Мемлекет формасы
КІРІСПЕ
І. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ
ІІ. МЕМЛЕКЕТ ФОРМАСЫ
§1. Мемлекет формасы туралы ұғым
§2. Мемлекеттің басқару формасы
§3. Мемлекеттік құрылым формасы
§4. Мемлекеттің саяси режимі
ІІІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

МЕМЛЕКЕТ САЯСИ БИЛІК РЕТІНДЕ
Ж О С П А Р
КІРІСПЕ
І. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ
ІІ. МЕМЛЕКЕТ ФОРМАСЫ
§1. Мемлекет формасы туралы ұғым
§2. Мемлекеттің басқару формасы
§3. Мемлекеттік құрылым формасы
§4. Мемлекеттің саяси режимі
ІІІ. ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
К І Р І С П Е
Адам қоғамын мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті
мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне
бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты
орындауға жұмсайды. Ерте заманнан бері адамдар дүние құбылыстарын тану,
соның ішінде мемлекет пен құқық туралы да зерттеулер жасап келеді.
“Мемлекет” сөзін қоғамның ересек мүшелері де, мектеп оқушлары да
түсініп, естіп жүреді. Бұл терминнің толығырақ мән-мағынасын анықтап, жете
түсіну үшін ол мәселеге қажетті көлемде көңіл бөлу керек.
Кеңес Одағы ыдырап, оның территориясында егеменді мемлекеттер пайда
болып, әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да өзінің
мемлекеттік құрылысын, құқық жүйесін реформалауларды жүргізіп отыр. Осындай
қоғамдағы өзгерістерге сәйкес белгілі бір объектілерді зерттеудегі маркстік-
лениндік көзқарасты ғана қолдану қағидасынан да ауысып, басқа да
халықаралық қауымдастық қолданып жүрген зерттеулермен жете танысуға және
сол бағыттарда жұмыс жүргізуге жол ашылды.
Мемлекет қоғам дамуының белгілі бір сатысында пайда болып, дамып келе
жатқан ерекше саяси ұғым болып табылады. Осы мәселемен толығырақ танысу
үшін бітіру жұмысымды осы тақырыпқа арнадым.
І. МЕМЛЕКЕТ ТҮСІНІГІ
Мемлекет – басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның
тіршілік-тынысын қамтамасыз етеін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар
жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны. Өзіне тән
ерекше белгілері мен қажетіне, сондай-ақ өзіндегі аса мол мүмкіндіктеріне
қарай мемлекет экономиканы дамытудың, әлеуметтік-саяси, рухани, ұлтаралық
жәнежеке адамдардың арасындағы қатынастардың маңызды мәселелерін шешуге
нақты қатысып, қоғамдағы істердің жағдайына белсенді түрде әсер ете алады.
Мемлекет тек өзіне ғана тән функциялары, әсер ету нысандары мен әдістері
бар айрықша құрылым ретінде сипатталады. Соның арқасында оны қоғамда,
ұйымда, құрылымдар мен институттарда әрекет ететін басқалардан ерекше
өзгешелігімен көзге түсетін күрделі саяси организм ретінде қабылдаймыз.
Көрсетілген негізгі жағдайлар біздің түсінігімізде және мемлекетті
анықтауда өзінің көрінісін табуы керек. Өзінің көрінісін тапқан құбылыстың
күрделілігі мен көп аспектілігіне қарай оның біржақты болуы мүмкін емес
және бірнеше “қабатты” қамтиды.
Мемлекет дегеніміз бұл – адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән
саяси ұйым:
а) қоғамды басқару міндетін атқару, адамдардың, топтардың, таптардың
және басқа да әлеуметтік субъектілердің қарым-қатынасы реттеп, бағыттау,
олардың бірлескен іс-қимылына жағдай жасау жүктелген;
б) оның саясатын жүзеге асыру жүктелген кең тармақты органдар жүйесі
және биліктің ұйымдастырушылық - күш құралдары бар;
в) тапсырманың орындалуын қоғамдық өмірдің барлық субъектілері
қамтамасыз ететін әкімшілік-мәжбүрлеу өкілеттігі берілген.
Мемлекет туралы бұл түсінікті ашып, нақтылай отырып, әрбір белгі
соғылған белгілерге егжей-тегжейлі тоқталып, оның мазмұнды және мәнді
сипаттамасына тереңірек үңіліп, әрекет ету механизмін көрсету қажет.
Мемлекеттің негізгі белгілері. Мемлекеттің рулық басқару ұйымына басты
айырмашылығы сол, онда арнаулы кәсіби басқару және мәжбүрлеу аппаратының
болуымен немесе, оқу және монографиялық әдебиеттер атайтындай, “жария
биліктің” болуы тән. Бұл жердегі әңгіме қоғамнан бөлініп шыққан, басқару
негізгі жұмысына, кәсібіне, мамандығына айналған, қатары біртіндеп көбейе
бастаған адамдар туралы. Басқарушы – адамдардың мұндай ерекше тобын алғашқы
–рулық басқару ұйымы білген емес. Ол тек қана басқарудың мемлекеттік
жүйесіне тән нәрсе; олар мемлекеттің рабайсыз үлкен механизмін іске қосады.
Нәтижесінде мемлекеттің барлық халқы бір жағынан басқарылғандарға, екінші
жағынан басқаратындар мен басқару жөніндегі мамандарға бөлінген сияқты.
Сөйте тұра екіншілерінің біріншісіне қатысты тек қана басқару функцияларын
емес, сондай-ақ кейбір мәжбүрлеп ықпал ету шараларын да ресми түрде жүзеге
асыруына қақысы бар.
Мемлекеттің басқа бір ерекше белгісі, өзінің өмір сүруі үшін халықтан
салық жинауға мәжбүр болуы. Салық - бұл мемлекеттің өмір сүріп, тіршілік
етуінің экономикалық негізі; салықсыз ол күн көре алмайды, өйткені қаржының
жетіспеуінен немесе болмауынан оның бүкіл тіршілігі қиындайды. Салықты
мемлекеттің барлық азаматтары, соларға қоса шетелдіктер мен азаматтығы жоқ
адамдар да төлейді; халықтың шамалы бөлігі ғана салық төлеуден босатылады.
Мемлекет салықтан түскен қаржыны басқару және мәжбүрлеу аппаратының орасан
зор армиясын ұстауға, мемлекеттің жүргізетін ішкі саяси және сыртқы саяси
шараларын қаржыландыруға, медицинаны, білім беру, ғылым, мәдениет салаларын
қолдауға, экономиканың маңызды салаларын ынталандыруға, қоғамдық
қауіпсіздікті, құқық тәртібін және қылмыс пен құқық бұзушылықпен күресті
қамтамасыз етуге пайдаланады.
Мемлекеттің ерекше белгілерінің біріне оның өз азаматтарын аумақтық
принцип бойынша бөлетіндігі жатады, ал алғашқы – рулық басқару ұйымының
негізі мүлдем басқаша - қандас туысқандардың байланысы мен қарым-
қатынасынан құралады. Енді соңғысы бұрынғы маңызын жойды, басқару ісінде
басым болудан қалды. Керісінше, мемлекет азаматтарға өздеріне тиесілі
құқықтарын бөліп, оларға міндеттер жүктеу туралы мәселені шешкен кезде,
оларды басқару, ұйымдастыру және басқа да шараларға тарту кезінде ең
алдымен олардың аумақтық тиістілігін, тұрғылықты жерін ескереді.
Мемлекеттің даму барысында халықтың аумақтық принципі бірқатар
мемлекеттік-құқықтық институттарымен тұтас алғанда жанама түрде байланыс
орната алды, ол оны нақтылай түсуге, тереңдетуге, айқын мазмұнмен
толықтыруға бағытталған еді.
Олардың ішінде қандай да бір мемлекетке тиесілілігі бекітілген азаматтық
институты ерекшеленеді. Басқа тұлғалардың бәрі шетелдіктер немесе
азаматтығы жоқ тұлғалар болып танылады. Азаматтардың мәртебесіндегі
айырмашылықтарының, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалардың
арқасында мемлекет халықты “өзіміздікі” және “өзіміздікі емес” деп
дифференциялайды. Сыртқы (мемлекеттер арасындағы) және ішкі (автономиялық
және әкімшілік-аумақтық бөліністер арасындағы) шекаралар институтының
маңызы айтарлықтай. Олардың көмегімен мемлекеттік биліктің кеңістіктегі
шегі, сондай-ақ мемлекеттің егемендігінің құрамдас бөлігі болып табылатын
аумақтық билік ету институты анықталады.
Мемлекет басқа ұйымдардан қоғамда әрекет ететін құрылымдарымен және
институтарымен, егемендік сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Бұл қасиет
мемлекеттегі басқа ұйымдардан, қоғамның құрылымдары мен институттарынан
жоғары қойып, оған өзіндік басымдық, қайталанбас ерекшелік береді.
Егемендіктің екі құрамдас бөлігі бар: үстемдік және тәуелсіздік.
Мемлекеттік биліктің үстемдігі деп өз аумаығндағы ең жоғары билікті айтады.
Аумағныдағы жұмыс істеп тұрған барлық ұйымдар, бірлестіктер, құрылымдар мен
тұлғалар мемлекеттің басымдық ролін мойындайды, өздерін оның мәртебесі мен
маңызынан төмен қояды. Олар мемлекеттік биліктің бұйрығын орындауға,
мемлекеттің белгіленген тәртібін сақтауға міндетті. Мемлекетке тиесілі
аумақта бірде бір ұйым, бірлестік немесе құрылым мемлекетке қарсы келе
алмайды. Егемендіктің екінші бір құрамдас бөлігі болып саналатын
тәуелсіздік дегеніміздің мәнісі, мемлекет өзінің билігін дербес жүргізеді,
өзінің стратегиялық бағыты мен тактикалық жолын өзі таңдайды, өз ісіне
ешкімді араластырмай, ішкі және сыртқы саясатын өзі жасайды, басқаның
үстемдігіне жол бермейді. Тәуелсіздік ұғымының ішкі аспектісі мемлекеттің
ішінде жұмыс істейтін бірде-бір ұйымның, бірлестіктің және құрылымның
мемлекеттік биліктің дербестігіне қол сұға алмайтындығына ерекше көңіл
аударуға міндеттейді. Ал тәуелсіздіктің сыртқы аспектісі, егемен мемлекет
басқа мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен дербес қарым-қатынасты
сақтайды дегенді білдіреді.
Мемлекет - қоғамның, елдің, халықтың ресми өкілі. Қоғамның, елдің,
халықтың мүддесін ол толығымен көздей алды ма, жоқ па, қоғам, ел, халық
оған өкілеттік берді ме жоқ па, оған қарамастан бұл мәселенің дұрыс жауабы
алдын ала түйінделіп қойған. Қоғамда, елде, халықты” арасында жұмыс істеп
жатқан басқа бірде бір ұйым (бірлестік, құрылым) қоғамның, елдің, халықтың
еркі мен мүддесін білдіруші екендігін, барлық деңгейде және барлық жағдайда
оларды көрсете аламын деп мәлімдеуге батылдық білдіре алмайды. Бұған
үміткер болуға мемлекеттің ғана негізі бар. Мемлекеттің мұндай
қасиеттеріні” молдығына дау жоқ.
Мемлекеттің басқарудың құқықтық нысаны, реттеуді және ықпал етуді
пайдалануы оның міндеті белгісі болып табылады. Олардың алдында тұрған
міндетті мемлекет құқықсыз шеше алмайды. Егер мемлекеттің аумағында
орналасып, жұмыс істеп тұрған басқа ұйымдар, бірлестіктер мен құрылымдар
құқық шеңберінде әрекет етіп, құқық тәртібін сақтауы, заңдар мен басқа да
құқықтық нұсқауларды орындалуы қажет болса, онда құқық аясындағы
мемлекеттің қызметі мүлде басқаша, маңызды ерекшелігімен сипатталады және
әр алуан: бұл айтылғандардан басқа, мемлекеттің құқықшығармашылық
монополиясы, сондай-ақ құқық қорғау, бақылау, қамтамасыз етіп-кепілдік
беретін функциялары бар. Мемлекет қоғамдағы негізгі өзара қарым-қатынаста
өзінің қызметіндегі басты демеу болып отырған құқық бастауына сүйенеді.
Мемлекетте ішкі және сыртқы функциялардың жиынтығы болуы және оларды
органдар, мекемелер мен билік құралдарының жүйесімен жүзеге асыруға
бейімделуі (бұл мәселелер төменде егжей-тегдейлі қарастырылатын болады)
мемлекеттің айрықша белгісі болып табылады.
Осыған дейін айтылып келген, мемлекеттің ерекшелік белгілерінен басқа,
мемлекеттің элементтері туралы да айту керек, ол отандық оқу және
монографиялық әдебиетте халық пен аумақты меңзейді. Ол тіршілік ету және
даму процесінде мемлекет сүйенетін объективті тірек ретінде түсіндірілуі
керек. Халықсыз және аумақсыз мемлекет жоқ және болмайды да: соңғысын
табиғи факторға немесе мемлекеттің материалдық құрамдас бқлігіне жатқызу
керек.
Мемлекеттің мәні. Мәнділік каттегориясы, оған сапалы айқындық беріп,
аралас туыстық құбылыстардан бөліп алатын, зерттелетін құбылыстың басты
және негізге алынатын белгілеріне баса көңіл аударылатындығымен маңызды.
Біздегі пікір алуандығы принципінің орнығуына байланысты мемлекеттік мәнін
бұған дейінгі монистік баяндаудан бас тарту көзделді, бұлбір жақты, демек –
ол туралы өзгерген және жалған түсінікке алып келді. Қазір мемлекеттің
мәнін айқындауға жаңа талпыныстар жасалуда.
Таптық түсіндіру мемлекеттің мәнін қоғамдағы үстемдік етуші таптың
артықшылық жағдайын қамтамасыз етуге, оның мүдделерін бірінші кезекте
жүзеге асыруға жағдай жасауға, оларды әр түрлі озбырлықтан қорғауға келіп
саятындығы белгілі. Осыдан келіп мемлекеттің қаналған тапқа деген позициясы
шығады: оларды басып-жаншудан, пайдаланудан, олардың мүдделері мен
қажеттіліктерін жүзеге асыру үшін мемлекеттік механизмді пайдалану
мүмкіндіктеріне айырудан тұрады. Басқаша сөзбен айтқанда, бұл талдау
бойынша, мемлекет өзінің мәні бойынша тап жауларында қарсы күресте
пайдаланатын үстемдік етуші таптың саяси билігінің ұйымы ретінде көрінеді.
Ал В.И.Ленинні” сөзі бойынша, құл иеленуші, феодалдық және капиталистік
мемлекеттердің мәні тиесілі құл иеленушілер, феодалдар мен капиталистер
тобының диктатурасы ретінде сипатталуы мүмкін.
Мемлекетті таптық тұрғыдан түсіндірудің белгілі негізі бар және көбінесе
қоғамдық даму тәжірибесімен расталады. Адамзат тарихының бірнеше кезеңдері
бойында таптар мемлекет билігі жолындағы күреске белсене қатысқан қоғамның
маңызды құрылымдық бөлімшесі болып келді. Бір тап екіншісін құлатып, өз
үстемдігін орнатты, сосын жағдайға байланысты өздері қоғамдық сахнадан
кетіп өз орындарын басқа тапқа берді.
Теория жүзінде зерттеліп, байытылған, практикалық қажеттілік пен
мақсаттылық тұрғысынан пайымдығы бұл факт мемлекет туралы таптық ілімнің
негізі болды, осы ілімге сәйкес мемлекет бір таптың екінші тапқа үстемдігін
сақтау үшін, бір тапты екінші тап қанау үшін үстемдігін қолдайтын машина
болып табылады.
Әйтсе де, қоғамның көптеген антогонистік қарама-қайшылық белгілерінің
таптың үстемдік теориясында мемлекеттің мәні ретінде сенімді бейнесін
тапқанына қарамастан – осы теория мен нақты шындықтың арасында жарықшақтың
пайда болғандығын айтпасқа болмайды. Бұл жарықшақ уақыт өткен сайын
шындықты бұрмалай берді, ал іс жүзінде бұрмалаулар мен асыра сілтеулерге
алып келді. Уақыт өте келе өзгерген нақты жағдай мемлекет теориясындағы
таптық үстемдіктің құралы болудан қалды.
Бірінші кезекте бұл мемлекет шешуге тиіс міндеттердің мазмұны мен
сипатына қатысты. Таптық үстемдік теориясына қарамастан мемлекет үстемдік
етуші таптың мүдделерін жүзеге асырумен, оның қарсыластарын басып-жаншумен,
қанаумен және талаптарына сәйкес әрекет етуге мәжбүрлеумен ғана шектеліп
қала ламайды (әсіресе қазіргі кезеңде). Мемлекетті таптық тұрғыдан
түсіндіру кезінде оның таптық міндеттер толығымен немесе толыққа жуық
ығыстырған жалпы әлеуметтік міндеттері еркімен немесе еркінен тыс
ескерілмейді немесе тіпті тәуір болғанда, минимумға кеотіріледі.
Мемлекетке объективті ықпал ету ылғи да үстемдік етуші таптың мүдделерін
ғана білдірудің шегінен шығатын міндеттерді шешуге мәжбүр болды деген
шешімге алып келді. Бұл жерде әңгіме ең алдымен бүкіл қоғамның тіршілігін
қамтамасыз етуге қалыпты жағдай туғызуға бағытталған міндеттер туралы болып
отыр. Сөйтіп мемлекет пайда болған және дамыған алғашқы кезеңдерде ол
үстемдік етуші таптың қажетін қанағаттандырудан басқа, сондай-ақ қоғамның
тіршілік етуін, табиғаттың дүлей күшіне, соның салдарынан әлеуметтік
қатаклимзаларға, күтпеген сұрапыл апаттарға және қиындықтарға қарсы тұра
алуын қамтамасыз етуге пайдаланылды. Жаңағы аталғандардан басқа мемлекеттің
жалыпәлеуметтік міндеттері деп мына төмендегілерді тану керек:
- қоғамда тәртіп орнату, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету,
азаматтардың өміріне, денсаулығына, абыройына, құқығы мен бостандығына
қылмыстық қол сұғу мүмкіндігін жою немесе оны минимумға жеткізу;
- өндірісті, айналымды, айырбасты өркендету үшін қажетті жағдайлар
туғызу;
- қоғамның экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экологиялық апаттың
алдын алу жөніндегі шараларды дайындау және қабылдау;
- елді сыртқы шабуылдан қорғау.
Басқаша айтқанда, мемлекет, тәжірибе көрсеткеніндей, бүкіл қоғамға
үстемдік етуші таптың еркін мәжбүрлеп танумен ғана емес, сондай-ақ барлық
таптар мен қоғамның әлеуметтік топтарын объективті қажет жағдайлармен
мүмкіндігінше қамтамасыз етумен де айналысады.
Қазіргі кезеңде көптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттер таптық, топтық және
жеке мүдделерді бірыңғай қорытындыға келтіруге, әлеуметтік жанжалдар мен
қарама-қайшылықтарды шешуге, қоғамдық келісім мен консенсусқа талпынып,
соған қол жеткізуге күш салуда.
Мемлекет пікір алуандығы идеясын, билікті бөлісуді, азаматтар құқығының
баяндылығын жиі жүзеге асыруда және басқа демократиялық инститтутарды
басшылыққа алуда, соның арқасында қай таптың болса да диктатурасынан
құтылуда. Мұның бәрі – мемлекеттегі жалпыәлеуметтік (тіпті жалпыадамзаттық
десе де болады) принциптер. Олар тек таптық принциптермен бірге әрекет
етеді. Соңғысының шектеулілігі, жетіспеушілігі және зияндылығы алғашқысымен
толтырылуы мүмкін. Таза таптық принциптің жалпыәлеуметтік принциптермен,
олардың синтезінде және үйлесуімен толығуы – прогресс пен мемлекеттің
үдемелі дамуының кепілі. Мемлекеттің тек қана таптық негізде жұмыс
істеуінің келешегі жоқ, ол ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір тығырыққа тірейді.
Мемлекеттегі таптық тұрғыдан түсіндірудің басты кемшіліктерінің бірі,
мемлекеттік іс-әрекеттің мәжбүрлеуге, басып-жаншуға, күш қолдануға
негізделген жақтарын алдыңғы қатарға шығаруды жорамалдауында болып отыр.
Егер мемлекет тек қана үстемдік етуші таптың мүдделерін жүзеге асырумен
айналысып, басқа таптар мен халықтың топтарының мүдделерін есепке алмаса
немесе ескермесе, онда өзінен өзі мынандай сұрақ туады: мұнымен халықтың
қалың тобы келісе ме? Жоқ, келіспейді, келіскен күнде бәрі емес. Бірақ
олардың қарсы әрекеттері мәжбүрлеу жолымен жеңіліске ұшырауда.
Мемлекет жалпы алғанда қоғамның қалыпты тіршілік етіп, қызмет істеуіне,
халыққа және, әсіресе, әлеуметтік қысым көрген және оны қысымға ұшыраған
категорияларына байланысты жалпы міндеттерді шешіп жатқан кезде мемлекеттің
ролі жағымды бағалануы керек. Егер мемлекет үстемдік етуші таптың,
әлеуметтік топтың, билеуші таңдаулы топты жетегінде кетіп, солардың ғана
мүддесін жүзеге асырумен айналысып, басқа барлық әлеуметтік мүдделер мен
қажеттіліктерді ескермесе, онда оның ролі жағымды бола қоюы екіталай.
Осылайша, мемлекеттің мәні туралы мәселеге қоғамның түрлі әлеуметтік
және саяси күштері тарапынан мемлекеттік қызметін бағыттылығына түрлі
тәсілдер әсер етеді әрі оның шешілуі қандай күштің басым ықпал етуіне
байланысты. Сондықтан, мемлекеттің мәні болып бір жағдайларда таптық
үстемдік пен билеуші топтың еркі таңу есептелсе, екінші жағдайда – таптық
және жалпы қоғамдық принциптердің үйлесуі есептеледі. Өз кезегінде, аталған
екінші вариант әр алуан, өйткені мемлекет үстемдік етуші таптың, әлеуметтік
топтың немесе артықшылығы бар топтың мүдделеріне артықшылықтар бере отырып
жүзеге асырумен қатар, халықтың басқа категорияларының мүдделерінен де бір
қалыпты, аз немесе көбірек көңіл бөле алады.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты. Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы
мәселе мемлекеттің мәні туралы мәселеге тікелей келіп тіреледі. Сонымен
қатар, өзінің кейбір аспектілерінде олар қиылысып та жатады. Жалпы
айтқанда, мемлекеттің әлеуметтік мақсаты үстемдік етуші тапқа немесе,
солармен қатар, сондай-ақ халықтың кейбір басқа топтарына тиімді тәртіпті
бекітуден тұрады деуге болады. Мұндай жағдайда мемлекеттің бекітіп, қорғап
және оны жетілдіріп отырған тәртібі кімге пайдалы - үстемдік етуші тапқа
ма, билік жүргізетін топқа ма немесе сондай-ақ халықтың кейбір топтарына ма
деген сұрақтың жауабы бұл мемлекеттің қандай екендігінен: прогрессивті ме
немесе реакцияшыл ма, демократиялық па немесе халыққа қарсы ма, содан
мағлұмат береді.
Сонымен бірге үстемдік етуші таптар, билік жүргізуші артықшылығы бар
топтар немесе халықтың басқа топтары үшін мемлекет орнатқан тәртіптің
пайдалылығы неде екендігін көрсету де маңызды. Аталған субъектілерді
мемлекет белгілеген тәртіппен қамтамасыз ететін сол шынайы материалдық және
рухани игіліктер мен құндылықтарды ашу керек. Мұндай пайданың объектісі
алуан түрлі болғандықтан, теория жүзіндегі, олардың бейнесі де әр түрлі
болды. Сондықтан да саяси және мемлекеттік-құқықтық ойдың тарихында
мемлекеттің әлеуметтік мақсаты туралы мәселенің бірыңғай шешімі жоқ.
Алғашында абстрактылы ұғымдар басым болды: мысалы, Платонның,
Аристотельдің, Гегельдің пікірлері бойынша, мемлекет адамгершілікті
бекітіп, қалыптастыру үшін қажет. Кейінірек бұл түсінікке басқа әлеуметтік
құндылықтар келіп қосылды. Мысалы, Г.Гроций мемлекеттің мақсаты жалпы
игілік деп санады, Т.Гоббс – жалпы қауіпсіздік десе, Жан-Жак Руссо – жалпы
еркіндік деді. Ал мемлекеттің қазіргі кездегі кең тараған жалпыға бірдей
рахат теориясы, мемлекеттің мақсаты халықтың материалдық және рухани
қажеттіліктерін қанағатандыруды, азаматтардың өмірін, денсаулығын және
абыройдың болуы мүмкін озбырлық, қол сұғушылықтан сақтауды, сондай-ақ
олардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды нақты жағдайлармен қамтамасыз
етуі деп біледі.
Мемлекеттің әлеуметтік мақсаты проблемаларын теория жүзінде байыптап
түсініп, бүкіл бұған дейінгі тәжірибесін зерттеп, оны шешудің қазіргі
заманғы әдістерін жасауда творчестволықпен пайдалану қажет.
Ал олар, біздің көзқарасымыз бойынша, түрлі мемлекеттерге деген
дифференцияланған қарым-қатынасқа негізделуі керек. Әр түрлі мемлекеттің
мақсатын ашып көрсететін бірыңғай формула жасау мүмкін емес, өйткені кейде
мемлекеттердің қызметі түрлі игіліктер мен құндылықтарға қол жеткізуге
бейімделеді: біреулерінің игіліктері мен құндылықтары шағын таптық
(элитарлық-топтық) сипатта болса, екіншілерінде – игіліктер мен құндылықтар
жалпы адамзаттық сипатта, үшіншілерінде таптық (элитарлық-топтық), сондай-
ақ жалпыадамзаттық сипаттағы игіліктер мен құндылықтардың жиынтығы болады.
Қорытындысында, қоғамдағы тәртіптің мемлекет жақтайтын бағытын анықтай
отырып, олар (аталған игіліктер мен құндылықтар) оның күнделікті қызметіне
ықпал етеді.
ІІ. МЕМЛЕКЕТ ФОРМАСЫ
2.1 Мемлекет формасы туралы ұғым
Мемлекет тұрпаты туралы ұғым мемлекеттанушы ең маңызды мазмұндық
сипаттамалардың бірінен саналады. Әдістемелік жағынан алып қарағанда мұның
маңызды екенінде сөз жоқ. Канттың өзі дже дер кезінде тұрпат жөнін
мемлекеттіліктің материясын тәртіпке келтіретін, оны синтездейтін түпкі
бастамалық негіз ретінде қарастырылған. Күні кеше ғана болып өткен болмыс
тіршіліктердегі ғылыми зерттеулер мен саяси құқықтық практика бұл
санаттардың өз дәрежесінде бағаланбағанын айғақтайды. Алайда, мемлекеттік-
құқықтың жаратылыстан туындайтын мемлекет тұрпатының (сондай-ақ, құқық
нысандарының да) қатаңдығы мен айқындығы саяси бағыт-бағдарларды іске
асырудағы субъективизм мен зорлық-зомбылықтарды елеулі түрле шектей
аалтындығы сөзсіз. Кеңестік дәуір кезіндегі көптеген авторлар өз
еңбектерінде мемлекет “мазмұнын”, әсіресе оның “таптық” жақтарыны” маңызын
атап-атап көрсететін. Бұл еңбектердегі мазмұнның өзі “қалыптастырылған”,
“құрылған” болып келетініне, тұрпаттың өзі мазмұнының тіршілік теу мен оны
білдіру екеніне, сол тұрпаттың тек өзі ғана (басқа емес) мазмұныға ие
екеніне көбінесе көңіл бөліне бермейтін.
Бүкіл прогресшіл алға қарай басушылықтың барлығын да тарихи материализм
өкілдері өздерінің жеңіл қолдылығымен ойланбастан мазмұнға жатқызып келген
болатын. Алайда, көптеген елдердің даму тарихы ұлттық күйреуге апарып
соқтыратын өте қатал әлеуметтік-саяси дағдарыстар кездерінде тек қана
мемлекеттің тұрпаты ғана, оның өз ішінен ұйымдасып бірлесуі, онда да,
олардағы күштердің тірі күйінде, аман-сау сақталынып қалғаны ғана опат
болып құрудан, жойылып аман алып қалғанын көрсетіп отыр. Мемлекеттегі
орнықты және тұрақты болып келетінін барлығы ең алдымен көбінше оның
тұрпатына жатады. Мемлекетке үйлестіріле сәйкестендірілген “тұрпат”
ұғымының” білінуі көп бейнелі болып келеді. Ол өкімет өкілінің, мемлекет
қызметкерлерінің бір бөлігідегі киім киісінен (униформасынан) мемлекеттің
ішкі ұйымдасуымен оның құрылымына дейінгі аралықты қамтиды. Заң салаларының
жария жақтарын жаратпай, оны елемей қоюдан мемлекеттік - құқықтық
немқұрайдылықтың көбінесе бастау алатыны – біздің заманымыздың қатты
сырқаты.
Сол кездеің өзінде-ақ тұтасқан, бөлінбейтін ежелгі әлеуметтік
нормалардан құқықты нақ жария бастаудың өзі-ақ бөліп алған болатын.
Сондықтан да мемлекет өзінің пайда болуы хақында тек тұрпатқа ғана
байланысты-тын. Мемлекет тұрпатын зерттеп зерделеу теорияның өзін әліппеден
бастаудың магистральдық бағытына тең болатын. Көптеген жүз жылдар бойында,
антикалық заманнан келе жатқан үрдіс бойынша мемлекеттік-құқықтық ғылым өз
назарының кіндік тұсы етіп екі мәселені ылғи да есте ұстаған болатын.
Сонда: 1) тарих және осы заман мемлекет тұрпаттарының қандайларын білетін
еді, және 2) аталған халыққа дәл осы өтіп жатқан кезеңдегі уақытта мемлекет
тұрпаттарының белгілі болғандарының қайсысы ең жақын әрі тиімді ұнамды
болар еді?
Ежелгі гректердің тұрпат мәнінің маңызын атап көрсетуі кездейсоқтық
емес. Мысалы, Платон тұрпат жөнінде айқындаушы, белсенді рөл белгіленген.
Мемлекет идеясын, оның тұрпатын өзінен бөліп алып қарастыруға болмайды, осы
аталым этимологиясының өзі соны нұсқап көрсетіп тұр (форма-тұрпат, эйдос,
идея, морфэ). Аристотель өз еңбектерінде тұрпат (нысан) санатын заң
ғылымдары жиынтығында ғана емес космологияда да (трансценденттік парасатты
танып мойындау) және антропологияда да (“рухани жоғары қабілет –жанның”
“адамның тәнінен бөлекше болатынын және мәңгілік екенін танып мойындауырақ
және басымдылық (приоритет) сақтай отырып қолданғанын байқаймыз.
Қазіргі уақытта мемлекет тұрпаты деп мемлекеттік билікті ұйымдастыру мен
оның құрылымы ұғынылады. “Жұп” болып келген басқа да философиялық санаттар
тәрізді мемлекет тұрпаты да өзінің мазмұнымен тығыз да нық
байланыстылығымен сипатталады. Осы соңғысы мемлекеттік биліктің, оның
субъектісінің кімге тиістілігін анықтауға мүмкіндік берсе, оны кім жүзеге
асырады деген сауалға жауап тапса, онда ол мемлекет тұрпатын зерделеу
барысында сол мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылғандығын, оның өзі
қандай органдар арқылы атқарылатынын, бұл орагндардың құрылу тәртібінің
қандай болатынын, олардың өкілеттік мерзімдерінің қаншалықты ұзақтығын, ең
соңында мемлекеттік билікті” жүзеге асырылуы қандай тәсілдермен
атқарылатынын және тағы сондай-сондайларды анықтайды.
Мұнда басы ашық болып отырған мәселе мемлекет тұрпатының теория жүзінде
ғана емес, оның практикалық саяси мәнісінің бірінші дәрежеге дейін
көтерілуі. Мемлекеттегі биліктің қалай ұйымдастырылып, қалай жүзеге
асырылып жатқандығынан мемлекеттік басшылықтың нәтижелілігі, басқарудың
ұтымдылығы, үкіметің мәртебелік беделі мен қадірінің дәрежесі және оның
тұрақтылығы, елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің ахуалы, жайы мен күйі
көрініп тұрады. Міне мемлекет тұрпаты мәселесінің аса маңызды саяси
аспектісінің осыларға байланысты болып келетін себебі осы.
Мемлекет тұрпаты, яғни мемлекеттік биліктің құрылымы, оны ұйымдастыру
мағынасы жағынан алып қарағанда әртүрлі аспектілер түрінде көрінеді.
Біріншіден – бұл мемлекет пен басқарудың жоғарғы органдарын құру және
ұйымдастырудың белгіленген рет тәртібі. Екіншіден – бұл мемлекеттің
аумақтық құрылысын жасаудың тәсілі, орталық, регионалдық және жергілікті
билік пен басқарулардың өзара қатынастарын белгілеудің тәртібі. Үшіншіден –
бұл, мемлекеттік (саяси) билікті жүзеге асырудың әдістері, амал-жолдары.
Сонымен мемлекет тұрпаты негізгі үш элементтен, атап айтқанда: мемлекетті
басқару тұрпатынан, мемлекеттің құрылым тұрпатынан және мемлекеттік, саяси
режим тұрпаттарынан синтезделеді (түзіледі). Осы көрсетілген мемлекет
тұрпаты жөніндегі түсінік бірден қалыптаспаған. Ұзақ уақыттар бойы бұл
түсінік басқару тұрпаты мен мемлекеттік құрылыс тұрпатынан тұрады деп
есептелініп жүрді де, кейінірек оған саяси режим, саяси өзгермелілік
(динамика) те қоса қарастырылатын болды. Ғылыми басылымдардағы
дискуссияларда - ғылыми айтыс-тартыстар барысында әртүрлі пікірлер ұсынылып
жүрді. Онда мемлекет тұрпаты жөніндегі синтетикалық ұғымның кейбір
аспектілеріне приоритеттер (басылымдылықтар) беріліп келген болатын. Қалай
болғанда да, мемлекеттік билікті ұйымдастыру жөнінде бүгіндері ең көп
тараған концепция (пікір) үш элементті: басқару, мемлекеттік құрылыс және
саяси режимді біріктіре тұтастырып тұрады.
2.2 Мемлекет басқару формасы
Басқару тұрпаты ұғымын пайымдағанда мемлекеттік ең жоғары биліктің
ұйымдастырылуы түсініледі. Әсіресе оның ең жоғарғы және ортақ органдарының
ұйымдастырылуы, олардың құрылым, құзыреттері, құрылуының тәртіптік реті,
өкілеттіктерінің мерзімі, былайғы халықпен қатынасу түрлері, халықтардың
оларды қалыптастыруға қандай дәрежеде қатысатыны түсініледі. Басқару
тұрпаты мемлекет тұрпатының кең мағынада баяндалып түсіндірілуіндегі
жетекші элемент болып саналады.
Сонымен бақсару тұрпаты деп мемлекеттің жоғарғы өкіметін ұйымдастыру
ұғынылады. Оның ішінде, әсіресе, олардың ең жоғарғы және орталық
органдарының ұйымдастырылуы, құрылысы, құзыреттері, бұл органдардың құрылу
тәртібінің реті, құзыреті мерзімінің ұзақтығы, халықпен қатынасуларының
түрі мен тұрпаты және осы халықтың мемлекеттің жоғарғы өкіметін
ұйымдастыруға қатынасу дәрежесі ұғынылады. Басқаша айтқанда басқару тұрпаты
– мемлекеттегі жоғары егемендік биліктің ұйымдастырылуы, оның органдарының
өзара және халықпен байланысын сипаттайды. Басқару тұрпаты мемлекет
тұрпатында ең басты жетекші элементі болып табылады.
Аристотель өз заманында басқару тұрпатын жоғарғы өкіметтік биліктің
жүзеге асырылуының қалай орындалатынына қарай жіктеген болатын. Онда
жоғарғы өкіметтік билікті жеке адамның бір өзі атқаратын түрі – (монархия),
шектеулі адамдар арқылы атқарылатын жоғарғы өкіметтік билік – аристократия
және бүкіл халықтың қатысуымен атқарылатын жоғары өкіметтік билік –
демократия деп жіктелген.
Басқару тұрпаттарының осы көрсетілген айырым белгілері қазіргі кезге
шейін сақталады. Жоғарғы билікті жалғыз адам атқара ма? Әлде ол билік
сайланбалы алқалы органға тиесілі ме? Міне осы жәйтке байланысты басқару
тұрпаты ерекшеленіп ажыратылады. Енді осы байланыстыра отырып басқарудың
монархиялық және республикалық тұрпаттарын атап, бөліп көрсетуге болады.
Монархия – мемлекеттің егеменді жоғары билігі бір адамның қолында өмір
бойы болады және атадан балаға мұра (мирас) ретінде беріледі (өтіп
отырады). Монарх (патша, король, перғауын (фараон), қаһан, хан және тағы
басқалар) ешкімнің алдында жауапты болмайды. Ол тек құдайдың алдында ғана
жауапты.
Ең алғашқы мемлекеттердің бәрі де монархиялар болған және орта ғасырдағы
мемлекеттердің көпшілігі де монархия-тын.
Қазақ жеріндегі бұрын болған мемлекеттер де монархия болған, мұнда
мемлекетті қаһан, хан басқарған. Бірақ, ханның билігі атадан балаға емес,
ағадан ініге мұра ретінде ауысып беріліп отырған.
Сонымен, монархия деп жоғарғы билігі бір ғана адамға тиесілі болып
келетін мемлекеттегі билікті айтады. Мұндағы бір ғана адамға тиесілі
билікті ол адам өз билігімен, қалауынша пайдаланады. Билікті өз билігімен
қалауынша пайдалану құқығын ол адам ешқандай-да басқа биіктен алған емес
болады. Ал республикада бұл билікті әрқашанда бір немесе бірнеше адамға
белгіленген мерзімге халық немесе оның егемендікке ие бөлігі береді. Осы
айтылған қағида қазіргі заманның монархиясын сипататйды. Алайда, талай-
талай ғасырлар бойы көптеген мемлекеттер жинақтаған тарихи тәжірибе
монархияның түр-түрлерінің пайда болуын туындатты. Әрине олардың бәрін
салыстырылып дұрысталған бірыңғай формуламен қамту қиын. “Монархия” аталымы
өзінің шығу тегін ежелгі гректерден алады, ол “дара өкімет”, “тұтас
өкімділік”, “бір қолдан басқару” дегенді білдіреді. Дей тұрғанмен, тарихта
белгілі болған ерешкеліктер де бар. Мысалы, Спартада екі патша қатарласа
билік құрған. Ал Полибий ежелгі Римдегі қос консулдың билігін монархия деп
атаған. Римдегі патшалық дәуір кезінде өздерін монархпыз деп атағандар
керісінше, шын мәнінде ондайлық өкілеттіктерге ие болмаған. Алайда, ерте
замандағылардың басқару тұрпаттарына көңілді баса аударғанына қарамастан
бұлар көбінше жетілдірілмеген күйінде қалып келген. Шынында да Аристотель
Республика туралы ештеңе жазабаған. Алғашында шын нақты монархтарды халық
жиналыстары немесе ақсақалдар жиналыстары едәуір шектеп келген. (Римде
сенкат пен куриялар жиналысы). Монархияны әскери, кейініректерде абыздық,
сот қызметтерін атқарумен астастыра қарастыратын. Ол кездерде биліктің
мұраға қалуы монархияның елеулі атрибуттарына жата қоймаған кезі-тін.
Монархтың жеке басының қасиет сипаттары маңыздырақ болып саналатын.
Монархия институты жетілгендігімен ерекшеленбеген болатын және де
феодализмнің бастапқы кезеңінде ірі жер иеленушілермен байланысты
болғандықтан бытыраңқылықтың немесе әлеуметік өкілдіктер жиналыстарының
қаталдығының әжептәуір шектеу ықпалын сезініп отыратын.
Монархияның гүлденген шағы жаңа заман шебінде болды. Нақ осы кезеңде
монархияның республикалық басқару тұрпатынан қаншалықты айырмашылықтары бар
екендігі көрінді. Олардың ең маңызды деген әрқилы түрлері: абсолютті – шек
қойылмаған монархияны және бүкілхалық өкілдері арқылы (парламент) шек
қойылған, конституциялық монархия дегендер жасалды.
Әртүрлі болғанына қарамастан басқарудың монархиялық тұрпатының жалпы
сипаттары мынадай. Мемлекеттің басында монарх болады, ол сөзінің билігін
мұрагерлік бойынша иеленді, жүзеге асырады. Мұнда әрқалай нұсқалардың болып
қалуы ықтимал. Монархиялық әулеттің әйтеуір бірі-не ол, не бұл деген біреуі
сайлау арқылы бастау алғанда болады. (Бұған Ресейдегі Романовтар үйін
жатқызуға болады). Монарх билікті өзінің мұрагерлік құқығы бойынша “қан
негізі” қағидасының жөнімен иемдеенді, (әдеттегі өзінің лауазымдық
дәрежесінде аталып көрсетілген “құдай-тағаланы” шапағатымен немесе сайланып
қойылған жағдайларда - “құдай тағаланы” шапағатымен және халықтың қалауымен
деген тәрізді). Бүкіл мемлекеттегі өкілеттік билік толығынан монархтың
қолында болады. Монарх қандай да бір болмасын құқықтың қайнар көзі ретінде
білінеді. Тек оның ғана ықтияр білдірумен қандай бір қаулылар болмасын заң
күшіне ие бола алады. Монарх атқарушы (орындаушы) биліктің басында отырады.
Оның атынан сот әділдігі жүзеге асырылады, кешірім беру құқы тек оған ғана
тиесілі болады. Халықаралық тұғырларда басқа мемлекеттермен болатын алым-
берім қатынас-байланыстарына монарх жалғыз өзі мемлекет атынан өкілдік ете
алады. Ол лаузаымдық атақтарды (князь, король, герцог, патша, император,
сұлтан) пайдаланады. Мемлекет қазынасының киім-кешек, ақша, басқалай да
игіліктерді айтарлықтай мөлшерде алып отырады. Арнайы ерекше күзетпен
пайдалануға құқылы болады.
Шектеусіз кеткен, абсолютті монархияда жоғарыда келтірілген құқықтарын
монарх сөзсіз және ешбір шектеусіз (атауы да содан шыққан) ешбір бөгде
биліктен тәуелсіз пайдаланады. Шектеулі монархияда монарх өз құқықтарын
өзіне (монархқа) тәуелсіз қандай бір орган немесе билік арқылы пайдаланады,
немесе міндетті түрде оның қолғабыс етіп көмектесумен пайдаланады.
Аристотель монархияларды саралауда психологиялық негіздерді басшылыққа ала
отырып жасаған. Оның саралауында, егер де монарх көпшілік мүдделерін
көздеуден тайып, жеке өз бас пайдасын көздесе, басқаруды зорлық-зомбылық
арқылы жүргізсе, монархия “дұрыс” “Әділетті” тұрпаттағы басқарудан “бұрыс”
“Әділетсіз”, тирандық һәм деспотиялық басқару тұрпатына ауысады деп
көрсетеді.
Бүгінгі таңда монархияны саралауда оның заңға негізделуі ғана есепке
алынады.
Конституциялық монархияны өкілдік (дуалистік) және парламенттік деп
бөледі. Монарх екеуіндегі жағдайда да билікті парламентпен бөліседі.
Дуалистік (өкілдік) монархияларда (Пруссия, Австрия, Италия, бұрынғы
Румыния) монархтың өзінде атқарушы билік (үкімет) қалатын. Оның үкіметті
құруға, өзіне ғана жауапты министрлер мен басқалай да қызмет адамдарын
(губернаторлар, префектілер және тағы сондайларды) тағайындауға, қызметінен
алуға құқы бар болатын. Парламентті шектеусіз тарату және оның шығарған
заңдарына тыйым (вето) салу құқығы болатын. Дегенмен де, өкілетті органның
заң саласындағы құқығы бюджетті тыйымдау өкілдігімен кепілдендірілген болып
келеді.
Паралменттік монархияларда (осы заманғы Англия, Бельгия, Норвегия,
Швеция) мемлекет басы (елбасы) тағайындаған министрлер (үкімет мүшелері)
парламенттің сенім білдіру қарарына (вотумына) тәуелді болып келеді. Монарх
кідіртушілік тыйымы құқығына ие, ол тек жекелеген, заңда қарастырылып
көрсетілген жағдайларда ғана парламентті тарата алады.
2.3 Мемлекет құрылым формасы
Мемлекеттің құрылымдық тұрпаты – мемлекеттік биліктің әкімшілік-аумақтық
ұйымдастырылуы, мемлекет және оның құрылымдық бөліктерінің, орталық және
жергілікті органдар арақатыстылықтарының сипаттары. Мемлекеттің құрылымдық
тұрпаты бұқара (көпшілік) билігімен ғана тығыз байдланысты емес, одан басқа
да маңызды сипаты – халықтың аумақтық ұйымдастыруымен де байланысты. Бір
қарағанда өзінің абстрактілі тәрізді екендіігне қарамастан мемлекеттің
құрылымдық тұрпаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына ең тікелей
түрде ықпалын тигізеді. Дер кезінде және дұрыс шешімін тапқан мемлекеттік
құрылым оның өзінің едәуір түрде тұрақты болуын, жемісті қызмет атқаруын
бірталай шамада қамтамасыз етеді. Керісінше, мемлекеттің құрылымдық
тұрпатын таңдау, іздеп табу кезінде жіберілген, олардың сипаттары мен
алдарында тұрған міндеттеріне сай келмейтін жаңылысулар мен қателіктер оның
ыдырау себептеріні” бірі болып шығуы мүмкін. Мемлекеттік құрылым тұрғысынан
қарағанда мемлекеттерді униатрлық (біртұтас мемлекеттік құрылымдар),
федерациялар (құқықтық тұрғыдан қарағанда дербестігі салыстырмалы
мемлекеттер одағы, одақтас республика, автономиялық республика, кантон,
штат, жерлер және т.б.); конференциялар (мемлекеттік-құқықтық бірлестіктер,
тәуелсіз мемлекеттер достастықтары) деп саралайды.
Унитарлық (тұтас, латын тілінде “unus” - “бір”) мемлекет өзінің
бөлінбейтін, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz