Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... 5
1.1 Шағын бизнестің экономикадағы мәні, ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.2 Шағын бизнестің ұйымдық . құқықтық формалары ... ... ... ... ... ..11
1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері ... ... ... ... ... ..15

2. ҚР.ң 2007.2009жылдар аралығындағы шағын кәсіпкерлікті талдау негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері ... ... ... ... ... ...21
2.2 ҚР.ң 2007.2009 жылдар аралығындағы шағын кәсіпкерліктің даму динамикасын талдау ... ... ... ... ... ... ... 24
2.3 ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007.2009 ж қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... 27

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... 29
3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері ... ... ... ... ... ... ..32
3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын жетілдіру ... ... ... ... ... ... ..35

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 37
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ МӘНІ МЕН ФОРМАЛАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ..5

1.1 Шағын бизнестің экономикадағы мәні,
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

1.2 Шағын бизнестің ұйымдық – құқықтық формалары ... ... ... ... ... ..11

1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
тәжірибелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .15

2. ҚР-ң 2007-2009жылдар аралығындағы шағын кәсіпкерлікті талдау
негіздер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18

2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық
аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

2.2 ҚР-ң 2007-2009 жылдар аралығындағы шағын кәсіпкерліктің даму
динамикасын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24

2.3 ҚР шағын кәсіпкерлікті қолдау қорының 2007-2009 ж қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

3.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН БИЗНЕСТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН
ДАМУЫ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

3.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті қаржыландыру
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

3.2 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қаржылық қолдау нысандарын
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 5

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .37

ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39

КІРІСПЕ

Кәсіпкерлік өз бастауын ғасырлар бойы тереңінен алып жатыр. Алайда рынок
атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады. Адам
Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін
экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі ретінде сипатталады. Жалпы бұл
тақырыпты алып жазған кездегі алдыма қойған мақсатым ол Қазақстан заңында
кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және
олардың тәуекел етуімен, сондай–ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге
асырылатын ынталы қызметі жайлы жазу. Қазақстан Республикасында шағын
бизнестің дамуындағы ерекшеліктері мен проблемаларын зерттеп жазуға
тырыстым. Сол сияқты Қазақстан экономикасын қалыптастырудағы шағын
кәсіпкерліктің ролін анықтау болды. Кәсіпкерлік әзірде экономиканың
белсенді қоректендірушісі болған емес, дамыған нарықтық экономикасы бар
елдерде өріс алғандай, жаңа жұмыс орындарын аша алмауда. Курстық жұмысымның
екінші бөлімінде Қазақстан Республикасының шағын бизнесінің дамуын дамыған
және дамушы елдермен салыстыра отырып жаздым. Қазіргі батыс экономикасында
шағын бизнес шаруашылықтың ірі секторын құрайды. Бұнда жұмыспен
қамтылғандардың жартысынан көбі жұмыс табады. Шағын бизнестің экономикада
алатын орны өте зор, себебі шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда
экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің
сұранысына икемділігі, шағын мөлшерде өндіруі. Сонымен қатар шағын бизнес
экономиканы жетілдіруде септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді,
қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорын
тек белгілі бір мемлекет ішінде ғана емес, сонымен бірге дүние жүзінде
маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында ғана емес, сол сияқты
кейбір бөлек узелдер мен механизімдерді шығару жағдайында немесе
полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды
орын алады. Шағын бизнестің негізгі мақсаты – халықты жұмыспен қамту, оның
әлеуметтік мәселелерін шешу, еңбекке деген белсенділігін дамыту, тұтыну
нарығын көп ассортиментті товарлармен, қызметтермен толықтыру. Шағын
кәсіпкерліктің дамуын ынталандыру мақсатымен Қазақстан азаматтарына жайлы
құқықтық және экономикалық жағдай туғызу үшін бірнеше заңдылық және
ұйымдастыру – экономикалық шаралар жасалды. Нұрсұлтан Назарбаев “Қазақстан
Республикасында шағын кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік
бағдарламасы туралы” жарлыққа қол қойды. Президент бұл бағдарламаны бекіте
отырып, бір мерзімде оны іске асыру шараларының жоспарын жасап, бекіту
жөнінде үкіметке тапсырма берді. Елімізде шағын кәсіпкерлікті
қалыптастырып, дамыту жүйесі әлі де жүріп жатыр. Бүгінгі танда еліміздегі
шағын бизнесті дамыту жолындағы кедергілер жойылып келетіндігі туралы
жаздым. Шағын кәсіпкерлік әлі іске жаратылмаған әжептәуір қаржы
–қаражаттарын тиімді жұмылдыратын басты құралдардың бірі.Осындай
кәсіпкерліктің болмауынан осы ресурстар пайдаланылған болатын еді. Шағын
кәсіпкерлік бәсеке күресін қалыптастыруда айтарлықтай үлес қосады, бұл кез
келген мемлекеттің жоғары деңгейінде монополиялық экономикасы жағдайында
бірінші кезекте тұратын маңызды ерекшеліктерінің бірі. Шағын кәсіпкерлік
халықты жұмыспен қамту мәселесін шешуде үлкен рол атқарады. Өнеркәсібі
дамыған елдерде оның үлесіне барлық жұмыспен қамтамасыз етілгендердің 50-
60% және жаңа жұмыс орындарының 70-80 % келеді. Шағын кәсіпорын
дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол
сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе
полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызды
орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болуы да мүмкін.
Шағын кәсіпорын барлық халық шаруашылық салаларында жұмыс істейді. Ол
қызметтер бір немесе бірнеше түрде болуы мүмкін. Бірақ ескертетін жағдай
кейбір тауарларды шығару, қызмет атқару тек мемлекеттік кәсіпорынға
жүктеледі, ал кейбір тауарларды өндіру үшін арнайы рұқсат керек етеді.

1 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ МӘНІ ЖӘНЕ ФОРМАЛАРЫ
1. Шағын кәсіпкерліктің экономикадағы мәні, ролі .

Шағын бизнес – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа
түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард
университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер мән берген. Оның айтқан
мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: “Кәсіпкер болу – басқаның
істегенін істемеу”. Екінші жағынан кәсіпкерлер алдымен кәсіпкерлік жұмысты
ұйымдастырушылар. Ол жайлы француз экономисі Жан Батист Сэй былай деген:
“Кәсіпкер – адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам”.
“Кәсіпкерлік” терминін алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон
ендірді. Бұл ұғымға ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу
мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызамыз. Жалпы
кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, дегенмен қазіргі түсініктің
орын алуы капитализмнің қалыптасу және даму кезеңіне сай келеді.
Буржуазиялық саяси экономикада “кәсіпкерлік” түсінігі ХҮІІІ ғасырда пайда
болды да, “меншік иесі” деген түсінікпен қатар орын алды. Мысалы, А.Смит
кәсіпкерді өзінің коммерциялық идеясын өткізіп, пайда болу мақсатымен
экономикалық тәуекелге бас ұрған меншік иесі деп сипатталады. Ол өндірісті
өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен
кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Несиенің
дамуымен байланысты капитал иесінің қызмет етуші капиталдан бөлінуі орын
алды, ол өз кезегінде кәсіпкерлікке ірі қозғалыс берді. Сондықтан ХҮІІІ
ғасырдың аяғы ХІХ ғасырдың басында өмір сүрген әйгілі француз экономисі
Ж.Б.Сэй кәсіпкерлікті А.Смитпен салыстырғанда кеңінен сипаттады.
Кәсіпкерлікке шаруашылық тиімділігін камтамасыз ету мақсатымен өндіріс
факторларын байланыстырушы экономикалық агент ретінде анықтама берді.
К.Маркс те меншік иесі мен кәсіпкерлік арасында тікелей ұқсастық айтқан
жоқ, алайда соңғысын меншік иесінің қызметі ретінде қарастырды. Корпорация
қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Сөйтіп капитал, меншікті
капитал және қызмет атқарушы капитал болып бөлінеді де, ол меншікке нақты
бақылау жасайтын менеджерлер жалған меншік иесі көрінісін қабылдайды. Несие
қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан
корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен
бөлініп қалады. Отызыншы жылдардың өзінде американдық ғалымдар А.Берли мен
Г.Минз, меншікке бақылау орнату мүмкіндігінің бірнеше түрлерін ұсынды:
1.Толық меншік арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бір адамның
немесе азын аулақ топтың қолында болғанда жүргізілетін бақылау. Мұндай
компанияда меншік пен басқару бір адамның қол астына шоғырланады. 2.
Көпшілік акция арқылы бақылау. Мұндай жағдайда шығарылған акцияларға меншік
үлесі 51% болады, алайда ірі компанияларда бұл сирек кездесетін жағдай. 3.
Бірлесіп бағыну тетігі арқылы бақылау. Көпшілік акцияларға бір корпорация
иелік ету пирамида көрінісін алады да, өз кезегінде басқа компаниялар
акциясының бақылау пакетіне ие болу, соңғысына да бақылау жасау мүмкін
болады, мұндай жайлар бірнеше рет қайталануы ықтимал. 4. Акцияның өз
бөлігіне бақылау. Бақылаудың бұл түрін жеке адам немесе азын – аулақ топ
корпорацияда өктемдік жүргізетін жеткілікті акция процентіне иелік етеді.
5. Басқару тарапынан бақылау. Ол жеке бір адамның меншігі көзге ілінгісіз
жағдайда орын алады. Мұндай жағдайда менеджмент меншіктегі үлесі аз болса
да қысым көрсете алатын күшке айналады. А.Берли мен М.Минз өз
қорытындыларында мынаған сүйенеді. Бақылаусыз байлыққа меншік, меншік
иелігінсіз байлыққа бақылау жасаумен пара – пар, корпоративті дамудың
логикалық нәтижесі болып табылады. Сонымен, меншік пен кәсіпкерлік арасында
қатты бағыныштылық болмағанымен кәсіпкерлікті дамытудың шарттары туралы
сұрақ туындайды. Біріншіден, кәсіпкерліктің қажетті шарты мен белгісі,
субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол
шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға
белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер
шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субъектісі болуы
керек. Екіншіден, кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын
нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген
жауапкершілік болмайтын болса, ол кәсіпкерлік болмағаны, жай тапсырма
бойынша жарлық ету болғаны. Тәуекелдік тура шешім туралы ерекше айту керек.
Үшіншіден, кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда
табуға бағдар ұстауы, мұнын өзі экономиканың қажетті рыноктың құрылымын
орнатумен байланысты. Әлемдік тәжірибеде көрсеткендей, кәсіпкерліктің жан –
жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік –
экономикалық шарт қалануы қажет. Олай дейтініміз рынок пен кәсіпкерлік
кенеттен пайда болып тез дамымайтыны кім –кімге де түсінікті. Олар
бұйрықпен, үкімет шешімдерімен, міндеттеу жолымен іске қосылмайды. Өйткені
ақшасыз, капиталсыз, ең басты реттеуші – құн заңынсыз, қозғаушы күші
бәсекесіз олар дами алмайды. Төртінші шарты жоғарыда атап өткендерден
туындайды. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын
қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды. Өз кезегінде көп түрлілік
объективті құбылыс, өйткені ол өндірістік қызмет көрсету ісінің дамуының
нәтижесі. Қазіргі әлемде дәрежесі мен сипаты бойынша әр қилы өндіргіш
күштердің, таңғажайып қабысуын байқауға болады. Қоғамдық, жалпы мемлекеттік
мақсатқа пайдаланатын өндіргіш күштер бар, сонымен қатар ұжымдық, топтық
және жеке дара мақсатта қолданатын өндіргіш күштер де бар. Осыған сәйкес
меншік пен кәсіпкерліктің әр қилы формалары даму алады. Осының негізінде
аралас типтегі рыноктық экономиканы құрайтын көп субъектілі нақты
экономикалық қатынастар орын алды. Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі
ғана емес.

1.2. Шағын кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары.

Кәсіпкерлік қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Экономикалық
категория ретінде ол өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастарды
ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан кәсіпорын заңдық құқықтары
бар дара шаруашылық субъектісі, өзіне бекітіліп берген мүліктерді пайдалана
отырып өнімдерді өндіреді, жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет түрлерін
көрсетеді. Дүниежүзілік практикада кәсіпорындардың әр қилы ұйымдық және
құқықтық формалары пайдаланылады, оны елдің ұлттық заң шығарушы органдары
анықтайды. Оларға заңды статус беріледі, осыған сай мүліктері болады,
сөйтіп кәсіпорындар азаматтық процесте, сотта, шаруашылық сотында және
аралық сотта да өз мүдделерін қорғайды. Қазақстанда қолданылып жүрген
заңдарға сәйкес кәсіпорындардың мынадай ұйымдық – құқықтық формалары бар: -
мемлекеттік кәсіпорын; - серіктестік: толық жауапкершілікпен; аралас
жауапкершілікпен; шектеулі жауапкершілікпен; - акционерлік қоғам (ашық
типі, жабық типі). Орын алып келген мынадай түсініктер шағын кәсіпорын
бірлескен кәсіпорын, “кооператив”, бұлар шын мәнінде кәсіпорынның заңды
статусын бейнелейді, оның экономикалық мазмұнының кейбір жақтарын ғана
түсіндіреді. Мысалы, шағын кәсіпорын атауы мұнда жұмыс істейтіндердің
санына қарай берілген анықтама. Бүкіл әлемде, оның ішінде біздің елде де
кіші бизнесті мемлекеттік қолдау бағдарламасы бар. Шағын кәсіпорындар үшін
жеңілдіктер берілген, бірінші жылы салықтың толық мөлшерінің төрттен бірін,
екінші жылы жартысын төлейді. Ал жаңа салада, құрылыста алғашқы екі жыл
бойы қалыптасу кезеңінде салықтардың алынбай жүргені де сирек кездесетін
жәй емес. Жеке кәсіпорын. Оны ұйымдастырушы да, иелік етуші де бір адам.
Қалғандары жалдамалы қызметкерлер. Толық серіктестік – жеке адам және заңды
тұлғалардың бірігуі, олардың мүшелері серіктестік міндеттемелері бойынша
қозғалмайтын мүліктерге жауапты. Мұнын мәні мынада: егер толық
серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бірі жеке адам ретінде енетін болса,
белгілі бір жауапты кезеңге кезіккенде (банкрот жағдайында) қажетті
күнделікті заттардан басқа жеке мүліктерін, атап айтқанда, машина, саяжай,
зергерлік бұйымдар тағы басқа бағалы мүліктерді тізімге алады. Жұмыс істеп
тұрған қоғамға мүшелікке енгеннен кейін бұрынғы мүшелермен қатар енгенге
дейінгі қоғамның қарыздарын өтеуге бірдей жауапты болады. Әдетте толық
серіктестіктерді заңды тұлғалар құрайды. Белгілі бір салада бірлесіп қызмет
ету жөніндегі келісім осындай серіктестікті құрудың негізгі деп қарауға
болады. Мұндай жағдайда серіктестіктің жарғысын тіркеудің де қажеттігі
болмайды. Аралас серіктестік толық серіктестіктің өзгерген формасы. Мұның
негізгі ерекшелігі бір немесе бірнеше қатысушылардың бүкіл мүліктерімен
несие беруші серіктестер алдында жауап береді. Біреуінің немесе
бірнешеуінің жауапкершілігі қоғамға қосқан үлесі бойынша шектеледі. Бүкіл
мүліктермен тәуекелділік етіп отырған қатынасушы қоғамның ішкі мүшесі
немесе толық серіктестер деп аталады. Ал қосқан үлес мөлшерінде тәуекел
етушілер сыртқы қатынасушылар немесе командиттер деп аталады. Оқырмандардың
көпшілігіне тарихтан, ғылыми көркем әдебиеттен белгілі аттар Джонсон –
Джонсон және М.Иванов балалары және КО тағы басқа. Міне командитті
серіктестік деген осылар. Командиттік серіктестіктерді ұжым басқарады және
ел өкілеттік қызмет атқарады. Командиттік серіктестікке салық тұрғысынан
қарағанда шектеулі жауапкершілігі бар қоғам қабылданды. Мұндай құрылым
шектеулі жауапкершілігі бар командитті серіктестік деп аталады. Оның
артықшылығы салық төлеу тұрғысынан ол серіктестік, ал азаматтық құқық
тұрғысынан шектеусіз жауапкершілігін шектеулі қоғамға тарата алады, сөйтіп
жауапкершілікті шектеу арнасынан өтеді, әдетте, олардың капиталы да көп
болмайды. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік алдын ала белгіленген
пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелері қоғамның
міндеттемелерін орындау жауапкершілігі жоқ, тез өз үлестерінің мөлшерінде
тәуекелділік жасайды. Шектеулі жауапкершіліктің мәні де осында. Көпшілік
жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда компаньондар арасында өзара берік
байланыс бар. Осы себептермен ол семьялық кәсіпорындар ұйымдастыруға
тырысады. Кооператив – бұл қоғамның қызметі принципінде табыс табу емес,
қоғам мүшелеріне көмек етіп, ықпал жасау. Алайда біздің кооперативтер ең
алдымен өндірістік, қызмет көрсету және сауда-делдалдық салада өрістеп
отыр. Кооперативтік кәсіпкерлік формаға тән жағдай, оның мүшелерінің сол
кооперативпен тығыз байланыс орнатуында. Кооператив – ол заңды иегер.
Көпшілік елде өріс алғанына қарамастан іс жүзінде кооперативтердің
салыстырмалы түрде үлес салмағы аса көп емес. Оның көптеген себептері бар,
ең алдымен, кооперативтік кәсіпорындарда табысты капиталға айналдырмау
тенденциясы байқалады, ол болса өндіріс тиімділігін төмендетеді,
инновациялық процеске кедергі жасайды, құрылымдық қайта құруды қиындатады.
Мемлекеттік корпорациялар. Бұл кеңінен тараған ұйымдық-құқылық формадағы
мемлекеттік кәсіпорындар. Олар белгілі бір құқық субъектілері және өзіндік
меншікте мүліктері бар кәсіпорындар. Әдетте, олар шаруашылық жұмыстарымен
бірге мемлекет атынан реттеуші және басқарушы қызметтерін де атқарады.
Басқаша айтқанда, мемлекеттік корпорациялар коммерциялық кәсіпорындар мен
мемлекеттік органдардың қызмет ету аясын, ерекшелігін бірдей қолданып отыр.
Мемлекеттік корпорациялар мемлекет иелік ететін акциялар арқылы акционерлік
қоғам формасында да құрылуы мүмкін

1.3 Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау
тәжірибелері..

Шетел тәжірибесінде шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тәжірибелері
дамыған елдердің көпшілігінде экономикалық өсудің шешуші бір факторы шағын
бизнесті жан-жақты дамыту болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың жалпы
санының ішінде шағын және орта фирмалардың үлесі 80-нен 99 процентке
дейінгі мөлшерді қамтып, елдің жалпы ұлттық өнімінің 50 процентке жуығын
ондіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге
икемділігі − ғылыми-техникалық прогркстің негізгі бір қозғаушы күшіне
айналған. Германияда шағын кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен
меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей басқарудың бірлігі болып табылады.
Екінші сипаттама – кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің
шектеулігі, қожайын мен жұмыскер арасындағы өзіндік ерекше қатынас сипатын
білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі жақтың да бірдей мүдделігін,
ынталылығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің
ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек қана мүлік иесі
болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей
айналысып, оны ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді. Төртінші –
істі жанұялық негізінде жүргізу, яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі
ұйымдастыруға, жүргізуге атадан балаға мұра ретінде машықтану. Бесіншіден –
шағын кәсіпкерліктің тағы бір сипатты белгісі ретінде кәсіпорында
қаржыландыру мәслесесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды
негізінен капитал нарығы (қор биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын және
орта кәсіпорындар банктердің аздаған несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан да
олар үшін қаржыландыру мәселесі басты проблема болып табылады. Елдегі шағын
және орты бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден - барлық еңбекке
жарамды адамның 23 бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің жалпы ішкі
өнімінің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен
тіркелген патенттердің жартысынан артығын өндіріске енгізуге септігін
тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу орындарының 75
пайызын қамтитын кадрларды даярлау көзі ретіндегі рөлімен анықталады. Шағын
кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері олардың өз күшімен шешілуі мүмкін
емес. Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар шағын және орта бизнеске
мемлекеттік қолдау жүйесінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде: 1)
Европалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын
шегіне жеткізе шиеленістіретін товарлар, қызметтер, жұмысшы күші және
капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау; 2) технология
мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы,
оларға жұмсалатын күрделі қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың
тиімділігін арттыру. Германияда шағын бизнесті мемлекеттік қолдау жүйесінің
негізінде жатқан басты принцип - өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше
дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның
мақсаты - шағын және орта бизнестің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін
арттыру. Осыған байланысты мынадай шараларды атап өтуге болады. Германияның
федералды үкіметі қаржыландыру шараларды іс жүзінде асырып отыр. Олар –
шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған.
Бұл жердегі басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын және орта
фирмалардың позицияларын нығайтуға байланысты бірнеше рет қайта қаралған –
картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство (бізше монополияға
қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың бір-біріне қосылып кетуін қатаң
бақылап отырады; екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып тастап, шағын және
орта кәсіпорындардың кооперациялануына жеңілдік жасайды. Шағын бизнеске
қаржылық қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси шаралардың екінші бір құрамды
бөлігі - мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық
жағынан теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік
тапсырмаларды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын
реттейтін ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға байланысты
өздеріне қысым көрсетілетін болса, онда шағын фирмалар осындай мәселелерді
заңды түрде ретке келтіру үшін тиісті орындарға шағым жасауына болады.
Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі кезде
кеңінен пайдаланылып жүрген бұл жұмыстың үш түрі бар: 1) амортизациялық
аударымдардың арнайы нормалары; 2) пайданың салық салынбайтын резервтерін
жасау; 3) салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер.
Амортизациялық аударымдардың арнайы нормалары барлық инвестицияларға
қолданылып, жаңа жұмыс орнын аушаға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық
жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар шығаруға бағытталады.
Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептеп шығарылады, бірінші жылы
жұмсалған капиталдың 50 пайызы амортизацияланады, екінші жылы 30 пайызды
және үшінші жылы - 20 пайыз. Қаржылық жағынан қолдау. Федералды үкімет
тарапынан берілетін салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жеңілдік
жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер –
шағын бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Сондай-ақ өзінің
бастамасын Маршалл жоспары кезеңінен алатын европалық калпына келтіру
бағрламасы шеңберінде де едәуір қаражат бөлінеді. Қазіргі кезде бизнестің
бұл түрін қаржыландырудың негізгі көзі федералдық бюджет, оның қорлары,
Кредитанштальт фюр Видерауфбау (Майндағы Франкфурт), Дойче
аусглейхсбанк (Бонн) және Берлинер индустрибанк (Берлин) сияқты арнайы
үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиплер тікелей емес,
ақшаның дер кезінде қайтарылуына кепілдік беретін олардың өздерінің
банктері негізінде іс жүзіне асырылады. Сонымен қатар шағын фирмалар
федералды және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін де пайдалана алады.
Жаңа жұмыс орындарын ашу мен экономикалық аймақтық құрылымын жақсартуға
ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді. Инновациялық
салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдардың басында бір жыл
ішінде 750 млн маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырады. Бұл көмектің
ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына
қарай бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге енуге, консультацияларға,
капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері бар инновациялық
орталықтар. Шағын және орта бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау
олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті
ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды
жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс
жүзіне асырылады.

2 .ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2007-2009 Ж. АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІ
ТАЛДАУ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілері

Көп жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық деп танылатын кәсіпкерлер
қызметіндегі тәртіп бұзушылықтардың басым көпшілігін бақылау қадағалау
жөнінен көптеген негізгі функциялар берілген мемлекеттік органдардың
тексеру жүргізулері арқылы анықталып жатады. Осы орайда: - тексеру, бақылау
және қадағалау мәселелерін реттейтін құқықтық нормалар ,түрлі нормативтік
құқықтық нормалар, түрлі нормативтік құқықтық келісімдерде қарастырылған
және осы мәселе бойынша бірегей заң актісін қабылдау; -заң актілерінде
(Кеден, салық, әкімшілік кодекстері) кейбір мемлекеттік органдардың
мәртебесін айқындайтын заңдар және тағы басқа шағын және орта кәсіпкерлік
субьектілерін тексеруге ерекше қатынастар көзделмеген, сондықтан
мемлекеттік органдар қызметінің көлеміне қарамастан, кәсіпкерлерге бірдей
көзқараспен қарау; -тексеру, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша
рәсімдерді нақты бірыңғай суреттеу әдістерін белгілеуді ұйымдастыру. Түрлі
мемлекеттік органдар тексерулердің түрлі жіктемесін қолданады; -шағын
кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалаудың
қолданыстағы тәжірибесі анықталған тәртіп бұзушылықтар саны мен салынатын
айыппұлдарды нақты анықтау. -кәсіпкерлік субьектісі қызметінде төтенше
жағдай және тағы басқа туындаған ретте осы обьектіде тексеру. Қазақстан
Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің кейбір
ережелері шағын кәсіпкерліктің дұрыс дамуына кедергі жасайды. Дәлірек
айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерде салық салу тұрғысындағы
әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды санамағанда шағын
кәсіпкерлік субьектілерімен қатар ірі кәсіпкерлік үшін де бірдей етіп
белгіленген. Одан қалса айыппұлдардың жоғары қойылымдары шағын кәсіпкерлік
субьектілеріне заңға сәйкес айыппұл төлеуді немесе одан азырақ пара беріп
құтылып кетуді таңдауға итермелейді. Лицензиялауға, аккредитациялауға,
стандарттауға сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер
түрлерінің кең тізбесінің болуы іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерліктің
бастамасының өсуіне кедергі келтіреді. Осылайша негізгі әкімшілік
тосқауылдар ауыртпалығы болып табылады. -кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауда
қолданылмайтын заңға баіынышты келісімдердің саны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметіндегі бәсекені жүргізудегі экономикаға тигізетін әсері
Кәсіпкерліктің нарық жағдайындағы дамуының теориялық аспектілері
Туризм индустриясындағы бизнес жоспардың мән – мазмұны мен ерекшіліктері
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы
Экономикадағы кәсіпкерліктің рөлі мен теориялық негіздері
Шағын кәсіпкерлік субъектісін мемлекеттік қолдау қағидаттары
Аграрлық секторда кәсіпкерлікті дамытудың әлеуметтік-экономикалық тиімділігі (Моңғолия Республикасының Баян-Өлгий аймағының мысалында)
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Нарықтық экономика жағдайындағы шағын бизнесті ұйымдастырудың қажеттілігі мен экономикалық мәні
Шағын бизнесті дамытуды мемлекеттік қолдау
Пәндер