Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі



Мазмұны

Кіріспе..

І . Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі ... .
1.1 Еңбек рыногындағы мемлекеттің аралық қызметінің ролі..
1.2 Қазақстан Республикасындағы халықтың еңбекпен қамтылуы..

ІІ. Жұмыс пен инфляция ... ..
2.1 Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық
тұрақсыздықтың көрінісі...
2.2 Еңбек рыногындағы жұмыс күші ..

ІІІ. ҚР . ның Еңбек рыногының болашағы
3.1. Еңбек келісімін жасау
3.2. Еңбек рыногы ұйымдары
3.3. Жалақы құрылымы

Қорытынды ... ... ..

Пайдаланылған әдебиеттер...
Кіріспе

Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «рынок» деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла қойған жоқ.
Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы реттелетін әлеуметтік рынокты дамыту алыпсатарлармен күрестегі жеңістің «Көлеңкелі экономиканы» жоюдың алғы шарттары.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. Я.Әубәкіров Экономикалық теория негіздері. Алматы 1998
2. Б.С.Мырзалиев, С.А.Қалтаева, Ғ.З.Успанова,
С.С Ыдырыс. Экономикалық теория. Түркістан 2006.
3. Я.Әубәкіров. Экономикалық теоиря. Алматы 1999
4. Н.Назарбаев. Қазақстан 2030. Алматы 1997
5. А.С.Булатова. Экономика. Москва 1997
6. О.Қалдыбаев, А.Темирбаев Экономика. Алматы 1997
7. Н.Назарбаев. Қазақстан 2030. Алматы 1997

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе..

І . Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі ... .
1.1 Еңбек рыногындағы мемлекеттің аралық қызметінің ролі..
1.2 Қазақстан Республикасындағы халықтың еңбекпен қамтылуы..

ІІ. Жұмыс пен инфляция ... ..
2.1 Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық
тұрақсыздықтың көрінісі...
2.2 Еңбек рыногындағы жұмыс күші ..

ІІІ. ҚР – ның Еңбек рыногының болашағы
3.1. Еңбек келісімін жасау
3.2. Еңбек рыногы ұйымдары
3.3. Жалақы құрылымы

Қорытынды ... ... ..
Пайдаланылған әдебиеттер...

Кіріспе

Көп ғасырлық тарихы бар еңбек рыногының дамуы оның қызмет етуінің
айтарлықтай ерекшеліктерін көрсетеді. Жалпы рынок мәселесі төңірегінде осы
күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер
мен зерттеулерде рынок деген терминнің мәні осы күнге дейін толық ашыла
қойған жоқ.
Көпшілігі рыноктық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін
ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы
рынокты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет дәрі деп те,
немесе осы салада орын алып отырған олқылықтар мен қайшылықтарды тез
реттейтін керемет күш деп те дәріптеуде.
Рыноктың атқаратын басты қызметтеріне өндіріс пен тұтынудың
арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімділігін қамтамасыз ету жатады.
Рынокты сапалы жақсы тауарлармен толтыру мен қызмет көрсетуді
жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы
реттелетін әлеуметтік рынокты дамыту алыпсатарлармен күрестегі жеңістің
Көлеңкелі экономиканы жоюдың алғы шарттары.

І. Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі.

1.1 Еңбек рыногындағы мемлекеттің аралық қызметінің ролі.

Еңбек рыногы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми – техникалық
прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі
көтеруге көмектеседі. Еңбек рыногы жұмыс орны мен кәсіпті таңдауға, өмір
салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіздігін қамтамасыз етуге
жол ашады. Еңбек рыногы асқан жауапкершілікті, жинақтылықты, тәртіпті қажет
етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады,
сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің
міндеті – еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге
уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау
және қорғау.
Еңбек рыногы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа
көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық
әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар болмайды,
бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір артықшылығы
деген қағида берік орын алып келді.
Рынок қазіргі кезде кәсіподақ, мемлекет және корпорациялар тарапынан
реттеушілік ықпалына ұшырауда. Тағы бір атап өтетін жай осы рынокты реттеу
мұндағы тауарлардың ерекшеліктерімен жеңілдеу жүреді.
Еңбек рыногындағы әрекет ететін заңдар көрінісі ерекше сипатта болады.
Мұның себебі жұмыс күшін сатып алу, сату әр түрлі мерзімді еңбек шарты
түрінде жалдау негізінде жүреді. Сондықтан жекелеген жұмысшылар еңбек
рыногының жағдайынан тұрақты тәуелсізділікте болмайды. Еңбек келісінде
көрсетілген уақытша сатушы ағымдағы рынок конъюктурасынан шығып қалады.
Сонымен қатар еңбек келісімінде өндіріс тиімділігімен байланысты
экономикалық мәселелермен қатар саяси әлеуметтік, моральды – этикалық
жақтарына да ерекше көңіл бөлінеді.
Еңбек рыногын реттеу еңбекке деген сұраныс пен ұсынысқа әсер етуді
қамтиды. Реттеу объектілері жалақы жұмыс аптасының ұзақтығы, демалыс,
жұмысқа алу және босату, әлеуметтік қорғаудың түрлері және т.б.
Қазіргі рынок өзіне мемлекеттің де ықпалын сезінуде. Мемлекеттің заң
шығару қабілеті еңбек қатынастарының заңсыз қырларын қамтиды. Ол тек
экономиканың мемлекеттік секторындағы жұмыс күшіне сұранысты анықтап қана
қоймай, сонымен қатар жеке саланы да реттейді, сөйтіп ұлттық экономика
деңгейінде еңбекке жалдаудың негізгі көлемін анықтайды.
Еңбек рыногына мемлекеттік әлеуметтік бағдарламасының (табысы аз
отбасыларына көмек, жұмыссыздарға жәрдем, әр түрлі әлеуметтік төлемдер,
зейнеткерлерді қамсыздандыру және т.б.) үлкен әсері бар. Бұл бағдарламалар
жоғары нарықтың қысымында тұрған еңбекшілердің әлеуметтік – экономикалық
жағдайын тұрақтандырып, рыноктың механизмінің ауырлық тудыратын жақтарын
жақсартады. Нәтижесінде жұмысшы күші бағасының ерекше элементі көрінеді. Ол
еңбек рыногының қызметіне тікелей байланысты емес, одан тыс принциптерден
пайда болады.

1.2 Қазақстан Республикасындағы халықтың еңбекпен қамтылуы.

Еңбек рыногындағы мемлекеттің аралық қызметінің де ролі маңызды
мемлекет жұмыс орындарын іздестіріп табады. Жалпы еңбекке орналастыру
жөнінде информациялық орталық құрады. Жұмысшыны оқыту және қайта оқытудың
мемлекеттік жүйесі оларды өзгертіп отыратын рынок талаптарына, тез
үйренуіне көмектеседі.
Еңбек рыногын реттеуде еңбек биржасының алатын орны ерекше. Еңбек
биржасы – ол жұмысшылар мен кәсіпкерлер жұмыс күшін сатып алу, сату ісін
жүргізгенде және жұмыссыздықты тіркегенде аралық қызмет атқаратын мекеме.
Алғашқы еңбек баржилары ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ашылды. Ресейде
еңбек биржасы ХІХ ғасырдың басында пайда болды. Олар ірі өнеркәсіп
орталықтарында, атап айтқанда, Москва, Петербург, Рига, одесса сияқты
қалаларда құрылды. Ресейде еңбек биржаларымен қатар 1917 жылға дейін ақылы,
жеке аралық конторлар қанат жайды. Бұл күндері еңбек биржасы қызметін
негізінен мемлекеттік еңбек биржалары атқарады, оларды жұмыспен қамту
бюролары деп атайды және олар еңбек министрлігіне қарайды.
Еңбекпен қамтамасыз етудің мемлекеттік бюросы мысалы, мынадай
міндеттер атқарады: біріншіден, жұмыссыздарды еңбекпен қамтып,
мамандықтарын өзгерткісі келгендерге көмектесуде аралық қызмет етеді;
екіншіден, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты зерттейді; үшіншіден, кәсіпке
қажеттілік туралы информация береді; төртіншіден, жастарды жаңа кәсіпке
баулиды және әзірлейді. Мемлекеттің еңбек биржаларымен қатар әр түрлі
мамандықтар бойынша жұмысшыларды жалдаудың ақылы жеке агенттіктері де бар.
Кәсіподақтардың, жастардың діни ұйымдарының жанында еңбекке
орналастырудың аралық бюролары жайына еңбек биржалары айтарлықтай ықпал ете
алмай отыр. Еңбек биржалары беретін жұмысқа жіберу қағаздары кәсіпкерлер
үшін міндеттеме бола алмайды. Көптеген кәсіпкерлер жұмысшыларды өздерінің
кәсіпорындарындағы кадр бөлімі арқылы жалдап, жоғары маман жұмысшылардың
еңбек биржасының қызметін пайдаланбай, тікелей кәсіпорындармен байланысты.
80-жылдардың ортасында еңбек рыноктарын реттеуде елеулі өзгерістер
болды. Мұның өзі батыстың көптеген дамыған елдерінде неоконсервативтік
теориялық концепцияның өмірге нақты енуімен де байланысты еді.
Неоконсервативтік теоирялық көзқарас бойынша еңбек рыногын реттеу өзінің
икемділігінен айырылып, рынок болудан қалған. Оның теңдігінің бұзылуы
тұрақты сипат алған, мұның себебі әрекет ету механизміне реттеуші
субъектілердің араласуы шектен тыс болған. Мұның нәтижесінде экономикалық
өмір өндірістің тиімділігінің нашар өсуімен, тұрақты және кең көлемдегі
жұмыссыздықпен сипатталады. Жағдайдың одан әрі шиеленісуіне ғылыми –
техникалық прогресті жеделдету мен оның жаңа түрлері, сыртқы және ішкі
рыноктағы бәсекенің күшеюі жұмыс күшіне ерекше талаптар қойды. Ол жаңа
жағдайда жоғары кәсіптік мамандық дәрежесін көтеріп, аймақтық, тіпті
халықаралық деңгейге жоғарыландыруы қажет. Мұндай нәтижеге
неоконсерватистердің пікірінше, кәсіподақ пен мемлекеттің рынокқа тосқауыл
қойған жағдайында жету мүмкін емес.

ІІ. Жұмыс пен инфляция
2.1 Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық
тұрақсыздықтың көрінісі

Қазақстан Республикасындағы өтпелі кезеңдегі инфляция себептеріне
мыналарды жатқызуға болады:
- ұлттық экономикада өндірістің терең құлдырауынан болған тауар
тапшылығы;
- өндірілген өнімдерге энергетиканың, материалдардың, еңбектің
жоғарғы мөлшерде жұмсалуы;
- өз тауарлы мен қызметтеріне бағаны көтеруге мүмкіндік берген
жеке тауар өндірушілер мононолизмі;
- мемлекеттік бюджеттің тапшылығы оны бүркемелеу үшін мемлекет
қағаз ақша шығарады;
- мемлекеттің өнімсіз шығындарының жоғары деңгейі;
- басқа мемлекеттердегі экономикалық дағдарыстардың ықпалы.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Инфляция ашық және басыңқы инфляция
деп бөлінеді.
Ашық инфляция – еркін баға құрылымы экономикасына тән және тауар мен
қызмет көрсетуге үнемі бағаның өсуін байқатады. Егер макроэкономикалық тепе-
теңділік сұраныс жағына қарай өзгерсе және тұрақты бағаның қсуімен
байқалса, онда бұны ашық инфляция деп атаймыз.
Баяу инфляция кезінде бағалар баяу өседі. Инфляция 2-3% болған
жағдайда нарық үшін орынды құбылыс болып табылады.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи өседі. Мұндай
инфляцияға жол бермеу керек, себебі ол өте ауыр әлеуметтік – экономикалық
салдарға ұшыратады. Қазақстан Республикасында 1992 жылға дейін жасырын
инфляция басым болы, ол кейінірек ашық қарқынды инфляциялық сипатқа ие
болды. Сосын ұшқыр инфляцияға ұласты. 1993 жылы инфляция 1260%, 1994 жылы
1258%, ал 1995 жылдың аяғында теңге тұрақтана бастады, бұл кезде инфляция
төмендеп, 56-58% - ке қысқарды. Инфляция 1996 жылы 30%-тің маңайында болса,
1997 жылы 20% ал 2000 жыл аяғында 7 % -ке тұрақтады. Инфляцияның жалпы
деңгейін сипаттайтын тұтыну бағаларының индексі 1997 жылы – 11,2%, 1998
жылы 1,9,2000 жылы -9,8, 2001 жылы -6,4% құрады.
Инфляцияны тудыратын факторларға тәуелді инфляцияны екі типке
жіктейді:
- Сұраныс инфляциясы
- Ұсыныс инфляциясы

Сұраныс инфляциясы – артық сұраныстан пайда болатын бағаның жоғарылау
процесі. Барлық қолда бар ресурстар іске қосылғанда сұраныстың өсуі тауар
көлемінің ұлғаюына алып келмейді, бірақ өндірілген тауарларға бағаның
өсуіне алып келеді.
Ұсыныс инфляциясы - өнім бірлігіне келетін шығындардың өсуі
салдарынан пайда болатын инфляция. Шығынның артуы қалыптасқан баға
деңгейінде фирмалар ұсынуға дайын өнім көлемін қысқартады. Нәтижесінде
өзгеріссіз сұраныс жағдайында тауарлардың ұсынысы қысқарады да баға өседі.
Инфляцияның табысқа тигізетін ықпалын және нақты табыс арасындағы
айырмашылықты білу қажет.
Номиналды табыс – бұл жалақы, рента, процент ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рыноктық қатынастар
Еңбек рыногын реттеу, рыноктың мәні, атқаратын қызметі туралы
Рыноктың мәні және атқаратын қызметі
Халыққаралық валюта қатынастары
Халыққаралық валюта табыстары
Жалақы және жұмыссыздық түсінігі. Қазақстан Республикасындағы еңбек нарығын талдау
Қазақстан Республиксындағы бағалы қағаздар рыногының қалыптасу және даму проблемалары
Отандық корпоративті бағалы қағаздар рыногының жағдайына талдау
Қазақстанның бағалы қағаздар рыногы
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Пәндер