Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі - педагогикалық пән

Мазмұны.

1. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні.

2. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары.

3. Мектепте тарихты оқытудағы әдістеменің орны мен ролі.

Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні

Әдістеме дегеніміз - методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғ дегеніміз - методика. «Методика» сөзі ежелгі грек тілінен аударғанда - «таным тәсілі», «зерттеу жолы» деген ұғымдарды береді. Әдіс дегеніміз - нақты міндетті шешудің, әлдебір мақсатқа жетудің тәсілі. Сонда, әдістеме бұл жиынтығы, кешені. Тарихты оқыту әдістемесі - тарихты оқытудың міндеттері, мазмұны және әдіс-тәсілдері туралы педагогикалық ғылымдарының бір саласы. Ол тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында тарихты оқыту процесінің заңдылығын зерттеу және оқып-үйренуге арналады. Сонымен әдістеме оқу процесін ұйымдастыру мен оның негізгі факторларын жетілдіруге бағытталады.

ХХ ғасыр басындағы көрнекті әдіскер К. А. Иванов әдістеменің маңызды міндеттері деп сол ғылымды оқу пәні ретінде жақсы жолға қоюға алып баратын оқытудың айқындау, бағалау, бейнелеу тәсілдерін атайды. Әдістеме тарихты қалай оқыту мәселесін қарастырады және зертттейді.

Осылайша әдістеме пәні - педагогикалық процесс, мұғалімнің тарихты оқытуы, оқушының тарихты оқуы. Ал әдістеменің нысанасы - оқытудың әдістері, мазмұны, ұйымдастырылуы және түрлері.

Тарихты оқыту - өзара байланыста және үнемі қозғалыста болатын құрауыштардың басын біріктіретін өте күрделі процесс. Ол оқыту мақсаты - оның мазмұны - білім беру және оны игеруге басшылық жасау - оқушылардың оқу әрекеті - оқыту нәтежиесі деген тізбекті құрайды. Оқыту процесіндегі қозғалыс оның ішкі қайшылықтарын жою барысында іске асады. Ол қайшылықтар жоспарластырылған және қолданылған оқыту құралдары мен әдістерінің арасында пайда болады.

Тарихты оқыту процесінің диалектикалығы сияқты әдістемені оқып-үйрену де үнемі даму үстінде болады. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің кешенді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.

Тарихты оқыту әдістемесі тарих ғылымдарымен бірге философия, әлеуметтану, мәдениеттану, педагогика, психология, дидактика талаптары логика сияқты ғылым салаларымен тығыз байланыста дамиды. Бұл салалардың материалдарын пайдалану шығармашылық сипат алады, өйткені әдістеме пәні оларды тарихты оқыту процесін жетілдіру мақсатында қорытып, жаңартып пайдаланады.

Мұғалім мен оқушының оқу процесі күрделі және көп қырлы болып келеді. Оның тиімділігі оқушы әрекетінің сипатымен айқындалады. Мұғалым өз пәнін қаншалықты жетік білгенімен оқушылардың қызығушылығын оятып, шығармашылық әрекетін ұйымдастыра алмаса, айтарлықтай табысқа жете алмайды.

Өмірде нашар мұғалімдерді көп кездестірмей, олардың пайда болуы өз пәнін жетік білмеуіне байланысты емес, ең бастысы олар өз білімдерін өзгелерге оңай жолмен түсіндіре алмайды. Өйткені, олар оқушыларға тарихи материалды баяндаудың әдістемелік негіздерімен таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтар таныс емес, тіпті пәннің әдістемесінен жеткілікті хабары жоқ. Сондықтан пәннің әдістемесін не үшін оқытамын? Қалай оқытамын? Немен оқытамын? Деген сұрақтарға жауап тақырыпта басты назарда болуы тиіс.

Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің міндеттері мен негізгі факторлары

Тарихты оқытудың негізгі факторлары мына сұрақтардың жауаптарына байланысты:

  • мемлекет пен қоғам белгілеген мақсаттар;
  • стандарт пен бағдарламаларда бекітіліп, солардың негізінде оқулықтарда баяндаоған тарихи білімнің мазмұны мен құрылымы;
  • оқыту процесінің ғылыми-әдістемелік ұйымдастырылуы (оқыту мен оқудың түрларі, әдістері мен әдістемелік тәсілдері, құралдары) ;
  • оқушылардың танымдық мүмкіндіктері;
  • оқыту нәтежиелерәмен айқындалады.
  1. Тарихты оқытудың мақсаттарымемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік кезеңге дейінгі мектептерде таризты оқытуда көптеген обьективтік жетістіктер болғанымен, оның мазмұнында ұлыорыстық шовинизм, ұлыдаржавалық астамшылдық басым болды. Қазақстандағы мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңдң тарих пінінің мазмұнында жоғарыда аталған саяси белгілер коммунистік, таптық сипат алды. Дегенмен Қазақстан тарихы жеке пән ретінде оқу бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастады. Ол кезеңдегі тарих пәнінің мақсаты маркстік-лениндік дүниетанымға негізделіп, коммунистік идеяларға бағытталды.

Қазіргі кезеңде тарихи білім берудің мақсаттары былай айқындалған:

  • оқушылардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі адамзаттың тарихи даму жолы туралы тарихи білімдерді игеруі;
  • тарихи білім негізінде оқиғалар мен өмірлік құбылыстарды ой елегінен өткізе алу қабілетін дамыту;
  • отансүйгіштік, тарихи тәжірибе, гуманизм идеялары негізінде оқушылардың рухани құндылық бағдарлары мен көзқарасын қалыптастыру;
  • халықтардың тарихы мен мәдениетіне қызығушылық пен құрметін дамыту.

Қазіргі кезде тарихты оқытудың мақсаттарын айқындау одан әрі жалғасуда. Соған сәйкес мынадай міндеттерді атауға болады.

  • ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды құрметтейтін, табиғаттың мәдениеттің және қоршаған ортаның байланыстарын қорғау қажеттілігін сезіне білетін отансүйгіш азамат тәрбиелеу;
  • оқушыларды қоғам мен адамзаттың ежелгісімен, бүгінімен таныстырып, оларды өткен бабалардың әлеуметтік, адамгершілік тәлім-тәрбиесін ұғынуға бейімдеу;
  • қазіргі қоғамға кіріккен және жетілдіруге ұмтылытын тұлға қалыптастыру;
  • тұлғаны ұлттық және әлемдік мәдениетке кіріктіруге бейімдеу;
  • әр түрлі көзқарастар жүйесін есепке ала отырып, оқушылардың пікірлер мен көзқарастарды еркін таңдау құқын қорғауын қамтамасыз ету, гуманистік және демократиялық құндылықтарға бағыттау;
  • тарихи білімдер мен әдістерді қолданып, қоғамдық ойдағы жаңа мағлұматтарды өз позициясы тұрғысынан сын көзімен бағалап, талдай алу дағдысын қалыптастыру.

Тарихты оқытудың негізгі факторлары оқу процесінде кешенді түрде жүйемен іске асады. Жүйе дегенміз - өзара әрекеттесіп, тығыз байланыста болып, белгілі біртұтастық, бірлік құрайтын бөліктердің жиынтығы. Оқу факторларының ішкі тұтастық қасиеті оқыту процесіне дұрыс ықпал жасап, оның сапасының жақсаруына жол ашады.

  1. Мектепте тарихты оқытудың мазмұнытарих ғылымының дамуы барысында өзгеріп отырады. Әдістеме отандық және жалпы тарихтың негізгі оқиғалары, фактілері мен құбылыстарын таңдауға; теориялық жинақтау мен анықтамалар қалыптастыруға көмектеседі. Мектепте оқыту үшін таңдап алынған тарихтың мазмұны мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық түрінде көрініс табады. Оқушылар ол мазмұнды сыныптық, сыныптан тыс және мектептен тыс оқу түрлерін қамтитын оқытуды ұйымдастырудың белгілі бір әдістемесі арқылы меңгереді.
  2. Әдістер(әрекет тәсілдері) әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, сөздік, баспа-қолжазбалық (мәтінмен жұмыс) . Көрнекі, практикалық деген сияқты. Олардың мәні қалай оқыту керек деген сұраққа жауап беріп, мұғалім мен оқушының бойында екі жақтық әрекетін айқандайды. Жақсы жолға қойылған оқытудың әдістемесі оқушылардың бойында тарихи білім мен танымдық дағдыларды, ғылыми көзқарас пен сенімді қалыптастырып, дамытуда тиімді нәтиже береді.

Әдіс, тәсілдар мен оқытудың түрлері (жалпысыныптық, топтық, дербес), сабақ типтері (қайталау-жинақтау, семинар, зертханалық, саяхат-сабақ), сабақ үстінде мұғалім әрекеті мен оқушының оқу құралдары тығыз байланысты. Оқу жұмысының құралдарына оқу процесін қамтамасыз етуге керекті оқулық, жұмыс дәптері, тарихи карта, оқу картиналары, диафильм т. б. сияқты заттарды жатқызамыз.

Оқу материалы мазмұнының, тиісті оқыту әдістемесінің ұйымдастырылуы және оқушылардың тарымдық қызметі формаларының біртұтастығы негізінде оқушылар оқыту мақсатына қол жеткізеді.

  1. Оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріоқушының жасына және соған сәйкес тарихи білім мен дағдыны игеру деңгейіне тікелей байланысты. Тарихи танымға ұмтылуға күш жұмсау тұлғанаң ойлауын, қиялын, ерік-жігерін және сезімдік қасиеттерін дамытуға айтарлықтай ықпал жасайды. Оқу процесінде оқушылардық тарихи білімді меңгеру және қолдану қабілеті дамиды.

Қабілеттілік дененіміз не? Ол тарихты оқып игеруде табысқа жетуге алғышарт болатын тұлғаның дербес ерекшеліктері. Ол қабілеттілік әрекеттің әдістері мен тәсілдерін тез, терең және оңай меңгеруден байқалады.

  1. Оқыту нәтежиелеріалға қойған мақсаттарды іске асырумен тікелей байланысты. Ол оқушылардың қол жеткізген білім мен дағдысының, олардың интеллектуалдық, эмоциялық және ерік-жігерінің деңгейін танытады. Білімін дәләлдеу және негіздеу, ең бастыны бөліп алу, себеп-салдарлы байланыстарды анықтап, қалыптасқан мәселені шешуде қажетті білімді қолдана алудан көрінеді.

Оқыту нәтежиелері мына деңгеймен өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы бір сабақта, бір тақырыптағы бірнеше сабақта немесе бөлімдегі, тараудағы, курстағы, бүкіл курстағы алған тарихи білім; 2) ғылыми көзқарастың қалыптасуы; 3) тарихты оқыту процесінде оқушыларды тәрбиелеу; 4) оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін дамыту. Осылайша оқыту нәтежиелері алға қойған мақсаттың орындалғанын немесе тек сөз жүзінде қалғандығын танытады.

Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің практикалық қызметте қолдану қабілетін бағалайтын тапсырмалар аз қолдануда. Тарих сабақтарында мұндай тапсырмалар қарапайым дерек көздері және құжаттарды зерттейтін зертханалық сабақтар жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс.

Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен ролі

Әдістеменің маңызы мектептегі тарих пәнінің мұғалімі, студент үшін

  • Белгілі бір жастағы оқушылардың тарих пәне бойынша білім мен дағды деңгейін анықтауға;
  • Сынып, курс, бөлім және тақырып бойынша оқытудың мақсатын нақтылауға;
  • Оқу процесінің әртүрлі кезеңдеріндегі жұмыс тиімділігін анықтап, оқыту міндетін нақтылауға;
  • Оқыту мазмұнын қолданылатын әдістер және тәсілдермен ұштастыруға;
  • Тест, қисынды тапсырмалар және тірек сигналдарды қолданып, конспект дайындауға;
  • Оқытудың барынша тиімді әдістері, түрлері мен құралдарын қолдануға:
  • Оқыту нәтижелерін алдын-ала болжап, педагогикалық әрекетке түзету енгізіп отыруға мүмкіндік беруімен бағаланады.

Тарихты оқыту әдістемесі өзге ғылымдармен, әсіресе оқытудың мазмұнын талдап жасайтын базалық тарих ғылымымен тығыз байланысты. Әдістеменің мақсаты - тарих ғалымының негізгі мәліметтерін таңдап алып, оны дидактикалық өңдеуден өткізіп, бейімдеп, мектеп курсының мазмұнына енгізу.

Таңдап алу оқушылардың танымдық мүмкідігін ескере отырып жүргізіледі. Оларды анықтауда психология ғылымының жетістіктеріне сүйенеміз. Бұл ғылым оқушылар танымы мен танымдық әрекетінің ерекшеліктерін ашуға көмектеседі. Оның үстіне тарихты оқыту процесіне талдау жасағанда бірқатар психологиялық және педагогикалық зерттеу тәсілдері де қолданылады. Әдістеме пәні оқытудық бір саласы ретінде педагогикамен байланысты. Педагогика - оқыту, ғылыми зерттеуге де нақты тарихи мазмұн береді.

Ғылыми зеттеу әдістері деп зерттеудің педагогикалық бақылауды және қалыптастырушы эксперименттің (эксперименттік сабақ) мақсаты, міндеттері мен болжамын анықтауды айтамыз. Латын тіліндегі «экспериментум! Сөзі тәжірибе, сынақ дегенді білдіреді. Мұндай тәжірибелер белгілі бір оқытудың факторы және жағдайының әрекеті нәтежиесінде пайда болады.

Педагогикалық бақылау - оқу процесіне ықпал жасамай, тарихты оқыту практикасын зерттеу дегенді білдіреді. Зерттеуші тарих сабақтарына қатысып, оны талдайды, оқушыларға сұрақ қою мен тесті өткізіп, мұғалімдердің ашық сабақтарының хабарламаларын тексеріп, пән бірлестіктерінің озат тәжірибені жинақтаған материалдармен танысады.

Қалыптастырушы эксперимент тәжірибе жасаушының оқу процесіне белсене араласуын қарастырады. Мұндай эксперименттің міндетті құрамы - дәлелге негізделген, бірақ міндетті түрде тексеруді қажет ететін болжанған нәтиже, болжал болмақ. Болжал мына сұлба бойынша қалыптасады: оң нәтежиеге қол жеткізуге бола ма, егер: а) мазмұнды, материалды баяндаудың жаңа тәсілін қолданса, б) таным әрекетін басқаша ұйымдастырса. Болжал іс жүзінде тиісті жағдайлар мен әдістер арқылы тексеріледі.

Эксперимент жасаушы ең алдымен зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сай әдістемелік талдама жасайды, содан кейін оның тиімділігін оқыту барысында тексереді.

Қайталау мен бекіту сұрақтары

  1. Тарихты оқыту әдістемесі қандай ғылым, ол немен айналысады?
  2. Мектепте тарихты оқытудың ең басты қандай мақсаттары мен міндеттерін атай аласыз?
  3. Мектепте тат оқыту әдістемесінің маңызы неде?

Өзіндік жұмыстардың (курс, бақылау, реферат, баяндама) тақырыптары

  1. Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәнінің педагогикалық ғылымдар арасындағы орны.
  2. Тарихты оқыту әдістемесінің ерекшеліктері
  3. Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс-тәсілдері.

2-дәрісбаян

ХХ ғасырдағы тарихты оқыту әдістемесі пәні

Мазмұны

1. ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру.

2. 1917-1930 жылдардың басында мектептердегі тарихи білім беру.

3. Тарихтың дербес курстарының енгізілуі (30-жылдардың басы - 50-жылдардың соңы) және тарихи білім беру құрылымының қалыптасуы (1959-1964ж. ж. )

4. Мектептерде тарихи білім берідің теориясы мен практикасын жетілдіру (1960-1980 жж. )

ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру

ХХ ғасыр басында педагоктар тарихи білім беру ісінде оқыту әдістемесіне көңіл бөле бастады. Олар сабақтың құрылымын оқушылардың дербес танымдық әрекетін ынталандырып, олардың бойында білімге деген қажеттілікті қалыптастыруға бағыттауға тырысты. Олардың кейбірі бұл жолда көрнекілікпен оқытудан, екіншілері оқушылардың реферат пен баяндама жайындау жұмысынан; үшіншілері - тарихи дереккөздерін пайдаланудан іздеді. Ал кейбір әдіскерлер тіпті еңбекпен оқыту әдістемесін дәріптеді.

Тарихты оқыту барысында оқушылардың санасында нақты бейне қалыптастыруға ұмтылыс байқалды. Ол үшін карталар мен картиналар, суретті оқу кітаптары пайдаланылды. Саяхаттық жұмыс оқыту процесінің ажырамас бөлігіне айналды, тарих сабағына өлкетану материалдары кеңінен тартылды. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың бойында дербес жұмыс істей алу дағдысын қалыптастыруға көп көңіл білінді.

Осы кезеңде сұрақ және жоспар әдісі кең тарады. Оларды мұғалым құрастырып, оқушылырға үй жұмысы ретінде беретін еді. Үйде де, сыныпта да оқулықпен жұмыс істеуге баса көңіл бөлінді. Оқушыларды мәтінді дұрыс оқуға, оқығаны бойынша жоспар құруға дағдыландырды.

Оқыту процесіне жаңадан іс жүзіндегі, зертханалық және драмалау әдістері енгізіле бастады. Іс жүзіндегі әдістің сәні тарихи дереккөздері негізінде жұмыс істеу. Көрнекті тарихшы, әдіскерлер И. А. Рожов, М. Н. Покровскийлер оқушылардың қызығушылығы мен игеруге оңайлығына сәйкес оқып, үйренетінқұжаттарды таңдап алады. Олар тарих курсын жүйелі оқытып, тарих оқулығының өзін шетқақпай жасады.

Зертханалық әдіс оқушылардың тарихи құжаттармен, иллюстрациялық материалдармен және ғылыми көпшілік мақалалармен дербес жұмыс жасауға үйрету жүйесін қамтиды. Мұғалім оқушыларды тарихи зерттеудің зертханасына жетелеп енгізгендей болады, ал оқушылар ғалым-тарихшыларға бұрыннан белгілі қарапайым жаңалықтарды өзі үшін алғаш рет ашады.

Белгілі әдіскер А. Ф. Гартвич әдеттегі сабақты оқушылардың рефераттарын оқу және оларды талдауға арналған әңгіме өткізумен алмастырады. Бұл жерде мұғалімнің рөлі оқушылардың дербес жұмысына жетекшылык жасаумен айқындалады. Бұл әдістің ең басты мәні - оқушыларды дербес жұмыс жүргізуге үйрету. Сонымен бірге оқытудың драмалау әдісін ұсынады. Оның мәні - оқу процесінде оқушылардың тарихи оқиғаларға арнап шағын драмалық көріністер қоюы.

Рефераттау жүйесі әдіскерлер Б. А. Влахопулов пен Н. П. Покотилоның ұсынған жаңалығы болды. Реферат дайындауды олар оқушылардың бойына дербес жұмыс істей алу дағдыларын дарытатын оқушының реферат жүйесіндегі әрекеті бірнеше кезеңді қамтиды.

Бірінші кезеңде оқушы - ұсынған мақала, брошюра немесе шағын кітапты оқып шығыды, конспектілейді.

Екінші кезең бірнеше күрделі кітаптың мазмұнын баяндауға арналады. Оқушы кітап мазмұнымен мұқият танысып, рефераттың жоспарын түзеді, одан әрі өз сөзімен кітап мазмұнын баяндайды.

Үшінші кезеңде бір тақырыпқа арналған бірнеше шағын кітап бойынша реферат дайындалады, ең бастысы - оқушы материалды мазмұндаудың өзіндік жоспарын жасай алуы тиіс.

Келесі кезеңде әртүрлі көзқарастағы бірнеше еңбектің мазмұны ортақ тұжырымға келтірілуге тиіс.

Соңғы, ең күрделі кезеңде жоғары сынып оқушылары құжаттармен жұмыс істеп, дереккөздерінің «шикі» материалдарын талдай алуы тиіс. Рефераттау жүйесінің кезеңдерге бөлінуі жоғары сынып оқушыларының өз ойларын мазмұндауды байланыстыра және сабақтастыра жүргізуіне көмектесіп, арнайы тарихи білімдермен бірге жалпы пәндер бойынша да білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Оқушылардың танымдық әрекетінің белсенділігін арттыруда әдіскер М. Н. Коваленский тың әдіс ұсынады. Оның әдістер жүйесі ғылыми-көпшілік әдебиет, көрнекі құрал, оқу кітабы және оқулық сияқты оқыту құралдарын ұштастырумен байланысты. Жұмыс қорытындысы ретінде барлық тақырыптары бойынша қысқа жазбаша есеп беріледі.

Ал, С. П. Сингалевич, В. Я. Уланов, К. В. Сивков сияқты әдіскерлер оқытудыңқандай да болмасын әдістерін дәріптеудің қажеті жоқ деп есептейді. Оның үстіне ғасыр басындағы гимназияларды сыныпта және үйде дербес орындайтын әртүрлі оқулықтарды қолдану пайдалы деп есептелді.

ХХ ғасыр басында педагог кадрлар Дайындауға көңіл бөле бастады. 1911 жылы Мәскеуде екі жылдық педагогикалық институт ашылып, оған жоғары білімді мамагдар тартылды. Оның тыңдаушыларының әдістемелік дайындығына көп көңіл бөлінді: біріші курста әдістемеге аптасына төрт сағат, екінші курста үш сағат уақыт бөлінді.

Бұл кезеңде патшалық Ресей бодандағы қазақ облыстарында тарих пәні және оны оқытудың әдістемесі жалпы қоғамдық пәндер мен педагогиканың құрамында дамыды. Кейіннен, А. Байтұрсыноы, М. Жұмабаева, Ж. Аймауытов, Қ. Сәтбаев, Ә. Ермеков сияқты педагог-ағартушылар жекелеген пәндер бойынша оқу құралдарын жазып, жарыққа шығарды. Ал тарих пәні олар сияқты жүйеленіп, дербес пәнге айналған жоқ.

1917-1930 жылдардың басында мектептердегі тарихи білім беру

Қайта құрулардың бастауы. 1917 жылы қазан айында Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезінде В. И. Лениннің ұсынуымен А. В. Луначарский және оның орынбасары М. Н. Покровский қалыптасқан жүйелі тарихи білім берудің пайдалы жақтарын тесіске шығаруға тырысты.

Азаматтық тарихты оқытудың орнына әлеуметтену, еңбек тарихын оқыту ұсынылды. Осылайша тарихи білім беру саласында революциялық қайта құрулар басталды. Оның бастапқы кезеңінде (1917 жылдан - 1930 жылдардың бас кезіне дейін) тарихи білім берудің ескі мазмұнынан бас тартып, тарихты оқу пәні ретінде қоғамтанумен ауыстырды. Ал қоғамтану курсының аясында маркстік көзқараспен шектелген жеке фактілерден құралған тарих курсының жекелеген элементтері ғана сақталды.

1918 жылы кеңестік еңбек мектебінің негізі қаланды. Жаңа мектепте оқушыларға берілген үй тапсырмасын тексеріп, білімін бағалаудың ұпайлық жүйесі, емтихан, жазалау сияқты тәсілдер жойылды. Оқушылардың сыныптан сыныпқа көшуі, мектепті бітіруі мектеп педагогикалық кеңесінің оқушының оқу жұмысын орындауы туралы пікірі бойынша жүзеге асты. Сыныптың орнына ұсақ топтарды «бригада» деп, сабақтарды зертханалық, студиялық оқу деп атау ұсынылды.

1918 жылыдың қазанында РКФСР БОАК бекіткен «Біртұтас еңбек мектебі туралы ереже» төңкеріске дейінгі мектеп жүйесін түгел алмастырды. Ол бойынша еңбек мектебі екі сатыдан тұрады: бірінші - 8-бен 13 жас (5жыл) аралығы және екінші - 13-пен 17 жас (4жыл) аралығы.

І саты мектебінде тарихтың бастапқы курсы үшінші оқу жылынан бастап оқытыла бастады. Соңғы жалына Кеңестік Конституцияны оқыту енгізілді. 1921 жылғы бағдарламаларда әңгімелеу мен саяхаттар барысындағы ең басты жұмыс ретінде туған өлкенің тарихан - адамдардың мәдени-тұрмыстық өмірін оқып-үйрету жоспарланды. Осы жылдан бастап қоғамтану курсы енгізілді. 1923 жылдан мектептерде пәндік оқытудан бас тартылып, оның орнына 1931 жылға дейін кешенді бағдарламамен оқыту енгізілді.

Қоғамтануды оқытудың мазмұны мен әдістемесі. Халық Ағарту Комиссариатының ғылыми кеңесі мектептерде ғылым негіздерін емес, өмірлік кешендерді оқыту қажет деп тапты. Оқу материалдарының мазмұны табиғат, қоғам, еңбек деген үш тақырыпты ғана қамтыды. Оқудың өзегі етіп адамдардың еңбек ету әрекеті мен дербес шығармашылыққа негізделген оқушылардың білім алу міндеті қойылды. Тарихи мағлұматтар қазыргі заманғы мәселелерді оқып-үйренумен байланыстырылды. Мысалы, мынадай тақырыптар: капитализмнің пайда болуы, ХІХ-ХХ ғасырлардағы Батыстығы және Ресейдегі жұмысшы қозғалысы.

Бұл кезеңде оқушылардың дербестігі мен шығармашылық қуатын дамытудың мынадай әдістері кеңінен қолданылды. Олар: еңбек, зертханалық-бригадалық, зерттеушылік әдістер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Мектепте тарихты оқыту әдістемесінің орны мен рөлі
Тарихты оқытудың зерттеу әдістері
Ежелгі дүние тарихын оқытудың негізгі міндеттері
Тарихты оқыту әдістемесінің негізгі әдіс - тәсілдері
Мектепте оқылатын тарих пәні
Мектепте тарихты оқыту әдістемесі пәні
Қазақстан тарихының орта мектепте пән ретінде оқытылуы: теориялық және методикалық негіздер (1958ж. - қазіргі кезеңге дейін)
Қазақстан тарихын мектепте оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін көрсету
Тарихты оқыту барысындағы оқыту әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz