Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін талдау
1 ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Зейнетақы жүйесінің мәні, түрлері
1.2 Зейнетақы жүйесін реформалау: мазмұны, мақсаты, бағыттары
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2.1 Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің реформалау ерекшеліктерін талдау
2.2 «Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы (МЗЖҚ)» АҚ.ның қаржылық.экономикалық жағдайын талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖИНАҚТАУШЫ ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ

Зейнетақы - Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы, жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдерінің жиынтығы.
Зейнетақы дегеніміз:
* ай сайын аударып отыратын жай ғана 10% емес;
* ай сайынғы жарналарыңыз және зейнетақы жинақтарын инвестициялау нәтижесінде алған инвестициялық кірісіңіз.
Жинақтау мерзімі неғұрлым ұзақ болған сайын, жалпы жинақтар сомасындағы инвестициялық кірісіңіздің үлесі де соғұрлым үлкен болады.
Зейнетақы қоры дегеніміз:
* 1998 жылға дейін еңбек өтілі 6 айдан аспайтын азаматтар үшін зейнетақы төлемдерінің жалғыз көзі.
* зейнетақы жинақтарыңызды инфляциядан қорғай отырып, көбейтуге көмектесетін жалғыз қаржы институты.
* зейнетақы жинақтарыңыздың сақталуын қамтамасыз ететін жалғыз қаржы институты.
Жинақтаушы зейнетақы қор -- бұл Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен зейнетақы жарнасын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті, сондай-ақ зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын заңды тұлға.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшылардың міндетті жарнасын шоғырландырып, оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыру арқылы қордың инвестициялық портфелін қалыптастырады. Олар мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бөлінеді.
Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры заңды тұлғаны білдіреді. Оның құрылтайшысы -- мемлекет. Мемлекет салымшылардан міндетті зейнетақы жарнасын алады және зейнетақы алушыларға зейнетақы төлейді. Сонымен бірге зейнетақы активтерін қалыптастырьш, оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктің депозиттеріне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына инвестициялайды.
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары - бұл қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті төмендететін, мемлекеттің өз міндетін орындаудағы шығындарды азайтатын, қаржы нарығында тұрақтылықты арттыратын, ұзақ мерзімді инвестициялауға арзан ақшаны тартатын әлеуметтік - экономикалық институт.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры -- салымшылардың міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын алуды әрі зейнеткерлердің зейнетақысын төлеуді, сондай - ақ зейнетақы активтерін қалыптастыру және оларды инвестициялау бойынша қызметтерді жүзеге асыратын занды тұлға. Ол міндетгт қорларға қарағанда ерікті зейнетақы жарнасын да тарта алады. Ерікті зейнетақы жарнасын салымшылар заңда және зейнетақы келісімшартында белгіленген тәртіппен және мөлшерде өз бастамасы бойынша енгізеді. Зейнетақы активтері жинақтаушы зейнетақы қорлардан зейнетақының төленуін қамтамасыз етеді әрі жүзеге асырады. Қор зейнетақы активтерін инвестициялау арқылы инвестициялық табысқа қол жеткізеді.
Мемлекеттік емес зейнетақы қоры халықтың зейнетақы жарналарын шоғырландыру арқылы қалыптасатын коммерциялық емес ұйым (еңбек ақысынан - 10%) және келісімшартқа сәйкес зейнетақы төлеуді атқарады.
Жиналған қаржыны көбейту үшін қор зейнетақы қорының активтерін басқару жөніндегі арнайы компанияға тапсырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының түрлерінен өзге ашық және корпорациялық зейнетақы қорларын бөліп көрсетуге болады.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары:
1. Ашық жинақтаушы зейнетақы қорлары алушының жұмыс істейтін және тұратын жеріне қарамастан салымшылардан зейнетақы жарналарын қабылдауды жүзеге асырады. Резидент болып табылатын заңды және жеке тұлғалар да, резидент емес заңды және жеке тұлғалар да оның құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Қазақстан Республикасының резидент емес қатысушысы бар ашық ЖЗҚ -- бұл 25% - дан да көп дауыс берушінің акциялары төмендегілердің меншік иесінде немесе басқаруында болатын зейнетақы қоры:
* Қазақстан Республикасының резиденті еместер;
* 50% - дан да көп акциясы Қазақстан Республикасының резидент еместердің меншігінде немесе басқаруында болатын ҚР резидентінің занды тұлғасы;
* ҚР резиденті еместерінің, бағалы қағаздарына атаулы ие болып табылатын ҚР резиденттері.
2. Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорлары сол жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары және акционерлері болып табылатын бір немесе бірнеше ашық тұлғалардың алушы - қызметкерлері үшін құрылады.
Ашық жинақтаушы зейнетақы қорының қызметі кезінде немесе оған құрылтайшы болған кезеңде бірде бір тұлғаның дауыс құқығы бар акцияның жалпы санында 25% - дан артық акцияны тікелей немесе жанама иеленуге, өкім жүргізуге немесе басқаруға құқығы болмайды.
Корпоративтік жинақтаушы зейнетақы қорларында мұндай щектеулер жоқ. Алайда зейнетақы жинағының нақты кұны кеміген жағдайда соңғы акционерлердің, жауапкершілігі үлкен болады, әрі инвестициялық табыс ысырабының орнын толтырады.
Зейнетақы активтерін алғашқыда ЗАБК ғана орналастыра алады. ЖЗҚ жарна түсімін кастодиан-банктің шотына орналастырады, ал ЗАБК үш күннің ішінде оларды әр түрлі бағалы қағаздарға орналастыруға міндетті.
Бір жинақтаушы зейнетақы қоры тек бір ғана ЗАБК-мен келісім-шартқа отыра алады, ал компания өз кезегінде бірнеше жинақтаушы зейнетақы қорына қызмет көрсете алады.
1.2 Зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері, қызметтері және зейнетақы қорлары
Реформадан қазіргі кезеңге дейін зейнетақы жүйесінің негізгі принциптерінің сипаттамасы:
1.2.1 кесте - Зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері
мемлекеттік реттеу
мемлекеттік кепілдік
қаржы салымдарының сақталу тиімділігі
ерікті зейнетақы қамтамасыздығына құқығы
жинақтаушы зейнетақы қорларын таңдауға құқықтық қамтамасыз ету
жұмысқа қабілетті әрбір азамат қатысуының міндеттілігі
жинақтарға азаматтардың мұрагерлігіне құқықтарын қамтамасыз ету
азаматтардың зейнетақы жинақтарының қаржы салымдары арқылы экономикаға үлесі қамтамасыз ету
Зейнетақы жүйесінің негізгі принциптері
Жұмыспен қамтушы жұмысшының атынан, жұмысшы таңдаған зейнетақы қорына жұмысшының айлық табысынан 10 - пайыздық міндетті зейнетақы салымдарын аударуды жүзеге асырады. Кейіннен, болашақ зейнетақы салымдарын төлеу мөлшері, салымшылардың есебінен ғана емес, алынған инвестициялық табыстарының есебінен де жүзеге асады.
Зейнетақымен қамтамасыздандыру жүйелеріндегі өткізілген өзгерістер барысында, оның бөлімдерінің ең маңыздысы - Зейнетақыны төлеу Мемлекеттік орталығы құрылды.
Орталық зейнетақы жинақтаушы қорында маңызды рөл атқарады, ең бастысы ақпараттық жүйелерді іске асырады. Орталық, міндетті зейнетақы салымдарының адамды фициялық есебін жүзеге асырады, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы салымдарын аударады және бюджет қаржысының есебінен зейнетақы қамтамасыздығына құқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдерін жүргізеді.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізі өздерінің қарттық кезеңдерінің әл-ауқаттылығына жауап беруші азаматтардың жеке жауапкершілігімен, жасалынған салымдардың және зейнетақы төлемдерінің арасында тікелей байланысты орнату.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңына сәйкес міндетті зейнетақы салымдарын толық және уақтылы төлеуді және өсім пұл салуын республиканың салық органы жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының, қаржы салымдарын басқару зейнетақы активтері ұйымдарының, кастодиан-банктерінің, сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеушілік және бақылаушылық жүйелерін атқарушы өкілетті орган, Қазақстан Республикасының нарық рыногын және қаржы ұйымдарын бақылаушы реттеуші Агенттік болып табылады. Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі халықты зейнетақымен қамтамасыздандыру саласында мемлекеттік саясатты құру жүйелерін жүзеге асырады.
Республикада 14 жинақтаушы зейнетақы қоры жұмыс істейді, республиканың аймақтарында олардың да 76 филиалы мен 48 өкілдігі бар.
Зейнетақы қорларының тізімі:
1. БТА Банкі АҚ-ның еншілес ұйымы БТА Қазақстан Жинақтаушы Зейнетақы Қоры АҚ;
2. Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы зейнетақы қоры акционерлік қоғамы, Қазақстан Халық Банкі АҚ еншілес ұйымы;
3. "Қазақмыс Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ;
4. "НефтеГаз-Дем" Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ;
5. Еуразиялық жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
6. "ГРАНТУМ Жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес ұйымы);
7. Отан ашық жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
8. Капитал Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ - Банк ЦентрКредит АҚ еншілес ұйымы(бұрынғы атауы - Капитал Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ (ашық));
9. РЕСПУБЛИКА Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
10. "Ұлар Үміт" Жинақтаушы зейнетақы қоры (ашық)" АҚ;
11. "АМАНАТ ҚАЗАҚСТАН" Жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ;
12. "Нұрбанк" АҚ еншілес ұйымы "Атамекен" жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ;
13. "МЖЗҚ" Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" АҚ;
14. Қорғау ЖЗҚ АҚ.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары акционерлік қоғам нысанында құрылады. Жинақтаушы зейнетақы қорлары уәкілетті органмен белгілеген келісім бойынша, ол белгілеген тәртіппен филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқылы. Жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары болып, ҚР резиденттері - заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшылары мен акционерлері бола алады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларын мемлекеттік тіркеуді, сондай-ақ олардың құрылтай құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді уәкілетті органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әділет органдары жүзеге асырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының жарғылық капиталынның ең төменгі мөлшерін, оны қалыптастырудың тәртібі мен құрамын уәкілетті орган белгілейді.
ЖЗҚ-ның жарғылық капиталы ақшамен төленеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының комиссиялық сыйақылары:
* Инвестициялық табыстың 15 процентінен;
* Айына зейнетақы активтерінің 0,05 процентінен аспайтын шекте белгіленеді.
1.3 Зейнетақы жүйесін реформалау: мазмұны, мақсаты, бағыттары
Қазақстанның заманауи зейнетақы жүйесі ҚР Үкіметі еліміздегі зейнетақымен қамсыздандыру жүйесі тұжырымдамасын мақұлдап және Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамсыздандыру туралы Заңы қабылданған 1997 жылдан бастап өз жұмысын бастады. Жаңа ереже ынтымақтастықты жүйеден ақырындап бас тарта отырып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің негізін құруға жасалды.
Өткен жүз жылдық соңында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері ерекше шиеленіс жағдайларында болды. Оған себеп бір жағынан нарықтық экономика механизміне өту болса, екінші жағынан - өткен жүз жылдықтың 90 жылдарындағы Қазақстанға тән әлеуметтік-демографиялық фактор болды.
Әрекет еткен ынтымақтастықты зейнетақы жүйенің шарттарында инфляцияның жоғарғы өсу қарқыны және халық арасындағы жұмыссыздық, ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемінің төмендеуі, бюджеттік тапшылық зейнетақы төлемі жөніндегі қарыздардың пайда болуы мен ұлғаюына себеп болды және тіпті әлеуметтік кепілдіктің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету мүмкін болмады.
Зейнетақы реформасының негізі етіп чилилік үлгі қабылданды. Чилидегі зейнетақы жүйесі таратып тұратын механизмді ұстамайды және қызметкердің жеке шотына қаражатты толықтай жинақтауға және жарналарды капиталдандырып отыруға негізделген. Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енуші әрбір адам дербес шот алып, онда оның зейнетақы жарналары аккумуляцияланып, оның мөлшері анықталып белгіленеді. Бұл қаражаттар жеке зейнетақы қорларында жиналып, салымшылар зейнетақы жасына жеткенше олар зейнет төлемдерінің көздеріне айналады. Чилилік жүйе негізінен басқа қазақстандық үлгі өзіндік ерекшелігін және басқа елдердің тәжірибесін бейімдеп қабылдады, сол себепті әлемдік тәжірибедегі ең табыстылардың бірі болып саналады.
Қазақстан дербес зейнетақы аударымдары негізінде зейнетақымен қамсыздандырудың жинақтаушы жүйесіне 1998 жылы жоспарлы түрде өткен ТМД территориясындағы бірінші ел.
Зейнетақы реформасын жүргізудің негізгі мақсаты зейнетақы жарналарының дербестендірілген есебі арқылы экономикалық өсуді ескеріп, зейнетақымен еңбек салымын лайықтай отырып, қаржылық тұрақты және әділ жүйені оңынан тұрғызу.
Зейнетақы реформасының нәтижесінде болшақ зейнетақылар сақталып арта түсетін болды, ал экономика тағы бір институционалдық инвестор - зейнетақы қорларын алмақ.
Зейнетақымен қамтамасыздандыру екі жүйеден тұрады:
* ортақ жүйеден (зейнетақыны төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтан зейнетақымен қамтамасыздандыру);
* жинақтаушы зейнетақы жүйесі (жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақымен қамтамасыздандыру).
1998 жылғы 1 қаңтарға дейін республикада зейнетақы жүйесі толық қызмет етті. Зейнетақы көлемі еңбекақының 50 пайызы есебінен белгіленді және соңғы жұмыс істеген он жылының 5 жылғы жұмыс өтіліне және еңбекақысына байланысты болды. Зейнетақыға әйелдер 55, ерлер 60 жаста шығатын. Бірақ қайта құру процесінің дағдарысы зейнетақы жүйесін күйреуге дейін әкеп соқты да ұрпақтардың ортақтас қағидасына негізделген зейнетақымен қамтамасыз етудің бөліп беру жүйесінің сәйкессіздігі айқындалды.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 маусымдағы Заңымен зейнетақы реформасы басталды, нәтижесінде 3 қосарлас зейнетақы жүйесі қызмет етеді, атап айтқанда:
1.3.1 кесте - зейнетақы жүйесі қызметтерінің түрлері
Зейнетақы жүйесі қызметтерінің түрлері
Толық ортақтас жүйе
Аралас жүйе
Жинақтау жүйе
Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, толық ортақтас жүйе - 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін зейнеткер жасында болғандар үшін; Аралас жүйе - зейнетақы жоғарыда аталған күннен кейін белгіленген және осы уақытта белгіленетін зейнеткерлер үшін; Жинақтау жүйесі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін жұмыс өтілі болмаған (немесе жарты жылдан кем болған) адамдар үшін. Халық қартайған сайын алдыңғы екі жүйе кеми бастайды да жинақтау жүйесіне толық жол беретін болады.
Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы Заңның нормалары 2001 жылғы 1 шілдеден бастап зейнетақы төлемдері ерлерге 63 жасқа, әйелдерге 60 жасқа толысымен тағайындалады деп белгіледі.
Қазіргі уақытта Қазақстанның зейнетақымен қамсыздандыруы ынтымақтастықты және жинақтаушы жүйе механизмдерін бір мезгілде үйлестіретін үш деңгейлі жүйесін (пиллар) ұсынады:
Бірінші деңгей - КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанға мирас болып қалған және ұрпақтың ынтымақтастығына негізделген ынтымақтастықты зейнетақы жүйе, онда зейнетақы төлем көздері халықтың жұмыс істейтін бөлігінің салық аударымдары есебінен және басқа да түсімдер есебінен мемлекеттік бюджет атқарады. Зейнетақы төлем мөлшері еңбек өтілімен анықталады. Қазіргі уақытта осы деңгей аясында 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шығу сәтінде еңбек өтілімі алты айдан кем болған тұлғалардың зейнет төлемдері реттестіріледі.
Екінші деңгей: Қазақстан азаматтары, Қазақстанда тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар үшін ай сайынғы табысынан 10 пайыз мөлшерде зейнетақы аударымдарын ұстап отыратын міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі.
Үшінші деңгей: ерікті және ерікті кәсіби зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.
Жинақтаушы зейнетақы жүйесі халыққа қызмет ете отырып, зейнетке шыққаннан кейін өз кірісінің деңгейінде дербес жауапкершілік алуға міндеттенеді.

Зейнетақы қызметін көрсету рыногы. Міндетті зейнетақы жарналарын аударатын салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарының саны 2008 жылғы жағдай бойынша 9 613 112 болды, ал 2010 жылы жағдай бойынша 7 989 782 болып, 2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылғы зейнетақы қорларының үлесі 3,69 % өсті.
2.1.1 кесте - Қазақстан Республикасының зейнетақы жарналары жəне қорланымының көрсеткіштері (2008 - 2010 жж.)
Кезең
Міндетті зейнетақы
жарналары бойынша
салымшылар саны
(адам)
Зейнетақы қорланымы (ЗҚ)
Зейнетақы жарналары (есеп берілген айда), млн. теңге
Сомасы, млн. теңге
о.i.таза инвестициялық түсiм
Сомасы, млн. теңге
ЗҚ-дағы үлесі, %
2008 ж.
9 613 112
1 420 509
306 983
21.61
272 539
2009 ж.
7 732 128
1 860 509
481 661
25.89
304 141
2010 ж.
7 989 782
2 258 199
571 367
25.30
332 92
Ерікті зейнетақы жарналары бойынша салымшылар саны 2008 жылы 595-ке (1,5%-ға) өсіп, 2009 жылғы жинақталған зейнетақы қаражатының жалпы сомасы 959,2 млн. теңгемен 41 499 болды.
2009 жылғы жағдай бойынша қорларға зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2008 жылы 272,6 млрд. теңгеге (29,9%) өсіп, 1 184,7 млрд. теңгені құрады.
Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттарының өсу қарқыны жинақтаушы зейнетақы жүйесінің өткен жылдардың тиісті кезеңімен салыстырғанда, жинақталған зейнетақы қаражаттарының жылдық абсолютті өсу барысында олардың өсу жеке есепті кезеңдерде есепті жылы өсу қарқынының төмендеу үрдісін жəне елеулі төмендеуін көруге болады, соңғы 3 жыл ішінде 2.1.2 кестеде көрсетілген мынадай көрсеткіштерімен сипатталады:
2.1.2 кесте - Қазақстан Республикасының жинақталған зейнетақы қаражаттарының көрсеткіштері (2008 - 2010 жж.)
Күні
Жинақталған
зейнетақы
қаражаттарының
сомасы, млрд.теңге
Бір жылға өсімі
%-бен
Жинақталған зейнетақы қаражаттарының
өсу қарқыны (%-бен)
2008 ж
1208,1
298,4
32,80
2009 ж.
1420,5
212,4
17,6
2010 ж.
1860,5
302,4
35,9
Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттары 2008 жылғы жағдай бойынша 1 208,1 млрд. теңгені құрады, 2009 жылғы бір жылғы өсімі 2008 жылмен салыстырғанда 86 % төмендеді.
Салымшылардың (алушылардың) жинақталған зейнетақы қаражаттары 2010 жылғы жағдай бойынша 1860,5 млрд. теңгені құрады, 2009 жылғы бір жылғы өсімі 2010 жылмен салыстырғанда 90 % жоғарылады.
Жинақталған зейнетақы қаражаттарының өсу қарқыны 2008 жылғы жағдай бойынша 32,8 % болды, 2010 жылмен салыстырғанда 3,1 % өскен.
Таза инвестициялық кірістің өсу қарқыны 2008 - 2010 жылдардың тиісті кезеңімен салыстырғанда соңғы 3 жыл ішінде 2.1.3 кестеде көрсетілген мынадай көрсеткіштермен сипатталды:
2.1.3 кесте - Қазақстан Республикасының Таза инвестициялық кірістер көрсеткіші (2008 - 2010 жж.)
Күні
Таза инвестициялық
кіріс сомасы, млрд.теңге
Бір жылға өсімі
Өсу қарқыны
(%-бен)
Жинақталған зейнетақы қаражатының
сомасындағы таза инвестициялық
кіріс үлесі (%-бен)
2008 ж.
339,3
83,6
32,69
28,09
2009 ж.
307,0
-32,3
- 9,5
21,6
2010 ж.
481,5
27,9
-1,1
25,9
Келтірілген кестеден көріп отырғанымыздай, 2008 жыл ішіндегі таза инвестициялық кірістің өсім сомасы 83,6 млрд. теңгені құрады немесе 2007 жылғы өсімнен 17,0 млрд. теңгеге (16,9 %-ға) аз болып отыр.
2009 жыл ішінде таза инвестициялық кірістің өзгеруі алғаш рет теріс мәнмен сипатталып, 32,3 млрд. теңгені ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz