Макроорта факторлары



1. Макроорта
2. Макроорта факторлары :
а) демографиялық факторлар
ә) экономикалық факторлар
б) табиғи факторлар
в) ғылыми . техникалық факторлар
г) саяси факторлар
ғ) мәдени факторлар

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Макроорта
2. Макроорта факторлары :
а) демографиялық факторлар
ә) экономикалық факторлар
б) табиғи факторлар
в) ғылыми – техникалық факторлар
г) саяси факторлар
ғ) мәдени факторлар

Макроорта
Маркетинг ортасы дегеніміз – фирманың маркетинг бөлімінің мақсатты
клиенттерімен тиімді байланыс орнатып , оны үзбей сақтау мүмкіндіктеріне
әсер ететін белсенді субъектілердің және күштердің жиынтығы.
Макроорта кәсіпорындардың әрекетіне жалпы бірыңғай сыртқы жағдай
жасайды. Ұйым – іс-әрекетіне көптеген күрделі күштер әсер ететін
макроортадағы микроорганизм. Ұзақ мерзімді жоспарға сай тұрақты дамуы үшін
оның іс-қимылы қоршаған орта жағдайларымен үйлесімді болуы шарт, өйткені
жағдай мемлекеттік шешімдердің, заңдардың өзгеруі, бәсекелестер әрекеті мен
тұтынушы мінез-құлқы салдарынан, сондай-ақ әлемдік нарықта болып жатқан
процестердің болуына қарай қауіпті сипат алуы мүмкін. Мысал ретінде 70-
жылдардағы мұнай дағдарысын, 1987 жылғы қор нарығының күйреуін, Германияның
бірігуін, Шығыс Еуропа революциясын, Кеңестер Одағының ыдырауын, 1993 жылғы
Біртұтас еуропа нарығының пайда болуын, еуровалютаның енуін, Ирактағы
соғысты және т.б. жағдайларды айтуға болады.
МАКРООРТА факторлары :
1.Демографиялық факторлар
2.Экономикалық факторлар
3.Табиғи факторлар
4.Ғылыми-техникалық факторлар
5.Саяси факторлар
6.Әлеуметтік-мәдени факторлар

Макроорта фирманы қоршап тұратын және оның қалыптасуына әсер ететін
факторлардан тұрады. Ф. Котлер бойынша, макроорта факторларына
демографиялық, экономикалық, табиғи, ғылыми-техникалық, саяси және
әлеуметтік-мәдени факторлар жатады.

Республикамыздағы маркетингтік орта белгілі бір дәрежедегі нарықтық
өзгерістер жолындағы елдерге тән өтпелі кезеңнің жалпы заңдылықтары мен
Қазақстан экономикасының ерекшеліктеріне сай қалыптасты. Қазақстандағы бұл
орта әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени және құқықтық
аспектілерде өзіндік ерекшеліктерге ие. Алға қойған мақсаттарға жету үшін
фирманың маркетингтік қызметі ішкі және сыртқы орта факторларының іс-
әрекетімен үйлесімді болуы қажет. PRG Bottlers, Филип Моррис, Әсем-ай
сияқты нарыққа бейімделген компаниялардың маркетинг бөлімдерінде
маркетингтік орта факторларының динамикасы туралы мәліметтер бар және олар
үнемі бақыланып отырылады. Бұл ақпараттарды өзара сабақтастыруға,
жүйелендіруге, маркетингтік шешімдерді дұрыс қабылдауға, факторлар
арасындағы байланысты табуға мүмкіндік береді.

Демографиялық орта. Демографиялық ортаның зерттелуі бүкіл дүние жүзі
біртұтас әлемдік нарыққа айнала бастауымен түсіндіріледі. Қазіргі кезде
демографиялық ортада мынадай өзгерістер болып жатыр.

А. Халық санының өсуі. Әлемдік демографиялық дүмпу болып жатыр. Егер 1981
жылы жер шарындағы адам саны 4,5 млрд адам болса, 2004 жылы ол 6 млрд-қа
жетті.

ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, республикамыздағы халық
саны 1993 жылы 18 млн, 1997 жылы – 16,5 млн, 2000 жылы – 14,8 млн, ал 2004
жылы - 15,01 млн адамды құрады. Нарықтық экономикаға өту кезеңі халық
санының азаюы, экономиканың құлдырауы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі, көші-
қон процестері, бала туудың азаюы, өлім санының көбеюімен сипатталады.
Миграциялық тасқынның өсуі 1994 жылы байқалды. Бұл жылы елімізден 410 мыңға
жуық адам қоныс аударды.

Б. Халықтың жас шамасы құрылымы. Төлем бойынша халқы ең жас ел – Мексика,
ал ең кәрі ел – Жапония. Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы туу саны 1980
жылы 23,9, 2001 жылы –14,9, ал 2004 жылы – 16,7 адамнан келеді. Сәбилердің
дүниеге келуінің азаюы балаларға арналған тауарлар шығаратын фирма
қызметіне өз ықпалын тигізіп, фирманың тауар стратегиясын қайта қарауға
мәжбүр етеді.
Бұл жағдай жастарға арналған тауарларды өткізу қарқынының бәсеңдеуіне,
соған байланысты сұраныс құрылымының өзгеруіне әкелді. Отбасындағы балалар
саны азайып, ажырасу көбейді. Мысалы, 2004 жылы үш тіркелген некенің біреуі
ажырасып отыр. Демографиялық ортадағы бұл өзгерістер кішігірім тұрғын үйге,
көлемі мен қуаты аз құралдарға, жалғыз басты және бойдақ адамдарға арналған
жиһаздарға деген сұранысты тудырды.
Аталған демографиялық өзгерістер мен тенденциялар нарықты зерттеуде,
келешектік болжамдар жасауда ерекше мәнге ие.

Экономикалық орта. Нарықтың үнемі өзгеріп отыратын жағдайына бейімделу
мақсатында маркетингтің макроорта факторларын әрдайым бақылап отыру қажет.
Бұл факторлардың ішінде фирма жағдайына әсер ететін ең маңыздысы –
экономикалық фактор болып табылады.
Жетілген техника, технология және шаруашылықты жүргізу тәжірибесінің
шеңберіндегі экономикалық факторларға өндіріс пен қызмет көрсетудің
құрылымы мен ауқымы, тұтынушылардың сатып алу қабілеті, жан басына
шаққандағы табыс, шығындар, инфляция деңгейі, жұмыссыздық және т.б.
жатады. Нарыққа көшу кезеңіндегі өндірістің құлдырауы, экономикалық
күйзеліс, табыстың төмендігі, инфляция деңгейі, жоғары баға және несие
алудағы қиыншылықтар халықтың сатып алу қабілетіне әсер етеді.
Нарыққа көшудің бастапқы кезеңіне қарыздар, төленбеген төлем, ақшалай
суррогаттар, бартерлік қатынастар және тағы басқа айналым-ауыспалар тән
болды да, олар көлеңкелі экономиканың тамыр жаюына, экономиканың
долларлануына және капиталдың шетке шығуына мүмкіндік берді. Осылайша,
республикадан капиталдың жылыстауы 1994 жылы 337 млн, ал 1995 жылы 142
млн АҚШ долларын құрады. Қазақстаннан ең ірі капитал жылыстауының жасырын
түрі 1993 жылы – 849 млн долларға жетті. Өтпелі экономика жылдары капитал
елеулі жылыстады, халық тұтынатын валютаның негізгі бөлігі желқайықтар
операциясында қолданылып, көлеңкелі айналымға қызмет көрсетті және шетелге
кетті.
Қазақстанда жүргізілген реформа тәжірибесі жетілген нарықтық экономиканы
құру үшін ойластырылған экономикалық саясат пен мемлекеттік реттеу шарасы
керек екенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтерді өндіру, ІЖӨ динамикасы,
халықтың жан басына шаққандағы табысы, инфляция деңгейі, жұмыссыздық
сияқты, макрожүйенің жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерді талдап
көрейік.
Қазіргі кезде республика экономикасы өсу кезеңінде. 1999 жылдың екінші
жартысынан бастап ІЖӨ мен өндіріс көлемінің тұрақты өсуі байқалады. Мысалы,
ІЖӨ-нің өсу қарқыны 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы 9,6 % -ды құрады.
ІЖӨ-нің тұрақты өсуіне Қазақстанның экспортқа шығарылған тауарларында
қалыптасқан әлемдік бағаның жоғары деңгейі сияқты сыртқы факторлармен
қатар, отандық кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің өсуі мен олар
шығарған өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің артуы сияқты ішкі факторлар әсер
етті.
Қазақстандағы шетел инвестицияларының 80,3 %-нан көбі тау-кен өнеркәсібіне
бағытталған.
Инфляцияның негізгі көзі шамадан тыс ақша сұранысы (ақшалай инфляция) және
еңбекақы мен бағаның төте көтерілуі (шығын инфляциясы) болып табылады.
Инфляцияға қарсы саясат монопольді (бір өндірушінің, сатушының үстемдік
етуі) табыстың азаюына, салық пен пайыз мөлшерлемесінің көбеюіне, сату
көлемі мен инвестициялық процесі белсенділігінің төмендеуіне
әкелетіндіктен, экономика мен оның салаларына ауыр тиеді.
Қазақстандағы жаңа инфляция айналымы 1999 жылдың сәуір айындағы теңге
бағамының еркін айырбас режиміне өтуінен кейін орын алды. Мысалы, тауарлар
мен қызметтер бағасының өсуі 1996 жылы – 28,7%, 1997 жылы – 11,2%, ал 1998
жылы 1,9%-ды, 2003 жылы инфляция деңгейі 6,4% құрады. Бағаның көтерілуін
анықтайтын басты фактор – өндіріс шығындарының инфляциясы.
2003 жылы Қазақстандағы орташа еңбекақы мөлшері 176 АҚШ долларын құрап, ТМД
елдері ішінде екінші орынға ие болды, бірінші орында Ресей – 209$, ал
үшінші орында Беларусия – 132$ 32, 125. Ресми деректерге сүйенсек,
еліміздегі ең жоғары еңбекақы қаржы-банктік, тау-кен өнеркәсібі және әуе
транспорты саласындағы қызметкерлерде екендігі байқалады. Ал төмен жалақы -
ауыл шаруашылығы, білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлеріне
тағайындалған.
Соңғы жылдардағы нақты және жасырын жұмыссыздықтың өсуі тауарларға деген
сұранысты төмендетіп, тауарларды өткізуде бірқатар қиындықтар туғызды.
Статистикалық мәліметтер бойынша, 2004 жылдың аяғында жұмыссыздар саны 659
мың адамды немесе экономикалық белсенді халықтың 1,5%-ын құрады, олардың
37%-і - ауыл халқы.
Жоғарыда көрсетілген факторлардың ықпал етуі нәтижесінде адамзат дамуы
туралы ПРООН-ның 2002 жылғы берген есебіне орай адамзат дамуы индексі
бойынша жасалған халықаралық рейтингте Қазақстан 174 мемлекеттің ішінде 76-
орынға ие болып (Беларусия мен Ресейден кейін) адам дамуының орташа деңгейі
бар елдер қатарына кірді.
Салық салу жүйесі маркетингтік ортаның экономикалық факторлары ішінде ең
маңыздысы болып саналады. Оның кері ықпалы өнім бағасының өсуіне, табыс
деңгейінің азаюына, экономиканың өсу мүмкіндігі және табыстың қайта
қаржыланатын бөлігінің төмендеуіне әкеледі. Қазіргі кезде қолданылып жүрген
салық салу жүйесі кәсіпорындарының іс жүзіндегі өндіріс көлемін жасыруға
мәжбүрлеп, сондай-ақ сарапшылардың бағалауынша, тауар айналымының 30-50%-ын
құрайтын көлеңкелі бизнеспен айналысуға мүмкіндік берді.
Қазақстан–2030 стратегиясына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Маркетинг ортасы
Макроорта, микроорта және медиаорта
Макроорта, микроорта, медиаорта
Компанияның маркетингтік макроортасының факторларына жалпы сипаттама
Маркетинг жайлы
Қазақмыс плс корпорациясының маркетингтік ортасын талдау
Фирманың ішкі ортасы
Маркетингтік орта жайлы
Макроорта факторларының кейбір негізгі сипаттары
Кәсіпорын көрсеткіштері бойынша кәсіпорынның жалпы жағдайына диагностика жасау
Пәндер