді. Бұл жағынан клиенттерге қызмет көрсетудің жоғары
деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы заманғы банк технологияларын
қолдану, өз қызметін әртараптандыру арқылы сенімділік пен инвестиция үшін
үлкен қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында банктер өздерін
ірілендіруге әрі капиталдандыруға ұмтылыс жасап отыр. Мұндай тенденция
көптеген мемлекттерге тән. Мәселен, XX ғасырдың 90-шы жылдары АҚШ-та 15 мың
коммерциялық банктер 15,5 млрд доллар пайда алып, 2,5 трлн доллар
сомасындағы активтерді бақылайды. Ал 2000 жылы жуық шамамен 17 млрд доллар
пайда алған, 5 трлн доллар сомасындағы активтерге ие 95000 коммерциялық
банктер ғана қалды.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін
келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен, депозиттік банктерден, сауда
банктерінен, достастық банктерінен, шетелдік банктерден, консорциумдік
банктерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді.
Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл елде
ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
- Біріншісі – 3 аса ірі банк – швейцарияның Біріккен банкісі,
Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялық кредит банкісі;
- Екіншісі – кредиттеу мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша жүйесінің элементтері
Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Ақша жүйесі және ақша айналымы. Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы
Меншік ұғымы, түрлері және Қазақстан Республикасының меншік қатынастарының дамуы
Ақшаның мәні, қызметтері, рөлі және теориясы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Ақша жүйесінің түсінігі және оның типтері
Пәндер