«Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау



Кіріспе

1 Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері
1.1 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызы
1.2 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар
1.3 Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және анықтау әдiстерi

2 «Смак» ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау
2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін талдау

3 Кәсiпорында өнiм сапасын басқаруды жетілдіру жолдары
3.1 Кәсіпорында өнім сапасын арттыру жолдарының мүмкіншілігі
3.2 «Смак» ЖШС кәсіпорында өнім сапасын жақсартудағы негізгі бағыттар мен алғышарттар

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет көздері

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген
қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің
салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық
экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық
іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына
қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын
арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған
өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен
дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-((((” атты
даму стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды
реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда
бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі
мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді
жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте
қажетті болып табылады. (((6 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының
жолдаған Жолдауы да Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50
елдің қатарына кіру стратегиясы деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын
биылғы жылғы Жолдауында Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі –
елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі деп ерекше атап
көрсетілді.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы әр түрлі: өндірістік,
коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан
тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықты қатынастардың мәнін
көрсететін түйінді түсініктердің бірі – бәсеке қабілеттілік. Қазақстан
Республикасы ашық нарықты экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы
нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсеке қабілетті өнім өндіру мен
жасауды талап етеді. Сол себептен де тауарлардың бәсекеқабілеттілігі мен
оны өндіру шығындарының арасындағы рационалды экономикалық деңгейді іздеу
мәселесі туып отыр. Кез-келген кәсіпорынның, жалпы республиканың
экономикалық және әлеуметтік өміріндегі хал-жағдайы осы мәселенің оң
шешілгеніне байланысты болады. Сол себептен де курстық жұмысымның тақырыбы
көкейтесті сұрақтардың бірі болып табылады.
Қазір тауардың бәсеке қабілеттілік құрамдас бөліктерінің ішінде баға
басты фактор болып табылмайды. Алдыңғы орындарға қазір тауардың тұтынушылық
қасиеттері (функционалдығы, дизайн) және сервис деңгейі, бұл жерде тек қана
жөндеу мүмкіндігі емес, сондай-ақ оның планетаның кез-келген нүктесінде
жасалу мүмкіндігі де есептеледі. Тауардың бәсекеқабілеттілігін бағалау
берілген өнімнің басқа фирмаларының сәйкес өнімімен салыстыру негізінде
жүргізіледі. Өнімнің бәсеке қабілеттік көрсеткіші пайдалы эффекттің тұтыну
бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффекттің орнына тауар
сипаттамасының интегралдық көрсеткіштері – оның сапасы алынады.
Зерттеу жұмысының мақсаты болып кәсіпорынның бәсеке қабілеттік
сұрақтары бойынша теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету
әдістемесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің) нақты нарығының жағдайына
талдау және маркетингтік зерттеулер жүргізу табылады. Сондай-ақ тауарлардың
және қызметтердің бәсеке қабілеттілігін арттыруда бірнеше ұсыныстар жасауға
талпындық.
Осыған байланысты алдымызға мынадай тапсырмалар қойдық:
- Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік мәселелерінің мәнін және оны
бағалаудың әдістемелік негіздерін анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық
жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- Смак ЖШС-нің өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы
кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жақсарту міндеттерінің орындалу
жолдарын қарастыру;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі болып сүт өнімдерін өндіруге маманданған Смак ЖШС
табылады.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негізіне отандық және шетелдік
ғалым-экономистердің экономикалық бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету
аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. Қазақстан
Республикасының отандық экономиканы реттеуге, импортты алмастыруға, отандық
тауар өндірушілерді қолдауға арналған зандары, заңдылықтары, нормативті-
құқықтық құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы
ретінде Қазақстан Республикасының статистикалық Агенттігінің, кәсіпорынның
есептік мәліметтері, тұтынушылардан анкеталық сұрау нәтижесінде алынған
ақпараттар қолданылды. Курстық жұмыста мәліметерді өңдеу барысында
салыстырмалық талдау, статистикалық топтау, шаруашылық қызметті кешенді
бағалау, эксперттік зерттеу, экстрополяция, бюджеттеу сынды экономикалық
зерттеу әдістері пайдаланылды.

1 Өнім сапасын көтерудің теориялық әдістемелік негіздері

1.1 Өнiм сапасын көтеру мен экономикалық тиiмдiлiгiнiң мәнi мен маңызы

Соңғы он жылдықта сапа менеджмент аясында ең бiр маңызды идеялардың
бiрi болды. Тұтынушылардың әртүрлiлiгi, өнiмге, қызметке, персоналдарға
талаптар және менеджмент әдiстерi сапа түсiнiгiнде жаңа мазмұнмен
толықтырылады. Арзан әрi тез өнiмдi өндiрiсте және қызмет көрсетуде жаңа
қағидалар пайда болды: сапалы етiп өнiм шығару, ең тиiмдi әдiс оны тез әрi
арзан етiп жасау, осылардың бәрi кез-келген ұйымдар бөлiмшелерде сапаны
толықтай кеңейту үшiн жасалынады.
Сапаны көтеру тұрақты даму өндiрiсiнде техникалық деңгейдi жоғарылату
және өнiмдi дайындау сапасы, сапа менеджментi және өндiрiстiк жағдайды
кеңейту бойынша түсiндiрiледi.
Өнiм сапасын тұрақты түрде көтерудiң мақсаты тұтынушылардың iшкi және
сыртқы талаптарына сәйкес өнiмдерi жоғары деңгейде болуы керек. Сапаны
тұрақты түрде көтеру фирманың сапа саясатының бөлiгi болып табылады.
Сапаны жоғарылату өнiмдi дайындау сапасын және техникалық деңгейiн
көтерудiң тұрақты жұмысында, сапа менеджментi жүйесiн жетiлдiру және
өндiрiс жағдайын көтеруде көрiнедi. Сапаны тұрақты жоғарылатудың мақсаты
тұтынушылардың iшкә және сыртқы талаптарына сәйкес келетiн өнiмдер
деңгейiн көтеру болып табылады, сапаны тұрақты түрде көтеру фирманың сапа
жөнiндегi саясатының бөлiгi болып табылады.
Қазақстан Республикасында сапаны көтеру мәселесiн шешпей тұтынушылық
тауар әлемдiк нарықта ғана емес, сондай-ақ iшкi нарықта да бәсекеге
қабiлеттi бола алмайды. Бәсекеге қабiлеттiлiк әрқашанда сапа-баға-
сервистен кейiн тұрады, республикада баға-сапа- сервис аумағы
құрылған.Қазақстанда ( нарықтық экономикаға өту кезеңiнде) сапа үшiн
атқарылар жұмыстар төмендедi. Сол себептен Қазақстанда тұтынушылық тауар
сапасын көтеру мәселесiн шешу сапаны реттеушi заңнамалық базаның және
тауар сапасы жүйесiнiң құрылуын талап етедi. Отандық тауарлар сапасына
бақылау жүргiзу Қазақстандық кәсiпорындар өнiмдерiнiң
бәсекеқабiлеттiлiгiн жоғарылатады. Оның үстiне, соңғы жылдары
республикамызға келiп жатқан және әлi де келетiн сапасыз шетелдiк
өнiмдердiң саны көбейiп жатыр. Сондықтан өнiм сапасын көтеру мәселесi
елiмiздiң ең басты бағытының бiрi болып отыр. Сол үшiн, яғни отандық
өнiмдердiң сапасын көтеруде келесi негiзгi бағыттарды ұсынамыз:
- сапа тұтынушы талабына сәйкес екi методикалық әдiстеменi орындау
керек
- кәсiпорын өзiнше өз өнiмдерiнiң сапа деңгейiн анықтау керек, халықтың
қауiпсiздiгi үшiн, бәсекенi қамтамасыз ету үшiн, республикамызға заңдық
нормаларды, реттеушi және стандартты әдiстемелердi енгiзу қажет;
- сапа жәй ғана бақыланып қоймау керек, ол тауарлардың бiрнеше түрi
бойынша барлық өндiрiсте қамтамасыз етiлу керек. Өндiрiстiк процесте
қамтамасыз етiлмеген тауар сапасын және сапасыз өнiмдердi жарнамалағаны
үшiн үшiн әкiмшiлiк және қылмыстық жаза қолданылу керек;
- тауар сапасының төмендiгi және оны тез арада жоғарылату жолдарын
iздестiру .
Өнiм сапасын жөғарылату қоғамдық өндiрiстерде және жеке кәсiпорындарда
тиiмдiлiктi көтерудiң ең маңызды бағыты болып табылады.
Өнiм сапасын жоғарылатудағы экономикалық тиiмдiлiк келесiдей
формуламен анықталады:
Тиiмдiлiк=сапа сату көлемi шығындар
Өндiрiс тиiмдiлiгi ол сату көлемiнiң қысқару кезiнде де жоғары болуы
мүмкiн, ол тек мынадай жағдайда, егер өнiм сапасы өте тез қарқынмен өссе
онда сату және шығару көлемiнiң қарқыны төмен болады. Тәжiрибеде мұндай
әдiстеме өндiрiсте өнiм сапасын көтерудегi тиiмдiлiктi анықтауда
қолданылмайды.
Өнiм сапасын көтерудегi экономикалық тиiмдiлiктi анықтау үшiн
келесiлердi ескеру қажет:
– Кәсiпорында өнiм сапасын жоғарылату үшiн қосымша ағымдағы
мерзiмдi шығындар талап етiледi;

– Өнiм сапасын көтерудегi экономикалық тиiмдiлiк өнiмдi
дайындаушыдан емес, оны тұтынушыдан көрiнедi;

– Кәсiпорын өнiм сапасын көтеру кезiнде өнiмдi шығаруды және
сатуды кеңейтуден, сату бағасының өсуiнен, экспортты кеңейтуден
экономикалық пайда алады.

Соңында бұның бәрi кәсiпорынға қосымша пайда түскенте көрiнедi. Ол мына
формуламен анықталады.

П=П+Пу±(Сд–Сбр)
Мұндағы: П- өнiм сапасын жақсартудан түскен қосымша жалпы түсiм.
Пv- кәсiпорынның өндiрiс көлемiн және өнiмдi өткiзу көлемiн
кеңейтуден түскен қосымша түсiм.
Пу- сату бағасының өсуiнен түскен қосымша түсiм.
Сд- өнiм сапасын көтерумен байланысты өндiрiсте өнiмдi өткiзудегi
қосымша шығын.
Сбр-өндiрiстiк ақаулардың қыскаруымен байланысты шығынның төмендеу
көлемi.
Көлемдi есептеудiң әдiсi П мына формуламен анықталады:
П=(Цн-Сн)(Цст-Сст)Vст

Мұндағы: Цн, Цст- жаңа және ескi сату бағас
Сст, Сн- өнiм сапасын көтеруге дейiнгi және кейiнгi өнiм шығарукөлемi

Өнiм сапасын
көтерудегi жылдық экономикалық тиiмдiлiк (Э) былай анықталады:
Э=П-ЕнК
Мұндағы: Е- ақша қаражаттары тиiмдiлiгiнiң нормативтi коэффициентi
К- өнiм сапасын көтеру үшiн кәсiпорынға қажеттi қосымша
ақша қаражаты.
Ақша қаражаттарының экономикалық негiзделуi үшiн (К) өнiм сапасын
көтеру үшiн ақша қаражатының (Е) тиiмдiлiгiнiң абсолюттi коэффициентiн
анықтау керек және оны нормативтi көлеммен (Ен) немесе кәсiпорындардың
активтер тиiмдiлiгiмен (Rа) салыстыру керек:

Е=ПК
Егер ЕЕн немесе Е Rа болса, онда мұндай жағдайда кәсiпорында
өнiм сапасы тиiмдi және керiсiнше.
Өнiм сапасына әсер ететiн факторлар негiзiнде өнiм сапасының
және оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн көтерудiң негiзгi жолдарын анықтау қиын
емес. Олар келесiдей:
– Өндiрiстiң техникалық деңгейiн көтеру;
– бiлiктi мамандар деңгейiн көтеру;
– өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруды жетiлдiру, оның iшiнде
өндiрiстi мамандандыруды дамыту;
– кәсiпорынға түсетiн шикiзат, материал комплект детальдардың
сапа сына бақылау жүргiзу;
– ОТК жұмысының тиiмдiлiгiн көтеру, бұнда негiзгi тәртiп
дайындалған
– өнiмнiң ақаулығына емес, ол сапасыз өнiмнiң шықпасы үшiн
өндiрiсте
– алдын-ала жасалынуы қажет,
– кәсiпорында метрологиялық қызметтiң техникалық деңгейiн көтеру;

– персоналдарды өз мiндеттемелерiн жоғары сапада отындағаны үшiн
– материалды және моральдық ынталандыру;
– маркетинг қызметiн құру;
– өнiмдi дайындауда барынша сапалы жаңа материалды енгiзу;
– өнiмдi өндiруде және сатуда шығынды төмендету;
– тұтынушылардың өнiм сапасына және нарық коньюнктурасы талаптарын
зерттеу, бiлу;
– жарнамалау, тарату;
– тиiмдi сату бағасын бекiту және т.б.

Бұлардың әрқайсысы өнiм сапасының жоғарылауына алып келуi мүмкiн,
бiрақ сапа мәселесiн толықтай шеше алмайды. Сол үшiн осы мәселелердi
шешуде кешендi әдiстеменi қолдану талап етiледi, яғни әр кәсiпорында
(әсiресе iрi және орташа) ИСО 9000 стандартымен сәйкес келетiн өнiм
сапасын басқару жүйесi енгiзiлуi және дамытылуы керек.
Қазақстан экономикасын қайта қалыптастырудағы ең бiр маңызды
мәселелердiң бiрi- отандық өнiмдердiң сапасын қамтамасыз ету механизiмiн
құру. Әлемдiк тәжiрибе көрсеткендей, осы механизмнiң маңызды элементi ИСО
9000 сериялы халықаралық стандартымен сәйкес келетiн сапа жүйесiн енгiзу
және ұйымдастыру болып табылады.
Қазақстан экономикасына инвестиция тарту және оның көлемiн ұлғайту
мақсатында ҚР Үкiметi 2003 жылы 590-шы Қаулысымен 2003-2008 жылдарға
арналған республикалық сапа бағдарламасы қабылданған болатын. Бағдарламаның
негiзгi мақсаты Қазақстан Республикасының кәсiпорындарында сапа жүйесiн
енгiзу және тауарлардың, жұмыстар мен қызмет көрсетулердiң сапасын арттыру
болып табылады.
Республикалық Сапа бағдарламасының негiзгi мiндеттерi:
– көзделген өткiзу рыноктары стандарттарының талаптарына сай және
тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыратын, iшкi және сыртқы
рыноктарда сапалы және бәсекеге қабiлеттi тауарлар өндiру үшiн
жағдай жасау;
– шет елдермен саудада техникалық кедергiлердi жою жолымен отандықдық
тауар өндiрушiлердiң экспорттық әлеуетiн арттыруға көмек көрсету
– және осы негiзде әлемдiк экономикаға Қазақстан Республикасының
ықпалдасуы проблемасын шешу;
– өнiмнiң сапасын арттыруға жәрдемдесетiн құқықтық,
экономикалықұйымдастырушылық және әлеуметтiк жағдайлар жасау;
– сапа саласындағы нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
– отандық өнiмдердiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға бағытталған
ғылыми- техникалық прогресс жетiстiктерiн енгiзу;
– сапаны арттыру саласында iс-шаралар ұйымдастыру және насихаттау
болып табылады.
Қазiргi жағдайда сапа жүйесiнiң сертификациясы және енгiзiлуi- бұл
кәсiпорынның экономикалық тұрақтылығы және сенiмдiлiгi, өнiмнiң
бәсекеқабiлеттiлiгiнiң артуы және тұтынушылар сенiмдiлiгiн жаулап алды.
Шетелдiк мамандардың айтуынша, сапа жүйесiне сәйкес келетiн сертификат
кәсiпорынға көп пайда мен артықшылық алып келедi дейдi. Кәсiпорынға сапа
жүйесiн енгiзудiң қорытындысында еңбек сапасы, орындаушылық қабiлет,басқару
процесi жоғарылайды және әртүрлi жоғалтулар қысқарады, сапаны қамтамасыз
ету шығындары төмендейдi, сондай-ақ кәсiпорынның нарықтағы жағдайы
нығаяды, өндiрiстiк мәдениет жоғары деңгеймен қамтамасыз етiледi.
Сапа жүйесi елiмiздiң Бүкiл әлемдiк сауда ұйымына кiру мүмкiндiгiн
анықтайтын және нарықтағы бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыратын маңызды
факторға жатады. Қазiргi таңда ҚР-да кәсiпорындардың сапа жүйесi және оны
шығаратын өнiмнiң сапасын бақылау 1999 жылы қабылданған стандарттау және
сертификаттау туралы заңның аясында жүргiзiледi.
Стандарттау туралы халықаралық ұйым 1979 жылы сапаны басқару және
Сапаны қамтамасыз ету жөнiнде техникалық комитет құрған болатын. 1985 жылы
бұл ұйым сапаны қалыптастыру мақсатында 5 халықаралық стандарттаудың
жобасын дайындады. Ал 1986 жылы Британдық стандарттарға сүйене отырып ИСО
-9000 сериялы стандартын дайындап шықты. Бұлардың қатарына:
– ISO-9001- жобалау, дайындау, өндiрiс, жөндеу және қызмет көрсету;
– ISO-9002- нақты өндiрiс;
– ISO-9003- өнiмдi бақылау және тексеру,
– ISO-9004- сапаны және сапа жүйесiн жалпы басқару.
Қазiр бұл стандарттар әлемнiң 151 мемлекетiнде енгiзiлген.
Бiздiң мемлекетте осы ИСО -9000 стандарттардың талаптары
негiзiнде ҚР СТ ИСО -9000-2003 сериялы стандарттарын дайындап шықты.

1.2 Өнiм сапасының көрсеткiштерi мен оған әсер ететiн факторлар

Қазiргi нарықтық экономика шығарылған өнiмнiң сапасына
басқалай талап қояды. Бұл қазiргi заманда кез-келген кәсiпорынның
өмiршеңдiгi, оның тауарлар нарығындағы және қызмет көрсетудегi орнықты
жағдайы бәсекеге жарамдылық деңгейiн көрсетедi.
Өз кезегiнде бәсекеге жарамдылық екi көрсеткiшке байланысты – баға
деңгейiне және өнiм сапасы деңгейiне. Ал екiншi фактор бiрте-бiрте бiрiншi
орынға шығады. Еңбек өнiмдiлiгi, ресурстардың барлық турлерiн үнемдеу
өнiмнiң сапасына тiкелей орын бередi.
Өнiм сапасы кәсiпорын қызметiнiң ең маңызды көрсеткiштер қатарына
жатады. Сапа – бұл өнiм сапасының өзiн-өзi ақтауы, қажеттi жағдайда
тұтынушының қажетiне сәйкес нақты қанағаттандыруы болып табылады.
Сапа - өнiм қасиеттерiнiң жиынтығын көрсетедi. Қасиеттер жиынтығы жақсы
да жаман да болуы мүмкiн емес, сапа тек қатысты болуы мүмкiн.Егер өнiм
сапасына баға беру қажет болса, онда қасиеттер жиынтығын қандай да бiр
эталонмен салыстыру қажет. Эталон техникалық жағдаймен немесе бекiтiлген
стандартты ең күштi отандық немесе халықаралық үлгiде болуы мүмкiн. Осы
жерде сапа деңгейi (шетел әдебиеттерiнде қатысты сапа , сапа көлемi
) деп аталатын термин қолданылады.
Әйгiлi Американдық ғалым А. Фейгенбаум өзiнiң өнiм сапасын бақылау
деп аталатын кiтабында өнiм сапасы мен қызметi жөнiнде былай дейдi
Өнiмнiң және қызметтiң сапасы өнiм мен қызметтiң техникалық, технологиялық
және эксплуатациялық сипатының жалпы жиынтығын анықтайды және бұйым мен
қызмет көрсету арқылы тұтынушылардың талаптарына жауап бередi. Содан кейiн
автор мынаны айтады сапа жалпы басқару әдiстерiнiң көмегiмен емес,
тұтынушылар бойынша анықталады.
Кейбiр мамандар өнiм сапасын ғылыми-техникалық және тауартанушылық
қана емес, ол ең маңыызды экономикалық категория. Экономикалық категория
ретiнде ол тұтынушылар нарығымен тығыз байланысты. Егер тұтынушылар нарығы
– жалпы тауар пайдалылығы болса, онда өнiм сапасы– нақты жағдайда өнiмдi
пайдаланудың тұтынушылық тұрақтылығының пайда болуын көрсетедi. Сапа
тұтынушы тұрақтылығымен тығыз байланысты ғана емес,одан бөлiнбейдi,
дегенменде оған тең емес.Сапа қоғамдық қажеттiлiктердi қанағат тандырумен
байланысты бiр уақыттағы бiрнеше тұтынушылар нарығының қо- ғамдық
пайдалылық деңгейiн сипаттайды.
Өнiм сапасы – бұл белгiлi мұқтаждылықты қанағаттандыруға үлкен
себепшi болатын өнiмнiң пайдалылығының жиынтық ерекшелiгi. Өнiмнiң
сапалылығы тек техникалық тауартану ғана емес, сонымен қатар ең маңызды
экономикалық санаты болып табылаты.Экономикалық санаты ретiнде ол тұтыну
құнына тығыз байланысты.Егер де тұтыну құны бұл жалпы алғанда тауардың
пайдалылығы болса, ол өнiмнiң сапалылығы – бұл оны пайдаланудағы нақтылы
жағдайда тұтыну құнының деңгейiндегi көрiнуi.Сапа бұл көпғасырлық даму
жолдарынан өткен, яғни 1-кестеде көрсетiлгендей.

кестеде көрiп отырғандай халықаралық стандарт сапаны тек
экономикалық категория ретiнде ғана қалыптастырып қойған жоқ, ол сапа
көрсеткiштерiнiң жан-жақты әдiстемелiк мағынасын белгiледi.
ИСО 9000-2002 халықырылық стандарттерменi бойынша сапа
талаптары орындаушы жеке қасиеттердiң жиынтық деңгейiн көрсетедi.
Сонымен қатар сапаның мынындай анықтамаларын кездестiруге болады:
сапа- бұл тұтынушының өнiмiмен және қызымет көрсету мен
қанағаттандыру;
ИСО 9000-2002 халықырылық стандарттерменi бойынша сапа талаптары
орындаушы жеке қасиеттердiң жиынтық деңгейiн көрсетедi.
Сонымен қатар сапаның мынындай анықтамаларын кездестiруге болады:
сапа- бұл тұтынушының өнiмiмен және қызымет көрсету мен
қанағаттандыру;
сапа- бұл дүкенге тауардың емес тұтынушылардың оралуы;
сапа- бұл бұйымды өндiруде және пайдалануда энергияның және
материалдардың аз мөлшерде жұмсалуы.
Қоғам дамуының әр деңгейiнде сапаға деген талаптар күшейе
бастайды. Қазiргi кезде сапа туралы өте кең мағынада айтылады және оны
кiрiс, құндылық көрсеткiштерi және өнiм сапасын көтеру сияқты
категориялармен байланыстыруға болады.
Мысалы Жопондық сапа тұжырымы сапаның 4 деңгейiн қарастырады:
Бiрiншi деңгей- Стандартпен сәйкестiгi. Бұл деңгейде сапаның
мемлекеттiк стандарт, техникалық жағдай, коммерциялық келiсiм және тағы
басқа бойынша бағалануы.Өнiм сапасын тексеру процедуралары және стандартты
бекiту талаптарын бiлу қажет және де сапаға мiндеттi түрде бақылау жасау
қажеттiгi айтылады.
Екiншi деңгей- Пайдалану сәйкестiгi.Өнiм стандартқа сәйкестенiп
қана емес, ол қолдану талаптарын қанағат- тандыру керек. Сонда ғана ол
нарықта сұраныс ретiнде қолданылады. Өнiмдi пайдаланудың барлық
варианттарымен сәйкес келу үшiн, оның сапасы тек қана фирманың өндiрiстiк
бөлiмшелерiмен ғана емес, маркетинг қызметiмен, зерттеу жәәне өңдеу,
жоспарлау, сапаны бақылау, өтiм және сервис жұмыстарын да қарастыру қажет.
Нарықты талдау және халықаралық функционалды басқару әдiстерi Жопонияда 60
жылдардың соңында, 70 жылдардың басында пайда болған көрiнедi.
Үшiншi деңгей- Нарық талаптарымен сәйкестiгi.Бұл жерде
жоғары сапалы тауар төмен бағада болғандығы көрiнедi.
Төртiншi деңгей- Жасырын тұтынушылықпен сәйкестiгi Iрi бай елдерде,
мысалы Жопония, Ұлыбритания, АҚШ және тағы басқа елдерде нарық
тұтынушылардың айқын талаптарын қанағаттандыратын барлық тауарларға толы
болады. Сондықтан өтiм кезiнде жасырын қажеттiлiк ескерiлiп, тауар
артықшылық алады.Тұтынушы өзiне не қажет екенiне еш күдiктенбейдi. Тек оған
нақты бiр күтпеген тауарды сатып алуға ұсынғанда ғана ол осы тауарды өзiне
ұнағанын және керек екенiн түсiнедi. Барлық елде қазiр өркендеушi фирмалар
осы деңгейге жету үстiнде.
Қасиет- бұл өнiмнiң тұтынылуындағы немесе пайдалануындағы,
бағалануда және оның құрылуындағы обьективті ерекшелiгi.
Өнiмнiң қасиетi жай және күрделi болып бөлiнедi. Жай қасиет- өнiмнiң
бiр ғана обьективтi ерекшелiгiн сипаттайды ( мысалы түсi, қаттылығы және
тағы басқа) Күрделi қасиет- бұл өнiмнiң бiрнеше обьективтi ерекшелiгiн,
яғни жай қасиеттердiң жиынтығын бiлдiредi (мысалы сыртқы түрi жай
қасиеттердi қосады: формасы, түсi, жоғарылау жағдайы және тағы басқа).
Қасиет шартты түрде негiзгi жәнее жалғаспалы болып бөлiнедi.
Негiзгi қасиет- өнiмнiң және оның белгiлерiмен сәйкестiгiн
сипаттайды, (мысалы, жиhаз үшiн- оны қолданудағы қолайлылық, ұзаққа
төзiмдiлiгi, сыртқы түрiнiң әдемiлiгi).
Жалғаспалы қасиет- негiзгi қасиеттердi нығайтады және түсiредi.
(мысалы, жиhаз үшiн- оның салмағы).
Өнiмдi тұтынуда және пайдалану процесi кезiнде пайда болатын өнiм
қасиетiн тұтынушылық қасиет деп атаймыз. Тұтынушылық қасиеттердiң
жиынтығы өнiмнiң пайдалылығын анықтайдй. Өнiмнiң тұтынушылық қасиеттерiне
технологиялық және экономикалық қасиет, әлеуметтiк және функционалды белгi,
техникалық сипаттамамен параметрлер, пайдаланудағы қасиеттер сенiмдiлiк,
қауiпсiздiк, экологиялық, эргономикалық және эстетикалық қасиеттер және
т.б. жатады.
Өнiм сапасының көрсеткiштерi- бұл өнiмдi тұтыну, пайдалану және
құрылу жағдайындағы бiр немесе бiрнеше өнiм қасиеттерiнiң сандық сипаты.
Көрсеткiштердi таңдау өнiмнiң белгiлерiнде, пайдалану жағдайындағы
және т.б. анықталады. Өнiмнiң әр түрi оның белгiлерiне байланысты сапа
көрсеткiштерiнiң анықталған номенклатурасы негiзiнде сипатталады. Өнiм
сапасының көрсеткiштерi әр түрлi өлшем бiрлiктерi бойынша да
анықталады, мысалы, жылдамдық кмсағ; бояудың төзiмдiлiгi- балл және т.б.
сондай-ақ өлшеусiз болуы да мүмкiн.
Өнiм сапасы көрсеткiштерiнiң көптеген түрлерi бар:
Жалпылама көрсеткiштер өнiм сапасы деңгейiн сала бойынша неме-
се кәсiпорын бойынша толық сипаттайды. Бұл көрсеткiштерге мыналар жатады:
тауардың сұрыпы, маркасы, класы, пайдалы заттардың мазмұны, өнiм
мөлшерi, әлемдiк стандартқа сәйкестiгi және т.б.
Бiрлiк көрсеткiштер- өте әртүрлi және басқаа өнiмдерден
ерекшелiктерiне байланысты, оларды 2 үлкен топқа бөлуге болады: бiрiншi
еңбек заттарының бiрлiк көрсеткiштерi; екiншi еңбек құралдарының бiрлiк
көрсеткiштерi.
Еңбек затының бiрлiк көрсеткiштерi еңбек затының ерекшелiгiне
байланысты ерекше болып келедi. Мысалы, темiркендi шикiзат темiрдiң
маңыздылығын, iрiлiгiн, оның пайдалы және пайдасыз қоспалары сияқты және
т.б. көрсеткiштердi сипаттайды.
Тағайындау көрсеткiштерi- бұл өнiмдi пайдалану аймағында белгiлi
атағы шыққан және тағайындалған өнiмдi пайдаланудан пайдалы, тиiмдi
эффектiлермен сипатталады.
Үмiткерлiк көрсеткiштер- бұл қарсы болмау, сақтау, жөндеуге
жарамдылық, сондай-ақ өнiмдi ұзақ уақытқа пайдаланушылық, бағаланған
өнiмнiң ерекшелiктерiне қарай үмiткерлiк сипаты үшiн барлық төртеуi сияқты
пайдалануға болады. Кейбiр өнiмдер де адамдар қауiпсiздiгi үшiн қарсы
болмау негiзгi болуы мүмкiн.
Қауiпсiздiк көрсеткiштер- өнiмбi сатып алуда және пайдалану
барысында, сақтауда, жөндеуде, құрастыруда және қызмет көрсетудегi
қауiпсiздiгi т.с.с. сатып алушы мен қызмет көрсетушi қауiпсiздiгi
ерекшелiктерiмен сипатталады.
Экономикалық көрсеткiштер- өнiмдi экономикалық жағынан (өзiндiк
құн, сату бағасы, түсiм, тиiмдiлiк, тұтыну бағасы) сипаттайды.
Жоғарыда көрсетiлген көрсеткiштер жиынтығы өнiм сапасын
қалыптастырады. Өндiрiлген өнiм сенiмдi, эстетикалық жағынан талапқа сай,
өз қызметiн дұрыс атқаратын, иеленушiнiң қажетiн өтейтiн болуы тиiс.
Сапа көрсеткiштерi сондай-ақ қасиеттердiң ұсынылуына байланысты
абсолюттi және қатысты көрсеткiштер болып бөлiнедi.
Абсолюттi көрсеткiштер әртүрлi өлшем бiрлiктегi немесе өлшеусiз
көлемдегi сапа көрсеткiштерiнiң мәнiн көрсетедi.
Қатысты көрсеткiштер- бұл абсолюттiк көрсеткiштердiң базалық
көрсеткiштерге қатысын сипаттайды.
Қатысты сапа көрсеткiштерi мына формуламен сипатталады:
q=PiPiб;

q = Pi Piб i = 123 ... ..n

Мұндағы: n- өнiм көрсеткiштерiнiң саны
Жоғарыдағы 1 формула өнiм сапасын жоғарылатудағы көрсеткiштер үшiн
қолданылады.
Халықаралық стандарт сапаны экономикалық категория ретiнде ғана
қалыптастырып қойған жоқ, сондай-ақ оның кестеден көрiп отырғандай, яғни
сапа көтсеткiштерiн әр түрлi жағынан бiр қалыпты әдiстемелiк негiздерiн
белгiледi, және оларды стандарттаушы және реттеушi деп екiге бөлдi. (1
кесте )

1-кесте – Тауар сапасының бiрқалыпты көрсеткiштерi

Сапа көрсеткiштерi
Стандарттаушы Реттеушi
Белгiлеу Патенттiк-құқықтық
Экономикалық Қауiпсiздiк
Техникалық Экологиялық
Органолептикалық Физика-химиялық
Басқалар Басқалар

Өнiм сапасы көрсеткiшi тура және жанама көрсеткiш болып бөлiнедi.
Тура көрсеткiштер өнiм сапасының және қасиеттерiнiң сипатын бiлдiредi
(мысалы, бөлек заттарбың массалық үлесi). Жанама көрсеткiштер- бұл негiзгi
қасиеттермен байланысты өнiм сапасын жанама түрде сипаттайды, ал ұн
өнiмдерi- оның тауарлық сұрыпын жанама сипаттайды.
Өнiм сапасы оған әсер ететiн факторларға немесе жағдайларға және
оның қасиеттерiнiң деңгейiне байланысты.
Факторларға шикiзат, материалдар, станок, машина, құрал-жабдықтар,
аспаптар, белгiлеу құралдары жатады. Сонымен қатар адам факторлары және
жұмысшылардың бiлiмдiлiгi жатады.
Өнiм сапасына әсер ететiн барлық факторлар обьективтi және
субьективтi болып бөлiнедi.
Обьективтi факторлар тобы көп түрлi және өнiмнiң шығуы және қолдану
өндiрiсiнде, еңбек ұйымының әдiсiмен және формасымен, техникалық
құралдардың қасиеттерiмен, сипатымен байланысты. Бұлардың қатарына:
– бұйым құрылымы;
– өндiрiстiк базаның техникалық деңгейi;
– жаңа өнiмдердi ұйымдастырудағы дайындық;
– өндiрiстiң механикалануы және автоматтандырылуы,
– бақылаудың техникалық және технологиялық құралдары;
– қолдану базасының техникалық деңгейi.
Сонымен қатар iшкi факторларға мынадай факторлар қосылады:
техникалық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтiк, психологиялық.
Техникалық факторлар- өнiм сапасына ерекше әсер етедi. Сондықтан
жаңа техника мен технологияларды енгiзу, жаңа материалдарды, өте сапалы
шикiзаттарды бәсекеге қабiлеттi өнiмдердi материалдық негiзбе шығаруды
қолдану.
Ұйымдық факторлар- өндiрiстi және еңбектi ұйымдастыруды
жетiлдiрумен, өнiм сапасына жауапкершiлiктi және өндiрiстiк тәртiптi
жоғарылатумен, өндiрiстiк мәдениеттi қамтамасыз етумен, бiлiктi мамандар

деңгейiнiң сәйкестiгiмен, сапаны басқару жүйесiн қолданумен байланысты.
Әлеуметтiк-психологиялық факторлар едеуiр көлемдегi ұжымдағы
әлеуметтiк-психологиялық климаттың құрылуына, жұмыс жағдайының жақсы
болуына, персоналдардың кәсiпорында жұмысқа деген ынталылығын бағалау,
жұмысшылардың жұмысқа деген қарым-қатынасының адал болуын моральдық
ынталандыруға әсер етедi. Бұлардың бәрi бәсекеге қабiлеттi өнiмнiң шығуы
үшiн маңызды. Кейде техникалық немесе әлеуметтiк, психологиялық
факторлардың мәселесiн шешуге қандай факторлар маңызды екенiн түсiну
қиынға соғады.
Экономикалық факторлар - өнiмдi пайдаланудағы қолайлылықты
бiлдiредi, сонымен бiрге өнiмдi шығарудағы және өткiзудегi шығындармен,
жоғарғы сапалы өндiрiсте персоналдарды экономикалық ынталандыру жүйесiмен
бағалау саясатымен байланысты.
Субьективтi факторлар тобына адамның өндiрiстiк қызметiмен
байланысты факторлар жатады. Олар адамдардың өндiрiстiк функцияларды
орындау қабiлеттiлiгiне байланысты. Оларға мыналар жатады:
– профессионалдық шеберлiк;
– жалпы бiлiм беру деңгейi;
– адамның психологиялық ойы;
– еңбек қызығушылығы.
Тәжiрибе көрсеткендей, жұмысшының профессионалдық шеберлiгi
неғұрлым жоғары болған сайын, солғұрлым ол жоғары өнiм шығарады. Ал
жұмысшылардың жеке өндiрiстiк қызығушылықпен сәйкес келедi және де
жұмысшылардың жоғары сапалы өнiмдi шығаруда ынталылығымен қызығушылығы
болса, онда еңбек сапасы артады тұрақты болады.
Өнiм сапасы оның өмiрлiк кезеңiнiң барлық кезеңдерiнде
қажеттiлiктi анықтаудан бастап, оны қанағаттандыруды бағалауға дейiн
(зерттеу және жобалау; дайындау және өндiру; сақтау және транспорттау;
пайдалану немесе тұтыну; утилизациялау) қалыптасуы керек. Содан кейiн осы
келтiрiлген барлық стадиялар бойынша сапаны басқаруды қамтамасыз ету қажет.
Зерттеу стадиясында техникалық және экономикалық қағидалар
қаралады, өнiмнiң жобалық және тәжiрибелiк үлгiлерi құрылады. Құрылымдық-
технологиялық жұмыстар стадиясында өндiрiсте өнiмдердi шығару дайындалады.
Зерттеу стадиясының маңызды рөлi маркетингке қатысты, онда нарықты
таңдау және iздеу функциясы, өнiм сапасы талаптарын бекiту, тауардың
қажеттiлiгiн анықтау, нарық сиымдылығы, берiлген нарық сигментiнде
тұтынушыларға толықтай сипаттама беру жұмыстары қарастырылады. Бұл ақпарат
қажеттi тауар санының шығуы, және сапа жөнiнде сатып алушылардың
сұранысының ерекшелiгiнiң толық сәйкестiгi үшiн қажет.
Бүгiнде нарықтық экономика жағдайында сапа тұтынушылардың
позициясынан көрiнедi.Өнiм нарықта келесi талаптарға жауап беруi тиiс:
– тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыру;
– қолдану және белгiлеу аясында анықталған қажеттiлiктерге толық
жауап беру;
– стандартпен немесе техникалық жағдаймен сәйкестену;
– бәсекеге қабiлеттi баға бойынша тұтынушыға ұсыну;
– өндiрушiге пайда әкелу.
Бұл мәселелердi шешуде кәсiпорында өндiрiстiң теөникалық
деңгейiнеәкiмшiлiк және адамгершiлiк қарым-қатынасты бақылау, сапасыз
өнiмдердiң шығуын қысқарту және т.б. жағдайларды қарастыру керек.
Сапа жұмысы фирманы функционалдауды қамтамасыз етумен тығыз
байланысты. Сапа жұмысы шығарылған өнiммен байланысты болып келедi
(технологиялық үрдiстiң сапасын бақылау және т.б.) Өнiм сапасы сапа
жұмысының құраушысын және iзденушiсiн бiлдiредi. Осы кезеңде жылдық өнiм
және тұтынушының көзқарасы бағаланады.
ИСО 9004 стандартында сапа философиясы сапаны қамтамасыз ету
жүйесiнде жұмыс жасауы керек, ондағы мәселелердi ескеру қажет. Содан кейiн
кәсiпорында сапа туралы жұмыстарды орындауда өнiм сапасын басқарудың
жүйелiк әдiстемесiнiң қажеттiлiгi туындайды.
Сол сияқты сапа өндiрiстiң барлық деңгейiнде жинақталады. Сапа
пирамида түрiнде көрiнуi мүмкiн.
Пирамиданың негiзi болып өнiм сапасы табылады. Онда кәсiпорынның барлық
қызметi қарастырылады. Жұмыстың сапасы фирманы функционалдаумен тығыз
байланысты. Бұл басқару және жетiлдiру сапасы (жоспарлау, талдау, бақылау).
Жоспарлау сапасынан (стратегияны өңдеу, саясатты қалыптастыру, мақсатты
жоспарлау жүййесi және т.б.) сапа аумағына қойылған мақсаттарға қол
жеткiзiледi.

3. Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi, оның маңызы және
анықтау әдiстерi

Егемендi ел болып, тәуелсiздiгiмiздi алып нарықтық экономикаға
көшуiмiзге байланысты ел экономикасы түбегейлi өзгерiстерге душар болды.
Әсiресе елiмiздiң экономикалық өмiрiндегi шаруашылық қатынастар жүйесiндегi
терең әрi ауқымды өзгерiстер көрiнiп, еркiн бәсеке, бәсекеқабiлеттiлiк
деген ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегiнде ұйымдық-құқықтық формалардың,
яғни, әртүрлi шаруашылық жүргiзушi субьектiлердiң жұмыс жасауы, қызмет
көрсетуi, өнiм өндiруi бәсекеқабiлеттiлiк ұйымдарын одан әрi өрбiте түстi.
Қазiргi кезде көптеген кәсiпорындар үшiн кәсiпорынның
бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру ең негiзгi мәселе болғандықтан, көпшiлiк
тарапынан осы бiр мәселеге көбiрек назар аударады. Ол сату нарықтары,
өткiзу көлемдерi, қосымша табыс табуты көздейтiн өндiрушiлердiң
экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған
сәйкес кәсiпорындар әрi шығарылатын өнiмдердiң бағаларын төмендету арқылы
әрi нарықта бар өнiмдерден сапалық көрсеткiштерi жағынан ерекшеленетiн
өнiмдерiн өндiру арқылы бәсекелестердi ығыстыруға және нарықтағы
жағдайларын нығайтуға ұмтылуы қажет.
Бәсекеқабiлеттiлiк ұғымы көпжақты болып, кәсiпорын iс-әрекетiнiң тауар
секiлдi құрамдас бөлiктерiн сондай-ақ оның негiзгi сипаттамалары болып
табылады және өндiрiс технологиясын қамтиды.
Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- қатысты өлшем, өйткенi ол сату уақыты
мен нарықта бәсекеге түсетiн ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерiнде көрiнуi
мүмкiн.
Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл экономикалық, ұйымдастырушылық
техникалық мүмкiндiктердiң жиынтығы. Ол бәсекелестiк күрес жағдайында
өзiнiң алып отырған нарықтық үлесiн сақтап қалуға немесе кеңейтуге
жеткiлiктi әлеуетi.
Бәсекеқабiлеттiлiгiнiң 2 жағы бар. Бұлардың бiреуi, оның элементi
және құраушы бөлiктерi (тауардың жоғарғы сапасы, тауардың қосымша қызметi
т.б.) және нақты жағдайдағы тауар сату мiндеттерiнiң нақты шешiмi (жеке
қабiлеттiлiктерi бар нақты сатып алушы мүмкiндiгi және өзiндiк талғамы
бойынша нарықта бәсекелесушi кәсiпорындардың iшiнен ұнайтынын шешуi,
сатушының жеке қасиеттерi)
Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгiнiң деңгейiне негiзiнен мынандай басты
факторлар әсер етедi:
– өндiрiстiк технологияны жетiлдiру дәрежесi мен ғылыми-техникалық
деңгейi;
– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
– қазiргi заманға сай автоматтандырылған өндiрiс құралдарын енгiзу.

Нарықтық қатынастар жағдайында өнiм сапасы оның
бәсекеқабiлеттiлiгiнiң ең маңызды көрсеткiшi болып табылады. Сапасыз
тауардың шығуы кәсiпорынға тура жоғалтуларды, өндiрiске қатыссыз
шығындарды, қайта жөндеудi, материалдар мен шикiзаттарға деген шығындарды
алып келедi.
Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi- тұтынушының нақты қажеттiлiктерiн
қанағат тандыру дәрежесi және оны сатып алу мен атқару деңгейi бойынша
өнiмнiң баламалы өнiмдерден айырмашылығы сипаттамаларының жиынтығы. Ал сапа-
бәсекенiң ең маңызды көрсеткiшi, оның нақты реттеушiсi болып табылады.
Сондықтан экономикалық әдебиеттерде тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi және оның
экономикалық, техникалық жағынан басқа тауарлармен салыстырмалылығы
жөнiнде өте көп қарастырылады. Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi нарықтың ерекше
шарттарын қанағаттандыруға жол берумен, тұтынушылық (сапалы және санды)
сипатпен анықталады. Бәсекеге қабiлеттi өнiмдер нарықта өте тез және жеңiл
сатылады. Шын мәнiнде тауар қоғамдық қажеттiлiктi қанағаттандыру деңгейiнде
тексеруге өтедi.Олар тұтынушылардың анықталған тобы арасында дәмi және
артықшылылығы жөнiнен нарыққа шығарылады, сондықтан бәсекеқабiлеттiлiк
деген түсiнiк әрқашанда нақты. Нарық жағдайында тұтынушының қанағаттануы
тауарға деген өзiнiң ерекшелiгiнiң жиынтығы сатып алу мен сату актiсiнде
көрiнедi. Мұндай ерекшелiктiң үйлесуi, өндiрушi мен тұтынушының
мүдделерiнiң сақталуы негiзiнде тауарлар және тұтынушылар талабының
сипаттамасын,сол сияқты нарық жағдайында тауардың толық сәйкестiгiн
бәсекенiң жарамдылығы деп атайды.
Өнiмнiң бәсекеге жарамдылығы ерекше жағдайын қанағаттандыруына
мүмкiндiк беретiн тұтыну кешенiнiнiң сипаттамасын анықтайды. Бәсекеге
жарамды өнiм нарықта жеңiл әрi тез сатылады. Әрбiр сатып алушы өзiнiң жеке
мұқтажын ең жоғары қанағаттандыратын тауарды ғана алады. Жалпы алғанда,
сатып алушылар бағалармен салыстырғанда қоғамдық мұқтажына толық сәйкес
келетiн тауарды сатып алады. Сондықтан, сатып алушының тауарға деген
қанағаттанушылық деңгейiнде жеке-дара көрсеткiштер пiкiр жиынтығын
құрайды, ол тағы да нарықтың пайда болу қарсаңында қалыптасады.
Сонымен, тауарға бәсекенiң жарамдылығын, оның сапалық және құндық
сипаттамасының жиынтығы деп түсiнуге болады. Ол сатып алушының нақтылы
мұқтажын қанағаттандыруды қамтамасыз етедi және сатып алушы үшiн
тиiмдiлiгi ұқсас тауар бәсекелестер ерекшеленедi.
Бәсекелестiкте жалпы 2 түсiнiктi бөлiп қарастыруға болады:
1. Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi
2. Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi
Кәсiпорынның бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл кәсiпорынның қаржылық,
өндiрiстiк және еңбек мүмкiндiктерiн тиiмдi пайдалану шеберлiгi арқасында
бәсекеге қабiлеттi өнiмдi шығару мүмкiншiлiгi.
Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгi- бұл тұтынушылар үшiн тиiмдi және
тұтынушылардың нақты қажеттiлiктерiн қанағаттандыруды қамтамасыз ететiн
тауардың сапалы және құндық ерекшелiктерiнiң жиынтығы.
Тауардың бәсекеқабiлеттiлiгiн анықтау тәжiрибесi тауар ерекшелiктерiнiң
жиынтығы, тұтыну бағасы бойынша және нақты қажеттiлiктi қанағаттандыру
деңгейi бойынша тауар бәсекемен салыстырмалы талдауда негiзделедi.
Өнiмнiң бәсекеқабiлеттiлiгi бәсекеқабiлеттiлiк көрсеткiшi арқылы
мөлшерлi болуы мүмкiн.
Осы маңызды көрсеткiштi анықтаудың бiрнеше әдiстерi белгiлi. Олардың
ең көп таралуына байланысты тоқталып өтейiк:
Бiрiншi әдiс. Техникаға бәсекенiң жарамдылығын анықтайтын белгiсi- бұл
тауарды тұтыну бағасы болып табылады. Ол мынадай формуламен анықталады:

Бт=Бс+Шт
Мұндағы: Б –тұтыну бағасы
Б – сатылу бағасы
Ш – бұл өнiмдi тұтынушылардың шығындары
(оның барлық нормативтiк мерзiм iшiндегi қызметi).
Тұтынушылар үшiн барлық шығындар 2 негiзгi категорияға бөлiнедi.
Бiрiншiден, бұл тұрақты шығындар ұзақ уақыт бойы өзiнiң мөлшерiн
өзгертпейтiн, яғни, өнiмнiң сату бағасы. Орнатуға, монтаждауға кеткен
шығындар және т.б. бiруакытта орындалады. Екiншiден, бұл ауыспалы шығындар
өнiмдi пайдалану процесi кезiнде қалыптасады, сонымен бiрге пайдалану
шығындары (энергия, шикiзат, жұмыс күшi ) ағымдағы жөндеу және қызмет
көрсету кезiнде iске асырылады.
Заңды тұлғалар үшiн ауыспалы шығындар көлемiн (Ип ) мына формуламен
анықтаймыз:
Ип = ( ЗП+И рем +И мр + А +Ипр)Тн

Мұндағы: ЗП- қызмет етушi персоналдардың әлеуметтiк қажеттiлiкке
аударымдар мен жылдық еңбекақысы
Ирем – ағымдағы жөндеу және қызмет көрсетуге кеткен
жылдық шығындар.
Имр – отынға, энергияға, жанармай, майланатын
және басқа да материалдарға кеткен жылдық шығын.
А – амортизацияның жылдық мөлшерi.
И пр – басқа да жылдық шығындар.
Тн – қызметтiң нормативтiк мерзiмi.
Өнiмдердiң ескiру мөлшерi бойынша ауыспалы шығындардың сомасы артады
және тұтыну бағасында олардың үлесi кеңейедi. Осы қарама-қарсы
тенденциялардың негiзiнде тұтынудың тиiмдi бағасы қалыптасады. Тұтыну
бағасының бiрқалыпты қарқынмен тиiмдi деңгейге жету кезеңi өнiмнiң
экономикалық ресурсы деп аталады. Осы әдiсте техникалық параметрлер
бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтауда тiкелей қатыспайды, бiрақ барлығы жанама
түрде ескерiледi (тұтыну және сату бағасында).
Екiншi әдiс. Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн анықтағанда бұл әдiс
екi өлшемдi ескеруi мүмкiн: өнiмнiң өзiндiк құны, тауарды сату және оның
сапалық деңгейi. Сөзсiз, бәсекеге жарамдылығы артығырақ болатын тауар оны
өндiруге, сатуға кеткен шығындар ең төмен, ал сапа деңгейi бәсекелес
тауарға қарағанда жоғары болады. Тауар бәсеке сапасының бiрдей деңгейiнде
қайсы тауардың өзiндiк құны төмен болса, сол тауар бәсекеге қабiлеттi
болады. Кәсiпорында тауардың бағасы жоғарылаған болса, бұл жағдайда
кәсiпорын шығарған өнiм сапасының деңгейiне ғана емес, оны өндiруге және
сатуға кеткен шығындарды да ескеру қажет.
Үшiншi әдiс. Бұл әдiс техникалық деңгейiн және сату бағасын есепке ала
отырып, бәсекелестiк тауарларды салыстыруға негiзделген. Бұл әдiске сәйкес
басында салыстырмалы сапаның сандық көрсеткiштерiнiң деңгейi және базалық
үлгiлер (тауар) мына формуламен анықталады:
КК = ККэ ККт ККс

Мұндағы: КК- тауар деңгейiнiң кешендi көрсеткiшi;
ККэ- эстетико-эргономикалық деңгейiнiң кешендi көрсеткiшi;
ККт- техникалық деңгейдiң кешендi көрсеткiшi;
ККс- көрсеткiш кешенiнiң сенiмдiлiгi.
Екiншi кезеңде бәсекеқабiлеттiлiк көрсеткiште тауардың және үлгiнiң
салыстырмалылығы анықталады:
Пкi = КПi Цi Пкб = КПб Цб

Мұндағы: Пкi, Пкб – тауар-эталон және үлгiнiң салыстырмалылығының
бәсекеқабiлеттiлiк көрсеткiшi;
КПi, КПб- тауар-эталон және сапа деңгейiнiң кешендi көрсеткiшiнiң
салыстырмалы үлгiсi;
Цi, Цб- тауар-эталон және үлгiнiң сату бағасы.
Егер Пкi Пкб болса, онда салыстырылатын тауардың
бәсекеқабiлеттiлiгi жоғары болады, егер Пкi Пкб болса, онда төмен
бәсекеқабiлеттiлiк болады, ал егер де Пкi = Пкб яғни тең болса, онда
бәсекелестiк бiрдей болады. Бұл әдiстiң бiр кемшiлiгi салыстырылатын
тауардың тұтыну бағасын емес, сату бағасын ескередi, яғни тауардың
пайдалану кезiнде қаншалықты сапалы екенiн ескермейдi.
Төртiншi әдiс. Бұл әдiсте бәсекеқабiлеттiлiк деңгейi қалай
техникалық, солай экономикалық параметрге салыстыру негiзде анықталады.
Сонымен, техникалық параметрден тек сатып алушылар осындай ең жоғары
деңгейде қызықтыратындарды таңдайды. Содан кейiн олардың әрқайсысының
техникалық параметрi, индексi есептеледi, соның негiзiнде әр салыстырылған
өнiм бойынша жинақталған параметрлер индексi (Imn) анықталады.
Imn n i=1Ii ai

Мұндағы: Ii = i техникалық параметрлердiң жеке-дара индексi.
а-i параметрлердiң салмағы.
Өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн арттыру механизмi iс-әрекеттiң жиынтық
көрiнiс ретiнде оларды жүзеге асыратын бiрнеше тетiктерге тәуелдi. Бұл
тетiктер өзiндiк сипаттамалары бойынша 4 топқа бөлiп қарастырады.
1) өнiм сапасын арттыру шаралары немесе кәсiпорынның сапа жүйесiн
жетiлдiру.
2) өнiмнiң бағасын қалыптастыру немесе кәсiпорынның сапа жүйесiн
жетiлдiру.
3) өнiмнiң тартымдылығын арттыру немесе кәсiпорынның маркетингтiк
жүйесiн жетiлдiру.
4) өнiмнiң бәсекелестiк қабiлетiн қамтамасыз ету немесе өндiрiстi
мемлекеттiк қолдау. Осы топтағы тетiктердi iске асырудың көптеген бағыт-
бағдары мен жолдарын ашып көрсетуге болады (3 сурет )
Әлемдiк тәжiрибеде бәсекелестiк негiзде ел экономикасын көтеруге зор
мән берiледi. Қазiргi экономикалық дамуда қалыптасқан заңдылықтар басқа
елдермен қарым-қатынасты, сауда-саттықты ұлғайтуды көздейдi. Бұл елдiң iшкi
ресурстарын ұтымды пайдалануға, экономикасын көтеруге мүмкiндiк бередi және
өндiрiсте ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өңдейтiн кәсiпорындар ашуға
мүмкiндiк туады, ауылда пайдаланылатын техникаға, жанармайға сұраныс
қалыптасады. Сондықтан ауылдағы кәсiпкершiлiктiң бәсекелiк деңгейiн көтеру
үлкен мақсатты, үлкен талапты қалыптастырады.

2 Смак ЖШС кәсіпорнының өнім сапасын басқару тиімділігін бағалау

2.1 Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын талдау

Смак ЖШС-гі сүт өнімдерін шығаратын кәсіпорын болып табылады. Бұл
кәсіпорын өзінің шаруашылық қызметін бірнеше шаруа қожалықтарының
бірігуінен бастаған болатын.
Кәсіпорын Қазақстан нарығында сұранысқа ие тамақ өнімдерін шығарады.
Нарыққа шағын ғана зауыттың ену тиімділігін осы кәсіпорынның табиғи
өнімдерді пайдаланатынынымен түсіндіруге болады. 1998-2001 жылдар
аралығында кәсіпорын жемісті дамып отырды. Алғашқы кезде кәсіпорындар
жекелеген шаруа қожалықтарынан құрылған болғандықтан; негізінен олар сүтті
сүт өңдеу зауыттарына өткізумен айналысты. 1999 жылы осы кәсіпорын өз
бетінше дайын өнім шығаруды ұйғарды, себебі сүт түріндегі шикізат ең
төменгі бағамен өкізілетін еді. Сүт өнімдерін өңдеу үшін құрал-жабдықтар
1999 жылы сатып алынды. Смак ЖШС-гіне кейбір құрал-жабдықтарды шикізаттың
жетіспеуінен зауытқа қайтаруға тура келді. Осы себептермен кәсіпорын
нарыққа жоспарлаған ассортимент бойынша сүт өнімдерін шығара алмады. Бірақ
кәсіпорын бірден өз өнімдерін тиімді өткізе бастады. Ал 2000 жылы өнімді
сату көлемі нарыққа арзан тауарларды шығару есебінен ұлғайды. Смак ЖШС-
гінде басқару батыс еуропалық мемлекеттер тәжірибесі бойынша жүргізіледі.
Кәсіпорындағы басқару тәжірибесі шет елдікке көп ұқсас болғандықтан
Ұлыбритания компанияларынан бірлесіп қызмет істеу туралы ұсыныстар түсті.
Өзінің құрылтайшыларының қызығушылығын пайдалану үшін табыс табу,
жиналыста белгіленген жалпы тапсырмаларды, жарѓыдан шыққан функцияларды
орындау үшін және Қазақстан Республикасының құқықтық нормативтік
актілерімен және заң шығарушылардың қызметіне қайшы келмейтін қызметтерді
жүзеге асыру. Ұйым қызметінің мақсаты болып табылады.
Өзінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін, ұйым келесідей
қызметтерді орындайды:
– сүт және сүт өнімдерін құю мен өндіру;
– импорттық және отандық алкогольді өнімдер мен сусындарды құю;
– шикізаттар мен ауыл шаруашылық өнімдерін өткізу және дайындауларды,
қайта өңдеулерді, өндірісті, жанама шаруашылықты дамыту мен
ұйымдастыру;
– заңды және жеке тұлғаларға тауар-аралық, маркетингтік және т.б.
қызмет түрлерін көрсету;
– Өндірістік тауарларды өткізу үшін аукциондарды ұйымдастыру, сату
секциялары мен фирмалық таңбаларды ашу;
– жарнамалық және ақпараттық қызметті ұйымдастыру;
– Үзіндік сыртқы экономикалық қызмет;
– Өндірістік- коммерциялық, сатып-сатып алу мен табыс операцияларын
– жүргізу;
– Қазақстан Республикасының заң шығарушы органдарымен рұқсат
етілген және басқа да қызмет түрлері.
Ұйымның жарғылық капиталы 167670,1 мың тг мөлшеріндегі қызметін жүзеге
асыру үшін қалыптасқан. Ұйым өзінің шығынын жабу үшін резервтік капитал
құруы тиіс, ал оның сомасы жарғылық капиталдың қосылған сомасының кем
дегенде 15 пайызына тең болуы тиіс. Резервтік капитал ұйымның әр жыл сайын
таза табыстан аударылғаны арқылы пайда болады. Кәсіпорынның резервтік
капиталы 25150,5 мың тг құрайды, ал егер алда- жалда белгілі бір төлем
атқарса, онда біріктірілген жарѓылық капиталдан 15 пайызға кемиді. Жарғылық
капиталды толтырып, белгіленген мөлшерге жету үшін, ұйым аударымдарды
жаңартады.
– Ұйым мүшелері болып келесілер табылады:
– Жоғарғы мүше – Серіктестіктің Жалпы Жиналысы;
– Басқару мүшесі – Директорлар Кеңесі;
– Атқарушы мүшесі – Басқарма;
– Бақылау мүшесі – Ревизиялық комиссия;
– Басқарма көмекшісі – Қоғамның Директорлар Кеңесі арқылы Президент
сайланады.
Смак ЖШС сүт, қаймақ, сүзбе, айран, ряженка, йогурт, балмұздақ,
құймақ және сүт өнімдерін өндіреді.ҚазақстанРеспубликасының нарығының
қалыптасуы мен нығайуына байланысты, нарық экономикасының бірте-бірте
дамуына алып келді, жеке кәсіпкерлік дамыды, азық өнімдерінің өндірістік
даму мүмкіншілігі анықталды. Жас кәсіпкерлер ұжымы – азық-түлік өнімдерін
өндірумен айналыса бастады.
Алғашқы болып тізімге майонез бен сүзбеден жасалған ақ ірімшіктер
енген болатын. Бүгінгі күн компания сүт өнім ең ірі өндірушілерінің
төрттігіне кіреді. Компания нарық үлесінің 23 % құрайды.
Смак ЖШС-нің қызметі сұт өнімдерін өндіру және сату болып табылады.
Тиімді баға мен суретті де, әсем қорабы бар, сапалы өнім шығаруға
негізделіп, кәсіпорынның стратегиясынан шыққан, кәсіпорынға маркетинг
қызметі енгізілген.
Кез-келген жүйе сияқты маркетингте өзінің бағыттары, әдістері және
өткізу жолдары бар. Кәсіпорындағы маркетинг қызметі коммуникацияға, табысты
ұйымдастыруға, бағаны қалыптастыруға, өнім ассортименті мен сапа жағынан
саясат жүргізуге бағытталған маркетинг қызметі, сапа бөлімі мен бақылау
мүшесі бір- бірімен тығыз байланысты. Өндіріс үрдісінің әр операциясында
қолданылып, бұйымның пішінін тексеру үшін осы бөлімде 10 жұмысшы жұмыс
істейді.
Смак ЖШС-нің сауда агенттері келесідей қызметтерді атқарады: жаңа
тұтынушыларды тартады және іздейді, тауар бағасы мен ерекше қасиеттері
жайлы ақпарат таратады, сусындарды көрсетеді (сыра,алкогольсыз сусындар),
сатып алушылар мен өзінің қызмет ауданы жайлы кәсіпорынға қажетті
ақпаратпен қамтамасыз ету. Сауда агенттерін таңдап болғаннан кейін оларды
оқыту керек. “Смак” ЖШС-нің үміткерлерін оқыту келесідей түрлерде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
Техникалық құжаттың метрологиялық сараптамасы
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жетілдіру жолдары
Ағымдағы активтердің айналысы
Айналым капиталының экономикалық мазмұны
Айналым активтері
Кәсіпорынның бәсекелік стратегиялары
Кәсіпорынның сыртқы ортасы - «Смак» ЖШС
Кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасын талдау туралы
Кәсіпорындардың маркетингтік іс-әрекет
Пәндер