Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.тарау. Өндірістік кооператив ұғымы және оның жарғысы
1.1.Өндірістік кооператив түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.2.Өндірістік кооператив жарғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
2.тарау. Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары
2.1.Мүліктік жарна түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
2.2.Өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі құқықтары ... ... ... ... ... ... ... .13
ІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23
ІІІ Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
ІV Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Қазтұтынуодағы Қарағанды Экономикалық университеті
Экономика, Бизнес және Құқық колледжі

Арнайы (циклдік)

құқықтық пәндер

комиссиясы

Курстық жұмыс

Пәні: Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Жалпы бөлім)
Тақырыбы: Өдірістік кооператив
0205002 Құқықтану

Орындаған:
Тексерген:
Киакпаев Данияр
Берикболович

Қарағанды 2011 жыл
ЖОСПАР

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1-тарау. Өндірістік кооператив ұғымы және оның жарғысы
1.1.Өндірістік кооператив
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .4
1.2.Өндірістік кооператив
жарғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.9
2-тарау. Мүліктік жарна түсінігі және өндірістік кооператив мүшелерінің
негізгі құқықтары
2.1.Мүліктік жарна
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .12
2.2.Өндірістік кооператив мүшелерінің негізгі
құқықтары ... ... ... ... ... ... .. ...13
ІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
ІІІ Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...25
ІV
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .27

КІРІСПЕ

Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтерге экономикасынан
өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптенен себептері бар, олардың біреуі
— кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің
болмауы. Қазіргі уақытта, Азматтық кодекстің қабыддануына (оған арнайы
бөлім арналған) және өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты
жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардьщ
өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператин мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив
деп танылады. Өндірістік кооператив заңды тұлға болып табылады және
коммерциялық ұйымдардың қатарына жатады.
Өзінің еңбекке қатысуы (жай айтқанда, кооператив мүшесі онда жұмыс
істеуге тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және
шаруашьшық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы
ақша енгізумен аяқталатыи, қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес
болатын. Басқаша айтқанда, өндірістік кооператив дегеніміз — бұл ең
алдымен, еңбек бірлестігі, ал шауашылық, серіктестік — бұл ең алдымен
капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және
халықтық сипаты, міне, осы жағымеи айқындалады, оларды қомақты ақша
қаражаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін
азаматтар құра алады.
Осыған қарамастан, арнайы зандарда кездесетін өндірістік коопе-
ративтердің қызметін шектеу құқықтық тұрғыдан да, іс жүзінде де негізсіз
және ескірген көзқарастардың көрінісі болып табылады.

1-ТАРАУ
ӨНДІРІСТІК КООПЕРАТИВ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАРҒЫСЫ
1.1.Өндірістік кооператив түсінігі

Өндірістік кооператив дегеніміз – бұл бұрынғы кезде де, қазіргі уақытта
да кеңінен қолданылатын, адамдардың ұжымдық еңбегін ұйымдастырудың ескі
түрлерінің бірі. Революцияға дейінгі Ресейде артельдер түріндегі өндірістік
кооперативтер кең таралған болатым. Мысалы, Сібірде және Солтүстік
Қазақстанда елдің ішіңде сатуға жопс экспортқа шығаруға арналған сары
майдың басым бөлігі кооперативтік май шығаратын орыңдарда дайындалатын.[1,
189-б.]
Қазақстанда кооперативтік өндірістер қыш-құмыра және былғары
өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылды және Романовтар Үйінің 300 жылдығын
мейрамдау күндеріңде Қазақстанның делегацияның патшаға сыйға тартқан
ерекше әсем әрі мықты өңделген ат әбзелдері жиынтығының сол кездегі Ақмола
артельдерінің бірінде жасалуы кездейсоқтық емес еді. Жаңа экономикалық
саясаттың негізін құраған кооператинтор кеңестік Ресейді күйзелістен,
аштықтан және шаруашылықтың күйреуінен басты тұтқалардың бірі болды десек
артық айтқандық болмас.
Өкінішке қарай, қазіргі кезде өндірістік кооперативтерге экономикасынан
өзіне лайықты орын алмай отыр. Оның көптенен себептері бар, олардың біреуі
— кооперативтердің құрылуы мен қызмет етуінің тиісті құқықтық негізінің
болмауы. Қазіргі уақытта, Азматтық кодекстің қабыддануына (оған арнайы
бөлім арналған) және өндірістік кооператив туралы заңның шығуына байланысты
жағдай өзгеріп, кооперативтердің сандық және сапалық жағынан өсуі байқалды.
Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардьщ
өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператин мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив
деп танылады. Өндірістік кооператив заңды тұлға болып табылады және
коммерциялық ұйымдардың қатарына жатады.
Өзінің еңбекке қатысуы (жай айтқанда, кооператив мүшесі онда жұмыс
істеуге тиіс) факторы өндірістік кооперативтің акционерлік қоғамнан және
шаруашьшық серіктестіктен айырмашылығы болады, ал кейінгілердің қатысуы
ақша енгізумен аяқталатыи, қатысушының оларда жұмыс істеуі міндетті емес
болатын. Басқаша айтқанда, өндірістік кооператив дегеніміз — бұл ең
алдымен, еңбек бірлестігі, ал шауашылық, серіктестік — бұл ең алдымен
капиталдар бірлестігі. Өндірістік кооперативтердің демократиялық және
халықтық сипаты, міне, осы жағымеи айқындалады, оларды қомақты ақша
қаражаттары болмағанымен, жұмыс істей алатын жұмыс істегісі келетін
азаматтар құра алады.
Заңшығарушылардың өндірістік кооперативтер қызметінің принциптерін
көрсету керек деп есептеуі кездейсоқ жағдай емес, олар осы арқылы
кооперативтер қызметінің коомерциялық ұйымдар ретіндегі ерекшілігін ерекше
атайды. Мәселен, Өндірістік кооператив туралы заңның 1 -1 -бабына сәйкес
өндірістік кооперативтерді құрудың және олардың қызмет етуінің негізгі
принциптері мыналар болып табылады:
кіру және шығу еркіндігі;
мүліктік жарна енгізу міндеттілігі;
басқарудың демократиялылығы;
өзара жәрдем көрсету және оның мүшелері үшін экономикалық
пайда табуды қамтамасыз ету;
— өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпараттарды алу
мүмкіндігі. [2, 271-б.]

1.2.Өндірістік кооператив жарғысы

Өндірістік кооператив жеке кәсіпкерлік үшін заң актілерімен тыйым
салынбаған кәсіпкерлік қызметтің кез келген түрін жүзеге асыруға құқылы
(Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабы). Бұл заңның бұрынғы қолданыста
болған зандардан принципті айырмашылығы осында, оларда кооперативтер үшін
тыйым салынған қызмет түрлерінің арнайы тізбесі болатын (ал одан
бұрынырақта кооперативтер қатаң белгіленген өндіріс салаларында ғана
құрылуы тиіс деген тәртіп болған — ауылшаруашылық артельдері, балық
аулайтын кеңшарлар, кәсіпкерлік кооперациясы, алтын іздеушілер артельдері
және т.с.с). Сонымен бірге, кейде кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін
арнайы реттеп отыратын заң актілеріне осы қызметпен айналыса алатын заңды
тұлғалар түрлерінің тізбесі ішінде кооперативтер аталмайды (мысалы, банк
және сақтандыру қызметі). Әлбетге, бұл Өндірістік кооператив туралы заңға
қайшы келеді жөне ашық түрде кооперативтерді кемсітушілік болып табылады.
Алайда, мұнда заңның өзінің мынаны көздеген нормасын басшылыққа алуға тура
келеді: кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерін арнайы реттейтін заң
актілерінің ережелері өндірістік кооператив туралы осы заңның нормаларына
қайшы келетін жағдайда арнайы заң актілерінің ережелері қолданылады
(Өндірістік кооператив туралы заңның 2-бабын қараңыз).
Осыған қарамастан, арнайы зандарда кездесетін өндірістік коопе-
ративтердің қызметін шектеу құқықтық тұрғыдан да, іс жүзінде де негізсіз
және ескірген көзқарастардың көрінісі болып табылады.
Егер құрылған кооперативтің қызметі лицензияланатын қызмет түріне
жататын болса, кооператив оны лицензиясы болғаңда ғана жүзеге асыруға
құқылы.
Өндірістік кооператив жеке тұлғалардың — құрылтайшылардың жалпы
жиналысының шешімі бойынша құрылады. Бұрын қолданылын келгсн заңдардың
өндірістік кооперативке жеке тұлғалардың ғана емес, сондай-ақ мүліктік
салым салғанымен, әлбетте, оның қызметіне еңбекпен қатысуға тартылмайтын
тұлғалардың да қатысу мүмкіндігіне жол бергенін есте ұстау керек. "Қаржылай
қатысушы" деп аталатын мұңдай түлға кооперативтің материалдық жағдайын
нығайтуға өзінің жарналарымен жәрдемдесуге тиіс болды. Алайда тәжірибе
мынаны көрсетті: "қаржылай қатысушы" көп ретте кәсіпорындардың материалдық
құндылықтары мен ақшалай қаражатын жалған құрылған кооперативтерге аудару
үшін пайдаланылды, оларда мұндай құндылықтар мен қаражаттар ешқандай
қиындықсыз жалған тұлғалар немесе "қаржылай қатысушы" басшыларының туыстары
болған кооператив мүшелерінің өзіндік меншігіне өтті. Сонымен қатар,
кооператив мүшелері ретіңде занды тұлғалардың болуы осы ұйымдық-құқықтық
нысан мен шаруашылық серіктестік арасындағы айырмашылықты жойды. Сондықтан
ҚР Азаматтық кодексі және тұлғаларға ғана өндірістік кооперативтің
құрылтайшылары (қатысушылары) болу мүмкіндігіп берді. [3, 201-б.]
Кооператив — бұл қашан да бірнеше адамның еңбегін бірік-тіретіндіктен,
оны бір адам құра алмайды (оның бір адам құратын немесе бір адамнан
тұратын, яғни "бір адамның компаниясы" ретінде өмір сүретін акционерлік
қоғамнан айырмашылығы осында). АК-ның 96-бабының 2-тармағы кооператив
мүшелерінің саны екеуден кем болмауға тиіс деп белгілейді, бұл оның санының
ең төменгі мөлшері болып табылады (Ресейде мысалы, кооператив мүшелері
кемінде бесеу болуға тиіс). Мұндай шаманы белгілеудің себебі — заң
шығарушылардың кооператив құру мүмкіңдігін барынша жеңілдету — ол үшін екі
адамның қалауы жеткілікті болады.
16 жасқа жеткен, кооператив мүшесі болуға тілек білдірген және оның
қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуға қабілетті кез келгеи жеке тұлға
өндірістік кооперативтің мүшесі бола алады.
Заң кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен қатысуының
түрлері мен әдістерін ашып көрсетпейді. Демек, бұл мәселелерді тікелей
кооперативтің өзі шешеді. Мұнда еңбек шарты (келісім-шарт) бойынша жұмысшы
немесе қызметші ретінде кооперативте толық жұмыс күні жағдайларында жұмыс
істеу мүлде міндетті емес — кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу
қоса қызмет атқарудан тұруы мүмкін және ол негізгі жұмысынан (оқуынан) бос
кезінде жүргізілуі (айтпақшы, кооперативке кіру үшін негізгі жұмыс орны
немесе оқу әкімшілігінің келісімі талап етілмейді), үйге алын істейтін
жұмыс сипатында, азаматтық-құқықтық шарттар бойынша бір жолы және ауық-ауық
орындалатын, кооперативке белгілі бір қызметтер көрсету түрінде болуы
мүмкін. Бір сөзбеи айтқанда, егер ол кооперативтің мүдделеріне сай келетін
болса, жеке өз еңбегімен қатысудың алуаи түрі болуы мүмкін. Алайда қандай
жағдайларда болса да, мұңдай қатысу, біріншіден, кооперативке мүшеліктің
міндетті шарты болады, екіншіден, ол нақты сипатта болуға тиіс. Зейнетақы
жасына жеткенде адамдардың кооперативке мүүшелігін сақтау мүмкіндігі бұл
ерекшелік болып саналады.
Кәмелетке толмағандардың кооператив кіруі үшін олардың ата-аналарының
немесе асырап алушыларының, қамқоршыларының келісімін алу талап етіледі.
Бұл мынаған байланысты: кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен қатысу оның
мүшесінің еңбек қабілеттілігіне жетуі ғана емес, сондай-ақ кооперативке
кіру үшін мүліктік жарна төлеуді де қажет етеді, ал бұл азаматтық-құқықтық
әрекет қабілетілігіне талап етеді.
Өндірістік кооператив өзінің қызметін жарғының не құрылтай шарты мен
жарғының негізінде жүзеге асырады. Өндірістік кооперативтің ұйымдық-
құқықтық нысанында құрылатын шағын кәсіпкерлік субъектілері де өз қызметін
мазмұнын ҚР Үкіметі айқындайтын үлгі жарғының негізінде жүзеге асыруы
мүмкін. Бұл шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кооператив құру және оның
қызметін ұйымдастыру процесін жеңілдету үшін істелген, өйткені жарғыны жеке-
дара жасау кооперативтің болашақ мүшелерінің қолынан келмейтін арнайы
танымды талап ететін айтарлықтай қиын міндет болып табылады.
Егер өндірістік кооперативтің құрылтайшылары оны құруды жарғыдан басқа,
құрылтай шартымен рәсімдейтін болса, бұл шартта мыналар болуға тиіс:
өндірістік кооперативті құру туралы шешім, оның фирмалық атауы және
тұрғылықты жері;
олардың аты-жөні, туылған кезі мен орны, тұрғылықты жері
көрсетілген кооператив мүшелерінің дербес құрамы;
кооператив құру қызметінің тәртібі;
құрылтайшылардың кооператив меншігіне беретін мүліктік
жарналарының құрамы мен мөлшері туралы мәліметтер;
кооперативті құру және тіркеу үшін қызметі қажет болатын
корпоративтің лауазымды тұлғаларын тағайындау (сайлау туралы
шешім);
кооперативті құру және оның жұмысын ұйымдастыру мәселелерін шешуге
байланысты аталған адамдардың өкілеттіктерін айқындау;
кооперативтің жарғысын бекіту;
пайда мен залалды бөлу тәртібі;
— құрылтайшылардың кооперативтен шығу тәртібі.
Өндірістік кооперативтің құрылтай шартына заң актілеріне қайшы
келмейтін басқа да шарттар енгізілуі мүмкін.
Құрылтай шартына оның барлық құрылтайшылары қол қояды. Бұл арқылы осы
кооперативті құратын барлық тұлғалардың оның болашақ қызмет жағдайларымен
келісетіні жөне оған мүшеліктен туындайтын міндеттемелерді (оның ішінде,
мүліктік жарнаны енгізуге және кооператив қызметіне жеке өз еңбегімен
қатысуға байланысты) өздеріне қабылдайтыны баса көрсетіледі. [4, 143-б.]
Өндірістік кооператив туралы Заң құрылтай шарты коммерциялық құпияны
құрайтын құжаттардың құрамына кіреді және кооператив басқармасының
шешімімен ғана, не заң актілерінде белгіленген жағдайларда мемлекеттік және
өзге де ресми органдарға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға көрсетуге жатады деп
көздейді. Демек, құрылтай құжаты кооперативтің ішкі қажеттеріне қызмет
ететін және кооперативтің мүшелеріне ғана арналған өзінің қызметтік құжаты
ретінде қарастырылады. Сондықтан әлде кімнің және белгілі бір мақсаттар
үшін (мысалы, кооперативті мемлекеттік тіркеу процесінде) кооперативтен
оның құрылтай шартын талап етуі, әрине, занда көзделген реттердеи басқа
жағдайларда (мысалы, тиісті істерді қарау немесе тергеу барысында соттың
немесе тергеу органдарының талап етуі бойынша) заңсыз болып табылады.
Кооператив басқармасының келісімінсіз немесе рұқсатынсыз құрылтай шартының
талаптарын жария еткен кооператив мүшесі оның лауазымды адамы
кооперативтің коммерциялық құпияны бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Өндірістік кооператавтің жарғысында мыналар туралы мәліметтер болуға
тиіс:
кооперативтің фирмалық атауы;
кооперативтің тұрғылықты орны;
3) өндірістік кооперативке мүшелер қабылдау, оларды шығару
тәртібі, олардың құқықтары мен міндеттері;
кооперативтің басқару және бақылау органдарының құрамы және
құзіреті туралы, оның ішінде шешімдер бірауыздан немесе білікті
көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер бойынша ережелерді жасау
тәртібі;
өндірістік кооперативтің әрбір мүшесінің жарнасының мөлшері,
өндірістік кооператив мүшелерінің құрамы және мүліктік жарнаны
енгізу тәртібі және олардың жарна салу жөніндегі міндеттемелерін
бұзғаны үшін жауаптылығы;
кооператив мүшелерінің оның қызметіне жеке өз еңбегімен
қатысуының сипаты және тәртібі және жеке өз еңбегімен сипаты және тәртібі
және өз еңбегімен қатысу жөніндегі міңдеттемелерді бұзғаны үшін
жауаптылығы;
кооператив пен оның мүшелері, кооперативтің атқарушы органы, мен
қызметкерлердің еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар.
кооперативтің таза табысы мен шығындарын болу тәртібі,
9)кооперативті қайта ұйымдастыру жөне тарату тәртібі,
Өндірістік кооперативтің жарғысында ол турлы заңға қайшы келмейтін басқа да
ережелер болуы мүмкін.
Кооперативтің фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ, "өндірістік
кооператив" деген сөздер болуга тиіс.
Жарғыны құрылтайшылардың жалпы жиналысы бекітеді. Өндірістік кооператив
туралы заңда көзделген тәртіппен, кооператив мүшелерінің жалпы жиналысының
шешімімен жарғыға өзгерістер енгізіледі (өндірістік кооператив туралы
заңның 15-бабын қараңыз).
Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы қол қояды. Өндірістік
кооперативтің жарғысы мемлекеттік және өзге де ресми органдарға, сондай-ақ
кооперативпен шарттық қатынастары бар немесе осындай қатынастар орнатуды
қалайтын үшінші тұлғалар талап етуі бойынша көрсітіледі. Осылайша,
құрылтай шартынан өзгеше, кооператив жарғысы ашық құжат болып табылады.
Мына жағдайда назар аударған жөн: кооперативтің құрылтай шарты мен
жарғының мазмұны туралы сөз еткенде, Өндірістік кооператив туралы заң екі
құжаттан да оларда кооперативтің нысанасы мен қызмет мақсаттарының
көрсетілуін талап етпейді. Бұл кездейсоқ нәрсе емес: заң шығарушылар
кооперативке өзі айналысатын кәсілкерлік қызмет түрін таңдаудың толық
еркіндігін бере отырып, сондай-ақ қалыптасқан нарық, жағдайларына қарай
(өндіріс конверсиясы) кез келген сәтте бұл қызмметті ауыстыру мүмкіндігін
беру арқылы кооперативтің арнайы құқықтық қабілеттілігін жарғы арқылы
бекітуді талап етпейді. Сонымен бірге, егер кооператив әлде бір себептерге
байланысты өзі қызметінің мамандауын немесе бағытын (нысанасын, мақсатын)
жарғыда көрсеткісі келсе, оның мұны істеуге құқығы бар. [5, 128-б.]
Кооператив жарғысы бірауыздан бекітілуі тиіс (Өндірістік кооператив
туралы заңның 6-бабының З-тармағы). Мұндай ереженің қабылдануы мынаған
байланысты: өндірістік кооператив азаматтардың ерікті бірлестігі болып
табылатын және өзінің барлық мүшелерінің бірлескен еңбек әрекетіне
негізделеді. Сондықтан кооперативтің ұйымдастырылу және қызмет ету
жағдайлары оның әрбір мүшесі үшін тиімді болуы тиіс, мұны оның жарғысына
бірауыздан қол қою дәлелдейді. Жарғыны бекіте отырып, кооперативтің әрбір
мүшесі өзіне белгілі бір міндеттер алады (ең алдымен, кооперативке қосатын
мүліктік жарнасы және да онда жұмыс істеуі арқылы). Егер құрылтайшылар
кооперативтің қандай болуы, мүліктік жарналардың мөлшері, оның қызметіне
жеке өз еңбегімен қатысуы немесе басқа да шарттар жөнінде ортақ пікірге
келе алмаса, бұл кооперативті дәрменсіз деп санау керек. Осы секілді
құрылтайшылардың көпшілігінің пікірімен келіспейтін тұлға мұндай
кооперративтің мүшесі бола алмайды.
Өндірістік кооператив мүлкін қалыптастырудың мынадай көздері бар:
❖ кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары. Бұл кіру жарналары
арқылы кооператив мүлкі қалыптасатын оны ұйымдастыру сотіне тон,
сондай-ақ кейін, белгілі бір төтенше жағдайлардың салдарынан
кооператив өз қатысушыларның қосымша жарналары түріндегі қаражат
тартуға мәжбүр болатын кезеңге тән; кооперативтің қызметінен алынған
табыстар. Қалыпты жұмыс істеп тұрған кооператив үшін бұл оның
мүлкін еселей түсудің негізгі әдісі;
❖ заң актілерімен тыйым салынбаған өзге де көздер.
Заң кооперативі құру шарты ретінде оның қалыптасқан жарғылық қорының
болуын талап етпейді, бұл кооперативтердің, мысалы, акционерлік қоғамдардан
және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерден айырмашылығы болып табылады,
оларда бұл қор едәуір шамаиы құрайтындықтан, оларды құрылтайшыларының
айтарлықтай залал шегуіне әкеп соқтырады. Жарғылық қордың болуын талап
етпеу, сөз жоқ, өндірістік кооперативтер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндірісті кооперативті басқару және мүшелік
Өндiрiстiк кооперативтің –коммерциялық ұйым ретінде заңды тұлға ретiнде түсінігі
Жеке тұлғалар құқықтық қатынастардың субъектісі ретінде
Кооператив мүшелерінің құқықтары
Өндiрiстiк кооператив туралы ақпарат
Өндірістік кооперативтер
Жарғысын өзгерту
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру
Өндірістік кооперативтегі корпоративтік құқықтық қатынастардың мәселелері
Коммерциялық ұйымдар
Пәндер