Бизнес жүйесі



Кіріспе
1.тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары
1.3 Басқару функциялары
2.тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру
3.тарау «СТН».ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 «СТН» ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі экспорттық бағыты
3.2 «СТН» ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы
3.3 «СТН» ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ 3
1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері 5
1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары 12
1.3 Басқару функциялары 19
2-тарау БИЗНЕС ЖҮЙЕСІ 24
2.1 Бизнес жүйесі және бизнесті басқару жүйесі 27
2.2 Басқарудың экономикалық механизмі 30
2.3 Функционалдық стратегияларды жүзеге асыру 34
3-тарау СТН-ҚАЗАҚСТАН МҰНАЙЫН ТАСЫМАЛДАУДЫҢ БОЛАШАҒЫ 40
3.1 СТН ЖШС жүйесі бойынша Қазақстан мұнайын тасымалдаудың негізгі
экспорттық бағыты 41
3.2 СТН ЖШС тың қатысуымен мұнай транзиті туралы 43
3.3 СТН ЖШС алдында тұрған аса маңызды міндеттерінің бірі 44
Қорытынды 45
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 47

Кіріспе

Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың жағдайына
үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі, жұмыс
күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару
(менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі
факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен,
еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және
сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын
адамдарға қажеттілік пайда болды.
Басқарудың теориясы мен тәжірибесі ежелгі дүниеден бастап, бүгінгі күнге
дейін өзінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолын жүрді. Оған себептер –
көптеген оңжылдықтар бойы мыңдаған адамдар қатысып салынған ертекездегі
орасан күрделі құрылыстар. Бұны басқарудың әдістері мен құралдарын
қолданбай жасау мүмкін емес екені айқын шығар.
4 мың жылдай бұрын адамдар ұжымын басқарудың әдістері мен стилі жөнінде
Птаххотептің ілімі деп аталатын бірінші трактат жазылған еді. Дәл сол
кездері Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі пайда болды. Онда
табысталған жұмыс үшін жауапкершілік орнатылды, ең аз жалақының деңгейі
анықталды және құжаттық есеп беру енгізілді.
Адамзаттың тарихы – бұл көптеген соғыстардың және, сонымен қатар, әскери
басқарудың, оның стратегиясының және тактикасының тарихы. Мемлекеттерді
қалыптастыру мен нығайтудың үрдістері мемлекеттік басқару қалайша дамып
келгенінін көрнекті мысалы бола алады. Социумды басқару өнеріне айтарлықтай
үлесін Ежелгі Греция мен Римнің ойшылары қосты.
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың ерте сатыларында кәсіпкер-меншік
иесі өзінің меншігін өзі басқарды. Бірақ өндірістің күрделенуі мен іріленуі
нәтижесінде басқарудың мәселелері де күрделене түсті, шешімдерді
қабылдайтын тұлғалардың жауапкершілігі жоғарылай бастады, басқаруда
жіберілген қателіктердің теріс салдарының маңызы ұлғая бастады. Сондықтан
басқарудың басқарушылар жұмысының тиімділігін көтеруге жәрдемдесетін және
капитал иелерінің тәуекелдіктерін төмендететін ғылыми негіздерін құрудың
қажеттілігі пайда болды.
Басқару саласындағы бірінші ғылыми жұмыстар бірінші өнеркәсіптік
революция кезінде пайда болды. Сөйтіп, Вена университетінің профессоры
Штейн Л. (1815-1890) Әкімшілік басқару туралы ілім атты 8-томдық еңбек
жазды. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздері мен оны басқару
жүйелері ағылшын экономистер Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардоның
(1772-1823) еңбектері арқасында жасалынды. Экономикалық теорияға үлкен
үлесті К.Маркс пен Ф.Энгельс енгізді.
Бірақ та XX ғасырдың басына дейін басқарудың бір тұтас ғылымы жоқ болды,
басшылық ету өнер болып табылды да, көбінесе басшылардың жеке тәжірибесі
мен түйсіктеріне негізделді.

1-тарау БАСҚАРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Басқару – бұл адамның, әлеуметтік топтардың және қауымдастықтардың
әртүрлі объекттерге және қоршаған дүниеде өтіп жатқан үрдістерге, соларға
қатысып жатқан адамдарға және адамдар арасындағы қарым-қатынастарға
үрдістерге белгілі бір бағыт беру және қаланылған, талап етілетін,
белгіленіп қойылған нәтижелерді алу мақсатымен саналы түрде ықпал ету
(Райзберг Б.А., 2003). Американдық ғалым П.Друкердің пікірі бойынша
басқару – бұл қызмет етудің ұйымдастырылмаған жұртты тиімді белгілі бір
мақсатқа бағытталған және өнімді топқа айналдыратын айрықша бір түрі.
Басқарушылық ықпалдар бағытталған басқару объектісіне тәуелді қоғамның,
мемлекеттің, экономиканың, әлеуметтік үрдістердің, ұйымдардың, өндірістік
ұжымдардың, үй шаруашылықтарының және т.б. басқарылуын айыруға болады. Осы
объекттердің барлығы әлеуметтік-экономикалық жүйелер болып табылады. Әйтсе
де, бізді қоршаған өмірде табиғи және техникалық жүйелердің табына жататын
басқарудың көптеген басқа объекттері де кездеседі. Сондықтан, кең мағынада
айтқанда басқару – бұл қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін басқарылатын
объектке ықпал етудің үзіліссіз үрдісі.
Сөйтіп, басқару объектісі ретінде келесілер алынуы мүмкін: биологиялық
жүйе, табиғи орта, адамдық өркениет, әлемдік экономика, мемлекет, оның
экономикасы, аймақ, сала, кәсіпорын, адамдардың ұжымы, жанұя, жеке адам,
техникалық жүйе немесе техникалық құрал, көлік, әртүрлі құбылыстар,
үрдістер, ресурстар және т.с.с. Осындай объекттердің барлығы өздеріне ғана
тән ерекшеліктерге ие болғанына қарамастан, оларды басқару жалпыға бірдей
заңдарға, принциптерге, ережелерге және әдістерге бағынады.
Берілген курс шеңберінде басқару объекттері ретінде әлеуметтік-
экономикалық және ұйымдастырушылық жүйелер алынады. Бұндай жүйелердің
ерекше сипаты – бұл олардың ішінде күрделі болып табылатын және мінездері
алдынала болжана алынбайтын адамдардың бар болуы. Сол себептен бұндай
жүйелерді тиімді басқару орасан зор және әлі аяғына дейін шешіле қоймаған
мәселе болып табылады.
Басқаратын жүйеден (басқару субъектісінен) басқарылатын жүйеге
(басқару объектісіне) сигналдар (тапсырмалар, әмірлер) барады. Кері
байланыс каналы арқылы басқаратын жүйенің кірісіне басқару объектісінің
жағдайы және келіп түскен тапсырмалар немесе әмірлердің орындалу нәтижелері
жайлы ақпарат келіп түседі.
Керек болған жағдайда басқару объектісіне басқарушы ықпалдардың
түзетілуі жүзеге асырылады және оның сәйкес реттелуі іске асырылады. Сыртқы
орта, басқару объектісі және субъектісі арасында ақпарат пен ресурстардың
үзіліссіз айырбасы жүріп жатады, ал бұл қоршаған ортадағы өзгерістерді
үзіліссіз түрде қадағалау және басқару үрдісінің осындай өзгерістерге теңбе-
тең түрде жауап қайтару қажеттілігін тудыртады.
Соңғы уақытта басқару, басқарушы, басшы түсініктерін менеджмент,
менеджер деген сөздерімен алмастыру жиі кездесіп жатыр. Бұл менеджер
деген сөзі ағылшынның to manage – басқару дегеннің туындысы екендігінен
болады. Дегенмен, бұндай алмастыру онша дұрыс емес, себебі қазақ тіліндегі
басқару түсінігі кеңірек мағына ие болады да, оларда адам бар не
жоқтығына қарамастан басқарудың мүмкін болатын объекттерінің бәріне де
(табиғи, техникалық, әлеуметтік) қолданыла береді. Менеджмент сөзіне
тоқталатын болсақ, оған көбінесе басшылық, әкімшілік сөздері сәйкес
келеді. Басқару мен менеджмент түсініктерін әлеуметтік-экономикалық
немесе ұйымдастырушылық жүйелерге ғана қатысты қолдануға болады. Ал егер
табиғи немесе техникалық жүйелерді басқару жөнінде сөз болса, онда бұл
жерде менеджмент, менеджер сөздерін пайдалану орынсыз болады.
Әлемнің өнеркәсібі дамыған елдерінде менеджменттің дамуына көп көңіл
бөлінеді. Оған негізгі түрткі – капитал иелерінің оларды тиімді басқаруға
және қатаң бәсекелестік күрес және нарықтардың жоғары тұрақсыздығы
жағдайында жылдам өсіруге тырысуы. Бұған қарағанда бұрынғы КСРО-да
басқарушылық ғылымның дамуы мемлекеттік меншік нысанының басымдылығы және
басқарудың әкімшілік-әміршілдік жүйесі жағдайында өтті, ал бұл нәтижесінде
бүкіл елді құлдырауға әкеліп соқтырды. Бірақ та, бұл – кеңес ғалымдарының,
басшыларының және мамандарының ең ЖШСсы жетістіктерін ұмытқыздыру керек
деген сөз емес. Бұған қарағанда басқарудың әлемдік және отандық ғылымы мен
тәжірибесінде алынған ең ЖШСсының барлығын пайдалану секілді позициясын
ұстану әлдеқайда тиімдірек болар.
Басқару ғылымы зерттеу объектісінің ерекшелігіне сәйкес әдістемелік
тәсілдерді анықтайды, басқару объектісіне белсеңді ықпал етудің жүйесін
және әдістерін жасап шығарады және зерделенетін үрдістерді алдынала көру
және болжау әдістерін анықтайды (Кнорринг В.И., 1999). Басқару – бұл
маңызды ғылым ғана емес, сонымен қатар, бұл – адамзаттың бүкіл тарихы
барысында үзіліссіз түрде дамып келе жатқан күрделі өнер.
Басқару өнері тәжірибеде қабылданып жатқан барлық басқарушылық шешімдер
ғылыми негізделе алмайтынымен айқындалады. Көп жағдайда бұл шешімдер оларды
қабылдайтын адамдардың түйсіктеріне негізделеді. Сондықтан шығармашылық
құрамдас олардың қызмет етуінде айтарлықтай рөл атқарады. Шың, өнерлі
басқарушы бір мезетте ақпарат пен уақыттың тапшылығы жағдайында айрықша
шешімдерді қабылдауға қабілетті ғалым да, зерттеуші де, шығарымпаз да
болып келеді.

1.1 Басқару ғылымының заты, әдістері және мәселелері

Басқару ғылымының зерделеу заты. Басқару теориясындағы зерттеулердің
заты – бұл басқарушылық үрдісті ұйымдастыру заңдылықтары және осындай
үрдіс барысында адамдар арасында пайда болатын өзара қарым-қатынастар.
Тағы да бір қолданыла алатын анықтама мынадай: басқару ғылымының зерделеу
заты – бұл алдарында тұрған мәселелерді шешетін адамдардың бірлестіктеріне
тиімді ықпал етуді ұйымдастыру үрдістері. Бұл анықтамаларды басқару сөзі
адамдардың ұжымдарына жатады. Сондықтан да, берілген жағдайда оны
менеджмент сөзінің синонимі ретінде қолдану орынды деуге болады.
Дамып келе жатқан ғылым ретіндегі менеджментте қазіргі уақытта оның
ұйымдарды ғылыми басқарудың әдістемелік негіздері, басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымдары, басқару функциялары, басқару үрдістері,
стратегиялық менеджмент, кадрлық менеджмент, қаржылық менеджмент,
инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, өндірістік менеджмент,
экологиялық менеджмент және т.б. сияқты бағыттары қалыптасты. Олардың
барлығы да 050507 Менеджмент мамандығының оқу жоспарына кіретін арнайы
пәндер шеңберінде оқытылады.
Басқару тәжірибесі ретіндегі менеджментке мыналар кіреді: өндірісті
басқару; маркетингті басқару; қаржыларды басқару; еңбек ресурстарын
басқару; басқарушылық есепке алу, талдау және бақылау; стратегиялық,
ағымдық және жедел жоспарлау және т.с.с.
Менеджменттің әдісі деп ұйым ішіндегі адамның мінез-құлығының, өзара
байланыстардың және ұйымдағы адамның өзара ықпал етуінің ғылыми талданылуын
айтады. Оның негізіне диалектикалық қатынас қойылған. Бұл қатынас бойынша
басқарушылық мәселелер олардың әрдайым өзара байланысында, қозғалысында
және дамуында қарастырылады, қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары
қарай, нақтыдан абстракттыға қарай, ескіден жаңаға қарай бағытта
зерделеніледі.
Менеджмент шешуі тиіс негізгі мәселелер – ұйым алдында тұрған
мақсаттарға қол жеткізу үшін адамдардың бірігуі, персоналдың үзіліссіз
дамуы, жұмыскерлердің қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың еңбекке
ынталануы және табысталған іс үшін жеке жауапкершілігі, ұйым ішіндегі,
сонымен қатар, сыртқы дүниемен де тиімді коммуникация, кәсіпорынның қызмет
ету нәтижелерін бағалау үшін әртүрлі құралдарды қолдану және т.с.с.
Кезкелген ұйымның қызмет етуі барысында оның жұмыскерлері арасында
белгілі бір басқарушылық қарым-қатынастар пайда болады, бұнда әрбір
жұмыскер белгілі бір қызметтік міндеттерді орындайтын басшы жәненемесе
бағынышты ретінде болады. Басшының міндетіне мақсаттарды анықтау,
бағыныштыларға тапсырмаларды үлестіріп беру, олардың орындалуын қадағалау,
алынатын нәтижелерді талдау, өзі басқаратын ұжымның тиімді жұмысын
ұйымдастыру жатады. Ал атқарушылар болса, оларға табысталған тапсырмаларды
уақытында және сапалы түрде орындаулары, жеке және ұжыммен жұмыс істей
алулары, ұжымдағы қалыпты психологиялық климатты ұстай білулері тиіс.
Кезкелген ұйымның қызмет етуі үшін оған сыртқы ортаның тигізетін
ықпалдарының да маңызы зор. Өзінің сипаты бойынша олар саяси, халықаралық,
экономикалық, нарықтық, технологиялық, әлеуметтік және т.с.с. болуы мүмкін.
Ұйымдарды басқару шың мәнінде тиімді болуы үшін В.И.Кноррингпен
басқарудың ғылымы мен өнерінің генеалогиялық ағашына біріктірілген
ғылымдардың кең спектрі қолданылады.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайына және бүкіл экономиканың
жағдайына үш негізгі фактор ықпал етеді: техника мен технологияның деңгейі,
жұмыс күшінің сапасы және еңбекке ынталандыру, ұйымдастыру және басқару
(менеджмент). Менеджмент жүйе құрушылық сипатқа ие болады да, қалған екі
факторға тікелей ықпалын тигізеді. Дәл осы себептен басқару капиталмен,
еңбекпен және жермен қоса өндірістің айрықша факторына іріктеледі және
сондықтан қоғамда менеджерлерге – басқарумен кәсіптік түрде айналысатын
адамдарға қажеттілік пайда болды.
Басқарудың теориясы мен тәжірибесі ежелгі дүниеден бастап, бүгінгі күнге
дейін өзінің қалыптасуы мен дамуының ұзақ жолын жүрді. Оған себептер –
көптеген оңжылдықтар бойы мыңдаған адамдар қатысып салынған ертекездегі
орасан күрделі құрылыстар. Бұны басқарудың әдістері мен құралдарын
қолданбай жасау мүмкін емес екені айқын шығар.
4 мың жылдай бұрын адамдар ұжымын басқарудың әдістері мен стилі жөнінде
Птаххотептің ілімі деп аталатын бірінші трактат жазылған еді. Дәл сол
кездері Вавилонның патшасы Хаммурапидің заңдар кодексі пайда болды. Онда
табысталған жұмыс үшін жауапкершілік орнатылды, ең аз жалақының деңгейі
анықталды және құжаттық есеп беру енгізілді.
Адамзаттың тарихы – бұл көптеген соғыстардың және, сонымен қатар, әскери
басқарудың, оның стратегиясының және тактикасының тарихы. Мемлекеттерді
қалыптастыру мен нығайтудың үрдістері мемлекеттік басқару қалайша дамып
келгенінін көрнекті мысалы бола алады. Социумды басқару өнеріне айтарлықтай
үлесін Ежелгі Греция мен Римнің ойшылары қосты.
Нарықтық экономиканы қалыптастырудың ерте сатыларында кәсіпкер-меншік
иесі өзінің меншігін өзі басқарды. Бірақ өндірістің күрделенуі мен іріленуі
нәтижесінде басқарудың мәселелері де күрделене түсті, шешімдерді
қабылдайтын тұлғалардың жауапкершілігі жоғарылай бастады, басқаруда
жіберілген қателіктердің теріс салдарының маңызы ұлғая бастады. Сондықтан
басқарудың басқарушылар жұмысының тиімділігін көтеруге жәрдемдесетін және
капитал иелерінің тәуекелдіктерін төмендететін ғылыми негіздерін құрудың
қажеттілігі пайда болды.
Басқару саласындағы бірінші ғылыми жұмыстар бірінші өнеркәсіптік
революция кезінде пайда болды. Сөйтіп, Вена университетінің профессоры
Штейн Л. (1815-1890) Әкімшілік басқару туралы ілім атты 8-томдық еңбек
жазды. Нарықтық экономиканың теоретикалық негіздері мен оны басқару
жүйелері ағылшын экономистер Адам Смит (1723-1790) пен Давид Рикардоның
(1772-1823) еңбектері арқасында жасалынды. Экономикалық теорияға үлкен
үлесті К.Маркс пен Ф.Энгельс енгізді.
Бірақ та XX ғасырдың басына дейін басқарудың бір тұтас ғылымы жоқ болды,
басшылық ету өнер болып табылды да, көбінесе басшылардың жеке тәжірибесі
мен түйсіктеріне негізделді.
Басқару ғылымының негізін қалаушысы болып американдық инженер және
зерттеуші Ф.Тейлор саналады. 1911 жылы ол Ғылыми басқару принциптері деп
аталатын кітабын шығарды, онда басқаруды не істеу керектігін және оны ең
ЖШСсы, ең арзан жолмен қалай істек керектігін нақты білу өнері деп
анықтады. Тейлор басқарушылық функциялардың төрт тобын айырды: мақсатты
таңдау, құралдарды таңдау, құралдарды дайындау, нәтижелерді бақылау. Өзінің
зерттеулері нәтижесінде ол мынадай қорытындыға келді: ғылыми басқару – бұл
еңбекті үнемдейтін қандай-да бір құрал. Тейлордың пікірі бойынша басқару
төрт базаға: нормалауға, тапсырманы орындау мерзімдеріне, атқарушылардың
ақыл-ой және физиологиялық мүмкіндіуктерін зерделеуге, оларды іріктеу мен
оқытуға және атқарушы жұмысының соңғы нәтижесін әділетті мадақтауға
негізделеді.
Еңбектің ғылыми ұйымдастырылуында айтарлықтай үлес американдық
автомобиль өнеркәсібінің негізін қалаушысы Генри Фордпен қосылған еді.
Автомобильдерді құрудың конвейерлік тәсілін пайдалану жөніндегі Форд
ұсынған дәстүрлердің арқасында олардың бағасы бәсекелес компанияның
бағасымен салыстырғанда талайға төмендетілді.
Басқару бойынша бірінші оқулық 1932 жылы жарық көрді және Машиналардың
және өндірістің экономикасы деп аталды. Оның авторы ағылшынның математика
профессоры, инженер және кәсіпкер Ч.Бебидж болды.
Француз ғалымы мен топ-менеджер Анри Файоль (1841-1925) әкімшілдік
басқарудың классикалық мектебінің және басқаруда адамдық факторды есепке
алу жүйесінің негізін қалаушысы болып табылады. Ол 1916 жылы басқарудағы
жоғарғы деңгейлердің жұмысын зерделеген Жалпы және өнеркәсіптік әкімшілік
деп аталатын үлкен еңбегін жазды. Кәсіпорында орындалатын барлық
операциялардыФайоль алты топқа бөлді: техникалық, коммерциялық, қаржылық,
күзету, есептік және әкімшілдік. Осындай топтардың әрқайсысында менеджер
жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру (координация), ынталандыру және бақылау
функцияларын жүзеге асырады. Файольдің пікірінше басқару – бұл кәсіпорынды
оның ресурстарын ең ЖШСсы түрде пайдалануға, осындай алты негізгі
функцияның дұрыс жүру барысын қамтамасыз етуге тырысып, мақсатқа қарай
жетектеу. Оның басқаруға қатынасы дәстүрлі рационалистік қатынасқа
қарағанда үрдістік қатынас деп аталады. Файольмен қалыптастырылған
әкімшілдік басқару принциптері қазіргі уақытта да актуалды болып саналады.
Мемлекеттік басқаруды жетілдіру үшін ағылшын экономисті, соның атымен
кейнсиандық теория деп аталған экономиканы мемлекеттік реттеу теориясының
негізін қалаушыларының бірі – Джон Кейнстің (1883-1946) ой-пікірлері аса
пайдалы болып келді. Оның ең танымал еңбегі: Жұмыспен қамтылудың, пайыздың
және ақшаның жалпы теориясы, онда А.Смиттің іліміне қарама-қайшы нарықтық
экономикада болып жатқан үрдістерді мемлекеттік реттеу қажеттілігі
дәлелденеді.
Рационалды бюрократия тұжырымдамасының негізін қалаушысы – неміс ғалымы
мен тарихшысы Макс Вебер (1864-1920). Ол – ұйымның қалыпты қызмет етуі үшін
өндіріс барысында жұмыскерлер мінез-құлықтарының ережелері мен
процедураларын жасап шығарып, пайдалану қажет деп санады. Рационалды
бюрократиялық ұйымның белгілері келесідей:
– функционалды белгі және қызмет ету түрлері бойынша еңбекті бөлу;
– иерархиялық принцип және басқару деңгейлері санының
басқарылатындардың санына тәуелділігі;
– нақты бір ахуалдарда жұмыскерлердің құқықтары мен міндеттерін
анықтайтын ережелер, нормалар және формалдық процедуралардың жүйесі;
– жұмыскерлердің ішкі қарым-қатынастар жүйесін жеке тұлғалық емес,
формалдық қарым-қатынастарға негізделіп құру;
– біліктілігін ескере отырып және конкурстік негізде жұмысқа қабылдау;
– алған тәжірибесі мен жұмыс істеген жылдары негізінде жұмыскерлерді
қызмет бабында көтеру, білікті жұмыскерлер үшін оларды қызмет бабында
көтеру және ұйымда ұстап қалу тенденциясымен мансаптың (карьераның)
анық жүйесі.
Өткен ғасырдың 20-шы жылдары Кеңес Одағында еңбекті ғылыми
ұйымдастырудың тұжырымдамасы жасалған еді. Ол соғыспен қиратылған халық
шаруашылығын қайта қалпына келтіру, оны электрлендіру және
индустриализациялау, миллиондаған жаңа жұмыс орындарын құру, сауатсыздықты
жою және кадрларды дайындау сияқты сол кездегі аса күрделі және ауқымды
мәселелердің сәтті шешілуіне жәрдемдесті. Кәсіпорын деңгейінде еңбекті
ғылыми ұйымдастыру мыналарды ескерді:
– еңбекті бөлу мен кооперациялау нысандарын жетілдіру, кадрларды
рационалды үлестіріп қою;
– жұмыс орындарының ұйымдастырылуын және оларға қызмет көрсетуді
ЖШСсарту;
– еңбек қызметінің тәсілдері мен әдістерін рационализациялау;
– еңбектің қатаң тәртібі мен оның нәтижелері үшін жауапкершілікті
енгізу;
– еңбекті материалдық және моралдық ынталандырудың жүйесін жетілдіру,
оның ең тиімді нысандарын таңдау;
– жұмыскерлердің шығармашылық белсеңділігін арттыру,
рационализаторлылық пен өнертабыстылықты мадақтау;
– еңбектегі озат тәжірибені тарату, жұмыскерлерді әрдайым оқыту және
біліктіліктерін жоғарылату.
Басқару теориясы дамуының маңызды сатысы XX ғасырдың 30-шы мен 50-ші
жылдары аралығына келеді. Бұл кезде адамдық қатынастар мектебі құрылған.
Оның ЖШСтаушылары адамдық факторды тиімді басқарудың негізгі элементі
ретінде қарастырды, ал әрбір кәсіпорын ең алдымен басқарылатын әлеуметтік
жүйе ретінде қаралды. Бұл теорияның құрылуына үлкен үлесті американдық
ғалымдар М.П.Фоллет (1868-1933) және Э.Мэйо (1880-1949) қосты. Олардың
жұмыстары зерттеулердің жаңа бағыты – инженерлік әлеуметтануға, патернализм
мен әлеуметтік серіктестік теориясының құрылуына бастама берді.
Басқарушылық ой-пікір өндірістік үрдісті жетілдіру мәселелерінен осы
үрдістің басты элементі – адамға көшті. Зерттеушілердің көңілі өндірістің
әлеуметтік аспектісіне және кәсіпорынның сәтті жұмысындағы ұжымның рөліне
шоғырланды. Менеджер өзінің айналасында достық, өзара көмектесу және әрбір
жұмыскерді қолдау атмосферасын жасаған кезде еңбек нәтижелері айтарлықтай
жоғарылайды деген қорытынды шығарылды. Жеке тұлғаға және оның
қажеттіліктеріне көңіл адамдарда қатысу эффектісін тудырады,
жұмыскерлердің олар кәсіпорын иесінің серіктері болып табылатынының
сенімділігін күшейте түседі.
Сөйтіп, менеджментте әртүрлі еңбек ынталарына жұмыскерлердің реакциясын
зерделейтін бихевиористік бағыт (ағылшын сөзі behaviour – мінез-құлық)
пайда болды. Адамдық қатынастар мектебі мінез-құлықтық тұжырымдамалармен
толықтырылды. Олардың авторлары – американдық ғалымдар А.Маслоу (1908-1970)
мен Д.МакГрегор (1906-1964). А.Маслоу қажеттіліктер пирамидасы деп
аталатын адам қажеттіліктерінің теориясын жасап шығарса, Д.МакГрегор –
адамның жұмыстағы мінез-құлығының екі түрін және осы түрлерге сәйкес
жұмыскерлерді басқарудың екі тәсілін ескеретін X және Y теориясын жасап
шығарды. Олар жайлы толығырақ мағлұмат ынталандыру теорияларын өткен кезде
беріледі.
Басқарудың қазіргі заманғы теориясы мен тәжірибесінің эволюциясында
бірнеше маңызды сатыны айыруға болады. XX ғасырдың 50-60-шы жылдары
басқарудың ұйымдастырушылық құрылымдары аса маңызды рөлге ие болды. 60-70-
ші жылдары стратегиялық жоспарлау, ал 80-ші жылдары – стратегиялық басқару
пайда болды. Басқару теориясы мен маркетинг теориясын біріктіру басқарудың
нарықтық тұжырымдамасының жасап шығарылуына әкелді. Қазіргі уақытта
басқарудың бұрынғы рационалистік тұжырымдамасының орнына маркетингтік,
жеке, ақпараттық деп аталатын жаңа тұжырымдама келді. Олардың арасындағы
айтарлықтай айырмашылық мынада: бірінші тұжырымдама компания сәттілігі
компанияның өзінде орналасатын өндіріс факторларына тәуелді болады деген
болжамға негізделеді. Берілген жағдайда компания жабық жүйе ретінде
қарастырылады. Бұған қарағанда, басқарудың маркетингтік қатынасы кезіндегі
компания – бұл ашық жүйе, оның қызмет ету сәттілігі ол сыртқы ортаның
өзгерістеріне қаншалықты жылдам бейімделетініне тәуелді болады. Сондықтан
барлық ішкі шешімдер – бұл компанияның осындай өзгерістерге қайтарымдық
реакциясы.
Бұндай қатынас стратегиялық басқаруда жүзеге асырылған. Бұнда
компанияның қызметінің стратегиялық жоспарлануы оның сыртқы ортада болып
жатқан болашақ өзгерістерді болжауға негізделген стратегиясының
жоспарлануымен толықтырылған. Бұл өзгерістер мен компанияның мүмкіндіктері
оның стратегиясының таңдалуына ықпалын тигізеді.
Басқарудың теориясы мен тәжірибесі дамуының маңызды сатыларының бірі –
шешімдерді қабылдаудың операцияларды зерттеу әдістері немесе экономикалық-
математикалық үлгілеу әдістері деп аталып кеткен мөлшерлік әдістерін жасап
шығару. Олар нақты жағдайлардың үлгілерін немесе зерттеу объектілерін
жасалуын көздейді, оның көмегімен қандай-да бір шешімдерді қабылдаудың
салдары ойналып өткізіледі де, мүмкін болатын көптеген шешімдердің арасынан
оңтайлы (оптималдық), яғни ең ЖШСсы шешім таңдалып алынады. Әдісвтердің бұл
тобына сызықтық, сызықтық емес, динамикалық бағдарламалау, ойындар
теориясы, тораптық жоспарлау, көпшілікке қызмет көрсету теориясы, Монте-
Карло әдісі және т.б. кіреді.
Өткен ғасырдың 70-ші жылдары күрделі мәселелердің және үлкен жүйелердің
құрылымға бөлінуін, сонымен қатар, глобалдық мақсаттардың олардың
қарапайымырақ құрамдастарына декомпозицияланылуын жүзеге асыруға
жәрдемдесетін жүйелік талдаудың әдістері жасап шығарылған еді. Олардың
пайда болуы техника мен технологияның күрделене түсуімен, өндіріс
ауқымдарының ұлғаюымен, басқарушылық байланыстар мен функциялардың
кеңейтілуімен, басқарушылық шешімдерге ықпал ететін көптеген факторларды
есепке алу қажеттілігімен түсіндіріледі. Жүйелік талдаудың тиімді
әдістерінің бірі – бұл қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін күрделі мәселені
шешудің құрылымдық үлгісі болып табылатын мақсаттар ағашын құрастырумен
байланысты әдіс.
Кезкелген қызмет сыртқы ортаның тұрақсыздық жағдайларында мақсаттардың
алдын ала көру мен жоспарланылуын талап етеді. Басқарудың ахуалдық теориясы
бірінші орынға басқарушылардың білімі емес, түйсігі, өнері шыққан кездегі
стандартсыз ахуалдарда айтарлықтай пайдаға асуы мүмкін. Ахуалдық талдау
қандай-да бір ахуалдарда қойылған мақсаттарға қалайша қол жеткізуге
болатынын, бұл кездегі қандай факторлар маңызды болатынын, ал қандай
факторларды ұйымға үлкен зиян келтірмей-ақ есепке алмауға да болатынын
ұйғартады.
Барлық мүмкін болатын үлгілердің көпшілігінен әрбір компания өзіне ең
басым дегенін таңдап алуы қажет. Фирма қызмет ететін ортаның сипатына қарай
басқарудың келесідей үлгілері бар:
– бірқалыпты сыртқы ортадағы рационалдық фирма ішіндегі басқарудың
үлгісі;
– айтарлықтай динамикалық және әртүрлі нарық жағдайындағы басқару
үлгісі;
– динамикалық ғылыми-техникалық прогресс жағдайындағы басқару үлгісі;
– сыртқы ортаның ықпалынан күтпеген кезде пайда болатын мәселелерге
бейімделу үлгісі.
Қазіргі заманғы менеджментте ең беделді болып басқарудың екі идеологиясы
саналады: жекешілдік (индивидуализм) пен ұжымшылдық (коллективизм). Олар
әртүрлі елдерде әртүрлі ара қатынастарда кездеседі. Біріншісі басқарудың
американдық үлгісіне сәйкес келсе, екіншісі – жапондық үлгісіне сәйкес
келеді.
Американдық менеджменттің айрықша ерекшелігі – бұл барлық салалардағы,
соның ішінде, әрнине, басқаруда да жетекшілікке ұмтылыс. Осы салада АҚШ-та
шыңында да едәуір нәтижелерге қол жеткізілді деуге болады. Дегенмен, XX
ғасырдың 80-ші жылдары АҚШ аса ауыр экономикалық құлдырауды басынан
өткізген еді. Сол кезде орын алған басқарудың жүйесі, принциптері мен
әдістері қатаң сынға ұшырады. Әлемдік жетекші рөлін жоғалтып алу қатері
ғалымдар мен мамандарды қолданылып жатқан басқару негіздерін қайта
қарастыруға итермеледі. Өндіріске жаңа бұйымдарды әрдайым енгізіп отыруға,
шығындардың барлық түрлерін қысқартуға, өнімнің сапасын көтеруге,
өндірістік үрдістерді автоматтандыруға, өндірісті ұйымдастырудың нысандары
мен әдістерін жетілдіруге, персоналдың біліктілігін жоғарылатуға,
трансұлттық корпорацияларды құруға бағдар алынған еді. Әйтсе де, соңғы 20
жылда АҚШ-тағы еңбек өнімділігінің өсу қарқындары дүние жүзінің өнеркәсібі
дамыған елдерінің арасында ең төмен деуге болады.
Соғыстан кейінгі кезеңдегі жапондық менеджмент жетістіктерінің рөлі аса
зор. Жапонияның үлесіне әлемдік ұлттық өнім өндірісінің алтыдан бір бөлігі
келеді және өндірістің көптеген салаларында ол дүние жүзі бойынша бірінші
орындарға шықты. Және бұл жайт – осы елдің жер аймағының тек 0,2%-н ғана
алып жатқанына және халқы жер шарының халқысынан тек 2%-н ғана құрайтынына,
сонымен қатар, оның табиғи және энергетикалық ресурстары аса шектеулі
екендігіне қарамастан. Басқарудың жапондық үлгісінің соншалықты едәуір
сәттіліктерінің себептері адамдық потенциал принципінің жүзеге
асырылуымен түсіндіріледі. Бұл принципке сәйкес еңбек белсеңділігі
жұмыскердің тек материалдық қызығушылығымен ғана ынталандырылмайды, сонымен
бірге, оның ортақ іске жату, араласу және өзін-өзі пайдалы етіп санауымен,
өзін-өзі нығайту мен өзін-өзі құрметтеуімен, жасалған жұмыстан рахат
алғанымен ынталандырылады.

1.2 Басқарудың заңдары мен заңдылықтары

Әлеуметтік-экономикалық жүйелерді басқаруда қоғамның даму мен
адамның ондағы мінез-құлығы заңдарының, нарықтық экономика заңдарының және
басқару заңдарының (мысалы, оңтайландыру заңы, кері байланыс заңы, басқару
мен ақпарат бірлігінің заңы және т.б.) мәні аса зор. Сонымен қатар,
менеджерлерге өндіріс пен басқарудың пропорционалдылығы, басқарудың
объектісі мен субъектісінің қатысы, экономикалық дербестік пен экономикалық
жауапкершіліктің сәйкестігі, иерархия деңгейлері бойынша басқару
функцияларының өзгерістері, басқару функцияларының концентрациясы және
басқару аппаратының ұлғаюы, бақылау саласының кеңейтілуі, басқарудың
деңгейлері мен сатылары бойынша басқарушылық шешімдердің кешігулері секілді
заңдылықтарды ескерген жөн.
Басқарудың жалпы заңдарына басқарудың мамандандырылу заңы, басқарудың
интеграциялану заңы және уақытты үнемдеу заңы жатады.
Басқарудың мамандандырылу заңы. Әлеуметтік-экономикалық және
ұйымдастырушылық жүйелерді тиімді басқару үшін ғылымның, техниканың және
технологияның әртүрлі салаларында терең арнайы білімдерді және дағдыларды
меңгеру керек. Қазіргі заманғы менеджерлерден басқарудың экономикалық,
әлеуметтік-психологиялық, құқықтық және ұйымдастырушылық-техникалық
салаларында жоғары кәсіптілік, қабылданатын басқарушылық шешімдердің
сапасына жауапкершілік талап етіледі. Нақты бір жағдайларда, басқарудың
әртүрлі объекттерінде және деңгейлерінде басқарудың жалпы функциялары
мүшелерге бөлінеді, бөлшектенеді, ерекше сипатқа ие болады. Бір-біріне
абсолютті ұқсас басқару объекттері жоқ секілді, басқарудың жүйелері,
үрдістері және тәсілдері де аса ерекше, жеке сипатқа ие. Бұндай ерекшелікте
басқарудың мамандандырылу заңы көрініс табады.
Басқарудың интеграциялану заңы. Интеграцияның, яғни басқаратын және
басқарылатын жүйелердщің бірігу қажеттілігі басқарылатын жүйенің басқаруға
қажеттілігінен туады. Сөйтіп, мысалы, кәсіпорынның өндірістік және қосалқы
бөлімшелері бірыңғай өндірістік құрылымға біріктіріледі, ал басқарушылық
буындар мен қызметтер – өндірісті басқарудың бірыңғай жүйесіне
біріктіріледі. Бұл жүйелердің бір-бірімен бірігуі бірыңғай жүйе – кәсіпорын
болып табылады. Кәсіпорындар болса, нарықтық экономиканың әртүрлі
ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына бірігуі мүмкін. Бұндай интеграция
ақталғанына дейін, яғни күшті бәсекелестік күрес жағдайында жедел дамуға,
инновацияларды енгізуге, жұмыспен қамтамасыз етілудің жоғары деңгейіне
жәрдемдесетініне дейін жүзеге асады. Интеграцияға қажеттілікті анықтайтын
факторлардың ретінде мақсаттар, мәселелер, мұқтаждықтар, жүйенің тіршілік
етуін немесе дамуын қолдау қажеттілігі, нарықтың талаптары және т.с.с.
алынуы мүмкін. Интеграциялық үрдістер басқару мен ақпараттық қамтамасыз
етілудің барлық деңгейлерінде уақытша және тұрақты байланыстарды орнату
арқылы жүзеге асырылады.
Уақытты үнемдеу заңы. Барлық үнемдеу аяғында уақыттың үнемделуіне
әкеледі. Сондықтан уақытты үнемдеу заңы адамның барлық қызмет ету
салаларына әділетті болып табылады. Өндірісті басқарудың тиімділігі және
қойылған мақсаттарға қол жеткізу мерзімдері басқарушы жүйенің нарық
қажеттіліктерінің және осындай қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қажет
болатын ішкі және сыртқы резервтерді мобилизациялауға кететін уақыт
шығындарының өзгерістеріне реакциясының жылдамдығына тәуелді болады.
Менеджердің кезкелген мәселені бәсекелестеріне қарағанда жылдамырақ шешуі
фирма қызметінің соңғы нәтижелеріне оң әсерін тигіздіреді және оның
бәсекелестік потенциалын күшейтеді. Глобалды ауқымда алғанда уақытты
үнемдеу заңы аймақтың, елдің және бүкіл әлемдік экономиканың экономикалық
дамуының деңгейіне және қарқындарына ықпал ете алады.
Басқарудың барлық заңдылықтарын екі топқа бөлуге болады. Біріншісіне
басқарылатын жүйеге мақсатқа сай ықпалы ретіндегі басқаруға тән заңдылықтар
жатса, екіншісіне – менеджмент саласында айқындалатын заңдылықтар жатады.
Егер, мысалы, өндірістің басқарылуы туралы айтатын болсақ, ол екі ЖШСты
сипатқа ие. Бір жағынан, бұл – тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің
өндірісімен айналысатын жұмыскерлердің бірлескен қызметіне басшылық ету
үрдісі. Сондықтан, өндірісті ұйымдастыру керек, яғни жұмыскерлердің еңбегін
еңбектің заттары мен құралдарымен ұйқастыру керек, олардың арасында белгілі
бір пропорцияларды және байланыстарды орнату керек, оларды қалыпты қызмет
ету режимінде ұстап тұру керек. Дәл осында басқарудың ұйымдастырушылық-
техникалық аспектісі айқындалады. Басқа жағынан алатын болсақ, басқару
барысында жұмыс беруші (меншік иесі) мен жұмыскерлер арасындағы
экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынастарды ескерген жөн. Олардың
әрқайсысы өзінің мұқтаждықтары үшін қызмет етеді және, сонымен қатар, жалпы
мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған бірлескен қызметтің мүшесі болып
табылады. Міне, басқарудың әлеуметтік-экономикалық аспектісі дәл осында.
Экономиканың дамуы да белгілі бір заңдар мен заңдылықтарға бағынады. Бұл
үрдісті әртүрлі тарихи дәуірлер мен цивилизациялар жағдайындағы
экономикалық жүйелердің дамуы ретінде келтіруге болады. Олар бір-бірінен
идеология, меншікке қатынастары, шаруашылық қызметтіңң мүшелерін басқару
мен үйлестіру тәсілдері бойынша ерекшеленеді.
Қазіргі заманғы экономикалық теорияда оның зерделену затының
анықтамасына екі қатынас бар – әлеуметтік және ресурстық. Біріншісі өндіріс
барысында адамдар арасында пайда болатын өндірістік қарым-қатынастарды
зерделеуге негізделсе, екіншісі – адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру
үшін шектелген ресурстарды тиімді пайдалануға негізделеді. Экономиканы
зерделеудің әлеуметтік қатынасы кезінде ерекше экономикалық заңдарға, ал
ресурстық қатынас кезінде – жалпы заңдарға көңіл бөлінеді. Бұл қатынастың
екеуі де олардың зерттеушілерінің экономикалық жүйелерді ұйғаруының
тұтастығын қамтамасыз ете отырып, бірін-бірі толықтырады.
Экономиканың жалпы заңдары қоғамның экономикалық дамуындағы ізбасарлықты
бейнелейді де, бұл дамуды бірыңғай әлемдік үрдіс ретінде қарастырады. Бұған
қарағанда, ерекше (тек өзіне тән) экономикалық заңдар экономикалық
жүйелердің дамуындағы үзілістілікті және әртүрлі тарихи дәуірлер мен
әртүрлі цивилизациялардағы адамдардың шаруашылық өмірлеріндегі
айырмашылықтарды ескереді.
Жалпы экономикалық заңдарға мыналар жатады: қажеттіліктердің көбею заңы;
прогрессивті экономикалық даму заңы; өсетін еңбек бөлінісінің заңы;
баламалық шығындардың өсу заңы. Ал, мәселен, ерекше заңның мысалы ретінде
сұраныс заңын келтіруге болады, себебі ол тек нарықтық экономикада ғана
іске асырылады және ежелгі қоғамда жүзеге асуы мүмкін емес.
Ұйым тіршілік етуінің заңдары мен заңдылықтары жеке алынған ұйымның
деңгейінде іске асады.
Ұйым – бұл алдында қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін құрылған
құрылым. Басқарушылық мәселелерді зерттеу нәтижесінде ұйымдар тіршілік
етуінің мынадай заңдары ышылып, негізделген: пропорционалдылық пен
жоспарлылық заңы, синергия заңы, өзін-өзі сақтау заңы, әкімшілдік
сиымдылықтың заңы, жұмыстар ырғағының заңы және т.б.
Пропорционалдылық заңының іске асырылуы ұйымның жеке бөліктері
арасындағы сандық және сапалық пропорционалдылықты орнатумен айқындалады.
Мысалы, менеджерлердің саны ұйым мүшелерінің санымен белгілі бір
пропорцияда болуы керек. Ұйымдағы бөлімшелердің саны оның тағайындалуына,
қойылған мақсаттарға және мәселелерге сәйкес болуы тиіс. Пропорционалдылық
заңы бойынша ұйымдағы қажетті пропорциялардың белгілі бір деңгейде ұстауға
бағытталған іс-әрекеттердің жиынтығы ретіндегі жоспарлылықтың қажеттілігі
туралы қорытынды шығады. Берілген заңның бұзылуы ұйымның қирауына және
құлдырауына әкеледі.
Синергия заңы (лат. sinergos – бірге іске асырылатын) біртұтас ретіндегі
ұйымның мүмкіндіктері оның жеке бөліктері потенциалдарының қосындысынан
асатынында айқындалады. Неғұрлым ұйым ірі болса, соғұрлым ондағы синергия
заңының әсері көбірек дәрежеде айқындалады, соғұрлым ол тұрақты жұмыс
істейді, соғұрлым ол күрделі мәселелерді шешеді.
Өзін-өзі сақтау заңы ұйым қызметкерлерінің оның тұрақтылығына, ұзақ
мерзімді және өнімді қызметіне, өзінің жұмыс орнын, ұжымдағы әлеуметтік
беделін, рөлін және мәнін сақтауға ұмтылысымен айқындалады. Дегенмен
тұрақтылық – арқашанда игілік емес. Белгілі бір ахуалдарда ол ұйым үшін
қауіпті болуы мүмкін, стагнацияға өтуі мүмкін, оның құлдырауының себебі де
болуы мүмкін. Сондықтан, бұндай жағдайларда ұйымның өзін-өзі сақтауы үшін
оны даму арқылы нығайтуға бағытталған шараларды уақытында қабылдау қажет.
Өзін-өзі сақтау заңы табиғат пен қоғамда іске асырылатын жалпы заңы –
онтогенез заңынан (гректің ontos – маңыздысы, genesis – туу, пайда болу)
пайда болады. Онтогенез дегеніміз – тірі ағзамен оның тууынан бастап
өліміне дейін болатын түрлендірулердің жиынтығы. Кезкелген ұйым құрылу,
өсу, жетілу, құлдырау және қирау сатыларынан тұратын белгілі бір тіршілік
ету циклінің барысында қызмет етеді. Сондықтан, ұйымның өзін-өзі сақтауы
үшін оның құрылу және қалыптасуына кететін уақытты қысқартуға, жетілу
кезеңінің ұзаруына және оның тіршілік етуінің соңғы сатысында теріс
беталыстардың пайда болуын бәсеңдетуге тырысу керек.
Кезкелген ұйым үшін заңды құбылыстар – бұл: еңбектің бөлінісі, жеке
мақсаттардың жалпы мақсаттарға бағынуы, басқару стилдерінің персонал
дамуының жалпы деңгейіне, оның кәсіби шеберлігіне, біліктілігіне және
қабілеттеріне сәйкес болуы.
Соңғы жылдары ғалымдардың қоғамды басқару заңдары мен заңдылықтарына
мұқтаждықтары өсті деуге болады. Бұл – қазіргі заманғы қоғам өзінің
дамуының өте күрделі сатысында тұрғанымен түсіндіріледі. КСРО-ның ыдыруынан
кейін әлемдегі күштердің стратегиялық балансы өзгерді, көптеген елдер ішкі
және халықаралық терроризм тарапынан шабуылдарға ұрынып жатыр, коррупция
одан да үлкен ауқымдарға ие болып жатыр, жұмыссыздық, кедейлік өсіп келе
жатыр, қоғамның қабаттарға бөлінуі тереңдетіліп жатыр, табиғи ресурстардың
жетіспеушілігі күшейтіліп жатыр, экологиялық мәселелер – адамзаттың басты
мәселелеріне айналуда. Сондықтан, адамзатты алдағы және алшақ болашақта не
күтіп отырғаны және осы болашақ жарқын және гармониялық болып келуі үшін
қандай шараларды іске асыру керек екені аса маңызды мәселелерге айналды.
Бүгінгі күні әлемде Ғаламдық Ақпараттық Қоғам (ҒАҚ) жылдам қарқындармен
құрылып келе жатыр. ҒАҚ адамдарға өздерінің потенциалын кеңірек пайдалануға
және өздерінің ұмтылыстары мен мүмкіндіктерін жүзеге асыруға көмектеседі.
Теледәрігерліктің, дистанциондық білім берудің, электрондық сауданың,
виртуалдық жұмыспен қамтамасыз етілудің, БАҚ (Бұқара Ақпарат Көздерінің)
Интернеттің, электрондық үкіметтердің пайда болуы бүкіл әлемдік
экономиканың бейнесін күрт өзгертеді. Бұл үрдістер адамдардың санасына және
мінез-құлықтарына, әлеуметтік жүйелерге және оларда өтіп жатқан үрдістерге
белсеңді түрде әсерін тигізеді. Бір-бірінен алыс қашықтарда болса да,
барлықтардың барлықтармен қарым-қатынас жасаудың нақты мүмкіндігі пайда
болды.
Еңбек пен өндірісті ұйымдастырудың тораптық нысандарын дамыту фирма
ішіндегі менеджмент тиімділігінің өсуіне әкеледі, ұйымдар арасындағы өзара
әсерлесулер ЖШСсарады, бизнес-үрдістер күрт жылдамдатылады, халыққа қызмет
көрсетудің сапасы жоғарылайды, адамдық қызметтің барлық салаларындағы
инновациялық үрдістер дамиды.
Интернеттің мүмкіндіктеріне негізделген әлеуметтік жобалау атты
болашағы бар бағыт пайда болды. Бұның арқасында кезкелген ауқымды және
кезкелген бағыттағы – білім беру, саяси, ғылыми, кәсіби, коммерциялық және
коммерциялық емес, бос уақттық және т.с.с. орталықсыздандырылған ұйымдарды
құру үрдісі айтарлықтай қарапайымдандырылады. Әлеуметтік жобалаудың
құралдары – бұл Интернет-сайттар мен Интернет-форумдар, ал оларды құруға
ықылас көрсеткендер – неше түрлі қоғамдастықтардың мүшелері.
Яғни, қазіргі замаңғы дәуірдің басты ерекшелігі – қоғамның өмірінде
ақпараттың рөлі мен мәнінің күрт өсуі. Армяндық ғалым Б.Б.Мелик-
Шахназаровтың [2 нег.] пікірінше біздің планетамыздағы тіршілік дамуының
негізі – бұл оның объекттері мен субъекттерінің құрылымы мен функцияларында
жүзеге асырылған ақпарат мөлшерінің өсуі. Қоршаған ортадан алынған ақпарат
әрбір ұяшықты, субъектті, объектті, олардың функцияларын және қоғамдағы
әрбір қарым-қатынасты құнарландырады. Ол біз қоғамның мәдениеті,
менталитеті, ұйымдастырылуы деп атайтын мінез-құлықты интегралды,
органикалық ауқымды түрде анықтайды.
Қазіргі заманғы қоғамды тиімді басқару үшін қазіргі заманңы халықтармен
халықаралық форумдарда қабылданған және БҰҰ-ның Жарғысында, адам
құқықтарының Жалпыға Ортақ Декларациясында, Хельсинкилік келесімде және
басқа да маңызды халықаралық құжаттарда берілген заңдық актілер
жеткіліксіз. Сондықтан, бүгінгі күн мен болашақты ойлай отырып, ғалым бүкіл
цивилизацияланған қоғамды және халықаралық ұйымдарды қоғамдық жүйелерді
басқарудың келесідей заңдырының танылу мен тәжірибе түрінде жузеге асырылу
қажеттілігінің мойындалуын талап етеді:
1. Ақпараттың өсу заңы, тірі табиғат пен қоғамның эволюция үрдісін нақты
бейнелейді және термодинамиканың екінші заңының, яғни табиғат пен
қоғамдағы энтропия (хаос, бей-берекеттік) өсуінің заңының әсеріне
жанЖШСты қарсы тұрады.
2. Ақпараттың минимизациялану заңы. Ол басқарылатын жүйелер дамуының
барлық деңгейлеріндегі мамандандырылу және құзыреттілік
(компетентность) үрдістерінің негізінде жатады да, ақпаратты өңдеу
мүмкіндіктерінің бар шектеулерімен айқындалады.
3. Ақпарат пен байланыстардың тұрақтылық заңы ғылым мен дамудың
әдістемелік принципі болып табылады. Оның мәні іске асырылып көрілген
және тұрақты ақпаратты басқарылатын жүйелерді кейінгі жетілдіру
мақсатымен жинақтау мен сақтауға негізделген.
4. Пайдалы тиімділікке бағдарланған функционалдық жүйелерді қалыптастыру
заңы
5. Оңтайлы басқару заңы табиғаттың және қоғамның дамуы мен басқарылуының
барлық деңгейлері мен сатыларында айқындалатын термодинамиканың екінші
заңының ауқымды, үзіліссіз және қиратушы әсеріне белсеңді түрде қарсы
тұрады.
6. Тікелей байланыстардың заңы қоғамның объекттері мен субъекттерін жеке
тұлғаның және ұйымның өзімшілдігіне қарсы тұру үшін және оны жүйелік
өзімшілдікке, яғни жүйенің, адамдар қауымдастығының және жалпы
қоғамның игілігіне бағытталған өзімшілдікке айналдыру мақсатымен
жүйелік қарым-қатынастарға ие қылдыруды талап етеді.
Бұндай заңларға міндетті түрде бағынуды ғалым цивилизацияның үшінші
сатысының (жер игерушілік пен машиналықтан кейінгі) – ақпараттық толқынның
келуімен түсіндіреді. Оның ұлғаюы барысында адамзат басқарылуы қиын
дисперстік көпшілікке айналады, бұл болса басшылар мен билік институттары
беделінің девальвациясымен күрделене түседі.
Қазіргі заманғы қоғамдық жүйелері басқарудың заңдары мен заңдылықтарын
қалыптастыру үрдісі аяқталмаған және әлі де жүргізіліп жатыр. Бұл маңызды
жұмыста көптеген ғалымдар мен мамандар, соның ішінде қазақстандықтар да,
қатысып жатыр. Мәселен, Телемтаев М. [17 қос.] адамдық қызмет жүйелілігінің
заңын қалыптастырды. Бұл заң бойынша бүгінгі күнгі адамзат (жүйе-субъект),
оның қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдерінің ғаламдық кешені (жүйе-
объект) және болашақтың адамзаты (жүйе-нәтиже) бір ортақ жүйенің шеңберінде
орналасқан. Бұл заңға сүйене отырып, оның авторы адамдық қызмет
жүйелілігінің экологиялық принципін қалыптастырады: бүгінгі күннің адамзаты
(жүйе-субъект), оның қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілдерінің ғаламдық
кешені (жүйе-объект) және болашақтың адамзаты (жүйе-нәтиже) адамзаттың
кешендік потенциалының тіршілікке қабілетті болуы және дамуының глобалдық
супержобасы түріндегі ортақ жүйенің бір үлгісімен сипатталуы тиіс.
Бұл жерде талқыланып жатқан тақырыптың тұрғысынан үшбірліктің
парадигмасын қарастырайық. Бұның шеңберінде адам, табиғат және қоғам
дамуының заңдылықтарын тануға ұмтылыс жасалады (Харитонов А.С., [22 нег.]).
Оның негізінде субъект-объект-мақсат деген философиялық триадасы жатыр.
Аристотельден бастап бүгінгі күндерге дейін балансты (тепе-теңдікті,
үйлесімді) қалай қарастырған дұрыс – диадада ма, әлде триадада ма деген
пікірсайыс жүргізіліп жатыр.
Галилей мен Ньютонның механика заңларына сәйкес диада – жұмысты
кеңістік пен уақытта қалайша оңтайлы орындауға болады деген сұраққа жауап
береді. Бұған қарағанда, триада тағы да бір, бұдан да маңыздырақ сұраққа
жауап береді – бұл жұмыс не үшін қажет. Мысалы, Лейбниц әлемді алдынала
орнатылған үйлесім (гармония) басқарады деп санаған. Бұнда үйлесімнің өзі
үш бөліктен тұрады: объекттің ішіндегі, қоршаған ортадағы және осы екі
үйлесімнің үшіншісіне өзара келістірілуі. Табиғаттың эволюциялық дамуының
әрбір қадамы үйлесімнің заңдарына бағынады. Өкінішке орай, бұны әрдайым
күшті қарама-қайшылықтармен күреске түсетін қоғам жайлы айтуға болмайды.
Үшбірліктің парадигмасында бұл қарама-қайшылықтардың себебі адамдардың
шың мәнінде триада болып табылатын өз болмыстарын дуалдық қабылдауымен
түсіндіріледі. Бұл қорытындыны дәлелдеу үшін келесідей дәлелдер
келтіріледі:
1) заттың кезкелген атомы өзінің триадасымен сипатталады. Оның энергиясы
атом ядросының энергиясынан, электрондардың энергиясынан және олардың
бір-бірімен өзара байланысының энергиясынан тұрады;
2) табиғаттың кезкелген объектісі үш айнымалымен сипатталады: пайда болу
себебі, өмірінің соңғы уақыты және өзінің тіршілік етуінің
тағайындалуы;
3) табиғатта үш негізгі физикалық заң іске асырылады: энергияның сақталу
заңы, энергияның айналу заңы және құбылыстардың өзара байланыс заңы;
4) адамның үш негізгі мәні бар: денесі, жаны және санасы;
5) адамның үш физиологиялық қажеттілігі бар: ресурстарды табу, оларды
уақыт ішінде үлестіру және өзін-өзі немесе өзіне ұқсасты ұдайы өндіру;
6) экономикада адам үш тұлға түрінде болады – ол тұтынушы, ол өндіруші
және ол өзіне нені және қалайша істеу керектілігі жөнінде шешімдерді
қабылдайтын басқарушы;
7) экономика өндіріс саласынан, тұтыну саласынан және адамның қоғамдағы
мінез-құлығының түрін анықтайтын ұлт философиясынан тұрады;
8) мемлекеттің өзінің азаматтарына қатысты басты функциясы – бұл оларды
сыртқы және ішкі жаудан физикалық, рухани және интеллектуалдық қорғау;
9) биліктің жұмысқа қабілеттілігінің көрсеткіштері – бұл: тұрғылықты
халықтың саны, халық өмірінің орташа ұзақтылығы, ұлт мәдениеті.
Әлемдік діндердің көбісі үшбірлікке негізделген. Сондықтан, қоршаған
ортанының триадалық қабылданылуын әдетте табиғат құбылыстарына және адамның
өміріне телеологиялық қатынасымен байланыстырады.
Табиғаттың өзі (дінде – Құдай) адам бойына үйлесімге (гармонияға) ұмтылу
бағдарламасын салған. Яғни, үйлесімге ұмтылу тірі және өлі табиғаттың
объективті қасиеті болып табылады. Бірақ, тек адамда ғана бүкіл өмірі бойы
басынан өтетін әртүрлі ахуалдарда оның ішкі және сыртқы үйлесімін
келістірудің қандай-да бір нұсқасын саналы түрде таңдауға мүмкіндігі бар.
Үшбірліктің ЖШСтаушылары Ресейдегі басқарушылардың дуалдық дүниетанымы
нәтижесінде өткізіліп жатқан экономикалық реформалардың мақсаты
бұрмаланады, нарықтық экономиканың дамуындағы мемлекеттің функциялары
бұзылады деп санайды. Бұған қарсы АҚШ-тағы, Ұлыбританиядағы және
Франциядағы қоғам мен экономиканы басқарудағы үшбірлікке негізделген алдағы
қатарлы технологияларға сілтеулер келтіріледі. Шетелде де глобализациялау
(ғаламдандыру) мәселелері әлемнің триадалық сұлбасы негізінде басқарылады,
бірақ адамдардың көбісі оны әлі дуалдық етіп қабылдайды. Нәтижесінде қоғам
дамуының орнына оның кері кетуі (деградациясы) пайда болады.
Жоғарыда айтылғанды ескерсек, мынадай қорытынды жасауға болады: қазіргі
заманға дейін әрдайым пікірсайыстарға қарамастан, адамзат қазіргі заманғы
қоғамды қалайша басқару керек екендігі және бұл басқару қандай заңдар мен
заңдылықтардың негізінде құрылу керектігі туралы бірыңғай көзқарасты жасап
шығарған жоқ.

1.3 Басқару функциялары

Менеджмент бойынша классикалық зерттеуінде (Мескон М. және басқалар,
1999) басқарушылық функцияларының басқа құрамы қарастырылған: стратегиялық
жоспарлау, стратегияның жүзеге асырылуын жоспарлау, әсерлесу мен
өкілеттікті ұйымдастыру, ұйымдарды құрастыру, ынталандыру, бақылау.
Басқарудың бұндай және басқа да функцияларының мәні кейінгі дәрістерде және
тәжірибелік сабақтарда толығырақ оқытылады.
Басқару сапасы басқару функциялары қалай орындалатынына тікелей тәуелді
екені айқын шығар. Ал басқару функцияларының орындалу сапасы ең алдымен
ұйымның бірінші басшысы өз функцияларын қалай орындайтынына тәуелді.
Сондықтан, кезкелген ұйымның кезкелген басшысына орындауға тура келетін
басшы функцияларына көп көңіл бөліп, зерделеген жөн. Олардың мәнін ең қысқа
ғылып Цицерон ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бизнес - модельдерді құру және стратегияны әзірлеу
Ұйымды басқарудағы бизнес-процестерді автоматтандыру. CRM - жүйесі
КОМПАНИЯНЫҢ НЕГІЗГІ БИЗНЕС - ПРОЦЕСТЕРІН МОДЕЛЬДЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Бизнес
Бизнес - экономикалық қызметтің қозғаушы күші
Бизнес жоспардың қысқаша құрылымы
Франчайзинг туралы түсінік
Шағын кәсіпкерлікті басқару жүйесі
Кредиттік оқу жүйесі
Қазақстандағы франчайзинг. Франчайзингтің даму және құрылу ерекшеліктері
Пәндер